Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар
І.1 Кіріспе
І.2 Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы
І.3 Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі
І.4 . Білім мен ғылым .Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудағы негізгі тұтқа
II.1. Қазақстандағы білім беру жүйесі
II.2. Білім берудегі модернизация
II.3.Модернернизациялаудағы әл.Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру жүйесі

Білім дегеніміз – адамның жеткен дәрежесі, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке адамның жинаған сан-қырлы ақпараттарының, адамның санасының, ақыл-ойының жиынтығы болып табылады. Білім екі жақты процестің тұтастығын қамтиды. Ол: білім беру және білім алу. Білімнің бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Мысалы: тұрмыстық білім, ғылыми білім. Ал ғылым дегеніміз – белгілі бір саладағы білімдердің жиынтығы [1].
Білім беру социологиясы білімдік қарым-қатынастарды, білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын әлеуметтік институт ретінде зерттейді. Білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде көптеген маңызды әлеуметтік қызметтерді атқарады. Эмиль Дюркгейм осындай маңызды қызмет ретінде әлеуметтік ғұрыптар мен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше, қоғам, оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүріп кете алады. Білім беру арқылы оқушылардың бойында бірлесе, ұйымдаса өмір сүруге бейімдеу қасиеттері қалыптастырылады.

1.Речь Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева на
47-й сессии Генеральной Ассамблей Организаций Объединенных
Наций (5 октября 1992 г.); .
2. Назарбаев Н. Выступление на 50-й сессии Генеральной Ас-
самблей ООН // Вести Казахстана, 1995, 24 октября.
3. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. - Алматы, 1996. - 272 б.
4. Назарбаев Н. Тәуелсіздігімізге бес жыл. — Алматы, 1996. —
624 6.
5. Назарбаев Н. Қазақстан — 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы. Алматы:
Білім, 1998. - 98-6.
6. Назарбаев Н. Қазақстанның халықаралық беделін нығайту
жолында//Егемен Қазақстан, 1998, 15қыркүйек.
7. Назарбаев Н. Еліміздін сыртқы саясаты Қазақстан мемлекет-
тілігінің маңызды бөлігіне айналды // Егемен Қазақстан, 1998, жел-
тоқсан.
8. Садыков Т.С. Парадигмы и принципы // «Казахстанская правда» от 20.05.2006

Білім беру әлеуметтік институт ретінде
Жоспар:
І.1 Кіріспе
І.2 Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы
І.3 Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі
І.4 . Білім мен ғылым –Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік
жағдайын жақсартудағы негізгі тұтқа
II.1. Қазақстандағы білім беру жүйесі
II.2. Білім берудегі модернизация
II.3.Модернернизациялаудағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
білім беру жүйесі
І.1 Бітіру жұмысының өзектілігі: Білім дегеніміз – адамның жеткен дәрежесі,
белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке адамның жинаған сан-қырлы
ақпараттарының, адамның санасының, ақыл-ойының жиынтығы болып табылады.
Білім екі жақты процестің тұтастығын қамтиды. Ол: білім беру және білім
алу. Білімнің бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Мысалы: тұрмыстық білім,
ғылыми білім. Ал ғылым дегеніміз – белгілі бір саладағы білімдердің
жиынтығы [1].
Білім беру социологиясы білімдік қарым-қатынастарды, білім беру
жүйесінің қалыптасуы мен дамуын әлеуметтік институт ретінде зерттейді.
Білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде көптеген маңызды әлеуметтік
қызметтерді атқарады. Эмиль Дюркгейм осындай маңызды қызмет ретінде
әлеуметтік ғұрыптар мен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше, қоғам,
оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүріп кете алады.
Білім беру арқылы оқушылардың бойында бірлесе, ұйымдаса өмір сүруге
бейімдеу қасиеттері қалыптастырылады.
Қазіргі заманда білім берудің ресми жүйесі атқарып отырған функцияны
кез келген әлеуметтік институт орындай алмайды. Өйткені, отбасы мүшелері
туыстық қарым-қатынастар арқылы байланыста болса, ал құрдастар арасында
әрбір кісі жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, қоғамдық деңгейде мемлекет
немесе тап, ұлттық немесе кәсіби жағдайда мұндай қарым-қатынастар басқа
принциптерге негізделеді. Қазіргі заманғы қоғамда адамдар туысқан немесе
өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ, бөгде адамдармен
қызмет етуге мәжбүр немесе міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі –
әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден-бір сала. Білім беру мекемелерінде
индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі
тиіс. Әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі кәсіби білім берудің ең
басты құралы ретінде жүретінін ұмытпау керек. Егер дәстүрлі қоғамдарда
білім беру жекелей әсер етуі арқылы шеберден оқушыға, үлкеннен кішіге өтіп
отырса, енді қазіргі қоғамда қалыпты, ресми түрде білім беру іске асырылып
отыр. Бұл әрине, білім беру жүйесін қоғамның барлық мүшелерінің әлеуметтену
факторына және құралына айналдырады.
Білімнің маңыздылығын түсінуге адамзат көптеген ғасырлар өтісімен ғана
келді. Жалпы білімнің маңызы жөнінде әр түрлі кезеңдердің көптеген
ғалымдары айтқан болатын. Оның маңыздылығы туралы кең бұқара халық та
хабардар болатын. Алайда, ол кезде білім беру тек рухани-интеллектуалдық
тұрғыдан ғана қарастырылды. Ал білімнің жалпы қоғам мен оның әрбір
мүшелерінің материалдық игілігінің кепілі екендігі туралы ой тек XVIII
ғасырда ғана қоғамдық-ғылыми айналымға ене бастады. Осыған қарамастан,
білім беру әлі де болса мемлекеттік саясат пен көптеген елдердің бұқаралық
санасына жетер-жетпес жолында.
Кейінгі жылдардағы қоғам мен адам дамуындағы білім берудің рөлін жетік
түсіну адам капиталы теориясының пайда болуына әкелді. Ал ол болса, өз
кезегінде, адамзат дамуы индексінің теоретикалық алғышарты мен құрамдас
бөлігіне айналды.
Жалпы алғанда, білім беру жүйесі деп сол не өзге елдегі қызмет
атқаратын білім-тәрбие беру орындарынынң жиынтығы, олардың арасындағы
байланыстарды және сол орындардың құрылуы мен жұмыс істеуінің ортақ
принциптері түсінілсе, оның құрылым, түрлі деңгейлері сапаларына қойылатын
талаптар артып отырады. Соның ішінде қоғамдық өндірістің ғылыми-техникалық
деңгейінің дамуы мен өсуі, өндірушілердің басым көпшілігің жалпы білімдік
және техникалық дайындығының жоғары деңгейде болуы басты талаптарының бірі.
Осындай жағдайлармен байланысты дүние жүзінің қауымдастығы алдында
басты мақсат тұр. Ол – жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде білім берудің
проблемалары мен басым тұстарын анықтау. Осы басым тұстар мен
проблемалардың қатарына басқа нәсілдерге, діндерге, әлеуметтік құрылымдарға
деген толерантты (төзімділік) көзқарастар; тұлғаның рухани қасиеттері;
басқаларға деген жанашырлық сезім және көмектесуге әзірлік; бейбітшілікке
бағытталған тәрбие жатады. Осы басым тұстар мен проблемалар әр елде ұлттық
және қоғамдық ерекшеліктер негізінде қарастырылады.
1980-90 жылдар қарсаңында жалпы идеологиялық егес аяқталды. Осының
салдарынан тәрбиеге халықаралық қатынас және бейбітшілік идеясы рухындағы
күрделі түзетулер жасалды.
Жасөспірімдерді өмірге дайындау және қоғамның тәрбие саласына қоятын
мақсаттарын жүзеге асыру тиісті білім-тәрбие беру орындарының жүйесін
құрмастан және жетілдірместен мүмкін еместігі ҚР-ң Білім туралы Заңында,
Орта білім беру стандартында, Тәрбие концепциясында, Орта білім
беретін мектептердің мазмұнын жаңарту жөніндегі құжаттарда да атап
көрсетілген.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін
мекемелерінің желісінің ұлғая түсуі кәсіптік-техникалық, арнайы орта және
ЖОО-ң жаппай мамандар дайындау жөніндегі рөлі одан әрмен қарай арта беруі
керек.
Бұл көрсетілген мәселер білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы, ондағы
өзгерістер мен жаңалықтар, оның түрлі елдердегі даму беталыстары өзекті,
маңызды проблемалар екендігін анықтайды.
XX ғасырдың екінші жартысында-ақ XXI ғасырда алдыңғы қатарлы елдер
қатарына білім берудің тиімді жүйесін қалыптастырып, жас ұрпақтың рухани
және интеллектуалды дамуына бүкіл күшін (қаржыландыру, ғылыми негізделген
даму стратегиясын қалыптастыру және т.с.с.) жұмсаған мемлекеттердің
қосылатыны анық болды. Қоғамдық өмірдің тұтастай барлық салаларынан ерекше
белсенділікті талап ететін нарықтық қатынастар жағдайында білім беру
саласының бәсекеге қабілеттілігі мен өміршеңдігі білім беру сапасына,
тиісініше оны тиімді, әрі объективті бағалай білу қабілетіне келіп
тіреледі. Білім берудің шынайы тиімділігі мен оның қойылған талаптар мен
мақсаттарға сәйкестілік дәрежесін анықтау үшін, қажет болған жағдайда оның
сапасын стратегиялық менеджмент негізінде максимизациялау үшін ең алдымен
білім беру сапасын дұрыс бағалай білу қажет. Осылайша, қанат жайып келген
жаһандану процесі мен жоғары бәсекелік жағдайында білім беру сапасын
бағалаудың ұлттық жүйесін халықаралық тәжірибеге үңіле отырып қалыптастыру
– заман талабы болмақ. Білім беру сапасы құрылымы жөнінен өте күрделі болып
келеді. Сол себепті оны бағалау рәсімі де жүйелі, кең көлемді, тиімді және
кешенді түрде өтуі тиіс. Осы тұрғыда көптеген мемлекеттерде орын алып
отырған білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру аса
қажетті және маңызды шара болып көрінеді. Жұмыстың тақырыбын Түрлі
елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі социологиялық
талдау деп алудың өзін осы тәжірибені зерттеп, Қазақстан үшін пайдалы
жақтарын ашып көрсетуге деген ұмытылыс ретінде қабылдаған жөн болып
көрінеді
Курстық жұмысының мақсаты: Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін
факторларды қарастыру, Қазақстандағы білім беру жүйесі мен оның қазіргі
жағдайын талқылау.
Курстық жұмысының міндеті: Қазақстанның білім беру жүйесінің қазіргі
күйін сипаттау. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, қазақстандық білім беру
жүйесінің осал жерлерін көрсетіп, олардан арылу мақсатында жүзеге асырылуы
тиіс іс-шараларды бекітуді және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, олардың
бізге сай келетін тәсілдерді айқындатуды, жеке қазақстандық білім
орындарының білім сапасын өрбіту жолдарын анықтауды атауға болады.
Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі атты
диплом жұмысы екі тараудан құралған. Бірінші тарауда Қазақстандағы білім
беру жүйесіндегі қазіргі ахуалды көрсетілсе, ал келесі тарауда түрлі
елдердегі білім беру жүйесі туралы көрсетіледі.
Ақпарат көздері: Негізгі ақпарат көздері ретінде Қазақстан Республикасы
және қарастырылған мемлекеттердің Заңдары, Елбасының соңғы екі Жолдауы мен
олардың ресми комментарийлері, жоғары білім беру, менеджмент салаларындағы
маман-ғалымдардың монографиялары, мақалалары, халықаралық және қазақстандық
конференциялардағы баяндамалары, оқулықтары, қазақстандық және шет елдегі
жоғары білім беру сапасын бағалаумен айналысатын агенттіктердің, кеңестер
мен орталықтардың әдістемелік құралдары, жолсілтемелері мен интернет-
сайттары, сөздіктер мен энциклопедиялар, Қазақстан Республикасы
статистикалық Агенттігінің жинақтары мен интернет-сайты, жоғары білім
берудің сапасын қамтамасыз ету желістерінің сайттары қолданылған.
Зерттеу объектісі: Аталған тақырыптағы диплом жұмысының зерттеу
объектісі болып кең мағынада жалпы қазақстандық білім беру жүйесі мен
білім беру сапасын бағалау, ал тар мағынада нақты білім орындарында
қолданылатын білім беру сапасын бағалау механизмдері. Айтып кететін жайт,
білім беру жүйесінің сапасын бағалау тәсілдері әлеуметтанудан басқа
педагогика, психология, және т.б. сияқты ғылымдармен де зерттеледі.
Зерттеу пәні: Білім беру жүйесін сараптама жасау мәселесі қоғамдық
өмірдің көптеген мәселелерімен байланысып, ұдайы өзара әрекетте болып
отырады. Мәселен, білікті мамандарды дайындау, тұлғаны қазіргі кездегі өмір
жағдайларына бейімдеу, еліміздің интеллектуалды потенциалын арттыру.
Сонымен қатар, жоғары білім беру сапасын бағалау арқылы студенттердің
әлеуметтік мобильдігін арттыруға, яғни халықтың жалпы әлеуметтік тұрмыс-
жағдайын жақсартуға мүмкіндік артады. Осылайша, зерттеу пәні болып білім
беру жүйесінің сапасын бағалаудың қоғамның ең алдымен әлеуметтік дамуына
әсері, бағалау механизмін жетілдірудегі бағалау субъектілерінің атқаратын
рөлі.
Зерттеу әдістері: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру сапасын
бағалау механизмдерінің халықаралық үлгілерін зерттеуде салыстырмалы әдіс,
контент-талдау әдісі, мемлекеттік құжаттар, зерттеу тақырыбына байланысты
арнайы әдебиеттер, оқу құралдары, бағдарламалар, басылым материалдары,
әдебиеттерге теориялық талдау, салыстырмалы, қорытындылау, типологиялық
салыстырмалы әдістер қолданылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Білім беру жүйелерінің қоғамның дамуына
ықпалы, оларға әсер ететін факторлар проблемасына бірқатар педагог
ғалымдар, әдебиеттер жазып шығарған. Мәселен Харламов И.Ф. өзінің
Педагогика кітабында білім беру жүйесінің әр елдегі даму ерекшеліктеріне
көңіл бөлген. Оның атап көрсеткен ерекшеліктері мен даму беталыстары көп
тарамды және әр түрлі болып келгенімен, олар дүние жүзінің көптеген
елдерінің білім беру жүйелерінің дамуында көрініс табады. Қазақстандағы
білім беру жүйесі, оның даму жағдайы мәселесін түсінуде Жарықбаев Қ.Б.,
Құнантаева К., т.б. еңбектерінің маңызы зор. Сонымен қатар білім беру
мәселесімен Гуревич Л.Я., Әженов М.С., Аитов Н.А., Нургожина А.Р., Кусаинов
А.М., Каланова Ш., Чередниченко В., Елманова В.К. және т.б. айналысады.
I. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
І.1 Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы

мақсаттарын жүзеге асыру, тиісті білім беру орындарының жүйесін құрмастан
мүмкін емес. Сондықтан да, өндірістің дамуы және қоғамдағы әлеуметтік-
экономикалық қатынастардың қиындау деңгейіне байланысты білім-тәрбие беру
орындарының саны мен мамандықтарының көбеюі және олардың сатыларының өсуі
байып тұрады. XXI ғасырдың соңына дейін олардың ең кең тараған және негізгі
түрі бастауыш мектеп болған. Содан кейін оның үсітне жалпы білім беру
мектебінің деңгейінің жоғарырақ сатылары, атап айтқанда, орта және жоғары
сатылары құрылды. Қазіргі кезде орта мектеп дүние жүзінің дамыған
елдеріндегі халыққа білім беру орындарындағы ең негізгі және кең тараған
түрі болып табылады.
Бастауыш мектептерге жаңа сатыларды қосу үрдісі үстінен ғана емес,
астынан да жүрді. Осылай XIX ғасырда дами бастаған балабақшалар сияқты
мектепке дейінгі тәрбие беру орындарының жиынтығы. XX ғасырда кең тарау
алды. Өмір орта және жоғары буындағы инженерлі-техникалық жұмысшыларды және
мәдениет пен басқару саласындағы әр түрлі мамандарды кәсіби дайындауға
арналған арнаулы орта және жоғары оқу орындарын құруды және дамытуды талап
етті. XX ғасырдағы өндірістің техникалық негізінің жоғары қарқында дамуы
көпшілік мамандықтардың жоғары дәрежелі мамандарын дайындау және осы
мақсатта дүние жүзі елдерінің барлығында саны үнемі өсіп жатқан кәсіби-
техникалық оқу орындарын құру қажеттілігін туғызды. Осымен қатар клуб,
театр, кинотеатр және т.б. сияқты мәдени орындардың саны көбеюде.
Білім мен тәрбие беру және мәдени орындардың кең ауқым алуымен қатар,
олардың құрылымы мен сабақтастық қарым-қатынастарын жақсарту үрдісі жүріп
жатыр. Осының бәрі әр елдің өзіндік спецификалық білім беру жүйесін құруға
алып келді.
Білім беру саласы білім беруді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыруды,
тәжірибемен бөлісуді және осының барлығын сақтауды қамтитын көп сатылы да,
көп факторлы сала. Осыған байланысты білім беру ұғымына түрлі анықтамалар
беріліп жатады. Олардың кейбіреулерін атап өтейік:
Л.Н. Коган бойынша, білім беру – бұл шеберлік пен дағдыны
қалыптастыру, жалпы және арнайы білімді беру және игеру процесі; ұрпақтар
сабақтастығын қамтамасыз ететін мәдениет құндылықтарын сақтау және үлестіру
жүйесі; тұлғаның белгілі бір үлгісін қалыптастыратын оқытушы және
тәрбиелеуші қызмет; белгілі бір оқу циклы немесе өз бетінше білім алу
нәтижесінде алынған жалпы және арнайы білім көлемі; білім беру және
тәрбиелеу мекемелері жүйесінің қызмет етуін білдіріп, қамтамасыз ететін
әлеуметтік институт [2].
Егер Л.Н. Коган білім беруді ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің
тәсілі мен нәтижесі ретінде қарастырса, Р.В. Рывкина оны тұлғаның рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке бөлек құндылық және басқа да өмірлік
игіліктерге қол жеткізудің құралы деп біледі [3].
Герчикова В.В. білім беруді ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ете
алатын жоғары мамандандырылған мамандарды дайындайтын, әлеуметтік бірыңғай
қоғамға жақындататын, қоғамның ақырында тұлғаның жанжақты дамуына
негізделген рухани потенциалын қалыптастыратын бірқатар маңызды каналдардың
бірі болып табылатын әлеуметтік институт ретінде қарастырады.
А.П. Егоршинның редакторлығымен жарық көрген оқу құралында білім беру –
бұл 1) азаматтың (оқушының) мемлекет бекіткен білім беру сатыларына (білім
беру ценздеріне) жетуімен қатар жүретін адам, қоғам және мемлекет мүддесіне
сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты бағытталған процесі; 2) қоғамның
ұйымдастыруы мен нормалауымен жүретін алдындағы ұрпақтың онтологиялық
тұрғыдан тұлғаның генетикалық және мәдени бағдарламалармен сәйкес
қалыптасуын білдіретін әлеуметтік маңызды тәжірибені үздіксіз беру процесі;
3) тұлғаны (ұрпақтың бір ғана өкілін) әлеуметтендіру мақсатында социум
жүйесінде мәдениетті тасымалдау (трансляциялау) процесі; 4) оқыту мен
оқудың (индивидуалды танымдық қызмет), тәрбиелеу және тұлғаның өз орнын
анықтау мен индивидуалдылығының синтезі; 5) адамның қоғамдық өмір үшін
қажет әлеуметтік тәжірибені, білім, шеберлік және дағды жүйесін игеру
нәтижесі мен процесі [4].
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымында қабылданған Білім
туралы Заңына сәйкес: білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік,
интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары
деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі
[5].
Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып айтатын болсақ, білім
беру ұғымына анықтама берудің критерийлері алуан түрлі. Бұл анықтамаларда
білім беру процесс, мақсат, қызмет және оның нәтижесі ретінде
қарастырылған. Алайда, ұсынылған анықтамалардың басым көпшілігі білім беру
– процесс дегенге сайып келеді.
Сонымен, білім беру процесі (жоғары білім беру үшін) дегеніміз – бұл
өзара байланысты және өзара әрекеттесуші, талапкердің білімі, шеберлігі,
дағдысы мен тәртіптілігін маманның кәсіби біліктілігі мен мәдениеттілігіне
айналдыратын оқыту және тәрбиелеу қызметтерінің үздіксіз, мақсатты
бағытталған, ұйымдастырылған және тұрақты жиынтығы.
Білім берудің адамзат тарихындағы орны зор. Ол қазіргі заманғы қоғам
мен мемлекет дамуының фундаменталды механизмі болып табылады. Білім берудің
қоғам дамуындағы орны жөнінде ойлар Аристотель, Платон секілді көне грек
ойшылдарының, XVIII ғасырдағы әйгілі Ағартушылық кезеңнің Вольтер, Руссо,
Дидро және Гельвеций сияқты атақты энциклопедист-ғалымдарының еңбектерінде
кездеседі.

қосылатыны анық болды. Мұндай мемлекеттердің қатарына Америка Құрама
Штаттары мен Еуропаның кейбір дамыған елдерін жатқызуға болады.
Тіпті білім беру процесінің тиімділігінің таза экономикалық аспектісін
алғанның өзінде, әлеуметтік өмірдің ешбір саласы білім берумен бәсекеге
түсе алмайтынына көз жеткізуге болады. Мәселен, XX ғасырдың 30-жж. академик
С.Г. Струмилин білім берудің ұлттық табыс өсіміне қосқан үлесінің 20-30%
жететінін есептеген болатын. Ал 70-жж., В.А. Жаминнің есептеулері бойынша,
40% жеткен [6]. Осылайша, бүгін әлемдік қауымдастық мемлекеттердің
экономикалық жетістіктері олардың білім беру жүйелерімен, азаматтарының
сауаттылығымен, белгілі бір кәсіби сала үшін арнайы оқытылған жұмыс күшінің
даярлық дәрежесі мен сапасымен анықталатынына көзін жеткізіп отыр. Осы
себептен болар, соңғы онжылдарда білім беру мәселелерін зерттейтін алуан
түрлі зерттеулер санының күрт артуы әлемдік қауымдастықты аса
таңдандырмайды.
Білім берудің қоғам дамуындағы, экономиканың жоғары бәсекеге
қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін түсінген
мемлекеттер бүгінде өз білім беру жүйелерінің осал жерлерін анықтау арқылы
тиісті реформаларды жүзеге асыруға бет алды. Әр мемлекетте мұндай
реформалар олардың білім беру саласындағы саясатына байланысты әр түрлі
жолдармен жүзеге асады. Алайда, кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі
келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
- сапалы білім беруге жағдай туғызып, кепілдік беру;
- үздіксіз білім беру тұжырымдамасына сәйкес білім беру жүйесі
сатыларының (мектепе дейінгі, орта, жоғары білім беру сатылары)
сабақтастығын қамтамасыз ету;
- білім берудің халықаралық сипатын қамтамасыз ету (оқушылар,
зерттеушілер мен оқытушылардың мобильдігін жоғарлату, білім беру
жүйелерін ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, барынша халықаралық
стандарттарға жақындату және т.с.с.);
- білім беру философиясының жаңаруын қамтамасыз ету (білім беру
саласын демократизациялау);
- білім беруді қоғамның кез келген тобы үшін қол жеткізімді ету;
- білім берудің мемлекеттік стандарттарын жетілдіру және т.б.
Білім беру саласындағы бәсекелік жағдайында әлемдік білім беру
кеңістігінде өз орнын табу үшін әр мемлекет ең алдымен білім берудің
сапасын қамтамасыз етуі тиіс.
Алайда білім беру сапасы ұғымын қарастырмастан бұрын сапа дегеніміз
не? деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Сапа – бұл мазмұны алуан түрлі анықтамалар арқылы ашылатын күрделі
философиялық, экономикалық және әлеуметтік категория. Яғни, сапа ұғымы –
бұл анықталуы, тиісінше, тәжірибеде қолданылуы үшін күрделі мәселе. Әдетте
сапа деп, біз белгілі бір нормаларға, критерийлер мен талаптарға
сәйкестілікті айтамыз, шынтуында оның анықтамалары молшылық.
Философиялық тұрғыдан сапаны б.э.д. III ғасырда Аристотель қарастырған
болатын. Аристотель сапаны жаман мен жақсыны ажырату арқылы, яғни заттар
арасындағы дифференциация негізінде анықтаған. Философиялық категория
ұғымында оны Гегель де (XVIIIғ.) анықтайды. Гегель бойынша, сапа – бұл
болмыспен тең анықталғандық; сапасын жоғалтқан сәтте зат өзінің заттығынан
айрылады.
Қытайда ертеден бері иероглифпен жазу дәстүрі келе жатқандығы баршаға
мәлім. Сапаны белгілеу үшін қолданылатын иероглиф екі элементтен құралған,
ол: тепе-теңдік пен ақша. Яғни, сапа ұғымы қымбат, жоғары дәрежелі
дегенге сайып келеді.
Советтік энциклопедиялық сөздікте келесі анықтама берілген: Сапа –
заттың ішкі елеулі байланыстары мен қасиеттерінің тұрақты жүйесі, оның өмір
сүруімен тікелей байланыста болатын анықтығы.
XX ғасырдың соңғы онжылдығында сапаға анықтама беруге деген бірқатар
талпыныстар жасалды. Олардың қатарына Филипп Кросби, У. Эдвард Деминг,
Арманд В. Фейгенбаум, Каора Исикава, Джозеф М. Джуран, Вальтер А. Шухарт,
Генити Тагути секілді сапа менеджментін (Total Quality Control Management -
TQM) жетілдіруге зор үлесін қосқан ғалымдардың анықтамаларын жатқызуға
болады.
Ф. Кросби сапаны талаптарға сәйкестілік ретінде түсінеді. Кросбидің
пікірі бойынша, талаптар нақты анықталған болуы тиіс. Сонымен бірге,
талаптарға сәйкестілік деңгейін, яғни сапаның дәрежесін (жоғары немесе
төмен) білу мақсатында әрдайым түрлі өлшеулер жүзеге асырылуы тиіс.
Э. Деминг сапа ұғымын тұтынушылардың өніммен немесе қызмет көрсетумен
қанағаттанушылық дәрежесімен байланыстырады. Тұтынушы өнім немесе қызмет
көрсетумен қанағаттанған жағдайда, сапа жоғары деп есептеледі, ал
тұтынушы ұсынылған өнім мен көрсетілген қызмет көрсетуге қанағатсыздық
білдірсе, онда сапа, тиісінше, төмен деп есептелінеді.
К. Исикава сапаны екі мағынасында қарастырады: ...Тар мағынасында сапа
өнім сапасын білдірсе, кең мағынада ол жұмыс, қызмет, ақпарат, процесс,
бөлімше, жұмысшы, жүйе, компания және т.б. сапасын білдіреді [7].
Дж. Джуранның пікірі бойынша, сапаның анықтамалары өте көп, алайда
олардың ішінде екеуі басым: 1) Сапаны тұтынушының қажеттіліктерін
қанағаттандыратын өнімнің жеке сипаттамалары құрайды; 2) Сапа сәйкессіздік
(талаптарға) жоқ жерде болады. Дж. Джуран бойынша, сапа – бұл қолдануға
жарамдылық дегенді білдіреді [8].
Г.Тагути сапаны басқа ғалымдарға қарағанда, біршама ерекше анықтайды.
Оның айтуы бойынша, сапа – бұл қоғамдағы өнімге тән сипаттамаларға қатысы
жоқ шығындар, нақтырақ айтқанда, әлеуметтік шығындар. Әлеуметтік шығындарды
минимизациялау арқылы сапаның максимизациясына қол жеткізу – Тагутидің
басты идеясы.
В. Шухарт сапаның объективті және субъективті жағын бөліп көрсетті.
Оның айтуынша, сапаның объективті сипаттамалары өлшеуге және бағалауға
келеді. Ол тұтынушының тілегіне тәуелсіз болып келеді. Сапаның субъективті
жағы сандық тұрғыдан өлшеуге келмейді. Ол тұтынушының тілегі жөнінде
көрініс береді.
Кеңес Одағында 1968 ж. сапаны сандық тұрғыда өлшеу мен бағалау туралы
ғылым – квалиметрия пайда болады. Бұл ғылымның бастауында Г.Г. Азгальдов,
Ю.М. Андрианов, А.В. Гличев, Е.Г. Нахапетян, Э.П. Райхман, Ю.И. Койфман,
А.И. Губинский, Н.В. Хованов және т.б. ғалымдар тұрды. Білім беру
квалиметриясы негізінен білім беру жүйесін реформалау науқаны басталып,
Ресей Федерациясының Білім туралы Заңында бекітілген мемлекеттік
лицензиялау, мемлекеттік аттестациялау, мемлекеттік аккредитациялау
рәсімдерінің және білім берудің мемлекеттік стандарттарының пайда болуына
байланысты қарқынды дами түседі.
1986 жылы стандартизация бойынша Халықаралық ұйым (International
Organization for Standardization - IOS) алғаш рет бизнес пен өндірістің
барлық салаларына қатысты сапа және оның төңірегіндегі басқа да ұғымдарға
анықтама береді. 1994 жылы және 2000 жылы терминологияға бірқатар
өзгерістер енгізіліп, ИСО 9000-2000 Халықаралық стандарты бойынша сапаға
келесідей анықтама беріледі: Сапа – бұл сипаттамалардың жеке жиынтығының
талаптарға жауап беретін дәрежесі [3, 47б.].
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды түйіндейтін болсақ, олардың
барлығының сапаны белгілі бір талаптарға сәйкестілік немесе тұтынушылардың
қанағаттанушылық деңгейі ретінде түсіндіретінін байқауға болады.
Алайда, белгілі бір процестің, өнімнің немесе жүйенің сапалы болуы үшін
жай ғана талаптарға сәйкес болу және тұтынушылардың қажеттіліктерін
толығымен қамтамасыз ету аз. Жаһандану процесі қоғамдық өмірдің кез келген
саласынан қарқынды даму мен жетілуді талап етеді. Сол себептен сапа ұғымы
болашақта болуы мүмкін талаптардың орындалуы мен қанағаттандырылуы
тұрғысынан қарастырылуы тиіс.
Осылайша, Р. Барнет сапа ұғымын талдай отырып, келесідей үш ыңғайды
бөліп көрсетеді: объективисттік, релятивисттік және даму концепциясы.
Объективисттік ыңғай сапаның объективті өлшену және өлшеу нәтижелерінің
өзара салыстырылу мүмкіндігіне көп көңіл бөледі. Релятивисттік ыңғай
мақсатқа сәйкестілікті бағалауға негізделген. Яғни, түрлі субъектілердің
сапасын бағалаудың ортақ критерийлерін табу мүмкін емес, сондықтан
көрсеткіштердің қойылған мақсатқа қаншалықты дәрежеде сәйкес келетінін
анықтаған маңыздырақ. Егер алғашқы екі ыңғай негізінен сапаны сырттай
бағалауға шоғырланса, үшінші ыңғай – даму концепциясы, іштей бағалауға
негізделген. Яғни, егер алғашқылары оқу орындарының қызмет ету сапасы мен
білім берудегі саясатын зерттесе, үшіншісі нақты сапаны арттыруға
бағытталған.
Сонымен, егер сапа ұғымын білім беру саласымен байланыстыратын
болсақ, онда білім беру сапасы ұғымына анықтама беруге тура келеді.
Шет ел үкіметтерінің өздерінің білім беру жүйелерін жетілдіру
мақсатында білім ордаларынан мемлекеттік бюджеттен бөлініп отырған қаржылық
ресурстарды қалайша жұмсайтыны жөнінде, өз қызметін қаншалықты дәрежеде
анық жоспарлап, ұйымдастыруы жөнінде, әрбір білім беру мекемелерінің
мақсаты мен міндеттерінің дұрыстығы мен ол шығаратын түлектердің қазіргі
заман талаптарына сәйкестілік дәрежесі жөнінде жауаптарды күтеді және бұл
заңды да. Алайда мемлекет пен қоғамның қоятын талаптары бүгінде білім беру
тұжырымдамасын жаңаша интерпретациялауға әкеліп отыр.
Бүгінгі жаһандану мен нарықтық қатынастар жағдайында білім беру сапасы
бірқатар жаңа сипаттамаларға ие болып отыр. Мәселен, жоғары оқу орынды
алсақ, қазіргі жағдайда жоғары білім беру сапасы академиялық үлгерімді ғана
емес, сонымен бірге талапкерлер мен студенттердің сапасын (білім деңгейі,
жеке тұлғалық қасиеттері және т.б.), оқыту құралдарының сапасын (оқытудың
жаңа технологияларынан қол үзбеу, компьютерлендіру және т.с.с.),
педагогикалық персонал сапасын (оқытушылар құрамы, ғылыми атағы бар
оқытушылардың саны және т.б.) және т.б. көптеген көрсеткіштерді қамтиды.
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ОЭСР) білім беру
саласындағы эксперттерінің пікірі бойынша, мұндай анықтама қазіргі заманда
білім беру сапасына қойылатын талаптарға толығымен жауап береді.
Сонымен, білім беру сапасы дегеніміз – бұл білім берудің (нәтиже,
процесс, жүйе ретінде) қазіргі заманғы және болашақтағы түрлі
қажеттіліктерге, мақсаттарға, талаптар мен нормаларға (стандарттарға)
сәйкестілік.
Алайда, білім берудің шынайы тиімділігі мен оның қойылған талаптар мен

білім беру сапасын дұрыс бағалай білу қажет. Жоғарыда айтылып кеткендей,
білім беру сапасы құрылымы жөнінен өте күрделі болып келеді. Сол себепті
оны бағалау рәсімі де жүйелі, кең көлемді, тиімді және кешенді түрде өтуі
тиіс. Осы тұрғыда көптеген мемлекеттерде орын алып отырған білім беру
сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру аса қажетті және маңызды
шара болып көрінеді.
Мұндай жүйені қалыптастыруды мақсат етіп отырған мемлекеттердің алдында
орындалуға тиіс көптеген қадамдар бар. Олар: білім беру нәтижелерінің
мониторингі негізінде білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық
стандарттарға жақындату, білім беру сапасының өлшеуге келетін
көрсеткіштерін қалыптастыру, оқушылардың психологиялық дамуының мониторинг
жүйесін қалыптастыру және т.б.
Білім беру жүйесі дегенді қалай түсіну керек? Система деген сөз
грек тіліне шыққан және қазақ тіліне аударғанда біртұтас, бірнеше әр түрлі
бөліктерден құралған, бөліктердің құрылымы дегенді білдіреді. Мұнда білім
беру жүйесі деп кез келген елдегі атқаратын білім, тәрбие беру орындарының
жиынтығын, олардың арасындағы байланыстарды және де сол орындардың құрылу
мен жұмыс істеуінің ортақ принциптерін түсіну керек.
Әдетте, әр елдің білім беру жүйесі келесі қызметтерді атқаратын білім-
тәрбие мекемелерінен тұрады:
• Мектепке дейінгі тәрбие;
• Жалпы орта білім;
• Мектептен тыс білім беру және тәрбие;
• Кәсіптік-техникалық білім;
• Орта арнаулы білім;
• Жоғары білім.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында және
сол жылдың 26 мамырындағы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де лекциясында 10 жыл
ішінде қабілетті 50 қатарына кіру керектігін атап көрсеткен. Ал осы
мақсатқа жету үшін бізге білім беру жүйесін жетілдіруіміз қажет, тек
сонымен ғана біз мақсаттымызға жетеміз.
I.4. Білім мен ғылым –Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік жағдайын
жақсартудағы негізгі тұтқа
Білім мен ғылым –Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік жағдайын
жақсартудағы негізгі тұтқа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кезекті 2008 жылғы
6- ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты екендігін айқындайтын негізгі
факторлардың бірі ретінде ғылым мен білімнің дамуына баса назар аударады.
Жолдаудағы білім беру саласының басты міндеті ретінде білім берудің
тиімді инфроқұрылымын жасауды аяқтау; ел экономикасы үшін барынша
қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен
оқытушыларын тарту қажеттігі; тілдердің үш тұғырлылығы мәдени жобасын
іске асыру үшін мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық
тәсілдерін қолдану және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне аса көңіл
бөлу бағытына тоқтала келе қазіргі әлемдік өркениеттің ағымына ілесу үшін,
бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы басты тірегіміз ғылым мен білім
жетістіктері екенін атап өтті.
Бәсекеге қабілетті ұлт туралы айтқанда ұмытылмайтын бір тиісті нәрсе-
бәсекеге қабілеттілік. Бұл-ең алдымен өзіңнің барлық артықшылықтарыңды
пайдалана білу деген сөз, бірақ оларды өзіміздің кім екендігімізді
ұғынғаннан кейін барып қана анықтауға болады,-дей келе Н.Ә.Назарбаев,-
Біз-ғасырлар бойы әлемдік өркениеттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген
әулеттердің ұрпақтарымыз.Ұлы Дала қашан да әртүрлі
мәдениеттер,тілдер,әскерлер,діндер, тауарлар және идеялар тоғысқан қиылыста
тұрды.Мыңдаған жылдар бойы Дала халықтардың генераторы болды.Ал ХХІ ғасырда
ол ерекше сападағы адамның генераторына, жаңа идеялардың генераторына
айналуы тиіс.Біздің табиғатымызға біткен далалық ойлау машықтары, ғаламдық
трендтер- икемділік пен жүйелілікті барынша толық бейнелеп көрсетеді,-
деді.
Бүкіл дүние жүзінде, білім беру саласында Бүкіл өмір бойы білім алу
тұжырымдамасы енгізілуде.Бұл үздіксіз білім алуға және жеке қабілетті үнемі
жаңартып тұруға негізделген.
Бүгіндері күн тәртібінде, елімізде іске асырылып отырған жаңарулардың
мазмұнына сәйкес, қазақстандық және қоғамдық сананы қалыптастыру қажеттігі
шықты.Бұған жалпы адамзаттық мәдениеттің, қазіргі заманғы білімнің және
ұлттық дәстүрдің элементтерінің кіру қажеттігі күмәнсіз.Демек, үнемі
өзгеріп отырған әлемге және білім беру саласындағы
жаңа әлуметтік талаптарға қарамастан, білім беру жүйесінің міндеті сол
күйінде-толыққанды және бәсекеге белсенді азаматты тәрбиелеу, білім берудің
ролін экономикалық пайда табудың тұрғысынан емес, сонымен бірге- ойлайтын,
қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін және еліне жаны ашитын
азаматтарды қалыптастыру түрінде қалып отыр. Бұл қасиеттер әрбір адамның
бойына жанұя, мектеп, университет сияқты әлеуметтік институттарда сіңірілуі
тиіс.
Өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге бармайтын
шығармашылық ізденістері жоқ адамдардың болуы Қазақстанның
ғылыми сыйымды экономикасын құру жолындағы ең үлкен кедергі болуы
мүмкін . 2003 жылы қабылданған идустриялық – инновациялық дамудың
стратегиясы бізге бұл мәселені шешуге көмектеседі . Аталмыш
стратегияны іске асыру барысында экономиканың кадрлық және
технологиялық деңгейін анықтайтын негізгі фактор ретіндегі жоғарғы
мектеп жетілдіріледі .Оны іске асырудың іс жүзіндегі нәтижесі, ғылыми
– технологиялық прогрестің болашағы бар тенденцияларына жауап беретін
ғылыми зертеулерді қамтамасыз етуі және оның алға оза отырып дамуы
болып табылады. Міне сондықтан да біз білім беру мәселесіне
ерекше қараймыз .
Мен қоғам дамуының білімге негізделген дұрыс бағытын таңдай
алғанымызға сенімдімін , елдердің салыстырмалы артықшылықтарын,
табиғатының байлығымен және арзан жұмыс күшімен анықтау бірте –
бірте азайып , оның орнына техникалық инновациялармен және білімді
нақты пайдаланудың мысалдарымен анықтау бірінші орынға шығуда ,-дей
келе Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев ,- Елімізде өздеріне жауапкершілік ала алатын жас
адамдардың жаңа буыны - ірі проблемаларды шеше алатындай болулары
және өзгерген экономикалық және технологиялық жағдайларға бейімделе
білулері тиіс, сондай-ақ олардан ғаламдық трендтерді екі қадам бұрын
сезіне отырып , қалыптасқан жағдайларда тиімді түрде пайдалана білу
талап етіледі , - деп атап көрсетті .
Қытай даналығы : Адамның өмірінде шек бар, білімге ондай жоқ,-
десе, қазақ даналығы : Жеті тілді білуге ұмтыл және жеті ғылымды
меңгер-дейді.
Күшті және гүлденген мемлекет болу және тұрақты дамуға қол
жеткізу үшін біз интеллектуалдың элитаға, жоғарғы технологияға ,
еліміздің ғылыми әлеуметіне сүйенуіміз қажет . Тек өзінің
интеллектуалдық әлеуметінің арқасында ғана әрбір ел әлемдегі өзінің
лайықты орнын ала алады .
Қазіргі таңда әлемдік алдыңғы қатарлы мемлекеттер өз ара
интеллектуалдық байлығымен бәсекеге түсуде . Себебі дамыған
мемлекеттер ұлттық байлығының 75% -ына интеллектуалдық капитал арқылы
жетуге мүмкіндік алуда . Осы себептерге де байланысты Қазақстанда
соңғы он жылда білім беруді қаржыландыру 7- есеге өскен .
Барлық білім ордаларын компьютерлендіру толық іске асырылып,
интернетке қосылу мүмкіндігі жасалуда .
2000-шы жылдан бері қарай Қазақстан Республикасының ғылымына да
қаржыландыру 7-есеге көбейтілді. Ғылыми – техникалық даму бағытында да
ірі инфраструктура қалыптасуда.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысмен
Интеллектуалды ұлт -2020 идеясын іске асыру қолға алынуда . Бұндағы
басты үш бағыт белгіленген:
Біріншіден білім беру бағытындағы инновациялық жетістіктерді
дамыту.Бұл жастардың білім жетістіктерін өз бойларына жақсы сіңіруі
үшін жаңа шешімдер қабылдану, технологиялар мен жаңашыл методикалар,
сонымен қатар оқытудың жаңашыл формалары мен мааандықтарды дамыту.
Екінші басты кезең - әлем елдерінің басты назарындағы аса
мықты информациялық төңкерістерге қол жеткізу. Осы бағытта басқа
жетекші мемлекеттердің қатарыннан қалыспас үшін ақпараттық –
технологиялар паркі базасында Алматыда, ірі өңірлік ІТ –
университетінің жобасын құру арқылы , әлемдік деңгейдегі шетелдік ірі
оқу орындарының жетекші мамандарын қатыстыру арқылы, сонымен қатар
ақпараттық –технология идустриясын қалыптастыру, интернет –
компаниялардың қарыштай дамуына ықпал ету, электрондық коммерцияның
дамуына басты назар аудару:
Үшінші кезең, жобаның сәтті дамуына ықпал етуші күш ретінде,
мемлекет басшысы жастардың рухани тәрбиесіне баса назар аудару
қажеттігін көрсетіп айтты.
-Білім немесе кәсіптіп тәжірибе басты құралға айналу үшін, олар ұлттық
санаға, адамгершілік құндылықтарына қоғам алдындағы міндет түсінігіне,
әлеуметтік ынтымақтастыққа, сонымен қатар ұрпақтар жауапкершілігіне толы
болғанда ғана , бұл іс өрлей алға басатындығын ел басымыз атап
көрсетті .
Қазақстан Республикасының болашақ экономикалық және әлеуметтік
жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынар тағы бір міндеттің бірі
білім беру бағдарламасындағы озық ойлы ұсыныстар мен мақсаттарды
іске асыру.Соның бірі ретінде халықаралық бағдарлама орталығында
әлем халықтарының мектебін құру. Осы мақсатта биылғы жылдан бастап
Астана қаласында әлемдік деңгейдегі университеттің құрылыс жобасы
басталуда. Онда алдыңғы қатарлы шетелдік жоғарғы оқу орындарының
филиалдары жұмыс істейтін болады. Бұл да бір Қазақстан Республикасын
ХХІ-ғасырдың мықты да гүлденген, мәдениеті жоғары дамыған алдыңғы
қатарлы елдері арасынан көру мақсатындағы жасалынып жатқан істерінің
бірі.
Мемлекеттің инновациялық дамуының тактикасы мен стратегиясы сол елдің
интеллектуалдық байлығына тікелей байланысты екендігін әлем елдері толық
дәлелдеген.Осы бағытта елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың инициативасымен
жасақталған Болашақ оқу бағдарламасы сол кезеңдегі аяғына жаңа тұра
бастаған тәуелсіз еліміз үшін білім саласындағы
революцияға пара-пар еді. Болашақ бағдарламасы оқу-білім саласындағы жаңа
модернизация мен ұмтылыстарға бастама болды.1997 жылы қабылданған
Қазақстан-2030 стратегиясы Болашақ бағдарламасына жаңа серпін
берді.Еліміздің экономикасы өрлеу үстінде.Бұл болашақшылар санының артуы
мен географиялық шеңберінің кеңеюіне әсер етуде.Қазіргі таңда жыл сайынғы
стипендианттар саны 3 мыңға дейін жетіп, білім беруші мемлекеттер саны 32-
ге жетті. Болашақ бағдарламасы өзінің 15 жылдық кезеңінде елімізді
бірнеше жүздеген аса жоғары білімді кадрлармен қамтамасыз ете алды.Бүгінгі
таңда шет елдерде 20 мыңнан астам таңдаулы жастарымыз білімін шыңдап
жатса,Ресей өлкесінде 15 мыңға таяу жас кадрлар даярлануда. Болашақ
бағдарламасының 15 жылдығы форумында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап
көрсеткеніндей, бұл бағдарлама бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру
бағытындағы біздің еліміздің білім жетістігіндегі алға бастар жобамыздың
бірегейіне айналуы тиіс. Алдағы кезеңде Болашақ шет елдерде білім алу
құралына ғана айналмай, Қазақстан территориясындағы шет елдік дарынды
жастарды тартушы оқу орындарын қалыптастыруға да негіз болуы қажеттілік.
Бұл елімізге шет елдік талантты жастардың көптеп келуіне және көршілес
мемлекеттер арасындағы аймақтық лидерлікке бағыт береді, сондай-ақ бәсекеге
қабілетті елдер қатарынан орын алуға нақты сенімділікті арттырады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей: мемлекеттің гүлденуі жаһандық
экономикадағы оның қоры мен өндіруші күшіне ғана емес адами факторына,
оның ғылым мен білім жетістіктеріне тікелей байланысты. ХХІ-ғасырда
мемлекеттер жетістіктері бірінші кезекте интеллектуалды көшбасшы ұлтты
қалыптастырумен анықталады.
Интеллектуалды ұлт көшбасшылығы дегенге не жататындығын
сараптайық. Бұл ең біріншіден мемлекеттің адамдар капиталы: оқу-білім
сферасындағы көшбасшылығы, әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге
қабылеттілік, ұлттың сапалы технология құра білу мүмкіндігінің болуы,
интеллектуалды меншік пен оны сапалы қолдану, жоғары мәдениет және әр
азаматтың әлеуметтік жауапкершілікті терең түсінуі. Өз кезінде әлеуметтік
жауапкершілік пен қоғам алдындағы жеке қажеттілігін аса түсіне білу
Жапония халқын мемлекетті инновациялық жетістіктердің көшбасшына
айналдырғанына тарих куә.
Әлемдік экономиканың ықпалды күшіне айналуға барын салушы АҚШ-тың
өзі интеллектуалды көшбасшы ұлт қалыптастыруға барын салуда.
Мәселен АҚШ халқының саны әлем халқының 5%- на ғана таяу, әлемдік
ІЖӨ(ВВП) бойынша 20%, ал әлем бойынша ғылыми-ізденістік, тәжірибелік-
конструкторлық жобаларға (НИОКР)-әлемдік шығынның 40%-ын ұсынады. Екінші
эшоландағы елдердің де қазіргі кезеңдегі ұмтылысы интеллектуалды
потенциалды қалыптастыру. Мәселен, Канада 2010-жылға қарай ғылыми-ізденіс
саласына деген шығынды екі есеге арттыра отырып, алдыңғы қатарлы 5-елдің
қатарына енуге тырысуда. Венчурлық капиталдың көлемін АҚШ-тың деңгейіне
жеткізу арқылы, студенттер мен аспиранттар санын жыл сайын 5%-ға арттыру
мақсатын алға қоюда.
Интеллектуалды көшбасшы ұлт қалыптасуы үшін бірінші орында жоғарғы
білімнің сапалылығы басты қажеттілік. Халықты жоғары сапалы біліммен
қамтамасыз етуден көшбасшылық орында Ресей (60%), Израиль мен Канада
(42%), АҚШ (40%), Жапония ( 38%), Швеция мен Финляндия (36%), тұр. Америка
халқы жұмысшы күшінің 60%-ға жуығы жоғары білімділер қатарын құраса,
мемлекеттің алға қойып отырған мақсаты оны 90% - ға жеткізу.
Интеллектуалды көшбасшылықтың тағы бір факторы – ғылыми
әдістемедегі жетістіктер, инновациялық жаңашыл енгізулер, ХХІ- ғасыр
өндірістегі ғылым жетістіктерін дамыту ғасыры болмақ. Ғылым аумағының
кеңейуі,ғылыми ақпараттардың тасқындап дамуы мен сол арқылы жаңа
технологиялық алға басулардың аса ірі толқындары ел болашағы үшін қарекет
етуші патриоттарды ғылым мен білім саласындағы
жедел жетістіктерге жету жолдарын саралауға мәжбүр етуде.
Мемлекеттегі ғылым дамуына ІЖӨ-нің қомақты үлесін бөлу алдыңғы
қатарлы елдердің көпшілігіне тән. Мәселен: Швейцария, Израиль,
Франция,Сингапур, Жапония елдері. Соның ішінде Швейцария ғылыми
ізденістердің әр саласына бастама беруге ІЖӨ-нің 30% - ын аударуда. Осы
шағын ғана жоғарғы кірісті мемлекет ең көп Нобель сыйлығының
лауреаттары мен патенттер отанына айналған.
Ақпараттық – коммуникациялық технология саласындағы Оңтүстік
Корея, Қытай, Үндістан елдері қуып жетуші елдер қатарынан көшбасшы
елдер қатарына енуіне де ғылым мен білім жетістіктеріне ықпал ету
арқылы жеткені аян.
Ғылыми –ізденістік тәжірибелік – конструкторлық жобаларға (НИОКР)
Қытайдың қаржылай шығыны елді әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер
деңгейіне жетіп, иық тірестіруге алып келді. 2020 - жылдары Қытай
ғылыми – ізденістік тәжірибелік – кострукторлық жобалардың әлем бойынша
20% - ына ие болса, Азия елдері бойынша 45%, АҚШ – пен салыстырғанда
28% - ға артпақ.
Интеллектуалдық мәселесін өзімнің ғылыми зерттеулеріне арқау еткен
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің ректоры академик
Т.С.Садықов өз ойын былайша түйіндейді: Ең жоғарғы халықаралық
стандарттарға сай жоғары мектептің ұлттық моделін қалыптастыру жолында
естен шығармауға тиіс нәрсенің бірі, біздің ойымызша, әлемдік қауымдастыққа
мүше көптеген мемлекеттер ұстанатын жаңа әлуметтік-мәдени құндылықтарды
қалыптастыру. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті нарық еркіндігі мен
қауымдастық қатынастардағы гуманизм.
Осылайша интеллектуалдық белсенділік – білім мен ғылым
жетістіктері мемлекет пен халық игілігіне кеңінен пайдалану жолдары
арқылы игерілсе Қазақстан Республикасының халқы бәсекеге қабілетті 50
елдің қатарынан орын алатындығы ақиқат.
ХХІ ғасырдыр өмір заңдылығы формуласы – just in time knowledge –
яғни білім жетістігін дәл уақытында қолдану болып табылса,Абай атындағы
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің халықаралық қатынастар
факультеті осы өмір заңдылығы формуласының нақты орындалуына барынша
атсалысуда.
2.1 Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі
Қоғамдық өмірдің кез келген басқа салалары секілді білім беру жүйесі де
белгілі бір құқықтық нормалар арқылы іске асады. Білім беру жүйесін
халықаралық құқықты адам құықтарының негізгісі ретінде тануы оның көптеген
халықаралық құжаттарда көрініс табуынан білінеді.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық
Пакттің (3 қаңтар 1976 жыл) 13-бабында:
1. Осы пактке қатысушы – мемлекеттер әр адамның білім алу құқығын
мойындайды. Олар білім – адамның толық кемелденуіне және өзінің қадір
қасиетін сезінуіне бағытталып, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына
деген құрметті нығайтуы тиіс екендігімен келіседі. Сонымен қатар білім
барлық жұртқа еркін қоғамның пайдалы мүшесі болуына мүмкіндік туғызып,
барлық ұлттар мен нәсілдік, этникалық және діни топтар арасында өзара
түсіністік, шыдамдылық пен достыққа ықпал етіп, БҰҰ-ның бейбітшілікті
қолдау жолындағы жұмысына дем беру керек екендігін құптайды.
2. Осы пактке қатысушы – мемлекеттер осы құқықты толық жүзеге асыру үшін:
а) бастауыш білім баршаға бірдей міндетті және тегін болуы тиіс екендігін;
в) кәсіптік-техникалық орта біліммен қоса орта білім, қай үлгіде болмасын,
керекті шаралар, ішінара, бірте-берте тегін білім беру жүйесін енгізу
шараларын қолдану арқылы ашық және көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс
екендігін;
с) жоғары білім әркімнің қабілетіне қарай барлық керекті шаралар, ішінара,
бірте-берте тегін білім беру жүйесін енгізу шараларын қолдану арқылы ашық
және көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс екендігін;
д) қарапайым білім көтермеленіп, бастауыш білім алмаған немесе бастауыш
білімнің толық курсын аяқтамағандар үшін, үдетіліп оқыту керек екендігін;
е) барлық сатыдағы мектеп жүйелерін белсенді түрде ұлғайтып,
қанағаттанарлықтай степендия жүйесін тағайындап, білім беру жүйесі
саласындағы қызметкерлердің материалдық жағдайын үнемі жақсартып отыру
керек екендігін мойындайды.
3. Осы пактке қатысушы – мемлекеттер ата-аналардың, керек болған жағдайда
қамқоршылардың балаларын оқыту үшін мемлекет билігі құрған мектептер мен
қатар мемлекет белгілеуі немесе бекітуі мүмкін білім беру талаптарына
сәйкес білім бере алатын басқа да мектептерді таңдап, балаларына өздерінің
наным-сенімдеріне сай діни және имандылық тәрбие беру еркіндігін
құрметтеуге міндеттенеді.
Сонымен қатар адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында да білім
берудің адам құқықтарының бірі екендігі баяндалады, ал Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесі өз кезегінде біршама нормативтік құжаттар
арқылы реттеледі. Өндірістік емес салалардың оның ішінде білім саласының
құқықтық негіздері жоспарлы экономиканың рынокқа өту жағдайындағыдай мәні
болмады.
Білім беру жүйесінің құқықтық негізі келесі құжаттармен анықталады:
– Қазақстан Республикасының Конституциясы;
– “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңы;
– Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
– Және т.б. құқықтық немесе нормативтік актілер.
Қазақстан Республикасының 30-тамыз 1995 жылғы Конституциясымен білім
беру жүйесінің мемлекеттік саясатының жалпы қағидалары анықталды. Жеке
айтқанда, Конституцияның 30 – бабында:
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына
кепілдік беріледі.Орта білім алу міндетті.
2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оұу орнында конкурстық негізде тегін жоғары
білім алуға құқығы бар.
3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер
мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz