Кәсіпкерлік мәдениет: мәні мен маңыздылығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
«» факультеті
«» кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Кәсіпкерлік мәдениет: мәні мен маңыздылығы
Пәні: Туризмдегі кәсіпкерлік негіздері
Қабылдаған:
Орындаған:
Астана - 201
КІРІСПЕ
Мақсаты: Кәсіпкерліктегі мәдениет ұғымы, оның мәні туралы теориялық мәліметтермен танысу және кәсіпкерліктегі мәдениеттің маңыздылығын айқындау. Іскерлік және кәсіби этикасын қарастыру және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
Баяндама тақырыбының өзектілігі. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік мәдениет» түсініктері егіз ұғым. Себебі, кәсіпкер болатын адам кәсіпкерлік мәдениетті сақтауы тиіс. Яғни, іскерлік қарым-қатынас этикасын дұрыс ұстану керек. Кәсіпкердің шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Сонымен қатар кәсіпкерге өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік. Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу кәсіпкердің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - кәсіпкердің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.
Кәсіпкерге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - кәсіпкердің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.
Кәсіпкердің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші - адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік. Кәсіпкер болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу.
Баяндама құрылымы: баяндама кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні және мағынасы
Кәсіпорын (ұйым) қызметінде кәсіпкерлік мәдениет маңызды рөл атқарады. Ол кәсіпорынның тек жоғары беделін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тиімділігінің, өнімдер мен қызметтер сапасының артуына және табыстардың ұлғаюына септігін тигізеді.
«Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінің бірнеше анықтамасы бар.
1) Кәсіпкерлік мәдениет - бұл құндылықтар туралы түсінік пен нақты сенімді үйлестіре отырып жүзеге асыру жүйесі. Бұл тұрғыда құндылықтар туралы түсінік кәсіпорын үшін не маңызды екендігін, ал сенім - кәсіпорын қалай қызмет ету керек және оны қалай басқару қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді (1-сурет) .
1-сурет. Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы.
2) Ұйымдық мәдениетке кәсіпорынның өзінше ерекше нысан екенін көрсететін түсініктер, құндылықтар мен ережелер жиынтығы жатқызылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік мәдениетке аясы кең ұғым ретінде төмендегідей де анықтама беріледі.
Кәсіпкерлік мәдениет - белгілі бір уақыт аралығында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез-құлық үлгілерінің, құндылықтар жүйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы болып табылады.
Адамдарға әсер етудің, яғни оларды басқарудың үш түрлі құралы бар, олар:
• иерархия (ұйым), онда адамға әсер етудің негізгі құралы бағындыру болып табылады;
• нарық, онда көлденең түрде тепе-теңдіктен қарым-қатынастар қалыптасады;
• мәдениет - жасап шығарылған және қоғаммен танылған құндылықтар, мінез-құлық ерекшеліктері, әлеуметтік нормалар.
Мәдениет қызметтің әр түрлі нысандарында және әлеуметтік жүйелердің әр түрлі деңгейлерінде танылады. Мәдениеттің екі жағын бөліп керсетеді :рухани және материалдың. Материалдың мәдениеттің құрамына нысандары мен типтері бойынша алуан түрлі материалдық-өндірістік база, оның ішінде шикізат және энергетикалық ресурстар, еңбек құралдары және материалдық өндірістің басқа да өнімдері, адамдардың материалдық-заттық, тәжірибелік қызметі, өндіру, айырбастау және тұтыну барысындағы материалдық-заттық қатынастар, материалдық құндылықтар жатқызылады.
Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігі кәсіпкерлік мәдениет болып табылады. Оған басқару мен ұйымдастыру, айырбастау мен үлестіру, технологиялар, еңбек жағдайларының және т. б. мәдениеті жатады. Яғни, ол кәсіпкерлік қызмет үрдісі барысындағы субъектілер арасындағы қатынастардың ұдайы өндірісімен байланысты.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәдениетінің 10 негізгі белгісін бөліп көрсетуге болады:
1) мәдениет әлеуметтік болып табылады, өйткені оның қалыптасуына фирма қызметкерлерінің басым бөлігі әсер етеді;
2) ұжым мүшелерінің мінез-құлқын реттейді;
3) адамдар құрады;
4) барлық қызметкерлер қабылдайды;
5) дәстүрлерді ұстануға негізделген;
6) танымды сипатқа ие болады;
7) өзгеруге бейім;
8) көпқырлы, яғни оны қандай да бір тәсіл арқылы ғана тану мүмкін емес;
9) сезілетін және сезілмейтін;
10) тұрақты даму үстінде болады.
Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы:
- біріншіден, табиғи жолмен жүзеге асырылады. Яғни, онда кәсіпорындар өткен және қазіргі тәжірибені ескере отырып, қойылған мақсаттарды қамтамасыз етуде нәтижеге әкелетін мәдени дәстүрлерді қолдайды;
- екіншіден, мінез-құлықтың белгілі бір кешендерін енгізу жолымен қалыптасуы мүмкін.
Кәсіпкерлік мәдениет келесідей функцияларды атқарады:
• коммуникативті-интегративті - әлеуметтік-экономикалық ортада төселуді және тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
• консервативті - кәсіпкерлік еңбектің дәстүрлі үлгілерін қайта жаңғырту есебінен, сыртқы қарама-қайшылықтарға төзімділік пен ішкі тұрақтылық күштерін құрайды;
• инновациялық - өзгермелі жағдайға дұрыс бейімделген жаңа үлгілерді танытады;
• трансляциялық - ақпаратты берумен айналысады;
• мақсатты - құндылықтарды, үлгілерді қалыптастырады;
• бағалаушы - іс-әрекеттерді бағалау әдістері мен көрсеткіштерін құрастырады.
Кәсіпкерлік мәдениеттің басты функциясы - құндылықтардың алуан түрлі типтері мен нысандарын сақтап қалу, ұдайы шығарып отыру және оларды болашақ ұрпақтарға табыс ету.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына келесілер әсер етеді:
• жалпы адами құндылықтар (борыш, әділеттілікке деген ұмтылыс және т. б. ), өмірдің мәні, адамның парызы туралы жалпы түсініктер;
• елдегі өмір сүру сипатының ұлттық-мәдени және діни-мәдени стереотиптері (таптаурын) ;
• мінез-құлық нормалары мен ережелері, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара әрекеттесу үлгілері;
• еңбекке, байлыққа, жағдайға деген құндылық-мотивациялық қатынас (еңбек этикасы) ;
• шаруашылық жүргізудің мәдени үлгілері;
• елдің орналасу, ландшафттық, климаттық және оның жер көлемінің ерекшеліктері.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы ең алдымен, кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениетімен, кәсіпкерлердің өздерінің мәдениетімен, іскерлік этика деңгейімен, іскерлік қатынастардың мәдениетімен қалыптасады. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті бірңатар сыртқы және ішкі факторлармен анықталады, олардың ішінде маңыздылары келесілер:
• ұйым қызметкерлерінің өз назарларын сыртқы міндеттерге аударуы - ашықтылығы, тұтынушыларға анық және сапалы қызмет көрсетуі, тұтынушылармен жақсы, өзара қарым-қатынастарда болуы;
• қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның аралық және шекті мақсаттарға жетуі барысында олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;
• ұйымда шешім қабылдау барысында шешімдерді қабылдаудың топтық нысандарының басым болуы;
• ұйым қызметінің алдын ала жоспарларға сай жүруі, жеке бір қызметкерлер мен қызметкерлер тобы арасындағы тығыз ынтымақтастық;
• ұйымдағы инновациялық үрдістер, ұйымның инновациялармен қатар жүретін тәуекел деген құбылысқа дайын болуы.
Корпоративтік мәдениет кәсіпорын ерекшеліктерін көрсететін, ұйым мүшелерінің өзара пікір алмасулары, мінез-құлық, көңіл-күй сипаттары, қызмет жүргізу деп қарым-қатынастар мен механизмдер кешені ретінде анықталады.
Корпоративтік мәдениет өзара байланысты екі құрамдас бөлімнен тұрады.
Біріншісі - ұйым мүшелерінің сыртқы, яғни көзге көрінетін мәдени өлшемдері: киім кию өнері, арнаулы белгілер, ұйымдық салт-дәстүрлер, жұмыс жағдайының қолайлығы және т. б. Екіншісі - кәсіпорын қызметкерлерінің мінез-құлқын анықтайтын, реттейтін құндылықтар мен т. б. керсеткіштерді қамтиды.
Корпоративтік мәдениет негізінен екі маңызды фактормен анықталады:
• ұйым мүшелерінің кәсіпорынның негізгі құндылықтарын қабылдау дәрежесімен;
• ұйым мүшелерінің осы құндылықтарға адалдығы дәрежесімен.
Корпоративтік мәдениеттің қажетті деңгейін ұстап түрудың қиындығы жаңадан қабылданған қызметкерлер өздерімен бірге жаңа идеялар мен кәсіби міндеттерді шешудің жеке тәсілдерін ғана емес, өздерінің дербес құндылықтарын, көзқарастарын, сенімдерін алып келуінде. Қызметкерлердің жеке тұлғалық құндылықтары ұйым ішінде қалыптасқан мәдени құндылықтардың әсерімен ауытқуы мүмкін. Сондықтан, қызметкерлердің құндылықтары мен ұйым құндылықтарын мейлінше жақындату үшін ұйым басшылығы қызметкердің жеке басының құндылығы мен кәсіпорын құндылығының үйлесімділігін қалыптастыруға үнемі ықпал етіп отыруы қажет.
Ұйымдық, корпоративтік және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерінің ерекшеліктер 1-кестеде келтірілген.
Тәжірибеде ұйымдық, корпоративті және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерін сәйкестендіру олардың араласуына алып келеді.
Кәсіпкерлік қызметте барлық қабылданған заңдарды ұстану мәдениеттің басты элементі болып табылады. Өз жұмысы барысында ұйым мемлекетпен, қоғаммен, жабдықтаушылармен және тұтынушылармен, өз қызметкерлерімен алу ан түрлі қатынастарға түседі. Осы жағдайларда оған кәсіпкерлікке тікелей немесе жанама түрде әсер ететін қабылданған құқықтық актілерді, стандарттарды, ережелерді, нормаларды қатаң ұстану қажет.
Қабылданған міндеттер мен міндеттемелерді қатаң ұстану кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің тағы да бір маңызды элементі болып табылады. Кез келген ұйымның заңнамалық актілерден, келісімшарттардан келіп шығатын міндеттемелері бар. Оларды бұзу серіктестерге, жабдықтаушылар мен тұтынушыларға, ұйым қызметкерлеріне мүліктік және моральдық зиян әкеледі.
Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің тағы бір маңызды элементі - бизнесті әділетті түрде жүргізу. Барлық дамыған әлемде адамдарға, бизнес жүйесіндегі әріптестерге, мемлекетке қатысты әділетті және таза қарым-қатынас кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды белгісі болып табылады.
Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормаларды ұстануы кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің маңызды элементі болып табылады. Ол нормалар кәсіби этикадан, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерінен және кәсіпкерлердің өздерінің тәрбиелілігі мен мәдениеттілігінен тұрады.
1-кесте. Ұйымдық, корпоративтік және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерін салыстыру.
2. Іскерлік және кәсіби этика
Этика туралы түсінік алғаш рет Аристотель еңбектерінде кездеседі. Ол этиканы адамға не істеу керектігін тануға, не істеуге болатындығын анықтауға және неден бас тарту қажеттігін сезінуге көмектесетін ұғым ретінде түсіндіреді. Біз үшін этика - бұл ең алдымен білім саласы, ерекше ғылым, ол адамдық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді. Этика идеал және іс-әрекет ретінде бөліп қарастырылады. Бұл жерде этиканың екі түрі де біздің қызығушылығымызды туғызғанымен, әсіресе кәсіби этика немесе кәсіпкерлік этика аясындағы мәселелерге көңіл бөлінеді.
Кәсіпкерлік этика елде, элемде, сонымен қатар қандай да бір қызмет аясында қалыптасатын кәсіби этикада байқалатын мінез-қүлықтың жалпы этикалық нормалары мен ережелеріне негізделеді. Азаматтардың мінез-құлқының жалпы этикалық нормаларына байланысты, кәсіпкерлік этика адалдық, адамгершілік, ар-ождан, абырой, мәрттік, сыпайылық, сыйластық, атаққұмарлық, намыс, арсыздық, екіжүзділік, табалаушылық, өсек, кек алу, арамдық, дәрекілік және т. б. түсініктермен байланысты. Көрініп түрғандай, бір түсініктер адам мінез-құлқының оң (позитивті) қағидаларымен, ал екіншілері - теріс (негативті) қағидаларымен байланысты.
Кәсіби этиканың мазмұны мен мәні 2 және 3-суреттерде келтірілген.
2-сурет. Кәсіби этиканың мазмұны мен мәні.
Жеке кәсіпкерлер мінез-құлқының ерекше сипаттарын тізбектеу кәсіпкерлік этиканың кешенді түсінігін сипаттайды. Ол қағидаларына, ескішілдікке, заңсыз, біліксіз бизнеске емес жалпыадами, жалпыізгілік, инновациялық, заңды кәсіпкерліктің жалпы қағидаларына негізделген.
Этика мәселелерін қозғай отырып, кәсіби этиканың бірнеше постулаттарын қарастырайық. Олардың негізінде кәсіпкердің этикалық кодексін анықтауға болады. Оларды келесідей түрлерге бөледі:
■ жалпы адами (эмбебап) этика;
■ кәсіби этика;
■ кориоративтік және этиканың басқа да түрлері.
Әмбебап этика - бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына тәуелсіз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар
.
3-сурет. Кәсіби этиканың ерекшеліктері.
Кәсіби этика қызметтің белгілі бір түрлеріне тән нормалардың, стандарттардың, талаптардың жүйесі болып табылады. Кәсіби этиканың негізгі қағидалары:
• бейтараптылық, объективтілік ;
• турашылдық, толық дәлелдеу;
• құпиялылық;
• үлкен ұмтылыс (қамқорлық міндеттемесі) ;
• кәсіби міндеттерді нақты орындау;
- Әлеуетті немесе айқын кикілжіңдерді болдырмау. Кәсіби этиканы зерттеу объектілеріне мыналар жатады:
- еңбек ұжымдарының қатынасы;
- қажетті деңгейде кәсіби борышын орындауға мүмкіндік беретін маманның адамгершілік қасиеттері;
- кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу ерекшеліктері;
Іскерлік этика келесідей ережелерге сүйенеді:
♦ бәсеке әділетті болуы керек;
♦♦♦ ең жоғары өнімділік пен табыс қоршаған ортаны бұзу есебінен қамтамасыз етіле алмайды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz