Қонақ үйдің классификациясы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

«» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қонақ үйдің классификациясы

Пәні:

Қабылдаған:

Орындаған:

Астана - 201

КІРІСПЕ

Қонақ үй - кең мағынасында қысқа мерзімдік уақытта тұруға арналған жиһаздандырылған бөлмелер жиынтығы. Қонақ үй - бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені.

ЮНВТО-ның анықтамасы бойынша қонақ үй дегеніміз - белгілі бір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы басқа) сондай - ақ классқа, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру құралы. Қонақ үйлердің негізгі мақсаты - туристер үшін сапалы қызметтер көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады. Қонақ үйді басқару ерекшеліктеріне байланысты олар айрықша қонақ үйлер немесе қонақ үй желілері болып бөлінеді [1] .

Қонақ үйдің классификациясы дегеніміз - бұл белгілі бір қонақ үйлері мен нөмерлерінің қызмет көрсету критерийлері немесе стандарттары бойынша сай келінуінің анықтамасын айтамыз. Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп түрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты.

Қонақ үй классификациясы әр елде әртүрлі категорияларға бөлініп 30-ға жуық атауға ие. Біртекті классификацияға келуге көптеген себептер мүмкіндік бермейді. Оларға мемлекеттердің тарихы - мәдени даму деңгейі, туристік қызмет көрсетудегі ұлттық дәстүрлер ерекшелігі және сапалы қызмет көрсетудегі бағалауы және сипаты әсер етеді. Кез келген елде қонақ үй классификациясы өзіне сай разрядтары болады. Ол тиісінше стандарттардың сапалық параметрлері болып табылады. Қонақ үйлер жұлдызды, короналық, разрядты жүйе болып бөлінеді: қонақ үйдің разрядтылығы оның имиджіне, престижіне және қонақ үйдің қызмет ету жүйесіне байланысты болады. Әлемде қонақ үйдің бірыңғай жіктемесін енгізу сол елде қалыптасқан ұлттық дәстүрлеріне мемлекеттің тарихи - мәдени ерекшеліктеріне сапа критерийлеріне және тағы басқа кедергі келтіреді.

1. Қонақ үйдің түрлері

Қонақ үйдің халықаралық тәжірибеде төмендегідей типтері жиі кездеседі:

1. Апортамент - сиымдылығы жағынан шағын және орташа болып келеді. Бұл ірі қалалар үшін тән. Сондықтанда ол пәтерлік типтегі қонақ үй болып табылады.

2. Эконом класты қонақ үй - сиымдылығы жағынан шағын немесе орташа мөлшердегі кәсіпорын болып табылады және магистралдарға жақын орналасады.

3. Отель - бұл сиымдылығы жағынан әр түрлі мөлшерде болып келетін қалалардың көрікті ыңғайлы жерлерінде орналасатын және де қонақ жайлылықтын барлық түрі ұсынылатын кәсіпорын.

4. Мотель - автобустерге арналған қонақ үйлер. Қаланың сыртында ірі автомобиль жолдарының бойында орналасады немесе туристік орталықтар құрамына кіреді. Тұрақтары, автожағармайлары, техникалық қызмет орындары бар. Ғимараттын сиымдылығы орташа және шағын деңгейге тән. Ең бастысы бұнда клиенттер өз өзіне жұмыс жасайды.

5. Кемпинг - бұл авто, мото туристерге, вело туристерге арналған қаланың сыртында орналасатын кейде мотельдердің жанында орналасатын лагер типті қонақ үйлер. Туристер жазғы айларда палаткаларда түнеп шығу үшін ғана орналасады. Электрмен, сумен, автомашиналарды жуумен және жөндеумен қамтамасыз етіледі. Автомашиналар қоятын орындар бар. Бұл жерде қосымша қызмет орындары болуы мүмкін. Кейбір кемпингтер қонақ үйлердің, турбазалардың, мотельдердің құрамына кіреді. Кемпингтер туристік маршруттар бойында, курорттық аудандар мен туристік орталықтарда салынады.

6. Түнеу және таңғы ас типіндегі жеке меншік қонақ үйлер - бұл АҚШ - та кең таралған. Сиымдылығы жағынан орташа болып келеді.

7. Пансион - бұл қарапайым стандартты қызметі шектеулі кәсіпорын. Бірақ бұнын басты ерекшелігінен қонақтарға толық пансион көрсетіледі, яғни 4 уақыттық ас береді.

8. Ротель - бір, екі орынды нөмірлерімен вагондарын ұсынатын қозғалмалы қонақ үй. Күндізгі уақытта туристтер түрлі қалалармен, олардың көрікті жерлерімен танысады да, түнде поезде түнейді [2] .

2. Қонақ үйді классификациялау

Қонақ үйлер жұлдызды, короналық, разрядты жүйе болып бөлінеді: қонақ үйдің разрядтылығы оның имиджіне, престижіне және қонақ үйдің қызмет ету жүйесіне байланысты болады. Әлемде қонақ үйдің бірыңғай жіктемесін енгізу сол елде қалыптасқан ұлттық дәстүрлеріне мемлекеттің тарихи - мәдени ерекшеліктеріне сапа критерийлеріне және тағы басқа кедергі келтіреді. Қазіргі кезде 30-дан астам қонақ үйдің классификациясы бар. Сонын ішінде қонақ үйдің орналасу жағынан төмендегідей болуы мүмкін:

1. қаланың ішінде орналасуы (орталықта немесе қала шетінде) . Әдетте орталықта орналасқан қонақ үйде іскерлік мақсаттағы қонақ үйлер, отельдер, отель - люкстер және орта класты қонақ үйлер орналасады.

2. теңіз жағалауында орналасатын қонақ үйлер. Мұнда орналасуына қарай теңізден арақашықтығы 50 м, 100 м, 150 м, 200 м, 300 м-ге дейін орналасады.

3. таулы жердегі қонақ үйлер. Бұл туристік маршрут бойындағы демалуға ыңғайлы жерде көркем пейзажды табиғат аясында орналасатын қонақ үйлер.

Қонақ үйдің жұмыс мерзіміне байланысты:

1. жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үйлер;

2. маусымдық курорттық қонақ үйлер;

Қонақ үйлік тарифтеріне байланысты:

1. тарифке - қонақ үйдің тұру бағасы ғана кіреді (RO) - Room Only Европалық;

2. орналасу және таңғы ас (BB) - Bed and Break fast континенталдық. Таңғы астың 3 түрі болады:

• континенталды - сок, кофе, чай, тоқаш және джем;

• ағылшын таңғы асы - жұмыртқа және сиыр еті;

• шветтік таңғы асы - ірімшік, шұжық, нан өнімдері, жеміс - шидек, джем, бал, чай және кофе.

3. жартылай пансион - (орналастыру, таңғы асы, түскі ас және кешкі ас) - (HB) - Half Board.

4. Толық пансион - (орналастыру және плюс 3 - 4 реттік тамақтандыру) - (FB) - Full Board.

5. Клубтық демалыс жүйесіне маманданған қонақ үйлер - 3 реттік тамақтану, плюс тәулік бойына тегін закуска, ішімдік және сусындар қойылады. (I) - Impereal [2] .

3. Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі

Әр елдегі қонақ үй жүйелегіне тоқталатын болсақ, ол төмендегідей: Австралия мемлекетінің қонақ үйлері - 5 жұлдызды Европа қонақ үй жүйесіне жатады. Ауылды елде мекендерде кішігірім қонақ үйлер категориясыз ең арзан орналасу және түнеу орны болып саналады.

Ұлыбритания қонақ үйлері өте жиі тараған қонақ үй классификация жүйесіндегі тәжі (корона) немесе кілт сипатында болып келеді. Европа елдеріндегі қонақ үйлерге қарағанда тәжі жұлдыздық жүйеліктен бір сан жоғары болып есептелінеді (5 жұлдызды - алты тәжіге) . Сонымен қатар мұнда Британдық Туристік Агенттілік классификациясы жиі пайдаланылады. Бұл қонақ үй бағасына байланысты әдемі, арнайы туристік топтарға арналып жасақталған қонақжай орындары. Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген. Бес жұлдыздық категорияға сай мынандай бес категория белгілері енгізілген:

«Т» - туристік класс. Ол екі жұлдыздық қонақ үй болып есептелінеді. «F» - бірінші класс. Бұл үш жұлдыздық қонақ үй деп есептелінеді. «FS» - супер класс. Бұл төрт жұлдыздық қонақ үйге сай келеді. «L» - люкс. «DL» - өте жайлы ең жоғарғы қонақ үй категориясы болып бес жұлдызбен тең.

Германия қонақ үйлерінің жүйелігі мемлекеттік бес жұлдызды белгіге ие. Орналастыру тәртібінің іс шаралары: қонақ үйлер, курортты, қонақжай мекемелері, отель - пансиондар деп аталады. Осылар орта ауқатты демалушыларға арналған.

Греция мемлекеті қонақ үйлеріне әріппен белгілеу негізге алынған. Олар төрт категорияға жатады. Жоғарғы, сапалы қонақ үйге - «DL», ал бес жұлдыздыға сай - А, үш жұлдыздыға - В, екі жұлдыздыға - С, бір жұлдыздыға - Д әрпімен белгіленген. Сонымен қатар қарапайым орналастыру орындарына кішігірім аппартаменттер, жеке пәтер үйлер және қонақтарға арналған орындар. Олар негізінен әуежай, автобекет, теміржол бекеттері, порттар маңында шоғырланған.

Египет жерінде бес жұлдызды жүйелік барлық қонақ үйлерге тән. Бірақ кез келген қонақ үйлер жұлдыздары Европа елдеріндегі қонақ үй жұдыздарына 1 не 2 жұлдызға артығырақ, көрсетілген. Европадағы екі жұлдызды қонақ үй қызметі Египеттегі төрт жұлдызды қонақ үйге тән. Египет мемлекетінің бес жұлдызды қонақ үйі көрсетілген.

Испания категориялық деңгейі жұлдызды болып келген, қонақ үйлердің топтарының ерекшеліктері бар. Қонақ үйлерге арналған жұлдыздық жүйелік 1 - 5 жұлдызға дейін белгіленген. Бунгало, жеке аппартаменттер 1 - 4 жұлдызды белгілерге сай қызмет көрсетеді. Пансиондар мен қонақтарға арналған жайлар 1 - 3 жұлдызды категорияға сай жұмыс істейді. Өте қарапайым орналастыру орындар 1 - 2 жұлдызды болып келеді.

Италия қонақ үйлері Европа қонақ үй белгілерінің үлгілеріне сай үш категориядан тұрады. Бірінші категория - 4 - 5 жұлдызды қонақ үйлері біріктіреді. Екінші категорияға - 3 жұлдызды қонақ үй, үшінші категорияға - 1 - 2 жұлдызды қонақ үйлерді топтастырады.

Қытай мемлекетінде жұлдызды классификация қарапайым қонақ үйлерден бастап 5 жұлдызды конфортты қонақ үйлер кешендерін кездестіруге болады. Өте арзан тұраққа хостельдер жатады. Студенттік жатахана сай қонақ үйлер көп тараған. Мальдив аралдары қонақ үйлері өте жайлы, жоғары сапалы қызмет көрсете алады. Ең жоғарғысы «Стандарт» ауқатты демалушыларға арналған. «DL» қонақ үйлер орта ауқатты адамдарға арналса, «Балалар кешені» жанұялық топтарға арналған арнайы тұрақтар. Мальдив жері туристік рекреациялық аймақ болғандықтан лауазымды адамдарға арналған - «Президенттік кешен», - деп аталатын қонақ үйлері де кездеседі. Мальта мемлекетінің қонақ үйлері - бес жұлдызды классификациялық жүйе, жаңа ұлттық құрылымды ендірген кезде сақтала отырып оларды үш категорияға бөледі:

1 категория «Алтын»;

2 категория «Күміс»;

3 категория «Қола»;

Мексикада бес жұлдызды классификациялық жүйелік Европаға ұқсас. Кластың деңгейі бірнеше критерий негізінде ерекшеленген. Олардың саны - 52 - 108 дейін. Сонымен қатар бес жұлжыздан да жоғары категория «Гранд туристо», - деп аталады. Мексикадағы бес жұлдызды қонақ үйі көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйлердің түрлері
Қонақ үйлерді классификациялау және оның түрлері.
Қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету
Халықаралық қонақ үйлер тізбектері
Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес-жоспардың құрылым
Стандарт салалары
Қонақ үй
Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
Қонақ үй ғимаратының орналастырылуы
Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық - техникалық база туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz