Валеология салауатты өмір салты



Валеология (лат. valeo – сау болу, грек. logos – ілім) – адам денсаулығы туралы ғылым. Негізгі мақсаты – әр адамды денсаулығын күтуге үйрету, оның сана-сезімін оятып, мед., гигиеналық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын дағдылы әдетке айналдыру.
Валеология медицина, биология, педагогика, психология, экология, акмеология, философия, экономика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.
«Валеология» терминін алғаш рет ғылымға 1998 жылы Ресей ғалымы И.И.Брехман енгізген. В. 20 ғ-дың аяғында пайда болған жаңа ғылым саласы болғанымен, түпкі тамырын ежелгі медицинадан алады. Ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Синаның (Авиценнаның) «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген еңбегіндегі ең негізгі насихаты – денсаулықты күні бұрын сақтау. Бұл үшін ибн Синаның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Алғашқы кезде медицина ғылымы өзінің басты міндеті – денсаулықты сақтау, нығайту деп қараған, ал ауруды емдеуді қосалқы жұмыс ретінде санаған. Бірақ көп ғасырлық даму барысында медицина ғылымы ауру адамды емдейтін ғылымға айналып, сау адамның денсаулығын қорғау мәселесінен алшақтап кетті. Осыған орай Валеология ғылымының негізгі міндеті – адам денсаулығын, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін алдын ала сақтандыру әрекеттерін жүргізу арқылы қалыпты деңгейге жеткізу болып қалды. Адам денсаулығының 49–53%-ы өмір сүру салтына, 18–22%-ы тұқым қуалайтын қасиетіне, 15–20%-ы сыртқы ортаға, тек 8–10%-ы ғана медицина жүйесінің қызметіне байланысты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық – организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау ісі – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік жағдайларға жіктеледі. Физикалық саулық – адам организміне тән функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық процестің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуы. Психикалық саулық – ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру. Әлеуметтік саулық – адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнасу дәрежесі. Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адамның бәріне бірдей тұрақты мақсат, үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Оны анықтау үшін әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады да, осы орташа көрсеткіш қалыпты стандарт ретінде алынады. Бір топқа енетін адамдардың көрсеткіштерінің бірбірінен айырмашылығы едәуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының, т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштер анықталғанда, осы айырмашылықтар да ескеріледі. Денсаулыққа залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі, гиподинамия (қимыл жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы, тиімсіз және жөнсіз тамақтану, қоршаған ортаның (ауаның, жердің, судың) хим. заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шарап ішу, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану, т.б.) жатады.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Валеология салауатты өмір салты

Валеология (лат. valeo - сау болу, грек. logos - ілім) - адам денсаулығы туралы ғылым. Негізгі мақсаты - әр адамды денсаулығын күтуге үйрету, оның сана-сезімін оятып, мед., гигиеналық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын дағдылы әдетке айналдыру.
Валеология медицина, биология, педагогика, психология, экология, акмеология, философия, экономика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.
Валеология терминін алғаш рет ғылымға 1998 жылы Ресей ғалымы И.И.Брехман енгізген. В. 20 ғ-дың аяғында пайда болған жаңа ғылым саласы болғанымен, түпкі тамырын ежелгі медицинадан алады. Ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Синаның (Авиценнаның) Дәрігерлік ғылымның каноны деген еңбегіндегі ең негізгі насихаты - денсаулықты күні бұрын сақтау. Бұл үшін ибн Синаның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Алғашқы кезде медицина ғылымы өзінің басты міндеті - денсаулықты сақтау, нығайту деп қараған, ал ауруды емдеуді қосалқы жұмыс ретінде санаған. Бірақ көп ғасырлық даму барысында медицина ғылымы ауру адамды емдейтін ғылымға айналып, сау адамның денсаулығын қорғау мәселесінен алшақтап кетті. Осыған орай Валеология ғылымының негізгі міндеті - адам денсаулығын, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін алдын ала сақтандыру әрекеттерін жүргізу арқылы қалыпты деңгейге жеткізу болып қалды. Адам денсаулығының 49 - 53%-ы өмір сүру салтына, 18 - 22%-ы тұқым қуалайтын қасиетіне, 15 - 20%-ы сыртқы ортаға, тек 8 - 10%-ы ғана медицина жүйесінің қызметіне байланысты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша Денсаулық - организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Сондықтан денсаулық сақтау ісі - физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік жағдайларға жіктеледі. Физикалық саулық - адам организміне тән функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық процестің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуы. Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру. Әлеуметтік саулық - адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнасу дәрежесі. Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып - дені сау адамның бәріне бірдей тұрақты мақсат, үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Оны анықтау үшін әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады да, осы орташа көрсеткіш қалыпты стандарт ретінде алынады. Бір топқа енетін адамдардың көрсеткіштерінің бірбірінен айырмашылығы едәуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының, т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштер анықталғанда, осы айырмашылықтар да ескеріледі. Денсаулыққа залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі, гиподинамия (қимыл жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы, тиімсіз және жөнсіз тамақтану, қоршаған ортаның (ауаның, жердің, судың) хим. заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шарап ішу, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану, т.б.) жатады.
Валеология -- медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек. Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, мсдицинамен, психологиямен, педагогикамен және т.б. ғылымдармсн тығыз байланыста болады. Жаңа интегральды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамып отырады.
Валеология -- И. И. Брехманның айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп айту керек. Оның көздеген мақсаты адамдардың денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулар-дың алдын-алу. Денсаулық ең принципті проблема. Валеологияның пайда болуы, дамуы жәнс қазіргі кездегі жағдайы адамзат баласының медениеті мен білімінің өсуіне байланысты. Қазіргі кезде валеология ғылымына үлкен сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты валеология ғылымына сұраныс көбейді. Неге десеңіз? Валеология қазіргі заманның ғылымы. Денсаулық сақтау ғылымы. Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат байлығымен бірге осіп, біте қайнасып келе жатыр.
Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін адамдардың дснсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып келді. Кейін ол ғылым ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валеология -денсаулық ғылымы
Салауатты өмір сүру салты
Валеология ғылымы жайлы
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Валеологиялық білім беру
Салауатты өмір сүру сапасы
Салауаттылық –денсаулық кепілі
Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың жолдары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Пәндер