Қоршағана ортаны қорғаудың құқықтық негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірінші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.

  1. Қоршағана ортаны қорғаудың құқықтық негіздері

Ғылыми-техникалық прогрестің даму темпіне байланысты адамның табиғатқа деген əсер етуі бара-бара күшею түсуде. Қазіргі уақытта осы əсер табиғи факторлардың əсерімен тең, мұның өзі қоғам мен табиғаттың арасындағы салыстырмалы күштің сапалы өзгеруіне əкеп соғады.

Адам биосфераның көптүрлілігін құрастырып, көптеген түрінің бірі болып, өзінің биосферадағы ролін түсіне отырып, биосфераның бір бөлігі ретінде, басқалары сияқты адам да табиғаттың заңдарына мойын ұсыну керек.

Табиғаттың даму заңдары - адам үшін қоғамның даму заңдарымен салыстырғанда ең жоғарғы тəртіптегі заңдар.

Атомдардың биогендік миграция заңы (В. И. Вернадский) .

Биосферада жəне жер үстінде химиялық элементтердің миграциясы жалпы тірі заттардың тікелей қатысуынан болады. Жер үстімен, атмосферада, организмдер мекендейтін литосфераның төменгі қабаты мен суда жəне де геологиялық қабықшаларда болатын жалпы химиялық процестерді биотикалық жəне биогендік факторлардың есебінсіз түсіну мүмкін емес. Адамдар бисосфераға жəне оның тірі мекеніне əсер ете отырып, сонымен қатар атомдардың биогендік миграциясының талаптарын өзгертеді. Соның əсерінен, адамның тілегіне қарамастан бұл процесс өздігінен даму процесіне айналады, ал глобальдық жағдай туғанда, онда бұл процесс тіпті басқарылмай қалады.

Бұл заң кез келген жобаларда табиғаттың өзгеруіне қарамастан биотаға əсер етуін есепке алу керектігін анықтайды.

Табиғат ресурстарын шектеу заңы.

Жердің барлық табиғи ресурстары (жəне талаптары) сарқылады. Біздің планетамыз табиғи шектелген бір тұтас болғандықтан, ал онда сан жетпес бөлшектер мекендей алатын болғандықтан бұл заңның негізі болады.

Сондықтан да «сарқылмайтын» табиғи ресурстар категориясы болған.

«Барлығы немесе ештеме» заңы (Боулич Х. ) .

Əлсіз əсерлер табиғи жүйеде жиналмағанша ешқандай қарсы немесе жауапты реакция бермеуі мүмкін, ал егер олар жиналса, онда динамикалық

процестің дамуына əкеп соғады. Экологиялық жобалауда бұл заңның пайдасы өте зор.

Константалық заңы (Вернадский В. И. ) .

Табиғаттың тірі заттарының саны - бұл константа (қазіргі геологиялық периодта) . Биосфераның кез-келген бір аймағында тірі заттектің санының өзгерісі, келесі бір тура сондай өлшеммен бірдей өзгеріске əкеп соғады, бірақ қарама-қарсы белгімен. Полярлы өзгеріс табиғатты басқару процесінде қолдануға болады, бірақ əр уақытта адекватты орын ауысу бола бермейтінін естен шығаруға болмайды. Əдетте жоғары дамыған экожүйелер мен түрлер басқа эволюциялық төмен сатыдағы түрлердің əсерінен ығыстырылады (ірі организмдер кіші организмдермен), ал адамға пайдалы формалар - пайдасы аз, еш пайдасы жоқ немесе зиян.

Құнарлылықтың (табиғи) төмендеу заңы.

Əрдайым егіннің жиналуынан, топырақтың пайда болуы табиғи процестің бұзылуынан, сонымен қатар, ұзақ уақыт мономəдениеттің əсерінен, өсімдіктердің токсикалық заттектерді бөлінуінен жəне олардың жиналуынан, пайдаланылған жерлердегі топырақтың табиғи құнарлығы ақырындап төмендейді. Бүкіл əлемде барлық егістік жерлердің 50% құнарсызданған (2 млрд. га. дейін), бұл дегеніміз жылына 7 млрд. га жуық егістік жерлер құнарсызданады.

Экологиялық корреляция заңы.

Экожүйеде, сол сияқты кез-келген бір тұтас табиғи жүйеде, əсіресе биотикалық қауымдастықта, соның ішіне кіретін тірі жəне биотикалық экологиялық компоненттердің түрлері функционалды бір-біріне сəйкес келеді.

Жүйеде бір бөліктің құлауы (мысалы, бір түрдің жойылуы) жүйедегі сол бөлікпен тығыз қарым-қатынаста болған бөлшектердің барлығы жойылады жəне ішкі динамикалық тепе-теңдіктің функционалды өзгеруіне əкеп соғады.

Бір-бірден жойылмайтын, бірақ топпен əрқашан да өзара байланыстағы тірі организмдерді сақтау үшін, экологиялық корреляция заңының маңызы өте зор.

Қоғамның заңдары - өзіндік əлеуметтік пен экологиялық жайлылығы үшін жəне ұйымдастыру үшін адаммен жазылған.

Қоршаған орта - бұл даму үшін тірі организмдердің өмір сүру ортасы. Оның жағдайы ең қажет критерий болып саналса, ал оны сақтау - даму процесіндегі əр кездегі көңіл аудару объектісі. Қолайлы да, сəтті даму үшін экологиялық тəртіптегі проблемаларды ескеретін саясат керек. Экологиялық проблемаларды шешудегі қоршаған ортаның құқығы туралы ғылым, ең бастысы ресурс ретінде қарастырылады.

Қоршаған табиғи орта құқығының аумағындағы экологиялық проблемаларды шешу үшін келесі шешу жолдарын қолдануға болады:

1. Жаңа экологиялық-құқықтық дүниетанымды құрастыру. Ол үшін В. И. Вернадскийдің біліміне негізделе отырып, қоғам үшін жаңа жəне бір тұтас құқықтық дүниетаным керек.

2. Мемлекеттік экологиялық саясатты өңдеу жəне ретпен максималды тиімді іске асыру. Ол үшін əр дайым мемлекеттің экологиялық функция аумағында шешілуі қажет.

3. Қазіргі заманға сай экологиялық заңдылықтарды құрастыру. Ол үшін экологиялық заңдылықтарға кіретін келесі критерийлер мен сипаттамалар керек:

- қоршаған орта аумағындағы арнайы құқықтық актілер жүйесін құрастыру, заңдылықтарды экологизациялау (əкімшілік, азаматтық, кəсіпшілік, қылмыстық жəне т. б. ) ;

- құқықтық экологиялық талаптармен қамтамасыздандыратын механизмді құрастыру;

- Еуропалық елдер мен РФ экология заңдылықтарының гармонизациясы.

4. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқаратын мемелекеттік органдардың оптималды жүйесін құрастыру.

5. Табиғатты қорғау шаралары үшін оптималды түрде қаржыландыру.

6. Тұрғылықты жерлердегі тұрғындарды табиғатты қорғау іс-шараларына шақыру.

7. Экологиялық тəрбиелеу.

Экологиялық құқықтың заты

Кез-келген құқықтық сала өзінше құқықтық қарым-қатынастағы нақты саланы реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық салалардың əр қайсысында нақты анықталған белгілері болуы тиіс.

Құқықтық саланың ең негізгі 3 белгілері бар, олар: құқықтық реттеу заты, экологиялық құқықтың көздері, экологиялық құқықтың жеке өз бетінше бір салаға бөлінуінде мемлекеттің қажеттілігі.

Кез-келген құқықтың саласының заты - бұл берілген құқықтық саласының нормаларымен реттелген қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы.

Экологиялық құқық заты - бұл құқықтық нормалармен реттелген табиғи ортаны қорғау мен пайдалану аумағындағы қоғамдық қарым-қатынастарының жиынтығы.

Құқығы бар жəне міндет атқаратын қоғамдық экологиялық қарым-қатынастағы қоғам, экологиялық құқықтың қарым-қатынастардың субъектісі болып табылады. Құқықтық орындаушылар, сот органдары, өнеркəсіптер, азаматтар жəне қоғамдық ұйымдастықтар экологиялық қарым-қатынастың қатысушылары болып табылады.

Экологиялық құқықтың заты ретінде, əдетте қоғамдық қарым-қатынастың 2 тобы анықталады: табиғи ресурстарды рационалды пайдалану жəне қоршаған ортаны қорғау бойынша топтар.

Қоғам мен табиғаттың қарым-қатынастарының саласында адамның қызығушылықтары мен қажеттілігін ескере отырып, қазіргі заманға сай қоршаған орта құқығының заты келесі қарым-қатынастарды бөледі:

- табиғи ресурстарға жəне объектілерге жекеменшіктері;

- табиғатты пайдалану бойынша;

- деградацияның əр түрлі формаларынан қоршаған ортаны қорғау бойынша жəне заңды жеке тұлғалардың заңды талаптары мен экологиялық құқығын қорғау бойынша.

Экологиялық құқық - өзара байланыс пен өзара тəуекелділіктің бірігуі.

Құқықтық реттеу объектілері ретінде қоршаған орта мен оның бір бөлік элементтері саналады.

Экологиялық құқық қарым-қатынастарының объектілерін анықтау үшін ҚР Экологиялық кодексіндегі 1-ші тарауды қарау керек. «Қоршаған орта - бұл табиғи жəне қолдан жасалған оъектілердің жиынтығы, оның ішінде атмосфералық ауа, Жердің озон қабаты, жер үсті жəне жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар жəне өсімдіктер əлемі, сонымен қатар климат, олардың өзара əрекеттері».

Экологиялық қоғамдық қарым-қатынастың белгілі бір бөлшегі басқа да бір құқықтық салалардың нормаларымен (азаматтық, əкімшілік шаруашылық, аграрлық ) реттелуі мүмкін.

Экологиялық құқықпен қорғалатын табиғи объектілердің 2 ерекшеліктері болуы тиіс:

1) экологиялық немесе шаруашылық мəні болуы тиіс;

2) қалғаны табиғаттан бөлінбеуі тиіс.

Экологиялық құқықпен келесі объектілер қорғалады:

1. Жер - табиғи ортадан бөлінбеген, мемлекеттік шекараның аумағындағы жер қабатының бөлігі.

2. Су - табиғи ортадан бөлінбеген, экологиялық жəне экономикалық мəні бар, мемлекеттің аумағындағы Жердің гидросферасының бөлігі.

3. Жер қойнауы - дұрыс формалы емес, конус тəрізді, негізі ретінде мемлекеттің ауданы, ал төбесі ретінде жердің центрі болатын, мемлекеттің аумағындағы Жер қабықшасының бөлігі.

4. Атмосфералық ауа - мемлекеттің аумағындағы Жердің ауа қабатының бөлігі, оның төбесі ұшатын аппараттардың ұшу биіктігімен бірдей, ғарыштан басқа.

5. Өсімдіктер əлемі - ормандар + ормандық емес өсімдіктер. Орман - өзара байланысты жəне өзара тəуелді компоненттердің экологиялық кешені.

Ормандық емес өсімдіктер - бұл жабайы өсетін ағаштар, бұталар, шөптер (орманға жатпайтын мемлекеттік жерлерде өсетін өсімдіктер) .

6. Жануарлар əлемі - мемлекеттік территорияда өсетін табиғи бостандықтағы жабайы жануарлар.

7. Континентальды шельф - мемлекеттің территориялық су жағалауынан 200 м тереңдікке дейін немесе егер техникалық өңдеу жұмыстарының мүмкіндігі болып жатса, одан тереңіректегі ашық теңіздің түбінің сызығы.

8. Табиғи территориялар (кешендер)

2. Экологиялық құқықтың көздері

Кез-келеген өзіндік құқықтық салаларының негізін құрағыш белгілерінің бірі болып өзіндік көздердің болуы болып табылады. Мұндай өзіндік көздердің бірі болып нормативік актілер болып саналады, бірақ кез-келген нормативтік акт құқықтың көзі бола бермейді. Құқықтың көзі болуы үшін нормативтік актілерде келесі анықталған белгілер болуы тиіс:

1) арнайы бекітілген органмен қабылдануы;

2) қарым-қатынастық тəртіпті құрауы;

3) мемлекеттік жауапкершілікпен кепілденуі (гарантия) ;

4) көп реттік қолдануға жарамдылығы;

5) жалпыға бірдей мінезді ұстануы.

Тек осы белгілерді ұстану арқасында нормативтік акт құқықтың көзі бола алады.

Нормативтік акт - бұл жазбаша, арнаулы белгіленген формадағы құжат, құқықтық нормаларды бекітетін, қызметін өзгертетін, тоқтататын, уақытша тоқтататын референдумдарда немесе бекітілген органдарда қабылданатын құжат.

ҚР экологиялық құқықтық көздері болып тек қана экологиялық құқықтық нормалардан жəне талаптардан тұратын немесе экологиялық табиғатты қорғау бағытын ұстанатын нормативтік құқықтық актілер бола алады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы арнайы заңдылықтар мен табиғи ресурстар туралы заңдылықтардан басқа экологиялық нормалар азаматтық, конституциялық, кəсіпшілік, қылмыстық, салықтық жəне т. б. актілерінде қарастырылады.

ҚР экологиялық құқықтық көздерінің жүйесін құрайтындар: ҚР конституцясы, ҚР халықаралық келісім-шарттары, халықаралық құқықтың нормалары мен жалпы таңдалған принциптері, Президенттің нормативтік қаулылары мен жарлықтары, ҚР үкіметінің нормативтік қаулылары мен жарлықтары, ведомствалар мен министрліктердің құқықтық нормативтік актілері, басқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері, сот шешімі.

  1. Экологиялық құқықтық көздерінің жіктелуі

Əртүрлі деңгейлерде нормативтік құқықтық актілердің санының көп басылып шығуынан, қоршаған ортаның құқықтық көздерін анықтау біркелкі қиыншылықтарды туғызды. Бұл қиыншылықтарды айналып өту олардың жіктелуі деп саналады.

1. Реттелу затына байланысты: жалпы жəне арнайы болып бөлінеді. Жалпының сипаттамасы бойынша, оның реттеу аймағы кең жəне экологиялық қарым-қатынастарды қарастырады (ҚР Конституциясы) . Арнайы - бұл актілер тек қана қоршаған ортаның сұрақтары мен элементтерін қарастырады (мысалы, ҚР Экологиялық кодексі) .

2. Іс-əрекет саласы бойынша - республикалық, жергілікті жəне ведомствалық болып бөлінеді. Заңды күш бойынша - заңдар жəне заңдастырылған актілер.

Заңдар ең жоғарғы құқықтық күшке ие. Оны төменде келтірілген ережелер бойынша көруге болады:

- арнайы мемелекеттік органдармен қабылданады;

- жалпыға міндетті (барлық жерде жəне бəріне) ;

- заңға жəне заңдастырылған актілерге қарама-қайшылық жағдайлар туғанда заңның нормасы қызмет етеді;

- тек қана заңмен өзгерістер енгізіледі, тоқтатылады жəне толықтырылады;

- ерекше қабылдау процедурасы.

Заңдар:

1. ҚР Конституциясы - 30 тамыз 1995ж.

2. ҚР Экологиялық кодексі - 9 қаңтар 2007ж.

3. Ерекше қорғалатын территориялар туралы заң - 15 шілде 1997ж.

4. Жануарлар əлемін қорғау, жаңғырту жəне пайдалану туралы заң - 21 қазан 2003ж.

5. Міндетті түрде экологиялық сақтандыру туралы заң - 10 желтоқсан 2005ж.

6. Табиғи жəне техногенді түрдегі төтенше жағдайлар туралы заң - 5 маусым 1996ж.

7. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жайлылығы туралы заңы - 8 маусым 1994ж.

8. Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы заң - 23 сəуір 1998ж.

9. ҚР Жер кодексі - 20 маусым 2003ж.

10. ҚР Су кодексі - 9 шілде 2003ж.

11. ҚР Орман кодексі - 8 шілде 2003ж.

Заңды күші бар Президенттің қаулылары:

1. Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы - 26 қаңтар 1996ж.

2. Мұнай туралы - 28 маусым 1995ж.

3. Құқықтық реттеу сипаттамасы бойынша - материалды жəне процессуалды болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫ
Бюджет шығысының жіктемесі
Органикалық емес химиялық улы заттардың таралу қауіптілігі
Өндірістік санитария және адам тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар
Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау
Өндірісте зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясын (ШРК) қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар
Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау проблемалары
Экологиялық құқық
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz