Киелі өңірдегі өнегелі тұлғалар



1 Тарихы толымды, тұлғалары тұғырлы Бөкей Орда елінің шежіресі
2 Төре күйдің сұлтаны Дәулеткерей Шығаев
3 Махамбет Бөкейханов
4 Исатай мен Махамбет
5 Нұрпейіс келіні Дина
Тарихы толымды, тұлғалары тұғырлы Бөкей Орда елінің екі ғасырлық шежіресінде оның қай қиырының да өзіндік орны мен маңызы ерекше. Теріскейіндегі қос өзенді Қамыссамар, оңтүстігіндегі Теңіз жағалауы, батысындағы Басқұншақ пен Қарабайлы, күнгейіндегі Жайық алабы – Ішкі қазақ ордасының төрт құбыласы тұнған тарих, ханының да, қарасының да тағдыры, халқының қарекеті мен күресі жылнама боп хатталған, әпсанада жатталған, ән-күй боп сақталған шежірелі мекен.
Жеті жұрт қонып, жеті жұрт ауған жазира өлкенің қай пұшпағы да әйгілі тұлғаларға кенде емес. Мың-мыңдап түлік қайырған әулетті сұлтандар да тарих еншісінде қалды. Үстем тап өкілдері деген көзқараспен есімдері ұмытылғаны қашан. Ғасырлар бойы дәуірлеген хан әулеті әуелі империяның, кейіннен таптық көзқарастың тегеурінінен келмеске кетті. Ел іргесін бүтіндеп ұстаған Жәңгірдей жаңашыл тұлғаның өзіне көп болып топырақ шаштық. Заман мен саясат ыңғайымен құндылықтар да өзгеріп отырған кезеңдерде өмір сүрдік.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Киелі өңірдегі өнегелі тұлғалар

Азғырда, жалпақшағыл Жиделіде...

Тарихы толымды, тұлғалары тұғырлы Бөкей Орда елінің екі ғасырлық
шежіресінде оның қай қиырының да өзіндік орны мен маңызы ерекше.
Теріскейіндегі қос өзенді Қамыссамар, оңтүстігіндегі Теңіз жағалауы,
батысындағы Басқұншақ пен Қарабайлы, күнгейіндегі Жайық алабы – Ішкі қазақ
ордасының төрт құбыласы тұнған тарих, ханының да, қарасының да тағдыры,
халқының қарекеті мен күресі жылнама боп хатталған, әпсанада жатталған, ән-
күй боп сақталған шежірелі мекен.
Жеті жұрт қонып, жеті жұрт ауған жазира өлкенің қай пұшпағы да
әйгілі тұлғаларға кенде емес. Мың-мыңдап түлік қайырған әулетті сұлтандар
да тарих еншісінде қалды. Үстем тап өкілдері деген көзқараспен есімдері
ұмытылғаны қашан. Ғасырлар бойы дәуірлеген хан әулеті әуелі империяның,
кейіннен таптық көзқарастың тегеурінінен келмеске кетті. Ел іргесін
бүтіндеп ұстаған Жәңгірдей жаңашыл тұлғаның өзіне көп болып топырақ шаштық.
Заман мен саясат ыңғайымен құндылықтар да өзгеріп отырған кезеңдерде өмір
сүрдік.
Алайда, Бөкей Орда елінің қай ғасырда да, бодандықтын тар
заманында да, кеңестік тоталитарлық құрсауында да да уақыт сынына төтеп
берген, бүгінгі тәуелсіздігіміз тұсында есімдері одан сайын әйгіленген асыл
перзенттер аз емес. Ол күй күмбірлеткен, ән асқақтатқан, жыр жалындатқан
өнер адамдарының шығармашылық керуені. Орданың Теңіз өңірі, бұрынға қалмақ
қисымы, Астрахань беті қай кезде де күмбірлі күйші мен арқалы әншіге кенде
болмаған. Қазақта: Кіші жүзінің еліне барып күйшімін деп, Орта жүзі еліне
барып әншімін деп мақтанба деген сөз бекер айтылмаған. Әсіресе, бүгінгі
Құрманғазы мен Бөкей Орда аудандарының ізінде тұрған Азғыр – Нарын өңірінің
төрт құбыласында өнерпаздар тағылымының желегі үзілмей жалғасып келеді
десек артық айтқан болмайды.
Зар заманның күңіренген қобызы, көшпелі елдің көне домбырасы,
қоғалы көлдер нуынан саз дарыған сыбызғысы о баста осынау етегін Еділге
жайған Қарабайлы-Азғыр даласында жаралмады ма екен дейсің, кейде!
Өйткені, домбыра үнімен азаттықты аңсап, озбырлықты мінеп өткен
күй атасы Құрманғазының кіндік қаны осы өңірде тамды. Патша әкімшілігі мен
кейбір тегеурінді би-сұлтандардан жапа шеккен жаны жаралы күйшінің заман
мен адам өзгере келе шет-шебін кезінде өзі күй-ұранмен белгілеген аймаққа
есімі жазылды. Патшаның жарлығы, әкімдердің қорлығы әлдеқашан күшін жойған,
өз заманымен бірге оралмасқа кеткен. Тек Құрманғазының күйлері ғана өзінің
мәңгілік қуаты мен құдіретін сақтап қалды. Кезінде үстем ағайын күйшінің
табанын бастыруға қимаған атамекен енді оның өз атымен – Құрманғазы ауданы
аталады!
Еділ бойының үш алыбы бес ғасырдан бері халқымыздың жадынан
түспей, әрдайым ақыл сөзі мен жыр пернесі болып келе жатқан Асанқайғы,
Қазтуған, Досмамбет жыраулардың да Азғыр даласында ізі сайрап жатыр.
Ұлтымыздың бір кездегі ұлы өзенінің бойында туып, Ұлытауда дүние салған
ақылгой Асан желмаямен желе жүріп:
Ел жағалай қонбаса
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз-үйрегі болмаса
Айдын-шалқар көл ғаріп.
Ата жұрты болмаса
Қайратты туған ер ғаріп –
деп қияннан қиян кешіпті. Жұртына жайлы мекен, шұрайлы қоныс, жұмақ жер
іздеп сахараны шарласа да: Нәлет біздің жүріске, Еділ менен Жайықтың,
бірін жазда жайласаң, бірін қыста қыстасаң деп кіндік қаны тамған жерін
қайта аңсайтыны бар.
Ұлттың болашағын ойлаумен өткен ақын, философ, жыраулық дәуірдің
көш басшысы Асан Сәбитұлы 14-15 ғасыр тоғысында ғұмыр кешкен. Елінің
ертеңін уайым еткен абызды халқымыз Асан қайғы деп аруақтаумен келеді.
Соған қарамастан қайғылы жырау айтар жерге келгенде Әз-Жәнібектей айбынды
ханның өзінен тайсала қоймапты.
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көзбен көрмейсің –
деп желмая мініп жер шалып, тапқан жеріне ел көшірмегенін мінейтіні бар.
Қаһарлы Жәңгірге қасқая сәйлеген Махамбеттей ақындарға, сірә, осы
Асанның аруағы дарыса керек.
Асанқайғының ізін ала ғұмыр кешкен тағы бір ойшыл, жауынгер жырау
– Қазтуған Сүйінішұлы. Астрахан аймағының Қызылжар өңірінде дүниеге келді.
Ақтөбе, Бозан бойын, Азғыр даласын ен жайлаған ауқатты тайпаның әскер басы
болыпты. Бұлт болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан, мұсылман мен
кәуірдің, арасын бұзып дінді ашқан – Сүйінішұлы Қазтуған! деп өзіне мадақ
жыр арнайтындай-ақ ер болған.
Қайырлы болсын сіздерге мекен қылған Еділ жұрт – деп аманаттап
кеткен жыраудың ата қонысын тұтас сақтай алмасақ та, өз есімін ту етуден
кенде қалғанымыз жоқ. Еділдің бір сағасы Ақтөбеден шығандамай, Астраханнан
әрідегі бойлықта жатқан Азғыр мен Ақкөл шебінде қоныс теуіп қалғанымызға
тәуба дейміз.
Қазақта төре күйдің сұлтаны Дәулеткерей Шығаев деп есептеледі.
Әкесі Шығай Бөкейден кейін сегіз жыл ел басқарып, Теңіз өңірінен қарағай үй
тұрғызып, іргедегі Астрахан, алыстағы Орынбор мен Оралға әбден танылған
беделді сұлтан болды. Ағасы Бөкей 1815 жылы дүние салып, хан тағының
мұрагері Жәңгір әлі жас болғандықтан уақытша билік Шығайға ауысқан.
Бөкейдің кіші әйелі Жұма әмеңгерлік жолымен Шығайға қосылады. Жұманың
Бөкейден қалған ұрпағы Меңдігерей мен Шығайдан көрген ұлы Дәулеткерей екеуі
ағалары, болашақ хан Жәңгірдің артынан еріп өсті.
Әкесі Шығай секілді Дәулеткерей сұлтан да орда халқын басқару
ісіне араласты. 1850-інші жылдары қазіргі Азғыр, Үштаған өңірінде қоныс
тепкен ноғай руының билеушісі, алпысыншы жылдар орданың сол өңірінде
құрылған Қалмақ қисымының әкімі қызметтерін атқарды. Әрине, таптық бөлініс
сақталған феодализм заманында Дәулеткерейдің де біреуге батқан тізесі,
біреуде кеткен ызасы болмады дей алмаймыз. Бірақ жұртына жақсылығы мол
болған. Сондықтан Ресей әкімшілігі тарапынан бірде мақталып, Петербор
асып, бірде датталып биліктен жасып, халқымен бірге күн кешкен. Тұстастары
мен кейінгі ұрпаққа есімі әмірімен емес, өнерімен қалған. Домбыра
күйлеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы Дәулеткерейдің Қосшек,
Қосалқа, Құдаша, Ақжелең, Ақбала, Мұңды қыз, Бұлбұл секілді
сылқым күйлері қазақ ұлты қанша жасаса, бірге жасай беретін мәңгілік
шығармалар.
Шығайдың Дәулеткерейден басқа Өтебәлі, Жақып, Жүсіп, Тоғым,
Хансұлтан сынды кілең бір сауатты, шешен, шенді аға-інілері көп болған.
Мысалы, орданы басқаруға араласқан Көшекқали Шығаев деген інісі ноғай-
қалмақ шежіресін, дүние тарихын жетік білген. Неплюев кадет корпусында
оқып, шетел тілдерін үйренген. Ана тілінде сөйлесе – шешен, орыс тілінде
жазса – көсемсөзділігі Орынбор губернаторының өзін таң қалдырған. Бірде
Көшекқалидың үстінен оның атына арыз түседі. Өзін айыптаулардың орынсыз
екенін айтып, іле-шала ол да губернаторға жеке хат жазады. Орыс тілінің
мәнерін қырда жүріп-ақ осынша шебер білетін сұлтанның біліміне керемет
тәнті болған генерал істің ақ-қарасына көз жеткізіп жатпай-ақ дереу
бұрыштама жазып, Көшекқалиға қатысты арызды тексеруді тоқтаттырады. Шығай
балаларының осындай әйгілігі өз дәуірлерніде қалды. Тек Дәулеткерейдің
даңқы дүние тұрғанша жалғаса бермек.
Дәулеткерей қырда өмір сүргенімен, жол түсіп Ресейдің біраз
орталық қалаларында болған. Жәңгірдің қызы Хадиша башқұрт еліне ұзатылғанда
немере ағасы ретінде Уфаға барды.Татар-башқұрттың бірде құйқылжығын, бірде
сандуғаштай сайраған ән-жырына тамсанады. 1859 жылы қазақ билігінің элитасы
қатарында Петербургке барды. Эрмитажда, жолда Мәскеуге соққанда Үлкен
театрда болып, Еуропа сазгерлерінің күйлерін тыңдады. Дәулеткерей билік
басында болған елуінші жылдардың бас кезінде Ордаға этнограф Теодор Паули
келеді. Ол Дәулеткерейдің үйіне әкімдігіне бола емес, күйші-сазгерлігіне
бола әдейі іздеп келіп, суретін салады. Өзінің топ ішінде домбыра тартып
отырған бейнесін, әйелі Саржанның, ұлы Азаматкерейдің келбеттерін сомдайды.
Дәулеткерей Шығайұлының күйшілік өнерін өнер зерттеуші ғалымдар
үш кезеңге бөліп қарайды. Бірінші, 1840 жылдарға дейінгі кезең. Бұл кезде
Дәулеткерей өзінің ұстазы Мүсірәлінің күйшілік өнеріне жастық сезіммен,
ынта-зейінмен беріліп, халықтың телегей-теңіз асыл мұрасынан еркін
сусындайды. Сол алғашқы кезеңде Акжелең, Қосалқа сынды керемет күйлері
дүниеге келеді. Күйшінің алғашқы шығарған күйлері сырлы сезімге, сұлу
суреттерге бай. Сол кезде дүниеге келген Қыз Ақжелең, Қосалқа,
Ысқырма, Қоңыр, Құдаша атты күйлері ұлы күйшінің жастық шағында
сұлуға сүйсінгенін, жүйрікке құмартқанын, жастық сезімге бой алдырғанын
аңғару қиын емес.
Күйшінің күйшілік өнерінің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың 40-60
жылдары шығарған күйлері айғақ бола алады. Әгәрки, Дәулеткерей алғашқы
кезеңінде өмірге жастық сезіммен, сұлулық пен сән-салтанатқа, думанды
ортада өскендігін паш етсе, енді екінші кезеңде өмірдің мәні мен сәнін,
сыры мен қырын көзімен көріп, көңіліне түйіп, хан-сұлтандардың өз
төңірегіне ғана түгін дүрдиткенімен күні өтіп бара жатқан өтпелі, қаугерік
халін түсінеді. Дәулеткерей 1855 жылы Петербургке барып, Александр ІІ
патшаның таққа отыру салтанатын көріп қайтқаннан кейін, өзінің туып-өскен
Ордасының орыстарымен салыстырғанда аттың төбеліндей ғана халқының тағдыр-
тәлейінің ақ патшаның қылбұрауына түскенін сезінді. Ордада отырған хан-
сұлтандардың тоңмайын, тосырқау мінездерін көріп, іштей торығады. Жас та
болса ел тағдырына ерте араласып, оң-солын танып үлгерген Дәулеткерей
Ресей патшалығының обырлығы мен озбырлығына көзі жетеді.
Дәулеткерейдің дәл осы кезеңде күй атасы Құрманғазымен кездесуі
шабытына шабыт қосып, күйшілік өнерге ден қоюына себепші болады. Атақты екі
күйшінің ынтымағы жарасып, бір-біріне күй арнайды. Күйлерінің атын
Бұлбұл қояды. Дәулеткерейдің осы кезде шығарған Салық өлген, Қарақожа
күйлері де күйші өнерінің толысып, кемеліне келген шағында туған дүниелер.
Дәулеткерейдің нағыз кемеліне келіп, күйшілік өнерінің толысқан
шағы қара халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Сырым Датовтың, Исатай-
Махамбет бастаған көтеріліске тұспа-тұс келді. Дәулеткерейді осынау
алмағайып, аласапыран кезең қатты толқытады. Күйшінің ең бір драмалық
шиеленіске толы Тартыс, Шолтақ, Топан, Жігер сияқты күйлері осы
кезде туады.
Ұлы күйшінің шәкірттері өз баласы Салауаткерей, әулеттес ағайыны
Әлікей күйші, Баламайсаң саналады. Ал немере інілері, Бөкей ханның
ұрпақтары Махамбет пен Ғабдолхакім, Науша Бөкейхановтар кешегі 1930-ыншы
жылдары Дәулеткерейдің барша күйлерін Затаевичке, Жұбановқа, Брусиловскийге
жаздырып кетті.
Махамбет Бөкейханов 1890 жылы туған. Дәулеткерейдің күйлерімен
қатар Әлікей, Сейтек секілді халық композиторларының ондаған күйлері оның
орындауында біздің заманаға жетті. Ол отызыншы жылдар басында бөкейліктен
Алматыға келіп, музыкалық драма театрының жанындағы қазақтың ұлт аспаптарын
жетілдіру шеберханасында қызмет етті.
Махамбеттің туған інісі, қоғам қайраткері Ғабдолхакім Бөкейханов
Қазақстанның алғашқы үкіметі – Қазревкомның мүшесі, Орынбор кезеңіндегі
ҚазОАК-тің жауапты хатшысы болды. Орынборда, Қызылордада, Нөкісте,
Шымкентте, Алматыда сан-салалы жауапты қызметте жүрген қайраткердің тағы
бір қыры – ол Әбілқайыр әулетінен шыққан дарынды домбырашылардың бірі
болатын. Отызыншы жылдары Мәскеуге барған бір сапарында Затаевичке ондаған
күй мен әндерді өз орындауында нотаға жаздырды. Этнографтың Қазақ халқының
1000 әнін қабылдау комиссиясының құрамындағы үш адамның бірі болды. Туған
ағасы, Құрманғазы оркестрін құрушылардың бірі, атақты күйші Махамбет екеуі
1937 жылы халық жауы жаласымен тұтқындалды. Антикеңестік ұйымның мүшелері
деген жаламен келер жылдың ақпанында атышулы Горячев тізімі бойынша
С.Сейфуллин, Қ.Жұбанов, Т.Жүргенов, С.Меңдешев секілді ұлтымыздың 39
қайраткерімен бірге бір күнде атылып кетті.
Науша Бөкейханов та Дәулеткерейдің дәстүрін жалғастырушы,
Құрманғазы оркестрінің негізін салушылардың бірі. Ол Затаевичке
Дәулеткерейдің Жігер, Керілме, Терісқақпай, Ысқырма секілді
жиырмадан астам күйін берді. Оркестрдің орындауына отыз күй енгізді.
Өнерпаздың орындауындағы жүзге жуық күйдің тең жартысы Дәулеткерейдің
шығармасы болатын. Наушаның орындаушылық өнері музыкалық образды бейнелеу
шеберлігімен, көркем саздылығымен ерекшеленетінін музыка зерттеушілері атап
көрсетеді.
Мысалы, А. Затаевичтің мінездемесі бойынша ол: Өзі бір жібек
мінезді, салмақты, аса сыпайы кісі, жанының шуағы мол, мейірбан адам.
Наушаның күйлері менің білуімше бұл халық суреткері дарынының мәнділігі мен
шынайы шеберлігін, музыкадан мол хабардар, сезімтал жан екенін сайрап-ақ
айтып тұр. Махамбетке қарағанда орындау мәнері мүлдем басқа. Соған
қарамастан екеуі де осы маңайдағы ең маңдайалды үздік домбырашылар.
Наушаның ең бір артықша қасиеті – тыңдаушысының құлағын әлдилеп, күйді өте
биязы, жұмсақ үнмен, сабырлы, байсалды қалыпта орындап, қазақ жұртының от
басы, ошақ қасындағы тыныш тұрмысы, жарасымды көңілінің поэзиясын шымырлата
жеткізеді. Әлбетте ол ылғи да сол мақамда, сол сарында қалып қоймай, үлкен
күш-қуаттың құдіретін танытып тартатын тұстары бар. Әйтсе де, бұл оның
табиғатына тән ерекшелік емес.
Бекетай құмның Астрахан жақ баурайын, Еділмен екі ортаны алып
жатқан Сүйіндік, Үштаған, Балқұдық, Азғыр, Орда өңірінде дүниеге келген,
одан Қарабайлы, Ақсарай, Шортанбайға дейінгі аймақты мекен еткен арғы-бергі
өнерпаздарды саналасақ, белгілілерінің өзі бір қауым болмақ. Бір заманда
Ұзақ пен Боғда бастаған домбырашылар негізін қалаған төкпе күй мәнерінің
мектебін жалғастырушылар Байжұма, Ыбыр Досалиев, соқыр Есжан күйшілер де
ғасырлар пернесін босаңсытпай, тылсым қазынаны кейінгілерге мұра етуге
септігі тиген тұлғалар.
Мұқан Төлебаевтің Біржан-Сарасына арқау болған Есжан күйлері,
Байжұмасы күйдің ерекше жанры саналып, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш,
Дина, Орыншаға осы атты күйлер шығаруға қанаттандырған Байжұма туындылары
бүгінде үлкен сахналарда жиі орындалады.
Ыбыр Досалиев тек күйші ғана емес, Теңіз өңірінің әлеуметтік
өмірін жырға қосқан ақын болған. 1879 жылы Құрманғазы ауданындағы Бесшоқы
тауы маңындағы Ақтөбе мекенінде дүниеге келген ол кешегі 1960-ыншы жылдарға
дейін жасаған адам. 1959 жылы Астрахан жерінде Құрманғазы Сағырбайұлына
ескерткіш орнату салтанатына қатысып:
Сексенге келіп тұрмын аяқ басып,
Сергідім жастарменен араласып.
Ғажайып жалды адамның ескерткішін
Ақсақал мен бастайын бетін ашып –
деп бата берген. Құрекең енді, міне, елге мәлім, айтуға көп нәрсені
келмейді әлім, бір-ақ жыл жолдас болып, көзім көрген деп жас кезінде
өзінің ерек дарыннан алған тәлімін мәлім еткен.
Осы өлкенің төл перзенті, Аққыстау жерінде дүниеге келген қазақтың
Хамит ақыны Ерғалиев өзінің Құрманғазы атты әйгілі поэмасының прологін:
Азғырда, жалпақшағыл Жиделіде,
(Жиделі әлі күнге дейді елі де)
Кектеніп ол заманда құм қазағы,
Сарнады сол арадан күй желі де, –
деп күйші туралы жыр-шежірені оның туған жерін ұлықтаумен бастайтын. Иә,
Азғыр мен Жиделі аймағы ұлы күйшінің мекені, жайлаған жері саналады.
Бөкейліктің құм-шағылында жиде ағашы бұрқырап өскен тұстарда Жиделі
аталатын жерлер көп кездеседі. Соған қарап Құрманғазының кіндік қаны бізде
тамған деп, өз ауылына қарай меншіктеуші ағайындар болуы заңдылық. Қошалақ
құмындағы Жиделіде ме, әлде Балқұдық пен Сүйіндік жеріндегі Жиделіде ме –
деп ғылыми тұрғыдан пікір жарыстырып жүрген зерттеушілерді де жоққа
шығармайтынымыз сондықтан.
Қалай дегенде де бүгінде осы күйшінің атын алып отырған ауданның
төрт құбыласында – құмы сусылдаған Нарын мен Қошалақта, толқыны шалқыған
теңіз алабында, бір кездегі айналасы айдын су Сахмада, Бөкей хан тұсындағы
Қарабай сұлтан әулетінің мекені, кейіннен Астрахан қарамағына кеткен өлке
– бүгінгі Харабайлыда, Азғыр даласындағы осы жер аттас қалмақ төресінің,
Бекмұхамбет қалпелердің қонысы болған Саранжапта Құрманғазының ізі қалған.
Нарындағы жиделіліктерді былай қойып, ол мәңгілік мекен тапқан Ресейдің
Алтынжар ауылындағы ағайындардың күйшіні өз перзенті санайтындарына да
қызғаныш таныта алмайсыз.
Құрманғазының рухани ізбасарлары, күйін құйқылжыта шертетін
бармағынан бал тамғандар бүгінде Қазақстанның қай бұрышында да жеткілікті.
Ал кезіндегі тікелей шәкірттері Дина Нұрпейісова, Ерғали Есжанов,
Меңдіғали, Мәмен туралы жеке-жеке тоқталуға да болады.
Осы аудандағы Ақтөбе ауылында дүниеге келген Ерғали Есжанов бала
кезінде Құрманғазыға еріп, ауыл аралап, күй шалған саңлақ болатын.
Ерғалидан Құрманғазы күйлерін еншілеген немере інісі Ғилман Хайрошев
Құрманғазы-ұстаз бен Ерғали-шәкірт туралы көп мәліметтерді Ахмет Жұбановқа
берген.
Белгілі ғалым-жазушы Ақселеу Сейдімбек өзінің Қазақтың күй
өнері атты кітабында: Сағырбайұлы Құрманғазы Бөкей хандығы, қазіргі Орал
облысының Жаңақала мен Бөкей Орда аудандарының аралығындағы Жиделі деген
жерде 1823 жылы дүниеге келіп, Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы Шайтани
Батаға деген жерінде, қазіргі Құрманғазы төбе деген жерде 1896 жылы
дүние салды. Басына қойылған құлпы тасында туған-өлген жылдары 1806-1879
деп көрсетілген. Бірақ мұның қате екенін академик А. Жұбанов нанымды
деректермен дәлелдейді. ( Жұбанов А. Құрманғазы. 1978, 144 бет).
Құрманғазының нағашы жұрты Беріш руы да өнері кемел, өр тұлға ұл-
қыздарға кенде болмаған. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге
түскен Ағатай батырдың есімі иісі Берішке ұран болған. Одан бергі уақыттағы
Өтеміс би, Исатай мен Махамбет сынды жаужүрек батырлар жалғыз Беріш руының
ғана емес, жалпы қазақтың ортақ перзенттері. Осындай қазақтың ғұлама
ғалымы, көрнекті мемлекет қайраткері Халел Досмұхамедовтың да Беріш руынан
екенін айта кету де артық болмас.
Құрманғазы тағдыр тәлкегін көп көріп, жоқшылық зорлық-зобалаңға тап
бола жүрсе де, әділетсіздікке бетпе-бет күресіп, көкірегін кернеген ашу-ыза
мен мұң-сырын күй етіп сыртқа шығарып, Түрмеден қашқан, Кісен ашқан,
Ертең кетем, Бұқтым-бұқтым, Не кричи, не шуми, Аман бол, шешем, аман
бол атты күйлерін өшпес мұра етіп қалдырды. Ол күйлерінің әрқайсысын ұлы
талантқа тағдырының басқа салған зобалаңның белгісіндей сезесің.
Қуғын-сүргін көре жүрсе де мойымайтын, тіршіліктің нұрлы
сәттерінде жас балаша қуанатын Құрманғазы сезімге берілген, нағыз күрескер,
арманшыл, елінің, жерінің тағдырын ойлаған сезімтал жан екенін аңғарасың.
Оның Қызыл қайың, Ақжелең, Адай, Сарыарқа, Балбырауын, Серпер,
Ақсақ киік, Төремұрат тағы сол сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның ішкі
жан дүниесін, туған жерге, оның тылсым табиғатына деген сүйіспеншілігін
сездіргендей.
Энциклопедиялық мәліметтер дерегімен берсек, 1864 жылы туып,
Астрахан айналасындағы балық кәсіпшілігінде жұмыскер болған Ерғали өзі де
Қоштасу, Маңғыстау, Бозашы деген лирикалық үнді, әсем ырғақты, сөзін
қосса әнге айналуға әзір тұрған мелодиялық күйлердің авторы. Кәсіпшілікке
қанша байлаулы болса да, Ерғалидың ара-тұра ұстазы секілді шалғай барып,
адай елін аралағанда туған дүниелері екені аңғарылады.
Азғырға қатысты алғанда Нарын құмының арғы-бергі бөктері болып
саналатын Жаңақала ауданының шептерінде туған, 19-ғасырдың алпысыншы
жылдары дүниеге келген Дина, Меңдіғали, Мәмен жас кездерінде Құрманғазының
қасында көп жүрген. Мәменнің Ақшолпан, Кербез Ақжелең күйлерін
бергідегі Бөкей домбырашылары сүйсіне орындап жүрді. Атағы алысқа жайылса
да, туған жерден көп ұзамай, қара шаруамен айналысқан күйші қазіргі
Жалпақтал ізіндегі Бесқалмақ атты жерде 1931 жылы дүниеден өтіпті.
Ал Меңдіғали күйші 1938 жылы Алматыға келіп, Құрманғазының өзгелер
білмейтін біраз шығармаларын орындап берген екен.
Бұл төртеуінен басқа академик Ахмет Жұбанов Құрманғазының тікелей
шәкірттері ретінде Көкбала, Сүгірәлі, Меңетай, Қали Алабаев, Тоғайбай,
Меңқара, Шора домбырашыларды атайды. Олардың өздері және шәкірттері ұлы
күйшінің орындаушылық дәстүрін халық арасына жайып, атын насихаттаған
өнерпаздар.
Құрманғазы ғасыры алыстап, кешегі 20-ғасыр таңы атқанда дәулескер
күйшілердің тағы бір легі - Жаңақала жерінде 1901 жылы Охап Қабиғожин, 1902
жылы Қали Жантілеуов, 1904 жылы Смағұл Көшекбаев (бүгінгі Құрманғазы
ауданының Ботақан мұнай кені жерінде), 1914 жыл Ғабдұлман Матов, іргедегі
Забурында Ғилман Хайрошев, 1914 жылы Бақсайда Зәмзәм Есжанова дүниеге
келді.
Қолы домбыра қағуға келіскеннен бастап Құрманғазының күйін жаттап
өскен бұл ұрпақ ұлы күйшіні көрмесе де, ол ғұмыр кешкен өлкеде әлі де
сарыны басылмаған саздарды алдыңғы өнерпаз лектен көкіректеріне айнытпай
құйып өсті.
1934 жылы Алматыға слетке Перовский маршпен арындата жеткен
Ғабдұлман күйші Құрманғазы туындылары рухтандырған талантының арқасында жас
болса да оркестрде концертмейстерлік, дирежерлік өнерге төселді. 1942 жылы
қанды соғыста, Харьков маңында қаза таппағанда, арынды, ағыл-тегіл екпінді
Ғабдұлман атағы алысқа кетер күйші болары анық еді.
Ел басына күн туғанда домбырасын автоматқа алмастырған Смағұл
күйшінің де өнердегі шеберлігінен майдандағы ерлігі кем түспей, Қызыл Ту,
Қызыл Жұлдыз, Отан соғысы ордендерін ала жүріп, 1945 жылы Жеңіске
санаулы күндер қалғанда Германиядағы Торн қаласында опат болды...
Құрманғазының өз жұрты қызылғұрт руынан шыққан Оқап аталас
күйшінің барша шығармасын жатқа ойнаған. Динаның өзі оның орындаушылық
өнеріне бас иіп, ұстазын қайта көргендей мейірленген. Оқаптың домбыра
ұстауына, қағысына, саусақ басуларына кәнігі музыка мамандары таңдай
қаққан. Скрипкада да шебер ойнайтын оның күй шертуі поэзияға толы
болатын. Оқап та жастай, 1942 жылы өмірден озды.
Республиканың халық әртісі, бүкіл өнерсүйер қауымның құрметіне
бөленген Қали Жантілеуов ұзақ ғұмыр жасап, Құрманғазы шығармашылығының
қалай дәуірлегенінің куәсі болды. Адай мен Терісқақпайды әйгілі етуде
шығарушы Құрманғазыдан орындаушы Қалидың еңбегі кем емес деген пікірді өнер
зерттеушілері тегін айтпаған.
Исатай мен Махамбеттің Әскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым,
айғайлап жауға тигенде, ағатай беріш ұраным деп алаулап, Нарынның намысына
айналдырған Бекетай құмында дүниеге келген Дина Нұрпейісова Құрманғазының
бірегей шәкірті, үміт күткен ізбасары. 1870 жылы тоғыз жасар керемет
домбырашы қыз бар дегенді естіп, Кенженің үйіне Құрекеңнің өзі іздеп келген
екен. Сөйтіп, әкесінен атақты домбырашылар бас қосатын жерлерге Динаны
ертіп жүруге келісімін алып, күй өнеріне жастай баулиды.
Өсе келе Дина Салауаткерейден әкесі Дәулеткерейдің, Әлікейдің,
Мүсірәлінің, Түркештің күйлерін үйренеді. 1937 жылы көркем өнерпаздардың
екінші слетіне қатысушы ретінде Алматыға келіп, республика жұртшылығына
танылды. Арада екі жыл өткенде халық аспаптарында орындаушы шеберлердің
Бүкілодақтық конкурсына қатысу үшін Мәскеуге барды. Оның құбыла сайраған
Бұлбұлы, шат-шадыман Тойбастары, адам жанын әлдилейтін Әсемқоңыры
ескі сарындардан ерекше, жаңа бағыттағы күйлердің негізін салған үздік
туындылар болды.
Дина тоғыз жасының өзінде Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш,
Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре
орындай алған. Дарынды қыздың атағы дүйім жұртқа күйші қыз деген атпен
әйгілі болып, тіптен күй атасы атанған Құрманғазының өзі арнайы іздеп
келген. Домбырашы қыздың өнеріне сүйсінген күй атасы өз баласындай қамқор
көңіл білдіріп, өнеріне сүйсініп, батасын берген. Құрманғазы Динаға жай
ғана батасын беріп қана қоймай, сан мәрте іздеп келіп, додалы күй
айтыстарына ертіп апарып, алқалы топтың алдында бәйгеге қосқан құр аттай
өнер сайысына қатыстырып, күйшілік шеберлігін шыңдай түскен. Сөйтіп ол
тоғыз жасынан бастап, бой жетіп, он тоғыз жасқа толғанға дейін Құрманғазы
ұстазының баулуында күйшілік өнерге машықтанады.
Өнер зерттеуші ғалымдардың деректеріне сүйенсек, жалпы, Динаның
күйшілік өмір жолы қиял-ғажайып дүниедей елестейді. Тоғыз жасында
Құрманғазыдай ұлы күйшіден бата алған Дина 90 жасқа толған салтанат
кешінде Құрманғазының күйін шабыттана шертіп, дүйім жұртты таң-тамаша күйге
бөлейді.
Келіншек кезінде аты ел аузында аңызға айналған Дина талай рет
білек сыбана күреске түскен сәттері де болған деген аңыз бар. Таланты буыр
қанып-бусанып тұрған ол 1937 жылы Алматыға тұңғыш рет келіп, асқан
дарындылығымен республика жұртышылығына танымал болды. Осы сапарында ол
халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие
болады.
Палуан күресте шыңдалады демекші, Динаның күйшілік өрісі жыл
өткен сайын кеңи түсіп, 1939 жылы 77 жасында халық аспаптарын тартатын
өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық Бірінші Байқауында, сонан соң
1944 жылы 83 жасқа келген тұсында Орта Азияның бес республикасынан
өнерпаздар қатысқан Тәшкенттегі он күндік байқауда Дина тағы да жүлделі
орындарды жеңіп алады.
Нұрпейіс келіні Дина өзінің шығармашылық ұзақ жолында Ана
бұйрығы (Майдандағы ұлыма), Әсемқоңыр, Байжұма, Бозшолақ,
Бұлбұл, Домалатпай, Жеңіс, Жігер, Кербез, Қосалқа, Он алтыншы
жыл тағы басқа күйлерімен өнер тарихында өшпес мұра қалдырды. Осы
күйлердің әрқайсысының өзіндік тарихы, өзіндік сыр-сымбаты, ерекшеліктері
бар.
Қасиетті өлкелерде кейде құбылыстардың қайталанып тұру заңдылығы
болады. 19-ғасырда Динаны берген өнер бесігі 20-ғасырда дәл сол аймақта
тағы бір белгілі домбырашыны – Бақыт Қарабалинаны дүниеге әкелді. (Кейін
профессор және Республиканың Халық Әртісі атанды). Динаның өз күйлерін,
Дина орындайтын барша күйлерді, Құрманғазы мен Дәулеткерей шығармаларын
қоса алғанда, асқан шеберлікпен, авторлардың ой-арманын тыңдаушыларына
жеткізе орындайтын майталман күйшіні жиырмасыншы ғасырдың Динасы деуге
әбден болады! Табиғат берген талантын консерваториялық біліммен байыта
келгенде Қарабалина Бақыт Еуропа классиктерінің аспаптық сюиталары мен би
полонездеріне дейін орындап, қазақ домбырасының мүмкіндігін шалғайға
мойындатқан музыкант. Кинода Динаның рөлін ойнап, ішкі тебіреніс пен
күйшілік дарыны үйлесім тауып, кейіпкерінің шынайы образын жасады.
Кешегі дүниежүзілік соғысқа Алматдан аттанған атақты музыкант
Ысқақ Уәлиев та Дина күйшінің ауылында Каспийдің жағасында сыбызғысын
сызылтып өскен өрен еді. Өгей шешенің қысымына шыдамай туған үйінен уақытша
кетіп, Теңіз бойында жүргенде қойнауы тағы аңға толы қалың нудың ішінде
адасқан Ысқақ бала іздегендер болса өзін тауып алсын деп ерекше бір күй
ойнайтын көрінеді. Кейіннен астана сахнасынан Толқын деп орындаған, өз
жанынан шығарған ерекше сазды тұңғыш шығармасы сол еді. Азғырдың бір
сұлуына арнаған сазын бөкейлік күйшілер дәстүріне еліктеп Кербез атаған.
Ысқақтың әкесі Уәли де асқан сыбызғышылығымен танылып, сонау
Петербургке барған. Орыстың соңғы патшасы өз тағына отырар мұрагері, жалғыз
ұлы дүниеге келгенде бүкіл империядан өнерпаздар шақырып той жасаған.
Павловка облысындағы іріктеу сайысында қазақтың он сегіз жасар әнші қызы
Қанипа екеуі ақ патша алдында өнер көрсетуге лайық деп танылған. Музыка
зерттеушісі Ахмет Жұбановтың Уәли туралы ел ішінен жазып алған әңгімесі
бойынша: Ол әрдайым аспабын ұстап, дыбысы бірқалыпты қоңыр үнде тұруы үшін
ішіне су бүркіп, дымқылдап отыратын. Оның үстіне бірінші рет сахналық
жоғары орын – эстрадаға шыққаны осы еді. Сыбызғысын қолына алып, аспабын
тексеріп, бабына келтіріп алды. Ол Қоңыр қаз күйін сызылта ойнай бастады.
Бұл аңыз күйді ол өзінің ұстазы, атақты сыбызғышы Сармалайдан үйренген
еді.
Зерттеушілер Сармалай шығармашылығының ең шоқтығы Бұлбұл күйі
деп таниды. Аталған күйде сыбызғы аспабының барлық шеберлік мүмкіншілігі
қатар танылады.Тамылжыған сандуғаш үні құлаққа келеді. Сөйтіп, бөкейлік
өнерпаздардың бәріне тән болған бұлбұлдың әні Сармалай шығармашылығынан да
тыс қалмаған. Өйткені домбырадан гөрі бұлбұлдың үні сыбызғы көмейінен
табиғи шығады. Әрі Сармалай өз сыбызғысына бұрынғылардағы үш-төрт тесіктің
орнына алты тесік орнатады. Сөйтіп музыка тілінде регистр, диапазон
делінентін ұғымдарды білместен, естіместен-ақ сыбызғышы іс жүзінде шебер
жетілдіреді. Сарымалай өзінің шығармашылық өнер жолында Асқақ Құла,
Бұлбұл, Жетім қыз, Қара жорға, Қоңыр бұқа, Нар идірген т. б.
күйлер қалдырған.
Бір есімнен сыр тартсаң-ақ болды, бөкейлік өнерпаздардың өзара
сабақтастығы, ұстаз-шәкірт буынының жалғастығы ажырамастан алға келеді.
Ысқақ, Уәли – Сармалай болып, ары қарай есімі белгілі-белгісіз
сыбызғышылардың Ақтөбе сағасы мен Азғыр даласына мол тарап, сонау Қорқыт
дәуіріне алыстай түсетіні сондықтан.
Қартайған шағында ел аралап, бірде Еділден өтіп, башқұрт жеріне
барып, қурайшыларын тыңдап тамсанады. Оларға еліктеп Естек күй шығарады.
Жайықтан өтіп, Маңғыстау барады. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын адайлар
арасында көне аңыздарды сыбызғы тілімен сөйлетеді.
Сармалайдың патшалы Ресей тұсында Петербургке жолы түссе, кешегі
Кеңес үкіметінің бастапқы жылдары ел астанасы Мәскеудің төрінен күй
күмбірлеткен осы өңірдің тағы бір майталманы Сейтек болатын. Азан шақырып
қойған аты Сейітқали Бөкей ордасының Саралжын деген жерінде 1860 жылы туды.
Сейітқали домбыра тартуды алғашқыда ағасы Сұлтанғалидан үйренген
екен. Келе-келе Әлікей, Макар, Салауаткерей, Тұрып күйлерінен қанаттанып,
өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтан батыр
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Түркістан өңірі тұрғындарын енді Ресейдің кару күшімен басып алудағы негізгі мақсатын айналымға түскен жаңа құжаттар мен деректер негізінде көрсету
Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама
Шығыс Қазақстанның киелі ескерткіштерінің зерттелуі
Ақсуат ауылдық округі
Балұстаұлы Есбай
Пәндер