Абай-қазақ халқының хәкімі



1. Абай.қазақ халқының хәкімі
1.1. Жан.жарасы жазылмаған ойшыл
2. Абай және ислам
2.1. Абай ғақлиясы һәм бәйті
2.2. Алланы тани білген Ақиқат Ерені. Абай Құнанбаев
3. Абайды білмек парыз ойлы жасқа
Иә, өзі өмір келекен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болады. Ал біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ халқының хәкімі, шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Біз үшін Абай өткен күн ғана емес, халқымыздың бүгіні мен ертеңі, ал мұндай хәкім өлмек емес, өйткені Абай хакімнің шығармаларына уақыт талапта, шекте қоя алмайды.
Ұлтының және діни нанымдарының өзгешелігіне қарамастан барлық халықтардың бейбіт, тату тұруына негізделген ағарту ісі үшін нағыз жалынды күрескер Абайдың көзқарастары мейілінше кең, әрі батыл, еркін болды. Әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық мәселелерін езілген бұқараның тұрғысынан қараған ойлы, дана суреткер хакім Абай-қазіргі күнде өзінің заманын-ақ болжай білгендей.
1."Абайды білмек парыз ойлы жасқа» М. Әуезов
«Санат» Алматы 1997 ж.
2. «Абай туралы философиялық трактат» .Ғ. Есін
«Қазақ университеті» Алматы 2004ж.
3. «Абай шығармаларының екі томдық жиынтығы»
«Жазушы» Алматы 1995ж.
4. «Абай» энциклопедиясы «Атамұра» Алматы 1995ж
5. «Абай» журналы Р. Мұсаұлы лматы 2005ж
6. «Хаким Абай» Г. Есимов
«Білім» Алматы 1995ж.
7.А. Құнанбаев Мақалаларының зерттеулері
«Ғылым» Алматы 1967ж. М. Әуезов

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Абай-қазақ халқының хәкімі
1. Жан-жарасы жазылмаған ойшыл
2. Абай және ислам
1. Абай ғақлиясы һәм бәйті
2. Алланы тани білген Ақиқат Ерені- Абай Құнанбаев
3. Абайды білмек парыз ойлы жасқа

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.

Абай болшақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.
Иә, өзі өмір келекен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болады.
Ал біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ халқының хәкімі,
шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Біз үшін Абай өткен күн ғана емес,
халқымыздың бүгіні мен ертеңі, ал мұндай хәкім өлмек емес, өйткені Абай
хакімнің шығармаларына уақыт талапта, шекте қоя алмайды.
Ұлтының және діни нанымдарының өзгешелігіне қарамастан барлық
халықтардың бейбіт, тату тұруына негізделген ағарту ісі үшін нағыз жалынды
күрескер Абайдың көзқарастары мейілінше кең, әрі батыл, еркін болды.
Әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық мәселелерін езілген бұқараның
тұрғысынан қараған ойлы, дана суреткер хакім Абай-қазіргі күнде өзінің
заманын-ақ болжай білгендей.
Орысша аудармалары арқылы Абай Гете мен Байронды, Батыс Европаның
басқа да классиктерін білді, орысша аудармалары арқылы ол ежелгі
замандардағы әдебиетпенде танысқан. Ақынның достарының айтуы бойынша, Абай
(Ибраһим) Құнанбайұлы Құнанбаев Батыс философиясыиен де қызықсынған
көрінеді: Мысалы, Спиноза мен Спенсерді оқығаны, Дарвин жайын сұрастырғаны
мәлім. Сондай-ақ діни көзқарасы жоғары еді.
Қазақтар ең бір ұлы ұлын аямай ардақтап-Абай атаған. Абай-ұлы ақын,
композитор, аудармашы, философ һәм қоғам қайраткері.
Абай-қазақ поэзиясындағы ең бір трагедиялық тұлға.
Ол жан жарасы жазылмай кеткен ойшыл. Қазақ поэзиясын, Абай тұңғыш рет
терең философиялық қуатты оймен суарды. Дешті қыпшақ даласына жаңа поэзия
қамалын соғып, ой мен суреткерлік тоғысқан кенен бұлақтық, тұнық көзін
алғаш ашты.
Абай есімімен қазақ топырағына философиялық және стилистикалық
бағыттағы жаңа поэзия келді.
Ақын халқының фольклордағы образдық тұтастық қасиетін сырттан ғана
қызықтаған жан.
Абайдың ұлылығы халық поэзиясының образ әлеміне терең еніп, өмір,
махаббат, өлім ұғымдарына ғарыштық мағына беруінде жатыр.
Абай жаны, әлем әдебиетімен терең суарылған сонша, араб, парсы, орсы
ақындарының мыңдаған жолдарын жатқа айтып отыратын болған. Абай ұлы хакім
ретінде, әлем тынысын өз жүрегінен өткізді, сонымен бірге, өз жан жемін өз
ішінен қорытып шығара алды. Сонан да оның шығармашылығы сыртқы әшекей мен
жалған болудан мүлде ада болды.
Абай жемінің шын мәнін, қазақтың ой кеңістігіндегі алатын орнын
пайымдау ХХғасырдың қырықыншы жылдарында ғана еді. Халыққа хакім Абайдың
ұлылығын ұғындырған Абай романы болатын. Абайдың ұлы ақын екенін, оның
ақиқатқа толы поэзиясында жаңа өмірдің ұрығының бар екендігін, ал сол жаңа
өмірге талпынған, қуатты ой империялық езгіні жарып шығуға бет алғанын
көрсеткен де ұлы жазушымыз Мухтар Әуезов болатын.
Абай творчестволарында философиялық айқындық пен тереңдікке қатты бет
бұрған. Ұлы ақынның қай-қайсысында шалқар философиялық ой тұнығымен жан
суарған. Шығыс пен Батыстың философиялық идеялары, ақын лирикасында, терең
толғаныс елегінен өтіп, тың тынысты жаңа ойларға ұмтылыс жасайды. Абай
шығармашылық өмірінде Шығыстың ұлы ақындары мен хакиндері болған-Омар
Хайям, Рудаки, Руми, Яссауилерменен сұхбаттық кеңестерді молынан өткізді.
Абайдың діни-философиялық толғаулары, өмірге хақпен қарау, адамның
тіршіліктегі ғабраты сол хақпен әлхақтан екендігін айқындағандығын оның
діни философиялық жанрдағы өлеңдерімен ғақлияларынан аңғарамыз. Абай Ата
теориясын жасаушы Мухтар Әуезовтың рухына және Абай хакімнің рухына
басымызды ие отырып осы өзімізше Абай және ислам тақырыптың бөлімінен
Абай Құнанбаевтын мұраларына шағын зерттемелік жұмыс арнап, қысқаша
өзімізше түсініктеме беруге бел байладық.
Хакім Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы Құнанбаевтың діни-философиялық
талғаулары, тіршіліктің этикалық бағдары мен тағылымының биігін көрсетеді.
Абайдың санасы бір ортаға-адамгершілік бірлігін іздеуге ұмытылған, ал ол
сол арқылы адамды өлімнен қорықпауға, өмір сырын ұғынуға, ахиреттің хақтығы
мен құдайдың бір, құранның рас, пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи тәссәләмнің
хақ екендігін ғақлиялай келе, әрбір пенде бұл фәниде Аллаһу табарака уа
тағалаға шәриксиз испатты иман келтіре ғибадат ету жолын нақыштайды және
оны қоғамдағы иман таклиди арқылы ұғындырады.

Абай Құнанбайұлы
(Ибраһим) Құнанбаев
(1845-1904)
Ғақлияларынан

Төртінші сөз

Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір
бір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас
ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не
ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек.
Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы
бір ауырмай қалмаса керек.
Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет
шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш
болса керек.
Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі
күлмей жүруге жан шыдай ма екен?
Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығына
уайым-қайғы қыл-дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет
табу керек, қам қылу керек. Әрбір орында харекет өзі де уайым-қайғыны
азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа. Орынды харекетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып
қалмақ, ол өзі де-бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына
күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі өзі де
қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның
жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан
тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа
жібермей, уақытымен тоқтатады.
Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау,
құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан
жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік
үшін күлетін бояма күлкі.
Адам баласы жыла туады, кейін өледі. Екі ортада, бұ дүниенің
рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл
өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған
күнді бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Құлық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ-өнерсіз иттің ісі.
Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегінді
сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

Алтынші сөзі

Қазақтың бір мақалы: Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік дейді.
Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады-білмейді.
Қазақ ойлайды: бірлік-ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса
екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын
құрымай мал іздеп не керек?
Жоқ, бірлік-ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң,
атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік
малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек,
сонда әрікім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа
іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздемейді. Не түсін, не ажарын, не
өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі
алдаудың амалын іздеседі.
Мұның қай жерінен бірлік шықты?
Ырыс алды-тірлік дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден
шықпағандық па?
Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған
адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып жаудан
қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып,
ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік
олар емес.
Көкірегі, көңілі тірі болса. Соны айтады. Өзің тірі болсаң да,
көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей
жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың –пысық, ішің-нас,
Артын ойлап ұялмас,-
болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі
артық.

Жетінші сөзі

Жас бала анадан тұғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем,
жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар -тәннің құмары, бұлар болмаса, тән
жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі-білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр
еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына,
бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан
ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да
тұра жүгіріп, ол немене? бұл немене? деп, ол неге үйтеді? бұл неге
бұйтеді? деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық
көрмейді.
Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп
білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны
болмай, хайуан жаны болады.
Әзелде Құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол
әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала
күндегі бұл немене, ол немене? деп, бір нәрсені сұрап білсем екен
дегенде, ұйқы, тамақта осы мізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен
соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым
тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды
көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәңді
жанға бас ұрғызса керек еді.
Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы
боқтықтан ұзамадық.
Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң,
оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық,
көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген
нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге
салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу айтса да,
ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: Өз білгенің өзіне, өз білгенім өзіме, кісі
ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол деген дейміз. Ой, тәңірі-
ай, кімнен кім артық дейсің!-дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса
ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ.
Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық?
Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек
екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз.
Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз
деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді
білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.

Сегізінші сөзі

Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?
Біреу- болыс, біреу –би. Олардың ақыл үйренейін, насихатын тыңдайын
деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік
кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды.
Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын
және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға
жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе
халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығынданып, шығынымызды толтыра
алмай қаламыз ба?-деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді
құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.
Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің
жарымы басында тұр. Өзінді жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте,
көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім- ешнәрсе малдан
қымбат демейді. Мал болса, Құдай тағаланы да паралап алса болады дейді.
Оның діні, Құдайды, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны-бәрі мал. Сөзді
қайтып ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ,
саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бәрі, қыс, суық-сұғанақ-
солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып,
аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.
Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.
Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар
анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсың? Және де білім, ғылым
кедейге керегі жоқтай-ақ: Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!
дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында
ешбір қайғысы, мұны болмаса керек.

Оныншы сөзі

Біреулер Құдайдан бала тілейді.
Ол баланы не қылады?
Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған
күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?
Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар
дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда
өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша
орнын бар еді? Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік, не түрлі боларын біліп
сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған
иттігің аз болды ма? Енді бір бала тұғызып, оны да ит қылуға, оған да
қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған
кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң,
балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе өзің қылмаған
істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма?
Ахирет үшін бала тілегенің-балам жасында өлсін дегенің. Егер де
ержетсің десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтап құтқарарлық бала қазақтан
туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліндей ел асырап өсірмек пе
екен?
Қартайғанда асырасын десең, о да-бір бос сөз. Әуелі-өзің қаруың
қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші балаң мейірімді болып,
асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші-малың болса, кім асырамайды? Малың
жоқ болса, қай асырау толымды болады? Балаңның мал табарлық болары, мал
шашарлық болары-ол да екі талай.
Хош, Құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе?
Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне
тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне,
мұны берем деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласын. Соңыра балаң
алдамшы болса, кімнен көресің? Боқта! деп, біреуді боқтатып, Кәпір-
қияңқы, осыған тимеңдерші деп, масаттандырып, әбден тентектікке үйретіп
қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп,
құ, сүм бол деп, пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі
жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің?
Осы баладан қайыр күтесің бе?
Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер?
Әуелі, құдайдан тілемейсің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсын. Құдай
тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп
қыларлық оырнға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып
қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса ұғарлық ақыл
берді, қайда жібергеніңді кім біледі?
Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай
болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі-біреуден қорқытып алсаң, біреуден
жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің –сол.
Бұл-Құдайдан тілеген емес. Бұл-абыройын, арын сатып, адам
жаулағандық, тіленшілік. Қош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол
малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын.
Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, айтқан ораза,
қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды
иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен
айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы-сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында
қалмайды.
Барында баймын деп мақтанады. Жоғында Маған да баяғыда мал бітіп
еді деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.

Он екінші сөз

Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға
аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой
дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса
екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен.
Әуелі-иманның иғтиқадын махкемлемек керек, екінші үйреніп жеткенше
осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей
жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды.
Уа-ләкин, кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын
білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын
көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүргені көңілге-қалың бермей тұрып,
жартысын салғанға ұқсайды.
Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін өзі аңдып, шын
діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.
Он үшінші сөзі

Иман деген-Алла табарака уатағаланың шәриксиз, ғайыпсыз, бірлігіне
барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз, саллалаһу ғалайһи уәсәлләм,
арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл
иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек.
Әуелі-не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел
жүргізерлік болып, ақылы дәлел-испат қыларға жараса, мұны якини иман десе
керек.
Екіншісі-кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман
келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу
өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айынып,
көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз.
Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас
буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге
беріктігі жоқ, иә алдағанға, иә азғырғанға, иә бір пайдаланғанға қарап,
ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не
дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын.
Уа әрнешек білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман
жоқ.
Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде Құдай тағала кеңшілігімен
кешеді дағы демесін, оның үшін Құдай тағаланың ғафуына яки пайғамбарымыздың
шафағатына да сыймайды, мүмкін де емес.
Қылыш үстінде серт жоқ деген., Құдай тағаланың кешпес күнәсы жоқ
деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.

Он бесінші сөз

Ақылдыкісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын
көрдім.
Әуелі-пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық
көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсенін іздеген кезі өмірінің ең қызықты
уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып,
құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл
сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады
екен.
Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге
қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп
алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл
қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны
босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып,
екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.
Үшінші-әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын
нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған
нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі
мастық пайда болады екен.
Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап,
төңіректегі қараушылардың көзін ашып, ананы-мынаны дегізіп, бойды
сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды
қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-
тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі көзі
аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.
Егерде есті кісілердің қатарында болғын келсе, күнінде бір мәртебе,
болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал.
Сол алдыңғы есеп алғаннан бері өмірді қалай өткіздің екен, не
білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күнінде өзің өкінбестей қылықпен
өткізіппісің?
Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

Он алтыншы сөз

Қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт
қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер
несиесін жия келгенде, тапқаным осы, біттім деп, алсаң-ал, әйтпесе саған
бола жерден мал қазам ба? дейтұғыны болушы еді ғой.
Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып,
дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. Білгенім осы, енді
қартайғанда қайдан үйрене аламын дейді. Оқымадың демесе болады дағы,
тілімнің келмегенін қайтушы еді дейді.
Оның тілі өзге жұртта бөлекше жаратылып па?

Он жетінші сөз

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, Ғылымға
жүгініпті. Қайрат айтыпты: Ей, Ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде еш нәрсе
менсіз кәмелетке жетпейтұғынын. Әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай
үйрену керек, ол менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-
жалықпай орнына келтірмек те-менің ісім. Дүниеде лайықты өнер, мал тауып,
абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір
қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен,
нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды
қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?-депті.
Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды
болса, білетұғын-мен, сенің сөзіңді ұғатұғын-мен, менсіз пайданы іздей
алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен,
осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?
Онан соң жүрек айтыпты:
Мен-адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен
қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан
кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі
қандай болып датыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып,
төсегінде дөңбекшітетұғын-мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым
қылдыратұғын-мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен
таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын-мен,
жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын-мен, әділет, ынсап, ұят, рақым,
мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың
көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?-депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа
да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ
қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде
жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман-
депті.
- Ей, ақыл. Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз еш нәрсе
табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі
дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да-
бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені-сен;
екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман-депті.
- Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім-депті.
Бірақ сонда билеуші, әмріші жүрек болса жарайды. Ақыл сенің қырың көп,
жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқанына жаны-діні құмар
болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл
жиреніп, үйден қуып шығарады.
-Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді.
Орынды іске күшінді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің
басыңды қос, бәрін де жүрекке билеп, деп ұқтырып айтушының аты-Ғылым екен.
Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының
топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам-сол.
Үшеуің болсаң, мен жүректі жақтадым.
Құдашылық сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым
қарайды деп кітаптың айтқаны осы,-депті.

Жиырма сегізінші сөз

Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру,
біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа
мейілді. Біреуідің көңілі жаманшылыққа мейілді-бұлар неліктен десе біреу,
сіздер айтасыздар: Құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп.
Жә, олай болса, біз Құдай тағаланы айыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп
иман келтіріп едік. Енді Құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді
екен. Бір Құдайдан тілеп, адал еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін
жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен.
Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры,
залымның денін сау қылады екен. Әке-шешесі бір екі баланың бірін есті,
бірін есер қылады екен. Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық
шашып, жол салады екен. Түзікті бейішке шығарамын деп, бұзықты тозаққа
саламын деп айта тұра, пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін
жамашылыққа мейілдендіріп, өзі құдайлық құдіретімен біреуін жақсылыққа
бұрып, біреуін жамадылыққа бұрып жіберіп тұрады екен.
Осының бәрі Құдай тағаланың айыпсыз, мінсіз ғафур рахымдығына,
әділдігіне лайық келе ме?
Жұрт та, мүлік те-бәрі Құдайдың өзінікі. Бұл қылғанын не дей аламыз?
Өз мүлкін өзі не қылса қыла береді. Оны айыпты болады дей алмаймыз десең,
ол сөзің Құдай тағаланың айыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға
бата алмаймыз дегенің емес пе? Олай болғанда, пенде өз тырысқандығыменен не
табады? Бәрін қылдырушы өзі екен. Пенде пендеге өкпелейтұғын ешнәрсе жоқ.
Кім жақсылық, кім жамандық қылса-дағы құдайдан келген жарлықты қылып жүр
екен дейміз бе?
Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз соңында бірер шумақ өлең жолдарымен аяқтасам
Әбілқасым Фирдауси “Шаһнама”
Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы
Ақжан Әл – Машани және Геомеханика
Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары. Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ДҮНИЕ ТАНЫМЫ
XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай
XIX ғ. II жартысындағы Түркістан қаласындағы отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі
Әлішер Науои және қазақ әдебиеті
«Қазақ прозасындағы ислам әуендері»
Пәндер