Қазақстандағы қоғамдық-саяси бірлестіктер мен қозғалыстар анализі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№2 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Қазақстандағы қоғамдық-саяси бірлестіктер мен қозғалыстар анализі

Нұсқа №17

Орындаған: Омирова Н. И.

Тексерген: Иманбаева С. Ж

Алматы, 2012

ЖОСПАР

Кіріспе3

Қоғамдық бірлестіктер туралы заң Қазақстанда қоғамдық қозғалыстар құрудың құқықтық негізі ретінде4

Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері6

ҚР-дағы негізгі қоғамдық бірлестіктердің мінездемесі8

Қорытынды10

Пайдаланылған әдебиеттер11

Кіріспе

Қазақстанда құрылған партиялардың саны артуымен қатар көптеген тарихи-ағарту, ұлттық-мәдени, әйелдер, жастар, зейнеткерлер, ардагерлер көзқарастарын білдіретін көптеген қоғамдық ұйымдар құрылады. Сонымен қатар табиғат қорғау, соғысқа қарсы, бейбітшілік үшін көптеген мәселелерді көтеруші ұйымдар да дүниеге келді.

Аталған ұйымдар өздерін саясаттан тыс қоғамдық бірлестіктер деп жариялағанымен көбінесе саяси қызметпен шұғылданды. Дегенмен олардың әрқайсысы өзінің дүниеге келуі мен құрылуын өмірде орын алып отырған саяси қайшылықтың бір көрінісі деп түсіндіруге тырысты. Ал мәселені бұлай қою саяси наразылықтың ауқымын кеңейтуге әсерін тигізбей қоймады.

Қозғалысқа қатысушылардың кең көлемді мәселелерді шешуге талпынғанын атап өттік. Соған қарамай халықты көтерген шақта оларды әрекеттері алдын ала жоспарланған, талқыланған, азаматтардың ой-санасына жеткізілген тұжырымдармен анықталмай, керісінше, сол көшеге шыққан көпшіліктің көңіл - күйі, бір сәттік мақат - мүдделерінің жетегінде кетіп отырды. Мұндай жағдайда әрине асыра сілтеу, орынсыз өкпеге ерік беру, кейбір ашынғандардың қолшоқпарына айналу сияқты келеңсіз көріністерге бой ұру байқалып отырды. Соның көрінісі ретінде ресми рұқсатсыз, келісімсіз ереуіл ұйымдастыру, жиналыстар мен шерулер өткізу, аштық жариялау, әкімшілік ғимараттарын қоршауға алу, үндеулер мен ұрандар үлестіру (жазба түрде) т. б. атауға болады.

Төртінші кезең 1995 жылдың тамызына яғни Қазақстан халқы референдум арқылы жаңа Ата Заңымызды қабылдаған уақыттан басталды. Күшті дамыған Президенттік биліктің қажеттігінен туған аталған құжат өмірге жаңа әсерін тигізеді деп күтілуде. Өмірге келген екі палаталы Парламент биліктер арақатынасының дамуына игі ықпал етуі мүмкін. Жалпы бұл кезең жайлы тұжырым жасауға ерте. Ол болашақ тарихшылар мен саясатшылардың міндеті.

Қазақстанда көппартиялықтың дамуының негізгі кезеңдерімен танысқан соң, бірнеше қозғалыстың тарихына тоқталу қажет.

Қоғамдық бірлестіктер туралы заң Қазақстанда қоғамдық қозғалыстар құрудың құқықтық негізі ретінде

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Соңдықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989 ж. ) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда "Бірлік" деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта "Парасат" деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда "Азат", "Желтоқсан" партиялары солай туған болатын.

Мәселен, Қазақстанның азаматтық"Азат" қозғалысы қоғамдық - саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде кұрылды. Басты мақсатын "Халықаралық, Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, "Желтоқсан", "Алаш" партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға (славяндық "Лад", "Русская община", казактар бірлестіктері) олардың осы тұрғыдағы іс-әрекеттеріне бірнеше рет тойтарыс беруге белсене кірісті.

Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т. с. с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды ді біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: козғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы

Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді.

Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және т. б. ) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

2. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.

3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы) .

4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т. б. ) .

Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні - кәсіподақтар. Кәсіподақ - бір мамаңдықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері

Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идеологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың өкімет басьнда ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Осының нәтижесінде олар капиталистік жүйемен біршама экономикалық одаққа кіргендей болады. Мұндайларды "жауапты" кәсіпорындар деп атайды.

Сонымен қатар үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялар мен сыбайласқан кәсіподақтар да болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. (Мысалы, Италияда) . Мемлекет тарапынан олардың күресіне көмек жасалмайды. Сондықтан олар өкіметке қаймықпай қарсы тұрып өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы мүмкін. Мұндайларды "жауапсыз" кәсіподақтар дейді.

Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік камсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіп шешіледі.

Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Біріншісі - жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде өкіметтен жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жолдан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.

Екіншісі - үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нүқсан келеді.

Үшіншісі - кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басында социал-демократтар отырған елдерде кеңінен қолданады.

Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі саяси өмірде белсенділік танытқанымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давления) жатады. Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдаланады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі - "Халық майдандары". Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатал айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т. б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынадай түрлері болады:

1. Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін әлеуметгік топтардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.

2. Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық майдандарын жатқызуға болады.

3. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936-39 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмылдырды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарыңда фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары аскан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді.

ҚР-дағы негізгі қоғамдық бірлестіктердің мінездемесі

Қоғамдық өңдірістің қиындауы, жұмыскердің біліктілігінің өсуі, жұмыскерлер ассоцациясына, үлкен ұжымдар қызметінің нәтижесіне адамның жауапкершілілігі мен рөлінің артуы, өзара байланыстың күшеюі, кәсіби қызметтің ортақ нәтижелерінің тиімділігінің артуына екі жақты ықпал жұмыс күшін тартушыға, оның денсаулығына, көңіл күйіне, жетістікке жетуіне, өмірлік бағдарларына жету ерекше назар аударуды қажет етті. ХІХ ғ ІІ жартысы мен ХХ ғ басында мемлекеттік органдар және ірі фирмалар білім беру жүйесіне ғана емес, халықты кәсіби дайындауға белсенді түрде қаржыларын сала бастайды, өз кезегінде ХХғ дамыған мемлекеттерде индустриялық қызметтік дамуы адам тәртібінің заңдылықтарын, дамыған және техникалық жабдықталған әлеуметтік сферада зерттелуіне негіз болды. Бұның ең соңғы кезекте орындалған себебі, қызмет индустриясы тауарларға сұраныстың қалыптасуы және дәл болжамды, сондай-ақ қазіргі кездегі адамның өмір сүру ортасының материялы-заттық ортасын қиындату, Координалды өзгерту, оның өмір сүру салтын өзгерту, өмірлік әрекеттерінің кейбір формаларын, өмірлік күшін қалыпта ұстау әдістерін, олардың қалыптасуын талап етеді.

Қазіргі кездегі әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуына, оның қоғамдық жүйесінің қалыптасуына оның қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуына тағы бір фактор өз үлесін қосты. Бұл фактордың мазмұны- ХІХғ еңбектердің өз құқықтары үшін күресті. Қалалардың ірі өндірістердегі жұмысшылар тығыздығының өсуі, жұмысшы таптың ұйымдасуын күшейту, үкімет пен кәсіпкерлерге өз ықпалын тигізді. Ал, соңғыларын әлеуметтік тұрмыстың түрлі формаларын қолдауды талап ететіндігіне сендірді. Пролетарлық революциялар дәуірі өткен жүз жылдықта кең етек жайды. Оның жою қасиеті прогрессивті қоғамдық құрылымына өтудің бейбіт, эволюциялық жолын іздеуді, дәстүрлі және жаңа әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа механизмдердің активизациялады. Әлеуметтік жұмыстың түрлі формаларының кең таралуы, оның объективті қажет қоғамдық құбылысы ретінде әзірленуі, қазіргі замандағы әлеуметтік қарама- қайшылықтарды шешудің негізгі жолы болып есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партия және партиялық жүйелер
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы)
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
Саяси қозғалыстың өшу сатысы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Партиялар мен қозғалыстар
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz