Ортақ меншік құқығы



ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3

1. ОРТАҚ МЕНШІК ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 5
2. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ 7
3. ОРТАҚ ҮЛЕСТІК МЕНШІК 8
4. ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК 13
5. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ 22

ҚОРЫТЫНДЫ 24

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі. Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» атты акті қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) «Есім ханның ескі жолы» аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) «Жеті жарғысы» аталған жинақ болып отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. Әңгіме біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе жатқан өзекті мәселелердің бірі.
Меншік құқығы қазақтардың әдеттегі құқығының ажырамас бөлшегі екенін осы «Жеті жарғы» баптарынан көреміз.
Академик С.3. Зиманов қазақтардың әдеттегі құқығында меншік құқығының басымдылығы, мүліктік жауапкершіліктің жоғары болғандығын атап көрсеткен еді . Алысқа ұзамай-ақ ауыз екі сөз тіркестерінде қолданылып жүрген айыптың бірі тоғыз құн төлеу туралы еске сала кетсек те жеткілікті.
Біз бұл жұмыста ортақ меншік туралы баяндаймыз. Осы ортақ меншік мына нарықтық заманда жаңа сипаттарға ие болып отыр.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.
3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заң Алматы: Жеті-Жарғы. 2002 ж.

Арнайы әдебиеттер
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
3. Сулейменов М.К. развитие института права собственности в законодательстве Казахстана. - Научные труды «бдтет». 1997. №1.
4. Зиманов С.З, Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов. Алма-Ата: Наука, 1989.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық Жүйелер Университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Ортақ меншік құқығы

Орындаған: 1(2) Құқықтану топ
студенті Суиншкалиева Б.К
Тексерген: аға оқытушы
Жоламанов
С.С

Орал, 2011 жыл

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3
1. ОРТАҚ МЕНШІК ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 5
2. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ 7
3. ОРТАҚ ҮЛЕСТІК МЕНШІК 8
4. ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК 13
5. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы,
Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт
шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан
зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты
да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық
қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында
меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың
дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы
кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері
көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене
араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды
реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан
салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның
тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі.
Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама
заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде
Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында Қасым ханның қасқа жолы атты акті
қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) Есім ханның ескі
жолы аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен
жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) Жеті жарғысы аталған жинақ болып
отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық
объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. әңгіме
біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе
жатқан өзекті мәселелердің бірі.
Меншік құқығы қазақтардың әдеттегі құқығының ажырамас бөлшегі екенін
осы Жеті жарғы баптарынан көреміз.
Академик С.3. Зиманов қазақтардың әдеттегі құқығында меншік құқығының
басымдылығы, мүліктік жауапкершіліктің жоғары болғандығын атап көрсеткен
еді[1]. Алысқа ұзамай-ақ ауыз екі сөз тіркестерінде қолданылып жүрген
айыптың бірі тоғыз құн төлеу туралы еске сала кетсек те жеткілікті.
Біз бұл жұмыста ортақ меншік туралы баяндаймыз. Осы ортақ меншік мына
нарықтық заманда жаңа сипаттарға ие болып отыр.

1. ОРТАҚ МЕНШІК ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал
мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік
құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше
адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты
өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға
сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі
одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды
(АК-тін, 225-бабы, 2-тармағы).
Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта
көзделген реттерде пайда болады (АК- тің 209-бабы, 4-тармағы).
Мұндай жағдайға жекелеген заттардан құралған не жинақталған заттарды
жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және т.б.
жатады). Айталық, кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге
адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен
айқындалады.
Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие
болады. Меншіктің құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің
бір-біріне деген өзара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа
иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.
Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы қатынас
емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың
қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы
белгіленген. Мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, демек
әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін. Бұл
жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жоқ, қатысушыларды несие беруші не
борышқор деп те айта алмайсың, ал олардың арасындағы келісім тек ортақ
мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.
Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір-біріне деген қарым-
қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік
құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты
иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субъектілері бола алады.
Сондықтан да мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ
меншігіне қатысушылар рөлін атқаратын жағдай аз кездеспейді.
Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде
шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-
аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер,
атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда кезделген өзге де реттер
негізінде де жүзеге асады ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Занның 3-бабы, 3-
тармағы). Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен
де туындайды.
АК-тің 230-бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай
немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі
нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті
меншігі болып табылады.
Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект
ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және
қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.
Ортақ меншік құқығын субъективті мағынада екі немесе одан да көп
тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағындағы ортақ мүлікті
белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету
мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған
шарттарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.
Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен
бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін
белгілі бір объектіні жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп
пайдалануынан көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде,
сондай-ақ өмірде мүлікті мейлінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.

2. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

Ортақ меншік бірлескен (үлесі белгіленбеген) және үлестік меншік
болады (АК-тің 209-бабы, 2-тармағы).
Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі
тиесілі. Мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ та үлестің
көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің
шешіміне әсер етпейді. Сондықтан да олар ортақ келісім негізінде бірлесіп
шешіледі.
Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке
ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен
меншік: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының
ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде
болады. Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері
көзделуі мүмкін (АК-тің 219-бабының 1-тармағы).
Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді.
Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардьщ үлесі болады, бірақ
олардың жалпы мүліктегі көлемі алдын-ала айқындалмауына байланысты оны да
тең деп есептейді.
Мұндай тәртіп ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан
мүліктеріне де қатысты ("Неке және отбасы туралы" Заңның 32-бабы). Сонымен
бірге "Неке және отбасы туралы" заңы некеде тұрған кездерінде бірлесіп
тапқан дүние-мүліктерін жұбайлардың келісімі арқылы бөлу мүмкіндігін де
жоққа шығармайды. Демек, неке шартында олар мүлікті бірлесіп немесе жекелей
пайдалануына болады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 40-бабы). Келісімге
келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне құқылы.

3. ОРТАҚ ҮЛЕСТІК МЕНШІК

Меншіктің үлестік түрі деп мүлік объектісін қатысушылар арасында нақты
үлеске бөлуді айтады.
Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда болу кезінде ортақ мүліктегі
меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады. Бөлудің мұндай сипаты
меншік иелерінің келісімдері және заң құжаттарымен тағайындалады. Осы
келісім аркылы қатысушылардың үлес мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды,
мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады. Егер
қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында
көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді.
Заңда меншік иелерінің бірінің күшімен мүлікті жақсарту мәселесі
айқындалған. Мүліктегі үлес көлемін айқындауда ортақ мүлікті пайдалану
тәртібін сақтай отырып, оны жаксарту мәселесінің ара-жігін ашып алу керек.
Ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, оны
жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншікке қатысушының ортақ
мүліктегі өз үлесін ұлғайтуға құқығы бар.
Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушылардың
келісімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі (АК-
тің 211-бабы).
Ортақ мүлікті иелену, пайдалану және билік ету барлық қатысушылардың
келісімімен жүзеге асырылады (АК-тің 212— 213-баптары).
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық
катысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда — сот
белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады (A К-ті ң 213-бабының 1-тармағы).
Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру кезінде иелену, пайдалану және билік
ету салдарына мән беру керек. Егер меншік иелері ортақ мүлікті иелену және
пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге келе алмаса, онда сотқа жүгіне алады.
Егер көзқарас қайшылығын сот шешпейтін болса, оны тараптардың өздері
шешеді.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүліктен өзінін,
үлесін заттай күйінде бөліп беруге талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай
беліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі
мүлікке шамадан тыс залал келтіруіне байланысты мүмкін болмаса, бөлініп
шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын
төлетіп алуға құқылы (АК-тің 218-бабының 3-тармағы). Ресейдің сот
тәжірибесінде мұндай залалға мүліктің мақсатты пайдаланбауы, оның
техникалық жағдайын нашарлатып жіберуі немесе материалдық не көркем
шығармашылық құндылығын төмендетіп жіберу (мысалы, суреттер, монет,
кітапхана, және т.б.) тәрізді жағдайлар жатады.[2]
Тәжірибеде мүлікті қатысушылар арасында бөлуде немесе олардың біреуіне
немесе бірнешеуіне заттай беруде қиындықтар кездеседі. Біз бұл арада тағы
да Ресейдің сот тәжірибесіне тоқтала кетпекшіміз. Олардың шешімдері
мынадай: белінетін меншік иесінің талабы бойынша қалған катысушылар оған
сұрағанын ақшалай береді, содан кейін әлгі меншік иесі ортақ мүліктегі үлес
құқығынан айырылады. Кейбір жағдайларда ғана меншік иесінің үлесі
айтарлықтай болмаса әрі оны іс жүзінде бөлу мүмкіндігі жоқ болса, сот осы
меншік иесінің келісімін бермегеннің өзінде қалған қатысушыларға оған өтем
төлеуді міндеттей алады.
Сот таласқа түскен мәселеге жан-жақты зерттеу жасап, тараптардың
ұсынған дәлелдемелерімен санасады, мәселен, мүлікті пайдалану кімге қандай,
қажет, оның денсаулығы, кәсіби қызметі қандай, неше баласы бар, отбасында
жұмысқа қабілеттілері бар ма, жок, па, бәрі-бәрі есепке алынады.
Мұндай ережені бөлінбейтін заттарға да қолдануға болады (мысалы,
автомашина, музыкалық құралдар т.б.).
Ауылдағы шаруа қожалығына (фермерге) оны қолданбайды. Кейбір жекелеген
жағдайларда, сот нақты жағдайды ескере отырып, үлес меншігіне
қатысушылардың ішінен біреуіне ғана бөлінбейтін затты беруі мүмкін. Бұл
орайда қалған қатысушылардың үлес көлемдеріне мән берілмейді.
Үлес меншігіндегі мүліктерді бөлудің мүмкін еместігі және де Азаматтық
кодекстің 218-бабы 4-тармағында көрсетілген жағдайларға карап, қатысушы бүл
мүлікті пайдалану құқығынан айырылады деуге болмайды. Мұндай жағдайда
мүлікті пайдаланудың қалыптасқан нақты тәртібі ескеріледі, әрі бұл ортақ
меншік құқығындағы үлеске сай келмеуі мүмкін.
Шарттын, немесе сот шешімі негізінде қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін
тұлғаның қалай иеленетіндігі белгіленеді. Әңгіме бұл жерде оның заңды үлесі
мен құқықтары туралы болып отыр. Мұндай жағдайда жалпы меншікті бөлуге
болмайды (мысалы, қозғалмайтын мүліктің бір бөлігі бүлінеді, одан қалған
қатысушылардьщ үлесі өзгермейді, олар мүліктің қалған бөлігін иелену мен
пайдалану тәртібін айқындауға құқылы, бұл орайда олардың үлестері
сәйкестендіріле белгіленеді).
Азаматтық кодекстің 214-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікті
пайдаланудан алынатын жемістер, өнімдер мен табыстар ортақ мүліктің
құрамына келіп түседі. Үлесті меншіктің қатысушылары арасында жемістің,
өнім мен табыстың одан кейінгі бөлінуі, өзгеше көзделмесе, олардың
үлестеріне сәйкес жүргізіледі.
Үлесті меншіктегі мүліктердің мазмұны бойынша шығынды қатысушылардың
бәрі сәйкестендірілетендей көтереді. Дәл осындай тәртіппен меншік иелері
салық, басқа да төлемдер төлеуге қатысады, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп
ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті (АК-тің 215-
бабы). Аталған норма орындалуға міндетті және де ол тараптардың келісімімен
өзгертіледі. Бірақ бұл норма қатысушының бірінің ортақ мүлікке кеткен
шығынды төлеуіне кедергі жасамайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, өкілеттік билікті жүзеге асырудың өзіндік
ерекшеліктері болады. Заң үлестік меншіктің әрбір қатысушысы өзіне тиесілі
үлесті өзінің қалауы бойынша сатуға, сыйға беруге, мұрагерлікке қалдыруға,
өз үлесіне билік ететіндігін қарастырған. Немесе Азаматтық кодекстің 216-
бабында айтарлықтай сатып алудың артықшылық құқығына ие бола отырып,
белгіленген шарттарды сақтап, оған билігін жүргізе алады. Оған басқа меншік
иелерінің келісімі қажет емес.
Ортақ меншіктің әрбір қатысушысы өз үлесін сатуға құқылы. Заң осы
мүмкіндікті ескере отырып, басқа меншік иелерінің мүддесіне назар аударады,
олар үшін ортақ меншікке бөтен тұлғалардың кіруіне әрқашан қолдау көрсете
бермейді. Азаматтық кодекстің 216-бабы ортақ меншік қатысушыларына сатып
алудың артықшылык, құқығын береді. Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде
адамдарға сату кезінде сатылатын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және
жария саудаға салу реттерінен басқа тең жағдайларда үлесті меншіктің қалған
қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.
Үлесін сатушы оның бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын ескере
отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесін бөгде адамға сату
ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлесті меншіктің басқа
қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік
құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінен — хабар
алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келген
адамға сатуға құқылы.
Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып, сатылған жағдайда,
үлесті меншіктің кез келген қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне сатып
алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы (АК-тің 216-
бабы).
Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті жария саудамен сату жайы
қарастырылған. Меншік үлесі құқығындағы үлесті жария сату меншік
үлестерінің басқа қатысушыларының келісімінсіз тек Азаматтық кодекстін 222-
бабы 2-тармағы мен басқа да заң құжаттарында көрсетілген ретте жүргізіледі.
Азаматтық кодекске үлесті айырбас шарты бойынша басқа біреуге беру
кезінде де үлесті сатудың басым құқығы нормасы жаңалық болып енді (АК-тің
216-бабының 5-тармағы). Бұл жағдайда ортақ меншікке қатысушы тең бағалы
мүлікті ұсыну жөніндегі айырбас шартында көрсетілген барлық міндеттемені
өзіне алады.
Кондоминиумде өз үлесіне билік етудің арнайы белгіленген жүйесі бар.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 31-ба-бына сәйкес жалпы меншіктегі
тұрғын үй әрбір меншік иесіне көзделмесе, үлес көлемі тұрғын үйдің пайдалы
аумағына байланысты айқыңдалады. Үйдің тұтастай аумағына кіретін мұндай
үлес сол қалпында бөлінбейді. Үйге меншік құқығының басқа адамға етуі сол
үлесті алғанға тиесілі үлесі өтеді, меншік иесі өзінің ортақ меншіктегі
үлесін өзгеге беруге құқысы жоқ, демек олардың әрқайсысы үйдің өзіне
тиесілі бөлігін қалауынша пайдаланып күтеді. Үйдің жалпы бөліктерін ұстауға
кететін шығын, егер келісімде өзгеше көзделмесе, меншік иесі үлестеріне
сәйкестендіріле бөлінеді. Көппәтерлі үйде меншік иелерінің ортақ әрекеті
керек. Ондай үйді әдетте тұрғындардың өздері пайдаланады. Азаматтық
кодекстің 217-бабына сәйкес үлесті меншік құқығындағы үлес, егер
тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шарт жасасқан кезден бастап шарт
бойынша сатып алушыға ауысады. Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы,
егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден
бастап пайда болады (АК-тің 238-бабының 1-тармағы). Азаматтық кодекстің 217-
бабы бойынша үлесті меншік құқығындағы үлес шарт жасасқан кезден бастап
сатып алушыға ауысады. Тараптар бұдан басқа да жайларды қарастыра алады,
мысалы, ол мүлікті берген немесе ақша төлеген кезден де басталуы мүмкін.
Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы үлесті бөтен біреуге беруде
келісімдерді тіркеу жөніндегі жалпы ереже қолданылады.

4. ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК

1. Ортақ бірлескен меншік ортақ меншіктің бір түрі болып табылады,
оған қатысушылар жалпы мүліктегі алдын ала айқындалмаған үлестеріне иелік
етеді. Демек, үлестер, егер заңда өзгеше көзделмесе, тең деп танылады.
Мұндай мүліктерді бөлу қатысушының бірі одан шыққанда немесе ортақ меншік
тоқтатылғанда ғана жүзеге асады.
Заңда ортақ бірлескен меншіктің мынадай түрлері қаралған: 1) ерлі-
зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа қожалығының (фермер) ортақ меншігі;
3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік.
Заңда жаңа құқықтық қатынастардын, пайда болуына орай ортақ бірлескен
меншіктің аясы кеңеюі мүмкіндігі ескертілген (АК-тің 209-бабының 2-
тармағы). Сонымен Азаматтық кодексте нақты қарастырылмаған, бірак ортақ
бірлескен меншік ережелеріне дөп келетін ортақ бірлескен меншіктің өзге де
түрлері кездесуі мүмкін.
Азаматтық кодекстің 219-бабы, 1-тармағында ортақ бірлескен меншіктің
түрлері келтірілгенімен тараптардың оны басқа құқықтық тәртіпте ауыстыруға
келісуіне болады (АК-тің 219-бабының 3-тармағы).
Бірлескен меншіктің қатысушылары, егер олардың арасындағы келісімде
өзгеше көзделмесе, ортақ меншікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады.
Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына
қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлык қатысушылардың
қатысуы бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, азамат дербес кәсіпкерлікті
жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланады, ал оның өзі
жұбайлардың бірінің екіншісіне келісім беру аркылы жүзеге асады, әрине,
егер заңда немесе келісімде, неке туралы шартта өзгеше көзделмесе ғана
екендігі түсінікті ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңның 5-бабының 1-тармағы).
Егер барлық қатысушылардьщ келісімінен өзгеше туындамайтын болса,
бірлескен меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде
мәмілелер жасасуға құқылы. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ
мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап
етуімен мәміле жасаған қатысушыны қажетті өкілеттігі болмады деген себеппен
мәміледегі екінші тарап бұл жөнінде білгені немесе көпе-көрінеу білуге тиіс
болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін. Нотариаттың
куәландыруын немесе мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәмілелер жасасу
кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәміле жасауға келісімі
нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс.
Егер Азаматтық кодексте немесе өзге де заң құжаттарында бірлескен
меншіктің жекелеген түрлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ
Меншік құқығының ұғымы және мазмұны
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
Меншік құқығының жалпы құқықтың сипаттамасы
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ортақ меншік құқығының түсінігі және негізгі түрлері
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей мойындалуының және қорғалуының конституциялық құқықтық негіздері
Пәндер