Әртүрлі фреза түрлерінің негізгі бөліктері мен элементтері



Кіріспе
І Негізгі бөлім
1.1 Фреза туралы жалпы мағлұматтар
1.2 Цилиндрлік фрезаның геометриялық параметрлері
1.3 Түпбетті фрезаның геометриялық параметрлері
1.4 Фрезерлеу білдектері
ІІ Фреза есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Машина жасау саласына қажетті металл кескіш құралдарды сауатты құрастырып, ұтымды тәжірибеден өткізуді және оның барлық конструктивті-технологиялық мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін аспаптарды жобалап үйрену кез-келген болашақ инженер қолынан келуі қажет. Қазіргі заманның даму деңгейі болашақ инженер – механикке әр түрлі функционал-ды тағайындалған тетіктерді өңдейтін технологиялық процесстерді жә-не токарлық, бұрғылау, фрезерлеу және ажарлау операцияларының жұмыс істелу қызметін толықтай оқу, білу және де үйрену үлкен міндеттілік болып табылады. Метал кесетін құралдар қазіргі заманғы технологиялық жүйе-лердің және автоматтандырылған өндірістердің негізі болып табылады.
Машиналарды, қозғалтқыштарды, құрылғыларды, станоктарды дайындау кезінде металлды кесумен өңдеу кеңінен қолданылады. Металл кескіш станоктарда немесе қолмен кесу кезінде – негізгі еңбек құралы – кесуші аспаптарсыз жұмыс істеу мүмкін емес.
1. Нефедов Н.А Дипломное проектирование в машино-строительных техникумах: Учеб. Пособие для техникумов. 2-е изд., перераб. И доп. - М. Высш. шк., 1986 г. - 239 с., ил.;
2. Справочник технолога-машиностроителя. В 2-х томах. Том 2. Под редакцией А.Г Касиловой и Р.К Мещерякова - 4-е издание, перераб. И доп. - М. Машиностроение, 1985,496 с.
3. Полей М.М. Технология производства металлорежущих инс-трументов - 2-е изд., перераб. И доп. - М.: Машиностроение, 1982. - 256 с., ил;
4. Барсов А.И Технология инструментального производства. М., «Машиностроение», 1975. 272 с. с ил.
5.М.М Палей Технология производства режущего инструмента.
6. Каталог - справочник «Металлорежущий инструмент» Часть 1.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
І Негізгі бөлім
0.1 Фреза туралы жалпы мағлұматтар
0.2 Цилиндрлік фрезаның геометриялық параметрлері
0.3 Түпбетті фрезаның геометриялық параметрлері
0.4 Фрезерлеу білдектері
ІІ Фреза есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Машина жасау саласына қажетті металл кескіш құралдарды сауатты құрастырып, ұтымды тәжірибеден өткізуді және оның барлық конструктивті-технологиялық мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін аспаптарды жобалап үйрену кез-келген болашақ инженер қолынан келуі қажет. Қазіргі заманның даму деңгейі болашақ инженер - механикке әр түрлі функционал-ды тағайындалған тетіктерді өңдейтін технологиялық процесстерді жә-не токарлық, бұрғылау, фрезерлеу және ажарлау операцияларының жұмыс істелу қызметін толықтай оқу, білу және де үйрену үлкен міндеттілік болып табылады. Метал кесетін құралдар қазіргі заманғы технологиялық жүйе-лердің және автоматтандырылған өндірістердің негізі болып табылады.
Машиналарды, қозғалтқыштарды, құрылғыларды, станоктарды дайындау кезінде металлды кесумен өңдеу кеңінен қолданылады. Металл кескіш станоктарда немесе қолмен кесу кезінде - негізгі еңбек құралы - кесуші аспаптарсыз жұмыс істеу мүмкін емес.
Кесуші аспаптардың негізгі қасиеті ретінде, оның сенімділігі, яғни аспаптың өзінің техникалық шарттарын сақтап, жұмысты үздіксіз атқаруы болып табылады. Бұл көрсеткіштерге дәлдік пен тұрақтылықтың геомет-риясы және размеры жатады. Кесуші аспаптың тұрақтылығы - тегістеу кезін-дегі ұзақ уақыт бойы жұмыс істей білу қабілеттілігі. Жұмыс істеу уақыты ұзақ болған сайын, инструмент сапасы да жоғарырақ болады.
Жаңа заманғы металл кесуші құралдар - бұл циклді басқару және қозғалысты жүзеге асырудың механикалық, электрлік, электронды, гид-равликалық, пневматикалық және өзге әдістерін біріктіретін жоғары дамы-ған машиналар.
Маған берілген курстық жұмыс бойынша, әртүрлі фреза түрлерінің негізгі бөліктері мен элементтері, олардың геометриялық параметрлері, кесу режимімен кесілетін қабаттың элементтері жайлы мәліметтерді зерттеу. Фрезаның геометриялық параметрлерін өлшеу әдістерімен және оған қолданатын аспаптармен танысу. Түпбетті механикалық пышақтарымен бекітілген фрезаны есептеу және нобайлау әдісін үйрену.
Фреза - жасаушы бетінде және бүйірінде кесуші тістері бар айналу денесі болады. Фреза жазықтарды, ойықтарды, оймақ кілтектерді, айналу денелерін, бұранданы, сұлбалы беттерді, кесінділерді өңдеуге арналған көп жүзді аспап. Фреза беттерінде кесетін көптеген тістері бар айналатын дене. Оның әрбір тісін жеке кескіш құрал ретінде қарастыруға болады.
Фрезерлеу - дайындама беттерін фреза деп аталатын көпжүзді аспап-пен өңдеудің кең тараған және өндіріс өнімділігі жоғары тәсілі. Бұл процесте негізгі айналмалы қозғалыс жасап, ал беріліс қозғалысын дайындама жасай-ды. Фрезерлеу - машина жасауда жазық және фасонды беттерді көп тісті аспаптармен - фрезалармен өңдейтін кең тараған технологиялық процесс. Фрезерлеу білдектерінде көлденең, тік және еңкіш жазықтықтарды фасон беттерді, әр түрлі профильді саңылаулар мен кертіктерді өңдейді.
І. Негізгі бөлім
1.1 Фреза туралы жалпы мағлұматтар. Фрезаның негізгі түрлері: Фре-за жазықтарды, ойықтарды, оймақ кілтектерді, айналу денелерін, бұранданы, сұлбалы беттерді, кесінділерді өңдеуге арналған көпжүзді аспап.
Жұмыста бірнеше тістің біруақытта қатынасуы өңдеудің жоғары өнімді-лігін қамтамасыз етеді.
Фреза - жасаушы бетінде және бүйірінде кесуші тістері бар айналу дене-сі болады.
Фрезалар бірнеше топтарға бөлінреді:
oo формасына байланысты: дискілі, цилиндрлі, конусты;
oo конструкциясына байланысты: құрамалы, бүтінді, түпбетті, қауыр-
сынды;
oo материалына байланысты: тезкескіш материалды, қатты қорытпалы;
oo кесу жүзінің орналасуына байланысты: шеткі, түпбетті және шеткі
түпбетті;
oo кесу бағытына байланысты: оңжақты кесу және солжақты кесу;
oo қолданылуына байланысты: конусты, бұрышты, шпондық, фасонды ,
модульды және т.б;
Фрезалардың көптеген түрлеріне қарамастан олардың жұмыс істеу сұл-басы цилиндрлі немесе түпбетті фрезерлеуге сәйкес келеді (1 сурет). Цилин-дрлік фрезерлеу кезінде аспаптың өсі өңделетін бетке параллель болады. Жұмыс фрезаның цилиндрлік бетінде орналасқан тістері арқылы жүргізіледі. Түпбетті фрезерлеу кезінде фреза өсі өңделген бетке тік болады және цилин-дрлік бетте орналасқан тістерден басқа түпбеттегі тістерде жұмыс істейді.

а - цилиндрлі; б - дөнгелектіжәне ойықты; в - саусақты; г,д - түпбетті; е - сұлбалы, ж - қыйып кескіш.
1-сурет - Фрезалардың түрлері
1.2 Цилиндрлік фрезаның геометриялық параметрлері. Цилиндрлік фреза цилиндрлік дене, оның бетінде жоңқа орналастыру үшін бойлық бағыт-та бунақ жонылуы керек. Бунақ цилиндрлік бетпен қиысқанда кесуші жиек-тер пайда болады. Фрезаның бірқалыпты жұмыс істеуі үшін және бір уақытта жұмыс істейтін тістердің санын арттыру үшін жоңқалы бунақты бұрамалы жасайды.
Цилиндрлік фреза еркін кесу жағдайында жұмыс істейді, оның әр тісін-де бірақ кесуші жиек болады.
Кесу жиегінің жақын жоңқалы бунақ бөлігі - алдығы бет, ал цилиндрлі бетте - артқы бет болады. Фрезаның тісі өткір ұшты немесе желкеленген бол-уы мүмкін. Фрезаның өткір ұшты тістері артқы бетімен қайралынады. Тістің артқы беті түзу, сынық, немесе парабола ұқсас болып жасалуы мүмкін (2- сурет).

2 - сурет - Цилиндрлік фрезаның кесуші бөлігінің геометриялық параметрлері

Негізгі алдынғы бұрыш γ - алдыңғы бетпен және кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесімен және фрезаның өсі арқылы өтетін негізгі жазықтықпен арадағы бұрыш. Бұл бұрыш жоңқаның алдыңғы бетке шығуын қамтамасыз етеді және кесу жиегіне тік жазықтықта өлшенеді (N - N). Осы жазықтықта артқы бұрышαN өлшенеді.
Негізгі артқы бұрыш α - фрезаның артқы бетінің жанамасымен кесу жазықтық арасындағы бұрыш. Кесу жазықтың жағдайын анықтайтын, кесу қырының қаралған нүктесінің қозғалыс траекториясы, шеңбер доға деп алынады, сондықтан негізгі артқы бұрыш фрезаның өсіне тік жазықтықта (М - М) өлшенеді.
1.3 Түпбетті фрезаның геометриялық параметрлері. Түпбетті фрезаның тістері өтпелі кескішке ұқсас. Кесуде негізгі жиектен басқа кө-мекші кесу жиегі қатысады. Фрезаның тістері планда φ, φ1, ε бұрыштары.
Пландағы негізгі бұрышы φ - кесу жазықтығы мен жұмысшы жазықтық арасындағы бұрыш.
Пландағы көмекші бұрышы φ1 - негізгі жазықтықтағы көмекші кесу жиегінің проекциясы мен жұмысшы жазықтық арасындағы бұрыш.
Негізгі артқы бұрышы α - фреза өсіне перпендикуляр (А - А) және беріліс бағытына тура келетін жазықтықта, яғни кесу қиығы нүктесінің қозғалыс траекториясы жатқан жазықтықта өлшенеді.
Артқы бұрышы α - фрезаның тісінің артқы бетіне жанамамен кесу жазықтығы арасындағы бұрыш.
Негізгі N - N қима жазықтығында қалыпты артқы бұрыш өлшенеді. Түпбетті фрезаларда тағы да көлденең алдыңғы бұрыш γ1 А - А жазықтықта және фреза өсіне параллельді жазықтықта В - В бойлы алдыңғы және артқы бұрыштар (γ2, γ1) қаралады.

3 - сурет - Түпбетті фрезаның 4 - сурет - Түпбетті фрезаның
пландағы бұрышы геометриялық параметрлері

1.4 Фрезерлеу білдектері. Металл кесу білдектерінің ішінде токарь біл-дектері тобынан кейінгі кеңірек тарағандары фрезерлеу білдектері. Фре-зерлеу білдектерінің тобына олардың мына түрлері жатады:
1)Консольды - фрезерлеу горизонталь−фрезерлеу, вертикаль фрезер-леу, әмбебап фрезерлеу, кең әмбебапты;
2) Бойлық фрезерлеу;
3) Үздіксіз фрезерлеу;
4) Ойық жасап фрезерлеу;
5) Ойма фрезерлеу;
6) Көшіріп фрезерлеу;
7) Арнаулы фрезерлеу білдектері.
Осылардың ішінде өндірісте жиі қолданылатын түрлері горизонталь және вертикаль фрезелеу білдектері. Фрезерлеу станоктарында конфигурациясы әр түрлі сыртқы және ішкі беттерді өңдеуге болады: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Тістерді өңдеуге арналған аспаптар
Білік бөлшегінің тағайындалымына технологиялық үдерістің базалық вариантына талдау
Жапырақтардың микроскопиялық талдауы
Ысталған шұжық өнімдерін механикалық өңдеу
Берік қоспалы бұрғы
Станоктар мен кескіш аспаптың геометриялық дәлсіздіктері
Конструкциялық легерленген болаттардың қолданылу аймағы
Қонақ үйдің есіктері мен терезелері
Металдар мен қорытпаларды беттік беріктендіру. Химия-термиялық өңдеу
Пәндер