Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртіб



Кіріспе 3
1. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртібі 5
2. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп.кету тәртібі 10
3. Көшіру және қоныстандырудьщ принциптері және көшіру әдістері 12
4. Көшіру және қоныстандыру. Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері. 16
5. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері. 20
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебиеттер 25
Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, (буынның) жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының коменданты болып табылатын командир жүргізеді.
Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз су қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.
Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.
Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының (буынның) жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс.
Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады.
Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз алуға белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.
РҚО-да жоғарыда келтірілген келіп-кету тәртібінен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.
Панахана еденің ара-тұра сумен шайып, ал 2-3 тәуліктен соң РҚО-ның барлық жері мен ондағы заттарды ылғал шүберекпен сүрту қажет. Азық-түлік пен суды ластағыш заттар түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.
Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.
1 Қ.Т Жантасов, А.Т Сүлейменова, С.П. Назарбеков, Б.Б. Маханов, Е.Н. Кочеров. Төтенше жағдайлдардағы тіршілік қауіпсіздігі, оқулық. ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы. 2011- 272бет
2 Қ.Т. Жантасов, Е.Н. Кочеров, А.С. НаукеноваМ.К. Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі, оқулық. ҚР Білім және ғылым минимтрлігі, Алматы, 2011-512бет
3 С. Арпабеков. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі., оқулық. Алматы 2004 – 256бет
4 Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы,№ 1 (41) шығарылым, 2010
5 Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы,№ 3 (43) шығарылым, 2010
6. Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности. – Москва.: ФАИР-ПРЕСС, 2002.-228б.
7.Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана, 3сәуір 2002ж.
9. Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности. – Москва.: ФАИР-ПРЕСС, 2002.-228б.
10 Суровцов А.А. и др. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам ЧС и ГО. – Алматы, 1999
11 Әжібеков, Кравченко. Аварийно-спасательные работы
12 Конститутция РК – Астана, 2007
13 Арустамов Э.А. и др. Безопасность жизнедеятельности, часть 1 и 2. – Москва, 1998, 1999г.г.
14 Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Алматы,22 қараша 1996ж.
15 Қазақстан Республикасының еңбек қорғау бойынша нормативтік актілерінің жинағы. Н.Д. Спатаевтың, К.А. Алдабаеваның ред. – Қарағанды,-356б.
16 Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы заңы» 5 июль 1996ж.
17 Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы, 7 май 1997ж.
18 Қазақстан Республикасының «Радиациялық қауіпсіздік туралы» заңы , 23апрель 1998ж

ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртібі 5
2. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі 10
3. Көшіру және қоныстандырудьщ принциптері және көшіру әдістері 12
4. Көшіру және қоныстандыру. Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері. 16
5. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері. 20
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебиеттер 25

Кіріспе
Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, (буынның) жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының коменданты болып табылатын командир жүргізеді.
Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз су қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.
Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.
Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының (буынның) жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс.
Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады.
Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз алуға белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.
РҚО-да жоғарыда келтірілген келіп-кету тәртібінен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.
Панахана еденің ара-тұра сумен шайып, ал 2-3 тәуліктен соң РҚО-ның барлық жері мен ондағы заттарды ылғал шүберекпен сүрту қажет. Азық-түлік пен суды ластағыш заттар түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.
Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.
Қорғаныс ғимаратынан шығу сырттағы жағдай мен түсетін әмірлер және дабылдар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін оның өкімі бойынша жүргізіледі.
Кіреберістер мен авариялық шығаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікті сүйемен және сына арқылы ілгешегінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңлау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан ары жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару мына тәртіппен жүргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі, бұдан кейін зардап шеккендер, балалар адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға қарттар, ең соңында қалған барлық адам әкетіледі.

1. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртібі
Қорғаныс ғимаратын пайдалануға даярлықта ұстау мен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасырыну орындарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пайдалануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ (буын) жүргізеді. Буын командирі (ол қорғаныс ғимаратының командиры) ғимаратқа кызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілерден тағайындалады.
Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс гимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс.
Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде жалпы, сондай-ақ оны жекелеген бөліктерінің -- кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған-қымталған есікгердің, баулықтардын және жарылыстардан қорғайтын қондырғьілардьщ, бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік-техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінін. сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеуішті және оны кез келген уақьпта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандырылуға тиіс. Қорғаныс ғимараттарының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, коршағыш құрғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымгалудың өзгеде бұзылуына тиым салынады.
Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс: АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс-шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс ғимаратының күтіп ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паспорты, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және сыртқы инженерлік тораптар жоспары, қорғаныс ғимаратгың жәй-күйін тексеру журналы, желдеткіш-сүзгіш жөне өзге инженерлік жабдыктарды пайдалану жөніндегі нүсқаулықтар, приборларды пайдалану төртібі. Сонымен қатар АҚ жене ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу мекемелерімен өрт командарымен, теле-фон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін-өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуге тиіс.
Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын көсіпорын (мекеме) басшысы белгілеген тәртіппен жүргізілетін жыл сайынғы және арнайы (кезектен тыс) қадағалауларда тексеріледі.
Қорғаныс ғимаратының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қала (аудан) ТЖ және АҚ басқару органдарының келісімісіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқы ауа келетін қондырғыларға жақын учаскелерге құрылыс салуға тиым салынады.
Қорғалған-қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатын ілгешектерде тұруға тиіс. Есік ойықтарын жабу үшін көдімгі есікгер қойылуға тиіс. Қорғаныс ғимаратының бөлмелері құрғақ болуға қажет. Температура қысқы уақытта бейбіт уақытта бөлмелерді пайдалану талатарына сәйкес ұсталуға тиіс. Бөлмелерді есікті ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қондырғысын қысқа мерзімді жұмысы үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет.
Қорғаныс ғимаратының инженерлік-техникалық қондырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі (сүзгіш-жұтқыштар мен регенеративті қондырғыларды қоспағанда).
Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіс. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтырылуға тиіс.
Дәрет жинауға арналған авариялық резервуарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етілмейді. Бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүргіштелуге тиіс.
Бейбіт уақытта пайдаланылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі.
Желдетілетін бөлме панахананың ішкі қабырғыларымен түйісуге және кіреберістер мен авариялық шығыберістерге жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылығы 150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне тікелей орналасуға рұқсат етіледі.
Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.
ДЭС үшін бөлмелер ішкі қабырғаға орналасады және басқа бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады) панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панахана жаққа қарай ашылатын екі қымталған есігі бар тамбурмен жабдықталады.
Тамбур-шлюз басқа кіреберістер жабылғаннан кейін панаханаға адамдарды жіберу кезінде панахананың қорғаныстық қасиеттерін сақтайды, сыйымдылығы 300 адам және бірден артық кіреберісі бар панаханаға орнатылады.
Қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.
Панаханаға өтетін барлық кіреберістер (тамбур-шлюздері барынан басқалары) панаханаға кіреберіс арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.
Панахананың авариялық шығаберісі тоннель түрінде жасалады ол үйінді баспаған аумаққа алып барады және баулығы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге өтетін кіреберіс тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымталған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3 метр қашықтыққа қоршаған ғимараттардан алшақ болуға тиіс. Қақпағының биіктігі 1,2 м қабырғаға ішке қарай ашылатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойық істелінеді. Биіктігі 1,2м төмен жерге төмен қарай ашылатын металл тор орнатылады.
Барлық панаханалар кіреберіс пен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.
Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық ехникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады.
Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (І режим) және сүзгілік желдеткіш (ІІ режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.
Жаппай өрт, аумақ зиянды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастырылады (ІІІ режим).
Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру ушін мына іс-әрекеттер жүзге асырылады:
-- қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау, жазба-көрсеткіштерді және "Кіру" жарық дабылын қою;
-- қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезіңде пайдаланылмайтын мүлікпен материалдан босату, ғимараттарды нарлармен және орындықтармен жабдықтау;
-- инженерлік-техникалық қондырғылардын тоқтатылуын жүргізу;
-- қорғалған-қымталған есіктерден кәдімгі есіктерді, пандустарды және жеңіл экрандарды алу;
-- қорғалған-қымталған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру;
-- технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғыларын жабу (жүк люктері мен лифт шахталары, монтаждық ойықтар және т.б.);
-- бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланылмайтын желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңлауларын жабу және қымтау;
-- авариялық шығаберістерін жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру;
-- желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қондырғылары жүйесінің ақаусыздығын тексеру;
-- қорғаныс ғимараттарының қымталуын тексеру;
-- бейбіт уақытывда пайдаланылмайтын санитарлық тораптарын ашу;
-- сыртқы су қүбырына қорғаныс ғимаратының су құбырын жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою;
-- ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу;
-- дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен, прибормен жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру;
-- ғимаратты желдету;
-- азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау. Қорғаныс ғимараттарының панахана режимінде пайдалану қызмет көрсету буынның басшылығьшен жүргізіледі, ол халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дүрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп-кету тәртібін сақтауын, сондай-ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
"Баршаңыздың назарыңызға!"ескерту дабылы және іс-әрекет тәртібі туралы белгіленген ақпарат бойьшша қызмет көрсету буыньщ жеке құрамы панаханаға келіп жыльпу жүйесін ажыратады, бүкіл бөлмелердегі жарықты қосады сүзгіш-желдеткіш қондырғыларды жұмысқа әзірлейді, авариялық шығаберістердің және сорғыш желдетіп реттегіш оқшаулағышьш жабады, қажет болса транзштік коммуникацияның қондырғысын жабады, келген адамдарды қабылдап орналастырады.
Қорғаныс ғимараты толып, панахананың қорғалған-қымталған есіктерінің жапқаннан кейін таза желдеткіш жүйесі бойынша оны ауамен толтырады.
УЗ қолданылғандығы туралы берілген ақпарат бойынша ауамен жабдықталған жүйесі бірден сүзгіш-желдеткіш режиміне қосылады.
Ядролық жарылыстан кейін сүзгіш-желдеткіш жүйесі бір сағатқа ажыратылады, толық оқшаулау режимі белгіленеді, ахуал анықталады және қалыптасқан ахуалға сәйкес режимге көшу жүргізіледі.
Сүзгіш-желдеткіш режиміне таза желдеткіш қосылардың алдында ауада УЗ бар-жоғы тексеріледі. Келген ауада УЗ іздері байқалған жағдайда сүзгіш-желдеткіш режимі сақталады.
2. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі

Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басқылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, (буынның) жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының коменданты болып табылатын командир жүргізеді.
Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқагар, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз суы қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.
Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.
Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының (буынның) жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс.
Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады.
Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рүқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегатгар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз алуға белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, комевдантгың рүқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.
РҚО-да жоғарыда келтірілген келіп-кету тәртібінен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.
Панахана еденін ара-тұра сумен шайып, ал 2 -- 3 тәуліктен соң РҚО-ньщ барлық жері мен ондағы заттарды ылғал шүберекпен сүрту қажет. Азық-түлік пен суды ластағыш заттар түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.
Тамақ пен су ішу кезівде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.
Қорғаныс ғимаратынан шығу сырттағы жағдай мен түсетін әмірлер және дабылдар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін оның өкімі бойынша жүргізіледі.
Кіреберістер мен авариялық шығаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ қүрамаларының кемегін күтпей, паналаушыларды жүмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікті сүйемен және сына арқылы ілгешегінен алады. Жайпақ есікке бүрғымен, кескішпен және арамен саңлау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан ары жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару мына тәртіппен жүргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі, бұдан кейін зардап шеккендер, балалар мен қарттар, ең соңында қалған барлық адам әкетіледі.
3. Көшіру және қоныстандырудьщ принциптері және көшіру әдістері
Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.
Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни үлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, үлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.
Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
-- көшіру -- төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.
-- қоныстандыру -- бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратьш ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жүмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объекгілерге жақын орналасқан аудаңцардың халқын көшіру жатады.
Қауіпсіз аймақ -- бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздавдыру үшін даярланған аумақ.
Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыдандырылуға тиіс.
Көшіру мен қоныставдырудың негізгі принциптері:
-- көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;
-- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;
-- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;
-- көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;
-- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;
-- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;
-- көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;
-- өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.
Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе паңцаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймаганда түратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғаныс ғимараттарының құрылымы, жабдықталуы
Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру
Паналау ғимараттары (панаханалар)
Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері. Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері
ТЖ тұрғындарын қорғау формалары
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Қоныстандыру және көшіру
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Эвакуация шараларын жүргізудегі негізгі ережелер
ТЖ аймағында барлау
Пәндер