Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Баяндама

Саламатсыздарма мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрайымы және оның мүшелері! Сіздердің алдарыңызға « Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағы»

Өзектілігі: Қазақстанның ішкі туризмін дамыту негізінде, экскурсиялық туризмді дамытуды қарастыру.

Мақсаты: Экскурсиялық туризмнің дамуындағы мәселелерді талдау және оның дамуын болашақта жетілдіру жолдарын ұсыну. Слайд 2

Міндеті:

- экскурсиялық туризмнің түсінігі мен даму тарихына теориялық зерттеуді нақтылау;

- экскурсиялық туризмнің ұйымдастырылу ерекшеліктері мен әдістерін анықтау;

- шетелдік тәжірибеде экскурсиялық туризмнің алатын орнын қарастыру;

-Қазақстандағы экскурсиялық туризмді дамыту қызметтерінің қазіргі жағдайын талдау;

- ТурЦентр Три Кита туристік кәсіпорынында экскурсиялық туризмді дамыту жолдарын ұсыну.

Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі. Сонымен қатар басқа да анықтамаларға тоқталайық. Слайд 3

Экскурсия негізінде екі бөлінеді. Шолу және тақырыптық. Шолу (көп жоспарлы) көп тақырып қамтиды. Экскурсиялық туризм ­- адамның көкжиегін кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, біз игере алмай жатқан саланың бірі. Өйткені экскурсиялық туризм бойынша фаворит ел - Еуропа елдері . Слайд 4

Байқағандарыңыздай әлемдегі келулердің 60% - ға жуығын Еуропа елдеріне тиесілі. Соның ішінде Батыс Еуропа және Оңтүстік жерорта теңіздік Еуропа елдері жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.

Сонымен қатар әлемде танымал туризм түрлерін қарастырайық СЛАЙД 5

Бұл туризм түрлерін таңдайтын адамдардың жас ерекшелігі СЛАЙД 6. Яғни, бұл туризм түрелері 26-35 жас аралығындағы адамдар және олар көбіне Еуропа елдерін таңдайды. Себебі, бір ел арқылы бірнеше елде экскурсия жасауды мақсат етеді. ДТҰ - ның Лиссабонда өткен «Туризм 2020 болжау» атты конференциясында ХХІ ғ. Перспективалы туризм түрлері анықталды. Соның ішінде экскурсиялық туризм топ - 5- ке еніп отыр. Ал Еуропа елдері перспективалы бағыттар бойынша алғашқы орындарға ие болып отыр. Олардың көшбасшы орынды иемденуі әбден орынды. Себебі, бұл елдерде экскурсиялық туризм өте жақсы дамыған, көрсететін экскурсиялық нысандары өте көп.

СЛАЙД 7. Мысалы, Италия елін алып қарайтын болсақ. Бұл ел адам басына шаққанда көрсететін орындары бойынша алғашқы орынды алады. Саяхатшылар көбінесе «классикалық» маршрутты таңдайды, ешқашан музейге кіріп көрмеген адамдар Рафаэль Стансасын және Римдегі Сикстиндік Капелланы, Мекеланджеланының «Давидін» және Флоренциядағы Боттачеллидің «Венерасын» көруді, сонымен қатар «вздох көпірі» астында гондоламен өтуді, Венециядағы Джей Сарайын көруді армандайды. Бұл елге келуді қалайтын адамадардың сан күн сайын артуда. Оған себеп Италия туризмін дамытуға арналған ENIT - атты мемлекеттік ұйымның жақсы жұмыс істеуі болып отыр және бұл ұйымның әрбір облыста бөлімшелері бар. Ұйымның басты мақсаты Италияның туристік мүмкіндіктерін халық арасында дәріптеу. Ол үшін әртүрлі туристік көрмелерде ақысыз брошюра, карта, схема және жарнамалық ақпараттарды таратады. Сонымен бірге әрбір турист бөлімшеге келіп ақысыз түрде қалаған ақпараттарын алуға, қонақ үйге бронь жасауға немесе экскурсияға тапсырыс беруге болады.

Франция - романтикалық мекен. Туризмнің барлық түрлері бойынша бүкіл әлемдік көшбасшы ел. 2015 жылы туризмнен түскен табыс 77млрд. Еуро. Бұл салады 2 млн. адам қызмет етеді. Экскурсиялық туризмнің бұл елде соншалықты дамуына «Франция Үйінің» ықпалы зор болды. Атылған ұйым әлемнің әлемнің 28 мемлекетінде және Францияның 33 аймағында ашылған. Бұндай тиімді, сапалы қызмет ететін ұйым Италияда да бар және тиімді қызмет етіп отыр. Сондықтанда Қазақстанда да мем-к экск-қ бюро ашуды жолға қою қажет. Және экскурсиялық туризмнің Еуропа елдерінде дамығанына дәлел ретінде өзімнің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып, халықаралық тәжірибемді Түркия мемлекетінде өткен қоса кеткім келіп отыр. Бұл елде осы салады трансферлік гид қызметін атқардым. Міндетіміз қонақтарды күтіп алып қонақ үйге жеткізу және сол аралықтар экскурсияларды жарнамалау. Туризм саласы жеке меншік сала болғанымен мемлекет тарапынан қатаң бақылауда. Оған мысал, экскурсияларды, тіпті қала ішіндегі шолу экскурсияларны да «какард гид», яғни тарихшы гид жүргізеді, ондай болмаған жағдайда «жандарм» «айыппұл» салады. Содан соң компанияны лицензияда айырады.

Осы теориялық мәліметтерді ескере отырып, ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ екінші бөлімінде Қазақстанға талдау жасадық. А талған елдерден соң Қазақстанда экскурсиялық туризм мүлде жоқ секілді. Негізі, экскурсиялық туризмнің дамуының алға шарты «мұражай» ісі болатын. Қазіргі таңда Қазақстанда барлығы 231 мұражай болса, сонда ұйымдастырылатын экскурсиялар саны 136 290 бірлікті құрайды. Қазақстан бойынша мұражайларға толық тоқталайық СЛАЙД 8. Жоғарғы көрсеткішті, яғни 20%-н Оңтүстік Қазақстан облысы, ал ең төменгі көрсеткішті Маңғысату облысы көрсетіп отыр. Бәрақ біздің ойымызша бұл облыстың туристік потенциялы өте жоғары. Өйткені аталған облыста шетел азаматтары көп және олар музей культурасын ұнатанын білеміз. Сондықтан да қызықты мұражайлар ашуды облыс әкімшілігі қолына алған жөн немесе жеке кәсіпкерлердің қолына берген жөн, бірақ мемлекет тарапынын реттеулер болып отыруы тиіс.

Сонымен қатар хайуанаттар парктерінің жұмыс жағдайы да мемлекет тарапынын қолдауды қажет етеді. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 5 - қана хайуанаттар паркі бар және онда келушілердің саны 818814 келушіні құрайды. Ал аталған парктерде өткізілетін экскурсиялар саны 2555 құрайды СЛАЙД 9. Бұл еліміз үшін төмен көрсеткіш. Сонымен қатар ерекше қорғалатын аймақтарға қазіргі таңда қызығушылық артуда. Алайда Қазақстан бойынша небары 114 табиғи қорғау мекемелері бар. Сол мекемелерде 2010 жылмен салыстырған 2014 жылы 676 экскурсияға артты. Алайда 2013 - 2014 жылдары экскурсия ұйымдастыратын қызметкерлер тіркелмеген. Осы мәселені шешу үшін шетел тәжірибесін ескере отырып, жаз мезгілдерінде студенттерді өндірістік тәжірибе өтуге шақыруға болады.

Сонымен қатар Қазақстанда экскурсиялық туризм дамуына маркетингтік саралау жүргізу барысында елімізде 1777 туристік кәсіпорын тіркелгені және оның 169 Астана қаласына тиесілі екендігі анықталды. Қазақстан бойынша барлығы 85 эксукрсавод тіркелсе, 18-і Ақмола облысына тиесілі СЛАЙД 10.

Маркетингтік зерттеу барысында «Ханшатыр» СО-да сауалнама жүргізген болатынбыз. СЛАЙД 11 Сауалнамаға барлығы 200 адам қатысты. Негізгілеріне тоқталайық. Қазақстан ішіне ұйымдастырылатын экскурсиялар жайында қатысушылардың 50% - ғана құлағдар болып шықты. Ал экскурсияда болғандар 42% ғана болған. Экскурсаводтардың жұмысына қанағаттандыңызба деген сауалған жоқ деген жауап алдық. Себебінде айтып өткен болатын.

Сонымен қатар, Қазақстанның қай аумағында экскурсияда болғыңыз келеді деген сауалға келесідей жауап алдық. Келесі 12 слайдқа назар аударайық

Соның ішінде Астана қаласын қарастырғанды жөн көрдік. Астана туристік нарығында ішкі туризммен айналысатын 4 қана туристік кәсіпорынды атап өтуге болады. Салайд 13 . Aталған кәсіпорындардың ішінде өндірістік тәжірибемді «ТурЦентр Три Кита» да өткен болатынмын. Және бұл кәсіпорын экскурсиялық қызмет ұсынбайды.

СЛАЙД 14 Қазақстан Республикасындағы қазіргі туризм жағдайын талдау негізінде еліміздегі туризм индустриясының мәселелері анықталды. Дәлірек айтатын болсақ екінші бөлімде туризм индустриясындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы қарастырылды, келесідей мәселелер анықталды:

  • экскурсиялық туризмді дамытуға мемлекет тарапынан тиісті көңіл бөлінбеген;
  • еліміздегі туристік кәсіпорындары ішкі туризмге бағытталмаған, 80% - ы сыртқы туризммен айналысады;
  • экскурсиялық туримзге кәсіби маман дайындауда, нақтырақ айтатын болсақ «экскурсавод немесе гид» мамандарын дайындайтын мемлекеттік оқу - орындар немесе арнайы мемлекет тарапынан оқытатын курстар жоқ;
  • экскурсиялық туризмде жұмыс істейтін кадр тапшы;
  • экскурсаводтардың білімін жетілдіретін, біліктілігін жоғарылатын семинарлардың ;
  • қазақ және ағылшын тілдерінде экскурсия жүргізетін экскурсаводтар тапшы;
  • экскурсиялық нысандар жанында инфраструктура толық дамымаған;
  • экскурсиялық туризмге қатысты тиісті стандарттардың болмауы. Сондықтан қазір елімізде арнайы тіркелмеген, экскурсия жүргізу талаптарын ұстанбайтын, тиісті оқу орнын бітірмеген мамандар, экскурсавод болып жүргендер аз емес. Талаптарға сай экскурсияның орындалмауына байланысты қарапайым халық арасында және туристер арасында сенімсіздік және сапасыздық түсінігі қалыптасқан;
  • экскурсиялық туризмге, экскурсиялық нысандарға қажетті деңгейде жарнама жасалмайтындығы;
  • «Астана - Экспо 2017» көрмесіне қатысты Астана қаласы бойынша экскурсиялық маршруттар ұйымдастырылмаған; Келтірілген мәселелерді шешу жолдарын үшінші бөлімде қарастырдық.

Шешу жолдары: Анықталған мәселелерге байланысты шешімін табуға ұсыныстар жасап көрелік.

Бірінші мәселе , экскурсиялық туризмді дамытуға мемлекет тарапынан тиісті көңіл бөлінбегендігі. Яғни экскурсиялық іс-әрекетті орындау үшін мемлекет тарапынан арнайы құжат немесе стандарттардың болмау.

Екінші мәселе, еліміздегі туристік кәсіпорындары ішкі туризмге бағытталмаған, яғни 80% - ы сыртқы туризммен айналысады. Сондықтан да туристік кәсіпорындардың барлығына мемелекет тарапынан, ішкі туризмде кем дегенде бір бағыт болуын талап етілуі қажет.

Үшінші мәселе, экскурсиялық туримзге кәсіби мамандар дайындауда, нақтырақ айтатын болсақ «экскурсавод немесе гид» мамандарын дайындайтын мемлекеттік оқу - орындары немесе арнайы мемлекет тарапынан оқытатын курстар жоқ. Соның себебінен қарапайым халық және туристер тарапынан ішкі туризмге сенімсіздік пайда болды. Ал біз жоғары, сапалы қызметке бағытталуымыз қажет және туристерге Қазақстан туристік саласындағы қызметтер еуропалық қызметтен кем түспейтінін дәлелдеуіміз қажет

Төртіншіден, экскурсиялық туризмде жұмыс істейтін кадр тапшы. Сондықтан да жоғары курс студенттерін өндірістік тәжірибе өтуге шақыру және диплом алғаннан соң жұмыспен қамтамасыз етуге тырысу. Сонымен қатар бұл ел экономикасына оң ықпал етеді және жұмыссыздық та азаяды.

Бесіншіден, экскурсаводтардың білімін жетілдіретін, біліктілігін жоғарылататын семинарлар ұйымдастыруды туризм және идустрия департаменті қолға алуы қажет немесе жеке кәсіпорындарға семинарлар ұйымдастыруға лицензия беруі қажет.

Алтыншыдан, қазақ және ағылшын тілдерінде экскурсия жүргізетін экскурсаводтар жоқ болып отыр. Бұлда экскурсиялық туризмнің дамуына кері әсер етіп отыр. Өйткені талдауға қатысқан адамдардың 30% - ы шетелдік болып шықты және олар Астана бойынша ағылшын тілінде экскурсия ұсынатын мамандандырдың болмағанын сөз етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризм саласын дамыту міндеттері
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Ғылыми техникалық прогресс және туризм саласының дамуы
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағын зерттеу
Туризм саласындағы бәсекелестік және бәсекелестік стратегиясының негіздері
Туристік ағымның көлемі
Туризм индустриясының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz