Кәсіпорын табысының қалыптасуы мен бөліну жүйесі


Кіріспе
Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның бөлінуі оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады. Кәсіпорынның табысы сол кәсіпорынның «табыстар және шығындар есебінде» көрсетіледі. Оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс, сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивидендтерден алынуы мүмкін. Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады. Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сату кезінде қолданылатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан кейін түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде ғана табыс деп саналады: табыс сомасын жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және кандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісімшартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді. Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте өнім берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс болып та танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын мүмкіншілігіне қарай ең төмен деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН БӨЛІНУ ЖҮЙЕСІ
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
• есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі жоғары деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
• мәмшені жүргізу кезінде жұмсалған шығындары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығындары да жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Егер ол мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы және оның тәсіліне, күтілетін өтеліміне әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша ортак шешімге келген жағдайда қол жеткізе алатын болса, онда субъект барынша жоғары дәлдік деңгейде табысын анықтай алады. Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:
• белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған төлемдердің пайыздық қатынасы;
• белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздьщ қатынасы;
• орындалған жұмысты талдау.
Алдын ала төленген төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды. Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде жоғары деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда табыс жұмсалған шығын мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығынның орнын жабады. Кәсіпорынның жылдық жиынтық табыс түрлеріне келесілер кіреді: - тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетуді) сатудан түскен табыстар; - үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтерді сатқандағы бағаның өсуінен түскен табыстар; - міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар; - Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар; - Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар; - Банктер жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар; - Борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар; - Кәсіпкерлік іс-әрекетті шектеу немесе тоқтатуға келіскеннен түскен табыстар; - Ішкі топтағы құндық теңдестіктегі бағадан істен шыққан активтердің бағасының жоғары болуынан түскен табыстар; - Кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығындар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылган соманың асып түсуінен алынатын табыстар; - Ортақ меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар; - Бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге жазалау шаралардың басқа да түрлері, егер бұрын осы сомалар шегеріліп тасталмаған болса; - Бұрын жасалган шегерімдер бойынша алынган өтемдер; - Тегін алынган мүлік, орындалган жұмыстар, көрсетілген қызметтер; - Дивидендтер; - Пайыздар түріндегі табыс; - Оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдьқ айырма сомасынан асып кетуі; - Ұтыстар; - Роялти; - Әлеуметтік сала нысандарын пайдалану кезінде алынған табыстардың шығындардан артығы да табыс болып саналады. Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объекті ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы - салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау кәсіпорынның құзіретіне жатады. Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер: • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді; • мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді; • салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек; • шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі кәсіпорынның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді. Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (пайда) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады. Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті табыстылығын арттырудың алғышарты болып табылады. Сондай-ақ, табыстың бөлінуі тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
Корпорация табыстарының қалыптасуы және бөлінуі
1. Кәсіпкерліктің дамуындағы табыстың орны. Корпорацияның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Корпорацияның табыстылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар мен пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде табыстар ұғымы келесідегідей түрде анықталады:
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылық қайтарымдылық деңгейі мен осы корпорацияның активтеріне саплынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Сонымен корпорация табыстарына есепті кезеңдегі активтердің көбеюі /ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын/ және міндеттемелердің азаюы /өтелінуі/ негізінде капиталдың көбеюін /үлес қосушылардың жарналарынан басқа/ яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай табыстарға:
- дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
- қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
- дивиденттер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және т. б. табыстар жатады.
2. Корпорация табысының жіктелуі және рентабельділігі.
Корпорация табыстары негізгі қызметтен түскен және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болып бөлінеді.
Корпорацияның негізгі қызметтен алынатын табыстары - олардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.
Негізгі қызметтен алынған табыстарға корпорация жүйесінде келесілер жатады:
- дайын өнімді /жұмысты, қызметті/ сатудан түскен табыстар;
- сатылып алынған тауарларды сатудан түскен табыстар;
- құрылыс-монтаж, ғылыми-іздестіру, геологиялық барлау және т. б. болған табыстар;
- көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтен түскен табыстар;
- жалға байланысты алынған табыстар;
- байланыс ұйымдарының қызметінен түскен табыстар;
- сақтандыру компанияларының қызметінен түскен табыстар;
- инвестициялық қызметтен түскен табыстар;
Бұл табыстардың барлық түрлері үшін корпорацияның бухгалтериясында жекеленген бухгалтерлік шоттар ашылады.
Ал корпорацияның негізгі емес қызметінен түскен табыстары дегеніміз - субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстарын айтады.
Оларға: -корпорацияның материалдық емес активтерін сатудан түскен табыстар;
- негізгі құралдарды сатудан түскен табыстар;
- құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар;
- акциялар бойынша дивиденттер мен пайыздардан түскен табыстар;
- курстық айырмашылықтан түскен табыстар және т. б.
Сонымен қатар, корпорацияның мұндай табыстарына басқа заңды және жеке тұлғалардан тегін келіп түскен материалдық емес активтер, негізгі құралдавр, материалдар, ақша қаражаттары, айыппұлдар, өсімақылар және т. б. төлемдер жатады.
Жалпы кез-келген корпорацияда пайда көрсеткіштері экономикалық мазмұнына қарай, функционалдық мағынасына қарай келесі көрсеткіштерге бөлінеді: барлық есептеулердің негізгі базасы ретінде - баланстық пайда табылады, яғни корпорацияның өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіші.
Жалпы пайда - өнімді өткізуден түскен пайда сомасы, негізгі құралдар және тағы басқа корпорацияның сатудан тыс операцияларынан түскен кіріс болып табылады. Бірақ жалпы пайда корпорацияның бухгалтерлік есеп беруінде көрініс таппайтын болғандықтан, корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетіледі. Ол нормативті құжаттарға сәйкес, яғни стандарт бойынша баланстық пайда деп аталады.
Салық салу мақсатына байланысты арналған көрсеткіш - жалпы пайда, ал оның негізінде салық салынатын және салынбайтын пайда болып бөлінеді. Салық салудан кейінгі және басқа да бюджет төлемдерінен кейінгі корпорацияның өзінде қалатын пайда таза пайда болып табылады. Бұл корпорация қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады
Корпорациядағы таза пайда келесі көздер бойынша бөлінуі мүмкін:
-резервтік капиталға;
-дивидендтер төлеуге;
-тұтыну және әлеуметтік қажеттіліктерге;
-өндірістік құралдар сатып алуға;
-кейінге қалдырылған несие төлемдерін жүзеге асыруға және т. б.
Корпорация табыстылығын жалпы бағалау үшін активтердің рентабельділігі анықталады. Рентабелділік - шығарылған өнімнің табыстылық дәрежесін сипаттайтын өндіріс тиімділігіне қатысты көрсеткіш. Рентабелділік көрсеткіші сауда-өндірістік процесстің табыстылығын, пайдалылығын көрсетеді. Ол келесі формула бойынша анықталады:
Р = Пайда / Өнімнің өзіндік құны * 100
Осыған байланысты әр түрлі дәрежелердің рентабелділігі анықталады:
Капитал рентабелділігі = таза пайда / таза активтер *100
Бұл көрсеткіш корпорацияның барлық салаларындағы жеке және заемддық капиталдарды, яғни ұзақ мерзімді негіздегі жұмылдырылған капиталдардың табыстылығын бағалауға арналған.
Сату рентабелділігі = сатудан түскен пайда / сатудан түскен түсім *100
Сату рентабелділігі корпорация қызметінің негізгі табыстылығын сипаттайды. Менеджерлер бұл көрсеткіштерді баға арасындағы, өткізілген тауар саны және көлемі арасындағы байланысты бақылау үшін қолданылады.
Ра=(ТТ/А) *100,
мұндағы: Ра - активтердің рентабельділігі; ТТ - таза табыс; А - активтердің құны.
Активтердің рентабельділігімен қатар тәжірибеде өнімнің рентабельділігі кеңінен қолданылады. Ол келесі формуламен анықталады:
Рө=(ЖТ/ӨҚ) *100,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz