Тік кен қазбалары


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
  1. Тік кен қазбалары

Тік қазбалар тобына мыналар жатады: шахта оқпаны (шахтный ствол), шурф және тұйық оқпан (сленой ствол) .

Шахта оқпаныдегеніміз жер бетіне тікелей қатысы бар және жерасты жұмыстарына қызмет атқаруға арналған күрделі жерасты тік қазбасы. (1. 1-1. 2 сурет) . Атқаратын міндетіне байланысты шахта оқпандары басты (главный) және көмекші (вспомогательный) болып бөлінеді.

Басты шахта оқпаны негізінен өндірілген пайдалы қазындыны жер бетіне көтеруге арналады және оны скиптік оқпан (скиповой ствол) деп те атайды. Шағын шахталарда басты оқпан көмекші жұмыстарды да атқарады, яғни пайдалы қазындыны жер бетіне көтерумен қатар адамдарды да (материалдарды да) түсіріп - шығарады. Сондықтан мұндай оқпан скиппен қатар клетпенде жабдықталады.

Көмекші шахта оқпаны негізінен көмекші жұмыстарға арналады: адамдарды, материалдарды жіне жабдықтарда түсіріп - шығаруға, бос жыныстарды жер бетіне көтеруге, электр ұуатын, сығылған ауаны, суды келтіруге, қазбаларды желдетуге және жерасты суын төгуге. Оны клеттік немесе желдетпелік (клетьевой или вентиляционный) оұпан деп те атайды.

Шахта оқпандарының көлденең қима пішіні, тұру мерзіміне және айналасындағы жыныстардың бекемділігіне байланысты тікбұрышты, дөңгелек немесе элипс тәрізді болулары мүмкін (1. 2 - сурет) . Қимасы дөңгелек оқпан негізінен тұтас бетонмен (монолитным бетоном) бекітіледі және диаметрі 4-5 м аралығында болады.

  1. - сурет. Жерасты кен қазбалары.

1 -копер; 2 - оқпан; 3 - квершлаг; 4 - штрек; 5 - өрмеле; 6 - гезеник немес тұйық оқпан; 7 - оқпан албары; 8 - камера; 9 - зумпф; 10 - кесінді (рассечка) .

1. 2 - сурет. Шахта оқпандарының қимасы.

1 - клеть бөлімшесі; 2 - скип бөлімшесі; 3 - сатылық бөлімше.

Қимасы тікбұрышты оқпан бекітіледі және көлденең қима ауданы 30 м 2 дейін барады. Атқаратын міндетіне байланысты оқпанның қима ауданы бірнеше бөлімшелерге бөлінеді, мысалы, 1. 2 - суретте 1а - клеть бөлімшесі (адамдар және материалдар түсіріліп - шығарылады) ; 2 - скип бөлімшесі (өндірілген пайдалы) қазыныдыны жер бетіне шығаруға арналған және 3 - сатылық бөлімше (клеть жұмыс істемеген жағдайда адамдар түсіп - шығуға) .

Әрбір оқпан үш элементтен тұрады: аузы (устье), негізгі бөлігі (основная часть) және зумпф (оқпанның түбі) .

Оқпанның аузы дегеніміз оның жер бетіне шығатын үстіңгі жағы. Ол күшейтілген бекітпемен бекітіледі, өйткені оқпанның аузы тасынды жыныс қабатында жүргізіледі және жердің бетіндегі оқпан құрылыстарының салмағы осы бөлікке түседі.

Оқпанның негізгі бөлігі дегеніміз оқпанның аузы мен зупмфтың аралығындағы ең ұзын бөлік. Оның міндеті жұмыс жасайтын қабатпен жердің бетін жалғастыру.

Зумпф дегеніміз, шахтаның жұмыс жасап жатқан қабатынан төмен орналасқан оқпанның ең төменгі бөлігі (1. 1 - сурет) . Ол оқпанның бойымен аққан суды жинайтын ыдыс ретінде және көтерме ыдыстарды (скипті немесе клетті) тиегенде немесе босатқан кезде орналастыратын орын ретінде пайдаланылады.

Шахта оқпанның тереңдігі, пайдалы қазынды кен орындарының жатыс тереңдігіне және шахта алабының шекарасына қатысты орналасу қашықтығына байланысты 1600 м дейін, ал кейде одан да артық тереңдікке барады. Олар тереңдігі жөнінде, мына топтарға бөлінеді: терең емес 300 м дейін; орташа терең 300-700; терең 1200 м; өте терең - 1200 м - ден артық.

Шурф дегеніміз барлау жқмыстарына арналған көлденең қима өлшемдері үлкен емес (4-6 м 2 , кейде 20 м 2 дейін) және онша терең емес (40-60 м, кейде 150 м дейін барады), жер бетіне тікелей қатыс бар жерасты тік қазбасы. Онымен адамдар түсіп - шығады, қазбалар желдетіледі, су төгіледі және материалдар түсіріледі. Шурфтардың көлденең қима пішіні негізінен тікбұрышты болады (ағашпен бекітіледі) және шахта алабының қанатында орналасады. Шурфтың ерекшелігі - шахтада өндірілген өнім онымен жер бетіне көтерілмейді.

Тұйық оқпан (сленой ствол) дегеніміз адамдар жүріп - тұруға. Қазбаларға ауа келтіруге, жабдықтар мен материалдарды жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа түсіруге немесе төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа көтеруге арналған, жер бетіне тікелей қатысы жоқ жер астындағы тік қазба (1. 1 - сурет) . Жүкті жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа түсіру үшін тұйық оқпанды гезенк деп де атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желі жыныстары палеозойлік
Жер асты кен қазу
«Пайдалы қазба кенорындарынашу және даярлау». Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Шахтадағы қазу жұмыстары
Соққы қаупі бар кен орындарын өңдеудің қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар және олардың орындалу әдістері, шаралар мен әдістерді таңдау және бейнелеу
Антропогенез факторлары
Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу тарихы
Қарағанды облысының Саран қаласындағы көмір өндіру кәсіпорны
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Көмір өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz