Гипс байланыстырғыш материалы


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе . . . 2
  2. Байланыстырғыш материалдар . . . 3
  3. Гипстік байланыстырғыш материалдар . . . 5
  4. Байланыстырғыш материалдарды өндірудің технологиясы . . . 8
  5. Гипс байланыстырғышынын өндіріс технологиясы . . . 15
  6. Гипс байланыстырғыш материалының қатаюы және қасиеті . . . 19
  7. Цехтың жұмыс режимі . . . 25
  8. Шикізат қажеттілігінің есебі . . . 27
  9. Технико-экономикалық көрсеткіштер . . . 29
  10. Гипсті зауыттардағы еңбекті қорғау . . . 31

Қорытынды . . . 33

Қолданылған әдебиеттер . . . 34

Кіріспе

Құрылыс материалдары - үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Онын түрлеріне байланыстырғыш заттар жатады. Байланыстырғыш материалдар өте майда ұнтақталған құрылыс материалдары немесе жеке құрылыс заттарын байланыстырушы, сонымен қатар бетондардағы және құрылыс ерітінділеріндегі ірі және ұсақ толтырғыштардың барлық дерлік минералды бөлшектерін цементтеу үшін біріктіретін өте майда ұнтақталған заттар. Байланыстырғыш материалдардын бір ерекшелігі - олардың сумен немесе басқа сұйықтықпен араластырғанда қамыр тәрізді масса түзіп, уақыт өткен сайын бірігіп қатып, тасқа айналуы. Байланыстырушы заттар түрлі тұрғын және өнеркәсіптік үйлердің бөлшектерін (блоктары мен панельдерін, арқалықтары мен фермаларын, бағаналары мен арқаларын) зауыттық жағдайда жасап шығаруға қолданумен қатар, біртұтас үйлер, мұнаралар тұрғызуға, плотиналар және түрлі біртұтас құрылымдар салуға қолданады. Сонымен қатар, бұл байланыстырушылар түрлі тас және темірбетон конструкцияларын бір-біріне жалғастыра жинау үшін де қолдануға қажет тиімді заттар. Әсіресе, индустриялық әдіспен үйлер салу үрдісінің дамуына байланысты осы байланыстырушы заттар негізінде зауытта жасалынатын жиналмалы конструкциялар мен бұйымдар көлемі де жылдан жылға көбеюде. Мұнымен қатар үйлер мен ғимараттардың индустриялық жэне жеделдете салу әдістері, оларды сан алуан жағдайларда пайдалану шарттары ғалымдар мен инженерлік-техникалық құрылысшылар алдына тез жэне өте тез қатаятын, жұмсартылған (пластифицияланған), кеңейе қатаятын, қышқылға төзімді, тампонаждық жэне тағы басқа түрлі түсті тиімді цементтерді жасауды, оларды құрылыс салаларында қолдану тәсілдерін игеру проблемалардың барлығы шешілген. XX ғасырдың екінші жартысынан бері минералдық байланыстырушы заттар шығару өндірістерінде елеулі прогрессивтік даму үрдісі болып келеді. Байланыстырғыш заттар химиялық құрамына байланысты органикалық, минералдық және бейорганикалық деп бөледі. Біріншіден, белгілі өндіріс технологиялары жоғарғы деңгейге жетілдірілді, екіншіден, байланыстырушы материалдар сапасы мен саны ұлғаюымен қатар түрлі жағдайда үйлер мен ғимараттардың пайдалануына сәйкес мықтылық шегі (маркасы) жоғары, нешебір агрессивтік жағдайға төзімді цементтер шығару әдістері қалыптасып, олармен құрылысшыларды қамтамасыз ету проблемасы қазіргі күндері толыгымен шешілген. Үшіншіден, қазір ТМД экономикалық кеңістігінде цемент өндіру көлемі жылына 130 млн. т. асады. Цементтің түр-түрлерін және жиналмалы бетон, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын жасау көлемі бойынша ТМД дүниежүзінде бірінші орынға ие болып келеді.

  1. Байланыстырғыш материалдар

Бейорганикалық байланыстырғыш заттар деп - сумен араластырғанда жақсы иленетін жəне бірте-бірте қатайып, тасқа айналатын минералдардан құралған, таужыныстардан күйдіру арқылы алынатын ұнтақтарды атайды. Сондықтан олар - бейорганикалық немесе минералды байланыстырғыш заттар деп аталынады. Минералдық байланыстырушы заттар белгілі бір ортада қатаю қаблеттілігіне байланысты ауалық және гидравликалық болып екі топқа бөлінеді. Ауалық байланыстырғыш заттарды сумен араластырғанда алынатын қамыр тек ауада ғана қатайтып, қатаю салдарынан пайда болған беріктігін ұзақ сақтайды. Бұл топқа: гипс, əк, магнезиалды байланыстырғыш заттар мен сұйық шыны жатады. Тек суда ғана емес, тіпті сулық ортада одан да жақсы қатаюға және мықтылыгын (беріктігін) ұзақ уақыт сақтауға немесе жоғарылатуға қабілетті байланыстырушы заттарды сулана қатаюшы байланыстырушылар немесе гидравликалық байланыстырушылар заттар деп атайды. Бұл топқа портландцемент пен оның түрлері, глинозем цементі жəне оның негізінде алынатын цементтер, гидравликалық əк жатадыАвтоклавта қатаятын байланыстырушы заттар (әкті -кремнеземдік, әкті -нефелиндік, клинкерсіз шлактық және күлдік байланыстырушы) өзінше жеке топқа бөлінеді, дегенмен мәні бойынша бұлар да гидравликалық байланыстырушыларға жатады. Мұндай байланыстырушылар тек қыздырылған қаныққан температурасы 175° С немесе одан да жоғары, қысымдығы 0, 9 -1, 6 МПа булық ортада тиімді катая алады. Қышқылға төзімді озінше жеке байланыстырушы тобына қышқыл тұрақты цемент кіредіБейорганикалық байланыстырушы заттар жасанды ұнтақталынған дисперісті ұлпа түрінде алынады. Ол сумен, қажет болған жағдайда кейбір тұздардың ерітінділерімен араластырғанда, жұмсақты - қою және жеңіл қалыпталынатын қамыр тәрізді масса бере алады. Онысы физика-химиялық процестер нәтижесінде біртіндеп қатаяды да тас - сипатты денеге айналады. Көпшілік жағдайларда байланыстырушы массаға толтырушылар қосады. Сонда толтырушылар байланыстырушыны үнемдеуге мүмкіндік тудырып, жасанды тас қасиетін жақсартуга ықпалын тигізеді. Байланыстырушылар беріктігі уақыт ішінде өзгереді. Сондықтан байланыстырушы материалдарды, стандартта бекітілген жағдайда қатайғанда, белгілі бір уақытта олардың қабылдаған беріктіктері бойынша бағалайды. Осы көрсеткішін байланыстырушының маркасы ретінде қабылдайды. Байланыстырушы заттардың қатаю процесінде шартты түрде екі кезеңді ажыратады - ұстасу және қатаюдың өзі. Жұмсақ байланыстырушы қамыр қоюлана және жұмсақтығын жоғалта бастау тұсы оның ұстасуының басталуына сәйкес келеді. Одан әрі байланыстырушы қамыр тығыздыгын ұлғайта бере толық қоюланады, сөйтіп барып, біртіндеп, әзірше айтарлықтай беріктігі жок, қатты тас тәрізді денеге айналады. Осы кез ұстасу кезеңінің соңы ретінде есептелінеді. Қайсыбір байланыстырушылар бірнеше минут ішінде ұстасып үлгереді, ал қатаю процесі бірнеше сағат бойы жүреді. Органикалық байланыстырушы заттарына жататындар -битумдар, қара майлар (дегталар), шайырлар (шикі қара майлар [смолалар], желімдер (клей) . Минералды байланыстырғыш материалдар гипс, әктас, мергель, саз немесе сәйкес мөлшерде алынған олардың қоспалары сияқты табиғи заттарды күйдіру өнімдерін ұсақтау және күйдіру нәтижесінде алынатын өте ұсақ ұнтақтар. Шамамен б. з. б 3-4 мың. жыл. жасанды күйдіру арқылы табылатын байланыстырғыш заттар пайда болды. Олардың алғашқысы -құрылыс гипсі, оны гипсті тасты төмеңгі 413-461 К температурада күйдірумен шығарды. Ресейде портландцемент 1818-1822 жылы белгілі болды. 1824 жылыағылшынАспдинөзі «портландтық» депатағанцементке патент алды. 1856 жылыРесейде (Гродзец) тұңғыш цемент заводы салынды. Қазақ ССР-нде Шымкент, Қарағанды, Семей, Өскемен, жәнеСазтөбе цемент заводтары бар. Бұлардажылына 5, 6 млн. тонна цемент өндіріледі. Республикада цементтің мынадай арнайы түрлері өндіріледі: ақтүсті цемент, сульфатқатөзімді цемент, тампонаждық цемент, асбесті цемент, сульфатты шлак цементтің жаңа түрі т. б.

  1. Гипстік байланыстырғыш материалдар

Гипстік байланыстырушы материалдар деп жарты сулы гипстен немесе сусыз ангидриттен тұратын, гипс тау жынысын қыздырып және майдалап алатын, материалдарды айтады Гипс - негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) таужыныс. Гипс (грекше gypsos - бор, ок)

  • Минерал-өз құрамына екі сулы молекуласын кірістіретін кальций сульфаты;
  • негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) таужыныс;
  • ғаныш - сульфаттар класының минералы;

Химиялық формуласы CaSO 4 Һ 2 H 2 O. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Гипстің жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1, 5, меншікті салмағы 2, 3 г/см3, балқу температурасы 32 - 41 С. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар. Кристалдық сырт бейнесі көбінесе таблетка формалас жұқа келеді, кейде призма түрінде болады. Гипстің «қарлығаш құйрық» деген қоспақтары жиі кездеседі. Гипстің жеке кристалы мен қоспағы . Агрегаттары қуыстар ішінде топталып өскен друзалар құрайды. Сонымен қатар оның майда кристалды тығыз түрлері болады (алебастр) . Тастың жарықтарында шаншылып өскен талшықты гипстер де болады. Талшықты гипс көбінесе жібекше әдемі келеді. Гипс әр түрлі табиғат жағдайында:

  • тұзды көлдердің шөгінділерінде;
  • ангидриттің гидратация құбылысында жыныстардағы судың әсерінен;
  • тұз және сульфид кендерінің үстіңгі үгілу зонасында қалдық минерал ретінде пайда болады;

Гипс гидратермалық желілерде сирек кездеседі; ол вулканды аймақтарда, әсіресе бу мен газдар атқылаған ыстық арасан көздер (фумаролалар) маңында кездеседі. Гипс өте бағалы құрылыс материалы болып табылады. Ол түрлі көркемдік, скулптуралық өндірісте қолданылады. Кендері Гипс Ресейде, Түрікменстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Қазақстанда кездеседі. Гипс кені шет елдердің көбінде бар. Гипс байланыстырғыш материалын 4 топқа бөлуге болады:

  1. Жарты сулы кальцийі тұзынан тұратын гипс байланыстырғышы;
  2. Сусыз тек күкірт қышқылы кальцийінен тұратын гипс байланыстырғышы немес ангидрит;
  3. Майда ұнтақталған екі сулы күкірт кальцийі байланыстырғышы;
  4. Бірінші немесе екінші топтағы гипс байланыстырғышының цементпен, қождармен және басқа материалдармен қоспасы;

Гипстiң жылдам қатаюы мен жоғары қалыптау қасиеттерi, гипс бұйымдарын өндiрудiң технологиялық процесiн қысқартуға қалыптардың айналымдылығын жоғарылатуға мүмкiндiк бередi. Бұл ғимараттардың құралмалы iрi өлшемдi элементтерiн дайындауға және құрылыс төмендетуге жол ашады. Гипс бұйымдары салыстырмалы төмен тығыздығына қарамастан берiктiгi, жылу өткiзгiштiгi мен дыбыс изоляциялық қасиетi жоғары. Олар механикалық өңдеуге ыңғайлы (кесiледi, бұрғыланады, т. б. ) және әртүрлi түстерге боялады. Гипс бұйымдарының айтарлықтай кемшiлiктерi де бар - суға төзiмсiз, гипс бұйымдары ылғалданғанда берiктiлiгi көп төмендейдi, сондай-ақ жайылымдылық байқалады (тұрақты салмақ пен пластикалық деформацияның артуы) . Сондықтан гипс бұйымдарын тек құрғақ бөлмелерде сақтап, ылғалданудан қорғау керек. Жайылымдылықты азайту үшiн гипс массасына ұнтақталған домна шлагын қосады. Гипс бұйымдары - гипс пен гипсобетон түрлерiне бөлiнедi. Гипсобетон бұйымдарды гипс пен минералды немесе органикалық толтырғыштар негізінде өндіреді. Минералды толтырғыш есебінде шлактарды, туфты, пемзаны, ал органикалық толтырғыштар ретінде ағаш ұнтағы мен жаңқасын, сабанды, қамысты, қағаз қалдықтарын пайдаланады. Бұл толтырғыштар гипсобетоннын құнын арзандатып, беріктік көрсеткіштерін төмендетеді. Беріктікті жоғарлату үшін су мөлшерін азайтып, гипсобетон қоспаларды сапалы түрде тығыздау керек. Гипсті ерітінділерді дайындау кезінде жоғары берікті гипс пен гипсшлакты қолданады. Гипсшлак беріктігі гипсті тұтқырдан беріктігінен жоғары. Оны қолдану арқылы қалқалы плиталар мен панельдер, жабылым плиталар, қабырғаларды әрлейтін гипсокартонды плиталар, қабырғалық тастар, жылуоқшаулағыш бұйымдар, сәулеттік пішіндер дайындайды. Гипсті бұйымдарды суға тұрақтылығын арттыру үшін, майда ұнтақталған шлактарды араластырады. Құрамында артық суы бар күйінде алынған гипсті бұйымдар төменгі беріктігімен және жоғарғы шөгінуі арқылы сипатталады. Онын беріктігін ұлғайтып, шөгінуін азайту үшін әр түрлі минералдық қоспалар қолданылады. Гипсбетонды конструкциялық бұйымдарда болатты арматура коррозияға ұшырайды, сондықтан битуммен немесе басқа органикалық материалдармен бүркемеленуі керек. Гипс байланыстырғыш - гипс қамтиды әуе битумдары өндірісін, үлкен тобы, ангидрит тұтқыр, гипс және ангидрит цемент. Күйдіру және гипс дигидраты кіреді шөгінді тау жыныстарының, ұнтақтап дайындаған гипс байланыстырғышы. Гипс байланыстырғыш ұстағыш қасиетін ұлғайту және нығайту үшін мүмкіндігі бар. Құрылыс гипсі практикада көбіне(грек alebastros. - «Ақ») алебастр гипс деп аталады. Гипс байланыстырғыш заттарын өндiру үшiн шикiзат ретiнде табиғи гипс тасы, табиғи ангидрит, сол сияқты негiзiнен кальций сульфаттарынан тұратын химия, металлургия, т. б. өнеркәсiп қалдықтарын пайдаланады. Құрылыс гипсi қазандарда, айналып тұратын барабандар немесе басқа арнаулы құрылғыларда қыздыру арқылы алынады. Алдымен гипс тасы өлшемi 3-4 см түйiршiктерге ұсатылып, содан кейiн шахталы немесе аэробильдi диiрменде бiр уақытта кептiрiлiп, майдаланылады. Осылай майдаланып кептiрiлген гипс тасы, механикалық араластыргышпен жабдықталган қазанға түседi. Гипстi қазанда қайнау уақыты 3-4 сағатқа созылады. Гипстік байланыстырғыш заттар табиғи гипс тасын (СаSO4 х 2Н2O), ангидритті (СаSO4) не химиялық өнеркәсіптің қалдықтарын жылумен өңдеу температурасына байланысты: төмен температурада және жоғары температурада күйдірілген болып 2 топқа бөлінеді:Төмен температурада гипстер екі сулы гипсті 150-1600С-та қыздыру арқылы немесе оны 123-1300С-та, қысымы 1, 3-1, 5 атмосфера су буымен өңдеу алынады. Бұл температурада 2 сулы гипс 1, 5 молекула суынан айырылып, жарты сулы гипске өтеді. Осы гипс көрсетілген технологияларға сəйкес b - модификациялы жарты сулы гипс жəне a - модификациялы жарты сулы гипс түрлерінде өндіріледі; олар сəйкесінше құрылыс гипсі жəне беріктігі жоғары гипс деп аталады. Ерекшелігі - тез қатаяды. Жоғары температурада күйдірілген гипс байланыстырғыштары шикізатты 600- 1000°С температурада күйдіру арқылы алынады жөне ангидридтен (СаSO4) тұрады. Оларға жоғары температурада күйдірілген гипс және ангидритті цемент жатады. Ерекшелігі -баяу катаяды. Өте жоғарғы температурада күйдірілетін гипс эстрих-гипс. Кейде ангидриттік байланыстырушыларды табиғи ангидритті күйдірмей-ақ, қатаюды қоздыратын әк қоспаны қосып ұнтақтап алуға болады. Сондай-ақ, гипстер байланыстырушыларына құрамы негізінде жарты сулы гипстен жэне оған қосымша әктен, цементтен, ұнтақталған түйіршікті домна қоқысынан тұратын күрделі композицияларды жатқызуға болады. Бұлар қосымша құрамдаушының түріне байланысты гипсдене цементті, гипс дене қоқысты және басқа да сол сияқты байланыстырушылар болып бөлінеді.

  1. Байланыстырғыш материалдарды өндірудің технологиясы

Байланыстырғыш материалдарды өндіру алуан түрлі шикізаттарды қайта өңдеумен байланысты. Байланыстырғыш материалдарды өндіретін зауыттар карьераға жақын жерде орналасады. Әрбір үлкен кәсіпорынға оны белгіленген құрамы бойынша шикізатпен қамтамасыз ететін таулы цех кіреді. Карьер- таулы цехтін басты өндіретін бөлімі, онда шикізатты көлік құралдары арқылы тасымалдайды. шикізатты Шикізатты тасымалдау және алу операциясы - технологиялық өндірудің маңызды тәсілі. Портландцементті өндіруде шикізатты алудың шығын үлесі жалпы шығынның 10% алады. Шикізатты алудың ашық әдісі жердің бетінде жүреді. Әдетте тау жыныстары қабаты бос жыныстарымен жабылған, сондықтан тау - кен ісі жұмыстарына оны жою - аршу жұмыстары кіреді. Ол жұмыстарды шикізатты алу жұмыстарынан бұрын бастайды.

Материалдарды ұсақ ұнтақтау (Ұнтақтау)

Шикізатті материалдарды ұсақ ұнтақтау - байланыстырғыш материалдарды өндірудегі маңызды технологиялық процесс, көбіне олардың қасиетін анықтақды. Материалдарды ұсақ ұнтақтаудың физика - химиялық негізі. Ұнтақтау кезінде қатты денені молекулярлық құрылымы әсер ететін механикалық энергия, ұсақталатын материалға каталитикалық әрекетбереді, сондықтан ұнтақтау қорытындысы - тек қана ұсақтау емес, сонымен қатар материалдын физика-химиялық құрылысы мен басқа да өзгерістергеде әкеп соғады. Ұсақ ұнтақтау кезінде заттың ішкі энергиясынын жартысы босатылады, ол алдағы физико-химиялық айналуларда көрінеді, ұсақтаудың механикалық энергиясы ұсақтаудың химиялық энергиясына айналады. Сол себепті, дәстүрлі процеске қазырғы теориялар бойынша « Механоактивация» термині қолданылады. Механоактивация нәтижесі - заттағы бос энергияның қорын көбейтіп, ол механикалық өңделген қатты дененің молекулярлық құрылысы мен кеңістіктік атомның беті мен ақауының ұлғаюынан туындайды. Материалды механикалық ұсақтауда химиялық байланыстар айырылады нәтижесінде бетінде бос атом топтары мен радикалдар туындайды. Сонын арқасында заттың белсенділігі жоғарылайды, фазалар шетіндегі физика-химиялық процесстер жүруге қолайлы жағдайлар туындайды. Шикізатты материалдардың дисперстілігі жоғарылаған сайын және кристаллдық торы бұзылған сайын, олардын өзара әрекеттесу уақыты жылдамдатады. Байланыстырғыш материалдар ұсақ үгілген сайын, соншалықты олар сумен тез әрекеттеседі де тасқа айналады. Материалдардың ұсақталу деңгейін өзгерту арқылы, байланыстырғыштарды өндіруде технологиялық параметрлері мен құрылысына әсер ете аламыз. Материалдың кесектерінің макро және микро әртектілігі, ұнтақ біріктірмесі, ұнтақталатын материалдың өзара әрекеттесу мен ұнтақталу бетінің процесінің стадиясын алдын ала болжайды. Ұсақталу кезінде пайда болатын бөлшектер - күрделі жүйе, олар сыртқы ортамен өзара әрекеттеседі. Ұнтақталу процесі үш сатыдан өтеді:

  1. Материалдар бастапқы түйіршектерінің бұзылуы
  2. Шоғырлану мен өздік мезаникалық активтену
  3. Бұзылу құрылымынын өсу

Ұсақ ұнтақтау кезінде денеге берілетін механикалық энергия жұмсалады:

  • Жүйенің дисперсінің өзгерісі (SудS_{уд})
  • Тәртіптілік құрылымының өзгерісі
  • Эндотермиялық процесстердің дотациясы

Ұнтақтауға арналған қазырғы машиналардың уатқыштан тиімділігі төмен екендігін ескерген жөн. Диірменді ұсақ 2 . . . 5мм көлемді ұнтақталған материалмен қуаттандырғанда, олардың өндірісі 30% өседі. Әрбір диірменнің өзінің минимальды суммалық ұсақталу және уатылу құнын көрсететін қолайлы ұнтақталу пішіні бар. Шарлы диірменде ұн тарту. Байланыстырғыш материалдарды ұнтақтау өндірісіндегі басты құрылғы болып шарлы труба диірмені, өзінің қарапайымдылығымен, пайдалануда сенімді және ыңғайлығымен ерекшеленеді, жоғары ұнтақтау дәрежесін қамтамасыз етеді. Бұл құрылғыны портландцементтің шикізатты қоспасын, құрғақ клинкерді, әкті, гипсті және тағы да басқа материалдарды құрғақ және дымқыл әдісі арқылы ұсақтау мен ұнтақтауда пайдаланылады. Шарлы диірмендегі материалдарды ұнтақтау бос құлайтын ұнтақталған денелердің соғылуымен анықтайды. Диірмен басты екі режимде жұмыс істейді: төмен жиілікте жасайды - каскадты; жоғары жиілікте - сарқырамалы; Каскадты режимде ұнтақталатын денелер аунайды және диірмендегі материалдар иленіп ұнтақталады. Ал сарқырамалықта барабан үсті диірмен корпусқа белгілі бір биіктікке көтеріліп, ауырлық күшінен үзіліп, параболалық қисықты бейнелеп кері құлайды. Диірмен айналғанда екі режимде қатар жұмыс жасайды, себебі шардың бір бөлігі - каскадты, келесі бөлігі - сарқырамалы режимде жұмыс жасайды. Шарлы диірменнің кемшілігі ұсақтайтын денелердің төмен қарқынды қозғалысы, олардың 40% жинақталатын аймақтарда орналасқан. Тұйық және ашық циклдегі ұнтақтау. Ұнтақтауды екі схемада қарастырады: тұйық және ашық циклде. Ұнтақтаудың ашық цикл кезінде материал диірменнен бір рет өткізіледі; тұйық ұнтақталуциклі кезінде материалдың жарты бөлігі диірменнен толық ұнтақталуы мақсатында екінші рет өткізіледі. Қазырғы кезде шикізат, клинкер, цемент өндірісіндегі толтырғыштардың ұнтағын ашық циклді диірменде жүзеге асырады. Тұйық циклде ұнтақталған зат фракцияға бөлінуін сепарация, ал қолданылатын аппараттарды сепаратор деп атайды. Өздігінен ұнтақтайтын диірмен. Шикізатты ұнтақтау техникасының дамуының болашағы бар бағыты - каскадты диірменді қолдану, онда ұнтақтау қосымша денелердің көмегінсіз - өздігінен ұнтақтау принципі бойынша жұмыс істейді. Диірменде қысқа қуысты айналып тұратын үлкен диаметрлі барабан, екі жағынан түйреуіштері бар қабырғалармен жабылған. Процесс тиімді жүруіне бастапқы материал бөлшектерінің максимальды үлкендігімен, сонымен қатар кішкене және үлкен фракциялар қатынасымен анықталады. Диірменге берілген материалдардың тиімді үлкен айналу жиілігі мен диаметріне байланысты. Диірменге берілген әк бөлшектерінің диаметрі 7мм, размері 350 . . . 450мм, бор- 500 . . . 800мм болуы тиісті. Өзін-өзі ұнтақтайтын диірмендердің артықшылығы - құрылысын және қызмет көрсету қарапайымдылығы, жұмыс құрылғыларының төмен айналу жылдамдығы, ұнтақтауға жұмсайтын электроэнергияның төмен шығындалуы, бір аппаратта ұсақтау мен ұнтақтау қатар жүруі, жоғары өнімділігі (500т/сағ) . Соқпалы және талқандайтын диірмендегі ұн тарту. Материал түйіршіктерінің бұзылуы ұнтақтайтын құрал соққыларынан туындайды, оны 60 . . . 130 м/с жылдамдықта айналатын роторда орнатады. Сонымен қатар, бұзу камерасын қабырғаға соғу және түйіршіктердің бір-бірімен соғылуы тағы да бұзуға әкеліп соқтырады. Құрылысына және размеріне байланысты диірменге келетін материал түйіршіктерінің өлшемі 6 дан 30мм аралықта болады. Мұндай диірмендер көбіне әк пен гипс ұнтақтауда қолданылады. Ұсақ және өте ұсақ ұнтақтауға болашағы бар жаңа диірмен қолданылады - виброорталықты қолданады. Жұмсақ материалдарды ұнтақтау ерекшеліктері. Байланыстырғыш материалдарды өндіруде қолданылатын басты шикізаттардың бірі - жоғары ылғалдылыққа ие жұмсақ материалдар (бор, саз) . Бұндай материалдарды құрғақтай өндіру кептіруге шығындалатын жылумен байланысты. Ондай материалдарды құрғақтай ұнтақтау кептіруге шығындалатын жылумен байланысты. Сонымен қатар, ол су араластырғанда оңай ұсақталады, сулы-шламды суспензия құрады.

Қалдықтарды тасымалдау, араластыру және сақтау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауада қатаятын байланыстырғыш материалдар
Құрылыс гипсінің технологиялық схемасы
Аралас гипске сипаттама
Құрылыс материалдары
Бейорганикалық байланыстырғыш материалдарға түсінік
Байланыстырғыш заттар туралы негізгі ақпараттар
Гипс бұйымдарын өндіру технологиясына жалпы шолу
Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер
Гипсті байланыстырғыш заттар
Байланыстырғыш заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz