Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары
Ақша-несие саясатының құралдары, типтері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ұлттық Банктің 2007-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
Ұлттық банктің 2007 жылдағы ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Ақша-несие саясаты ел ішіндегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ҚР-дағы ақша-несие саясатын жүргізу, екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау - ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай жетілдіру жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың әр бөліміне тоқтала кетсек:
1-бөлім. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері.
2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты.
3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру.
Курстық жұмыстың жазылу мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын және оның ел экономикасының өрлеуіндегі рөлін талдау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын кейбір жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ақша-несие саясатының теориялық негізін;
- Ұлттық банкпен жүргізілетін ақша-несие саясатының бағыттарын;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қазіргі кезде жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру жолдарын жолдарын қарастыру және талдау.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар, нормативті актілер қолданылды.

1 Ақша-несие саясатының теориялық негізі

1. 1 Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын және оның анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері:
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша-несе саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты;
Рекстикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмыс бастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру;
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас бағамы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә, б, в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін, ресми мүдделендіру мөлшерлемесін деңгейін белгілеу;
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасының белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Пайыз саясаты. ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пе ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы-шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кеінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті. Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді. Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

1. 2 Ақша-несие саясатының құралдары, типтері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша - несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Ақша - несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
Ақша - несие саясатының теориялық негіз
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ашық экономикадағы ақша-несие саясатының дамуының кезеңдері
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz