Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыруболып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар болып табылады:

- Қазақстанның азаматтары;

- Шетел мемлекеттерінің азаматтары;

- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі бірлестіктер, корпорациялар т. б. ) .

Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға болады. Игіліктер ретінде материалдық заттар объектілер (оларды материалдыұ игіліктер деп те атайды), сонымен қатар белгілі бір тұлғаның қажеттіліктерін орындау үшін атқарылатын жұмыстары мен қызметтерін (оларды материалдық емес қызметтер деп те атайды) айтуға болады.

Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.

Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады. Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруге - байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.

Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы - тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т. б. ), яғни бірдей ақшалады сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтанқаржылық кәсіпкерлік - бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы активі болып саналады.

Делдалдық кәсіпкерлік - бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі - кәсіпкер сақтандырған жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды. Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек. Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасай - кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды:

  • Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
  • Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
  • Жаңа өткізу рыногына шығу;
  • Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
  • Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға болады.

Игіліктер ретінде материалдық заттар объектілер (оларды материалдыұ игіліктер деп те атайды), сонымен қатар белгілі бір тұлғаның қажеттіліктерін орындау үшін атқарылатын жұмыстары мен қызметтерін (оларды материалдық емес қызметтер деп те атайды) айтуға болады.

Материалдық әрқашанда заттық (нысандық) түрде болады және адамның сезім мүшелері әсер арқылы байқалады. Олардың қатарына су, ауа, киім, тамақ, тұрғын және тағы басқада нысандарды жатқызуға болады.

Адамдар өмір сүру басрысында қолданылатын материалдық игіліктер, өзара алуан түрлі белгілері бойынша ерекшелінеді. Төмендегідей материалдық игілік түрлерін атап көрсетуге болады

  • Табиғи және адамдардың іс әрекетімен өндірілген;
  • Тұтынушылық және инвестициялық;
  • Жеке және қоғамдық;
  • Ұдайы өндірілетін және ұдайы өндірілмейтін (ерекше) .

Табиғаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болды. Бұл - адамдардың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ететін табиғи материалдық игіліктер. Оларсыз адамдардың өмір сүруі мүмкін емес. Бірақ, адам табиғат туындатқан заттарды (шикізатты) өңдеу барысында өзіне қажетті нақты заттарға айналдыра алады. Олар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болғандықтан сәйкесінше өндірілген материалдық игіліктер деп аталады.

ҚР МК сәйкес заңды тұлға дегеніміз - өз жеке меншігінде мүлкі бар, өз атынан мүлік басқа да, міндеттері мен хұқы бар сот алдында, жауапты ұйымдар. Заңды тұлғалар белгіленген тәртіпке сай мемлекеттік реестрде тіркелгеннен бастап, өзінің статусына (атағына) ие. Кәсіпкерлердің хұқына байланысты жеке және ұжымдық кәсіпкерлер (кәсіпкерлік ұйымдар) болады. Заңдық шарттарға байланысты кәсіпкерлердің мынадай құқықтары бар: заң бойынша рұқсат етілген кез келген кәсіпкерлік түрімен айналысуға болады; кез келген ұйымдық - құқықтық формалары бойынша кәсіпкерлік ісін құруға болады; кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажет кез келген мүлікке иелік жасауына болады; мүлік саны мен көлемі шектелмеген. Мүліктік жауапкершілік меншік иесінің өзіне жүктеледі, сонымен бірге өз ісін жоспарлап, бизнес - жоспар дайындауға да құқылы; өз бетімен тұтынушыларды таңдауға, өндіріс факторларын, жеткізушілерді таңдауға, заңдылықтарға байланысты кәсіпкерлік келесем шарт жасауға; өз бетімен жұмысшылардың еңбекақысын белгілеуге, еңбек заңына қайшы келмейтін әртүрлі қосымша ақыларды белгілеуге құқылы, тек қана бұл жағдайлар құжаттарда көрсетілуі тиіс; жалдаған жұмысшыларға қосымша демалыс беруге; еңбек заңына сәйкес жұмысшыларды келісім шарт арқылы жалдауға, жұмысқа алуға; белгіленген тәртіпке сай сыртқы экономикалық, сыртқы сауда қызметімен айналысуға, кез келгенбанктен өз есеп шотын ашуға; ҚР билік ұйымдары қабылдаған заңдарға сай қаржылық - несиелік, мүліктік - материалдық, басқа да мемлекеттік қолдау түрлерін пайдалануға; өнім өндіруге, қызмет көрсету, басқа да жұмыстар орындау үшін мемлекеттен тапсырыс алуға, зейнеткерлік, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыруға, өз құқықтарын қорғауға.

Жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлер сияқты жоғарыда айтылғандармен бірге, басқа да құқықтары бар: өздері сенім білдірген серіктермен бірге толық серіктестікке қатыса алады; белгіленген тәртіпке сай арбитражды басқарушы (ішкі, сыртқы, конкурс бойынша) бола алады; бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады; аудиторлық қызметпен шұғылдана алады.

Кәсіпкерлердің міндеті:

белгіленген уақытта салық органына, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларды тіркелу;

бекітілген заңдылықтарға байланысты белгіленген мөлшерде және уақытында салық төлеу;

салық органына табыс туралы декларацияны және басқа да мәліметтерді мезгілінде тапсырып отыру;

белгілі заңдылықтар мен нормативті актілерге байланысты бухгалтерлік есеп - қисап жүргізіп отыру және қаржылық - шаруашылық есеп дайындау және оның төрт жыл бойы сақтауын қамтамасыз ету;

бухгалтерлік есепте салық органдарының тексеруімен анықталған төмендетіп төленген немесе жасырылған салықтар бойынша түзетулер енгізу;

салық туралы заңдар бұзылған жағдайда салық органының талаптарын бұлжытпай орындау;

ҚР Салық кодексіне сәйкес басқа да салықтық міндеттемелерді орындау;

Заңдарға сйәкес лицензия алғанда тек қана орындалуы мүмкін істерге рұқсат алу;

өндірілген өнімдер, көрсетілген қызметтер белгіленген стандарттарға сай сертификатталған болуы керек;

өндіріс және іс-әрекеттер қоршаған ортаға, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне, тұтынушыларға ешқандай зиян келтірмеуі тиіс;

қажетті санитарлық - гигиеналық, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі жағдайлары сақталуы тиіс;

кәсіби жұмысшылармен немесе ұйымдармен келісімшарт жасап, оны белгіленген уақытында орындау;

тарау нарығында жасанды монополияға, бәсекелестікке жол бермеу, нарықта үстемдігін көрсетпеу, бәсекелестікті шектейтін келісімдер жасамау;

монополиялық баға белгілеу, мемлекет тарапынан баға реттеу заңдылықтарын сақтау;

белгіленген тәртіп бойынша шығындар мен табысьарды есептеп отыру;

келісімдер мен кәсіпкерлік келісім шарттарды заңдылықтарға сәйкес жүргізу; өз тауарларына ғана тән қасиеттерін жарнамалау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жағдайлар
Жеке табыс салығы
Салық төлегендегі жеңілдіктер
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Салық түсінігі және түрлері
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ
Кәсіпкерліктің субъектілері мен объектілері
Қазақстанда арнаулы салық режимдерін ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызметті жетілдірудегі салық режимінің маңызын ашып көрсету және тиімді жүйесін ұсыну
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ЕСЕП ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРБИЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz