Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат



КІРІСПЕ
1 Кәсіпкерлік қызметтің даму тарихы
2 Кеңестік дәуірдің зерттеушілері
3 Қазіргі кезеңдегі отандық зерттеушілердің еңбектері
Қорытынды
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер — адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі – Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
1 Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан. – 2007. – 28 ақпан. – 12 б.
2 Кронгардт Г.К. Национальный состав населения Южного Казахстана в конце ХІХ в. // Ист. науки: сб. ст. – Алма-Ата, 1976. –вып. 3. –С.33-37.
3 Галузо П.Г. Туркестан-колония. (Очерк истории колониальной политики русского царизма в Средней Азии) – Москва: Изд. Коммунистического Университета трудящихся Востока им. И.В.Сталина, 1929. –227 с.
4 Лаверычев В.Я. Государство и монополии в дореволюционной России. Проблемы вмешательства абсолютного государства в экономическую жизнь и воздействие капиталистических монополий на государственный аппарат. –Москва: «Мысль», 1982. –200 с.
5 Өзбекстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты (әр қарай - ӨР ОММ). И-17-қ., 1-т., 13947-іс, 1-п.
6 ӨР ОММ, И-17-қ., 1-т., 13950-іс, 15-п.
7 ӨР ОММ, 1-қ., 12-т., 1772-іс, 34-35, 53-пп.
8 Данилевский Г.И. Описание Хивинского ханства // Записки ИРГО. Кн. 5. − СПб., 1851. − С. 62-139.
9 Заорская В.В. и Александер К.А. Промышленные заведения Туркестанского края. –Петроград: «Екатеринбург типография», 1915. −559с.
10 Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты. 64-қ., 1-т., 395- іс, 125-126-пп.
11 Туркестанские ведомости, 1899. - 5 апреля (№29).
12 Туркестанские ведомости, 1899. - 28 октября (№34).
13 Галузо Н.Г. Аграрны отношеня на юге Казахстана в 1867-1914 гг. –Алма-Ата: Наука, 1965. –345 с.
13 Соколов Ю.А. Ташкент и Ташкентцы и Россия. – Ташкент: Узбекистан, 1965. - 52 с.
15 Средняя Азия. Ежемесячное литературно –историческое издание. Книга ІХ-Х. – Ташкент: тип. Туркестан. Т-ва Дела, 1910. -206 с.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен
оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд
профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі
эпиграф болып саналады Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу.
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы
француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген Кәсіпкер —
адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі – Ричард Контильон (1650-
1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу
мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде
қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым болғанмен,
оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс
әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз
байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш.
Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан
ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп
нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге болады:
1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері
экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісімшарт
міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы,
яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам,
холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге
негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың
басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес,
сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен
мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе
құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді
кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі
түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда
болды, сонымен қатар меншік иесі деген түсінік алды.
Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:
1 – бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін
салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады. Ол
мынадай шешімге келеді: Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне
табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс
қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат
бағаға сатады.
2 – бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың
ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру
және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3 – бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық
бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері
жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды.
Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол
сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба
білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4 – бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар
кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен
менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып
табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп
көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.

Кәсіпкерлік қызметтің даму тарихы

Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде
өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен
зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған
уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен
ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына
сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың
ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды. Бүгінгі таңда
кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту
мәселелері жолға қойылып отыр. 2007 ж. Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан
халқына арналған Жолдауының он үшінші бағыты − шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылға арналды [1, 11 б.]. Бұл
міндетті жүзеге асыруда әлемнің дамыған елдерінің тәжірбиесіне сүйенумен
қатар, отандық кәсіпкерліктің даму тарихына да назар аударудың мәні зор.
Қазақстанға ресейлік отарлау процесімен қатар енген капиталистік
қатынастардың ерекшеліктерін анықтау, бүгінгі нарықтық қатынастардың
заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстанда
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, оның аймақтық ерекшелігін тиянақты
түрде зерттеу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
Қазақстанның оңтүстігі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-
экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып
табылады. Бұл өлкенің осындай артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, ХІХ
ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті кәсіпкерлікті
дамыту нәтижелеріне объективті баға беру қажет.
Кейінгі жылдары отандық тарихнамада кәсіпкерлік мәселесі бойынша
зерттеулер жүргізу жандана бастады. Тарих ғылымыдағы бұл өзгеріс,
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына қатысты жаңаша
тұжырымдамалар мен деректер қорын қалыптастыруымен құнды. Дегенмен,
зерттеушілер тарапынан Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің
қалыптасу және даму тарихы кешенді түрде қарастырылмады. Белгілі бір
саланың дамуының шынайы көрінісін жасау, оның барлық жақтары қамтылып, олар
өзара салыстырылған жағдайда ғана іске асатындығы белгілі. Сондықтан,
зерттеуде елдің оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің өнеркәсіп, сауда, ауыл
шаруашылық және халыққа қызмет көрсету салаларында қалыптасып, дамуына
басты назар аударылады. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің дамуына әлеуметтік
және этникалық тұрғыдан алғанда әр текті кәсіпкерлердің іскерлік
мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдаудың ықпалына талдау жасау да өзекті
болып табылады.
Осыған байланысты, бұл мәселенің зерттелуі өзекті болып табылады. Ол ең
алдымен, 1861-1917 жылдардағы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерлік
тарихындағы жетістіктер мен кемшіліктердің объективті бағалануына, сонымен
қатар, жалпы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудағы әр аймақтың өзіндік
орнын, ерекшелігі мен маңыздылығын айқындауға мүмкіндік береді.
Шетелдік ғалымдардың ішінде кәсіпкерлік терминінің мәні мен мазмұнын
кешенді зерттеуге А.Маршалл, И.Шумпетер, және т.б. батыстық ғалымдар өз
еңбектерін арнады. Олар экономикалық теориядағы әр түрлі ғылыми
көзқарастарға баға бере отырып, кәсіпкерлік пен оның қызметі туралы
тұжырымдамалар жасады. Кәсіпкерліктің теориялық мәселелерінің одан кейінгі
зерттелуін П.Друкер еңбегінен көруге болады. Ол кәсіпкер тұжырымдамасына
толықтырулар енгізіп, кәсіпкерлік қызметке терең талдау жасап, кәсіпкерлік
саласындағы басқарушылық қызмет аспектісін дамытты.
Кәсіпкер және кәсіпкерлік терминдерінің экономикалық мазмұнының
тарихи қалыптасуын зерттеуге ТМД елдерінің В.Автономов, В.М.Воробьев,
Л.Колесникова, С.К.Никитина және т.б. еңбектері үлес қосты. Аталған
ғалымдардың зерттеулерінде ресейлік кәсіпкерліктің даму тәжірибесінің
негізіндегі тұжырымдары ұсынылған.
Қазақстан зерттеушілері кәсіпкерліктің экономикалық ой тұрғысынан
отандық нұсқасын жасауға ұмтылыс білдірді. Олардың ішінде О.Ж.Әлиев,
Р.Т.Дуламбаева, Б.А.Жакупова және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға
болады. Кәсіпкер термині туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі
теориялар мен тұжырымдамалардың генезисіне О.Ж.Әлиев зерттеу жүргізіп,
кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсетті.
Жалпы, кәсіпкерлік мәселесі бойынша экономикалық ойларды талқылай
отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: экономикалық теорияда өндіріс
және кәсіпкерлік процесінің басты ресурсы және факторы болып табылатын,
кәсіпкерлік қызмет субъектісінің болмысын көрсететін, нақты кәсіпкер
терминінің экономикалық категория ретінде жалпы қабылданған анықтамасы жоқ;
экономика ғылымында кәсіпкерлік теориясын құрастыруға және кәсіпкерліктің
экономикалық болмысын анықтауға мүмкіндік беретін фундаменттік негіз
қаланған. Бірақ, оны жетілдіру үшін, кәсіпкерлік тәжірбиесі туралы жаңа
заманғы және жергілікті тәжірбиелерді де ескеру керек.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын тарихи процесс ретінде зерттеу
үшін, кәсіпкерлік тарихының тарихнамасын үш топқа, яғни революцияға
дейінгі, кеңестік және қазіргі кезеңдерге жіктеуге болады.
Революцияға дейінгі дейінгі еңбектерде Қазақстанның экономикалық даму
ерекшелігі әр түрлі аспектілер бойынша қарастырылды. ХІХ ғасырда
қалыптасқан тарихнаманы, жалпылама экономикалық мәліметтер беретін
А.И.Левшин, А.Н.Тетеревников, Е.Смирновтың еңбектері құрайды. А.И. Левшин
қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарға, ал А.Н.Тетеревников қазақ
даласындағы сауданың дамуына сипаттама жасады. Сырдария облысының саяси,
экономикалық дамуы Е. Смирновтың еңбегінде қамтылды. Оның зерттеуі жалпы
шолу сипатында қарастырылды.
Оңтүстік өлкенің отар аймаққа айналуы, патша әкімшілігінің отарлау
саясаты жөніндегі еңбектер ХХ ғасырдың басында жарыққа шықты. Оның ішінде
стратегиялық маңызды аймақтар мәселесі, оларды игеру жолдары И.В.Анчиков,
И.И. Гейер еңбектерінде зерттелінді. И.В.Анчиков өз зерттеуін Түркістан
өлкесін отарлау тақырыбына арнады. Аталған автордың еңбегі сол кезеңдегі
қазақ қоғамына капиталистік қатынастардың енуі, кәсіпкерліктің тарихына
қатысты фактілік деректер береді. Отар аймақтағы тұрпайы экономикалық
қанауды тоқтатып, еркін капиталистік дамуды ұсынған авторлар да кездесті.
Солардың бірі - И.И.Гейер. Ол Түркістан өлкесінің экономикалық даму
деңгейінің төмендігі, өнеркәсіп орындарының ұсақ сипатта дамуы және
капиталдың енуінің нашарлығын атап өтті. Аталған мәселелердің шешімін табу,
несие жүйесін дамыту мәселесін көтеріп, ұсыныстар жасады.
ХХ ғасырдың екінші онжылдығында кәсіпкерліктің дамуы туралы жан-жақты
мәліметтер беретін еңбектер жарық көре бастады. А.И.Добросмысловтың
зерттеуінде Сырдария облысындағы қалалардың экономикалық дамуы, алғашқы
кәсіпкерлер және олардың ұлттық құрамы, кәсіпкерлердің табысы, ақша
айналымы туралы кең түрде жазылған.
Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты шолу
В.И.Масальский, В.А.Васильев еңбектерінде жасалды. Оңтүстік Қазақстан
экономикасының капиталистік белгілеріне В.И.Масальскийдің еңбегінде назар
аударылды. Онда мал шаруашылығы, өнеркәсіп және сауданың дамуы
қарастырылып, капиталдың өнеркәсіпке қарағанда саудаға көп жұмсалғандығы,
несиенің өсімқорлық сипатта болғандығы жайлы пікір білдіріледі.
В.А.Васильев Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу
кәсіпорындарының пайда болуы, өнеркәсіп орындарының техникалық жабдықталуы,
ондағы жұмысшылардың жағдайы туралы зерттеулер жүргізді.
Сауда-өнеркәсіп орындарының дамуы В.В.Заорская мен К.А.Александердің
зерттеуінде талданды. Олар Түркістан өлкесіндегі өнеркәсіп орындары,
олардың капитал айналымы, жұмысшылардың саны мен жағдайы, өнеркәсіптік
салықтан түсетін мемлекеттік кіріс мәселелеріне көп көңіл бөлді.
Балық кәсіпшілігінің дамуы, осы саладағы кәсіпкерліктің қалыптасу тарихы
Л.С.Берг және В.И.Майснер және т.б еңбектерінде зерттелді. Л.С.Берг өзінің
еңбектерінде Сырдария және Арал теңізіндегі балық аулау кәсіпшілігі жөнінде
көлемді зерттеулер жүргізді. В.И.Майснер Жетісудағы балық кәсіпшілігінің
даму мүмкіндіктерінің жоғары екендігі жайлы пікір білдірді.
Қарастырып отырған аймақтағы мақта өсіру саласындағы кәсіпкерліктің
тарихы А.Ф.Губаревич-Радобыльский, С.Г.Гулишамбаров зерттеулерінде
қарастырылды. А.Ф.Губаревич-Радобыльский Түркістанның Ресеймен және басқа
да Азия елдерімен сауда байланысы, ондағы тауар айналымы және елдегі мақта
өсірудің қолға алынуын зерттесе, С.Г.Гулишамбаров Түркістан өлкесіндегі
мақта кәсібі мен кеден және баж салығы тарихына назар аударды.
Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның экономикалық жағдайы ХХ
ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің еңбектерінде талданды.
Олардың ішінде Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев және С.Асфендияровтардың
еңбектерінің маңызы зор. С.Асфендияров ресейлік капитализмнің қазақ
даласына ену жолдары мен түрлерін айқындау қажеттілігін атап көрсетті және
сауда капиталы туралы мәселеге көңіл бөлді.
Кеңестік дәуірдің зерттеушілері патша өкіметінің саясатындағы оңтүстік
аймақтың орны мен патшалық отарлау ерекшелігі, жүргізілген әкімшілік
реформалар нәтижесі, қазақ қоғамының саяси-экономикалық дамуы, қоныстандыру
нәтижелері жөнінде құнды еңбектер жазды.
Түркістан өлкесінің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайының
өзгеруін, өнеркәсіп дамуының отарлық сипатын алғашқылардың бірі болып
П.Г.Галузо зерттеді. Ол шаруашылық түрлерінің дамуына, өлкедегі мақта
шаруашылығының өркендеуі, ондағы кәсіпкерлердің еңбегіне талдау жасады.
Осы кезеңдегі Қазақстанның этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық
тарихын зерттеуге Э.Герасимов және Т.К. Литвиновтар үлес қосты. Революцияға
дейінгі Қазақстандағы сауда мәселесінің түрі және сипаты мәселесін
Т.К.Литвинов зерттеді. Ол бай қазақтардың шаруашылығы бірте-бірте өзінің
натуралдық сипатынан айырылып, сауда айналымына тартыла бастағанын
дәлелдеді.
Осы уақытта деректер мен материалдардың жинақтары жарық көрді. Соның
маңыздысы - Түркістан аймағындағы әкімшілік бөліну, жаңа жерлер үшін
қабылданған мемлекеттік салық жүйесі жайлы мәліметтер қамтылған жинақ. Онда
М.Г.Масаевичтің құрастыруымен Түркістан өлкесінде 1867 ж., 1886 ж., 1891
жылдары жүргізілген реформалардың материалдары берілді.
ХІХ ғ. 70-80-ші жж. кеңестік тарихнамада кәсіпкерлік тарихына жеке
зерттеу арналған жоқ. Дегенмен, капиталистік қатынастарды зерттеу барысында
мәселенің жекелеген салалары қарастырылды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы
саласына капиталистік қатынастардың ену мәселесін С.А.Сүндетов зерттеді.
Байлардың жаңа әлеуметтік түр алуы, яғни буржуазиялануы туралы мәселе
терең зерттеуді қажет еткен мәселелердің бірі болды. С.Е.Толыбеков
байлардың жаңа әлеуметтік топ емес, олар монғол шапқыншылығына дейін де
өмір сүргендігі жайлы пікір білдірілді. Оның еңбегі Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық құрылымын зерттеуге арналған маңызды еңбек болып саналады.
Ц.Л.Фридман революцияға дейінгі кезеңдегі банк, несие жүйелерінің пайда
болуы мен даму процестеріне талдау жасап, Қазақстан экономикасындағы шетел
капиталының үлесін зерттеді.
ХІХ ғ. соңында – ХХ ғ. басындағы Қазақстанның аграрлық мәселесін
Б.Сүлейменов зерттеді. Оның зерттеуінде қазақ ауылдарында кулактардың пайда
болғаны, олардың көпшілігінің тауарлы егіншілік пен малшылықты саудамен
байланыстырғаны және жәрмеңкелер ұйымдастырғаны қарастырылды.
Ж.К.Қасымбаевтың зерттеуі Қазақстанның Орталық Азия және Қытаймен сауда
қарым-қатынастары мәселелеріне арналды. Қазақстандағы кәсіпкерліктің
дамуына патша үкіметінің салық жүйесінің әсеріне байланысты мәселеге
К.Р.Несіпбаеваның кандидаттық диссертациясында талдау жасалды.
Қазіргі кезеңдегі отандық зерттеушілердің еңбектері кәсіпкерлік тарихын
зерттеуде маңызды орын алады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа
даму кезеңіне аяқ басуы, кәсіпкерліктің тарихына деген қызығушылықты
арттыра түсті. С.Қ.Игібаевтың зерттеуінде алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы
табының қалыптасуы мәселесі қарастырылды. Ол, Ресей капитализмінің дамуы,
өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуының Қазақстанның алтын кеніштерінің
техникалық деңгейінің жоғарлауына ықпал еткенін, бірақ оның баяу
жүргендігін дәлелдеді. Т.Садықұлының монографиясында өндірістік
өнеркәсіптегі кәсіпкерлерлердің қызметі мен мемлекеттің өнеркәсіпті дамыту
бағытындағы саясаты бойынша мәліметтер берілген. Қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігі, қолөнер кәсіпшілігінің халыққа қызметі туралы талдаулар С.
Мадуановтың еңбегінде жасалады. Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі өнеркәсіп
мен сауданың дамуы С.Н.Наумов және Ө.Қ.Қожақовтың кандидаттық
диссертацияларында қарастырылды. Қазақстан тарихының тарихнамасында
қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын сараптау мақсатында тарихнамалық
зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде Д.И.Дулатова және Т.Төлебаевтің
еңбектері маңызды болып табылады.
М.Ф.Пузиков және С.Е.Мамытова өздерінің ғылыми мақаласында қазақ
даласындағы ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы ауыл шаруашылығының қандай салаларында
кәсіпкерліктің қалыптасу процесі жүргендігін қарастырды. Отандық
тарихнамада кәсіпкерлік тақырыбына арналған арнайы кешенді зерттеулер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақүй бизнесінде қызметтің негізгі түсініктемесі мен бағыттарын анықтау
КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
Ұйымдасқан қылмыстың криминологиялық сипаттамасы
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мәні, формалары мен түрлері
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Аудит түсінігі туралы
Кәсіпкерлік пен бизнес
Қызметтерді өндірістік тұтыну
Пәндер