Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері туралы ақпарат


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

http://edurk.kz/cms/uploads/images/1_019.jpg


Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері.



Орындаған: Сапарбай Әлия
Тобы: 110 A ЖМ
Қабылдаған: Мурзанова Д. А.

Шымкент - 2017

Жоспар:

Кіріспе:

Сүйек құрылысы

Негізгі бөлім:

Сүйек құрылысына әсер ететін факторлар:

  • Тұқым қуалаушылық
  • Спорт және еңбек (ауыр жұмыс)
  • Әлеуметтік факторлар

Қорытынды:

Сүйек - тірі ағзаның тірек-қимыл мүшелерінің ішіндегі жұмсақ тіндердің тірегі және бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын маңызды құрылым. Адамның денесіндегі 200-ден астам тақ және жұп сүйек-тер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды. Сүйек коллагені мен аз мөлшерде суда ерімейтін кальций тұздарымен толыққан майдан тұрады. Сүйек сыртқы қатты қабаттан және ішкі кеуекті қабаттан тұрады.

Сүйек ұлпасын құрайтын жасушалар остеобласт (osteon - сүйек, blastos - өскін, ұрық деген грек сөздерінен шыққан) деп аталады. Ол жасушаларда коллаген фибриллаларын синтездеп бөліп шығарады. Бөлініп шығарылған заттар жасушааралық кеңістікке жиналады да, жасушадан тыс ағзалық матрикс түзеді. Остеобластар бір-бірімен жасушалық өсінділер арқылы өзара байланысып жалғасады. Матриксте негізінен фосфор қышқыл кальций тұздары Са3 (РО4) 2 қабат-қабат (қалыңдығы 3-5 мкм) болып жиналады. Бұдан өзге оған көмірқышқыл тұздары, фторлы тұздар, аздаған кальций гидроксидтері қатысады. Ақуыздар, күрделі қанттар басқа да ағзалық заттар осы тұздардың бəрін біріктіріп цементтейді. Сөйтіп сүйек ұлпасы пайда болады. Омыртқалылардың сүйек кристалдарының құрамы мынадай гидроксиапатитке жатады: Са10 (РО4) 6 (ОН) 2.

Мықты тығыз сүйек массасы бойынша 20% немесе көлемі бойынша 40% коллагеннен құралады. Ал оның қалған бөлігі минералды заттардың үлесіне тиеді.

Басқа ұлпалар сияқты, сүйек ұлпасы да үнемі жаңарып отырады. Ағзаға кальцийдің, фосфордың, стронцийдың изотоптарын енгізіп байқаса, тіпті аз уақыттың өзінде-ақ олар үлкен сүйектің тығыз бөлігінде пайда болады. Мысалы, Са45 жəне Р32 изотоптарымен жасалған тəжірибе мынаны көрсетеді: сүйектің минералды бөлігінен 10-20% шамасы күн сайын жаңарып отырады екен.

Сүйектің ортасында қызыл, сары, сұр май бар. Оның құрамында олеин, стеарин, және пальмитин қышқылдары бар. Сүйектен майды алу үшін, алдымен, оларды жуады, майдалайды, содан кейін сүйектерді жылумен өңдеп (сумен немесе бумен өңдеп немесе құрғақтай қыздырып) алады. 100°С жоғары температурада өңделген сүйектерден желім алынады. Сүйек майының түсі ақтан сарыға дейін болады. 1-ші сортында сұр рең болуы мүмкін, дәмі мен иісі өнімнің өзіне тән болады. 1-сортта жағымды қуырылған дәм, балғын сорпа, таңдаулы болуына рұқсат етіледі.

Сүйек құрылысына әсер ететін факторлар:

1) Тұқым қуалаушылық - ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән қасиет. Тұқым қуалаушылыққа байланысты тірі организмдердің морфология, физиология және биохимия құрылымы мен жеке даму ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Организмдердегі тұқымқуалаушылық факторларының болатынын алғаш болжам жасап, тұқым қуалау заңдылықтарын ашқан Г. Мендель болды. Ол ата-аналық дарабастарды бір-бірінен бір не бірнеше белгілері бойынша ажыратылады, ал ол факторлар ата-аналарынан ұрпақтарына жыныс жасушалары арқылы беріледі деген қорытынды жасады (Мендель заңдары) . 1909 жылы дат биологы В. Иогансен (1857 - 1927) бұл тұқым қуалау факторларын ген деп атады. 1911 жылы америкалық биолог Т. Морган (1866 - 1945) және оның әріптестері ұсынған “Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы” бойынша да тұқымқуалаушылықтың бірлігі - ген деп көрсетілген. Гендер жасуша ядросындағы хромосомаларда тізбектеле, бір сызықтың бойында орналасқан және әрбір геннің хромосомада нақты тұрақты орны (локусы) болады. Кез келген хромосома өзінің гендер тобымен ерекшеленеді. Генетика ғылымының даму барысында тұқым қуалау факторлары тек ядрода ғана емес, жасуша цитоплазмасының кейбір органоидтарында (митохондрияда, хлоропластарда) да кездесетіні анықталды. Осыған байланысты цитоплазмалық тұқымқуалаушылық жайлы ілім қалыптасты. Тұқымқуалаушылық материалының сақталуы, екі еселенуі және ұрпақтан ұрпаққа берілуі нуклеин қышқылдарына (ДНҚ және РНҚ) байланысты болады. Тұқымқуалаушылық жасушада жүретін репликация (генетик. ақпаратты дәл көшіруді және оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін нуклеин қышқылдары макромолекулаларының өздігінен жаңғыруы), транскрипция (ДНҚ-да жазылған генетик. ақпаратты жұмсаудың алғашқы кезеңі) және трансляция (ақпараттық РНҚ молекулаларындағы нуклеидтердің бірізділігі түрінде “жазып алынған” генетик. ақпаратты “есептеу”) процестерімен тығыз байланысты. Бұл кезде комплементарлық принципке сай ДНҚ және РНҚ молекулаларының айна қатесіз көшірмелері алынып, түзілетін белоктың құрамындағы амин қышқылдарының орналасу реті дәл анықталады. Мұның нәтижесінде тұқым қуалайтын нақты белгі белгілі болады. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуында тұқымқуалаушылық шешуші рөл атқарады. Өйткені эволюция барысында қалыптасқан тіршілікке қажетті жаңа белгілермен басқа да өзгерістер осы тұқымқуалаушылыққа байланысты ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бекітіліп отырады. Тұқымқуалаушылықтың негізінде органдардың алуан түрлі топтары қалыптасты, дербес және біртұтас жүйелер (популяциялар, түрлер) құрылып, олардың тіршілік етуіне және қоршаған орта жағдайларына сай бейімділіктің сақталуына мүмкіндік туды. Сондықтан да тұқымқуалаушылық эвол. әрекеттің негізгі қозғаушы күшінің бірі болып табылады. Табиғатта тұқымқуалаушылық өзгергіштікпен қатар жүреді. Ауыл шаруашылығы мен медицина үшін тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы зор. Тұқымқуалаушылықпен өзгергіштіктің заңдылықтарын генетика ғылымы зерттейді.

Тұқым қуалаушылық аурулар - ұрпақтан ұрпаққа берілетін және геннің мутациясымен байланысты патологиялық жағдайлар.

Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.

Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:

  • моногендік;
  • хромосомалық;
  • мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.

Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырау себебінен туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі Г. Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом. -доминантты (арахнодактилия, брахидактилия, полидактилия, т. б. дерттер), аутосом. -рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т. б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т. б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.

Хромосомалық аурулар геномдық (хромосомалар санының өзгеруі) және хромосомалық (хромосомалар құрылысының өзгеруі) мутацияларға байланысты қалыптасады. Жиі кездесетін хромосома ауруларының қатарына трисомиялар жатады. Бұл кезде хромосома жұптарының бірінде қосымша 3-хросома пайда болады. Мысалы, Даун ауруында аутосом. 21-жұп бойынша трисомия болса, Патау синдромында 13-жұпта, Эдварс синдромында 18-жұбында болады. Гаметогенезде мейоздық бөлінудің бұзылуына байланысты әйелдерде жыныстық Х - хромосомалардың біреуі болмаса, Шерешевский-Тернер синдромы, керісінше бір хромосом артық болса - трипло-Х (ер адамдарда Клайнфельтер) синдромының қалыптасуына әкеледі. Жасы 35-тен асқан әйелдердің бала көтеруінде нәрестелердің хромосомалық аурумен туу қауіптілігі жоғары болады.

Мультифакторлық аурулар бірнеше геннің мутацияға ұшырауы мен өзара әрекеттесу нәтижесінде, ауруға бейімделуі артқан кезде және қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты туындайды.

Мұндай ауруларға

  • подагра;
  • қант диабеті;
  • гипертония;
  • асқазан және ішектің ойық жарасы;
  • атеросклероз;
  • жүректің ишемия ауруы, т. б. жатады.

Тұқым қуалайтын аурулардың бұл түрінің пайда болу себебі әлі толықтай анықталған жоқ. Тұқым қуалайтын ауруларды клиникалық жіктеу патологиялық өзгерістерге ұшыраған органдар мен жүйелер бойынша жүргізіледі. Мысалы, жүйке және эндокриндік жүйенің, қан айналым жүйесінің, бауырдың, бүйректің, терінің, т. б. органдардың тұқым қуалайтын аурулары деп жіктеледі. Республикада тұқым қуалайтын ауруларды анықтау, емдеу жұмыстарымен неврология, терапия, хирургия клиникалар мен ауруханалар айналысады.

2) Ауыр дене жұмыстары (ағыл. hard manual works ) - ауырлықтарды қолмен, не 300 ккал/сағаттан аса энергияны жұмсау арқылы жылжытумен немесе көтерумен байланысты басқа жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскердің қызмет түрі.

Еңбек - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Сүйектің құрылысына спорттың әсері
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлар әсері
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың сүйек құрылысына тигізетін әсері
Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
Адам қаңқасының құрылысы
Адамның сыртқы құрылысы
ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ДАМЫТУДА ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ- ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Анатомия ғылымының салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz