Кәсіпорын қаржылық нәтижесінің қалыптасуы



1 Шаруашылық субъектілерінің қызметін зерттеуде қаржы нәтижелері есебі
2 Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес табыстар мен шығындар есебінің міндеттері
3 Кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне факторлар әсері
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «алдымен экономика, содан кейін саясат» қағидасына сәйкес қазіргі нарықтық жағдайда бухгалтерлік есептің дәлдігі мен анықтылығы пайда табуды көздеген шаруашылық субъектілерінде маңызды орын алады. Бухгалтерлік есеп стандарттарындағы жалпы қағидаттар мен ережелер негізінде, субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының бас жоспары, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» заңына сәйкес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша білікті органдардың басылымдарындағы нұсқаулар, ережелер және рекомендациялар бойынша құралады. Республикамыздғы бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде халықаралық бухгалтерлік стандартқа жақын қарастырылған.
1. Әбдіманапов Ә.Қаржылық есеп: Оқулық – Алматы, 2007.417-438 б.
2. Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж. №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы(өзгерістер және толықтырулармен). URL: www.mf.minfin.kz.
3. 18-ХҚЕС (IAS 18) «Табыс».URL: www.mf.minfin.kz.
4. 1- ХҚЕС (IAS 1) «Қаржы Есептілігін Ұсыну».URL: www.mf.minfin.kz
5. Тегін материалдар. URL: http://kk.convdocs.org/docs/index-20409.html?page=9

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорын қаржылық нәтижесінің қалыптасуы

Садықова П.А.
Экономика факультеті,
Есеп, аудит және талдау
кафедрасының 2-курс студенті
Ғылыми жетекші: Таштанова Н.Н.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Астана, Қазақстан m_famous@mail.ru

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алдымен экономика, содан кейін саясат
қағидасына сәйкес қазіргі нарықтық жағдайда бухгалтерлік есептің дәлдігі
мен анықтылығы пайда табуды көздеген шаруашылық субъектілерінде маңызды
орын алады. Бухгалтерлік есеп стандарттарындағы жалпы қағидаттар мен
ережелер негізінде, субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметінің
бухгалтерлік есебі шоттарының бас жоспары, Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлік есеп туралы, Салық және басқа да бюджетке міндетті
төлемдер заңына сәйкес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп бойынша білікті органдардың басылымдарындағы нұсқаулар,
ережелер және рекомендациялар бойынша құралады. Республикамыздғы
бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде халықаралық бухгалтерлік
стандартқа жақын қарастырылған.
Шаруашылық субъектілерінің қызметін зерттеуде қаржы нәтижелері есебі
өте маңызды рөл атқарады. Себебі, ол қолданушылардың өз қызметіне
экономикалық шешім қабылдауы үшін үлкен көмегін тигізеді.Қаржылық нәтижелер
көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін
сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының
дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады. Пайданың өсуі өз-
өзін қаржыландыру, өндірісті кеңейту, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және
жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері үшін қаржылық базаны
қлыптастырады. Пайданың есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар
мен ұыймдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша
пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің
бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі
мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды.Сонымен қатар, қаржылық
нәтижені есептеу мен талдау арқылы ұйымдардың ресурстық базасын
қалыптастыру жөніндегі мүмкіндігін және түсетін ақша ағынын болжауға да
болады.
Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (атқарылған
жұмыс,көрсетілген қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған
нәтижелер сомасы ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан
болған табыстар мен шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда
немесе шығын болғандықтан құжат талдаушы адамға бұл кәсіпорын табыс немесе
(шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы
жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі
бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға беруде негізгі көрсеткіш.
Жұмыста кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің есебін
ұйымдастыруды, оны бағалауды және кәсіпорынның пайдасы мен шығындарына
экономикалық сипаттама беру, оларды тану қағидалары мен табысты тану және
жетілдіру жолдарын қарастырылады. Осы ретте пайда және оның мәнін,
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесінің қалыптасу тәртібі мен құрылымын,
сатудан пайда болған қаржылық нәтиженің есебін, орындалмаған және өзге де
операциялардың кірістері мен шығыстарының есебін, пайданы есепті кезең
ішінде қолдану есебін, өндірілген өнімдерді, тауарлар, жұмыстар,
қызметтердің өзіндік құнын және оларды сатудағы жұмсалған шығындар есебін
есептеу, өндірістік және кезеңдік шығындардың туындауын сипаттау,
жұмсалынған шығындарды түскен табыстар мен теңестіру сабақтастығын көрсету
және бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебінің тәртібі негізге алынады.
Ұымдардың қаржылық қорытындысы жөніндегі қызметінің нәтижесі және
ұйымның тапқан таза пайдасының көлемі жөніндегі мәліметтер экономикалық
ресурстардың потенциалды өзгеріске түсуі мен көбеюін
сипаттайды.Экономикалық тұрғыдан қарағанда – табыс ұйымның меншігіне
түсетін қаражаттар сапасында танылады.Қаражаттар активтердің көбеюін
көрсетеді.Ұымның құрылған күніндегі құрылтайшылардың салған қаражаты табыс
болып танылады.Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден
немесе басқа да заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттар да табыс
сипатында болады [1, б. 417].
Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес табыстар мен шығындар есебінің
міндеттері кәсіпорынның барлық табысы мен шығыны туралы есепті жүйелі түрде
жасап, ұсыну үшін табыстар мен шығындар туралы есептің белгілі бір баптарын
жіктеу, ашу мен есепке алу тәртібін анықтау болып табылады.
Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң
өлшемiмен тiкелей байланысты элементтері Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы
№234 Заңның 3-тараудың қаржылық есептілік элементтері 13-бабында - кірістер
мен шығыстарға анықтама берілген. Кiрiстер - есептi кезең iшiнде
активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында
экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың
жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.
Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы
немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалык пайданың азаюы,
олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше
капиталдың азаюына әкеп соғады [2].
Табысқа компанияның түсімі де, басқа түсімдер де кіреді. Компанияның
табысы - олар қызметтің әдеттегі түрлерінен келіп түскен қаражаттың түсуі,
олар әр түрлі аталады, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және
лицензиялық төлемдер.
Қаржылық есептіліктің 18 Табыс халықаралық стандартына сәйкес табыс
ұйымның әдеттегі қызметі барысында, акционерлердің жарналары есебінен
болатын капитал ұлғаюларына әкелетін кезең ішіндегі экономикалық пайданың
жалпы ағыны деп аталады [3].
Пайда,шығыс және жиынтық табыс есептемесінде келесідей:
(а) табыс және шығыс
(б) жалпы жиынтық табыс
(с) жиынтық табыстың бір мерзімдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық стратегияның түрлері
Қаржылық менеджменттің механизмі
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Аудиттің мәні
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Дайын өнім
Тәуекелді басқару
Кәсіпорынның қызметінің мазмұны және жылдық жоспардың көрсеткіші жүзеге асыру
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Қаржы менеджменті. Оқу құралы
Пәндер