Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар

салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың

мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезін

жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе,

ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.

Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру - тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес, сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. «Сондықтан балаға жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.

Сабақта дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдыққа, адалдық пен кішіпейілдікке, ибалық пен үлкенді сыйлауға тәрбиелейді.

Оқушылар ойындар арқылы сөз қадірін түсінуге дағдыланып, жаман қылықтардан бойларын аулақ салуға үйренеді. Мақал-мәтелдерді табу, оқушылардың тілін дамытумен қатар олардың әсерлі сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады.

«Жалғасын тап» ойынында жасырылған мақал-мәтелдердің екінші сыңарын табу арқылы оқушылар үлкенді сыйлауға, мінез-құлықтарын жас кезден бастап қадағалауға, адамгершілік іс-әрекеттерді орындауға тәрбиеленеді. Тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары мақал-мәтелдерді алдын - ала іріктеп, кеспе қағаздарға жазылады. Мұғалім алғашқы қатарлары жазылған мақал-мәтелдері бар кеспе қағаздарды оқушыларға таратып береді. Мысалы,

1. Адам болар баланың,

Кісіменен ісі бар.

Адам болмас баланың,

. . .

2. Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без,

. . .

3. Көп оқыған білмейді.

. . .

4. Әдептілік - адамдықтың белгісі

. . .

Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді.

Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдануға болады. Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді,

өз ойларын қысылып - қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан-дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді. Демек, сабақта ойындарды тиімді қолдана отырып, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру кажет.

Себебі ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой-пікірлерін дәлелдеуге үйренеді.

Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы оларды өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі. Ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргізгені дұрыс:

Бірінші бағыт - дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу;

Екінші бағыт - оқушыларға ізгілікті тәрбие беру - оқыту процесінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайдалана отырып, оқушыларға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру;

Үшінші бағыт - түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу.

Төртінші бағыт- оқушылардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Жоғарыда аталған төрт бағыт өзара бірлікте жұмсалып, тұтас күйінде дидактикалық ойындар арқөылы оқушыларды тәрбиелеу негіздерін құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz