Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы



КІРІСПЕ

1 САБАҚ . ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ФОРМАСЫ
1.1 Сабақ типтері мен құрылымы
1.2 Сабақта қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының техникалық базасы

2 ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТАР
2.1 Сабақ барысында мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
2.2 Жаңа ақпараттық технологияны қолдана өткізілетін сабақты ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
1. Педагогика. Лекциялар курсы. -Алматы, 2003.
2. Қазақ Совет энциклопедиясы. 12 томдық. —Алматы, 1973
3. Ұзақбаева СА. Эстетикалық жэне экономикалық тәрбие негіздері.-Алматы, 1991.
4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы, 1995.
5. Ұзақбаева СА. Тамыры терең тәрбие. - Алматы, 1995.
6. Макаренко А.С. Методика организации воспитателъного процесса. Собр. соч. - М., 1951.
7. Мусаева СА., Зейдалиева Ж. Қысқаша педагогика-психологиялық сөздік. - Тараз, 2001.
8. Хрестоматия по педагогике. — М., 1972.
9. Лихачев Б.Т. Педагогика. - М., 2000.
10.Атамекен бағдарламасы. —Алматы, 1992.
11. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. — Тараз, 2002.
12. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. -Алматы, 1992.
13. «Қазақстан мектебі» 2007. №3,
14. А. Құдиярова, Ж. Әбиев, С. Бабаев. Педагогика. Дарын-Алматы-2004
15. «Бастауыш мектеп» 2001. №4,
16. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана. Л. Гумилев атындағы ЕАУ, 1998
17. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары. І-ІҮ сыныптар. Алматы.Рес.баспа каб.,1997
18. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы- Алматы,1997
19. Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы. «Қазақстан-2030»
20. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. // Егемен Қазақстан, 1997.
21. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.- НО,1998
22. «Қазақстан мектебі ». 2001, Н. Бегалин
23. «Қазақстан мектебі ». 1999, Ж. Елеубаев
24. «Қазақстан мектебі ». 2006, Е.С. Сағымбаева
25. «Қазақстан мектебі ». 1999, Л.Н. Жарасбаев
26. «Қазақстан мектебі ». 2003, М.Н. Жанғазина
27. ҚР «Білім беру туралы» заңы (1999)
28. ҚР біліс беру мекемелеріндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасы (2001).
29. «Білім беру» бағдарламасы (2000).
30. ҚР білім беруді дамыту тұжырымдамасы (2004-2015), Астана,2003.
31. Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников – М., 1984.
32. Аяғанова Ләйлім. Саралап оқыту әдісі. Б.Барсай. Бастауыш мектеп. №10, 2000 22-23 беттер.
33. Бұзаубақова Қ. Жаңа технолгияны енгізу. Бастауыш мектеп. №10, 2004.
34. Беспалько В.П. Слогаемые педагогической технологии – М., Педагогика 1989.
35. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения. – Актобе, РИПК СО 1999.
36. Жамалбаева С. Модульдік сабақ. Бастауыш мектеп. №2, 2004.
37. Клинберг Л. Проблемы теории обучения. (пер. с нем.) – М., 1984
38. Көшімбетова С.Оқытудың тиімділігі озық технологияларда. Қазақстан мектебі. №1, 2004, 28-31 беттер.
39. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций: учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений и слущателей. ИПК и ФПК – М., Прометей Юрайт, 1998. 104-110 (Технология учебного воспитательного процесса).
40. Лысенькова С.Н. Методом опережающего обучения – М., Просвещение, 1988.
41. Лошнова О.Б. Уровневая диффренциация обучения – М., 1994. 76с.
42. Махмутов М.Ш. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы. Мектеп 1981.
43. Мұсабеков Ө. Модулдік оқыту технологиясының жүзеге асыру жолдары. Сынып жетекшісі. №2, 2003.
44. Мұрсалова Қ. Модульдік оқыту технологиясы. Бастауыш мектеп. №9, 2002.
45. Мұханбетжанова А. Фонетикалық талдауда математика тәсілінің қолданылуы. Қазақ тілі мен әдебиеті №4, 2004.
46. Мәулетқызы Б. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы. Ұлағат. №6, 2003, 16-19 беттер.
47. Нүсіпбекова М. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Әдіскер мұғалім. №5, 2004, 2-7 беттер.
48. Орынбаева Р. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы туралы. Мектеп директорының орынбасары. №2, 2004.
49. Отарбай А. Оқытудың жаңа әдістерімен. Бастауыш мектеп. №3, 2004.
50. Өмірбаева К. Деңгейлік оқыту мен деңгейлік тапсырмалар туралы ұғым. Білім. №2, 2001, 17-19 беттер.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ

1 Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы
1. Сабақ типтері мен құрылымы
2. Сабақта қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының
техникалық базасы

2 ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТАР
2.1 Сабақ барысында мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
2.2 Жаңа ақпараттық технологияны қолдана өткізілетін сабақты ұйымдастыру
жөніндегі ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары
да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция,
зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық
жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес,
емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада,
конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі
тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын
жойған емес.
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу
барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты
тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына
тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен
əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады,
онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен
рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды
түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың
əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен
ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының,
оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа
келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық
мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен
ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының
көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты
классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала
болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.

1 Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы
1. Сабақ типтері мен құрылымы

Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай
төмендегіше топтастырады:
дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың
элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп
атау қабылданған. Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды
ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге
түсетіні – дəрісбаян (лекция).
Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-
тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын
баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды.
Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы
қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты,
суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың
белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-
қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп,
сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты
дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне
шолу- түрлерімен ажыралады.
Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері
төмендегідей:
- ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін
дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;
- проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған
сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу
формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды
салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу
құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту
жүйесі;
- бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу материалын екі
оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт
өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;
- шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер алдын ала
жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат –оқушылар ынтасына дем
беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды
байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып,
жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
- дəрісбаян –конференция – ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері
белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар
тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды,
ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
- Кеңес дəрісбаяндар сұрақ-жауап не сұрақ-жауап-сөз-жарыс күйінде
материалды оқушыға жеткізу формасы;
- Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша екі
маман бір уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі
анықталады.
Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
- жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық,
тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары ажыралады;
- мазмұны бойынша; академиялық жəне ғылыми көпшілік дəрісбаяндары
белгілі;
- ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі
дəрісбаяндар қолданылуда.
Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне
қорытынды – бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар
мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі,
өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне
практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып,
өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар,
қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен
ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба
анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні – мазмұн нақтылы үйретіліп,
негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-
сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.
Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды
ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа
сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне
олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде
тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс
ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге
келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-
сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.
Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде
аса кең тарағаны – семинар-сұхбат : оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне
қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасында
өтеді. Семинарға жоспар сұрақтары бойынша барша оқушылардың мұқият
дайындығы қажет, бұл тақырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың əр сұрағы бойынша жеке оқушылар
хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа оқушылар тарапынан талқыланады
əрі толықтырылады.
Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да,
баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар сабағында
тыңдалады жəне талқыланады.
Семинардың ерекше түрі семинар-сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың
шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай
семинардың мақсаты –дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін
қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен
ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.
Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған
оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен
өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер
тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына
арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде ,
зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың
өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.
Мұндай дəрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген теориялық
материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз жеткізу; эксперимент
техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу арқылы оқу-тұрмыстық міндеттерді
шешу ептіліктерін қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық
құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген
теориялық материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады.
Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне
қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық
білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей:
- негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.)
меңгеру;
- мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға
байланысты қосымша пəндерді өту;
Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас болуы
мүмкін.
Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын
оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай,
көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.
Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік , табиғат
тану, өлке тану, əдеби, жағрапиялық жəне т.б. болып ажыралады.
Білімдену мақсаттарына тəуелді тақырыптық жəне шолу саяхаттары
жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пəндерінің өзара
байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика жəне химия, биология жəне
география). Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі
мүмкін.
Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, қорытынды
ретінде ұйымдастырылады.
Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің маңызға ие сипатты бөлігі ретінде
пайдаланылғаны жөн.
Саяхаттық оқу формасының дамыған түрі – бұл экспедиция –экологиялық
жағдайлармен таныуға , тарихи деректер, жəне ауызекі əдебиет материалдарын
жинауға бағышталған оқу жорықтары.
Курстық (жоба) жұмыс –оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп
жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол
меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-əрекет аймағымен байланысқан
өндіріс-техникалық не басқа міндет, мəселелерін шешуде пайдалану
мүмкіндігін ашады.
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сəйкес білім орындарының оқушылары
курстық жоба не курстық жұмыс жазады. Мұндай жұмыстар жалпығылымдық ,
математикалық не арнайы пəндер бойынша дайындалады. Оларды орындау
барысында студенттер техникалық, технологиялық жəне математикалық
проблемаларды шешеді.
Курстық жұмыс жалпы гуманитарлық, жалпы кəсіби жəне арнайы пəндер
бойынша жазылады. Олардың дайындалу барысында оқушылар оқу-ізденіс, зерттеу
сипатындағы мəселе, міндеттермен айналысады.
Дипломдық жоба- білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу
кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-
теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын
түзеді не дипломдық жұмыс жазады жəне қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік
біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде
шешім қабылдайды.
Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп
формаларының бірі.
Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары – кəсіби ептіліктер мен
дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы
игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау жəне жүйелеу.
Өндірістік практиканың құрылымы практикалық оқу мазмұнына байланысты
айқындалып, нəтижеде ол маманның кəсіби іс-əрекетке болған біртұтас
дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің сипаттамасына сəйкес
кəсіби қызмет лауазымдарын атқаруға дайын болуын қамтамасыз етуі шарт.
Үйдегі өзіндік жұмыстар - дəрісхана оқуларынан тыс білім игеру
процесінің құрамдас бөлігі. Мұндай оқу қызметінің маңызы бүгінгі таңда өте
жоғары, себебі қазіргі нарықтық кезең əрбір оқушыдан үздіксіз өзіндік білім
жинақтау мен дербес танымдық іс-қызмет дағдыларын қалыптастырып, жетілдіріп
баруды талап етуде.
Оқушының ой-өрісі, ерік қабілеті мен ұнамды мінез қасиеттерінің дамуы
осы үйдегі өзіндік оқу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуынан.
Кеңес – оқу формасы ретінде оқушыға жетімсіз игерілген не тіпті
игерілмеген оқу материалы бойынша жəрдем көрсету мақсатында
ұйымдастырылады. Пəнді тереңдей меңгеруге қызығу білдірген оқушыларға өз
алдына кеңес өткізіледі. Кеңестерде оқушылар емтихан жəне сынақтарда
қойылатын талаптармен таныстырылады.
Жеке-дара жəне топтық кеңес түрлері ажыралады.
Емтихан- оқушылар білімін жүйелестіру, анықтау жəне бақылау мақсатында
ұйымдастырылатын оқу формасы. Емтихандардың білім игерудегі маңызы – көп
күш-қуат талап ететін қиыншылық жағдайларында оқушының ақыл-парасат, ерік,
мінез қабілеттерін жүзеге шығарып, жедел дамуына дем беру.
Емтихан өткізудің əрқилы формалары: емтихан билеттеріндегі сұрақтарға
жауап беру, шығармашылық жұмыс орындау, жарыстарға қатысу, зерттеу
нəтижелерін қорғау, тест сынақтары жəне т.б. – қолданылады.
Сынақ - міндет, мəні бойынша емтихандармен жақын оқу формасы. Сынақты
емтихан алдындағы дайындық оқу ісі ретінде қарастыруға да болады.
Пəн үйірмелері жəне осы тектес басқа да оқу формалары (шеберханалар,
зертханалар, кафедра, студия)- бағыт-бағдары, мазмұны, жұмыс əдістері, оқу
уақыттары жəне т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді. Пəн
үйірмелеріндегі оқу-жұмыстары шəкірттердің қызығулары мен бейімділіктерін,
оқуға болған ұнамды қатынастарын дамытып, білім игеру сапасын арттырады.
Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар (кіші академиялар жəне
т.б.) ұйымдастырылуы мүмкін. Олар мектептегі көптеген үйірмелер
жұмыстарының басын біріктіріп, реттестіреді; көпшілік шараларға ұйытқы
болады, конкурстар мен олимпиадалар ұйымдастырып, өткізеді.
Конкурс жəне олимпиадалар –оқушылардың білім игеру жолындағы белсенді
қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, шығармашылық қабілеттерін
арттырады, бəсеке, жарыс жеңісіне ынталандырады. Конкурстар мен
олимпиадалар əрқилы деңгейде: мектеп, аймақтық, республикалық, халықаралық
- өткізіледі. Соңғы кезеңдерде мұндай оқу формаларының қашықтықтан интернет
торабы арқылы ұйымдастырылатын мүмкіндіктері пайда болды.

2. Сабақта қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының
техникалық базасы

Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды
қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді
ашып отырып, қaзipгі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті
және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық
технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды
функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын
бағдарламалық-техникалық құралдардын классификациялық белгілері ретінде
мыналарды айтуға болады:
дидактикалық бағыт;
бағдарламалық ұсыныс;
техникалық ұсыныс;
пәндік аумақта қолданылуы.
Дидактикалық бағыт бойынша классификация. Бағдарламалық-ақпараттық
комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбіp
әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы
берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді
анықталған және анықталмаған деп болу қажет болып табылады. Ал, кейінірек
жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер
артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.
Білімнің артикулденетін бөлiмi - бұл үйренушілерге ақпараттарды
(мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге
болатын және оңай құралатын білімдер.
Білімнің артикулденбейтін бөлімі - интуиция, өтіл негізінде құралған
бөлімдер. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту
бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы
комплекстер негізде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда
қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік
технологияларға мыналарды жатқызуға болады:
- компьютерлік оқулықтар;
- оқытылатын мәліметтер қоры;
- үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын, дұрыс меңгеруін
тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары
мен басқа компьютерлік құралдар.
Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің
артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлық
деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің
ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін
қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда
компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:
- қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);
- компьютерлік тренажерлер (КТ);
- зертханалық практикумдер;
- ойындардың бағдарламалы;
- үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына
(қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭУЖ) және басқа да
компьютерлік құралдар.
ЖАТ негізіндегі оқыту құралдарының жүйесі. Қазіргі кезде оқытудағы
ЖАТ-ды қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын бөлуге болады:
1. Оқу материалын баяндау кезіндегі көрнекілікті жоғарлату, кез келген
объекттер мен процестерді модельдеу, білімді меңгергенін бағалау, оқу
материалын жүйелеу үшін оқытудың дидактикалық құралы ретінде
ақпараттық технологиялардың аппараты және бағдарламалық құралдарын
пайдалану;
2. Оқытудың әртүрлі формаларын іске асыру: жеке, коллективті, өзіндік,
дистанциялық оқыту
3. Қазірігі автоматталдырылған оқыту жүйелерін қолданып, оқытуды
автоматтандыру;
4. Koмьютepлiк оқыту бағдарламаларын ғылыми тұрғыдан дәлелденген
сценарийлерді жасау, педагогикалық бағдарламалық құралдардың сапасын
бағалау мен экспертиза жасау;
5. Білім басқарудағы ақпараттық технологиялар құралдарын профессионалды
қолдануға үйрету. (Басқарудың автоматты жүйелері, жұмыс орындарын
автоматтандыру) ;
6. Оқытудағы компьютерлік телекоммуникацияларды қолдану;
7. Өз пәндік облысында ақпараттық технологияларды қолдану;
8. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып локалды және глобалды
ақпараттық ресурстарға қол жеткізу;
9. Психологиялық-педагогикалық және ғылымилық зерттеулерде
ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану.
Оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларға қойылатын талаптар.
1. Техникалық. Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар техникалық және
бағдарламалық құралдарға сәйкес болу керек.
2. Санитарлык-гигиеналық. Бұған кабинеттерді жабдықтау, есік-
терезелердің орнентациясы; техниканың орналасуы, жұмыс орындарды
жабдықтау, жарық түсуі, температуралық режим және т.б. бойынша
талаптар жатады.
3. Эргонометриялық. Оқытудағы ЖАТ-ның техникалық жабдықтаудың
эргономикалық параметрлері жатады. Әдетте бұл параметрлер құралдардың
техникалық құжатарында болуы тиіс. (монитор, компьютер, принтер және
т.б.)
4. Эстетикалық. Эстетикалық, сонымен қатар кинэстетикалық талаптарды
соңғы кезде мультимедиа технологияларды пайдаланумен қамтамасыз
етіледі. Мультимедиа технологияларда ақпарат түрлерінің барлығын
бейнелеуге болады: дәстурлі (мәтін, кесте, иллюстрация және т.б.) және
оригиналды (музыка, бейнефильмдер үзінділері, телекадрлар, анимация,
сөйлеу және т.б.)
5. Құжаттарды қамту талаптары. Маңызды талаптардың бipi оқытудағы ЖАТ-ды
құжаттармен қамтамасыз ету. Оларға келесі жатады: қолданушыға арналған
нұсқаулар, оқытушыға арналған әдістемелік нұсқаулар, оқушыға
арналған нұсқаулар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар, техникалық
синаттамалары.
ЖАТ құралдарының классификациясы.
Қазіргі кезде ЖАТ классификациялауға бірнеше көзқарас бар. ЖАТ
құрылғыларының классификациясы білім беру жүйесіндегі әрекеттердің негізгі
бағыттарына сәйкес болу керек:
- оқыту және тәрбиелеу;
- білім жүйесін басқару;
- білімді әртүрлі мақсаттары (сонымен қатар ғылыми зерттеулер).
Бұдан сәйкес білім жүйесіне ЖАТ құралдардың енуі өткізілетін негізігі
бағыттарды белгілеп алуға болады:
1 . оқытудағы ЖАТ құралдары;
білімді басқару ЖАТ құралдары;
білімнің басқа мақсаттары үшін ЖАТ құралдардың енуі.

2 ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТАР
2.1 Сабақ барысында мультимедиялық технологияларды қолдану
ерекшеліктері

Мемлекеттік білім беру стандарты қазіргі заман оқушысына үлкен
талаптар қояды. Қысқа мерзім, үлкен көлемді ақпараттар және оқушының білімі
мен білігіне үлкен талаптар – қазіргі білім беру процессінің шарттары
осындай болып тұр. Мұндай жоғары сұраныстарды тек дәстүрлі оқыту әдістері
мен педагогикалық құралдар технологиясына жүгіну арқылы толық
қанағаттандыру мүмкін емес. Дамып келе жатқан жаңа ақпараттық
технологияларға, әсіресе мультимедия-технологияларына сүйенген оқыту
поцесін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қажет. Оқыту процесінде ақпаратты
ұсыну тәсілдерін (дыбыс, видео, анимациялар, графиктер және т.б.) сабақ
барысында қолдаудың дидактикалық мүмкіндіктерін сауатты қолана білу басты
мақсат болып отыр.
Ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі уақытта оқытудың мазмұнына,
формасына және әдістеріне едәуір өз ықпалын тигізуде. Қазіргі оқушылар
қазіргі заман ақпараттық технолгияларды (дербес компьютер, Интернет
сервистері, электронды оқулытар және т.б.) белсенді түрде қолдануда, олар
компьютерлік мәдениеттің аудио-видео өнімдері, компьютерлік ойындар мен
тағы басқа элементтерінде тәрбиелеген.
Қазіргі заманның мультимедия және гипермедия технологияларын
информатика сабағында қолдану оқытылып отырған бағдаламалық қамтамсыз
етудің мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді, сонымен
қатар видеосабақтар (мультимедиялық презентациялар) білім берудің
тиімділігі мен мотивациялығын арттыруға көмектеседі.
Білім берудегі мультимедиялық технологиялар
Мультимедиялық технологиялар білім беру процессін толықтыра отырып,
оқыту ақпаратынын қабылдау процесінде білім алушының, яғни оқушының
көптеген сезу компонентерін табу арқылы қабылдаған ақпараттың барлығын
зердесінде сақтауды одан да тиімді етеді.
Қазіргі уақытта мультимедия-технологиялары – бұл білім беру процесін
ақпараттандырудың ең бір жарқын болашағы бар бағытарының бірі. Қазіргі
заман ақпараттық технологияларын білім беру саласында сәтті түрде қолдана
білудің бірден-бір тиімді жолдарының бағдарламалық және әдістемелік
қамтамасыз етуді жоғарлатып, материалдық базаны толықтыру, сонымен қатар
міндетті түрде ұстаздардың квалификациясын жоғарлату болып табылады.
Мультимедия және гипермедия-технологиялар өз ішінде күшті оқыту ресурстарын
интеграциялайды, олар ең алдымен ақпараттық және коммуникативтіліктік
компетенциялары туындайтын және қалыптасатын ортаны қамтамасыз ете алады.
Мультимедия және телекоммуникациялық технологиялар жалпы білім беру
ісіндегі бұрын шешім таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді
шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Мультимедия негізіндегі интерактивті
технлогиялар Интернет-комуникациялар базасында, әлде интерактивті СD-
курстары немесе мектептерде спутникті Интернетті қолдану арқылы ауыл
мектептерінің артта қалушылық проблемасын шешудің тиімді жолын ашты.
Мультимедиалық технологиялар — бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі
мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың
басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Гипермедия – бұл мультимедиялық объектілердің арасында қатынауды
қамтамасыз ететін сілтемелер арқылы біріккен компьютерлік файлдар.
Әрине мектептерде компьютерлік сыныптарды ұйымдастыруда Интернет-
технологиялар назар аудартарлықтай, бірақ актуальды ақпаратты алу
мүмкіндігінің артықшылығымен, барлық әлеммен дерлік сұхбаттасу
мүмкіндігімен қамтамасыз еткенімен, оның да маңызды кемшіліктері артып
жатыр: бұл нашар байланыс желілерінде үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс
жасаудағы қиындықтары (ал бұндай аймақтар ҚР-ның шалғай аудандар мен
ауылдық желерде көп) мен байланыс желісінсіз жұмыс істей алмау. Бұндай
кемшіліктер CD ROM және DVD атты оптикалық компкт дискілерінің
қолданылуымен жойылады. Қолда бар бағдарламалық қамсыздандырулар, соның
ішінде дайын электронды оқулықтар және кітаптар, сонымен қатар жеке
бағдарламалар мұғалімге ілім беру барсын тиімді етуге көмектеседі.
Мұғалімнің ақпаратты іздеу мен алудағы көмекшісі, сонымен қатар өз
әріптестерімен байланысу құралы Интернет болып табылады.
Мультимедиялық технологиялардың қолданылуы
Қазіргі уақытта мұғалімдер оқушылар бойында сабақ барсында оқуға деген
қызығушылық деңгейінің төмендеуімен, өз бетінше жұмыс істеудеге салғырттық,
тіпті оқуға деген қызығушылықтары болмаумен байланыста проблемаларға тап
болуда. Балалардың оқуға деген қызығушылықтың жойылуының бірден-бір
себептерінің бастысы, әсіресе, сабақтардың бірсарынды өтуі болып табылады.
Күнделікті ұстаздың ізденіссіздігі сабақ беруде бірсарындыққа әкеп соғады,
ал бұл бірқалыптылық өз кезегінде баланың бойындағы қызығушылықтың
жойылуына басты себеп болады. Сабақты ұйымдастыруға тек шығармашылық
тұрғыдан келу, оның қайталанбастығы, мысалдардың, әдістердің және
ұйымдастыру формаларының әр алуандығы ғана сабақтың тартымдылығын,
оқушылардың қызығушылығын арттыра алады. Оқушының танымдық деңгейін
арттырудың көптеген тәсілдері бар. Олардың бірі бұл оқушылардың танымдық
деңгейін арттыру мен олардың зейінін аудартуға көмектесетін видеофильмдер
мен мультимедия технологияларды қолдану.
Білім беру орындарында практикалық жұмыстарына қарқынды түрде
ақпаратты экрандық түрде ұсынудың жаңа бастауларының енуі видеоәдісті бір
бөлек оқыту әдісі ретінде ерекшелеп алуға мүмкіндік береді. Видеоәдісті
білімді ұсыну үшін, бақылауды, тұрақтандыруды, қайталауды, жалпылауды
ұйымдастырда қодануға болады, ол барлық дидактикалық функцияларды
орындайды. Бұл әдіс ақпаратты көрнекі түрде қабылдау негізіне сүйенеді.
Берілген әдістің оқыту және тәрбиелеу функциясы көрнекі сұлбалардың жоғары
тиімділіктігіне негізделеді. Қөрнекі түрде ұсынылған ақпарат қабылдауға
жеңіл және бала зердесінде жақсы, әрі жылдам сақталады.
Білім беру процесінде видеоәдісті қолданы мынадай мүмкіндіктер береді:
• Оқушыларға зерттелетін құбылыс және процесс туралы толық, әрі
ақиқат ақпарат беру;
• білім беру процесіндегі көрнекіліктің маңыздылығын арттыру;
• оқушылардың сұраныстары мен қызығушылықтарын қанағаттандыру;
• мұғалімнің техникалық жұмысының білімді басқару мен
коррекциялаумен байланысты бір бөлігінен босату;
• тиімді кері байланысты орнықтыру;
• толық, әрі жүйелі басқаруды, үлгірімді объективті түрде
тіркеуді ұйымдастыру.
Видеоәдістің көмегімен көптеген дидактикалық және тәрбилеу алғы
шарттары шешіледі. Ол мына жағдайларда әсіресе тиімді:
1. жаңа материалды түсіндіруде;
2. күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық
модельдердің әрекеттер принципінің динамикасын
түсіндіруде;
3. ауқымды жұмыстық процестерді бақылауда;
4. видеоқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты күшейтуде;
5. құрылғының ішкі бөлігінде іске асатын жасырын процестерді
бақылауда;
6. оқу-жаттығушылық және зерттеу жұмыстары үшін мәліметтер
қорын құруда;
7. білім беру процесін рационализациялау, оның өнімділігін
арттыру, ғылыми ақпартатты тасымалдау және қабылдаудың
оптималды көлемін педагогикалық басқару сапасын арттыру
жолымен қамтамасыздандыруда.
Берілген әдістің тиімділігі видеоұсынымның сапасы мен қолданылған
техникалық құралға тура тәуелді болады. Видеоәдіс оқыту процесін
ұйымдастыруына үлкен талаптар қояды, ол өзінің айқындығымен,
ойластырылғандығымен және мақсаттығымен ерекшеленуі тиіс. Видеоәдісті
қолданушы ұстаздан зерттелетін проблема шеңберіне оқушыларды ендірудің,
олардың әдекеттерін бағыттай отырып, жалпылама шешімдер алуының, жеке-дара
көмек көрсетудің жоғары іскерлігін талап етіледі.
Заман талабына сай мультимедия-технологияларын информатиканы оқытуда
қолдану зерттеліп жатқан бағдарламалық қамсыздандырудың мүмкіндіктерін
көрнекі түрде беруге мүмкіндік береді, сонымен қатар слайд-презентациялар
оқытудың тиімділігі мен мотивациялығын арттыруға көмектеседі. Қазіргі
уақытта ақпараттық технологияларды қолдану білім беру мазмұнына, формасы
мен әдістеріне үлкен ықпалын тигізіп жатқан фактісін ешкім жоққа шығара
алмайды. Мектептегі білім беруде мультимедиялық технологиялар өз
тиімділігін дәлелдей алды. Оқыту ақпараттарын интерактивтілікпен үйлестіре
әр түрлі көркем ұсыну мүмкіндігімен қоса, мультимедия жаңа сапалы білім
беру деңгейімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар компьютерлердің техникалық
құралдарының дамуымен бірге мултимедиялық ортаның визуальді ұйымдастырылуы
да өзгере түседі. Үш деңгейлі графиканы қолдану мүмкіндігі дәстүрлі кітап
метафорасын жүзеге асыратын гипермәтінді беттерден тұратын электронды
оқулықтардан жаңа әлем метафорасының негізінде ұйымдастырылған
интерактивті білім беру ортасына көшу мүмкіндігін береді. Енді экран
мониторы оқушы үшін жаңа үш деңгейлі білім әлеміне терезе есебінде
қабылданатын болады, ондағы нақты объектілердің сұлбалары виртуалды
модельдермен қатар әрекет етеді. Оқушыларды оқытуда қазіргі заман
ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі шарттары мыналар: компьютерді
заман талабына сай оқыту құралы есебінде пайдалану; компьютермен
интерактивті сұхбатқа оқушылардың мұғаліммен әрекеттесуде мүшелік қосылу;
ақпаратттық технологияларды қолдануда оқушылардың өзбетімен білім алу ролін
арттыру. Білім беру процесін оптимизациялау қазіргі уақыт ақпараттық
технологиялар шарттарында бағдарламалы-шығармашылық проектерін қолдануға
негізделуі мүмкін.
Шығармашылық проектіні құру дегеніміз оқушылардың жаңа, тиімді,
бәсекеге қабілетті, адамның ақпаратқа деген қажетілігін қанағаттандыратын
және сатып алушылар жағынан сұранысқа ие болатындай өзбетімен орындайтын
жұмыс. Проектіні орындау танымдық және тәрбиелік функциялардың,
шығармашылық мүмкіндіктерінің, логикалық ойлаудың артуына, политехникалық
білім, білік пен дағдының тереңдетілуі мен пысықтауға өз ықпалын тигізеді.
Оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптасытыру олардың бойында танымдық
әрекетті дамытуға бағытталады. Бұған оқу материалын игерудегі мақсатын
анықтау арқыла оқушылардың интеллектуалды активтілігін ұстап тұру және
оқушыларды компьютердің интерактивті жүйелік ортасына енгізу; оқу
мотивациясын оқытудың ішкі себептері мен бағалылығын анықтау арқылы
жоғарылату; оқыту технологияларын қолдану арқылы өзбетімен білім алу
білігін дамыту көмектеседі.
Қазіргі оқушыға білім беруді ұйымдастырудың келесідегідей негізгі
методикалық ерекшеліктерін ұсынуға болады:
1) компьютерлік сыныптарда мультимедиялық презентацияларды
қолданумен өтілетін сабақтар мультимедиялық проекторларды,
резиденттік анықтамаларды, автоматтандырылған оқыту жүйелерін,
бағдарламалар жұмысының барысы кескінделген видеожазбаларды
қолданумен өткізіледі;
2) практикалық сабақтарда әр оқушыға жеке жұмыс жасайтын комьютер
беріліп, оның сынып шифрі мен оқушының фамилиясы атымен
аталатын өз бумасы болуы тиіс;
3) мұғалім әр білім алушыға берілетін ақпаратты жақсы қабылдауға
көмектесетін жеке тұлғалық оқыту бағдарламалары мен көп
деңгейлі тапсырмалар (практикалық және лабораториялық
жұмыстар) қорымен қамтамасыз ете алуы;
4) берілетін білімнің көп бөлігін түрлі іскерлік ойындар
көмегімен ұсыну өте тиімді; тапсырмалар есебінде өмірдегі
мектеп бітіруші алдына қойылатын көпнұсқалы, әрі таңдауды
қажет ететін түрлі сауалдардарды алуға болады;
5) проект құру әдісі қолдану шеңберіндегі берілетін бір үлкен
көлемді тапсырма келесі бір практикалық жұмыстарда және
графикалық-есептегіш жұмыстарында одан әрі толықтырыла,
кеңейтіле түсіп, үлкен көлемді тәмамдалған жүйелі құрылымға
айналуы тиіс;
6) бағдарламалардың негізгі бөлімдерін зерттеудің параллелдік
және негізделген мүмкіндіктері қарастырылуы тиіс; бұл білім
алушының курсты қабылдау барысында әр бөлім бойынша терең
білім ала отырып, барлық талданған материалдар бойынша жалпы
тұтастығын сақтауға көмектеседі;
7) танымның мақсаттығы, қабылдаудың жан-жақтығы сияқты өткір
жүйелі-ақпараттық талдаудың өзара әрекеттесетін ұстанымдарына
сүйену керек;
8) білім беру барысында қолдануға болатын оқушылардың маңызды
бағдарламаларды (құжаттар, кестелер, мәліметтер қоры) құруды
қарастыруға негізделетін оқытудың проблемелық әдісін кеңінен
қолдану керек.
Білім беру саласында мультимедиялық технологияларды қолдану дәстүрлі
технологияларға қарағанда төмендегідей артықшылықтарға ие:
• түрлі түсті графиканы, анимацияны, дыбыспен көркемдеу,
гипермәтінді қолануға болады;
• тұрақты түрде жаңартулар енгізу мүмкіндігін береді;
• баспаға шығару мен көбейтуде аз мөлшердегі шығындарды қажет
етеді;
• оның ішіне интерактивті веб-элементтерді, мысалы, мәтіндер
немес жұмыс дәптерлерді орналастыру мүмкіндігін береді;
• көптеген гиперсілтемелер арқасында материалды сызықты түрде
қарастырмауға болады;
• цитаталау мақсатында көшіру немесе орын ауыстыру мүмкіндігін
береді;
• электронды кітапханалар мен оқыту сайттарындағы қосымша
әдебиеттермен гипер байланыс орнату мүмкіндігін береді.
Мультимедия оқушының білім алудағы мақсаттылығын бағыттауға алғышарт
болатын вербальді және көрнекі-сезімдік ақпаратты қатар ұсына алады.
Мультимедия компьютерлік технологияларын қолдану арқылы оқу материалын
баяндау аудиториялық сабақтар әр оқушыға түсінікті болып қана қоймай,
сонымен қатар уақытты үнемдеу мүмкіндігін береді. Компьютер және ақпараттық
технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау
қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды
табуды игертіп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарын
қалыптастыруына жол ашуы керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам
аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік
оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық
технологиялардың тиімділігі жоғары. Қазіргі білім беру барысына
мультимедиялық технологияларды енгізу бірқатар жақсы жақтарымен көрінуде,
алайда бірнеше қиындықтар да кездесіп жатады. Бір жағынан алып қарасақ
арнайы проектордың көмегімен мультимедия-технологияны қолдану арқылы
өтілетін сабақтар зертелетін бағдарламалық қамсызданыдыру мүмкіндіктерін
көрнекі түрде көрсетуде уақытты үнемдеп, сол арқылы оқу материалын
мазмұндауды жеңілдетсе, келесі жағынан мультимедиялық материалдарды
дайындауға және сабақты ұйымдастыруға қосымша талаптар жүктейді.
Ақпараттық мультимедиялық технологияларды ендіру оқыту процесінің
технологиялық және нәтижелік жағын арттырады. Әрине бұнда да түрлі
қиындықтар мен қателіктер кездеседі және оларды болашақта да орғытып өту
мүмкін емес. Бірақ ең басты жетістік бар – бұл оқушылардың қызығушылығы,
олардың шығармашылыққа дайын болулары, жаңа білім алуға деген құлшыныстары
мен өзбетіндікті сезінулері.
Сабақта мультимедиялық технология арқылы ақпараттың интерактивтілігі,
құрылымдығы және визуализациялығының арқасында оқушының мотивациялығының
күшеюі мен оның сезім және ішкі сана-сезім деңгейіндегі танымдық
әрекеттігінің ұлғая түсуіне жол ашады.
Ақпараттық арналардың ішіндегі визуальділік – бұл ең күштісі,
сондықтан оның оқыту саласында мультимедиялық құралдар арқылы қолдану одан
әрі дамытылуда. Бірақ бұл басқа медиялардың маңыздылығы мен мәндігін жоққа
шығара алмайды. Мысалы, оптимальды дыбыстық сүймелдеуді таңдау көмегімен әр
мультимедиялық оқулық үшін өзіндік бір ырғақтық доминантты құру материалды
қабылдаудың тиімділігін ауыз толтырып айтатындықтай деңгейдеге көтереді.
Авторлық сана-сезімнің индивидуальдық туындылары (мәтін, сурет,
дыбыстық рет, видео) жаңа бір жүйе құрайды. Сценариді құру (өнімнің
мақсаттық беталысына сәйкес одан күтілетін барлық функциональдық
мүмкіндіктерін есептеу) барысында бір-бірімен әрекеттесуде олар
дербестігін, өзбетінділігін жоғалтады. Мультимедиялық шығарма осы өзара
әрекеттесуде бөлек-бөлек алынған шығармаларда кездеспейтін қасиеттерге ие
болады. Себебі ғылымда (лингвистика, өнертану және т.б.) ақпараттың
бейнеленуінің осы бір бөлек формалары бойынша мәліметтер жинақталған, ал
мультимедиялық ортаның қасиеттері енді ғана зерттелуде.
Әрине, мультимедиялық технологиялар білім беру процесін қанықтыра
түседі, оқушының көптеген сезімдік компонентерін қабылдау процесіне тарту
арқылы оқытуды барынша тиімді етеді. Г.Кирмайердің зерттеулер бойынша оқыту
процесінде интерактивті мультимедиялық технологияларды қолдануда
меңгерілген материалдың бөлігі 75%-ды құрады. Мүмкін бұл тек оптимистік
бағалау ғана шығар, бірақ қабылдау процесінде визуальды, әрі дыбыстық
құраушыларының қатар жүруі оқу материалын меңгеруді арттырудағы тиімділігі
компьютер пайда боламай тұрғанның өзінде-ақ белгілі болған. Мультимедиялық
технологиялар оқыту көрнекіліктерін статистикалықтан динамикалыққа
түрлендірді, яғни зерттелетін процестерді уақыт өлшемінде анықтауға
мүмкіндік туды. Уақыт өлшемінде дамитын процестерді модельдеу, осы
процестердің өлшемдерін интерактивті түрде ауыстыру мультимудиялық оқыту
жүйелерінің маңызды дидактикалық басымдылығы болып табылады.
Мультимедиялық технологияларды қолану тәжірибесі мынаны көрсетті:
• оқушылардың жұмысқа деген қызығушылығы мен олардың
активтілігі бірден артатуы;
• алгоритмдік ойлау стилі дамиды, оптимальды шешім қабылдау
білігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі-сабаққа қойылатын негізгі талаптарды теориялық негіздеу
САБАҚ ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Сабақтың тәрбиелік потенциалы
Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы туралы ақпарат
Оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі
Пәндер