Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі


Жұмыс күші дегеніміз ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген, бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері. Жұмыссыздық деңгейін анықтау үшін жұмыссыздардың жұмыс күші мөлшеріне пайыздық қатынасын есептеп шығару керек.
Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздардың саны ч Жұмыс күшінің мөлшері.
Жұмыссыздық проблемасы тіпті дамыған елдердің өзінде өткір, зәру тұрады, мысалы мына елдерде 1985 жылдан 1990жылға дейінгі аралықта жұмыссыздық деңгейі былайша түзілген: АҚШ-та 5, 3-тен 7, 2%-ға дейін Канадада 7, 5-тен 10, 5%-ға дейін Жапонияда 2, 1-ден 2, 9%-ға дейін Францияда 9, 4-тен 10, 7%-ға дейін Ұлыбританияда 6, 4-тен 11, 2%-ға дейін.
Жұмыссыздық салдарыЖұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті: • Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес, сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен қызметтің орыны өтелмейді.
• Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді. Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.
• Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі екендігін ілгеріде көрдік. Тауаоға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың басы. Сөйтіп қоғам өзі құрған тұзаққа өзі түседі.
• Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр тұрады.
• Жұмыссыздық қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.
Өтпелі экономиканың негізгі көріністері Өтпелі кезең - экономикалық жүйедегі түбегейлі езгерістер есебінен елдің экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт аралығы. Мұндай кезеңді ТМД елдерінің барлығы өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының азаюы экономикалық төмендеудің негізі болып табылады. Тап осы жұмыспен қамту саласында тұрақты экономика мен өтпелі экономика арасындағы айырмашылық айқын сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі инвестиция салудан экономика жағдайы жақсармайды. Экономиканы сауықтыру шаралары мен классикалық-теория ұсынатын әдістерін жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді. Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің жағдайын ескере отырып, онда статистика мәліметтері мен нақты жағдайдын арасындағы алшақтықты ескеру қажет. Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі. Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет. 1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық өзгерістер арқылы шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға толтыру. 2. жоғарыдағыдан туатын нарықтық экономиканы экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық прогрес қажет. Жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді. Енді сол-салдарларға тоқталсақ. Кері әсерлер: 1. Крименогенді жағдайдың өршуі 2. әлеуметтік кернеудің өршуі 3. физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі 4. әлеуметтік дифференцияның өсуі 5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі Пайдалы әсері: 1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы 2. Өз бос уақытының көбеюі 3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік 4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы Экономикалық салдарлар: Кері әсерлер: 1. Алған білімнің құндылығын жоюы 2. Өндірістің төмендеуі 3. Жұмыссыздарға көмек шығындары 4. Квалификациясын жоғалту 5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі 6. Ұлттық табыстың төмендеуі 7. Салықтың аз жиналуы Пайдалы әсері: 1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшіің резервін жасақтау 2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция 3. Білімін жоғарылату үшін уақыт 4. Еңбек өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы Жұмыс нарығы Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады. Бүған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды. Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды. Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады. Жұмыссыздықпен күрес ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz