Вирустар, бактериялар және мтднқ геномдары. днқ-лы вирустар және рнқ-лы вирустар



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Вирустар (ДНҚ.лы және РНҚ.лы вирустар)
2. Бактериялар
3. мтДНҚ геномдары
Қорытынды
Падаланған әдебиеттер
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
1) О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
2) Ж.К. Төлемісова, Г.Т. Қасенова, Б. Мұзапбаров, З.Ә. Қожахметова «Тағамдық микробиология» Алматы 2013ж Айтұмар баспасы 27-бет
3) М.Х. Шығаева, Ә.Т. Канаев. Микробиология және вирусология. -Алматы, 2008. – 376 б.
4) Емцев В.Т., Мишустин Е.Н. Микробиология. М.: ДРОФА. – 2006. – 445 с
5) Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов
6) Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология.- Алма- ты,.2008.
7) Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 2013 жыл. ISBN 5-630-0283-X

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Биохимия, биология және микробиологияҚазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Вирустар, бактериялар және мтДНҚ геномдары. ДНҚ-лы вирустар және РНҚ-лы вирустар.

Орындаған: Сапарбай Әлия
Тобы: 110 A ЖМ
Қабылдаған: ______________

Шымкент - 2017

Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Вирустар (ДНҚ-лы және РНҚ-лы вирустар)
Бактериялар
мтДНҚ геномдары
Қорытынды
Падаланған әдебиеттер

Вирус (лат. vīrus - у) - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

Вирустардың құрылысы:
Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.
У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі - басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығының ұзындығы 20-22 нм-ге тең. Құйрығының ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д'Эрелль (Ф. д'Эрелль) байқаған.
Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия жеушілер немесе жалмаушылар деп атады.
Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.
Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар - нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар - нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 - 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 - 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі - 106 - 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны іштей жеген вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады.
Вирустардың облигатты паразитизмнің себебеі оларда жасушалық құрылым мен меншікті зат алмасу процесі болмайды. Дақылдау әдісін таңдау вирустың мақсатына байланысты. Жасуша дақылын алғашқы (егілетін) жартылай егілетін және егілетін деп бөлінеді. Алғашқы 5-10 пассажѓа тњтеп беретін жасуша дақылы жатады. Алғашқы дақылды дайындау бірнеше этаптан тұрады: ұлпаны ұсақтау трипсинизация жолымен жасушаларды ажырату, жасушаларды трипсиннен ажырату, біртекті изоляцияланған жасушаларды қоректік ортада суспензиялау егілетін бір қабатты жасуша дақылдарын қатерлі және қалыпты жасуша тізбегін құрайды. Оларға қатерлі ісік жасушалары, адамның, маймылдың бүйрегінің қалыпты жасушалары жатады. Жартылай егілетін дақылдарға адамның диплоидты хромосома жиынтығын сақтайтын жасуша жүйесі ретінде беріледі. Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен түрлі түсті реакция бойынша бағалайды. ЦПҚ-жасушаның микроскоппен көрінетін өзгерістері. Қосымшалар - арнайы бояу әдістерінде ядро мен цитоплазмада кездестіруге болатын вирустық бөлшектердің, вирустық ақуызтардың жұмысы. Теңбіл дақтар (бляшкы)- вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша дақылында вирустарды өсіру кезінде байқауға болады. Гемадсорбция реакциясы - вируспен залалданған жасуша дақылдарының өзінің беткейінде эритроциттерді адсорбциялау қабілеті, түрлі-түсті (цветная проба) сынақ индикаторлы қоректік орталардың түсіндегі өзгерістерге негізделген. Вируспен залалданбаған жасушаның өсуі салдарынан метаболизм өнімдері жинақталып, қоректік орта түсінің өзгеруі туады. Залалданған тіндер дақылдарында кейбір вирустар өзінің цитопатикалық әсерін бірнеше күннің ішінде, басқалары 1-2 апта өткен соң, вирустың қасиетіне, санына байланысты және жасушаның ерекшелігіне байланысты көрінеді.
Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.
XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.

Вирустар морфогенезі:
Вирустар морфогенезі - вирустардың торша ішінде көбейгенінде (репродукция кезінде) олардың жаңа ұрпақтарының пайда болуы, олардың құрылымдарының жиналуы. Алдымен вирус құрауыштары: нуклеин қышқылы мен белоктары синтезделгеннен соң провириондар жиналады, содан кейін вирионның толық жиналуы басталады. Жиналу вирустардың түріне байланысты, торшаның əр орнында: цитоплазмада, ядрода өтеді. Пайда болған вирустық құрылымдардың торша ішіндегі орындарын "вирус фабрикасы" , "вирус-қоспалары" немесе "вирус-денешіктері" деп атайды.
Вирустар репродукциясы:
Вирустар репродукциясы - вирустардың адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялар ішінде немесе тірі торшалардың ішінде өсіп жетілуі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан көбею деген "репродукция" сөзімен көрсетіледі. Вирустар репродукциясы - күрделі, көп қырлы процесс, бірнеше сатылардан тұрады.
Вирустар титрі:
Вирустар титрі - арнайы реакция құра алатын вирустардың ең аз мөлшері. Вирустардың титрі гемагглютинация туғыза алатын, инфекция жұқтыра алатын қасиеттерімен анықталады. Вирустардың титрі биологиялық белсенділік бірлігімен (дозасымен) белгіленеді: леталді доза (ЛД), инфекциялы доза (ИД), эмбрионды инфекциялық доза (ЭИД), эмбрионды леталді доза (ЭЛД), цитопатикалы доза (ЦД). Бұлардың бəрі арнайы əдістермен анықталады.
Вирустардың басытқылары:
Вирустардың басытқылары - вирусқа қарсы пайда болған иммунитеттің арнайы емес тəнсіз гуморалдық факторлары; организмде вирустардың өніп-өсуін тежейді. Температураға төзімділігіне байланысты термолабилді және термостабилді болып екі топқа бөлінеді. Адам, мал организмінде, қан сарысуында, ұлпааралық, ми-жұлын сұйықтықтарында табылған.
Вирустасымалдаушылық:
Вирустасымалдаушылық - вирустың организмде болуы, вирус алып жүру. Бұл жұқпалы аурулардан бір түрі, бірақ вирустың организмде болуына қарамастан, аурудың клиникалық белгілерінің айқын білінбеуі.
Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі. Құрамында РНҚ және ДНҚ бар вирустар.

ДНҚ-лы вирустар:
Аденовирустар (грек. adēn -- без және лат. vіrus -- у) -- құрамында дезоксирибонуклеин қышқылдары (ДНҚ) бар вирустар тұқымдастығы. Оны алғаш 1953 жылы А.У. Роу тамағы ісініп науқастанған баланың аденоиды мен бадамша безінен тапқан. Табиғи жағдайда аденовирустар сүтқоректілер мен (құстар) денесінде болады. Вириондар (вирустық бөлшектер) 252 белоктық қабықша (капсид) мен ДНҚ-дан тұрады. ДНҚ-сы -- қостізбекті, шұбалаңқы. Аденовирустың әсерінен болған аурулар жедел өтеді не ұзаққа созылады. Вирионның жиналатын орны -- торша. Аденовирустар кеміргіштер денесінде қатерлі ісік туғыза алады. Аденовирустар негізінен: тыныс жолдары мен көзге жұғады. Балалардың жоғарғы тыныс жолдарының қабынуының 20%-і аденовирустар үлесіне тиеді. Ересектерде созылмалы тонзиллит, бронхит сияқты аурулардың жиі қайталанып өршуі аденовирустардың әсеріне байланысты. Емделу аурудың клиникалық белгілеріне қарай жүргізіледі. Аденовирустарға қарсы егілетін не тікелей әсер ететін дәрі әзірше жоқ.

Иридовирустар -- құрамында ДНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Иридовирустар икосаэдрлі каспиді, сыртқы липопротеид қабығы бар. Вирионның диаметрі 125 -- 300 нм, құрамында 20-дан астам құрылымдық белок және м. с. 130 000 00 - 140 000 000 қостізбекті ДНК-ның бір молекуласы бар. Насекомдар, балықтар, қосмекенділер, сүтқоректілер торшаларының цитоплазмасында өсіп-өнеді. Адамға зиянсыз. Иридовирустар түқымдастығы 5 туыстыққа бөлінеді.

Паповавирустар -- құрамында ДНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Сыртында липопротеид қабығы жоқ, пішіні шар тәріздес. Папилломавирустар екі туыстан: папиломавирус және полиомавирустан тұрады. Диаметрі 45 -- 55 нм икосаэдрлі капсидтің құрамында м. с. 3 000 000 -- 5 000 000 болатын қос тізбекті, сақиналы ДНҚ бар. Омыртқалы жануарлардың торша ядросында көбейеді, құрамында бестен жетіге дейін құрылымдық белок болады. Папилломавирустар кейбір түрлері ісік туғызады.Папилломавирустар кең таралған және эпителиятропты.Адамдарда эпителиялық қатерсіз ісіктер қоздыруға себепкер болатын папилломавирустардың 100-ден астам генотиптері белгілі (ДНҚ - гибридизация бойынша). Адамдардың папилломавирустары тері эпителиясын инфицирлейді және сол жерлерде өсін - өніп көбейеді.

РНҚ-лы вирустар:

Аренавирустар құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы.13 мүшесі бар. Аренавирустар белгілі бір ерекшелігі -- ішінде электронды-тығыз ұсақ түйіршіктері бар. Шар тәріздес вириондар диаметрі 60 -- 300 нм, липопротеид қабығына оралған. Үзінді түрінде кездесетін РНҚ м. с. 3 500 000. Вирион құрамында 5 белок бар. Цитоплазмада өсіп-өнеді, тасымалдаушылардың көмегінсіз таралады. Аренавирустар адам және кеміргіштерді зақымдайды.

Калицивирустар -- құрамында РНҚ бар, негізгі қасиеттерімен пикорнавирустарға ұқсас вирустар тұқымдастығы. Адамда, шошқада, бұзауда ішек-қарын қабынуын туғызады
Коронавирустар -- құрамында РНҚ-лы бар вирустар тұқымдастығы. 4 антигендік топтан тұрады. Адам, құстар мен үй малдарында ауру туғызады. Тыныс және асқазан жолдары торшаларының цитоплазмасында өсіп-өнеді. Вириондарының көлденеңі 80 -- 120 нм, бір тізбекті, инфекциялы РНҚ-лы, шиыршықты нуклеокапсид липопротеид қабықпен оралған. Тауықтың жұқпалы бронхиты, шошқа гастроэнтериті, тышқанның гепатит вирустары көбірек зерттелген.
Ортомиксовирустар -- кұрамында РНҚ бар вирустар- тұқымдастығы. Оған А және В және С грипінің туыстықтары енеді. Ортомиксовирустар әртүрлі серотиптерге, түраралық айқас серологиялық реакция бермейтін рибонуклеопротеид антигені бойынша жіктеледі. Вирион құрамында 7 құрылымдық белок, 8 сегменттен тұратын, өз бетімен ауру туғыза алмайтын РНҚ (м. с. 5 000 000) бар. Липопротеид қабығының беткі антигендері гемагглютинин мен нейраминидаза түрінде кездеседі. Шар пішінді, диаметрі 80 -- 120 нм вириондар цитоплазма мембранасында бүршіктену әдісімен жетіледі. А. грипп вирустары адамнак басқа көптеген құстар мен сүтқоректі жануарларды зақымдайды.
Парамиксовирустар -- құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Диаметрі 100 -- 300 нм. РНҚ-ы сыңар тізбекті„ сызықты, м. с. 7 000 000, өз бетімен ауру туғыза алмайды, нуклеокапсид құрамына кіреді. Вириондар цитоплазма мембранасында бүршіктеніп жетіледі. Сыртында екі антигені (Ғ-белок, НІМ) бар липопротеид қабатымен жабылған. Парамиксовирустар тұқымдастығына 3 туыстық: парамиксовирустар, морбиливнрустар, пневмовирустар кіреді.
Рабдовирустар -- құрамында РНҚ бар таяқша пішінді вирустар тұқымдастығы. Вириондардың ұзындығы 175 нм, көлденеңі 70 нм. РНҚ сыңар тізбекті, сырты липопротеид қабығына оралған, негативті, м. с, 4000000, оралымды қосжіпті нуклеокапсидтің құрамына кіреді. Торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді. Рабдовирустарға екі туыстық жатады: везикуловирустар (омыртқалылар мен омыртқасыздарды зақымдайды) және лиссавирустар (құтыру ауруының қоздырғыштары) рабдовирустарға бұлардан басқа бір топ өсімдік вирустары жатады.
Реовирустар -- құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Пішіні шар тәріздес, вириондарының диаметрі 75 -- 80 нм, бір немесе екі икосаэдр капсиді бар. Липопротеид кабығы жоқ. 10 -- 12 үзіндіге бөлінген, қос тізбекті, сызықты РНҚ-ның жалпы м. с. 15 000 000. Цитоплазмада өсіп-көбейеді, асқазан мен тыныс жолдарының шырышты қабықтарынын эпителий торшаларын зақымдайды. Реовирустар 6 туыстыққа бөлінеді: нағыз реовирустар, орбивирустар және ротавирустар адам мен жануар-ротавирусы ауру туғызады, ал фитореовирустар, фидживирустар және циповирустар тек өсімдіктер мен насекомдарды зақымдайды.
Ретровирустар -- құрамында РНҚ бар зардапты ісік туғызатын вирустар тұқымдастығы. Геномдары бір-біріне ұқсас екі сыңар тізбекті позитивті РНҚ молекулаларынан және осылармен байланысқан кері транскриптазадан тұрады. Вирус бөлшектерінің диаметрі 70 -- 120 нм липопротеид қабығы бар. Үш тұқымдастық тармаққа: онковирустарға, лентивирустарға және спумавирустарға бөлінеді.
Бактериялар
Бактериялар (гр. bakterion - таяқша) -- тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер.
Бактериялар - табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы - Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 - 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әртүрлі: шар тәрізділерін - кокк, қосарланғандарын - диплококк, таяқша тәрізділерін - бациллалар, үтір тәрізділерін - вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДНҚ және РНҚ вирустар
Жасуша рецепторлары
Вирустардың жалпы қасиеттері
Вирустардың нуклеин қышқылы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы
Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі
Вирустар ДНҚ-сы мен РНҚ-сының репликациясы
Вирустар. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу жайлы мәлімет
Пәндер