Әлеуметтану бойынша сұрақтар


1. Әлеуметтану ғылым ретінде. Объектісі және пәні
Социология қоғам дамуының заңдарын да ашады жене оларды зерттейді. Осыған орай, социологияны әлеуметтік жүйенің омір сүруі мен дамуының заңдары туралы, сол зандардьщ субъектілерінің, яғни әлеуметтік үлкен және кіші топтардың ғылымы ретінде сипаттауға болады.
Социология пәні жөнінде ғалымдар арасьгада жүзден асқан түрлі пікірлер бар. Оларды екі топ пен бағытқа сыйғызуға болады: 1) ғылымның нәнін анықтауды, ғылымның түбірлі үғымын анықтаумен байланыстырып отырған ғалымдар тобыньщ бағыты. Мысалы, П. Сорокин социологияның пәні тек адамдардың өзара қатынасын, Н. Смелзер - әлеуметтік катынастарды, В. Ядов -қауымдастықты, Г. Осипов - әлеуметтікті қарастыру керек дейді; 2) социология пәнін оздерінің ғылыми зерттеу жүмысыньщ нақты қортьшдысымен байланыстырған ғалымдардьщ пайымдауларын жатқызамыз. Мысалы Э. Дюркгейм - социология пәніне ез зерттеуінің нәтижесі больш табылатын -әлеуметтік фактіні, неміс ғалымы М. Вебер - адамның мінез-қүлкьш, К. Маркс -өлеуметтік жүйе күйіндегі қоғамды және оның қүрыльгмдык элементтерін қарастырған.
Осы түрғыдан қарағанда, социология пәніне мынандай анықтама беруге болады: социология - қоғамның қүрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік зандылықтары жайлы және сол завдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктер және түтас қоғамның өмірі мен өзара карым-қатынастарьгяДа іске асырудьщ жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғалым.
Ғылымнық ішкі логикасын, оның пәні мен әдістерінің сипатын ашатын, әлеуметгік қүбылыстар мен процестердіц мәнін танып білудің керегі -социологияның категориялары және заңдары. Категориялар - әлеуметтік . болмыстың мөнді жақтарын, қасиет-белгілерін, құрылымдык элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми үғымдар. Социологияның ең негізгі, мазмүны жағынан көлемді категориясы "әлеуметтік" ұғымы. Бүл үғым "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік қүрылым", "әлеуметтік топ", "әлеуметтік әрекет", "әлеуметтік мінез-қүлык" т-б. көлемді үғымдарды қамтиды.
2 Социологияның құрылымы мен деңгейлері
Социология білімінің құрылымы - қоғамдық құбылыстар мен процесстер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл құрылым әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер туралы жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе бүтін қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі ретінде байқалады.
Социологиялық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде социология зерттейтін объектілер шеңбері ғылыми нәтижелер мен қорытындылар тереңдігінің ерекшелігі.
Социология білімінің құрылым бастауы болып қоғамға тұтас әлеуметтік организм ретіндегі білім шығады. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және өзара байланысы туралы білім. Табиғаттың және қоғамдық қатынастардың мәнін түсіну, қоғамда бар әлеуметтік субъектілердің өзара әрекетінің мәнін терең пайымдауға мүмкіндік береді. Қоғам туралы білім, оның дамуының объективтік заңдарын, қоғам өмірінің негізгі салалары жөніндегі түсінікті және олардың өзара әрекетін, материалдық, саяси және рухани мәдениеттің өзара ықпалы туралы білімді өз бойына жинап сіңірген.
Социология білімі құрылымының келесі жағы болып жекелеген қоғамдық өмір салаларының, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салалардың өмір сүруі мен дамуы туралы түсініктердің өзара байланысы саналады. Белгілі қоғам өмір салаларында болып жатқан процестерге социологтың өз көзқарасы болуы тиіс. Ең алдымен, ол осы салаларда тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың, сонымен қатар жастар, жұмысшы тобының, шаруалардың, зиялы қауымның қызметкерлердің түрлі топтарының өмірлік қызметін және әлеуметтік өзін-өзі көрсетудің мүмкіндіктерін зерттейді.
Социологиялық білім құрылымының маңызды бөлігіне елдегі халықтың әлеуметтік құрамы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы жөніндегі білім жатады. Бұл жерде әңгіме таптар, әлеуметтік үлкен және кіші топтар, кәсіби және демографиялық топтар, олардың экономикалық және саяси қатынастар жүйесіндегі орындары мен өзара іс-әрекеті туралы, сонымен қатар ұлттар, ұлыстар, басқа да этникалық топтар және олардың арасындағы бір-бірімен қатынастары туралы болып отыр.
Келесі бір социология білімінің құрылымын құрайтын - ол саясат социологияға жататын ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар. Мұнда социологияның назары саяси қатынастар жүйесіндегі, әсіресе өкімет билігі қатынастар жүйесіндегі қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының нақты жағдайын анықтауға аударылады. Социолог қоғамда жүріп жатқан саяси процестерге нақты ықпал жасайды. Осы тұрғыдан түрлі саяси партиялар және қозғалыстардың қызметі, қоғамның бүкіл саяси жүйесінің өмір сүруі қарастырылады.
Социология білімінің келесі құрылымы болып қоғамда бар әлеуметтік институттардың, атап айтқанда, мемлекеттің, құқықтың, шіркеудің, мәдениеттің, неке мен отбасының, т. б. қызметі туралы социологтың ғылыми түсінігі және қорытындылары есептеледі. Социологияда әлеуметтік институт деп тірі организмдегі мүше іспеттерді айту қабылданған: бұл белгілі бір уақыт кезеңінде тұрақтылықты сақтайтын және бүкіл әлеуметтік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар қызметінің торабы. Оларда өздеріне сәйкес іштей ұйымдасу қалыптасқан және қоғамдық өмірде өз орнын сақтаған, соған орай ерекше қызметтер атқарады.
Социология білімінің құрылымына социологиялық теориялар мен көзқарастар көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді бөліп айтуға болады:
- жалпы теориялық социология;
- орта деңгейдегі социология теориялары (жеке және арнаулы) . Бұған, мәселен қала социологиясы, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, т. б. жатады;
- нақты социологиялық зерттеулер.
Жалпы социологиялық теориялар, макросоциологиялық зерттеу ретінде қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпы социологиялық теориялар деңгейінде кез келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен өмір сүруінің өте терең себептері туралы, қоғам дамуының қозғаушы күштері, т. б. жөніндегі ғылыми қорытындылар жасалады.
Орта деңгейдегі социологиялық теориялар қоғамдық өмірдің жеке салаларын, жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастырады. Мұндай жағдайда әлеуметтік - экономикалық қатынастар, адамдардың өндірістік қызметі, әсіресе оның әлеуметтік аспектілері, сонымен қатар халықтың әртүрлі категорияларының еңбек жағдайы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, т. б. мәселелерді зерттейді.
Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндет пен мақсатқа сәйкес социология фундаментальды (іргелі) және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Біріншісі қоғам жайлы теориялық және методологиялық білімдер қорытып шығаруға және оларды дамытуға бағытталады, ал қолданбалы социология әлеуметтік өмірді дамытудың практикалық мәселелерін зерттеп, практикалық ақыл-кеңес тұжырымдауға бағытталады. Зерттеудің бұл екеуі де теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізе алады.
3. Қоғам оның негізгі белгілері
Қоғам - нақтылы мүддесі мен тілегіне сәйкес біріккен адамдардың жиынтығы. Бұл қарапайым ғана анықтама. Социологияда қоғам деген түсініктің мазмұны кең, әмбебаптық маңызы бар.
Қоғамды қандай белгісіне қарап ажыратуға болады? Жоғарыда қоғам дегеніміз - жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың арасындағы қалыптасқан байланыстар мен қатынастардың жиынтығы дедік. Егер де әлем картасына осындай байланыстардың жиынтығын енгізсек, онда қоғам дегеніміз - адамдардың тәжірибелік - шаруашылық процесінде қалыптасқан байланыстары мен өзара байланыстарының жиынтығы.
Қоғамның негізгі маңызды белгісі - территория (аймақ), онда әлеуметтік байланыстар іске асырылады. Территория - индивидтер арасында қатынастар мен өзара әрекеттердің қалыптасатын, дамитын әлеуметтік кеңістігінің негізі болды.
Қоғамның екінші ерекшелік белгісі оның ішкі өзара байланыстарының жоғары интенсивтілігін қолдап отыру және ұдайы өндіру қабілеті. Тұрақтылық қоғамның маңызды сипаты деп айтылса да, социологтар оның негіз болатын себептерін түсіндіруде әртүрлі көзқарастарда болды. Э. Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізіне "ұжымдық сананы", ортақ жігердің болуын алады. Р. Мертон болса қоғамның сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті біріктіретін тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын "келелі құндылықтар" арқасында болады деп есептейді. Э. Шилз қоғам бүкіл территорияға бақылау жасайтын және ортақ мәдениетті таңатын тек қана "ортақ биліктің" ықпалымен өмір сүреді деген сенімде болған.
Қоғамның үшінші белгісіне оның автономдығы және өзін-өзі жоғары деңгейде реттеушілігі жатады. Қоғамның автономдығы оның көп функциялылығымен іске асады, яғни индивидтердің алуан түрлі қажеттігін қанағаттандыру үшін керекті жағдайлар жасау қабілетінің болуы және индивидтерге өзін көрсету, өзін бекіту үшін кең мүмкіндіктер жасауы. Қоғам өз ішінде пайда болған және жасалған нормалар мен принциптердің негізінде, институттар мен ұжымдардың арасында реттеліп отырады және басқарылады. Өзін-өзі реттеушілік қоғамның маңызды қасиеті, себебі ол оның дербес өмір сүруіне толық мүмкіндік береді.
Төртіншіден, қоғамды үлкен интеграциялық күш ерекшелейді. Ол әрбір жаңа ұрпақты әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қатынастар жүйесіне қосады, оларды бәрі мойындап қабылдаған нормалар мен ережелерге бағындырады. Аталмыш салалардың арқасында қоғам жаңаны енгізуге қабілетті болады, өйткені ол өзіне жаңа әлеуметтік түзілімдерді, институттарды, нормаларды таңдайды, сөйтіп сол арқылы дамуды жаңалайды және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Қоғам мен тілдің, мәдениеттің шығу тегінің көрінбес жіптермен байланысқан адамдардың өздері оған ұмтылады. Ол адамдарға әдеттегі мінез-құлық үлгілерін қолдануға мүмкіндік береді, тұрақталған принциптерді басшылыққа алдыртады. Қоғамды дамытатын өзіндік заңдар мен заңдылықтар қалыптасады. Солардың бірі - эволюционизм. О. Конт қоғам эволюциясын анықтаушы алғышартқа білімдік прогресті жатқызды. Білімнің теологиялық, мистикалық түрінен позитивтікке, яғни ғылымға қарай дамуы адамның әскери қоғамнан индустриялы қоғамға өтуін қамтамасыз етеді.
Г. Спенсер эволюцияның мәнін қоғамның күрделенуінен, оның ішкі жітелісінің күшеюінен көре білді. Бұл процесс қоғам дамуының әрбір жаңа кезеңінде әлеуметтік организмнің тұтастығын қалпына келтіріп отырады. Әлеуметтік прогресс дегеніміз - Г. Спенсердің сөзімен айтқанда, адамзаттардың еркіндігін көбейтуге жеткізетін күрделі қоғам болады.
Марксизм әлеуметтік дамудың шешуші алғышарты етіп өндіргіш күштерді алған. Өндіргіш күштердің дамуы өндіріс тәсілдерін өзгертуге әкеліп соқтырады, оның нәтижесінде қоғамда
4. Әлеуметтанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны және ерекшелігі
Социология ғылымының қоғамдық ғылымдардың арасында алатын өзіндік орны, атқаратын рөлі бар. Бұл жағдай оның ғылым ретіндегі ерекшелігімен байланысты.
Социология өз алдына жеке - дара дамымайды, ол қоғамдық ғылымдармен үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады.
Әлеуметтік философия мен социологияның объектісін зерттеуде ұқсастық бар. Ал, пәні жағынан екеуі де қоғамдық өмірді зерттейді. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дүние ғаламының ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Ал социология ол проблемаларды әлеуметтік заңдар мен категориялар арқылы зерттейді. Өйткені, социология қоғамдық өмірге нақтылы талдау жасағанда, әлеуметтік философияның қағидалары мен қорытындыларын анықтау, нақтылау арқылы өзінің өмір шындығымен, практикамен байланысын кеңейтіп, тереңдете түседі.
Социология мен тарих өзара бір-біріне әсерін тигізеді. Социологиялық қорытындылар тарихи тәжірибеге, фактілерге сүйенеді, сөйтіп оның табыстарына себепші болады, өмірдің алшақтауына, шамадан тыс абстракциялық жалпылауларға жол бермейді. Социологиялық зерттеулер тарихшыларға тарихи процестерді терең талдауға көмектеседі.
Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар саясаттың субъектісі және объектісі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер - жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Социология әлеуметтік болмысты, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді, ал саясаттану қоғамның саяси болмысын, саяси өмірін зерттейді. Өздерінің пәні мен тәсіліне сәйкес бұлардың әрқайсысы біртұтас қоғамдық құбылыстарды өз тұрғысынан ерекше зерттейді. Политологиялық зерттеулер теориялық және эмпириктік материалдарды жинауды қамтамасыз ете отырып, кең көлемді социологиялық қорытындыларға жол ашады.
Экономикалық және басқа қоғамдық ғылымдар да қоғамның жеке салаларын, бөліктерін зерттейді. Бұлардың социологиядан айырмасы осында. Ал, социология қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе деп қарайтыны белгілі. Экономикалық ғылым материалдық өндірісті, экономикалық қатынастарды зерттейді. Ал, бұлардың өзгерісі әлеуметтік процестерге әсер етеді. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенеді. Социология экономикалық процестердің өзі керісінше, әлеуметтік жағдайлар мен факторлардың әсерінен, олардың өндірісте өнімді бөлісуде, айырбас пен тұтынуда пайдалануынан тәуелді екенін өмірдің өзі дәлелдеуде.
Социологияның дербес ғылым есебінде дамуы статистика, демография, психология басқа да пәндердің қоғамды және адамды зерттейтін жетістігіне сүйенеді. Өз теориясын қоғамдық өмірдің тәжірибесін зерттеу тәсілі, оларды қорыту арқылы дамытад.
Социология ғылым ретінде қоғамда белгілі қызметтер атқарады. Оларды екі топқа бөлуге болады: теориялық - танымдық және басқару - басқарушылық. Жалпы алғанда оның мынандай қызмет түрлері бар: теориялық - зерттеушілер, қолданбалы, ізгілік, болжамдық, идеологиялық, дүниетанымдық т. б. Теориялық, зерттеу қызметі зерттелген проблема туралы түрлі ұсыныстар дайындау, оларды ғылыми зерттеу ретінде әртүрлі формаларда жариялау арқылы іске асырады. Ол зерттеудің бағдарламасы болады, оның құрылымы, мақсаты және міндеті ажыратылады. Сонымен бірге зерттеудің тәсілдері де көрсетіледі.
Социологияның танымдық қызметі әлеуметтік дамудың заңдылықтарын және әлеуметтік құбылыстар мен процестерді өзгерту бағытында болды, зерттеу де соған бағытталады.
5 Қоғамның әлеуметтік құрлымы.
Қоғамның әлеуметтік қүрылымы әлеуметтік жүйенің бөлімі және екі компоненттен түрады: әлеуметтік байланыс жөне әлеуметтік қүрам. Әлеуметтік қүрам - әлеуметтік құрылымды қүрайтын элементтердің жиынтығы. "Структура" (қүрылым) термині - structura латын тілінеп алынған - ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, қүбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір түтастығын білдіретін термин. "Әлеуметтік қүрылым" үғымы сөздің кең және тар мағанасында қодданылады. Кең мағынасында әлеуметтік қүрылым дегенде қоғамның жалпы қүрылысьга, оның демографиялық, таптық, территориялық (латын тілінен аударғанда "жер кеңістігі" деген), этникалық, кәсіби, діни, т. о. күрылымын түсінеді. Тар магынада әлеуметтік қүрылым дегенде таптарға, әлеуметтік қүрылым дегенде таптарға, әлеуметтік жіктер мен топтарға бөлу түсініледі. Сонымен, әлеуметтік күрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің түрақты байланысы. Қоғамның әлеуметтік қүрылымының негізі - белгілі хмортебесі бар және белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын жеке адамдар, ал жеке адамдар - мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді. Әлеуметтік қүрылым қоғамның бірліктерге, тапқа, тоща жікке бөлінуін көрсетеді, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасыньщ да көптеген критерияларына сәйкес әртүрлілігін корсетеді. Әлеуметтік күрылымньщ әрбір элементі өз тарапынан, өзінің байланыстарына қарай күрделі әлеуметгік жүйе. Қоғамдық жүйе деп қарау көптеген бешілі социологтарға тән. Жүйе - өз элементтерінің жиынтығына сәйкес келетін түтастық. Түтастықтык ерекшелігі арнаулы тәсілмен қамтамасыз етіледі, оның бөлімдерінің езара байланысу және езара тәуелділігі арқылы.
Э. Дюркгейм үшін қоғамның мазмүндықты туындайтын элементі, түгастығы үжымдық санамен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік факты, оның өмір сүруі жеке адамдарға әсер етеді. Шындықтың көзі, оның пікірінше, әлеуметтік факт, оны тек қана бақылау процесі мен шектемей, зерттеу кажет.
Т. Парсонстың пікірі бойынша қоғам жүйе есебінде төмендегі кызметті аткарғанДа ғана өмір сүреді: 1) коғам өзгерген жағдайға және адамдардьщ өскен (ночросший) материалдық тілегі бейімделу қабілетіне ие болуы керек, ішкі ресурстарды тиімді үйымдастыруға және болуге қабілетгі болуы; 2) оньгң негізгі мақсат және міндет іске асыруға қабілетті болуы және оларды іске асыратын процестерді қоддауы; 3) жеке адамдардьщ кабылдаған жалпы нормалары мен қүндылыктардың түрақтылығын сактауы; 4) қоғамның интеграциялау қабілетіне, жаңа үрпақты жүйеге тарту қабілетін іске асыруы. Т. Парсонс жүйенің негізгі қызметгерін аныктай отырып, соларды қоғамда іске асыратын орьгадаушыларды іздеді. Алдымен 4 жүйе көрсетеді: (экономика, саясат, мәдениет және ағайьгадық) . Одан әрі әрбір жүйе көлемінде тікелей бейімдеуші, мақсатты тұрактандырушы, интеграцияландырушы әлеуметгік институттарды көрсетеді (завод, банк, партия, мемлекеттік ақпарат, шіркеу, мектеп, отбасы т. б. ) . Қоғамдық жүйенің қызметінің институт және әлеуметтік роль дәрежесінде іске асырылуы қоғамды түрақтандырады, егер де әрбір институттар өзіне тиісті емес қызмет аткарса, қоғамда берекетсіздік пайда болады. (материализуются) . Қоғамньщ өмір сүруін терең түсіну үшін, оларды түсіндіретін ироблемаларға тоқталайық. Адамдар ездерінің нактылы мүддесі арқылы, бірінші жағынан, қоғамныц негізін қүрайды, оньщ өмір сүруіне жағдай жасайды, екінші жағынан, оның өмір і-үруіне кауіп туғызады, түрақсыздық енгізеді. Қоғам тұтас жүйе есебінде өмір сүреді, егер де қоғам мен адамның мүдделері, мақсаттары үштасып жатса ғана. Бүлар жалпылық пән жеке мүдденід арасындағы қайшылықтар. '1'оталитарлық мемлекетте қоғам мен адам мүддесі араласып кетті. Бүл мемлекетті билеупгілерге тиімді болды. Адам мүддесіекінші орьгаға қойылды. Демократиялық мемлекетте екі қарама-кайшы мүдде теңестіріледі, біріне-бірі қарсы қойылмайды. Қүқықтық, әлеуметтік, экономикалық теңдік үстем болады, біртектес үлттық
6. Әлеуметтанудың құрылымы. Әлеуметтанудағы эмпирия және теория проблемалары.
Қазіргі батыс социологиясы шартты түрде екі тең емес бөліктерге - эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді. Кәсіби социологтардың көп бөлігі біріншісімен айналысады. Бұл бөліктердің әрқайсысының табиғаты, тарихи, динамикасы бар.
Эмпирикалық социологияньщ негізін салушылар - Уильям Томас (1863-1947) пен Флориан Знанецкий (1882-1958) . Зерттеу жүргізетін ұйымдарының саны жағынан да, қолданбалы салаға бағытталған студенттерінің саны жағынан да эмпирикалық социология негізінен университеттер мен академиялық институттарға шоғырланған теориялық социологиядан асып түсті. Бірақ дүниені түсінудегі маңызы, саяси және басқа да бағдарламалардың теориялық негіздемелерін қалыптастыруда теориялық социологияның әсері эмпирикалық социологияға қарағанда әддеқайда жоғары.
XX ғасырдағы батыс теориялық социологиясы бағытгарының ішінде мыналарды атап өткен жөн: функционализм, құрылымдық функционализм, конфликтология және "орта деңгей" теориясы. Бұл парадигмалардың бірде біреуі сан қырлы әлеуметтік өмірге әмбебап түсінік бере алмайды, бірақ өз әдістері призмасының арасынан қоғамды түсінудің негізгі мәселелерін көруге мүмкіндік береді.
7. Қоғамның түрлері және қызметі
Үстірт қарағанның өзінде қазіргі қоғамдардың әр апуандығы байқалады. Қоғамдардың айырмасы анық (тілі, қатынаста болуы, мәдениеті, саяси құрылысы және т. т. ), не онша анық емес (тұрақтылық деңгейі, әлеуметтік тұтастыққа бірігу деңгейі) білі-неді. Қоғам аса күрделі, көп деңгейлі құрылым болғандықтан, мұнда қандай да болсын әмбебапты топтастыру мүмкін емес. Көп таралған таптастыру бойынша қоғамдар дәстүрлі және индустриялды түрлеріне бөлінеді.
Бірінші тарихи қоғамды олар аңшылар мен жинаушылар қоғамы деп көрсетті. Осындай қоғамдардың басым көпшілігі көшпелі тұрмыс қалпында өмір сүреді, аңшылықпен айналысады.
Екінші қоғамның түрін олар бақ өсірушілік деп атады.
XVIII гасырдың аяғынан бастап өнеркәсіптік қоғамдардың негізін Үлыбританиядағы индустриялық даму қалады.
Қоғамдардың төрт түрінің өзгешіліктерін (экономикалық, әлеуметтік, саяси, туысқандық тұрғысынан) суреттеу әлеуметтік институттардың өзара байланысты екенін көрсетуге, бір-бірімен өзгеше келісушілікте болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Ф. Теннистің "қауым" және "қоғам" деген ұғымдары дәстүрлі қоғам мен қазіргі қоғамның айырмасын көрсетеді
Қазіргі ең тараған таптастыруда (Д. Белл, А. Турен, У. Ростоу, Р. Арон және басқалары) қоғамдарды дәстүрлі және өнеркәсіптік деп бөледі. Дәстүрлі қоғамға ауыл шаруашылық, эко-номика, көп қозғалмайтын әлеуметтік құрылым, дәстүрге негізделген әлеуметтік-мәдени реттеушілік тән.
Индустриялды (өнеркәсіптік) қоғамдар тікелей ғылыми техникалық дамудың деңгейімен анықталады. Қазіргі дүниедегі ең елеулі тарихи өзгерістер аграрлық дәстүрлі қоғамдардан өнеркәсіптік қоғамдарға өтумен байланысты.
8. Әлеуметтану ғылымының реформа жолындағы рөлі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz