Html тілінің атқаратын қызметі. HTML құжаттың құрылымы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
HTML тілінің атқаратын қызметі
Web - парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері мек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі. Ал, үшінші компьютердегі Web парақтарының мәтіндері қағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.
Құжаттарды әрбір тұтынушың әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметтерін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады. Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң оны броузер программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптері мен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтін дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.
HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы HTML тілінің соңғы 4. 0 нұсқасында мәтінді пішімдеу командасын пайдалану ұсынылмаған.
HTML командалары
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тег (tag) деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тәг «кіші» (<) символынан басталады да «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштың жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштың тақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз - тәг орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бос әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тәг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.
HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттардың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тәг қатар қолданылады: бірі - ашады, екіншісі - жабады. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг - сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс.
Кейбір тәгтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізетін. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тәг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.
Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өзара бейнеленбей тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.
Тег атрибуттары
Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар - тәг атауының және бір - бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздерден тұрады.
Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен тендік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.
HTML құжаттың құрылымы
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редактордың бірін, мысалы Windows ортасындағы Блокнотты, пайдалана беруге болады.
1. HTML құжатының кез келгені < HTML > тегінен басталып, соған сәйкес </ HTML > түріндегі жабылу тегімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.
2. Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тегтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат тұралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікті <TITLE>… </TITLE> тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.
3. Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталады. <BODY>… </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады.
Осы айтылған төрт тәг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ <HTML>, <TITLE> тәгтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушының қандай броузер пайдаланатыны оның қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз болады ғой.
Енді қарапайым түрде дұрыс құрастырылған HTML құжатын мысал ретінде келтіре кетейік.
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Құжат тақырыбы </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
Бұл мәтін экранға шығады.
</BODY>
</HTML>
Осы құжат жұмысы нәтижесінде экрнаға мынадай мәтін ғана шығады. Бұл мәтін экранға шығады.
Құжаттың функционалдық бөліктерін анықтау.
HTML тілі құжаттың функционалдық жеке бөліктерін сипаттауға арналған. Көптеген құжаттарда негізгі функционалдық бөліктер ретінде тақырыптар мен абзацтар қарастырылады.
1. HTML тілі құжаттардың ішкі тақырыптарының көлеміне қарай алты түрлі деңгейін жасай алады. Олар <H1> және </H1> тәгтерінен басталып, <H6> және </H6> тәгтеріне дейін жалғасады. Компьютер экранында олар әр түрлі мөлшердегі қаріптермен көрсетіледі.
HTML тілінің идеологиясы бойынша тақырып болып келетін кез келген мәтін осы тәгтердің бірімен бейнеленуі тиіс. Бірақ бұл тәгтесіз де мәтін әріптерін үлкейтіп жазатын басқа мүмкіндіктер де бар.
2. Жаңа жолдан басталатын абзацтарды белгілеу үшін <P> тәгі (жабу тәгі </P>) қолданылады. Бір абзацты жаппай жаңа абзац бастап кетсек, ылдыңғы абзац автоматты түрде жабылады.
Сондықтан көбінесе <P> түріндегі жабу тәгін жазбаса да болады. HTML тілінде абзац азат жолдан басталмайды, тек абзацтар арасына бір бос жол қалдырып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп бөліп тұру үшін көлденең горизонталь сызық қойылады. Горизонталь сызық қою <HR> тәгімен көлденең орфндалады, оның жабу тәгі болмайды.
3. Сөздер арасына қойылған бірнеше бос орын таңбаларының тек біреуі ғана көрініп тұрады да, басқалары жойылып кетеді. Сол сияқты келесі қатарға көшіретін Enter пернесін басу таңбасы да HTML тілінде ешбір әсер етпейді.
4. Егер абзац жасап бос жол қалдырмай, жаңа жолға көшу қажет болса, онда парсыз жалғыз қолданылатын <BR> тәгін қолдану керек.
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Құжаттың функционалдық
бөліктері </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
<H1> 1 - деңгейдегі бас тақырып </H1>
<H2> 2 - деңгейдегі ішкі тақырып </H2>
<H> Мына жолдар екі - үш қатарға бөлініп жазылғанымен
олар бір жолға бірге жазылады.
<Р> Жабу тәгін жазбаса да болады. <Р>
Абзац басы тәгі тек жаңа жолға көшіріп қана қоймай, жол арасына орын қалдырып отырады.
<NR> Горизонтал сызықтан кейінгі мәтін <BR> екі жолға бөлініп жазылған
<BODY>
</HTML>
Құжаттың негізгі бөлігі
Құжаттың тақырыптан кейінгі негізгі бөлігі <BODY> … </BODY> тәгтерінің ортасында орналасады. Мұнда көптеген атрибуттар, яғни параметрлер болады. Олардың әрқайсысы құжаттың фонын, әріптерін, түсін, гиперсілтемелер түсін т. б. анықтайды. Бұл тәгтің негізгі атрибуттары: BACKGROUND, BGCOLOR, TEXT, LINK, VLIN және ALINK. Олар төмендегі түрде жазылады.
<BODY 1 - параметр = мәтін 2 - параметр = мәтін 3 - параметр = мәні . . . > құжаттың негізгі тұлғасы . . . </BODY>
1. Параметрлер тізімін толық берудің қажеті жоқ, көбінесе олардың бірде біреуі болмауы да мүмкін мұндайда олардың алдын ала келісім бойынша бекітілген мәндері қолданылады.
BGCOLOR , - құжаттың жалпы мәтінінің фоны түсін анықтайды, егер ол көрсетілмесе, ақ түс қолданылады. Фон түсі ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі. Олар жайында кейінірек айтылады.
Мысалы
<body bgcolor = “yellow”> мұнда фон сары түсті болады.
TEXT - мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса келісім бойынша қара түс қабылданған. Фон түсін түсі бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі.
LINK - гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе ол көк түс болып саналады.
ALINK - гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін белгілейді. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.
BACKGROUND - мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол түсқағаз (обои) рөлін атқарады. Суреттік файлдың типі gif немесе jpg болуы тиіс.
Суреттің адресі көрсетілсе ол Интернет желісінен тауып алынады. Мысалы: = body bgcolor = lightyellow text = red link = purple vlink = maroon alink = fuschia background = “face. jpg”>
2. HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі сан қызыл (Red) түс бөлігін, келесі екі сан - жасыл түс (Green) бөлігін, соңғы екі сан көк (Blue) түс бөлігін анықтайды. Жоғарыдағы көптеген параметрлер түсті пайдаланады олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе солардың кодтарымен төмендегідей түрде беріледі. :
Black = “# ” қара
Silver = “# сососо” күміс түсті
Gray = “# 808080” cұр
White = “# f” ақ
Maroon = “# 8” қызылкүрең
Red = “# FF000” қызыл
Purple = “# 800080” күлгін
Fuchsia = “# FF00FF” қызғыш
Green = “# 008000” жасыл
Lime = “# 00FF00” лимон түсті
Olive = “# 808000” кофе түсті
Yellow = “# 00” сары
Navy = “# 80” қаракөк
Blue = “# FF” көгілдір
Teal = “# 008080” шай түсті
Aqua = “# 00” көк
HTML 4. 0. нұсқасынан (версиясынан) бастап кез келген құжатты әдемілеп әшекейлеу ісін сол құжаттан бөлек жасауға болатын болады алайда бұл мүмкіндікті көптеген броузерлер арқылы әзір жасауға болмайды. Сол себепті HTML тілінде, тек қана құжаттарды безендіру үшін ғана қолданылатын тәгтер бар. Мүмкін HTML нұсқаларының алдағы түрлерінде осында жазылған кейбір тәгтердің қажеті болмайтын шығар, бірақ әзірше оларды пайдалануға болады.
1. Әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін <FONT> тәгін пайдаланады. Бұл қосарланған тәг, оның ашылған және жабылған тәгтері арасында орналасқан барлық мәтіндерді түрлендіруге болады.
<FONT> тәгінде қолдануға болатын SIZE = …; COLOR = … ;
FACE = … ; тәрізді үш атрибуттың бірі тұруы тиіс.
SIZE = … атрибуты әріптің көлемін тағайындайды. Әріптердің алдын ала берілетін жеті түрлі көлемі бар, олар 1 - ден 7 - де дейінгі сандармен белгіленеді. Бұл сандар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды. Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол 3 - ке тең болып саналады.
COLOR = … атрибуты әріптің түсін таңдау мүмкіндігін береді, ол ағылшын тіліндегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы немесе RGB жүйесіндегі он алтылық санмен берілуі мүмкін.
FACE = … атрибуты қаріп (шрифт) типін береді. Осы атрибуттың мәні компьютерде орнатылған қаріптер атының біріне сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьютерінде қандай қаріптердің орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті осы атрибутты көрсетпеген дұрыс. Мысалы:
<BODY>
Алдарыңызда <FONTCOLOR = ” red ” FACE = “ ARIAL ” SIZE = “ 3 ”> үшінші мөлшермен arial типімен жазылған қызыл түсті әріптер </FONT> »»
</BODY>
Мұның нәтижесі:
2. Осы параметрлердің барлығын бүкіл құжат үшін бірден беру қажет болса онда <BASEFONT> атты бір ғана тәг пайдаланылады. Бұл тәгте де жоғарыда келтірілген атрибуттар пайдаланылады, олар қаріп түрін, түсін және мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, үнсіз келісім тәсілі бойынша белгілі бір мәндер таңдалып алынады.
3. тәгтердің тағы бір арнайы тобы қаріптердің сызылымын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді. <B> және </B> тәгтері араларында орналасқан мәтін қарайтылған қаріпке ауысады. <I> және </I> тәгтері қаріптерді курсивпен берсе, <U> және </U> тәгтері мәтіндердің астын сызып, <S> және </S> тәгтері - белдерінен сызылған символдарды бейнелейді. Мысалы:
<HTML>
<HEAD> Қаріп типін, түрін, мөлшерін басқару
</HEAD>
<BODY>
<BASEFONT SIZE = 4 FACE = “Arial KZ”>
Негізгі қаріп Arial KZ типінде төртінші мөлшермен жазылған <P> <FONT SIZE = - 2 FACE = Times New Roman KZ “ COLOR= “ GREEN ” >
Бұл мәтін әріптері алдыңғыдан екі мөлшерге ұсақтау және ол басқа қаріп типі мен жасыл түсті қолданылады.
</FONT>
<P> <B> қарайтылған қаріп түрі </B>
<P> <I> қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі </I>
<P> <U> асты сызылған қаріп түрі </U>
<P> <S> белінен сызылған қаріп түрі </S>
</BODY>
</HTML>
HTML тілі элементтері
Beb - бет мәтінге қоса гиперсілтемелер де енгізіліп дайындалады. Оған түрлі суреттер, фотографиялар, кестелер мен мультимедиялық информацияның да енгізілуі мүмкін ( мультимедия - компьютерде информацияны, дыбысты және қозғалыстағы бейнелерді біріктеріп көрсету үшін жинақталған технология. Beb - беттер компьютер экранында әдеттегідей форматталған түрде көрінгенімен көбінесе олар құжатты форматтауға арналған гипермәтінді белгілеу тілі деп аталатын HTML тілінде дайындалады. HTML де қатаң ережелері бар компьютерлік тіл, ерекшелігі: оған енгізілетіндердің басым көпшілігі кәдімгі мәтіндерден тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz