Əлеуметтік стратификация және əлеуметтік мобильдік


Əлеуметтік стратификация және əлеуметтік мобильдік
XX ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамда таптар арасындағы қайшылықтар бәсеңдеп, жұмсара түседі. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға, жіктерге бөліну үдерісі тереңдей түскенін атап көрсетті. Осындай жан-жақты әлеуметтік зерттеулердің арқасында қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың және страталардың арасындағы қарым‑қатынасты реттеуге байланысты ұсыныстар негізделді. Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі П. А. Сорокин болды. Ол қоғамдағы адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқықтық артықшылықтардың, жауапкершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді. Автор сонымен қатар бүл аталған өлшемдер өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін ескертеді. Қолдарында үлкен байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдері сонымен қатар жоғары саяси және кәсіби топтарға да жа- тады дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке, жоғары кәсіби топтарға енуіне мүмкіндігі мол немесе керісінше билігі бар адамның жоғары кәсіби дайындығы да бар, байлығы да бар деген сөз. Ал американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелу факторларын үш топқа біріктіреді. Біріншісіне - адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторлары: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті және т. б. ; Екіншісіне ‑ қызмет түрі, мамандығы және кәсіби деңгейі; Үшінші топқа меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады. Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация үдерісінде осы аталған өлшемдер мен факторлардың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңінде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде екіншісінің маңызы арта түседі. Мәселен, кеңес қоғамындағы иерархиялық жіктелу үдерісінде саяси факторлардың маңызы зор болды. Билік саласыңда қызмет ету, партияға мүше болу, саяси шешімдерді қабылдауға қатынасу сияқты факторлар жоғары топ адамдарын қалыптастырды. Сондықтан жоғары билік адамдарының байлық пен меншікке қол жеткізуде мүмкіңдіктері кең болды Ресей Ғылым Академиясының "Әлеуметтану институты" жүргізген зерттеулер нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге есер ететін факторлардың төмендегі иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91, 3%-ы әлеуметтік жіктелудегі басты фактор ретінде "билікті" атап көрсетсе; табыс көлемін - 91, 2%-ы; меншікті - 64, 8%-ы; көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-әрекеттерді - 52, 7%-ы; білімді - 35, 1%-ы; қабілет пен талапты - 34, 6%-ы; мамандық түрін - 30, 1-ы; адамның шығу тегін - 25, 0% і., ұлттық тегін - 14, 5%-ы атап көрсеткен. Зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің болуы сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу үдерісінде жоғары маңызға ие болып отырғанын көруге болады. Әрине, әлеуметтік стратафикация үдерісінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармауымыз керек. Бұл қазіргі нарық заманында айрықша көрінуде. Соңғы кезде әлеуметтанушылар қоғамның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталды, олар мыналар: жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап. Жоғары тапқа ірі меншік иелері - қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары ‑ мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен мекемелер басшылары, яғни жоғары категориядағы шенеуніктер жатады. Бұлар ‑ қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен халықтың 1%-ын құрайды. Кейбір елдерде жоғары тапқа білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы мәртебелері де жоғары шенді әскери топтар мен шығармашылық интеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Бұл тапқа қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың, мамандықтардың өкілдері жатады. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 50-60 пайызын құрайды. Олар қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. Өйткені орта тап қоғамның жоғары мамандық иелерінен тұратын негізгі интеллектуалдық күші болып саналады. Орта таптың өкілдері - ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т. б. Орта тап адамдарының тұрақты, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құңды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т. б. ) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл топтың адамдары "жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш - жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады" дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай - орта таптың да өз ішінде адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлеріне қарай жіктелетіндігі. Олар: а) жоғары орта тап; ә) орташа орта тап; в) төменгі орта тап. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми - техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикалаңдырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында ‑ зауыттар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар. Төменгі тап - құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпеңдер (қайыршылар, босқыңдар, қылмыскерлер, т. б. ) жатады. Бұлардың көпшілігінің тұрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді. Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде еgalite-теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екеңдігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz