Күмәнді дебиторлық берешек


Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық - материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Қазақстан Республикасындағыы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтындықтан, күдікті борышар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін көрсетіледі.
7. 2. Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау
Салық кодексіне сәйкес күмәнді талаптар - Қазақстан Республикасының заңды және жеке кәсіпкерлері - резиденттеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар-резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатра өткізген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және Қазақстан Республикасының заңдарынпа сәйкес салық төлеуші - дебиторды банкрот деп тануға байланысты қаанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.
Егер күмәнді дебиторлық берешек болуы ықтимал және бағалануы мүмкін болса, оны шотта көрсету қажет. Салыстыру принципі бойынша дебиторлық берешектің есепті кезеңде күмәнді шығындары ойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық берешек операциялық іс-әрекеттен болған шығыс - күмәнді борыштар шығыстары ретінде көрсетіледі.
Егер күмәнді дебиторлық берешек күтілмесе, онда кірістер мен алынуға тиісті шоттарға ешқандай түзетулер талап етілмейді, ал дебиторлық берешек үмітсіз деп мойындау кезеңіне есептен шығарылады. Мұндай амал тікелей есептен шығару тәсілі деп аталады.
Егер күмәнді дебиторлық берешек ықтимал (мерзімі біткен) және есепке алынуы мүмкін болса, есепті кезең соңында түзету жазбасын жасау талап етіледі. Мысалы, егер субъект 15000 теңге сомасында күмәнді дебиторлық берешекті күтсе, күмәнді борыш бойынша шығынды көрсететін мынандай проводка енгізіледі:
821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті
331 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті 15000
Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібін «Табыс» 5 бухгалтерлік есеп стандарттарымен және оған «күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі» атты әдістемелік ұсыныстармен реттеледі. Күмәнді борыштар бойынша резерв есепті кезең соңында өткізілген дебиторлық берешекті түгендеу қорытындылары негізінде құрылады күмәнді борыштарды бағалау жөнінде екі тәсіл бар: өткізу, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлемінің проценті тәсілі, төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі.
Өткізу көлеміне байланысты процент тәсілі - үмітсіз борыштардың проценті жалпы өткізу көлемінде анықталады. Бұл үшін бірнеше есепті кезең ішінде (ең аз үш жыл) тауар өткізу (жұмыс, қызмет) көлемін және күмәнді борыштар бойынша резерв пайда болуы үшін процентті белгілеуге арналған шоттар сомасын талдау қажет.
Мысалы. Жыл ішіндегі өткізу көлемі 1390 мың теңгені құрады. Күмәнді берешектің орташа проценті есебән жүргіземіз:
2002 ж. үшін күмәнді борышы бойынша резерв сомасы (3, 3+1, 7+1, 6) :3=2, 2%
1390х2, 2%=30, 58 мың теңгені құрады.
Есепті кезең соңында мынандай жазба жазылады:
821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті
311 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті - 30, 58 мың теңге
Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі - берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптар проценті анықталады. Бұл үшін алынуға тиісті барлық шоттарды мынандай категориялар бойынша жіктеу қажет:
- өтеу мерзімі әлі болмаған шоттар;
- 1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
- 31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
- 61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
- 90 және одан көп күндерде төлеу мерзімі бар шоттар.
Мысалы:
- төлеу мерзімі әлі болмаған шоттар
- төлеу мерзімі 1 күннен 30 күнге дейінгі шоттар;
- төлеу мерзімі 31 күннен 60 күнге дейінгі шоттар;
- төлеу мерзімі 61 күннен 90 күнге дейінгі шоттар;
- төлеу мерзімі 90 және одан көп күндерге дейінгі шоттар;
360
270
210
180
100
18
22
14
23
32
64, 8
59, 4
29, 4
41, 4
32, 0
Күмәнді борыштар сомасы 226, 7 мың теңгені құрайды.
824 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті
311 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті - 226, 7 мың теңге
Субъект балансынан бұрын талап етілмеген, күмәнді деп танылған борыштарды есептен шығарғанда мынандай жазба жазылады:
311 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот дебеті
301 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті
321-323 «Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» шот кредиті - 226, 7 мың теңге
7. 3. Вексельдер есебі
Вексель - бір жақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты. Вексельді шығару мен айналым тәртібі Қазақстан Республикасының 28. 04. 1997 ж. №97-1 «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледіү
Жай вексель (соло) - вексель берушінің алғашқы талабы бойынша төленетін еш нәрсесіз алдын - ала шартталмаған міндеттемесі бар вексельі немесе белгілі бір уақытта вексель ұстаушыға вексельде көрсетілген ақша сомасын болашақта төлеу. Мұндай вексель бойынша вексель беруші төлеуші емес, үшінші тұлға (трассат) акцепт арқылы өзіне вексельдә төлеуге мәндеттеме қабылдайды. Алайда сол сәте дейін бойынша вексель беруші жауапты болады.
Аударылатын вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанта) еш нәрсесіз алдын - ала шартталмаған ұсынысы (бұйрық) бар вексельді үшінші тұлғаға (трассата), төлеуге бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша болашақтағы белгілі бір уақытта не болмаса вексельде көрсетілген ақша сомасын талап ету бойынша вексель.
Талап ету мерзімі бойынша немесе талап етілгеннен кейін белгілі бір уақытта, төленуге тиісті жай және аударылатын вексельде вексель беруші сомасына проценттер есептей алады.
Коммерциялық (тауарлық) вексель - сатып алу-сату мәмілесі негізінде берілген вексель.
Акцепт - вексельді төлеуге арналған жазбаша келісім.
Индоссамент - осы вексель бойынша басқа адамға құқықтарын сыйлағандай етіп сатуды растайтын, айналымдағы беріліс жазбасы.
Индоссант - вексель беретін адам.
«Бұйрыққа емес» - вексель берушінің вексельге кіргізетін, вексельді индоссамент арқылы беруге тыйым салуды бейнелейтін формула.
Аваль - вексельдік кепілдік, соған орай оны жсаған адам вексель бойынша міндетті басқа адамдардың міндеттемелерін орындау үшін жауапкершілік қабылдайды.
Регресс - акцептелмеген немесе төленбеген вексель бойынша қайтадан кері талап ету.
Есеп кеңсесі - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банктік заңнамаларға сай вексельдік операцияларды жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар банк.
Форфейтингтік операциялар (форфеттеу) - тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып алушының борыштық міндеттемелерін сатушыға арналған айналымсыз вексельді сатып алу арқылы өтеді.
Вексельдер бойынша бухгалтерлік еспе «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңмен субъектілердің қаржы - шарушылық қызметі шоттарының Бас жоспарымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 7. 02. 2001 ж. №23-2-2-6/63/1510 «Вексельдік операциялардың бухгалтерлік есебі туралы» хаттымен реттеледі.
Алынған тауарлар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін берілген вексельдер есебі. Жабдықтаушылармен есеп айырысуда проценттік вексель жазылады:
Жабдықтаушылармен есеп айырысуда процентсіз вексель жазылды:
Мысал: «А» кәсіпорынын кредиторлық берешекті өтеу есебінде 122 000, 0 теңге сомасындағы вексельді «В» кәсіпорнына - жабдықтаушыға берді. Сонымен қатар өзіне борышкер «С» кәсіпорнына вексельді төлеуді ұсынды. «С» кәсіпорны үшінші тұлғаға (трассантқа) айналды.
Вексель берушінің вексельдермен жасалған операциялар есебі:
Алынған вексельдер есебі.
Проценттік вексель алынды:
Процентсіз вексель салынды:
7. 4. Есеп беретін адамдармен және басқа да дебиторлармен есеп айырысу есебі
Субъект қызметкерлеріне кассадан шаруашылық шығындарына және іссапар бойынша шығындарға берілетін аұшалай аванс есеп берілетін сома деп аталады. Ақша беру тәртіп кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен реттеледі. Іссапарлар бойынша есеп айырысуда қызметкерлердің іссапарларына байланысты шығындарды өтеуінмынадай мөлшерлері белгіленген Салық кодексінің 93 б. 1 т басшылыққа алынды:
- пәтер - тұрақты жалға алуды төлеу - тиісті құжаттарме расталған, орын сақтағаны үшін төлем де кіретін, іс жүзінде шыққан шығындар бойынша;
- ҚР шегіндегі іссапарда болған әрбір күн үшін тәуліктің төлеу мөлшері тәулігіне екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек;
- іссапар орнына беру мен қайтаруға іс жүзінде шыққан шығындар, бұған орын сақтағаны үшін төлеу де кіреді - тиісті құжаттармен расталған нақты сомада төленеді;
- ҚР - нан тыс жерлерде іссапарда болған әрбір күн үшін төленетін тәуліктілікті төлеу - ҚР үкіметі белгілеген мөлшерлер шеңберінде.
Қызметкерді іссапарға жіберу үшін субъект басшысы іссапардың орны мен мерзімі ескертілетін бұйрық шығарады. Бұйрық негізінде қызметкерлерге іссапарлық (7. 1-сызбасы) немесе №1а формасымен беріледі және іссапарлық сома есебі жүргізіледі.
7. 1-сызбасы
ІССАПАРЛЫҚ КУӘЛІК
И. В. Идрисовқа
фамилиясы, есімі, әкесінің аты, қызметі
экспедиторға
бірлестіктің, кәсіпорынның, мекеменің атауы,
«ААА» ЖШС
куәлік берген ұйым
Шымкент қ.
белгіленген жер, атауы
тігін фабрикасы №3
бірлестіктің, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның
4 күн
Келісім - шарт жасау үшін
іссапар мақсаты
2005 ж
Негіз: Бұйрық (өкім)
13 қаңтар 2002 ж. №7
Төлқұжат (куәлік) көрсету бойынша күшінде 006789724
Бірлестік, кәсіпорын, мекеме,
ұйым басшысының қолы
Мекеме мөртабаны
(ұйымның)
«___»20__ж.
М. О.
Теріс жағы
Кетті Алматы қ.
«12» қаңтар 2005 ж.
Қолы
М. О.
Кетті Шымкент қ.
«12» қаңтар 2005 ж.
Қолы
М. О.
Келді Шымкент қ.
«13» қаңтар 2005 ж.
Қолы
М. О.
Келді Алматы қ.
«13» қаңтар 2005 ж.
Қолы
М. О.
Есеп беру үшін берілген аванс сомасын заңдарда белгіленген мөлшерлерге сәйкес жол ақы, тәуліктік, пәтерлік құндарды алдын - ала есептеу бойынша анықтайды. Алынған ақшаны тек қана берілген мақсатқа жұмсауға рұқсат етіледі. Есеп беретін адамдар белгіленген мерзімде ақтаушы құжаттарды тіркеп, іс жүзінде жұмсалған сома жайлы есеп тапсыруға міндетті. Іссапарға шыққан шығындар жайлы есеп іссапардан келген соң 3 күн ішінде ұсынылады. Аванстың ұсталмаған сомасын есеп беруші адамдар кассаға қайтарады.
Бухгалтерия субъект басшысы бекіткен аванстық есептерді (7. 2-сызбасы) тексереді және шығындарды анықтайды.
7. 2-сызбасы
АВАНСТЫҚ ЕСЕП №3 от 18 қаңтар 2004 ж
«ААА» ЖШС
Бөлім Қызметі
Аты-жөні
АВАНСТЫҚ ЕСЕП № 20ж.
Аванс атауы
Проводка №
20ж.
Қалдық алд. алғ. аванстан.
Артық жұмсау
Алынғаны
Барлық алынғаны
Жұмсалғаны . . .
Қалдық
Артық жұмсау . . .
Тіркемеқұжат.
Есеп тексерілді
Бөлімбап.
Бекітуге:
___теңге___ тиын
Бухгалтер
20___ж.
Бек. сомадағы есеп:
Қолы
20ж.
Бухгалтер
Құжаттар тізбесін
теріс жағынан қарау
Теріс жағы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz