Қазақстан Республикасының қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ . . . 5

1. 1. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау . . . 5

1. 2. Заңды тұлғаның несиелік қабілеттіліктерін бағалау . . . 6

1. 3. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштер . . . 8

II. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН ТАЛДАУ («БТА БАНКІ» КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ) . . . 11

2. 1. «БТА Банкі» АҚ-ның нарықтағы қаржылық жағдайы . . . 11

2. 2 «БТА Банкі» АҚ-ның несие беру көрсеткіштерін талдау . . . 15

ІІІ. НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІ БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. НЕСИЕ БЕРУ, ҚАЙТАРУ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫ ЕСЕПТЕУ . . . 21

3. 1. Несие беру және қайтару есебі . . . 21

3. 2. Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі . . . 23

3. 3. Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары. Шетел тәжірибесімен салыстыру . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31

КІРІСПЕ

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс-әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

Тақырыптың өзектілігі. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.

Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелерді бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.

Курстық жұмысымның міндеті. Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді. Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында қаражат табу қабілеті болып табылады. [1, 181]

Курстық жұмысымның мақсаты -клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсету. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Курстық жұмысымды жазу барысында өзіме деген қаржылық институттан, екінші деңгейлі банктердің қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау туралы көптеген жаңалықтар ашамын деп ойлаймын.

Курстық жұмысымның құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау теориялық әдістемесі қарастырылды. Екінші бөлімде коммерциялық банктердегі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау жүргізілді, ал үшінші бөлім қазіргі кезеңде несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары ұсынылады

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ

1. 1. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады. Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

  • автомобильдік несие;
  • ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуга берілетін несие;
  • тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
  • кейінге қалдырылатын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т. с. с) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдердің банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

  • жиһаз;
  • сантехника;
  • аудио-видио-және тұрмыстық техникалар;
  • компьютер және оргтехника;
  • басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Қарыз алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін бірнеше факторларды ескерген жөн:

  • экономикадағы өзгерістерге сезімтал қандай да бір салаға банктің несиелік қызметінің араласу деңгейін;
  • қиындықты айтарлықтай сезінетін клиенттерге тиесілі болатын несиелер мен басқа да банктік мәмілелердің үлес салмағын;
  • жаңа, дәстүрлі емес, аз зерттелген салаларға банктің араласу деңгейін;
  • несиелер ұсыну, банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру бойынша саясатқа жиі өзгертулер мен толықтырулардың жасалуын;
  • жаңа және жақында тартылған клиенттердің үлес салмағын;
  • аз уақыттың ішінде тәжірибеге жаңа қызметтердің неғұрлым мол түрін енгізуін;
  • тез құнсызданатын немесе нашар өтімді кепілзаттарының қабылдануын.

Несие тәуекелділігін басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін кемшіліктер деп келесілерді атауға болады:

  • несиелік саясат туралы жазбаша құжаттың болмауы немесе нашар дайындалуы;
  • несиелік портфель концентрациясына қатысты шектеу қойылмауы;
  • несиелік жетекшілердің орталықтандырылуы мен деорталықтандырылуы;
  • несиелік объекттің жеткіліксіз талдауы;
  • қарыз алушыны үстіртін талдау;
  • кепілзатының асыра бағалануы;
  • клиентпен байланыстың жиі болмауы немесе тіптен болмауы;
  • бақылау аралығының ұзаруы (кәсіпорындарды несиелеуде) немесе тіптен жүргізілмеуі;
  • құжаттарға байланысты жеткіліксіз бақылау;
  • қарыз қаржыларды шектен тыс қолдану;
  • несиелік құжаттар топтамасының толық болмауы немесе қатаң қадағаланбауы;
  • несиелік процесті тиімді бақылап, уақытында аудиторлық тексеруге ұсынбау және т. с. с.

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай ақпарат көздерінің маңызы зор[2, 192] :

  • өтініш жасаушымен тікелей сұхбаттасу, яғни банк қызметкері ссуда алуға өтініш жасау себептерін біле отырып, өтініштің банктің несиелік саясатынан туындайтын талаптарына жауап бермейтіндігіне мән береді. Қарыз алушының тарихы, өнімінің және көрсететін қызметінің сипаты, шикізат көздері, жұмыскерлерінің біліктілігі туралы ақпараттар жинайды;
  • клиенттерінің несиелік қабілеті, олардың өткен уақыттардағы несиелерге қатынасы, шоттардағы қалдықтары және т. б. туралы ақпараттардан тұратын банк картотекасын жүргізу.
  • орнында инспекция жүргізу
  • қаржылық есебін талдау;
  • басқа банктермен контракт арқылы, қарыз алушының жабдықтаушылары арқылы сырттай ақпарат көздері.

1. 2 Заңды тұлғаның несиелік қабілеттіліктерін бағалау

Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкінділігі), капиталы несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі) .

Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуенен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынының немесе фирманың өкілдерінде белгілі фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілетіліктерінің болуын білдіреді.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.

Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:

1) оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффиценті негізінде талданады;

2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырылады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.

Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім - шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды. [3, 320]

Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.

Соңғы критерий - бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескертеді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдағы күтілетін өзгерістер (мысалы салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

  • іскерлік тәуекелді бағалау;
  • менеджментті бағалау;
  • қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
  • қаржылық коэфиценттерді бағалау;
  • ақша тасқынын талдау;
  • қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
  • орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заңдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдаланумен сипатталады.

1. 3. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипатайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты:

1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

2) несиені қайтару;

3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілетілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкідегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін банктердің талдауына байланысты әдістемелік нұсқауы», сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланылатын әдістемелер де біршама танымал. [4]

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде қаржы Министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: «Кәсіпорын балансы» (№1 форма) ; «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» (№2 форма) ; «Кәсіпорын балансына қосымша бет» (№3 форма) ; сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы «Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф-мерзімді - тоқсандык формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімнің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі» (№5-з - мерзімді - тоқсандық - жылдық формалары) .

Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды, пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.

Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:

1) ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары) ;

2) жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген. жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырысулар; өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк ссудалары және кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген ссудалар бойынша жұмысшылары және қызметкерлерімен есеп айырысу) . Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар жатпайды.

Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда «өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу» бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.

3) жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылықтар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары) .

Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік коэффицентінің біршама оңтайлы мәні 1, 2 мен 1, 5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффиценті қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффиценттің мэні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді. [ 5, 206]

Бірақ та алашақ қарыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттың нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді.

Өтімділік коэффициенттін таңдау барысында мынадай факторларды есепке алу қажет:

  • қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен болса, соғұрлым тауарлы - материалдық құндылықтар қоры көп болады) ;
  • өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан түсетін төлемдердің жылдамдығы) ;
  • өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі) ;
  • материалдар запасын жаңарту үшін қажетті уақыт (өтімді қаражаттардың айналысы),
  • жұмыстың маусымдылығы.

Өтімді қаражаттардың мөлшерінің төмендеуіне ықпал етушілерге мыналар жатады:

  • ағымдағы қызмет зияндары;
  • өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;
  • өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;
  • күрделі қаржы жұмсалымдарға иммобилизациялануы.

Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың жинақталуы; амортизациаланатын обьектілердің ауыстырлмауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.

II. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН ТАЛДАУ («БТА БАНКІ» АҚ көрсеткіштерін талдау)

2. 1. «БТА Банкі» АҚ-ның нарықтағы қаржылық жағдайы

«БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды.

Өндіріс Банкі туралы (1925-1991) . Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды.

1932 жылдың 7 маусымында Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің «Қазақстан аумағында арнайы ұзақ мерзімді салымдар банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылды. [ 6 ]

1949 жылдың 11 шілдесінде Министрлер Кеңесінің қаулысымен Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылды. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертілді. 1987 жылдың 17 шілдесінде СОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Еліміздегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 бірлескен Қаулысына сәйкес, үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк құрылды:

  • КСРО Мемлекеттік банкі;
  • КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;
  • КСРО Сыртқы экономика банкі;
  • КСРО Агроөнеркәсіп банкі;
  • КСРО Тұрғын құрылыс банкі;
  • КСРО Жинақ банкі.

1991 жылдың 4 наурызында КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - «Тұранбанк» Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.

ТұранБанк туралы (1991-1997) . 1991 жылдың 24 шілдесінде ҚазКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысына сәйкес «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.

1990 жылдың 23 қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.

ӘлемБанк туралы (1992-1997) . 1992 жылдың 14 ақпанында құрылтайшылар жиналысының №3 шешімімен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 28 тамыз айындағы № 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі деп атауын өзгертті. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды. "Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалды қамтыды.

ТұранӘлем Банкі туралы (1997-2008) . 1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15. 01. 97 №73 қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды.

1998 жылдың 1 қазанында «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы «ТұранӘлем Банкі» Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

2003 жылдың 26 қыркүйегінде «ТұранӘлем Банкі» ААҚ қайта тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
Коммерциялық банктердегі несие саясатына талдау жүргізу (АҚ «БТА» банк тәжірибесінде)
Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы
Несиелік саясат және несиелік механизм зерттеу
Коммерциялық банктердің тұтынушыларды несиелеу
Коммерциялық банктердің несие саясаты туралы
Тұтыну несиесі және оның дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz