Гидротехникалық қақпалардың ригелдерін орналастыру



• Гидроотехникалық құрылымдардың қақпақтарының топталуымен таныстыру
• Ашық гидротехникалық құрылымдардың қақпақтарының түрлерімен таныстыру
• Гидротехникалық құрылымдардың жазық, жалпақ қақпақтарының түрлерімен таныстыру
• Гидротехникалық құрылымдардың сегментті қақпақтарының түрлерімен таныстыру
• Ашық гидротехникалық құрылымдарда қолданылатын басқа қақпақ түрлерімен таныстыру
Гидротехникалық құрылымдарды пайдалану барысында судың деңгейін не ағымын реттеу үшін, кемелерді не ағып келген ағаштар мен қоқыстарды өткізу үшін, құрылымның су жіберетін тесіктерін толық не жартылай ашып-жабу қажет болады. Осы жұмыстарды атқаратын инженерлік конструкцияларды гидротехникалық қақпақтар деп атайды. Пайдалану мақсатына қарай гидротехникалық қақпақтар: негізгі, апаттық, құрылысты салу барысында және жөндеу кездерінде пайдаланатын деп топталады.
Негізгі қақпақтар: су ағымын реттеп тұтынушыға беруге, немесе бьефтердегі су деңгейін белгілі бір деңгейде ұстап тұруға арналған.
Апаттық қақпақтар: апат езінде су жібергіш құрылымдарға судың келуін тоқтатуға немесе негізгі қақпақтарға түсетін арынды азайтуға арналған.
Жөндеу кезінде пайдаланатын қақпақтар: су жібергіш құрылымдарды уақытша жауып, су жүретін құбырларды, ысырмаларды, құрал-жабдықтарды қарап шығуға, жөндеу барысында пайдалануға арналған.
Апаттық және жөндеу кезінде пайдаланатын қақпақтар: аты аталған екі қақпақтың да қызметін атқарады.
Құрылыс салу кезінде пайдаланатын қақпақтар: құрылысты салу кезінде су жіберетін тесіктерді жабуға арналған (құрылысты салу кезіндегі тасқын суды өткізуге арналған).
Жабатын тесіктерінің орналасына байланысты қақпақтар жағарыдағы не тереңде орналасқан тесіктерді жабатын қақпақтар деп топталады.

Ашық гидротехникалық құрылымдардың қақпақтары.
Жазық, жалпақ қақпақтар: бұлар жалпақ темірмен қапталған жазық ригелдер конструкциясынан тұрады, құрылым тірегіндегі саңылаудағы швеллер бойымен не тірек доңғалақтармен төмен не жоғары жылжып, су қысымын тірекке беретін құрылғы. Су қақпақ астынан жіберіледі. Жалпақ қақпақтармен арыны 12-15 метрге дейінгі және 30-40 метр ара қашықтық жабылады. Жазық, жалпақ қақпақтар - қақпақтардың ең көп тараған түрі (ашық құрылымдардың қақпақтарының 80%-не көбінде жалпақ қақпақтар қолданылады). (11.1.а сурет)
Шандорлы қақпақтар: деген құрылымдар бөлек-бөлек бағандардан- шандорлардан тұрады, тіректердегі саңылауға кіргізіп, бір-бірінің үстіне қалап қоятын. Бұл құрылымдар- ды тіректер арасындағы ара қашықтық 10-12 м, ал арын шамасы 5-6 метрден аспағанда және негізінде құрылымды жөндеу барысында қолданады. Қазіргі кездерде шандорлы қақпақтарды өте сирек қолданады. (11.1.б сурет)
Сегментті қақпақтар: алғы бетіне жалпақ темір дәнекерленген сегмент сұлбалы ригелдерден тұрады. Сегментті құрылғы фермадан тұратын аяғындағы шарнир арқылы тірекке бекітіліп, су қысымын гидротехникалық құрылымның тірегіне береді. Сегменті ригелді қаптаған темірдің қисығының ортасы осы шарнирдің білігінде (осінде) болады. Сегментті қақпақтармен жабылатын ара қашықтық 40-50 м, ал су арыны 12-18 метрге дейін жетеді. Сегментті қақпақтарды пайдалану деңгейі, жалпақ қақрақтардан кейін екінші орында тұр, және бұл қақпақтар тек қана негізгі қақпақтар ретінде су ағар бөгеттерде, су реттегіштерде және каналдағы басқа құрылымдарда, су алғыш құрылымдарда кеңінен қолданылады. (11.1.в сурет)
Толық бұрылатын қақпақтар: екі жағы бітелген құбыр тәріздес нәрсе, шарнир арқылы тірекке бекітіледі. Қақпақ тек бір бағытта қозғалады және 360º айнала алады. Бұл қақ- пақтар арқылы 5-7 м дейінгі арын және 30 м дейінгі ара қашықтық жабылады. Бұл қақпақ тарды пайдалану жағдайы сегментті қақпақтарды пайдалану жағдайымен бірдей. Европада бұл қақпақтарды 1920-1930 жылдары кеңінен қолданды, ал Советтер Одағында бұл қақпақтарды 70-ші жылдары кеме өткізетін шлюздардың қақпағы ретінде қолдана бастады. (11.1.г сурет)

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Гидротехникалық қақпалардың ригелдерін орналастыру

Сабақ жоспары:
* Гидроотехникалық құрылымдардың қақпақтарының топталуымен таныстыру
* Ашық гидротехникалық құрылымдардың қақпақтарының түрлерімен таныстыру
* Гидротехникалық құрылымдардың жазық, жалпақ қақпақтарының түрлерімен таныстыру
* Гидротехникалық құрылымдардың сегментті қақпақтарының түрлерімен таныстыру
* Ашық гидротехникалық құрылымдарда қолданылатын басқа қақпақ түрлерімен таныстыру

Гидротехникалық құрылымдарды пайдалану барысында судың деңгейін не ағымын реттеу үшін, кемелерді не ағып келген ағаштар мен қоқыстарды өткізу үшін, құрылымның су жіберетін тесіктерін толық не жартылай ашып-жабу қажет болады. Осы жұмыстарды атқаратын инженерлік конструкцияларды гидротехникалық қақпақтар деп атайды. Пайдалану мақсатына қарай гидротехникалық қақпақтар: негізгі, апаттық, құрылысты салу барысында және жөндеу кездерінде пайдаланатын деп топталады.
Негізгі қақпақтар: су ағымын реттеп тұтынушыға беруге, немесе бьефтердегі су деңгейін белгілі бір деңгейде ұстап тұруға арналған.
Апаттық қақпақтар: апат езінде су жібергіш құрылымдарға судың келуін тоқтатуға немесе негізгі қақпақтарға түсетін арынды азайтуға арналған.
Жөндеу кезінде пайдаланатын қақпақтар: су жібергіш құрылымдарды уақытша жауып, су жүретін құбырларды, ысырмаларды, құрал-жабдықтарды қарап шығуға, жөндеу барысында пайдалануға арналған.
Апаттық және жөндеу кезінде пайдаланатын қақпақтар: аты аталған екі қақпақтың да қызметін атқарады.
Құрылыс салу кезінде пайдаланатын қақпақтар: құрылысты салу кезінде су жіберетін тесіктерді жабуға арналған (құрылысты салу кезіндегі тасқын суды өткізуге арналған).
Жабатын тесіктерінің орналасына байланысты қақпақтар жағарыдағы не тереңде орналасқан тесіктерді жабатын қақпақтар деп топталады.

Ашық гидротехникалық құрылымдардың қақпақтары.
Жазық, жалпақ қақпақтар: бұлар жалпақ темірмен қапталған жазық ригелдер конструкциясынан тұрады, құрылым тірегіндегі саңылаудағы швеллер бойымен не тірек доңғалақтармен төмен не жоғары жылжып, су қысымын тірекке беретін құрылғы. Су қақпақ астынан жіберіледі. Жалпақ қақпақтармен арыны 12-15 метрге дейінгі және 30-40 метр ара қашықтық жабылады. Жазық, жалпақ қақпақтар - қақпақтардың ең көп тараған түрі (ашық құрылымдардың қақпақтарының 80%-не көбінде жалпақ қақпақтар қолданылады). (11.1.а сурет)
Шандорлы қақпақтар: деген құрылымдар бөлек-бөлек бағандардан- шандорлардан тұрады, тіректердегі саңылауға кіргізіп, бір-бірінің үстіне қалап қоятын. Бұл құрылымдар- ды тіректер арасындағы ара қашықтық 10-12 м, ал арын шамасы 5-6 метрден аспағанда және негізінде құрылымды жөндеу барысында қолданады. Қазіргі кездерде шандорлы қақпақтарды өте сирек қолданады. (11.1.б сурет)
Сегментті қақпақтар: алғы бетіне жалпақ темір дәнекерленген сегмент сұлбалы ригелдерден тұрады. Сегментті құрылғы фермадан тұратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының егіс алқаптары мен суландыру жүйесі
Ауыл шаруашылық дақылдарын суғару режимі
Бетон және темірбетон бұйымдары мен құрылымдары
«Гидродинамикалық соққы толқыны пайда болған кезде алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру»
Қуандария арнасының ұзындығы
Арал ауданындағы Кері ағар каналының ПК 65 50 гидротехникалық құрылымын жобалау
Күрті өзеніндегі су қойма торабын жобалау
Ғимараттың класы класс
Жер асты паркингі бар 9 қабатты тұрғын үйді жобалау
Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкциялары
Пәндер