Балалар жүйке жүйесі аурулары



Кіріспе 3
1. Балалар жүйке жүйесі аурулары 4
2. Орталық жүйке жүйесінің перинаталды патологиясы туралы қазіргі көзқарас 5
Қорытынды 8
Пайдаланған әдебиеттер 9
Жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдануы деп ұрыққа антенаталды, туу кезінде және туғаннан кейінгі алғашқы күндерде зиянды факторлардың әсер етуінен пайда болатын. Катологиялық жағдайларды айтады.
Патогендік факторларға жүктілік кезіндегі анасының аурулары, токсикоздар, инфекциялар, интоксикациялар, зат алмасудың бұзылуы, иммунопатологиялық жағдайлар, акушерлік патология (тар жамбас қуысы, тез немесе баяу босану, кіндік баумен оралып қалуы, ұрықтың жатырда дұрыс жатпауы) жатады. Сонымен қатар босану кезінде акушерлік құралдарды қолдану да әсерін тигізеді.
Жүйке жүйесінің патологиясында асфиксия және басмиішілік туу жарақаты маңызды орын алады
Ұрықтың және нәрестенің гипоксиясы
Этиологиясы: ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы мен нәрестенің асфиксиясын құрсақішілік даму және босану кезіндегі ана мен баланың аурулары тудырады. Оларға анасының инфекциялық жүрек-тамыр, тыныс алу аурулары, жүктілік токсикозы, анасы мен ұрықтың резус және АВО сыйымсыздығы кезіндегі изоиммунизациясы, жатыр-плацентарлық қанайналымының бұзылуына алып келетін акушерлік патология жатады.
Босану кезіндегі асфиксия нәрестелердің 4-6% жиілікпен кездесіп, перинаталдық өлімнің себептері болып табылады.
Патогенез: О2 жетіспеушілігі ұрық пен нәрестенің метаболиттік бұзылыстарға алып келеді. Зат алмасу қышқыл заттары көбейіп, электролиттік балан бұзылады, гипогликемия, аэробты және анаэробты ферменттерінің белсенділігі ацидоздың әсер етуінен тамыр қабырғаларының өткізгіштігі бұзылады, ми тканінің ишемиясы, ісінуі дамиды, метаболиттік, гемодинамикалық, ликвородинамикалық бұзылыстардың себебінен клеткалары зақымдалады. Олардың дәрежесі гипоксияның ұзақтығы мен ауырлығына байланысты.
Патоморфология: О2 жетіспеушілігі ми тамырларының парезіне, ми затының ісінуіне, микрогеморрагияларға келеді. Бұл кейіннен ми тканінің ауыр дегенеративтік өзгерістерінің дамуына алып келеді.
Клиникалық көрінісі: ауырлық дәрежесі ми гипоксияның ұзақтығына байланысты. Жеңіл дәрежесінде нәрестенің халы тек 3 өмірінің алғашқы сағаттарында ғана ауыр болуы мүмкін. Апгар шкаласы бойынша 6-7б көрсетеді. Тыныс алуы жиілеген, терісі цианозды, бұлшық ет тонусы қалыпты жағдайда шартсыз рефлекстер азайған. Спонтанды қимыл белсенділігі шектелген. Балада мазасыздану, ұйқысының бұзылуы, шошыну, құсу, қолының треморы, нәрестенің жағдайы зақымдалуының тәулікте қалпына келе бастайды.
1. Барашнев Ю.И. Перинатальная неврология. -«Триада Х», Москва, 2001.-638с.
2. Барашнев Ю.И.,Антонов А.Г.,Кудашов Н.И.Нәрестелердегі перинаталдық патология. //Акушерство мен гинекология.-1994.-№4.-26-31 б.
3. Барашнев Ю.И.,Бубнова Н.И.,Сорокина З.Х.,Рымарева О.Н.,Гудимова В.В.Бас миының перинаталдық патологиясы. //Перинатология мен педиатрияның Ресейлік хабаршысы.- 1998.-№4.-6-12 б.
4. Барашнев, Ю.И., Буркова, А.С. Организация неврологической помощи новорожденным в перинатальном периоде //Журнал неврологии и психиатрии им. С.С.Корсакова.-1990.-Т.90,№8.-С.3-5.
5. Барашнев, Ю.И. Гипоксическая энцефалопатия: гипотезы патогенеза церебральных расстройств и поиск методов лекарственной терапии //Российский вестник перинатологии и педиатрии.-2002.№1.-С.6-13.
6. Барашнев, Ю.И. Клинико-морфологическая характеристика и исход церебральных расстройств при гипоксически-ишемических энцефалопатиях //Акушерство и гинекология.-2000.№5-С.39-42.
7. Ватолин К.В. Балалардағы бас миы ауруларының ультрадыбыстық диагностикасы.-2-ші басылым.-М.;Видар,2000.-52-61 б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Балалар жүйке жүйесі аурулары 4
2. Орталық жүйке жүйесінің перинаталды патологиясы туралы қазіргі көзқарас 5
Қорытынды 8
Пайдаланған әдебиеттер 9

Кіріспе
Жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдануы деп ұрыққа антенаталды, туу кезінде және туғаннан кейінгі алғашқы күндерде зиянды факторлардың әсер етуінен пайда болатын. Катологиялық жағдайларды айтады.
Патогендік факторларға жүктілік кезіндегі анасының аурулары, токсикоздар, инфекциялар, интоксикациялар, зат алмасудың бұзылуы, иммунопатологиялық жағдайлар, акушерлік патология (тар жамбас қуысы, тез немесе баяу босану, кіндік баумен оралып қалуы, ұрықтың жатырда дұрыс жатпауы) жатады. Сонымен қатар босану кезінде акушерлік құралдарды қолдану да әсерін тигізеді.
Жүйке жүйесінің патологиясында асфиксия және басмиішілік туу жарақаты маңызды орын алады
Ұрықтың және нәрестенің гипоксиясы
Этиологиясы: ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы мен нәрестенің асфиксиясын құрсақішілік даму және босану кезіндегі ана мен баланың аурулары тудырады. Оларға анасының инфекциялық жүрек-тамыр, тыныс алу аурулары, жүктілік токсикозы, анасы мен ұрықтың резус және АВО сыйымсыздығы кезіндегі изоиммунизациясы, жатыр-плацентарлық қанайналымының бұзылуына алып келетін акушерлік патология жатады.
Босану кезіндегі асфиксия нәрестелердің 4-6% жиілікпен кездесіп, перинаталдық өлімнің себептері болып табылады.
Патогенез: О2 жетіспеушілігі ұрық пен нәрестенің метаболиттік бұзылыстарға алып келеді. Зат алмасу қышқыл заттары көбейіп, электролиттік балан бұзылады, гипогликемия, аэробты және анаэробты ферменттерінің белсенділігі ацидоздың әсер етуінен тамыр қабырғаларының өткізгіштігі бұзылады, ми тканінің ишемиясы, ісінуі дамиды, метаболиттік, гемодинамикалық, ликвородинамикалық бұзылыстардың себебінен клеткалары зақымдалады. Олардың дәрежесі гипоксияның ұзақтығы мен ауырлығына байланысты.
Патоморфология: О2 жетіспеушілігі ми тамырларының парезіне, ми затының ісінуіне, микрогеморрагияларға келеді. Бұл кейіннен ми тканінің ауыр дегенеративтік өзгерістерінің дамуына алып келеді.
Клиникалық көрінісі: ауырлық дәрежесі ми гипоксияның ұзақтығына байланысты. Жеңіл дәрежесінде нәрестенің халы тек 3 өмірінің алғашқы сағаттарында ғана ауыр болуы мүмкін. Апгар шкаласы бойынша 6-7б көрсетеді. Тыныс алуы жиілеген, терісі цианозды, бұлшық ет тонусы қалыпты жағдайда шартсыз рефлекстер азайған. Спонтанды қимыл белсенділігі шектелген. Балада мазасыздану, ұйқысының бұзылуы, шошыну, құсу, қолының треморы, нәрестенің жағдайы зақымдалуының тәулікте қалпына келе бастайды.

1. Балалар жүйке жүйесі аурулары
Барлық жүйке жүйесі ауруларының 23 бөлігінің түпкі тамыры перинаталды кезеңмен тығыз байланысты. Зерттеулер балалардың жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануының клиникалық көріністері мен метаболиттік механизмдерін зерттеуге арналған. Перинаталдық энцефалопатиялардың проблемалары ауыр дәрежелі медико-социалды себеп-салдарға: ағзаның жалпы әлсізденуі, созылмалы және жүйелік инфекциялардың дамуына, ойлау қабілетінің, психо-эмоционалдық сфераның төмендеуіне және бұл көріністердің жиілеу себебіне байланысты уақыт өткен сайын отандық, сонымен қатар көптеген шетел зерттеушілерінің назарын аударуда.
Статистикалық талдау мәліметтері перинаталдық энцефалопатиялардың өсу жиілігін көрсетеді; Ресейде соңғы 5 жыл ішінде сырқаттылық 20% өссе, Қазақстан бойынша 10% жоғарылағаны анықталған. Балалардың неврологиялық сырқаттанулығын емдеу мен алдын алу шаралары ағзаның жеке дамуымен, олардың сыртқы орта әсерлерімен тығыз байланысты. Әдебиеттік талдаулар балалардағы неврологиялық өзгерістердің толық мәнді зерттелмегенін аңғартады. Қазіргі уақытқа дейін ғылыми зерттеулер көбінесе соматикалық аурулардың жүйке жүйесіне әсер етуіне арналған.
Қазақстан бойынша 2000 жылы нәрестелер өлімінің 32,8% жүйке жүйесінің перинаталдық патологиясының үлесіне тиді.
Балалардағы жүйке жүйесінің перинаталдық ауруына әсер ететін себептерге анасының социалды-биологиялық мінездемесі, босану жағдайы, қоршаған ортаның эпидемиологиялық, экологиялық, социалды-гигиеналық факторлары жатады. Кейбір авторлардың айтуы бойынша әлеуметтік орта, экономика, демографиялық жағдайлар, саяси құрылымдардың өзі перинаталдық патологияның дамуына алып келеді. Ана мен ұрықтың ағзалары тығыз байланыста болуынан, плацентарлық барьер арқылы әр түрлі дәрілік препараттар мен инфекциялардың ену мүмкіндігі де қарастырылған. Перинаталды инфекциялар эмбрион немесе ұрықтың өліміне әкеліп, мүшелер мен жүйелердің туа біткен аномалияларына әкеледі. Анасының жүктілік кезіндегі соматикалық және эндокриндік аурулары баласының жүйке жүйесінің патологиясымен туылуының үлкен қаупін төндіреді. Оның ішінде үнемі дәрілік заттарды қабылдайтын созылмалы аурулар жатады. Жүкті әйелдің қант диабеті ОЖЖ-нің органикалық зақымдануына,микро- және гидроцефалияға, менингоцеле, әр түрлі гиперкинездерге әкеліп соқтырады .
Ана ағзасындағы витамин мен микроэлементтердің тепе-теңдіктен ауытқуы ақуыздың жеткіліксіздігі, толыққанды құнды тамақтанбау ұрықтану кезінде физиологиялық және иммунологиялық үрдістерге әсер етеді. Ұрықтық ОЖЖ-ң дамуына жүкті әйелдің қан жетіспеушілігі де себеп болады. Сонымен қатар, репродуктивті жастағы әйелдердің 80%-і қан жетіспеушіліктің әртүрлі дәрежесімен ауырады. Ана мен ұрықтың АВО жүйесі бойынша қан сәйкессіздігі жүктілік кезінде патологиялық бұзылысқа, ұрықтың бас миының даму бұзылысына әкеледі. Резус және топтық сәйкессіздігі ұрыққа сәтсіз әсер етіп, нәрестенің клиникалық көрінісі айқын емес гемолитикалық ауру дамиды. Соңғы жылдары барлық елде ішімдіктің ұрық дамуына әсерін зерттеуде бұл бұзылыс ұрықтық ішімдік синдромы деп аталуда. Бұндай синдроммен туылған балалардың 80%-де көптеген жүйке жүйесінің функционалды және органикалық бұзылыстары байқалған. Анасының никотинмен, нашақорлық заттармен улануы ұрықтың өліміне және шала туылған салмағы аз балалардың туылуына әкеледі.
Темекі шегетін аналардан туған балалардың 40% тырыспаға тән қасиетке ие болады . Көп авторлар ата-анасының жасына да көп көңіл бөледі: өте жас (17-19 жас) және егде жас (35-40 жас) арасындағы ата-аналардан туылған балалар бас миының пренаталды зақымдануына себепкер болуы мүмкін. Әкесінің жасы мен денсаулығы да ұрықтың тұқым қуалайтын және туа біткен ақауларына әкеледі . Ұрықтың жатыр ішінде баспен орналасуы ғана қалыпты жағдай болып есептеледі . Ұрық асфиксия жағдайында болса жоспарлы түрде кесар тілігімен туған баланың да перинаталды патологияға шалдығуы жиі кездеседі .
Пиелонефритпен ауырған анадан туған балада жүктілік кезінде ұрықтың бас миының гипоксиялық зақымдалуы байқалады. Әдебиеттердегі көрсеткіштер бойынша ұрық пен нәрестелердің гипоксиялық зақымданулары 37,2 % құраса, шала туған нәрестелерде 13,7% құрайды. Ұрықтың ОЖЖ зақымдалуына жатыр-плацентарлы-қанайналымы, қысқа кіндікбау, кіндікбаудың шынайы түйіні, плацента мен кіндікбаудың дегенеративті бұзылыстары жатады .
Қазіргі кезде ана мен бала денсаулығының нашарлауына қоршаған ортаның жағдайы, отбасылық және тұқым қуалаушылық көп әсер етеді .
Ми қан айналымының бұзылуы компьютерлік томография мен нейросонографиялық тексеру кезінде айы-күніне жетіп туған балалардың 7-10% және шала туған балалардың 32-89% анықталған. Қазіргі заманғы нейровизуализациялық зерттеу әдістерін қолдану ерте жастағы балаларда геморрагиялық және ишемиялық сипаттағы ми қан айналым бұзылыстарын, соның ішінде гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатияларды ерте анықтап, диагностикалауға мүмкіндік береді.

2. Орталық жүйке жүйесінің перинаталды патологиясы туралы қазіргі көзқарас

Жүктілік және туу кезіндегі мидың гипоксиялық зақымдалу мәселесі медицинаның өрлеуіне қарамастан,педиатрия және неврологияда негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Ерте жастағы балалардағы неврологиялық бұзылулар саны жағынан ересектерге берілетін, әсіресе перинаталдық патологиямен байланысты аурулардың өршуі уақыт өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тастанды балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік сипаттама
Балалар неврологиясы пәнінен оқу - әдістемелік нұсқау
Балалық шақтың кезеңдері. Балалар жүйелері мен мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне жалпы мінездеме
Тірек –қимыл аппараты бұзылған балаларға білім беру. 
Дефектология пәнінің негізі
Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау
Сал ауруына шалдыққан балалардың түрлі өнімдіс әрекетін жетілдіру
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Қозғалыс үйлесімінің бұзылуы
Пәндер