Вулканизм



1 Вулкандық лава
2 Вулкандық заттар
3 Вулкандық заттардың бөлінуі
4 Вулкандардың түрлері
Вулканизм. Вулканизм туралы толық реферат. Эффузивтік (латын тілінде “эффузио” — тасып төгілу деген мағынада) магматизм немесе вулканизм (латын тілінде “вулканус” — от құдайы деген мағынада) магманын, жер бетіне тасып төгілуімен байланысты процестерді түгел қамтиды.
Магманың алғашқы құрамындағы ұшпалы компоненттер жердің терең қабаттарында (өте жоғары.қысым
күштеріне байланысты) ерітінді түрінде кездеседі. Олар магманың жорары қабаттарға көтерілу барысында (тектоникалық жарықтарды бойлап) біртіндеп газға айналып ауа қабатына ұшьш кетеді. Сондықтан да жер бетіне тасъш төгілген магманың құрамында (алғашқы магмамен салыстырғанда) ұшпалы компоненттер өте аз мөлшерде ғана кездеседі. Мұндай магма лава (грек тілінде “лава” — су басу деген мағынада) деп, ал вулкан атқылау процесі эруптивтік (латын тілінде “эруптиус”— лақтырып тастау деген мағынада) әрекетте деп аталады.

Вулканизм
Вулканизм. Вулканизм туралы толық реферат. Эффузивтік (латын тілінде "эффузио" -- тасып төгілу деген мағынада) магматизм немесе вулканизм (латын тілінде "вулканус" -- от құдайы деген мағынада) магманын, жер бетіне тасып төгілуімен байланысты процестерді түгел қамтиды.
Магманың алғашқы құрамындағы ұшпалы компоненттер жердің терең қабаттарында (өте жоғары.қысым
күштеріне байланысты) ерітінді түрінде кездеседі. Олар магманың жорары қабаттарға көтерілу барысында (тектоникалық жарықтарды бойлап) біртіндеп газға айналып ауа қабатына ұшьш кетеді. Сондықтан да жер бетіне тасъш төгілген магманың құрамында (алғашқы магмамен салыстырғанда) ұшпалы компоненттер өте аз мөлшерде ғана кездеседі. Мұндай магма лава (грек тілінде "лава" -- су басу деген мағынада) деп, ал вулкан атқылау процесі эруптивтік (латын тілінде "эруптиус" -- лақтырып тастау деген мағынада) әрекетте деп аталады.
Лавалар жер бетіне орталық ірі жарықтар немесе тектоникалық жарықшақтар арқылы ақтарылады (VI. 35-сурет). Бұл процестердін, нәтижесінде жанартаулар пайда болады.
Вулкандық лава орталық өзек арқылы атқылайтын жағдайда конус пішінді жанартаулар (күмбездер, тасқындар), ал тектоника-лық жарықшақтар арқылы тасып төгілгенде лава жамылғылары (жабын) түрінде түзіледі. Вулканнын, құрылымдық элементтері мына төмендегідей (VI. 36-сурет): 1) әрбір вулканның өзіндік кана-лы (өзегі) болады; 2) вулкандық өзектің жер бетіне шығып жатқан аузын (сағасын) кратер деп атайды; 3)
кейбір ірі вулкандардың орталық өзегіне қосымша кейде бүйірлік каналдар кездесіп отырады, олар паразиттік вулкандар деп аталады; 4) вулкандық қопарылыс кезінде вулкан кратерінің опырылып құлауына байланысты, оның орнында кең көлемді (диаметрі 15 км-ге дейін), дөңгелек пішінді апан-шұңқырлар пайда болады. Олар кальдера (италья тілінде қазан шұңқыр деген мағынада) деп аталады (VI. 37-сурет).
Қазіргі кезде орталық (вулкандық) аппараттар түрінде түзілген жанартаулар жер бетінде кең таралған. Ал тектоникалық жарықшақтар арқылы тасып төгілетін вулкандар саны өте аз (Исландияда Лаки вулканы, Камчаткада Толбачик вулканы және т. б.). Олар зор аймақты алып жатады. Мысалы, Исландияда (1873 ж.) ұзындығы 32 км-лік жарықшақ арқылы тасып төгілу нәтижесінде құралған базальт жамылғысының аумағы 557 шаршы километр екендігі белгілі.
Вулкандық заттар сұйық, қатты және газ күйінде кездеседі.
Сұйық күйдегі вулкандык, заттар (лавалар) температураға және химиялық құрамының ерекшеліктеріне (ең алдымен кремний тотығыньщ мөлшеріне) қарай қышқыл, орта, негізді және өте негізді (ультранегізді) болып ажыратылады. Олардың қоюлығы мен тұтқырлығы, жылжымалылығы және т. б. физикалық қасиеттері вулкан атқылау процестерінің маңызды көрсеткіштері болып есептеледі. Мысалы, негізгі құрамы темірлі-магнийлі қосындыларға бай болып келетін, ал кремний тотығы аз мөлшерде кездесетін, температурасы жоғары (1200°С) ультранегізді және негізді лавалардың (ба-зальттық және пикриттік) тұтқырлығы аз болғандықтан, олар тез қозғалғыштық қасиетімен сипатталады. Соған байланысты мұндай лавалар ағыны қатты тасқындар мен жамылғылар құрап, кең аймақты алып жатады. Құрамы қышқыл және орта (липариттік, андезиттік), температур§сы 750 -- 1000°С лавалардың тұтқырлығы жоғары болғандықтан (базальттық лавалармен салыстырғанда), олар баяу қозралады. Сондықтан мұн-дай лавалар (кратерден шығысымен-ақ) тез қатайып ұзындығы өте қысқа тасқындар түрінде немесе конус пішінді күмбездер мен мұнаралар құрайды. Вулкандық лавалар қатая келе эффузивтік тау жыныстарын түзеді.
Қатты күйдегі вулкандық заттар пирокластикалық заттар (грек тілінде "пир" -- от, "кластикос" -- бөл-шектенген деген мағынада) деп аталады. Олар вулкандық қопарылыс кезінде атмосфера қабатына лақтырылған ыстық лаваның кесек бөлшектері мен (ірілі-ұсақты) шаң-тозаңдардан немесе күл-топырақтардан және кратерді құрайтын тау жыныстарының сынық бөлшектерінен құралады. Осындай жолмен пайда болған заттар қабатталып, жинала келе пирокластикалық (отты кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі.
Вулкандық заттар ірілі-ұсақтығына қарай төртке бөлінеді:
1. Вулкандық күлдер (0,25 мм) дала шпаттары, авгит, алдамшы мүйізше және вулкандық шыныдан құралған шаң-тозаңдар түрінде кездеседі. Олар ауа қабатына 10 км-ге дейін жоғары көтеріледі. Кейде вулкандық күл атмосфера қабатында конденсациялык, процестерге байланысты су буымен араласып, жер бетіне жаңбыр болып жауады. Жанартаулардың беткейінен құлай аққан вулкандық күл аралас жаңбыр суы (лахари) орасан зор қарқынмен жолында кездескен кедергілерді бұзып-жарып селді тасқын туғызады. Вулкандық күл вулкандық заттардыд негізгі құрамын құрайды. Мысалы, Аляскада болған (1912 ж.) вулкан аткылауы кезінде (Кат-май жанартауы) мөлшері 20 км3-дей вулкандық заттар лақтырылғандығы белгілі. Оның 90%-і вулкандық күл түрінде бөлініп шықты. 25 сағ уақыт ішінде вулкандық күл қабатының қалыңдығы 4 м-ге дейін жетеді. Вулкандық күл өте жеңіл болғандықтан шаң-тозаңдар түрінде алыс қашықтыққа желмен ұшып-қонады. Вулкандық күлдер вулкандық құмдармен аралас кездескен жағдайда, тығыздала келе цементтеліп вулкандық туфтар түрінде түзіледі. Ал вулкандық күл көлдер мен теңіздерге шөгіп, құм мен лай араласқан жағдайда
туффиттер түзіледі. Вулкандық құмдар мен күлдер өте құнарлы топырақ қабатын құрайды.
2. Вулкандық құмдар жай көзбен көрінетін ірілі-ұсақты қиыршықтар (0,5 -- 2 мм) түрінде кездеседі.
3. Лапиллилер (италья тілінде "лапилли" -- ұсақ тастар деген мағынада) вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаваның ірілі-ұсақты (10 -- 30 мм) бөлшектерінен құралады.
4. Вулкандық бомбалар көлденең қимасы 5 -- 10 см-ден бірнеше метрге дейін жететін ірі кесектер құрайды. Вулкандық кесек бөлшектерінің орын ауыстыру қашықтығы олардың мөлшеріне тығыз байланысты. Егер вулкандық бомбалар мен лапиллилер вулкандық кратерлер-және вулкандық конустар құрайтын болса, ал вулкандық күлдер алыс қашықтыққа желмен ұшып-қонады. Мысалы, қазіргі кезде сөнген Қавказ вулкандарының күл-топырақтары Воронеж облысының территориясында шөгінді жыныстар арасынан табылғандығы белгілі. Әр түрлі мөлшердегі (ірілі-ұсақты) вулкандық заттар бірігіп, цементтеліп вулкандық брекчия (женттастар) құралады.
Газ күйіндегі заттар вулкан атқылау барысында орталық кратер, бүйірлік кратерлер және т. б. жарықтар мен жарықшақтар арқылы бөлініп шығады. Олардың негізгі құрамы (60 -- 90%) су буынан түрады. Атмосфера қабатында су буы конденсациялық процестерге байланысты суға айналып, нөсер жаңбыр жауады. Бұл жағдай вулкан атқылау процестерімен қабаттаса жүреді.
Газ күйіндегі вулкандық заттардың құрамында су буынан басқа НS2, SО2, СО, СО2, НСІ, НР, NН4С1, NН3 Н3, Н2ВОз және басқа газдар қоса кездеседі. Олардьщ құрамы температураның шамасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 180°С-тан жорары температурада фумаролды газдар (латын тілінде "фума" -- түтін деген мағынада) бөлінеді. Олардың кұрамы күрделі (хлорлы-күкіртті-көмірқышқыл-ды) болып келеді. Әсіресе, хлорлы қосындылар басымырақ кездеседі. Фумаролды газдар температураға қарай құрғақ, қышқыл және сілтілі болып ажыратылады
Құрғақ фумаролдар жоғары температурада (500°С) бөлініп натрий, калий, темір және басқа элементтердің хлорлы қосындыларының көптігімен сипатталады. Әдетте, олардың құрамында су болмайды. Қышқыл фумаролдардық құрамында (құрғақ фума-ролдармен салыстырғанда) су буы болады, сонымен қатар хлорлы сутек және күкіртті ангидрид бірге кездеседі. Олар 300 -- 400°С шамасында бөлінеді. Сілтілі фумаролдар 180°С шамасында хлорльь аммонийден бөлініп шығып бұзыла келе бос аммиак бөліп шығарады. Кейінірек фумаролды газдар (180 -- 100°С шамасында) сольфатарлы газдармен (италья тілінде "сольфатара" -- күкіртті ыс деген мағынада) алмасады. Олардың негізгі құрамы су буынан және күкіртті сутек-тен (күкіртті фумаролдар) тұрады.
Төменгі температурада (100°С) көмір қышқыл газдары және су буы бөлініп шығады. Мұндай газдар мофеттер немесе мофетті газдар (көмірқышқылды фумаролдар) деп аталады.
Температурасы жоғары (хлорлы-күкіртті-көмірқышқылды) фумаралды газдар вулкандық атқылау әрекеттерінің өте қарқындылығын, сольфаторлы газдар -- орташа қарқындылығын, ал мофетті газдар вулкандық әрекеттердің әлсіздігін сипаттайды.
Магманың құрамында газдардың көптігі оның қатаю жылдамдығын азайтады, ал олардың азаюы (ауа қабатына ұшып кетуіне байланысты) сұйық күйдегі атқылау заттарының (лавалардың) қатаюын тездетеді.
Вулкандардың түрлері. Вулкан өмірінде лава атқылау кезеңдері, белгілі бір уақыт аралығында үзіліс кезеңдерімен алмасып отырады. Бірақ бұл жағдайларды түсіндіретін белгілі бір заңдылық жоқ. Вулкан атқылау процестерінің қарқынды кезеңдерінің арасындағы үзіліс үш-төрт жылға, немесе ондаған, кейде тіпті жүздеген-мыңдаған жылдарға созылады.
Тарихи ұзақ уақыт бойы қарқынды әрекеттерімен байқалмаған вулкандар сөнген жанартаулар -- (мысалы, кавказдық вулкандар -- Казбек және Эльбрус) деп аталады. Бірақ оларды сөнген (көне) және сөнбеген (қазіргі кездері мезгіл-мезгіл атқылап тұратын) деп ажырату шартты түрде ғана айтылады. Өйткені сөнген деп саналған жанартаулар күтпеген жағдайда кенеттен жанданып, қайтадан атқылауы мүмкін. Вулкан атқылау құбылысы табиғаттың ең қауіпті құбылыстарының бірі болып саналады. Адамзат тарихында оны дәлелдейтін мысалдар өте көп. Тарихта белгілі Везувий жанартауы біздің эрамыздың 79 жылына дейін тыныштық күйде болған еді. Бұзыла бастаған бір кездегі вулкандық конус беткейлері орманға айналып, ол жерлерде адамдар тұрып жатты. Ал 79 жылы Везувий жанартауы қайтадан жандана бастайды. Ең алдымен жер сілкініп, содан кейін барып лава атқылайды. Вулкан атқылау барысында көптеген қалалар орасан зор апатқа ұшырайды. Аттары аңызға айналған Италья қалалары (Помпея, Геркуланум және Стабия) вулкандық бомбалармен бомбыланып, лава тас-қынымен түгелдей қирап, қалыңдығы 8 м-лік вулкандық күл-топырақ астына көміледі. Аты шулы бұл апат кезін-де отыз мыңдай адам қаза болғаны тарихтан мәлім. Кейінірек, Везувий жанартауының вулкандық әрекеттері 1631, 1794, 1872, 1906 және 1944 жылдары бірнеше рет қайталанады. Осындай бір ірі апаттың мысалы ретінде Зонд бұғазында (Индонезия архипелагы) орналасқан Кракатау вулканын айтуға болады. Бұл апат екі жүз жыл үзілістен кейін барып қайталанған (27 август 1883 ж.) ірі оқиғалардың бірі болды.
Жанартаудың атқылауы бірнеше айға созылады. Вулкандық қопарылыс кезінде Кракатау аралыныда үш-тен екі (23) бөлігі (ауданы 75 шаршы км шамасында) жарылысқа ұшырап, оның орнында тереңдігі 300 метрлік теңіз шығанағы пайда болды. Вулкан атқылау кезінде бөлініп шыққан күл аумағы 800 000 шаршы км ауданды алып жатты. Бұл жағдай Зонд бұғазында кемелердің жүзуіне де кедергі жасады.
Вулкандық қопарылыс кезінде пайда болған ауа толқындары Джакарта қаласына орасан зор зардабын тигізеді. Бұған қосымша, қопарылысқа байланысты мұхиттарда (Үнді, Тынық және Атлантика мұхиттары) пайда болған алып толқындар (цунамдар) 37 мыңға жуық адамның өмірін өзімен ала кетті. Жанартау атқылау кезінде естілген гуіл Сингапур мен Австралия жеріне дейін жеткен. Осы оқиғадан кейін тынышталған Кракатау вулканы 1930 жылы қайтадан жандана бастайды. Онын, бұдан былайғы уақытта қашан және қалай басталатындырын болжап айту өте қиын.
Вулкандық әрекеттердің қарқындылығы лавалардын, химиялық құрамына, температурасына және газ күйіндегі ұшпалы компоненттердің мөлшеріне тығыз байланысты.
Негіздік магманың құрамында газ күйіндегі заттар аз болады. Соған байланысты олар сұйық болып, вулкан атқылау барысында, жер бетіне кедергісіз оңай тасып төгіледі. Қышқыл магма қою болғандықтан баяу жылжып, вулкан көмекейінің аузын жауып қалады. Сонымен бірге олардың құрамында ұшпалы газдар көп болғандықтан, вулкан атқылау әрекеті қопарылыс түрінде байқалып, атмосфера қабатына көп мөлшерде қатты күйдегі кесек бөлшектер лақтырылады.
Вулкандық атқылаудың түрлері:
а -- гаваялық; б -- стромболиандық; в -- везувиандық; г -- пелелік; 1 -- қатайған лава; 2 -- балқыран лава; 3 -- газ бен күлдің бұлттары; 4 -- күл мен бомбылар; 5 -- күлдің қара бұлттары; 6 -- "шыжып тұрған" (палящая) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыртысының тектоникалық құрылымы. Вулканизм. Жер асты суларының құрамы. Жер асты суларының құрылымы
Жанартаулардың жер бетінде таралуы
Рельеф және климат
ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Адам, табиғат және климат
Вулканизм. Геотектоникалың ңозғалыстар. Жер қыртысыкың қүрылымдың элементтері
Сөнбеген жанартаулар
Геологиялық сипаттағы апаттар
Жер қыртысының эндогендік процестері
Экологиялық мониторингтің міндеті
Пәндер