Жеке қорғаныс құралдары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе3
1. Жеке қорғаныс құралдары4
2. Жеке қорғану құралдарды пайдалану6
Қорытынды7
Пайдаланған әдебиеттер8
КіріспеҚажеттілік қорғау құралдары Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметкерлерге сүт, емдік- профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киімжәне басқа жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын бекітеді, сондай-ақ оларды жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді. Жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнаулы киім. Ұжымдық қорғану құралдары - екі және одан көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар. Арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де заттар (ҚР Еңбек кодексі 1 бабының 1 тармағы) . Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар - бұл ортақ пайдаланудың гигиеналық мақсаттары үшін пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар мен құрылғылар. Емдік-профилактикалық құралдар - қызметкер денесінің ашық бөліктерін (қол, бет) химиялық өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған жуушы құралдар, сабын, әр түрлі кремдер, сықпалар және басқа зарарсыздандырушы құралдар. Жұмыс беруші жеке қорғану құралдарына деген қажетсінуді анықтай оты- рып, еңбек жағдайларының жай-күйін, өндірістік орта мен еңбек процесі зиянды факторларының бар екендігі мен мөлшерлерінің деңгейлерін есепке алады және жеке қорғану құралдарының түрін анықтайды (шудың, дірілдің, шаңның әсерінен, биіктіктегі жұмыс, температуралық режимдердің артып кетуі және басқалар) . Ол ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын беру, қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету Қағидаларын; қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт беру нормалары; қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын басшылыққа ала отырып, жеке қорғану құралдарын беруге міндетті.
1. Жеке қорғаныс құралдарыЖҚҚ нормалары ЖҚҚ нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 172 «Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бекіту туралы» (Ауыл және су шаруашылығы, ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш өткеру, орман шаруашылығы ұйымдарының, газ-құтқару және қосалқы тау-кен-құтқару жасақтарының, денсаулық сақтау, байланыс саласы, тұрғын түй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлеріне, құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарымен қамтылған қызметкерлерге, мәдениет саласындағы негізгі мамандықтардың қызметкерлеріне, орта білім, орта арнаулы білім беру және спорттық мекемелердің қызметкерлеріне, мұнай және газ өнеркәсібінің, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібінің қызметкерлеріне) қаулысымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 168-ө, 2008 жылғы 11 шілдедегі № 178-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 39-ө, 2009 жылғы 21 наурыздағы № 96/1-ө, 2008 жылғы 10 шілдедегі № 169-ө, 2009 жылғы 30 маусымдағы № 203/1-ө, 2009 жылғы 16 наурыздағы № 84-ө, 2008 жылғы 11 шілдедегі № 176-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 312-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 313-ө, 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 129/1-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 311-ө (банкілердің, тау-кенметаллургиялық өнеркәсіп пен металлургиялық өндіріс пен өнеркәсіптің басқа салаларының, химия өндірісі қызметкерлеріне, автомобиль көлігі мен тас жолдар саласымен қамтылған қызметкерлерге, электр энергетикалық саласы ұйымдарының қызметкерлеріне, жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан шахталарда, көмір өнеркәсібі кәсіпорындары мен қималарында жұмыс істейтін қызметкерлерге, машина жасаужәне прибор жасау өндірістерінің, темір жол көлігінің қызметкерлеріне, атом өнеркәсібі мен энергетикамен, азаматтық авиация, авиациялық және қорғаныс өнеркәсібімен, құрылыс материалдары мен пластикалық бұйымдар өндірістерімен, металл өңдеу өндірістері және басқаларымен қамтылған қызметкерлерге) бұйрықтарымен бекітілген. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк орган белгілеген нормалар ең төменгі нормалар болып табылады және жұмыс беруші оларды қажетсінуді анықтай отырып, еңбек жағдайларының жай-күйін, өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының деңгейлері мен мөлшерлерін есепке ала отырып, жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімін қысқарта алады немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялықтұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, қосымша ЖҚҚ-н бере алады. Сыныптар ЖҚҚ, пайдалану мерзімдері МемСТ 12. 4. 011-89 ЕҚСЖ «Жұмыс істеушілерді қорғау құралдары. Жалпы талаптар және жіктелуіне» сәйкес тағайындалуына қарай ЖҚҚ мынадай сыныптарға бөлінеді: оқшаулағыш костюмдер; тыныс алу органдарын қорғау құралдары; арнаулы қорғаныс киімі; аяқтарды қорғау құралдары; қолдарды қорғау құралдары; басты қорғау құралдары; бетті қорғау құралдары; көздерді қорғау құралдары; есту органын қорғау құралдары; биіктіктен құлаудан қорғану құралдары және басқа да сақтандыру құралдары; қорғаныс дерматологиялық құралдар; қорғаныстың кешенді құралдары. Жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбе бойынша белгіленеді және оларды қызметкерлерге нақты берілген күннен бастап есептеледі. Жұмыс берушілер тек сертификатталған жеке қорғану құралдарын сатып алулары тиіс. Жеке қорғану құралдары киюге ыңғайлы, қозғалуға бөгет жасамайтындай болып, қызметкерлердің өлшемдеріне сәйкес іріктеліп берілуге тиіс. Қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін немесе қызметкерге байланысты емес себептер бойынша белгіленген мерзімінен бұрын жарамсыз болып қалған арнайы киім мен арнайы аяқ киім ауыстырылуы тиіс. Жұмыс берушілер ЖҚҚ-н беру мен алмастыруға, жууға, жөндеуге, активсіздендіруге, кептіруге жеке есеп жүргізуді ұйымдастырулары тиіс. Жеке қорғану құралдары (газтұтқылар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы тиіс. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс. Қызметкерлерге берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа жеке қорғану құралдарын сақтау үшін жұмыс беруші қызметкерлерге құрылыстық нормалар мен ережелер, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен кағидалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелер (гардеробтар) береді. Ұжымдық қорғану құралдары тағайындалуына қарай мынадай сыныптарға бөлінеді: өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарының ауалық ортасын қалыпқа келтіру құралдары; өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарының жарықтандырылуын қалыпқа келтіру құралдары; иондаушы сәулеленудің жоғары деңгейінен, инфрақызыл сәулеленудің жоғары деңгейінен, ультракүлгін сәулеленудің жоғары немесе төменгі деңгейінен, электрмагнитті сәулеленудің жоғары деңгейінен, магнитті және электр өрістерінің жоғары кернеулілігінен, лазерлік сәулеленудің жоғары деңгейінен, шудың жоғары деңгейінен, дірілдің (жалпы және жергілікті) жоғары деңгейінен, ультрадыбыстың жоғары деңгейінен, инфрадыбыстық тербелістердің жоғары деңгейінен, электр тогының соғуынан, статикалық электрдің жоғары деңгейінен, жабдықтар, материалдар, дайындамалар беттерінің жоғары немесе төмен температураларынан, механикалық факторлардың әсерінен, химиялық факторлардың әсерінен, биологиялық факторлардың әсерінен, биіктіктен құлаудан қорғау құралдары.
2. Жеке қорғану құралдарды пайдалануЖеке қорғану құралдары қызметкерлер жұмысқа қабылданған немесе басқа жұмысқа ауыстырылған кезде немесе бұл құралдарды пайдалану мерзімінің бітуіне байланысты берілуі тиіс. Жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбемен белгіленеді және ол қызметкерге нақты берілген күнінен бастап есептеледі. Ұжымдық қорғану құралдары Ұжымдық қорғану құралдары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар өндірістік жайлар мен ғимараттарды жобалау, салу және қайта құру кезінде технологиялық процестерді, машиналарды, механизмдерді, жабдықтардың құрылғыларын және басқа да бұйымдарды ескере отырып, мемлекеттік стандарттарға, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес көзделеді. Гардероб, душ, жуынатын, емдік-профилактикалық құралдар, медициналық қобдишалар, дәретхана, жартылай душтарды, ауыз сумен жабдықтау қондырғылары орналасатын орындар, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді жылытуға немесе салқындатуға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған, басқа да санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі мен шарттары ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады. Жұмыс берушілер тек сертификатталған жеке қорғану құралдарын сатып алулары тиіс. Жеке қорғану құралдары киюге ыңғайлы, қозғалуға бөгет жасамайтындай болып, қызметкерлердің өлшемдеріне сәйкес іріктеліп берілуге тиіс. Қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін немесе қызметкерге байланыс- ты емес себептер бойынша белгіленген мерзімінен бұрын жарамсыз болып қалған арнайы киім мен арнайы аяқ киім ауыстырылуы тиіс. Маусым басталғанда арнайы киім мен арнайы аяқ киім олар алдыңғы маусымда берілген қызметкерлерге қайтарылуы тиіс. Жеке қорғану құралдары (противогаздар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы тиіс. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс. Күтім және сақтау Жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғану құралдарына тиісті күтімді ұйымдастырады, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын алдын-ала өңдеуді, сондай-ақ оларды жөндеуді уақытында жүзеге асырады. Қызметкерлерге берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа жеке қорғану құралдарын сақтау үшін жұмыс беруші қызметкерлерге құрылыстық нормалар мен ережелер, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен кағидалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелер (гардеробтар) береді. Ұзақ уақыт сақталуға тапсырылғанға дейін арнаулы киім мен арнаулы аяқ киім ластығынан тазартылады, кептіріледі, жөнделеді және зарарсыздандырылады.
ҚорытындыСүтті тең бағалы азық-түлік өнімдерімен ауыстыруға қызметкерлердің келісімімен және бастауыш кәсіподақтар ұйымының немесе қызметкерлердің өзге де өкілетті органының пікіріне қарай ауыстыруға жол беріледі. Сүттің орнына қызметкерлерге беруге болатын тең бағалы азық-түлік өнімдерін тегін беру нормалары кестеде көрсетілген. Беру нормалары тең пишевых өнімдерін Жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету Сүт немесе соған тең бағалы басқа да азық-түлік өнімдері (айран, қатық, мацони және басқалар І және ІІ сыныпты жұмыстарда радиобелсенді заттар ашық түрде қолданылатын жұмыспен айналысатын қызметкерлерге және жылына 1м3в-ден артық иондаушы сәулелену әсері жағдайында жұмыспен айналысатын қызметкерлерге беріледі. Емдік-профилактикалық тағам Емдік-профилактикалық тағам (бұдан әрі - ЕПТ) аса зиянды еңбек жағдайларына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ЕПТ бес рационына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен беріледі. ЕПТ тағайындау мен беру жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдікпрофилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үйжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормалары; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормалары Қағидалары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі. Көрсетілген қағидалардың қосымшаларына сәйкес рациондар бойынша алты күндік Үлгі мәзірдің ЕПТ ыстық таңертеңгілік астарына сәйкес ЕПТ ыстық таңертеңгілік ас мәзірі жүзеге асырылады, сондай-ақ азық-түліктердің өзара алмастырушылығы нормаларның шектерінде бір азық-түлік өнімін басқасымен алмастыруға жол беріледі. Мысалы, қара және түсті металлургияның ыстық цехтарының, сондай-ақ тағам өнеркәсібі - нан пісіру, темекі өндірістерінің жұмысшылары үшін дәрумендер беру көзделген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz