Қазақ күресінің тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Университеті
«» факультеті
«» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Қазақша күрес
Қабылдаған:
Орындаған:
Астана - 201
ҚАЗАҚША КҮРЕС
Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған.
Күрес - ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді. Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды.
Ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, тарихи және көркем шығармалар мен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі. Қазақ топырағында балуандық өнердің ежелден келе жатқанын мына бір тарихи оқиғадан айқын аңғаруға болады.
Осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Атилланың алдындағы патша) өзінің жеңістері мен мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той-жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т. б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр-хүреш, Ат-хуреш, Ланса-хуреш, Шабарман-хүреш, Жебе-хүреш, т. б. Ээр - ер күшті мағынасында, Хүреш - балуан күресі мағынасын білдіреді.
Біздің дәуірімізден 3 000 жыл бұрын салынған Бени-Гассан жеріндегі перғауынның табытындағы суреттерден Мысыр жауынгерлерінің ең маңызды жаттығуларының бірі күрес болғандығын көруге болады.
Көне грек жазушысы Эллиан (б. з. б. II-III ғасырлар) сақтардың әдет-ғұрыптары туралы жаза келіп, мынандай деректер келтіреді: « . . . егер сақ жігіті үйленгісі келсе, алдымен өзінің болашақ қалыңдығымен күресіп жеңуі қажет. Олай болмаған жағдайда, жігіт сол қыздың қол астына күтуші құлы ретінде өтеді».
Қазіргі Орталық Мексика жерінде өмір сүрген (б. з. б. 909 жыл) Мая мәдениеті тарихында доп ойындарымен қатар жекпе-жек түрлерінің де жақсы дамығандығы белгілі. Осындай сайыстар кезінде адамдар күрес әдістерін кеңінен қолданып, арнайы киім киген.
Көне грек жазушысы Клавдий Элиан: «Сақ жігіті өзі ұнатқан қызға үйленгісі келсе, сол қызбен күресуге міндетті болған. Егер бұл белдесуде қыз жеңіске жетсе, онда жігіт соның қол астында қалып, бағынышты болады. Мықты, күшті жігіттердің ғана мерейі өсіп, билік жүргізген», - деп жазады.
Ал, кіндік Азия елдерін шарлап, жиһангерлігімен аты шыққан итальян саяхатшысы Марко Поло да күрес өнері сақ елдерінде өркендеп өсіп, әскери-қолданбалы жаттығудың бір түріне айналғанын және жігіттермен бірге қыздардың да күреске түсетінін айтып, тарих шежіресіне тіркеген.
Тағы бір саяхатшы, король Кастилий Генрих III-тің жіберген кісісі Рей Гонзалес Клавдихо өте-мөте құнды деректерді келтіреді. Ол даңқты қолбасшысы Темірдің сарайында ең күшті балуандардың белбеуден ұстап күрескенін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдар аралығы екенін ескерсек, белбеуден ұстап күресудің ережесі әлдеқайда ертеден бастау алғанына көз жеткіуге болады. Темір әміршінің белбеуден ұстап күресуге қатты назар аударып, көз салып қарап отыруы туралы тың тарих жылнамасының мәні зор. Атақты, ауыр айқастарда жеңіске жеткен балуандарға алтыннан, күмістен, басқа да бағалы металлдардан жасалған сыйлықтар, тарту-таралғылар беріліп отырған.
Тағы бір құнды жаңалық: атақты тарихшы Әбілқазы Бахадүрхан былай деп жазады: «Чурас деген бектің бірі айтты: «Осында бір күшті бар. Сол онымен күресіп көрсін. Егер ол оны жеңсе, мен мұсылман боламын. Моңғолдың күштісін алып келді. Шейх білекті түрінді. Әлгі балуан өте қарулы екен. Бірақ, Шейх оны кеуде тұсынан қатты ұрып еді, моңғол есінен танып құлап жатты . . . Әмір Чурас жағдайды көргеннен соң мұсылман дініне енді. Бұл күні 160 мың адам мұсылман дінін қабылдады. Содан бері Шағатай ұлысында ислам мемлекеттік дін болып жария етілді». Діни-саяси мәнге ие болған күрестің құдіретін осыдан-ақ білуге болады. Ру, тайпа өкілдерінің даңқты балуандарын бүкіл қазақ білген. Жылдар жылжып өтті, ғасырлар артта қалды. Содан бері қазақтың ұлттық спорты - күрес ешқашан тіршіліктен тыс қалмай, бірге жасасып келеді.
Тарихи жазбаларда балуандық өнер туралы деректер өте көп. I. Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы мен Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романындағы балуандардың айқастары халықтың бауырынан бастау алған өнердің мәңгілік екенін дәлелдейтін бір ғана мысал. Батырлар жырларына зер салсаңыздар халықтың жекпе-жек өнеріне асыл мұра ретінде қарағанына күмән келтірмейсіз. Академик, ғалым Әлкей Марғұлан «балуан» сөзін көне түркінің «блбл» сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон-Енисей жазуындағы «балбал» сөзі «кемпір тас» қазіргі уақыттағы «балуан», яғни күшті, мықты, алып ұғымын беретіндігін көрсетеді.
Өткенге көз жіберіп, шежіре жолдарына тереңірек үңілер болсақ, қазақша күрестің өсіп - өркендеу, даму жолдарының өзгеше, өзіндік сыр- сипаттары бар. Бір қызығы, әу бастан-ақ қазақтар той-домалақ думанда, басқа да халық мол жиналатын жиыдарда балуандардың салмағын өлшеп жатпаған. Қарсыласыңа қарсы тұрарлық күш - қуатың бар ма, онда кілемге білек сыбанып шыға бер. Әрине, атаң жілікті түйе балуандардың жөні бөлек, тұрпаты тым басқаша ғой.
Дегенмен, халықтық ұғым, нағыз бәсеке тұрғысынан балуандардың мықтылығы мен тума - талант, алып күш иесі болуын салмаққа қарамай-ақ «күшті болсаң күресіп көр» деген тұжырымда кесіп - пішіп айтып тұрған тәрізді. Былайша айтқанда кез-келген жарыс ережесіз болмайды. Ол әр халыққа әр қалай, өзіндік ұлттық психологиясы, көзқарас тұжырымдарымен тізбектеліп, қалыптасқан.
Тарихқа тереңдеп бойламай-ақ жүгірте көз тастағанның өзінде батыр бабаларымыздың асқақ бейнелері көз алдымыздан қылаң бергендей болады. Қобыланды, Алпамыс, Қамбар, Ер Тарғындар - қалың қолға қарсы қайыспай шабатын батыр әрі белдескеннің тізесін дірілдетіп, құтын қашырған алып күш иелері. Сілекейіміз шұбырып сан мәрте қайталап оқыған аңызға бергісіз жырлар тегіннен тегін туған жоқ.
Қара Қыпшақ Қобыландының тікелей ұрпағы Қажымұқан атамыздың тау шайқаған құдіреті бұған айқын дәлел. Салмағы бел қайыстыратын, ұзындығы есік пен төрдей рельсті иығына салып, екі басына жиырма-жиырмадан қырық адамды мінгізіп, көтеруі- бүгінгі таңда өңіміз түгілі түсімізге де кірмейтін керемет. Жуандығы таяқтай жұмыр темірді беліне белбеу қылып байлайды; төрт доңғалақты арбаға 25 адамды отырғызып, тісімен сүйрейді; ауырлығы- 2, 5-3 центнердей кесек тасты шалқасынан жатып, кеудесіне қойғызады да, 20 килограмдық балғамен ұрғызады; жуандығы сырғауылдай темірді доғаша иеді . . .
Қазақша күрес - қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері көп.
Ата-бабаларымыздың жолбарыс аулауды кәсіп еткені тарихтан белгілі. Бұл жағдайға байланысты әңгімелер ел ішінде аз емес. Мағауин Шақан-Шеріні де қиялдан алмаған.
1871 жылы Санк-Петерборда шыққан «Военный сборник», 1884 жарық көрген «Природа и охота» журналындағы нақты деректерге сүйенген. Романдағы «Қайраты мен ебі, айласы мен ерлігі аңызға айналған аң патшасына қарсы шығуға жүрегі даулаған, жүз мәрте жанкешті айқасқа түсіп, бәренде де мерейі үстем болған Шақан-Шері тек жолбарыс өлімімен өлсе керек», деген жодар аталарымыздың өр тұлғасына, көзсіз батырлығына еріксіз бас игізеді. Шақан-Шері өз заманының кез келген балуанымен немесе батырымен ұстаса кетсе, алдырмайтыны анық.
Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Бұрын қазақша күрес «Күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кезі де болған. Сондай-ақ, күрестің белгілі бір жүйеге түскен белдесу ережесі де болмаған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіске жеткен. Жиын-тойларда ғана күш сынасып қоймай, кім жеңеді деп егеске түскен екі балуан кездескен жерде ат үстінен түсе қалып, белдесе кететін болған. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар т. б. осындай алып балуандар болды.
Қазан төңкерісіне дейін ас беру, қыз ұзату, күзем алу, наурыз сияқты жиын-тойларда белдесу күресі өтетін жерге арнаулы текемет төселіп, балуандар күресуге шыққанда, аяқтарына мәсі киіп немесе жалаң аяқ шыққан. Үстеріне тізеден төмен түсетін шапан киіп, беліне екі-үш қабат белбеу байлаған.
Төреші күресуге шыққан балуандарды қолдарын айқастыра ұстап белдестіреді. Бұл белдесуді қазақтар «қоян-қолтық ұстасу» деп атайды. Белдесу барысында, ереже бойынша, қолды белбеуден босатуға болмайды.
Қазақша күресте қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізгі түрлері мыналар:
- Иықтан асыра лақтыру әдісі (лақтырылған балуан құламай орнында тұрып қалуы керек) ;
- Әдіс қолданған балуан өзі құлай беріп, қарсыласын астына түсіру;
- Қарсыласын жамбасқа салып жығу;
- Іштен шалып жығу;
- Сырттан шалып жығу;
- Қарсыласын қырқа шалып жығу (артқа құлату) .
Күрескен кезде, қолдануға рұқсат берілмейтін әдіс-тәсілдер:
- Белдесе күресу барысында қолды белбеуден босатуға болмайды (тек әдіс қолданғанда ғана бір қолды босатуға рұқсат етіледі) ;
- Қарсыласын ұруға, итеруге болмайды;
- Тамақтан, саусақтан, құлақтан ұстауға болмайды;
- Лақтырған кезде қарсыласын жерге басымен түсіруге рұқсат етілмейді;
- Құлап түскен қарсыласының аяғын, қолын, т. б. мүшелерін бұрауға болмайды;
- Белбеуден басқа киімнен ұстауға рұқсат етілмейді;
- Астында жатқан қарсыласын тіземен, шынтақпен нығарлап басуға болмайды;
- Қарсыласына белбеуден ұстамай қолданған әдіс-тәсілді орынды деп есептемейді.
Белдесу барысында жеңіске жеткен балуан орнында қалады. Егер ол өзімен белдесуге шыққан жаңа балуанмен күресуден бас тартып, басқамен күресемін десе, онда оған рұқсат етіледі. Бірақ соңында жеңімпаз аталатын балуан біреу ғана. Оның барлық кездесуде де жауырыны жерге тимеуі керек.
Жалпы белдесу барысында қарсыластардың біреуі жығылып, жауырыны жерге тисе және қарсыласы оның басынан аттап кетсе, ол жеңілген болып есептеледі. Егер де, қарсыластың біреуі әдіс қолданғанда, екіншісі оған қарсы әрекет жасап, екеуі бірдей құлап түссе, онда бұл белдесу «итжығыс» (ешқайсысы жықпаған) деп аталады. Мұндайда, төреші оларды қайта күрестіреді.
Бұрын белдесу барысында тең түсу немесе ұпай санымен ұту деген болмаған. Белдесудің уақыты шектелмегендіктен, міндетті түрде қарсыластың біреуі жеңіске жеткен.
Жоғарыда баяндалғанның бәрі сонау ықылым заманнан бері келе жатқан дәстүрлі спорт ойындарының ерекшеліктері саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz