Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы



1 Геологиялық даму барысы
2 Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі
3 Жас платформалар
4 Палеозой қатпарлығының аймақтары
Бұрынғы сыныптардағы физикалық география сабақтарынан жер қыртысы мен жер беті миллиондаған жыл бойы геологиялық дамудан өткенін білдіңдер. Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін әлденеше рет су басып, кейіннен теңіз табаны кұрлыққа айналған. Осының нәтижесінде, теңіз бен кұрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген.

Палеозойға дейін, яғни архей және протерозой эраларында, республика аумағын тұтастай дерлік теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған белігі (учаскесі) Шығыс Еуропа (Орыс) платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозойдың басынан бастап платформаның бұл аймағы біртіндеп төмен түсіп, оның бетін теңіз суы басты. Теңіз түбіне жиналған шөгінді жыныстар платформаның қазіргі шөгінді жамылғысын құрайды. Палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды. Бұл эрада дамыған геосинклиналды аймақтарда орын алған қатпарлықтар — каледон, герцин қатпарлықтары деп аталады.

Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы[өңдеу]

Бұрынғы сыныптардағы физикалық география сабақтарынан жер қыртысы мен жер беті миллиондаған жыл бойы геологиялық дамудан өткенін білдіңдер. Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін әлденеше рет су басып, кейіннен теңіз табаны кұрлыққа айналған. Осының нәтижесінде, теңіз бен кұрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген.

Палеозойға дейін, яғни архей және протерозой эраларында, республика аумағын тұтастай дерлік теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған белігі (учаскесі) Шығыс Еуропа (Орыс) платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозойдың басынан бастап платформаның бұл аймағы біртіндеп төмен түсіп, оның бетін теңіз суы басты. Теңіз түбіне жиналған шөгінді жыныстар платформаның қазіргі шөгінді жамылғысын құрайды. Палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды. Бұл эрада дамыған геосинклиналды аймақтарда орын алған қатпарлықтар -- каледон, герцин қатпарлықтары деп аталады.

Палеозойдың алғашқы жартысында каледондық тау түзілу кезінде қозғалмалы кұрлықтар қалыптаса бастады. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиндер орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау жүйелері құрылған.

Теңіз біртебірте тартылып, кұрлық көлемі ұлғая берген. Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы да көтерілуге ұшырады. Жанартаудын, әрекетіне байланысты пайдалы кен казба байлықтары пайда болды. Тектоникалық козғалыстардың әрекетінен пайда болған жарьщтақтардағы магмалық жыныстар магний мен темір элементтеріне бай болып келеді.

Палеозойдың аяғына таман жүзеге асқан герциндік тау түзілу процесі кезінде Алтай және Жетісу Алатауы, Сарыарканың шығыс бөлігі және Мүғалжар өңірлері көтерілді. Бұл кезеңде Қазақстанның едәуір бөлігі жер қыртысының тұрақтаған бөлігіне айналып біршама көтерілген соң, оны екінші қайтара теңіз суы басқан жоқ. Осы кезеңде республиканың батысындағы Шығыс Еуропа платформасы мен Еуразияның солтүстік-шығысындағы Сібір платформасы көтеріле бастады.

Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан. Осы эраның аяғында көптеген шығанақтар пайда болып, теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтыған. Онда өзендердің қүрлықтан ағызып алып келген шөгінділері жиналған. Мезозой эрасы жер кыртысының салыстырмалы түрде тыныш кезеңі болған:бұл кезде тектоникалык козғалыстар баяу болған, бірде-бір тау жүйесі түзілмеген. Палеозойда құрылған тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліске ұшырап, мезозойдың аяқ шенінде Қазақстан жері біршама тегіс аймакка айналған.

Кайнозой эрасының басында (палеоген) мезозойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол калпында сақталған. Бірақ неоген дөуірінде теңіз суының тартылып таяздауының нәтижесінде Қазақстан жері бірте-бірте біртұтас құрлыққа айналды. Неогеннің аяғында әлденеше рет болған күшті тектоникалық қозғалыс әсерінен альпілік таулар түзілген. Альпілік тау тузілу кезеңінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардын, бірі төмендеп, екіншісі көтерілген. Осы қозғалыстардың нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасқан.

Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы жәнө Тянь-Шань таулары екінші рет көтерілуге ұшыраған. Бұл тау жүйелеріндегі көтеріңкі, аймақтар мен тегістелген жерлер (сырттар) және жоталар бойымен созылған тауаралық ойыстар тау көшірілу нәтижесінде түзілген.

Жер кыртысының қозғалысы мен өзгерісін тектоника ғылымы зерттейді. Жер қыртысы қозғалмалы және салыстырмалы түрде тынышталып тұрактаған бөліктерінен тұратынын білесіңдер. Құрылысы, даму тарихы және пайдалы қазбалары жағынан олардың бір-бірінен үлкен айырмасы бар. Қазақстанда төмендегідей негізгі геотпектоникалық құрылымды аймақтарды ажыратады: платформалар (өте ежелгі - Шығыс Еуропаның және жяс Батыс Сібір мен Тұран) және қатпарлы облыстар (Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мүғалжар, Сарыарқа).
Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі[өңдеу]

Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі. Республика аумағына көне платформаның оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіреді. Бұл Қазақстанның ежелгі бөлігі, ол архей және ерте протерозойда қалыптасқан. Платформа ауқымында Каспий маңы ойпаты мен Орал алды (Жем) үстірті орналасқан. Платформа екі қабаттан тұрады. Платформаның төменгі қабатын құрайтын кристалдық катты жыныстардан тұрса, оның үстінде палеозой, мезозой және кайнозой шөгінді жыныстары жауып жатыр, оның калыңдығы 22 км-ден асады.
Жас платформалар[өңдеу]

Жас платформалар. Қазақстанда ежелгі платформадан баска жас платформалар (плиталар) да бар (кітаптағы тектоникалық картадан Батыс Сібір және Тұран плиталарын табыңдар). Палеозойда, бұрынғы жазықтардың орнында таулар пайда болған. Ол таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасымалданып, ойыстарды толтырып жазыққа айналған. Осының нәтижесінде жас платформалар қалыптасады. Палеозойдың көне жыныстары жас платформалардың іргетасын кұрайды. Оның бетін кейінгі мезозой мен кайнозойдың шөгінді жыныстары жауып жатыр.

Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір плитасы шөгінділерінің калыңдығы 200-1000 м ғана болады. Түран пли- тасының қүрылысы күрделірек. Оның кейбір жерлерінде шөгінді кабаттардың қалыңдығы 4 км-ге жетеді, ал енді бір жерлерде жер бетіне өте жақын орналасқан.
Палеозой қатпарлығының аймақтары[өңдеу]

Алғашқы кезде бұл аймақтардың даму дәрежесі ұзак уақыт бір деңгейде болып, теңіз суы басып жатқан. Кейін ұлан-байтак теңіз орнында таулар пайда бола бастады.

Каледон (ерте палеозой) қатпарлы аймағы Сарыарканың солтүстік-батысы мен Тянь-Шаньның солтүстік бөлігін камтыған. Герцин (кейінгі палеозой) қатпарлы аймағына Мүғал- жар, Сарыарканың шығыс бөлігі, Тянь-Шаньның батыс жоталары, Жетісу Алатауы, Сауыр мен Алтай таулары кірген. Бұл аймақтардың негізін құрайтын тау жыныстары көп жерлерде жер бетіне шығып жатады, ал ойыс жерлері мезозой және кайнозойдың борпылдақ жыныстары жауып жатыр.
Кайнозойлық құрылымдар[өңдеу]

Кайнозой эрасында, яғни ең жас альпілік қатпарлықта Балқаш-Алакөл және Жайсан тауаралық ірі қазаншұңқырлары қалыптасты. Олар палеоген, неоген және антропоген кезеңдерінде өзен түбінде түзілген шегінді жыныстардың қалың қабатымен толтырылған. Кейін болған тауқүрылулар тау рельефін жасартуға үлкен әсерін тигізді. Каледон және герцин қатпарлықтарындағы көтеріліп үгіліп қираған таулар енді қайта көтерілді. Неоген мен антропогенде дүркін-дүркін жүрген күшті жаңатектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тауларының қайта жаңғыруы басталды. Тау жасалу қозғалыстары қазір де жүріп жатыр.[1]

Технологиялық модернизация және геологиялық индустрияның дамуы

Қазақстанда 2019 жылға дейін пайдалы қазбалар кен орындарының қорын бағалау және іздеу жұмыстарын қамтитын геологиялық жұмыстарды жүргізуді 164 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделетіні жайлы Қазақстан Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлауда.

Ол туралы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасы Базарбай Нұрабаев VII KAZENERGY Евразиялық Форумының аясында өтіп жатқан дөңгелек үстелде Технологиялық модернизация және геологиялық индустрияның дамуы жөнінде хабарлады. Салалық бағдарлама шеңберіндегі геологиялық барлаудың дамуына 2019 жылға дейін бюджеттен 164 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделген,-деді Нұрабаев.

Оның сөзінше, инвестиция есебінен және ұлттық компаниялар қаржысынан салаға 490 миллиардтан астам теңге инвестициялау жорамалдануда. Бұл сомалар, Комитет басшысы атап өткендей, жаңа перспективадағы учаскелердің геологиялық барлау жұмыстарына бағдарланады.

2014 жылдан бастап ведомствоның қызметі моноқалалар маңайындағыпайдалы қазбалардың кен орындарын анықтауға бағытталады. Ол ең бірінші жұмыстар минералдық-шикізат базаларын толықтыруды қажет ететін Жезқазған, Балқаш, Шығыс Қазақстан және басқа да өңірлерде жүргізілетінін айрықша атап өтті.

20.04.12.

Мұрат ӨМІРСЕРІКОВ, Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор: Табиғи қорлардың таусылатын күні болады
- Еліміздің минералды-шикізат қорларының бүгінгі жағдайы, олардан алынатын өнімдердің бәсекелестік деңгейі қандай?
- Қазақстан минералды-шикізат қорларының көлемі және әр алуандығы жөнінен әлемде жетекші орындардың бірін иеленеді. Барлау жұмыстарының негізінде қуатты мұнай-газ, уран, көмір өнеркәсібі, металға жатпайтын әртүрлі пайдалы қазбаларды, қара, түсті және асыл металл кендерін қазып алу мен оларды өңдеу өнеркәсіптері құрылды. Бұл сала қазірше Қазақстан экономикасының ең басыңқы негізгі бюджет қалыптастырушы секторы болып тұр. Қорғасын, мырыш, мыс, мұнай, хром, темір, марганец, қалайы, алтын, фосфориттер, бор мен калий тұздарының қоры жөнінен біздің еліміз әлемдегі алғашқы он елдің қатарына кіреді. Әсіресе, марганец пен хромның шикізат қоры бәсекеге аса қабілетті. Алайда табиғи қорлар шексіз емес. Оның үстіне соңғы жылдары минералды-шикізат кешенінде пайдаланылған қорлардың орны толмау үрдісі, тау-кен саласындағы көптеген кәсіпорындарда сапалы кеннің жетіспеушілігі байқалады, кеніштерді барлау және әзірлеу жұмыстары көп жағдайда алақол, табиғатқа жаны ашымайтын рақымсыз жер қойнауын пайдаланушылар иелігіне сатып жіберілген. Біздің мамандарымыздың болжауынша, халықтың қазіргі өсуі және тұтынуы жағдайында 2050 жылға қарай пайдаланылатын минералды шикізат қорының көлемі бүгінге дейін қолданылғанының кем дегенде 25 пайызынан, ал ең жоғары болжам бойынша 50 пайызынан асады.
Әлемдік нарықты зерттеу Қазақстанның көптеген кеніштері халықаралық стандарттарға сай келмейтінін, ал олардың өнімдері нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетсіз екенін көрсетті. Бұл бәсекеге қабілетті пайдалы қазба кеніштерін тексеру және іздеу қажеттілігін тудырып отыр. Жылдан-жылға жаңа кеніштерді ашу күрделі әрі қымбат болып бара жатыр. Оның үстіне бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де жеңіл ашылатын кеніштер қоры таусылуға таяу.
- Сонда қалай болмақ, келешекте қазба байлықтарды өндіру мен өңдеу, оларды адамзат игілігіне пайдалану да тоқтай ма? Осы тұрғыдан геологиялық ғылымдардың алдында қандай міндеттер тұр?
- Бірінші кезекте пайдалы қазбаларды іздеу мен барлау жұмыстарын болжаудың стратегиясы мен тактикасын қайта қарау қажет. Тек уақыттан оза дамыған геология ғылымы ғана жаңа кеніштерді ашудың сенімді болжамды қорын негіздеп, сарқылып бара жатқан минералды шикізат қорларының орнын толтыруға, оларды қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтай отырып тиімді пайдалануға мүмкіндік туғыза алады. Өкінішке қарай, бүгінгі күні геологиялық ғылымның кадрлық, ғылыми және шығармашылық әлеуетін белгілі бір деңгейде сақтап қалғанымызбен, қаржыландыру мәселесінде біраз қиындықтар бар екені сыр емес. Сондықтан мемлекеттік құрылымдар, ғылымды ұйымдастырушылар жер қойнауындағы бар байлықты қоғамның игілігіне жұмсаумен айналысатын ғылымның осы саласын жетекші басым бағыт ретінде айқындап, оған деген назарды күшейтуі, барлық күш пен мемлекеттік ақыл-ойды оның шығармашылық әлеуетін толық ашуға жұмылдыруы керек. Жер қойнауы байлықтарын тиімді және кешенді пайдалану оның құрамындағы пайдалы құрамдас бөліктерді толық және кешенді шығарумен қамтамасыз етіледі. Ал республикамыздың минералды-шикізат базасы болжамды қорларда айқындалған әртүрлі қазба байлықтардың жаңа кеніштерін ашу бойынша үлкен әлеуетке ие. Мұндағы түйткілді мәселе - жеңіл ашылатын кеніштер қорының азаюы, пайдалы қазбалар сапасының төмендеуі, білікті мамандардың жетіспеушілігі, салаға 35 жасқа дейінгі жас мамандардың келуінің күрт кеміп кетуі, геология саласындағы ғылыми-зерттеулерді қаржылай қолдаудың төмендігі болып тұр.
Жалпы, геология саласындағы ғылыми-зерттеулер еліміздің минералды-шикізат базасының бәсекеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геологиялық карталарды құруда компьютерлік технологияларды қолдану
Жоңғар алатауына физикалық – географиялық сипаттама
Жоңғар Алатауы
Неотектоника
Іле Fлатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы
Жетісу алатауының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктері
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Іле өзені аңғарының физикалық-географиялық сипаттамасы
Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы
Пәндер