Конвейер көлігін автоматтандыру



Кіріспе
1. Конвейер көлігін автоматтандыруға қойылатын талаптар
2. Автоматтандыру құралдары
3. Автоматтандырудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Конвейерлерді жазық және көлбеу қазбаларының қазып алу алаптары мен панелдерінде, сонымен қатар күрделі еңістіктерде, бремсбергтерде және еңістігі 18° болатын көлбеу оқпандарда көмірді тасымалдау үшін кеңінен қолданады. Конвейерлі көлік кенішті шахталардың өндіру учаскелерінде, әсіресе магистральды қазбаларда және үлкен жүк ағымы кезінде көлбеу сқпандарда (6000 т/сағ), сол сияқты салыстырмалы қысқа қашықтықтарда (3000 м) жиі қолданысқа ие болды. Конвейерлер сол сияқты жер бетіндегі үсатқыш-сүрьштау және байыту фабрикаларындағы технологиялық көліктік комплекстерде кеңінен пайдаланылады.
Кеніштік шахталарда конвейерлерді қолдану қазьш алу блоктарында кен құдықтардың санын азайтуға және руданы шығару қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Статистика көрсеткіші бойынша конвейерлеу кезінде көліктегі зақымданушылықты анағүрлым азайтуға болатынын айтады.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Конвейерлерді жазық және көлбеу қазбаларының қазып алу алаптары мен панелдерінде, сонымен қатар күрделі еңістіктерде, бремсбергтерде және еңістігі 18° болатын көлбеу оқпандарда көмірді тасымалдау үшін кеңінен қолданады. Конвейерлі көлік кенішті шахталардың өндіру учаскелерінде, әсіресе магистральды қазбаларда және үлкен жүк ағымы кезінде көлбеу сқпандарда (6000 тсағ), сол сияқты салыстырмалы қысқа қашықтықтарда (3000 м) жиі қолданысқа ие болды. Конвейерлер сол сияқты жер бетіндегі үсатқыш-сүрьштау және байыту фабрикаларындағы технологиялық көліктік комплекстерде кеңінен пайдаланылады.
Кеніштік шахталарда конвейерлерді қолдану қазьш алу блоктарында кен құдықтардың санын азайтуға және руданы шығару қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Статистика көрсеткіші бойынша конвейерлеу кезінде көліктегі зақымданушылықты анағүрлым азайтуға болатынын айтады.

1. Конвейер көлігін автоматтандыруға қойылатын талаптар

Конвейер көлігін автоматтандыру құралдарына конвейер желілерін және жеке ковейерлерді аралықтан басқару жүйелері, конвейер қондырғыларында жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері, конвейер қондырғыларының жеке бөліктерінің күйін автоматты бақылау аппаратурасы, сынып қалу кезінде немесе олардың қалыпты жұмыс режимінен ауытқыған кезде конвейерлерді автоматты өшіруді жүзеге асыратын аппаратуралар жатады.
Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жеке конвейерлерді немесе конвейер желілерін автоматты не аралықтан басқару аппаруталары ұзақтығы 5 с кем емес іске қосу алдындағы ескертуші дыбыстық сигналдарды беруді, конвейерлердің және қайта тиеу пункттерінің тасымалданатын жүкпен көміліп басылып қалуын болдырмау үшін конвейер желілерін қажетті ретімен қосуын, жұмыстан шығып қалған конвейерлердің барлығын дер кезінде өшіруді, олардың қайтадан қосылып кетуін болдырмауды, гидро муфталарда майдың рұқсат етілген температурадан артып кетуін болдырмауды, созылып қосылған конвейерлердің таспа жылдамдығын қалыпты жағдайдың 75% дейін төмендетуді, бремсбергтік конвейерлердің таспа жылдамдығы қалыпты жылдамдықтан 8% - ке артып кетуін болдырмауды, жетекті конвейер ұзындығының кез-келген нүктесінде өшіруді, конвейер жетектерін орнату орындары мен басқару пульті арасындағы екі жақты телефондық байланысты қамтамасыз ету керек.
Аралықтан басқару аппаратурасы жөндеу, байқау, сынау және реттеу кезінде жеке конвейерлерді қолмен басқаруға өтуге мүмкіндік беруі керек.

2. Автоматтандыру құралдары

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау үшін мынадай автоматтандыру құралдары жасалған.
Жылдамдық релесі ысырмалы, тақташалы және таспалы конвейерлердің тартқыш органдарының қозғалысын бақылап отыруға арналған.
Шынжырлы тартқыш орган қозғалысын бақылап отыру үшін әдетте сезімтал элементі магнитті индуктивті бергіш болатын аппаратура қолданылады. Бір жынжырлы конвейерлерде бұл бергіш конвейерлердің бірінші төменгі рештагында (тор көзінде) бас жетектің артында бос шынжырлы орган тарамының астында орнатылады. Шынжыр үзілген кезде аппаратураның магниттік жүйесінің тепе-теңдігі бұзылып, бергіш конвейер жетегін өшіруге импульс береді.
Конвейер таспасының жылдамдығы мен қозғалысын бақылап отыру үшін конвейердің бас жетегінің маңында таспаның жұмыстық және бос тарамдарының арасында орнатылған тахогенераторлы бергіштер кең қолданысқа ие болды.
Бергіштің ролигі серіппемен таспаға қысылып, ал бергіш айналу кезінде белгілі параметрлері бар айналымы токты жасап шығарады. Таспа жылдамдығы өзгерген кезде токтың параметрлері өзгереді, бұл арнайы аспаптармен белгіленіп конвейерді өшіруге команда (белгі) береді.
Шынжырлы тартқыш органдардың күйін автоматты бақылау аппаратурасы бірнеше тартқыш шынжырлары бар конвейерлер үшін арналған. Бұл аппаратурада мынадай бақылау түрлері пайдаланылады: жетекші жұлдызшалар тірегінде асимметриялар реакцияларын, ысырмалардың қиғаштануын, шынжыр қозғалысының үздіксіздігін, бергіштің үстіне шынжырдың бар болуын бақылау. Осылардың ішіндегі ең кең таралғандары соңғы үшеуі. Бұл кезде конвейердің әр жүк тарамы шынжырының астына индукциялы бергіштер орнатылады, олар тарам үстінде шынжырдың болуын бақылайды, ал бос тарамға - шынжыр қозғалысын бақылайтын бергіш орнатылады (әдетте магнитті индукциялы).
Шынжырлардың біреуінің үзілген учаскесі шынжырдың болуын тексеретін бергіштің үстімен өткен кезде немесе шынжырлардың екеуі де үзілген кезде (бұл бос тарамның тоқтауына әкеліп соғады) бергіштер конвейер жетегінің өшірілуіне импульстер береді.
Екі магнитті индукциялы бергіштерден тұратын блокты пайдаланатын аппаратура жасалып шығарылған, олар ысырмалы шынжырлардың қозғалысын, тартқыш шынжырлардың біреуінің немесе екеуінің де үзілуін, шынжырда кейбір ысырмалардың жоқтығын, ысырмалы шынжырдың дұрыс жиналуын бақылап отырады.
Кептелуді (қақалуды) бақылаушы датчиктер (бергіштер) конвейер желілеріндегі тиеуші құрылғылардың қақалып қалуын болдырмау үшін арналған. Шарикті түйіспелі элементі бар датчиктер кең таралған, ол жүктің рұқсат етілген деңгей биіктігінде қайта тиеу пунктінің үстінде сым арқанға ілінеді. Осы деңгейден асып кеткен кезде жүк элементті ауытқытып датчиктің шаригі түйіспелі тірекпен сырғып түседі де реле тізбегіндегі сәйкес конвейердің жетегін өшіретін түйіспелерді тұйықтайды.
Конвейер таспасының шығып кетуін бақылайтын датчик әдетте дефлекторлы роликтер түрінде орындалады, олар бір жағына қарай шығып кеткен таспаның әсерінен басқару тізбегіндегі түйіспелерді ажыратып конвейерді өшіреді.
Таспалы конвейерлерді температуралық қорғау аппаратурасы жетекші барабанның температурасын бақылау аспабынан және атқарушы аппаратураға жылуға бағынышты сигналдарды беретін құралдардан тұрады.
Датчик ретінде жетекші барабанның ернеушесіне бекітілген биметаллды термо түйіспе қызмет атқарады.
Барабан бойынша конвейер таспасының шамадан тыс тайғанақтап тығылған кезде барабан ернеушесі үйкелістен қызып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көп қозғалтқышты ленталы конвейерлерде жүктемелердің таратылуы
Транспорт түрлері және тасымалдау қондырғыларын таңдау
Ленталы конвейер
Сарыағаш кәсіпорны жағдайында минералды су өндіріснің технологиялық үрдісін автоматтандыру тақырыбындағы дипломалды практика есебі
Металлургиялық кәсіпорын көліктері
Қарағанды облысының Саран қаласындағы көмір өндіру кәсіпорны
КЕРАМИКАЛЫҚ КІРПІШ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ
Таспалы конвейер құрылысы
Ұңғыма тесудің ендігі бір тәсілі айналымды бұрғылау
Конвейер қондырғысының сипаттамасы
Пәндер