Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ3
1. Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері4
2 Химиялық қауіпті объектіде апат кезіндегі іс-әрекеттер5
ҚОРЫТЫНДЫ7
Пайдаланған әдебиеттер8
КІРІСПЕҚұтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.
ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байла- нысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.
Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланыс- қан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жік- теледі:құтқару; а рнаулы (жедел) ; қосалқы.
Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:
- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
- зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау) ;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
- зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.
Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:
- өрт сөндіру ;
- коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
- тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
- осал құрылыстарды күшейту.
Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандары зілзала күштерінің, әртүрлі жұқ- палы аурулардың ықпалына тез ұшырайды. Өнеркәсіп орындары мен көлік- тегі авариялар мен апараттардың зақымдағыш факторлары ауылға жетеді. Оның салдарынан ауа, топырақ, су радиоактивті, қатты әсер ететін улы және зиянды заттармен ластанады. Өрт қауіпі артып, қышқылды жаңбыр жау ықти- малдылығы күшейе түседі, осының бәрін хайуанаттар мен адамдар жылдам сезінеді, олар зиян, ал кейде орны толмас залал шегеді.
Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануар- ларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.
Қызметтердің негізгі міндеттері:
- мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашылық өнімдерін және өсімдікшаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;
- ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;
- зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы
Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін, ТЖ сипатын және зақым- зардаптың адамға, қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады. Құтқару жұмыстары жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; кұрама ic-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді. АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды. Барлауды барлайтын буындар жүргізеді. Олардың саны мен құрамы ТЖ аумағына байланысты. Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі. Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою. "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі" ҚР заңындағы негізгі түсініктемелер: авариялық құтқару қызметі, авариялық-құтқару құрылымы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстар, құтқарушы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі басқарушы, авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының негізгі принциптері. "Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі" ҚР-ның заңы 1997 жылы 27-ші наурызда қабылданған. Бұл заң табиғи және техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлардың алдын алу үшін авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдардың ұйымдастырылуын реттейді. Заңда , статусы, құқығы мен міндеттері, жұмыс тәртібі, демалысы, еңбек төлемі қарастырылған.
Авариялық-құтқару қызметі-төтенше жағдайдың алдын алуға тағайындалған, функциональды бір жүйеден құралған, оның негізін құрайтын авариялық-құтқару құрылымы, құрамына құтқарушы-орындаушылар, авариялық құтқару және шұғыл жұмыс атқаратындар, құтқарушылар - осы жұмысты басқарушылардың кіші, орты және жоғары құрамы мен осы жұмысты қосымша техникамен қамтамасыз ету қызметі кіретін басқару органдарының жиынтығы. Авариялық құтқару құрылымы құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған, арнайы аспаптар мен материалдар, техника, құралдармен жабдықталған құтқарушылар бөлімшесі, ол авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін жеке құрылым болып саналады. Құтқару жұмыстары - адамдарды, материалдық және мәдени бағалықтарды, қоршаған ортаны, әртүрлі сипаттағы қауіп төндіретін факторлар әсерін алдын алуға және шеттеуге арналған төтенше жағдай аумағындағы іс-әрекет. Авариялық-құтқару қызметі төтенше жағдайдың алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстарды, құтқару жұмыстарын, төтенше жағдай кезінде халыққа, зақымдаушыға медициналық және басқа көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығын, өмірін және жұмысқа қабілетін сақтауға қажетті жағдаймен қамтамасыз ету шараларын жан-жақты жүргізеді. Төтенше жағдай аймағындағы құтқару жұмыстарына зақымданған ошақты барлау, колонникалық жол салу және үйінділердің арасынан өткел жасау, нысанға барар жерлердегі және құтқару жұмыстары жүргізілетін нысандардағы өртті өршітпей сөндіру, құлап қалған паналау ғимараттары мен жасырыну орындарын қазып, аршу, олардан зардап шеккендерді көшіру, үйінділердің астынан адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, емдеу мекемелеріне жөнелту, халықты төтенше жағдай аймағынан көшіру, адамдарға санитарлық өңдеу жүргізу, аймаққа техникаға және киімге дегазация, дезактивация, залалсыздандыру жұмысын жүргізу жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қорғау саласында шұғыл медициналық және психологиялық көмек, өртке қарсы құтқару, жедел-құтқару, суда құтқару, авиациялық құтқару қызметтерін, әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құрайды. Қазақстан Республикасының азаматтары құтқарушы мәртебесіне олар медициналық куаландырудан, кәсіби қасиеттерін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өткеннен кейін, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындағаннан кейінқұтқару жұмыстарын жүргізуге арналған аттестаттау нәтижелері бойынша ие бола алады.
2 Химиялық қауіпті объектіде апат кезіндегі іс-әрекеттерХимиялық қауіпті объектілер (ХҚО) - өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ) ) .
Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде, ХҚО жақын орналасқан объектілерге және тұрғындарға дабылды қосу арқылы, бірыңғай «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналы беріліп, құлақтандырылады. Осы сигнал бойынша барлық жергілікті радиоларды, телеарналарды қосып, ТЖ туралы хабарламаны және өзін қалай ұстау керектігін тыңдау керек.
Ақпаратта баяндалады:
-авария қай объектіде болғандығы жөнінде;
- күшті әсер ететін улы заттармен зақымдалған бұлттың таралу бағыты мен ауқымы;
- зақымданған аймақтан қай жаққа қарай (қай ауданға) шығу керектігі айтылады.
Ақпаратты тыңдап, зақымданған аймақта қалып қойған адамдардың іс-әрекеті:
- тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету - қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар) ;
- терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;
- балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;
- тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;
- егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының - қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек.
Зақымданған жерде жүрген кезде келесі ережені сақтау керек:
- бұрынғы орнынан 1, 5 км кем емес ара қашықтыққа жақсы желдетілетін желдің бағытына перпендикуляр бағытқа қарай (өсімдік өспейтін биік жерге) тез қимылдап, АҚ және ТЖ қызметтерінен әрі қарай нұсқау алғанша болу керек;
- жабық аулалардан, төмен жерлерден, тығыз салынған учаскелерден аулақ болу керек;
- теріде, аяқ киімде, киім-кешекте күшті әсер ететін улы заттың тамшысын байқап қалсаңыз, оны қағаз, ескі-құсқы затпен немесе орамалмен сүртіп тастау керек;
- қажет болған жағдайда балаларға, қарттарға немесе өздері жүре алмайтындарға көмек көрсету қажет;
- зақымданған аймақтан шыққаннан кейін міндетті түрде санитарлық тексерістен өту керек.
Химиялық қауіпті объектілерді авариялардың қайталама факторы жарылыс тар мен өрттер болу мүмкін. Соғыс уақытында қарсылас жоқ ядролық қаруды қолдану кезде мыналар зақымдағыш факторға жатады:Соққы толқыны- негізгі зақымдағыш ісер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Соққы толқын ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, ғимарратты қиратады ж/е адамды зақымдайды. соққы толқынның зақымдағыш әсері шаршы см-ге кг -мен көрсетілетін оның төңірегіндегі артық қысым сипатталады.
Химиялық қауіпті авария кезіндегіхимиялық зақымдалу аймағыпайда болады. Ол ҚӘУЗ әрекеті нәтижесінде адамдар тіршілігі үшін қауіптілік деңгеімен сипатталады. КӘУЗ - бұл белгілі бір мөлшерде адамдарға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зақымдағыштық әсер ете алатын химиялық құрамалар. 6 млн-нан астам химиялық құрамалар белгілі, оның ішінен бірнеше жүздеген КӘУЗ бізді қоршап тұр.
Оларға сырқатты ақуал тудырып тіпті қазаға ұшыратуы мүмкін. Қарсыластың осындай объектіге жасаған ядролық немесе қарапайым соққылары нәтижесінде табиғат апаттары немесе өндірістегі апаттар кезінде күшті әсер ететін улы заттардың төгілуі және онымен жергілікті жердің улануы, зақымдану мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫАдамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Радиацияның және өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.
Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz