Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағын зерттеу


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

МҰҚАН АЙЫМГҮЛ ӘБДІЖАПАРҚЫЗЫ

Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В090200 - «Туризм» мамандығы

Астана 2016

Тапсырма беті

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
6
:
КІРІСПЕ:
6:
: 1
КІРІСПЕ: ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Экскурсиялық туризм: түсінігі мен даму тарихы
6: 8
: 1. 2
КІРІСПЕ: Экскурсиялық туризмнің ұйымдастыру ерекшеліктері мен әдістері
6: 18
: 1. 3
КІРІСПЕ: Шетелдік тәжірибеде экскурсиялық туризмнің алатын орны
6: 28
:
КІРІСПЕ:
6:
: 2
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
6:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Қазақстан Республикасында экскурсиялық қызметтің қазіргі жағдайын талдау
6: 36
: 2. 2
КІРІСПЕ: ЖШС «ТурЦентр Три Кита» туристік кәсіпорынының қызметіне сипаттама, экономикалық қызметін талдау
6: 42
: 2. 3
КІРІСПЕ: Қазақстанда экскурсиялық туризмді дамытудағы маркетингтік саралау мен мәселелер
6: 49
:
КІРІСПЕ:
6:
: 3
КІРІСПЕ: ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
6:
: 3. 1
КІРІСПЕ: Қазақстан Республикасында экскурсиялық туризмді дамыту жолдары
6: 56
: 3. 2
КІРІСПЕ: Экскурсиялық туризмді дамытудағы экскурсиялық жаңа өнімді ұсыну
6: 61
:
КІРІСПЕ:
6:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
6: 74
:
КІРІСПЕ:
6:
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
6: 76

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі қазіргі таңдағы туризмді дамыту еліміздің мемлекеттік жарнамасына айналуда. Дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар, тарихы мұралары мен көркемдік жерлері көп. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейті, Ел ордамыздың сұлу да таңғажайып көркем жерлері, Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігі толық қанды танысып, тамашалай алмайтынына сапалы түрде қызмет көрсету үшін экскурсиялық туризмнің дамымағандығы өзекті мәселе. Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкінішке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі - туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмін дамыту негізінде, оның ішінде экскурсиялық туризмді дамытуды қарастырғанды жөн санадық.

Экскурсиялық туризмді дамыту келесі қызмет көрсету түрлерімен тығыз байланысты болуы қажет. Елге келген туристерді қабылдау, жіберу, экскурсиялық бағдарламамен алдын ала қысқаша таныстыру, ақпаратты толық қамту, жарнама жасау және т. б. Туристік қызмет етудің бір түрі ретінде экскурсиялық-туристік маршруттарды құрастыру болып табылады. Туристік маршрут - бағдарламаға сәйкес нақты уақыт ішінде алдын ала жоспарланған туристің қозғалу трассасы.

Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, кез-келген өнеркәсіп қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізуі мүмкін, ал туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізе отырып, ішкі туризмнің дамуына ықпалы зор.

Экскурсиялық туризмді дамытудағы экскурсиялық маршруттың, экскурсиялық топтың жүру жолы, ол объектілерді көрсету үрдісімен байланысты. Экскурсиялық-туристік маршруттарды ұйымдастыру туристердің және экскурсанттарға қызмет жасау сапасына байланысты қалыптастады.

Экскурсиялық туризм рекреациялық қызметтің бір түрі болып табылады. Рекреациялық қызмет құрылымдында экскурсиялық туризм 10-20 % құрайды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып «ТурЦентр Три Кита» туристік кәсіпорынының қызметі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу құралы болып экскурсиялық туризмді дамытудағы мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру, оны жетілдіру әдістеріне тоқталу және оны дамыту жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты - экскурсиялық туризмнің дамуындағы мәселелерді талдау және оның дамуын болашақта жетілдіру жолдарын ұсыну. Осы қойылған мақсат негізінде келесідей міндеттер қалыптасады:

- экскурсиялық туризмнің түсінігі мен даму тарихына теориялық зерттеуді нақтылау;

- экскурсиялық туризмнің ұйымдастырылу ерекшеліктері мен әдістерін анықтау;

- шетел тәжірибеде экскурсиялық туризмнің алатын орнын қарастыру;

- Қазақстандағы экскурсиялық туризмді дамыту қызметтерінің қазіргі жағдайын талдау;

- ТурЦентр Три Кита туристік ксіпорынында экскурсиялық туризмді дамыту жолдарын ұсыну болып табылады.

Дипломдық жұмыстың әдіснамалық зерттелуі туристік саланы дамыту мен жетілдіру жолындағы Қазақстан Республикасының заңы мен заңнамалық әдістері туристік кәсіпорындағы тәсілдер және оларды іске асыру құралдары, экскурсиялық қызмет жүйесін құру болып отыр. Әдіснамалық зерттеу келесідей тәсілдерге негізделеді. Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорындарда, оның ішінде туристік фирмаларда жаңа экскурсиялық қызметтерді құрастыру қажет. Экскурсиялық қызметті жасау үшін жүйе қалыптастыру қажет.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мәні отандық туристік фирмалардың экскурсиялық туризді дамытудағы әлеуетін жоғарылату үшін, ішкі туризмді дамыту үшін мақсатты негізге ала отырып, экскурсиялық қызметтерді туристік фирмаларда қалыптастырып, жүзеге асыру. Экскурсиялық туризмнің маңыздылығы Қазақстан Республикасында туристік индустрияны дамытудағы басты қайнар көзі болғандықтан, іскерлік, танымдық, тарихи мақсатта елге келіп жатқан туристерге бағытталуы қажет. Экскурсиялық туризмді дамыту негізінде елімізде келу, ішкі туризмнің даму қарқындылығына тікелей ықпал ететін туристік фирмалардың белсенді ат салысуына аяқ алып келуін айтуға болады.

  1. ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІЭкскурсиялық туризм: түсінігі мен даму тарихы

«Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс» деген болатын Елбасымыз өз жолдауында. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей [1] .

Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты [2] .

Туризм (франц. tourіsme, tour - серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм - халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т. б. ) қанағаттандырудың ең тиімді жолы [3] . Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, экскурсиялық, ойын-сауық, спорттық, балалар туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді.

Туризм кез келген мемлекет үшін экономикалық қарқыны төмендемейтін саласы болып келеді. Себебі, туризм экономикалық жағдайдың жақсаруына үлкен ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде пайдалы қазбалар қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді дамыту арқылы үлкен пайдаға кенеліп отыр [4] . Туризм саласында халықаралық қатынастардың дамуына Қазақстанның мүше ретінде Дүниежүзілік Туристік Ұйымға кіруі, туризм облысында халықаралық келісімдерге отыруы алғашқы қадамдардың бірі болған еді. Айта кететін жайт, бірқатар келісімдердің инициаторлары, яғни шетел үкіметтерінің өздері, Қазақстанды бай туристік мүмкіншіліктері бар, перспективті серіктес ретінде қарастырған болатын.

Қазақстанның туристік потенциалы бай және жан-жақты, сонымен қатар туризмнің барлық дерлік түрлерінің дамуына бірегей мүмкіндіктері бар, мәдени-тарихи объектілерге барумен байланысты экскурсиялық туризмнен бастап белсенді туризмнің басқа түрлеріне дейін. Елімізде 100 шақты су емханалары, 9000-нан астам археологиялық және тарихи ескерткіштер бар. Туристер арасында аңшылық және балық аулау, сонымен қатар аңшылықтың ұлттық түрлері көпшілік тараған. Осы жерлерге экскурсия жасауға әбден болады.

Экскурсиялық туризм - адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни экскурсиялық туризм - бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы.

Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі [2] .

Экскурсия (лат. excursіo - сапар) - ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т. б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық [4] . Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т. б. ) байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғылыми - жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т. б. экскурсиялар болады. Эксукрсия оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда экскурсия оқушылардың ой - өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу - бағдарламалық және мектептен тыс экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты аспектілерді қарастырады. Бірақ экскурсияның негізін тек қана осымен түсіндіру дұрыс емес. Экскурсия терминіне түрлі басылымдарда соңғы 70 жылда берілген анықтамаларға тоқталайық ( кесте 1) .

Кесте 1

Экскурсия терминіне берілген анықтамалар

Жылы
Анықтама авторы
Анықтама
Жылы: 1882 жылы
Анықтама авторы: В. Даль
Анықтама: «Экскурсия - серуен, бір нәрсе іздеп шығу, шөп жинау т. б. ».
Жылы: 1913
Анықтама авторы: Кіші совет энциклопедиясы, 10 том
Анықтама: «Экскурсия - бір жерге көбінесе ғылыми немесе білім алу мақсатымен топпен шығу, өндіріс орны, совхоз, мұражай т. б. ».
Жылы: 1913
Анықтама авторы: Үлкен совет энциклопедиясында
Анықтама: «Экскурсия - назар аударарлық объекттерге бару (мәдениет ескерткіші, мұражай, өндіріс орны, т. б. ) білім алудың формасы мен тәсілі. Маман - экскурсоводтың басшылығымен топ үшін өткізіледі»
Жылы: 1923 жылы
Анықтама авторы: М. П. Анциферов
Анықтама: «Экскурсия - серуен, өз мақсаты ретінде, көруге қолайлы объектті, тақырыпты нақты материал арқылы зерттеу».
Жылы: 1938 жылы
Анықтама авторы: Л. Бархаш
Анықтама: экскурсия ол белгілі білім алудың көрнекілік тәсілі, алдын-ала өнделген тақырып арқылы нақты объектке бару кезінде тәрбие беру.
Жылы: Ақпарат көзі: [5] негізінде автормен құрастырылған

Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін құрылды. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 ж «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды [6] .

Экскурсияның даму жолы оның мәнінің өзгеруімен тікелей қабысады. Бастапқыда ол практикалық міндеттері бар серуен болды, мысалы, дәрілік шөптерді ісдестіру, т. б. Бұдан кейін ол алдына ғылыми міндеттерді: мысалы, өлкетану музейлеріне арнап жәдігерлер іздестіруді, т, б. қойды. Біліктілікті арттырудың жаңа тұрпаттарын іздестіру экскурсия алдына жалпы білім беру мақсатын шығарды. Ал тәрбие жұмысын жақсартуға деген ұмтылыс экскурсияны мәдени-ағарту жұмыстарының біріне айналдырды. Сөйтіп, қазіргі таңда экскурсия сөзінің арнайы функциясы мен белгілері, өзіндік жеке-дара әдісі бар біртұтас жүйе ретінде бағаланады. Ол мазмұны жүргізу тәсілдері мен материалдарды жеткізу әдісі бойынша кемелденген және де идеялық-тәрбиелік және мәдени-бұқаралық жұмыстың келелі бір бөлігі ретінде сипатталынады [7] (кесте 2) .

Кесте 2

Экскурсия мақсаты мен міндеттері

Б/п

Мақсаты
Міндеттері
Өткізу формалары
№Б/п: 1
Мақсаты: Демалыс
Міндеттері: Дәрілік шөптерді, жеміс-жидектерді іздестіру.
Өткізу формалары: Серуен
№Б/п: 2
Мақсаты: Оқу
Міндеттері: Оқу пәндері (ботаника, география, тарих) бойынша балалардың білімді игеруі.
Өткізу формалары: Сыныптан тыс бөлмедегі сабақ.
№Б/п: 3
Мақсаты: Ғылыми
Міндеттері: Өлкетану мұражайына жәдігерлер табу.
Өткізу формалары: Экспедиция
№Б/п: 4
Мақсаты: Жалпы білім беру
Міндеттері: Жалпы мәдени ой-танымды кеңейту
Өткізу формалары: Туристік сапарда әңгімелесу, транспорттық саяхаттағы жолдағы экскурсиялық ақпарат
№Б/п: 5
Мақсаты: Мәдени-ағартушылық
Міндеттері: Тарих, сәулет өнері, әдебиет және басқа салалар бойынша білім деңгейін арттыру.
Өткізу формалары: Көп жоспарлы экскурсиялық шолу
№Б/п: 6
Мақсаты: Мәдени-тәрбиелік
Міндеттері: Білімді тәрбиемен ұштастыра меңгеру
Өткізу формалары: Тақырыптық экскурсия
№Б/п: Ақпарат көзі: [7] негізінде автормен құрастырылған

Экскурсияны адамдар әрқалай пайдаланады. Одан адамдардың бір бөлігі білім қазынасын іздестірсе, келесілері жекелеген мәселелерді (өнер туындыларын, табиғат құбылыстарын, адамның күнделікті тыныс-тіршілігін, т. б. ) пайымдауға ұмтылады. Ол ақыл-ойдағы білімді нақтыландырады, ұлғайтады, табиғат пен адамдар өміріндегі құбылыстар байыбына терең түсінуге жетелейді [7] . Сайып келгенде, экскурсия алдын ала таңдап алынған нысандарды көзбен көріп, ол жайында толымды ақпарат алатын таным үрдісі саналады. Нысанды көрсету білікті экскурсия жүргізушісі тыңдарманға сол нысан жайлы тарихи құбылыстардың барлығын әңгімелеп береді. Қысқаша айтқанда, «экскурсия» дегеніміз адамдар тобына берілетін білім жиынтығы және оны жеткізу қызметінің белгілі бір жүйесі болып табылады.

Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды белгісі [5] . Экскурсия - адамдардың жан-жақты үйлесімді дамуына, дүние танымы мен ой өрісін кеңейтуге, адамгершілік көзқарастарын қалыптастыруға, оларға білім беру мен тәрбиелеу тиімділігінің артуына ықпалын тигізеді. Халқымыздың рухани байлықтарды игеруіне, ұлттық мәдениетті менгеруіне көмектеседі. Сондай-ақ экскурсия, көркі көз тартарлық әсем табиғатымызбен, әрбір тасы тарихты жырлайтын көне шежірелік тарихи мұраларымызды, мәдениетімізбен, кәсібімізді дәріптей отырып күллі әлемге таныту. Экскурсиялық қызмет қазіргі денгейге жеткенге дейін үлкен тарихи жолдан өтті. Әр тарихи кезеңдерде ол түрлі мәдени, экономикалық, ғылыми-техникалық мәселелерді шешті. Алғашқыда экскурсиялар серігу үшін жасалған, оған билеуші класс өкілдерінің ғана қолы жеткен. Крымға, Кавказға, шетел курорттарына саяхат жасаған. Экскурсия кезінде білім алу мақсатын 18 ғасырдың алдыңғы қатарлы, прогресивті адамдары қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы проблемаларын ірі меценаттар (демеуші) арқылы шешкен. Мысалы Жаратылыстану қызығушыларының қоғамдастығы, Кавказ тау қоғамы, Орыс тау қоғамы т. б. Мұндай қоғамның мүшелері К. А. Тимирязев, Д. И. Менделеев, И. П. Павлов, Н. М. Пржевальский сияқты ғалымдар болды.

Экскурсиялық қызметтің Ресей империясындағы дамуы он сегізінші ғасырдың екінші жартысына тиесілі. Осы уақыттың белгілі педагогтары экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған, сондықтанда экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Сол кездегі мұғалімдер Н. Н. Новиков, В. Ф. Зуев балаларды табиғат аясына саяхатқа және экскурсияға шығарудың пайдасын айтты. Осы ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде олардың кеңестері 1786 жылы шыққан «Халақтық училищелердің Жарлығында» көрініс тапты, ал 1804 жылғы «Мектеп Жарлығынды» табиғатқа серуендеуді ғана емес, онымен қоса мануфактуралар мен қол өнершілердің шеберханаларына да барып таныстыруды ұйымдастыру айтылған. Бірінші экскурсиялық конференция 1921 жылы Петроград қаласында өтті. 1923-1926 жылдарында Кубандық педагогикалық жоғары оқу орнында профессор В. А. Герд «Экскурсиялық қызмет» туралы лекция оқыды. Совет одағында экскурсиятанудың пән ретінде дамуы педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты. Экскурсиялық қызметтің тарихы жалпы 100 жылдан асқаны мен, қарқынды дамыған кезі, өткен ғасырдың 70-80 жылдарына келді. Осы кезде біраз еңбектер жарық көрді «Экскурсияны дайындау мен жүргізу әдістемесі», «Экскурсиятану негіздері», «Халыққа экскурсиялық қызмет көрсету» [7] .

Экскурсия - ағарту және тәрбие жұмыстарының басқа да формалары сияқты, экскурсияны ұйымдастыруда, жүргізу мен дайындау әдісінде өзіндік белгілері мен ерекшеліктері бар. Барлық экскурсияларға тән келесі ортақ белгілер:

1. Уақыты бойынша ұзақтылығы бір академия сағатынан (45 мин. ) бір тәлікке дейін;

2. Экскурсанттар тобының болуы (топ немесе жеке адам) ;

3. Экскурсия өткізетін жүргізушінің болуы;

4. Көрнекілік, экскурсиялық объекттерді орналасқан жерінде көрсету;

5. Экскурсия тобын алдын-ала құрған маршрут бойынша алып жүру;

6. Белгілі тақырыптың болуы, нысанды бір мақсатпен көрсету;

7. Тақырып бойынша құжаттардың болуы [7] .

Экскурсияның функциялары экскурсияның негізгі қасиетін қарастырады (сурет1) .

Сурет 1. Экскурсия фукнциялары

Ескерту - Мәліметтер [7] негізінде автормен құрастырылған

Мәдени ой өрісті кеңейту функциясы мұражай экскурсиясында айқын байқалады, ал сауықтыру функциясы қала маңында өткізілетін экскурсияларда - суға түсу, тауға шығу, шаңғы тебуде байқалады. Әр нақты берілген экскурсия бірнеше функцияны атқарады. Ол экскурсия тобына байланысты. Балалар мен жас өспірімдер үшін - мәдени ой өрісті кеңейту; маман таңдаған жастар үшін қызығушылықты қалыптастыру; шетелдік туристер үшін - ақпараттық функция т. б.

Экскурсияның сыныптамасы, кең мағынада алғанда сыныптама заттарды, құбылыстарды, түсініктерді ортақ белгілері бойынша сыныптарға, бөлімдерге жіктеу болып табылады [5] . Экскурсиялық істе сыныптама жасау музейтану ғылым болып қалыптаса бастаған кезде - ақ жүргізіле бастады. Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде мамандар экскурсиялық жұмыстың сыныптамалық қалыптарын ұсынады. Уақыт өте келе оның мазмұны өзгеріп, жетілдірілді. Бүгінгі таңда мамандар экскурсияны мазмұны бойынша; қатысушылардың құрамы мен саны бойынша; қозғалыс тәсілі бойынша; ұзақтығына қарай; өткізілетін формасына сай сыныптайды. Аталған әрбір топтың өзіне тән құрауыштары (компоненттері), спецификасы мен ерекшеліктері бар. Оларды мамандар келесідей жіктеп, негізгі белгілерін көрсеткен. Экскурсия мазмұны бойынша шолулық және тақырыптық болып жіктеледі. Шолулық экскурсия, әдетте, көп тақырыпты қамтиды, сондықтан да оларды көп жоспарлы деп те атайды. Оларда тарихи және заманауи материалдар пайдаланылады. Ал тақырыптық экскурсия жеке бір тақырыпты ашуға бағытталынады. 1) Тақырыптық экскурсиялар тарихи, өндірістік, табиғаттанулық (эколгиялық), өнертанулық, әдеби, архитектуралық - қалақұрылысы болып бөлінеді. 2) Мазмұны бойынша тарихи экскурсия: тарихи - өлкетнулық; археологиялық; этнографиялық; әскери - тарихи; тарихи - биологиялық; тарихи музейлерге экскурсия сияқты топтарға жіктеледі. Табиғаттанулық экскурсиялар табиғат аясындағы көрікті жерлерді тамашалаумен шектелінеді. 3) Ал өндірістік экскурсиялар: өндірістік - тарихи; өндірістік - экономикалық; өндірістік - техникалық; оқушыларға арналған кәсіби - бағдарлық сияқты топтарға жіктелінеді. 4) Өнертанулық экскурсиялар: тарихи - театрлық; халықтың көркем өнер кәсібі бойынша; мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен қызмет еткен жерлер бойынша; картина галереялары мен көрме залдарына, музейлерге, суретшілер мен скульпторлардың шеберханаларына бару сияқты топтарға бөлінеді. 5) Әдеби экскурсиялар былайша топтастырылады: әдеби - биографиялық; тарихи - әдеби; әдеби - көркем; 6) Архитектуралық - қалақұрылыс тақырыбындағы экскурсиялар: қаланың архитектуралық құрылыстарын көрсететін экскурсия; белгілі бір тарихи кезеңінің архитектуралық ескерткіштерін көрсетумен байланысты экскурсия; белгілі бір архитектордың шығармашылығын көрсетуге бағытталған экскурсия; қаланың бас жоспары және құрылысымен таныстыратын экскурсия; заманауи архитектура үлгілерін көрсетуге бағытталған экскурсия; жаңа құрылыс орындарын көрсетуге бағытталаған экскурсия (әдетте, сатып алушыларға) болып жіктелінеді [8] .

Жоғарыда аталған экскурсиялардың тақырыптары, мақсаттары мен міндеттері кейде өзара қабысып та жатуы мүмкін. Сондықтан экскурсия жүргізу нақты жағдайларға (танымдық ресурс, өткізу орны, экскурсияның мақсаты, т. с. с. ) байланысты болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау диплом жұмысы
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту туралы
Туризм негіздері - педагогикалық бағыт
Туристік индустрияның құрамдас бөліктері
Қазақстан туризмі
Туризмді тұрақты дамыту
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz