Реалиялар - лингвистикалық құбылыс ретінде



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Тарау Реалиялар . лингвистикалық құбылыс ретінде

1.1 Реалиялардың мәні және анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Реалияларды жіктелімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Аударма кезінде реалияларды жеткізу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... .8
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

II Тарау И.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы реалияларды зерттеу

2.1 И.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы . ұлттың қазынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 И.Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясындағы қазақ ұлттық реалиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 И.Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясындағы реалияларды аудару тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қосымшалар
Кіріспе
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі, біріншіден, аударма тәжірибесін қажет етуінің арттуымен, екіншіден, аудармадағы реалиялардың қызметі мен мәртебесі жөнінде әртүрлі теориялық көз карастарды жалпылау қажеттігімен түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Реалияларды қазақ тілінен шетел тіліне жеткізудің лингвомәдени ерекшеліктерін қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмалардың орындалуын талап етеді:
1. шектес объектілерден немесе лексика категориялардан реалияларды тежеудің өлшемін талдау; реалияларға анықтама беру.
2. қазақтың ұлттық реалия сөздерін сұрыптау.
3. қазақ реалияларын түпнұсқа тілінен шетел тілдеріне жеткізудің негізгі тәсілдерін қарастыру.
4. қазақтың ұлттық реалия сөздерінің орыс және ағылшын тілдерінде түсіріліп тастау арқылы жеткізудің негізгі тәсілдерін айқындау мақсатында аудармашылық тәжірибе жүргізу.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Реалияларды қазақ тілінен шетел тіліне жеткізудің барлық тәсілдерін, сонымен қатар, қазақ реалияларын орыс және ағылшын тілдеріне аудару процессіне әсер ететін лингвомәдени факторларды талдау.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Көркем шығармада қолданылатын қазақтың ұлттық реалиялары.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
• салыстырмалы-аудармашылық талдау
• математикалық санақ элементтері
• тәжірибелік әдіс
Курстық жұмыстың зерттеу дерек көзі. И.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Бұл шығарманы таңдау себебім, бұл трилогия қазақ халқының XV ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі тарихын жаңадан жасайтын ауқымды шығарма. Алға қойған тапсырмаларды орындау үшін осындай шығарма, яғни көркем шығарманың ұлттық-арнайы тәсілдері – ұлттық реалиялар кең қолданылатын шығарма қажет.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмысым кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектігі, жаңашылдығы, пәні, мақсаты, методологиялық базасы, практикалық және теориялық маңыздылығы анықталады, зерттеу тәсілдері және қорғалатын негізгі жағдайлар аталынып өтеді.
Бірінші бөлім лингвистикалық құбылыс ретіндегі реалияларға арналған. Онда реалиялар жіктелімі және басқа тілдерге аудару тәсілдері көрсетілген.
Екінші бөлімде И.Есенберлиннің «Көшпенділер» көркем шығармасының ғылыми құндылығы, қазақтың ұлттық реалияларын этнографиялық, саяси-қоғамдық, әскери және географиялық топтарға жіктеу, қазақтың ұлттық реалияларын орыс және ағылшын тілдеріне жеткізу туралы жазылған.
Қорытынды жүргізілген зерттеу бойынша тұжырымдарынан тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Аксенова Г.Н. Язык, культура и бытийная картина мира//Язык и культура: библиографический аспект проблемы. Уфа, 1990, 300б.
2. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М.: Советская энциклопедия, 1966, 608б.
3. Бархударов Л.С. Язык и перевод. М.: Международные отношения, 1975, 240б.
4. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного. М.: Русский язык, 1983, 269б.
5. Виноградов В.С. Лексические вопросы перевода художественной прозы. М.: Издательство Московского университета, 1978, 172б.
6. Влахов С. Флорин С. Непереводимое а переводе. М.: Международные отношения, 1986, 416 б.
7. Ермағамбетова А.С. Сущность и значение национальных слов-реалий в языке художественного произведения и способы их перевода. Алматы, 1972, 171 б.
8. Есенберлин И. «Көшпенділер» тарихи трилогия// Алматы: «Жазушы», 1989, 672 б.
9. Есенберлин И. «Көшпенділер» тарихи трилогия// Алматы: «Жазушы», 1976, 758 б.
10. Комиссаров В.Н. Лингвистика перевода. М.: Международные отношения, 1980, 167 б.
11. Комиссаров В.Н. Теория перевода. М.: Высшая школа, 1990, 253 б.
12. Латышев Л.К. Перевод: Проблемы теории, практики и методики. М.: Просвещение, 1988, 159 б.
13. Левицкая Т.Р., Фитерман А.М. Пособие по переводу с английского языка на русский. М.: Высшая школа, 1973, 136 б.
14. Левицкая Т.Р., Фитерман А.М. Теория и практика перевода с английского языка на русский. М.: 1963, 263 б.
15. Миньяр-Белоручев Р.К. Общая теория перевода и устный перевод. М.: 1980, 237 б.
16. Палажченко П. «Все познается в сравнении», или Несистематический словарь трудностей, тонкостей и премудростей английского языка в сопоставлении с русским. М., 1999, 300 б.
17. Томахин Г.Д. Реалии-американизмы. М.: Высшая школа, 1988, 239 б.
18. Томахин Г.Д. Реалии в языке и культуре. 1997, 300 б.
19. Шевчук В.Н. Относительно калькирования советских военных реалий на английском языке// Лингвистические проблемы перевода. М.,1981, 250 б.
20. Шумагер Е.И. Фоновая лексика, ее своеобразие и связь с культурой. Лексика и культура. Тверь, 1990, 129 б.
21. Джайлибаева А.Т. Диссертация: Лингвокультурологические особенности передачи казахских национальных реалий на иностранный язык. Алматы., 2004, 81.07.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Тарау Реалиялар - лингвистикалық құбылыс ретінде

1. Реалиялардың мәні және
анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
2. Реалияларды
жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .7
3. Аударма кезінде реалияларды жеткізу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ...8
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

II Тарау И.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясындағы реалияларды
зерттеу

2.1 И.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы – ұлттың
қазынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...11
2. И.Есенберлиннің Көшпенділер тарихи трилогиясындағы қазақ ұлттық
реалиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 12
3. И.Есенберлиннің Көшпенділер тарихи трилогиясындағы
реалияларды аудару тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22
Қосымшалар

Кіріспе
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі, біріншіден, аударма тәжірибесін
қажет етуінің арттуымен, екіншіден, аудармадағы реалиялардың қызметі мен
мәртебесі жөнінде әртүрлі теориялық көз карастарды жалпылау қажеттігімен
түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Реалияларды қазақ тілінен шетел тіліне
жеткізудің лингвомәдени ерекшеліктерін қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмалардың орындалуын талап
етеді:
1. шектес объектілерден немесе лексика категориялардан реалияларды
тежеудің өлшемін талдау; реалияларға анықтама беру.
2. қазақтың ұлттық реалия сөздерін сұрыптау.
3. қазақ реалияларын түпнұсқа тілінен шетел тілдеріне жеткізудің негізгі
тәсілдерін қарастыру.
4. қазақтың ұлттық реалия сөздерінің орыс және ағылшын тілдерінде
түсіріліп тастау арқылы жеткізудің негізгі тәсілдерін айқындау
мақсатында аудармашылық тәжірибе жүргізу.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Реалияларды қазақ тілінен шетел тіліне
жеткізудің барлық тәсілдерін, сонымен қатар, қазақ реалияларын орыс және
ағылшын тілдеріне аудару процессіне әсер ететін лингвомәдени факторларды
талдау.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Көркем шығармада қолданылатын
қазақтың ұлттық реалиялары.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
• салыстырмалы-аудармашылық талдау
• математикалық санақ элементтері
• тәжірибелік әдіс
Курстық жұмыстың зерттеу дерек көзі. И.Есенберлиннің Көшпенділер
трилогиясы. Бұл шығарманы таңдау себебім, бұл трилогия қазақ халқының XV
ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі тарихын жаңадан жасайтын
ауқымды шығарма. Алға қойған тапсырмаларды орындау үшін осындай шығарма,
яғни көркем шығарманың ұлттық-арнайы тәсілдері – ұлттық реалиялар кең
қолданылатын шығарма қажет.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмысым кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектігі, жаңашылдығы, пәні, мақсаты,
методологиялық базасы, практикалық және теориялық маңыздылығы анықталады,
зерттеу тәсілдері және қорғалатын негізгі жағдайлар аталынып өтеді.
Бірінші бөлім лингвистикалық құбылыс ретіндегі реалияларға
арналған. Онда реалиялар жіктелімі және басқа тілдерге аудару тәсілдері
көрсетілген.
Екінші бөлімде И.Есенберлиннің Көшпенділер көркем шығармасының
ғылыми құндылығы, қазақтың ұлттық реалияларын этнографиялық, саяси-
қоғамдық, әскери және географиялық топтарға жіктеу, қазақтың ұлттық
реалияларын орыс және ағылшын тілдеріне жеткізу туралы жазылған.
Қорытынды жүргізілген зерттеу бойынша тұжырымдарынан тұрады.

I Тарау
Реалиялар - лингвистикалық құбылыс ретінде
1.1 Реалиялардың мәні және анықтамасы
Лингвистикалық құбылыс ретінде реалиялар эквивалентті емес лексика
категориясына жатады. Олар фондық білімнің бөлігі болып табылады және тіл
мен мәдениеттің өзара әрекетін зерттеуде үлкен қызығушылықты тудырады.
Мамандар, халықтың тіршілік әрекеті мен тілдің арасындағы өзара әрекетті
міндетті түрде бейнелейтін, тілдің қоғамдық жағына көп назар аударады .
Бір тілдің қандай да бір лексикалық бірлігінің үйлесімділігі екінші
тілдің сөздік құрамында болмаса, эквивалентті емес лексика туралы айтуға
болады. Бұл терминді Е.М.Верещагин және В.Г.Костомаров енгізді. Олар
эквивалентті емес лексика деп белгілі бір ұғымды білдіретін, басқа мәдениет
пен тілде болмайтын сөздер, бір мәдениетке тән, ал екінші мәдениетке тән
емес мәдениет элементіне жататын сөздер, сонымен қатар, басқа тілге
аударылмайтын, бір сөзбен айтқанда тілден тыс эквиваленттері жоқ сөздер деп
түсінеді. Эквивалентті емес сөздерге тән ерекшелігі тұрақты үйлесімнің
көмегімен олардың басқа тілдерге аударылмауы және басқа тілдің кейбір
сөздерімен байланыстың болмауы болып табылады. Бірақ бұл олардың мүлдем
аударылмайтынын білдірмейді [4, 53б]. Фондық білім – бұл басқа елдің,
халықтың өмірін көрсететін шынайы фонның нені құрайтыны туралы ойлар
жиынтығы [4, 146б]. Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаров оларды коммуникативті
әрекеттің қатысушылары үшін жалпы білім ретінде анықтайды [4, 126б]. Фондық
сөздер тіл мен мәдениет арасындағы күрделі әрекетті зерттеуде үлкен
қызығушылық туғызады. Е.И. Шумагердің анықтамасы бойынша фондық сөздер –
бұл бір көзге қарағанда өте қарапайым, ұлттық тілдік емес қызмет туралы
құнды анықтаманы қамтитын шетел тілдеріне оңай аударылатын лексикалық
бірліктер [20, 124б].
Өзге мәдениетке, елге ерекше құбылыстарға жататын және туындының
мазмұнын түсіну үшін оқырманға қажетті фондық білімнің бір тобы аударманың
теориясы мен практикасында маңызды рөл атқарады. Фондық білімнің осындай
бөлігі реалия-сөздері деп аталады. Лингвистикада реалиялардың бірнеше
анықтамасы бар.
О.С.Ахманованың анықтамасы бойынша реалия – бұл классикалық
грамматикада сыртқы лингвистикамен зерттелетін елдің мемлекеттік құрылысы,
белгілі бір халықтың тарихы мен мәдениеті, белгілі бір тілде сөйлейтін
адамдардың тілдік ұштасуы сияқты әртүрлі факторлар [2, 381б].
Реалия сөзінің өзі – аналогиялық лексикалық категория ықпалымен зат
есімге айналған латын тілінің орта родтағы көпше түрдегі сын есімі
(realise; көпше түрі realia – заттық, ақиқат). Г.Д.Томахиннің
анықтамасы бойынша, реалия – бұл белгілі бір ұлтқа және халыққа тән
материалды мәдениет заттарының, тарихи деректердің, мемлекеттік
институттардың, ұлттық және фольклорды кейіпкерлердің, мифологиялық
мақұлықтардың аттары [18, 13б].
Біздің көз қарасымыз бойынша реалияға ең толық анықтаманы болгар
ғалымдары С.Влахов және С.Флорин береді: Реалия – бұл бір халықтың
өміріне (тұрмысына, мәдениетіне, қоғамдық және тарихи дамуына) тән және
басқасына жат объектілерді атайтын сөздер немесе сөз тіркесі, ұлттық және
тарихи реңкті ұстаушылар бола тұрып, басқа тілдерде олардың дәл
үйлесімділігі болмайды, демек олар жалпы негіздегі аудармаға берілмей,
ерекше әдіс–амалды талап етеді [6, 55б]. Г.Д.Томахиннің пікірі
бойынша, әртүрлі тілдерді және мәдениетті салыстыру арқылы реалияларды
қолданудың келесі ерекшеліктерін атауға болады:
1) Реалия тек қана бір тілдік ұжымға тән, ал басқасында ол
жоқ. Америк. drugstore дәріхана–дәмханаорысша аналогы жоқ [18, 14б].
2) Реалия екі тілдік ұжымда да кездеседі, бірақ олардың
біреуінде ол қосымша мағына береді. Америк. clover leaf – клевер жапырағы;
клевер жапырағы сияқты шепті автожолдың қиылысуы [18, 14б].
3) Әртүрлі қоғамда ұқсас қызметтер әртүрлі реалиямен іске
асады. Америк. sponge – губкаорысша мочалка (ваннада, моншада жуынар
кезінде) [18, 14б].
4) Әртүрлі қоғамда ұқсас реалиялар өз мағыналарының реңкімен
ажыратылады: cuckoo`s call – американдықтардың халықтық ырымында көкектің
көкектеуі қыздың тұрмысқа шығуына қанша жыл қалғанын болжайды, ал
орыстарда қанша жыл өмір сүруге қалғанын болжайды [18, 14б].
Реалия өте қызықты және ғажайып тіл лексикасының қабатын көрсетеді.
Бұл сөздердің семантизациясы шетел тілін оқитындарға өте маңызды болып
келеді, себебі әдетте олар түсінуде қиыншылықтар туғызады. Реалия
категориясы жіктелім мен аударма кезінде арнайы амал-тәсілді талап етеді.

1.2 Реалиялардың жіктелімі
Е.М.Верещагин және В.Г.Костомаров орыс тілі материалын негізге ала
отырып, ұлттық–мәдени семантикасына бөлінген сөздердің жеті тобын
түсіндіреді:
1) советизмдер, яғни қазан революциясынан кейін Ресейде қоғам
өмірінің қайта құрылуының нәтижесінде туындаған ұғымдарды білдіретін сөздер
(мысалы, жоғарғы кеңес, депутат) [4, 60б].
2) жаңа тұрмыстың сөздері советизмдерге тығыз жанасады
(мысалы, мәдениет саябағы, сенбілік, загс, зачетка).

3) дәстүрлі тұрмыстың заттары мен құбылыстардың аталуы
(мысалы, щи, бублик, валенки, гармошка) [4, 62б].
4) историзмдер, яғни тарихи дәуірлерде болған заттар мен құбылыстарды
білдіретін сөздер (мысалы, сажень, фут, верста, кафтан, уезд) [4, 62б].
5) фразеологиялық бірліктердің лексикасы (мысалы, бить челом, узнать
всю подноготную) [4,63б].
6) фольклордағы сөздер (мысалы, добрый молодец; не по дням, а по
часам; суженый (ая); чудо–юдо; жар–птица; домовой) [4,63б].
7) шығу тегі орыс тілі емес сөздер, яғни тюркизмдер,монголизмдер,
укранизмдер және т.б. (мысалы, тайга, базар, аркан, халат, изюм, плов және
т.б.) [4,64б].

1.3 Аударма кезінде реалияларды жеткізу тәсілдері
Әртүрлі зерттеушілер реалий – сөздерін аударудың әртүрлі тәсілдерін
ұсынады, олар мәдени-ұлттық тілдік бірліктерді жеткізудің тәсілдерін қосып,
басқасын назарға алмайды. Ең кең таралған тәсілдері бұл транслитерация,
транскрипция, калькирования, баяндама аударма, мағынасы жақындатылған
аударма және транформационды аударма.
1) Транслитерация кезінде аударма тілінің тәсілдері арқылы сөздердің
графикалық формасы, ал транскрипция арқылы – оның дыбысталу формасы
жеткізіледі [3,5,11,13,15]. Бұл тәсілдер шетел тілінің жеке атауларын,
географиялық атауларын, әртүрлі ұжымның, фирманың, пароходтардың,
газет–журналдардың атауларын жеткізу кезінде қолданылады (мысалы, Бэнк оф
Америка, Дженерал Моторс).
2) Калькирование – шет тілдің реалияларын оның құрамдас бөліктері -
морфемаларды ауыстыру арқылы жеткізу (мысалы, brain drain – утечка мозгов
(мидың ағып кетуі) [3,10,13,19].
3) Баяндама аударма. Бұл тәсіл ашық сөз тіркестері көмегімен
бастапқы тілдің лексикалық бірліктерінің мәнін ашады (мысалы, Landslide –
победа на выборах с большим перевесом голосов). Бұл тәсіл өте үлкен және
үнемсіз болып есептеледі, сондықтан оны әрдайым мәтінді аудару кезінде
қолдануға келмейді [3,6,17].
4) Мағынасы жақындатылған аударма бастапқы тілдегі лексикалық
бірліктерге мағынасы жақын үйлесімділікті аударма тілінде іздеуден тұрады.
Осындай лексикалық бірліктердің шамалас эквиваленттерін аналогтар деп
атауға болады. Мысалы; know – how – өндірістің құпиялары (секреты
производства) [3, 6].
5) Трансформационды аударма. Кейбір жағдайларда аудармашыға сөйлемнің
синтаксистік құрылысын қайта құруына, алғашқы сөз мағынасын өзгертіп, яғни
лексико–грамматикалық аудармашылық трансформациясына жүгінуге тура келеді.
Мысалы; glimpse – to have, to catch a glimpse of smith ұғымдарында
қолданылады, ал бұл аудармада етістікті қолдануға және сөйлемнің
синтаксистік құрылысын қайта құруға мүмкіндік береді [3, 102б].
В.С.Виноградов және А.В.Федоров тағы да бір гипонимикалық тәсілді
белгілейтінін атап өткен жөн (ағылшын сөзінен шыққан, грек тамырларынан
құрастырылған hiponymy). Мысалы, нопаль (кактус түрі) – кактус, кебраго
(ағаш түрі) – ағаш [5, 56б].

Тұжырым
Реалия – сөздері эквивалентті емес лексиканың өте ерекше, онымен
қоса аса күрделі және мәндес емес категориясы болып табылады. Реалия –
сөздерінің бірнеше анықтамасы бар. Олардың жартысын зерттеушілер аударма
теориясында берді, ал қалғандарында реалия түсінігі тілдің бірлігі ретінде
айқындалады. Реалияларды, жеке атауларды және терминдерді шектеген жөн.
Қазіргі лингвистикада реалиянің бірыңғай жіктелімі дамымаған. Кейбір
зерттеушілер реалия терминін қаламай, оларды эквивалентті емес лексика
немесе фондық анықтама деп атайды, ал басқалары реалияны эквивалентті емес
лексиканың бөлек қабаты ретінде белгілеп, өз жіктелімдерін ұсынады. Барлық
реалия жіктелімдерінің басты ұстанымы – бұл тематикалық (тақырыптық)
ұстаным. Реалия тіл бірлігі категориясы ретінде аудармашыларға өте үлкен
қиындық туғызады. Аудару кезінде реалияларды жеткізудің әртүрлі тәсілдері
ұсынылады: транскрипция, транслитерация, калькирование, баяндамалы аударма,
жақындатылған аударма, трансформационды аударма және гипонимикалық аударма.

II Тарау

И.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясындағы реалияларды зерттеу
2.1 И.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы – ұлттың қазынасы

И.Есенберлиннің 1971 мен 1973 жылдарында Көшпенділер тарихи
трилогиясын құрастырған Заговоренный меч және Отчаяние деген екі романы
жарық көрді, ал орыс тілінде трилогия 1978 жылы жүз мың тиражбен Советский
писатель деген Мәскеулік баспасында шықты. И.Есенберлиннің Көшпенділер
тарихи трилогиясын жазғанына 30 жылдан астам уақыт өтті. Бұл жылдар ішінде
роман жалпы тиражы 3 миллион данамен 50-ден астам рет шықты. Жазушы үшін ең
жоғарғы жүлде – бұл отандастарының мойындауы болып табылады.
И.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы XV ғ мен XIX ғ ортасына
дейін қазақ халқының тарихын көрсететін ауқымды шығарма болып табылады.
Онда Темір империясының құлауынан кейінгі ұлттық тайпалардың бірігу
процесі, шетел басқыншыларымен күрес процесі көрсетілген және XVIII ғасырда
Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылудың тарихи дәйектемесі берілген.
Шығарма авторы ұлттық мінезді, ойлау қабілетін, қазақтардың жартылай
- патриархалды көшпенді өмірін – бұл жыл сайынғы көшу-қон, тайпалар
арасындағы шексіз қайшылықтарды аса толық және жан-жақты бейнелейді. Осының
барлығын өз шығармасының тілдік бейнесімен іске асырып, И.Есенберлин қазақ
тілінің стилистикалық тәсілін кең пайдаланды. Мысалы, автор көркем
шығарманың бейнелі-эмоционалды және ұлттық мәнін тереңдететін
фразеологиялық бірліктерді, мақал-мәтелдерді және реалияларды пайдаланды.
Романда мынадай сөздер жиі кездеседі: жыраулар айтысысостязание акынов;
балуандарборцы палваны; қошперекочевывающий аул; шоқпардубина с
утолщенным концом; оружие рукопашного боя; нөкервоин личной охраны;
импрамтолпа бессловесных людей подчиняющаяся хану; төрезвание төре
дающее право на султанский и ханский титулы и.т.д. Көшпенділер
романындағы фразеологиялық бірліктер мен мақалдардың қолданылуын
қарастырайық.
Сақ болыңдар, көздерінің қарашығындай күзетіңдер,-деді
И.Есенберлин. Алмас қылыш, с.35;
Смотрите, чтобы ничего не случилось с ним. Головой отвечаете за его
безопасность
И.Есенберлин. Заговоренный меч, с.3.
Қара қарғаның көзін шұқымайды
И.Есенберлин. Алмас қылыш, с.141;
Ворон ворону глаз не выклюет
И.Есенберлин. Заговоренный меч, с.143.
Халықты билеместен бұрын, ең алдымен Орданды билей біл
И.Есенберлин. Алмас қылыш, с.105;
Прежде чем руководить ханством, научись править в своей юрте
И.Есенберлин. Заговоренный меч, с.100.

2.2 И.Есенберлиннің Көшпенділер тарихи трилогиясындағы қазақ ұлттық
реалиялар
И.Есенберлиннің Көшпенділер тарихи трилогиясына сүйене отырып
жиналған этнографиялық және географиялық, сонымен қатар саяси-қоғамдық және
әскери жүйе ерекшеліктерін бейнелейтін 200 қазақ ұлттық реалиялар 4 топқа
бөлінеді. Аталған әр топ өз кезегінде топтарға бөлінеді.
Этнографиялық топ қазақ халқының тұрмысы мен еңбегіне, рухани
мәдениетіне, салт-дәстүрге, дініне және сөйлеу әдебі ережелеріне қатысты
100 ұлттық реалия-сөздері кіретін үлкен топ болып табылады.
I. қазақ тұрмыс реалиялары (43):
А) үй, үй интерьері: үлкен үй, қонақ үй, ақ отау, киіз үй, шаңырақ, түндік,
кереге, дорба, кілем, түскиіз, сырмақ, томаға, шатыр, шымылдық;
Б) ұлттық киімдер, бас киімдер мен әшекейлер: шапан, білезік, сақина,
бөрік, сәукеле, үкілі, кебіс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Реалияның аудармасы
Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
АУДАРМАШЫ - КӨПТІЛДІ ТҰЛҒА
Роман мазмұнының көркемдік–әдеби маңызы
Ағылшын тіліндегі кірме сөздер
Абай жолы роман-эпопеясы қазақ ұлтының мәдени,тарихи,тілдік- әлемдік бейнесі
Лингвистикалық аударма теориясы
Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігі
Транслитерацияның транскрипциядан айырмашылығы
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИНГВОЕЛТАНУЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер