Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Домбыра - қазақтың ұлттық аспабы.

Домбра - қазақтардың тұрмысында кеңінен тараған музыкалық аспап. Қазақ домбырасы бұл - қатты ағаштан жасалған, екі ішекті шерпелі аспап. Домбра өзінің маңыздылығын бүгінгі күні де жоғалтқан емес. Көптеген музыканттар өздерінің компазицияларына домбыраның дыбысталуын қосады.

Қазақ домбырасының құрылысы әр өңірлерде өзгеше болып келеді. Батыста, Каспий жағалауының аймағында домбыра дөңгелек, тамшыға ұқсас, жіңішке ұзын мойынды болып келеді. Пернелерімен ішектері қой немесе ешкінің ішектерінен жасалынған. Орталық және шығыс өңірлерде төменгі қақпағы тегіс, мойыны жуан болып келген.

Домбыраның қосымша бөліктері барлық өңірлерде бірдей болып келеді. Ол шанақ- домбыраның корпусы, дыбыс зорайтқыш. Қақпақ- домбыраның декасы. Серіппе - Қақпақтың ішкі жағында орналасқан арқалық. Қазақ домбыраларында бұрын серіппелер болмаған. Қазіргі уақытта дыбысты жақсарту үшін ұзындығы 250-300 мм серіппе қолданылады. Ол шырша ағашынан жасалынады.

Домбыра кәсіби кезбе әншілердің серігі болған. Біран-сал, Ақан -Сері, Мұхит, Жамбыл мен Әмренің бейнелері осы домбыраның сүйемелдеуімен байланысты.

Қазіргі қазақ домбырасының прототипі 4000 жыл бұрын болған деген дәлелдер бар, бұл туралы археологтардың 1989 жылы Алматы облысының тауларындағы «Майтөбе» үстіртіндегі жартастағы суреттерде көрініс тапқан. Суреттерде қолдарында домбыраға ұқсас аспаппен билеп жүрген төрт адам бейнеленген.

Ал көне Хорезмнің қазба жұмыстары кезінде күйдірілген саздан істелген шекті аспаптарда ойнап тұрған музыканттардың мүсіншелері табылған. Ғалымдар хорезмдік екі ішекті аспаптары казақ домбырасына ұқсастығын анықтаған.

Түрі жағынан домбыра ұқсас аспаптар сақ, ғұн және басқада тайпалардың ескерткіштерінде кездеседі.

Марко Поло өз еңбегінде бұл аспап көшпелі -түркі жауынгерлерінде болған, ол кезде оларды ежелгі Русьте татарлар деп атаған. Олар шайқас алдында осы аспапта ойнаған[1] .

Домбыра туралы аңызда былай деп айтылады. Ерте заманда Алтайда екі алып ағайындылар өмір сүрген. Кіші інісінде домбыра болған, ол домбыра тартқанды жақсы көрген. Домбыраны тартқан кезде барлығын ұмытып кететін. Ал ағасы болса ызақор, атаққұмар болған. Бір күні ол атын шығару үшін суық, ағынды өзеннің үстінен өтетін көпір тұрғызбақ болады. Ол тастарды жтнап көпір тұрғыза бастайды. Ал інісі болса домбыра тарта береді. Осылайша күндер өте береді. Інісі ағасына көмек көрсетуге асықпайды. Ағасы ашуланып, домбыраны тартып алып, жартасқа соғады. Кремет аспап сынып қалады, бірақ дартаста оның ізі қалып қояды.

Біреше жыл өтіп кетеді. Адамдар осы таңбаны тауып алып сол бойынша домбыра жасай бастайды, осылайша домбыраның әуені қайта шыға бастайды.

Домбыраның қазіргі түрі туралы аңызда, бұрын домбыраның бес шегі болатын және оның ортасындағы ойығы болмайтын. Осындай аспап айналаға танымал Кежендік деген жігітте болған. Ол бір күні ханның қызын ғашық болады. Хан жігітті өз киіз үйіне шақырып алып, қызына деген махаббатын дәлелдеуді ұсынады. Жігіт ұзақ уақыт бойы домбырада ойнайды. Ол хан туралы өлең де орындап береді, оның сараңдығы мен ашкөздігі туралы. Хан ашуланып оның домбырасының ортасына ыстық қорғасын құюға бұйрық береді. Сол кезде домбыраның ортасында ойық пайда болып, домбырада екі ішек қалған екен.

Халық арасында домбыраның пайда болуы туралы аңыз бар. Ерте заманда бір ханның қызы жігітке ғашық болып, оларда жақын арада сәбилері дүниеге келетін болған. Тоғыз айдан кейін оларда егіз -ұл және қыз дүниеге келеді.

Қызды аңдып жүрген мыстан балларды ұрлап әкетіп биік бәйтеректің бұтағы іліп қояды: баланың бетін батысқа, ал қызды шығысқа қаратып қояды. Сәбилер қайтыс болады, ал алып бәйтерек болса олардың көз жасынан қурап қалады.

Көп ұзамай олардың өлімі туралы хан қызына да хабар жетеді. Хан қызы ағашты іздеп көп жүреді, әбден шаршаған қыз қурап қалған ағаштың астына дем алуға кідіреді. Кенеттен оған әуен естіледі. Хан қызының жүрегі қатты соғып, бұл оның сәбилерінің үні екенін түсінеді. Шаршағанына қарамастан ол бәйтерекке көтеріледі.

Ағаштың төменгі жағынан төбесіне дейін жапырағы жоқ, жалаңаш ағаш екен, ал оның бұтақтарында сәбилердің сүйектері тартылып тұрған екен. Желдің самалымен олар екі ішек секілді қозғалып, әуезді дыбыстар шығарып тұрады екен. Анасы бәйтеректің басында ұзақ уақыт бойы отырады.

Кеткісі келмеді: өйткені бұл шығып тұрған әуезді дыбыстар оның балаларын тірілткендей болды. Ханның қызы бұл оның балаларынан қалған деп, осы ағаштан музыкалық аспап жасайды. Шығысқа қаратылған ішегі батысқа қаратылған ішекке қарағанда қаттырақ тартылған екен.

Байғұс ана: «Жіңішке шығып тұрған төменгі ішек менің қызым Зарлық (жылап тұрған), ал жоғарғы әлсіз тартылған ішек - ұлым Мұңлық (мұңданып тұрған) болсын» - деп шешеді. Ол домбырада ойнай бастайды, оның саусақтарының астынан әдемі, мұңлы күй шығады. Кең байтақ елсіз мекенде өсіп тұрған бәйтерек ерте заманнан киелі ағаш болып саналады[2] .

Бәйтеректің киелі қасиеті, оның тамырлары жереге терең бойлай кетеді, ал діңгегі жер бетінде тұрады, ал басы болса самал желмен есіп аспанға жетіп тұрады. Әуен -тазалықтың символы, ал бәйтерек үш әлемнің: аспан, жер және жер астының бірлігінің символы.

Домбыраның басы бұл-Аспан, мойыны, бұл Бәйтерек, ал шанағы- Жер.

Домбыра көптеген ғасырлар бойы өзінің негізгі құрылысы мен түрін жоғалтпаған. Шеберлер домбыраның дыбыстық мүмкіндіктерін, әуездігін кеңейтуге тырысуда. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік) . Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек) .

Қазақ домбырасында негізінен екі ішек болады, олардың басым үнін тек оны икемдеген кезде ғана өзгертуге болады. Ішекті мойынның белгілі бір жеріне тартқан кезде музыкант оның ұзындығын өзгертеді, сөйтіп оның дыбысталуын өзгертеді. Осы мақсатта домбырада пернелер болады.

Перненің құрылымы халықтың музыка өнерінің тарихи және ұлттық құндылықтарына әсер етеді.

Тартылған ішектерді бекіту үшін музыкалық қабылдау мен орындау ерекшелігіне байланысты пернелерді байлау қолданылады. Пернелерді байлау мойынның ұзындығы мен ішектердің ұзындығына байланысты, ол әр аспапта әр түрлі болуы мүмкін.

Қазіргі қазақтың ұлттық аспаптарын жасайтын шеберлер домбыраның шанағының диаметрін үлкейтіп жіберген, бұл орындаушыларға біршама қиындықтар туғызып отыр. Домбыраның шанағымен қақпағының диаметрін өзгерткен мен оның мойынының ұзындығы сол қалыпты қалды. Бұл сәйкессіздік өз кезегінде оның дыбысталуының сапасына әсер етті.

Ұлттық аспаптарды жетілдіру мақсатында ғылыми-негіздік мәліметтерге сүйене отырып домбыраның акустикалық қасиетін зерделеу жүргізілді. Ол үшін екінші домбыраның шанағының қақпағы үшін шыршадан сызбасы жасалған болатын. Домбыраның қақпағына екі серіппе бекітілген. Ағаштың физикалық-механикалық қасиеті анықталды, бұл қақпақпен серіппе бекітілген қақпақ үшін өте маңызды.

Қазақ домбырасының акустикалық сипаттамасын зерттеу барысында домбыраның шанағымен біріктірілген домбыраның қақпағының амплитудалық- жиілік сипаттамасы зерттелген. Жұмыс қақпағының дауысын микрафон арқылы компьютерге жазумен жүргізілген.

Жоба барысында домбыра дауыс деңгейі кәсіби микрафондармен, зорайтқыш микрафонның көмегімен жүргізілген. Бұл домбыраның дыбысталуын жақсартады[3] .

Домбра - қазақтың үздік философиялық аспабы, өнерлі адамның қолында адамның барлық сезімдерін жеткізе алады. Домбырада Аль -Фарабидың музыка туралы ілімінің белгісі көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу
Музыкалық аспаптардың тарихы
ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ДОМБЫРА АСПАБЫН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ
Қазақтың ұлттық аспаптары жайлы
Күй ерекшеліктері
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Домбыраның физикалық қасиеті
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz