Магмалық тау жыныстары туралы



1 Магмалық тау жыныстары
2 Интрузивтік тау жыныстары
3 Интрузивтік тау жыныстарының жіктелуі.
4 Эффузивтік тау жыныстары
5 Пирокластикалық тау жыныстары
6 Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері
Магмалық тау жыныстары интрузивтік (жердің ішкі қабаттарында) және эффузивтік (жердін, беткі қабатында) болып екіге бөлінеді. Олар бір-бірінен құрылымдық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады.
Олар тереңдігіне қарай: тереңдік (абиссалдық), жартылай тереңдік (гипабиссалдық) жыныстар және желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен) болып бөлінеді.
Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буының қатысуымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардық кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Магмалық тау жыныстары
Магмалық тау жыныстары интрузивтік (жердің ішкі қабаттарында) және эффузивтік (жердін, беткі қабатында) болып екіге бөлінеді. Олар бір-бірінен құрылымдық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады.
Олар тереңдігіне қарай: тереңдік (абиссалдық), жартылай тереңдік (гипабиссалдық) жыныстар және желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен) болып бөлінеді.
Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буының қатысуымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардық кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.
Эффузивтік жыныстар жердің бетіне ақтарыла төгілген магмадан (лавадан) қатайып, пайда болады. Лаваның суынып-қатаюы өте тез. Оның құрамындағы газдар мен су буы тез ұшып кетеді де, ал минералдық қосындылар кристалдар құрап үлгермейді. Сондықтан эффузивтер көпшілік жағдайда, шала кристалданған немесе кристалданбаған біртектес шынылы массалар құрайды. Дегенмен, кейде олардың арасында жекеленген ірі кристалдар кездесіп қалады. Мұндай жағдайда порфирлі құрылым құралады.
Эффузивтік тау жыныстары кеуек түтіктер мен қуыстар түріндегі (көбікті, миндалинді-тасты) және флюидалдық текстуралар құрайды.
Кеуекті немесе көбікті текстура вулкандық лаваның суынып-қатаюы кезінде, оның алғашқы құрамындағы ұшпалы жеңіл компоненттердің тез арада ұшып кетуіне байланысты қалыптасады. Осындай жолмен пайда болған кеуек түтіктер мен қуыстар, кейінірек кварц және кальцит сияқты (екінші рет пайда болған) минералдармен толып қалыптасқан жағдайда миндалинді-тасты текстура құралады. Ал, кейде эффузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдық түйіршіктердің белгілі бір бағытта созыла орналасуы алғашқы лаваның қозғалыс бағытын көрсетеді. Мұндай текстура флюидалдық деп аталады.
Кристалдану дәрежесіне қарай магмалық тау жыныстары толық кристалданған және жартылай кристалданған болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің (ірілі-ұсақты) салыстырмалы көрсеткіштеріне қарай, олар біркелкі түйіршікті (минералдық түйіршіктері бірдей болып келген жағдайда) және әркелкі түйіршікті құрылымдар болып бөлінеді. Сонымен қатар, минерал-дық түйіршіктердің ірілі-ұсақты абсолюттік мөлшері бойынша: ірі (5 мм), орта (2 -- 5 мм) және ұсақ түйіршікті (2 мм-ге дейін) құрылымдарға ажыратуға болады. Ал минералдық түйіршіктердің кристаллографиялық пішіндерінін, өзара қарым-қатынастарына қарай, олар идиоморфтық (жан-жағы толық шектелген дұрыс пішінді кристалдар) және ксеноморфтық (жан-жағы көрші кристалдармен шектелгең бұрыс пішінді кристалдар) болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің идиоморфтық дәрежесінің жоғары болуы минералдардьщ кристалдану жағдайы мен кристалдану қабілетіне тікелей бағынышты.
Химиялық құрамына қарай (кремний тотығыньщ мөлшеріне) тау жыныстары: қышқыл (65% SЮ2), орта (65 -- 52%), негізді (52 -- 45%) және ультранегізді немесе өте негізді (45%) топтарға ажыратылады.
Қышқыл тобына жататын тау жыныстарының құрамындағы кремнийдің артық мөлшері кварц минералы-түрінде түзіледі. Егер тау жынысының құрамында оливин минералы көп болса, онда ол ульдранегізді жыныс болып саналады.
Орта топтағы жыныстарда ашық түсті дала шпаттары көптеп кездеседі, ал түсті минералдардан слюдалар, алдамшы мүйізше (роговая обманка); негізді жыныстарда лабрадор, авгит секілді минералдар жиі кездеседі.
Магмалық жыныстарды түр-түсіне қарай да ажыратуға болады. Мысалы қышқыл жыныстар -- ашық түсті (лейкократты); негізді және ультранегізді жыныстар қою көк немесе қара түсті (меланократты); орта қыш-қылды жыныстар ашық сұр және сұр түсті болып келеді. Тау жыныстары тығыздығына қарай да ажыратылады. Олар қышқыл жыныстарынық ультранегізді жыныс-тарына қарай 2,6 -- 2,7-ден 3,3-ке дейінгі аралықта өзгереді.

Интрузивтік тау жыныстары
Жердің ішкі терең қабаттарында кристалданған магмалық тау жыныстары (интрузивтік) ең алдымен құрылымдық (толық кристалданған) және орналасымдық ерекшеліктерімен (тығыз орналасқан массивты ерекшеліктерімен) ажыратылада. Одан ары қарай, олар химиялық (кремний тотығының мөлшеріне қарай) және минералдық құрамы бойынша жеке топтарға жіктеледі.
Желілік жыныстар (мысалы, аплит, пегматит) тамыр-секілді тарамдальш, интрузивтік массивтердін, маңайында (көпшілік жағдайда) жер қыртысынын, жарықтар мен жарықшақтарын бойлай түзіледі.

Интрузивтік тау жыныстарының жіктелуі.
Аплит өте ұсақ түйіршіктерден тұратын, тақталанып жұқа плиталар түрінде құралған, құрамы граниттік (кварц, дала шпаттары және слюдалар) ашық түсті жыныстар. Ал пегматит дала шпаттары, кварц және слюдалардың (мусковит, кейде биотит) өте ірі кристалдарынан тұратын, өзіндік (пегматиттік) ерекше құрылымымен сипатталатын тау жынысы.

Эффузивтік тау жыныстары
Жер бетіне шығып ақтарыла төгілген вулкандық лаваның суынып-қатаюынан пайда болған эффузивтік тау жыныстары жартылай кристалданған құрылымымен және кеуек-қуысты (көбікті, миндалинді-тасты) флюидальдық орналасымымен ажыратылады. Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік жыныстар (интрузивтік жыныстар секілді) химиялық және минералдық құрамына қарай жеке топтарға жіктеледі. Олардың ішінде кайнотектік (құрамы мен құрылысы өзгеріске ұшырай қоймаған, жас) және палеотектік (өзгерістерге ұшыраған, ескі) түрлері ажыратылады.
Палеотектік жыныстар порфир немесе порфирит деп аталады. Оған қосымша кайнотектік жыныстардық атауы қосыла айтылады. Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік тау жынысының құрамында калийлі дала шпаттары (ортоклаз) болған жағдайда порфир деп, ал болмаған жағдайда порфирит деп аталады.
Жасырың кристалды (немесе микрокристалды) минералдық түйіршіктер фельзиттік құрылым құрайды. Мысалы, фельзит және базальт. Олар түсіне қарай оңай ажыратылады: фельзит құрамы қышқыл, ашық түсті жыныс; базальттың құрамы негіздік, қою қара-көк түсті болып келеді.
Құрылымы шынылық болып келетін жыныстарға мысал ретінде обсидианды және пемзаны айтуға болады.
Обсидиан (вулкандық шыны) -- құрамы көбінесе қышқыл түсі әр түрлі (сұр, сұрғылт, қара-қоңыр және қара түсті) болып келетін, сынығы ұлу қабыршағы секілді жыныстар.
Пемза -- ашық түсті, құрамы қышқыл, кеуекті түтіктер түрінде кездесетін өте жеңіл жыныстар.

Пирокластикалық тау жыныстары
Вулкан атқылауы кезінде атмосфера қабатына ыстық лаваның ірілі-ұсақты кесек бөлшектері (вулкандық шыны, әр түрлі минерал-дардың кристалдары) және кездейсоқ кездескен жыныстардың кесек сынықтары (орасан-зор мөлшерде) лақтырылып тасталады. Осындай жолмен пайда болған материалдар қабатталып жинала келе пирокластикалық (отты-кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі. Кесек бөлшектердін, ірілі-ұсақты мөлшеріне қарай олар бес топқа бөлінеді: 1) вулкандық күл (1 мм-ге дейін); 2) вулкандық құм (1 -- 2 мм); 3) вулкандық қиыршықтар (2 -- 10 мм); 4) лапиллилер (вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаваның 10 -- 30 мм-лік бөлшектері); 5) вулкандық бомбалар (көлденең қимасы 5 -- 10 см-ден бірнеше м-ге дейін жететін ірі кесектер).
Вулкандық күл-топырақтар тығыздала келе вулкандық туфтарға айналады, ал әр түрлі мөлшердегі (ірілі-ұсақты) вулкандық материалдардың бірігіп цементтелуінен вулкандық брекчия (женттас) құрылады.

Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері.
Қазіргі кезде магмалық жыныстардың жалпы жер
бетінде таралу мөлшерін көрсететін деректер (бүкіл жер шарын түгел қамтитын) әлі де толық емес.
А. Б. Ронов пен А. А. Ярошевскийдің есептеулері бойынша, жер қыртысының жалпы көлемінің 10,4% -- граниттер; 11,2% -- гранодиориттер мен диориттер; 42,2% -- габбро, базальттар және т. б. құрамы негіздік жыныстар; 0,4% -- сиениттер мен нефелинді сиениттер; 0,2% -- дуниттер мен перидотиттер құрайды. Бұл деректерге қарағанда құрамы қышқыл және негіздік жыныстардың жер қыртысында ең көп таралғандығын көруге болады. Олардың ішінде қышқыл жыныстардың арасында интрузивтік жыныстар (граниттер мен гранодиориттер), ал негіздік жыныстардың арасында эффузивтер (базальттар) жиірек кездеседі.
Қазіргі уақытта тау жыныстарының алуан түрлілігі алғашқы магманың дифференциациялық (жіктелу), сонымен қатар ассимиляциялық және гибридизациялық процестерімен тікелей байланысты деп түсіндіріледі.
Магманыц дифференциациялык, жіктелуі деп, біртекті алғашқы балқыманың химиялық құрамы әр түрлі фракцияларға бөлініп, соған сәйкес олардан минералдық құрамы өзгеше әр түрлі тау жыныстарының түзілуін айтады.
Магманың жіктелуі алғашқы кристалдардың түзілуіне дейін де (ликвация) және кристалдардьщ түзілу барысында да (кристаллизациялық жіктелу) жүріп жатады.
Ликвациялық процесс кезінде магма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау жыныстары туралы
Тау жыныстарының жіктелуі
Тау жынысының құрылымы мен түзілімі
Метаморфтық тау жыныстары
Тау жыныстары туралы түсінік
Тау жыныстары
Магмалық тау жыныстары
Тау жыныстары және минералдар
Эндогендік процестер
Жер қыртысын құраушы минералдық заттар
Пәндер