ЖЕКЕ АДАМДАРДЫ МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1 Тәрбие психологиясы
2 Іс.әрекет — адамды жеке адам ретінде қалыптастыру негізі
3.Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің психологиялық аспектілері — жеке адамды қалыптастырудың оптималды шарты мен құралы

Тәрбие психологиясы туралы жалпы түсінік. Тәрбие кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. "Дамыған социалистік қоғамда коммунистік дүниетанымы биік адамгершілік қасиеттері бар, терең идеялы, сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа творчестволық көзқараспен қарайтын жаңа адамды жеке адам ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып, коммунистік қарым-қатынас құрудың маңызды шарты болып табылады.
Бұл міндетті шешу қазіргі психологиялық-педагогикалық білім жүйесінде талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық жағынан дамытып отыруды көздейді.
Тәрбие психологиясын зерттеудегі маңызды мәселелердін ішінде жеке адамды онтогенезде қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықты, кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орында тұр. Бұл мәселелер даму үстіндегі адамның іс-әрекеттерінің түбегейлі проблемаларын, оның санасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан зерттеледі. Зерттеушілердің назары бірнеше міндеттерді шешуге ба-ғытталады.

VIII ТАРАУ ТӘРБИЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
VIII. I. ЖЕКЕ АДАМДАРДЫ МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кіріспе: Тәрбие психологиясы туралы жалпы түсінік. Тәрбие кез келген
қоғамның маңызды функциясын құрайды. "Дамыған социалистік қоғамда
коммунистік дүниетанымы биік адамгершілік қасиеттері бар, терең идеялы,
сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа творчестволық көзқараспен қарайтын
жаңа адамды жеке адам ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып,
коммунистік қарым-қатынас құрудың маңызды шарты болып табылады.
Бұл міндетті шешу қазіргі психологиялық-педагогикалық білім жүйесінде
талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық
жағынан дамытып отыруды көздейді.
Тәрбие психологиясын зерттеудегі маңызды мәселелердін ішінде жеке
адамды онтогенезде қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықты,
кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орында
тұр. Бұл мәселелер даму үстіндегі адамның іс-әрекеттерінің түбегейлі
проблемаларын, оның санасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан
зерттеледі. Зерттеушілердің назары бірнеше міндеттерді шешуге ба-ғытталады.
Жеке адамдарды белсенді мақсатқа бағыттап қалыптастыру мүмкін бе? Бұл
тұста ғалымдардың дүниетанымдық көзқарасы, жеке адам мәні, алдымен, оның
қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік әрі биологиялық бастаманың қарым-
қатынасы, неғұрлым дәл шектеледі.
Жеке адамның адамгершілік өрісін қалыптастырудағы заңдылықтар мен
механизмдер мүмкіндіктері, шарттар және бұл процеске белсенді ықпал жасау
механизмдері қандай? Бұл сәттерді талдауда совет психологиясы адам іс-
әрекетінің мәні және оның құрылысы мен өзгерісі туралы маркстік
қағидаларға негізделеді.
3.Жеке адамды қалыптастыру процесіне ықпал жасауда зерттеу мен
ұйымдастыру жүйесінің принциптері мен шарттары қандай? Бұл тұрғыда әрбір
дәуірге тән психикалық дамудың жас шағы кезеңдеріне бөлу іс-әрекеттің,
жетекші типтері туралы совет психологиясы ғылымының қағидалары аса маңызды
орын алады.
4. Жеке адамды психологиялық қайта құрудың аса мол мүмкіншіліктерін
қамтамасыз ететін тиімді формалары, шарттары мен тәрбиелеу процестерін
ұйымдастыру мүмкіншілдіктері қандай? Олар біздің қоғамның, жағдайында
тәрбиелеудің негізгі мақсаты — жеке адамдардың, коллективтік сапасын
қалыптастыру, олардың іс-әрекеттерін қоғам мүддесіне бейімдеумен
айқындалады.
Тәрбие психологиясы педагогикалық процесті мақсатты түрде ұйымдастыру
тұрғысында жеке адамды қалыптастырудағы психологиялық заңдылықтарды
зерттейді.
Тәрбие психологиясы тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиелеушілердің, өзара
әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге
субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде
іске асатын процесс ретінде қарастырады.
Жеке адамның моральдық-еріктік өрісін, адамгершілік санасын,
адамгершілік түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығының
адамгершілік негіздерін, адамгершілік сезімдерін басқа адамдарға, қоғамға
деген қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық тәсілдері мен әдеттерін
қалыптастырудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, тәрбие
психологиясы даму үстіндегі жеке адамды белсенді жобалауды, қазіргі
балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың
принциптері, шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдарын табады.
Тәрбие психологиясы оқушылардың тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық
іс-әрекеттері заңдылықтарын шәкірттердін өзін-өзі тәрбиелеуінің
психологиялық негізін аша отырып, осы механизмдердің жеке адам қасиетін
қалыптастырудағы ықпалын зерттейді.
Тәрбие психологиясы кейбір психологиялық өзгешеліктердің тежелуі және
қайта құрылуларын, жаңадан пайда болуын және даму процестерін қарастырады.
Міне, сондықтан да баланың жаңа психологиялық мүмкіндіктерін жасауға
бағытталу, Л. С. Выготскийдің пайымдауынша, баланың психикалық дамуынан
кенже қалмай, кайта оны ілгері бастыртып, өз соңына ертіп, мақсатқа
бағыттай ұйымдастырып, басқарып отыратын тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға
мүмкіншілік туғызады.
Жеке адамды онтогенезде мақсатты түрде қалыптастырудағы айқын
заңдылықтарды табу балаларды тәрбиелеуді ғылыми негізде құруды, сонымен
бірге психологиялық теорияның даму базасын жасауды қамтамасыз етеді.
Психологиялық білімнің негізгі саласы ретінде тәрбие психологиясының
басты ұйымдастыру кезеңі — жеке адамды онтогенезде белсенді мақсатты түрде
қалыптастыру мүмкіндіктері туралы қағида. Бұл советтік психология ғылымының
қоғамдық ролі мен өскелең адамның жеке басын қалыптастырудағы генотиптік,
яғни жеке адамның, қалыптасуындағы әлеуметтік, жеке биологиялық арақатынас
проблемаларының орнын бағалау көз-қарасымен анықталады.
Жеке адамның қалыптасу шарттары жөніндегі биологиялык және әлеуметтік
арақатынасы туралы мәселе — жеке адамды түсінудегі шешуші мәселе.
Бұл мәселенің принциптік маңызы былай түсіндіріледі, әлеуметтік
жағдайдың жетекші ролін мойындау жеке адамның дамуына қоғамның белсенді
ықпал ететінін көрсетеді, жан-жақты өсіп өнуіне бөгет жасайтын әлеуметтік
себептерді жоюға бағдарланады. Ал адамның биологиялық болмысының анықтаушы
ролін мойындау — жеке адамды қалыптастырудағы қоғамның ролі тек қана
адамның хайуандық бастамасын білдірмеумен шектеледі деген ұғымға тең.
Советтік тәрбие психологиясы индивидтің психикасы биологиялық және
әлеуметтік факторлардың өзара іс-әрекетінің күрделі процесінде дамитынынан,
оның ішінде адамның қоғамдық тіршілігінің нақты-тарихы шарттары, оның басқа
адаммен қарым-қатынасы мен өзара байланыстарының сипаты, оның тәрбиесінің
бағытталуы шешуші роль атқаратынынан бастайды. Басқаша айтқанда, жеке адам
ретінде қалыптастыру сипаты қоғамдық қатынастардың қазіргі бар объективті
жүйесімен анықталады және осы жеке адамның іс-әрекеті бұл қарым-қатынастың
жағдайында қалай жинақталуына, оның басқа қоғам мүшелерімен өзара
байланысына тәуелді болады.
Совет психологиясының бұл басқы методикалық бағыты буржуазиялық
психология ғылымының бағытынан түбегейлі өзгеше. Кейбір буржуазия
психологтары жеке адам дегенде оны өскен ортасының мәдениет жұқанақтары
деп түсіндіреді. Екіншілері оны тек қана адамның әлеуметтік рольдерінің
тұтастығын меңгеріп алу болады дегенге саяды. Үшіншілері, ал олар көп, жеке
адам генетикалық тұрғыдан алдын ала жоспарланған, биологиялық тұрғыдан
алдын ала анықталған деп сендіреді. Осындай теориялық негіздемелердің
салдарынан, буржуазиялық зерттеушілер жеке адамның кейбір сапасының өмір
мен тәрбие жағдайына байланысты анықтау, жеке адамның әр түрлі сапасын
айқындау, мөлшерлеу әдістерін, зерттеуде көпшілігінде жеке адамның даму
бастамалары мен заңдылықтарын теріс түсінеді. Қате методологиялық бағдарлар
алынған эксперименттік деректер мен оның жалған, бірқатар бұрмаланған
түсінігі арасында заңды қайшылықтар тудырады.
Капиталистік елдерде осы күнге дейін адам жаратылысын өзгерту мүмкін
емес деген реакциялық философиялық-психологиялық ілім басым. Адамды тұрақты
және ғасырлар бойы генетикалық программалы биологиялық бірлік
ретінде қарайды. Жеке адамды дамытудағы табиғи-биологиялық бастамаға
жетекші тізгін бере отырып, буржуазия психологтарының көпшілігі оның
өмірлік тағдырын белгілейтін психикалық касиеттері адам табиғатымен
жаратылады деп сендіреді. Жеке адам дамуының тіпті әлеуметті түрде
ұйымдастырылатын оқыту шарттарына байланысты ақыл-ой сияқты саласын
дамытуда кейбір ірі психологтар табиғи бастамаға үлкен мән беретіні де
белгілі. Бұған Ж. Пиаже жасаған психикалық дамудың жалпы теориясы мысал
бола алады. Бұл теорияда интеллектік түсінік нақтылы психикалық түсінікпен
бір ретте, яки сол негізде тұжырымдалған. Дж. Брунердің редакциясымен
шыққан кітапта Пиаженің позициясы былай деп бағаланады. Оның (Пиаженің)
көзқарасына сәйкес, ақыл-ойдың жетілуі биологиялық детерминизм сияқты болып
көрінеді ... Әйтседе Пиаже қоршаған ортаның ықпалын белгілі бір роль,
жорамал, кез қылу деп қана қоймайды.
Бірақ қазіргі заманғы мәдени-тарихи процестің ерекшеліктері және
ғылыми білімдердің даму деңгейі капиталистік елдерде де жеке адамның
әлеуметтік табиғаты идеясын қабылдап, талдайтын ғалымдардың саны өсуін
туғызып отыр. Алайда дүниетаным позициясының таптық сабақтастығы көптеген
батыс психологтарының жеке адамды дамытудағы әлеуметтік факторлардың ролі
мен мәнін дұрыс түсінбеушілікке әкеліп соқтырды. Қазіргі заманғы кейбір
буржуазиялық теориялардың адамды дамытудағы әлеуметтік факторларды
мойындағанымен, оны шын мәнінде жалаң түрде түсінетіндігін еске алу қажет.
Қезінде . С.Выготский буржуазия психологтары баланың жеке басы әлеуметті,
бірақ әлеуметтіліктің өзі организмдердің биологиялық ықпалында болады деген
қарапайым схема бойынша әрекет-ете отырып, әлеуметтікті биологиялық
ықпалдың, жай түрі ретінде ашып беретінін атап айтқан болатын.
Советтік психология ғылыми жеке адам ретіндегі адам туралы маркстік-
лениндік теория негізінде жеке адам дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың
күрделі диалектикасын ашып берді. Ерекше жеке адамның мәнін,— деп атап
көрсетті К.Маркс,- оның сақалы емес, оның, қаны емес, онын, абстракциялық
дене табиғаты емес, оның әлеуметтік сапасы құрайды.... Адамдар, маркстік
түсінікте, жағдайлар мен тәрбие өнімінің мәні. Индивидте қалыптасқан
қабілеттердің бәрі құрамы мен сапасы жағынан басқа индивидтермен қарым-
қатысымен және олардың тарихын иемденумен анықталатын өмірлік білім болып
табылады.
Қазіргі заманғы ғылымның жетістіктері, атап айтқанда, совет
ғалымдарының — философтарының, психологтарының,
педагогтарының,физиологтарының және генетиктерінің еңбектері (П. Я.
Гальпериннің, Н. П. Дубининнің, Л. В. Занковтың, Э. В. Ильенковтың, Б. М.
Кедровтың, А. Н. Леонтьевтің, А. Р. Лурийдің, А. В. Петровскийдің, С. Л.
Рубинштейннің, Б. М. Тепловтың, Д. Б. Элъкониннің және басқалардың) — В. И.
Лениннің адамның тіптен биологиялық қасиеттерінің өзі де әлеуметтік
жағдайдың ықпалымен өзгеріп отырады деп айтқан қағидасының шын мәнісінде
дұрыс екенінің айғағы. Тек қана әлеуметтік ортада, мақсатты түрде
тәрбиелеудің процесінде адам әлеуметтік мінез-құлқының программасы
жасалады, адамның жеке басы қалыптасады.
Адамның жеке басы және оны қалыптастыру ерекшеліктері. Адамның жеке
басы туралы түсінік — тарихи ұғым. Әр түрлі тарихи кезеңдерде оған түрлі
мағына енгізілді. Советтік тәрбие психологиясында жеке адам турасындағы
түсінік, бұрын да айтылғандай адам негізі жеке индивидке тән абстракт
ретінде емес, ол барлық қоғамдық қарым-қатынастың жиынтығы екенін
анықтайтын маркстік-лениндік философия қағидаларына негізделген. Және де
сол қоғамдық қатынас — осы арақатынастан құралған адам іс-әрекетінің
жемісі. Тек басқа адамдармен өзара іс-әрекеттегі қарым-қатынас қана жеке
адамды қалыптастыру базасы болып есептелді.
Адам қажеттілікті қанағаттандыру көзі болатын қоршаған ортаға тәуелді
бола отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді, оны және өзін мақсатты іс-
әрекет процесінде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы
түрдегі белсенді іс-әрекеті — оның жеке басын қалыптастырудың, оның
психологиялық өзгешеліктерін қалыптастырудың негізі.
Жеке адам табиғи индивидтің іс-әрекетінің, қарым-қатынасының,
танымының негізінде қоғамдық қатынастар жүйесінде қалыптасқан маңызды сапа
ретінде танылады (А. Н. Леонтьев). Қалыптасқан жеке адам өзінің көзқарасы,
ұғымы, моральдық талаптары, бағалауымен, саналы қойған мақсатымен, өзінің
қылығын, іс-әрекетін басқара білуімен сипатталады.
Жеке адамның тұтас құрылымының өзегі — оның тәменгі не жоғары ретті
мотивтерінің күрделі, баспалдақты (иерархиялы) құрылысы бар іс-әрекетінің
мотивті өрісі болып табылады. Жеке адамды бөлектемейтін, оның мүддесін
қоғам мүддесімен ұштастыратын жоғары мотивтердің жалпылану және тұрақтылық
дәрежесі жарасымды дамуды тудырып, біздің қоғамның адамгершілік нормаларына
сай келетін жеке адамның қалыптасқандығын дәлелдейді. Сондықтан қарым-
қатынастары коллективтіқ бағыттылығы, қоғамдық пайдалы еңбекке
психологиялық даярлықты қоғамдық белсенділікті тудыратын тұрақты психикалық
қасиеттері бар жеке адамды қалыптастыру маңызды.
Жеке адам дегенді адамның түрлі психикалық қасиеттерінің жиынтығы —
қажеттілігі мен мүддесі, мінезі, қабілеті т. б. ретінде түсінуге болмайды.
Жеке адам — бұл тұтас жүйе, өзара
VIII. 2. ТӘРБИЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ — АДАМ ДАМУЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАБИҒИ БӨЛІП
1.1.Іс-әрекет — адамды жеке адам ретінде қалыптастыру негізі. Бала
дамуының қайнар көздері мен жағдайларын, оның жеке басының қалыптасуын
түсініп алмайынша, тәрбиеніқ психологиялық механизмдерін ашып беру мүмкін
емес. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі тіршілік етуінің,
дамуының, адам қажеттерін іске асырудың айқындаушы шарты, яғни адамның жеке
адам ретіндегі даму шарты — адам араласатын көп қырлы іс-әрекет, немесс
алуан түрлі іс-әрекеттер жиынтығы. Іс-әрекеттің дамуы, күрделіленуі баланың
психикасының дамуын айқындайды. Сондықтан тәрбие міндеттерін шешу адам іс-
әрекеттерінің өзара бағыныңқылығының психологиялық заңдылықтарына, олардың
динамикасына сүйенуге тиіс. Тәрбиелік ықпал жасау жүйесін құру кезінде бала
араласатын іс-әрекеттің алуан түрлерінің сипаты мен ерекшеліктерін, олардың
маңызын, көлемі мен мазмұнын ескеру қажет. Сондықтан нақ осы іс-әрекетті
дамыту, оны кеңейту мен күрделендіру процесінде жеке адамды қалыптастырудың
базисі саналатын қоғамдық қарым-қатынастар қалыптасады.
Совет психологиясында жеке адам мен іс-әрекет іштей бір-тұтас
байланыста қаралады. Адамның іс-әрекетін дамыту оның біріктірілетін, өзара
бағынышта болатын түрлі бейнесі мен формаларының пайда болуына алып
келеді. Осыдан іс-әрекеттің қоздырушысы - мотивтердің сатылануы
(иерархиялануы) болады, соның арқасында іс-әрекеттің алуан типі жүзеге
асады. Мазмұны, ырықтылығы, ұғынықтылық дәрежесі жағынан алуан түрлі,
бастапқы және қайталамалы, тікелей және жанама және т. б. көптеген мотивтер
бар. Іс-әрекет олардың дамуында пайда болатын біртұтас, өзара байланысты
жүйесі жеке адамның психологиялық негізін де құрайды. Мұндай тұтастық пен
байланыстың дәрежесі, түрліше іс-әрекет негізінде адамның дүниемен кең
байланысы мен қарым-қатынастары жеке адам дамуының бастаушы параметрі болып
табылады. Кейде біркелкі мотивтердің мінез-құлықта әр түрлі жүзеге асатыны,
ал алуан түрлі мотивтер сырттай бірдей формаға не болатыны мәлім. Мысалы,
оқушының жолдастары арасында алда болу бәсекесінен туған қоғамдық
жұмыстарға қатысуы оның коллективке пайда келтіруге деген ұмтылысымен
бірдей емес. Бәсекелістіктің қоғамдық жұмысқа қатысы жағынан
бәсекелістік мотивтері осы іс-әрекеттің мазмұнына сәйкес келетін ішкі емес,
сыртқы мотивтер болып табылады. Баланың басшылыққа алатын мотивіне
байланысты, жеке адамның әр түрлі сапасы — бірінші жағдайда жекешілдік,
екінші жағдайда коллектившілдік қалыптасады. Мінез-құлық, әдетте бір
емес, жетекші және бағынушы деп бөлінетін, мазмұны мен құрылымы әр түрлі
бірнеше мотивтерден оянады. Жетекші мотивтерді алмастыру, неғұрлым жоғары
адамгершілік мотивтерді қалыптастыру жеке адамның мотивация өрісін
дамытумен сипатталады. Мотивтердің арақатынасының қажетті түрде өзгеруі,
оның сатылануы іс-әрекеттің мақсатты түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз
етеді.
Кез келген іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігі, оның әрекеттерін құрайтын
нәтижелерінің кейбір жағдайларда мотивтерінен гөрі анағұрлым маңызды болып
көрінуінде. Мысалы, бала алғашқыда ойнауға уақыт табу үшін үй тапсырмасын
мезгілінде орындауы мүмкін. Ал, оның оқушылық беделін көтеретін жүйелі
түрде ұнамды баға алуына байланысты енді оқушы сабаққа жақсы баға алу үшін
даярлана бастайды. Сабаққа дайындық әрекеті басқа мотивке ие болды.
Науқас адамдар мен қарттарға құпия көмек беру романтикасынан туған
және бұл істердің коллективтік сипатына байланысты балалар тимуршылар
бастамасына жиі қатынасады. Алайда оқушылар осы қоғамдық пайдалы
еңбек барысында оның маңызын ұғынып, өзінің, қажеттілігін сезініп,
басқа адамға пайда келтіруге ынтасы артады. Осы жағдайда іс-әрекеттің
мотивтері де өзгереді. Бұл арада біз әрекеттер дамуының жалпы
психологиялық, механизмін көріп отырмыз, бұл механизм кезінде А. Н.
Леонтьевтің сөзі бойынша, мотивтердің мақсатқа қарай алға басуы, олардың
иерархиясынық өзгеруі және жаңа мотивтердің — іс-әрекеттің жаңа түрлерінің
тууы болып өтеді. Әрбір жекелеген жағдайда іс-әрекеттің динамикасы
толық анықталған мотивтердің өзгеруімен байланысты. Мысалы, мектеп жасына
дейінгі баланың ойын үстінде ойындық іс-әрекеті (ойынның мағынасы мен
ұйымдастырылуы қиындатылады), сонымен бірге әр түрлі психикалық функциясы
(қабылдауы, есі, жігері т. б. даму деңгейі көтеріледі) жетіледі. Атап
айтқанда, кейбір ойындарды өткізу үшін балалар адамның, қарым-
қатынастарының, табиғат құбылыстарының т. б. өзіндік ерекшеліктерімен және
қасиеттерімен арнайы танысуы қажет. Бастапқыда мұндай танысу ойын
ситуациясымен мотивтенген іс-әрекеттің нақты мақсаты ретінде ғана
көрінеді. Бірақ біртіндеп мектепке дейінгі ересек балаларда мұндай танымдық
белсенділігінің маңызы бұл әрекетті тудыратын ойын мотивтері болудан қалады
да, бала өздігінен айналадағылар туралы мәліметтерге, ойыннан тыс
ситуацияда қызыға бастайды. Мұнда мотивтік мақсатқа қарай алға басуы болып
етті де, сол арқылы танысу әрекеті басқаша сипатқа ие болды.
Үнемі жете түсінікті бола бермейтін және талпыныс, толғаныс, тілек
түрінде көрінетін мотивтерден айырмашылығы, іс-әрекет мақсаты — оның
міндетті түрде жете түсінілген компонентті. Мақсат ерекше белсенді жүк
көтереді. Сондықтан тәрбиенің өріс жайған жүйесін құруда әрекеттердің
орындалуына, іс-керліктер мен дағдыларды қалыптастыруға мақсаттын ықпал
жасау сипаты мен дәрежесін міндетті түрде ескереді. Мұның өзі балалардың
қандай да бір іс-әрекетке белгілі бір қарым-қатынастарын қалыптастыруға жол
ашады. Әрбір өріс жайған іс-әрекет жалпы мақсаттан бөліп алынатын бірқатар
нақты мақсаттарға жетуді көздейтіні мәлім. Мұндай жалпы мақсаттың ролін
саналы мотив атқарған кезде, ол мотив мақсатқа айналады. Көпшілік
мотивтердің тұрақты құрылымының жүйесі оқушынын жеке басының бағыттылығын
сипаттайды (Л. И. Божович,. В. Э. Чудновский). Мотивтерде адамның қайсыбір
қажеттіліктері затқа айналады. Жеке адамды дамыту жоғары рухани
қажеттіліктер үстемдік жасайтыи иерархиялық мотивтік-қажеттілік құрылымын
қалыптастыруды көздейді.
Қажеттілікті дамыту, оның әлеуметтік-психологиялық сипаты туралы
мәселенің балаларды тәрбиелеу психологиясы үшін зор маңызы бар. Қоғамдағы
баланың орны жүделі ауысып отыратын жас кезеңдерімен бірге елеулі түрде
өзгереді, іс-әрекеті де күрделенеді, мұның өзі қажеттіліктерді де елеулі
түрде өзгерте отырып, жаңа қажеттіліктерді тудырады және олардың шеңберін
кеңейтеді. Жаңа адамның жеке басын қалыптастыру міндеттерін шешу
қажеттіліктер мен іс-әрекеттер байланысын дәл ашуды талап етеді. Бастапқы
пункт қажеттіліктің өзі болып есептелетін байланыстар схемасы (қажеттілік-
іс-әрекет-қажеттілік) принципті түрде дұрыс емес.
Француз психолог-марксисі Л. Сев әділ атап көрсеткендей, ол негізгі
сфера ретіндегі тұтыну сферасы туралы маркске дейінгі түсінікке сәйкес
келеді. Маркстік түсінік бойынша, қажеттіліктің өзі қоғамдық іс-әрекет
процесінде пайда болады: іс-әрекет-қажеттілік-әс-әрекет. Сондықтан тәрбие
процесін баланың іс-әрекетін кеңейтіп, оның даму процесіндегі өзгерістерін
ескеру тұрғысында құрған өте маңызды.
Іс-әрекеттің жетекші типін ұйымдастыру — баланың жеке басын
қалыптастыруға мақсатты, түрде ықпал жасайтын құрал. Мектеп жасындағы
балалар көп қырлы, көп компонентті іс-әрекеттердің әр түріне қатысады.
Алайда балалардың нақты өмірі іс-әрекеттердің жеке түрлерінен өзінен-өзі
пайда болмайды, олардың жекелеген жас кезеңінде түрлі жүйесін құрады.
Олардың әрқайсысы тек іс-әрекеттің алуан түрлерінің белгілі бір құрамымен
сипатталып қана қоймай, сонымен бірге осы кезеңде баланың қарым-қатынасын
айналадағы адамдарға, болмыска алып келетін жетекші іс-әрекеттің болуымен
де сипатталады.
Жетекші іс-әрекет белгілі бір белгілермен сипатталады. Бұл іс-әрекет
формасында және оның ішінде іс-әрекеттің жаңа түрі пайда болып, оның ішінде
дифференцияланады (мысалы, оқыту ойын үстінде пайда болады), жетекші іс-
әрекетте жеке психикалық процестер қалыптасады немесе қайта құралады
(ойында — қиялдау, оқуда — тиянақсыз ойлау т. б.), бұл іс-әрекет баланы
дамытудың, әрбір кезеңдегі негізгі психологиялық өзгерістерге байланысты
(мектеп жасына дейінгі бала, мысалы, ойын үстінде адамдардың негізгі
қоғамдық қызметтері мен мінез-құлық нормаларын игереді).
Жетекші қызметті дамыту осы кезеңде баланы дамытудағы психологиялық
процестер мен психикалық ерекшеліктерге басты өзгерістер енгізуге жағдай
жасайды. Сондықтан, іс-әрекеттің жетекші типін арнайы ұйымдастыру баланың
жеке басына мақсатты түрде ықпал жасауға, оның осы бір іс-әрекет процесінде
талап етілетін қажеттіліктердің, мотивтердің және мақсаттардың иерархиясын
қалыптастыруға мүмкіншілік беретін негізгі шарт болып саналады.
Әр түрлі функциясы және әр түрлі тәрбиелік маңызы бар іс-әрекеттің
жетекші түрлерін әрбір жас кезеңдеріне алмастырып отыру заңдылығын зерттеу,
совет психологтарына (Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, А. II. Леонтьев, Д.
Б. Эльконин т. б.) қазіргі заманғы баланы психикалық дамытуды балаларды
тәрбиелеудің тұтас процесінің психологиялық негізі тұрғысында кезеңдерге
бөлуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, бір жағынан, іс-әрекетті, екінші жағынан,
іс-әрекеттің динамикасын, оның жетекші типін алмастыруды зерттеу негізінде
сырттай ұйымдастырылған іс-әрекетті мотивтердің белгілі бір иерархиялық
байланыстарын қалыптастыруға, қажеттілік процесін дамытуға ықпал жасайтын
механизмдер мен жолдарды дәйектілікпен іздеуге мүмкіншілік берді. Жеке
адамды орнықты қалыптастыру үшін іс-әрекеттің әрбір жетекші типін қайта
құру, қайта ұйымдастыру жолдарын анықтау мүмкіндігі туды.
Балалық шақтың негізгі кезеңдерін сипаттайтын іс-әрекеттің жетекші
типтері мен соған сәйкес психологиялық жаңа құрылымдардың контурлары
қазіргі кезде баса көрсетіліп отыр. Мысалы, мектепке дейінгі шақта ойын іс-
әрекеттері жетекші болып есептеледі. Біріншіден, ойын іс-әрекет ретінде
көрінеді, мұнда адамдар өмірінің жалпы, фундаментальды өріністеріне,
олардың әлеуметтік функциясы мен қарым-қатынастарына баланың бағдар алуы
больш өтеді. Екіншіден, ойын іс-әрекеті негізінде баланың, қиялымен
символикалық функциясы қалыптасып, дамиды (Д. Б. Эльконин).
Кіші шәкірттік шақта оқу іс-әрекеті жетекші орынға шығады. Ол білімнің
қайсыбір саласында ғылыми ілімдерді үйренуге байланысты, онда балалардың
болмысты көрсетудің теориялық формаларында бағдар алу негіздері
қалыптасады. Бүл іс-әрекеттің толық қалыптасуында, В. В. Давыдовтың
еңбегінде көрсетілгендей, жеті-он жастағы балаларда сананың маңызды
ерекшелігі ретінде психикалық процестердің, қимылдардын ішкі жобасы мен
өзінің жеке қимылының рефлекциясына тиісті еркіндік пайда болады.
Жеткіншектік шаққа қарай іс-әрекеттің жетекші типі тағы да өзгереді.
Оқу іс-әрекеті, өзінің актуальдығы мен маңызын сақтай отырып, өзінің
психологиялық, роліне байланысты жасөспірімдердің жиынтық қоғамдық пайдалы
қызметінің тек қана жеке формасы ретінде алға шығады. Жұмыстың жетекші типі
деп кеңейтілген қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің барлық варианттарын: оқу,
еңбек, қоғамдық-ұйымдастырушылық, көркемөнер, спортты есептеуге болады. Іс-
әрекеттердің, бұл формалары кіші шәкірттік шақта да кездеседі, бірақ онда
жеткілікті өрістетілмеген және жүйеленбеген. Бала жеткіншектік шақта бір
формадан басқа екінші формаға (әрине, мектеп өмірін дұрыс, белгілі жобамен,
сай ұйымдастырғанда) еркін көшудің нақты байланысты психологиялық
құбылыстардың ажырамас бірлігі. Жеке адамның барлық сапасының ажырамас
өзара байланысы әрбір сапаның мазмұнының, құрылысы мен көрінісінің басқа
сапаларға тәуелділігін қамтамасыз етеді. Мысалы, бағалау мен пайымдаудың
өткірлігі биік адамгершілік принциптермен, адалдықпен, жолдастарына
парыздылыкқ қамқорлық сезімін дамытумен байланысты болса бір мазмұнына ие
болады. Егер оның негізінде қоғамдық маңызды мақсатқа жетуге құштарлық
емес, белгілі ішкі эгоцентризм, алға шығуға, коллективте айрықша орын алуға
тырысу жатса, онда ол басқа мазмұнға ие болады. Сонымен жеке адамның кез
келген сапалары мен қасиеттері олар қандай адамгершілік қатынастар
жүйесінде қалыптасуына және рухани байлыққа — қоғамдық жеке-дара,
өзімшілдік — жетуге бағытталғанына байланысты түрлі сипатқа ие болады.
Қоршаған ортаға — адамдарға, өзіне деген, емірге, қоғамдық істерге
қатысуға деген көзқарастарда жеке адамның адамгершілік сипаты көрініп,
адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке
адамның адамгершілік сферасын қалыптастыру — коммунистік тәрбиенің өзегі.
Дамудың бастапқы кезеңдерінен бастап жарасымды қалыптасуға дейінгі
жеке адамның қалыптасу жолы — ұзақ, күрделі сан қырлы процесс. Тәрбие
психологиясы үздіксіз дамитын, сапалық жағынан өзгеріп отыратын құбылыспен
— әр түрлі жас кезеңдерінде жеке басы мен іс-әрекетінің психологиялық
ерекшеліктері және қажеттіліктері, мотивтері қарым-қатынастары әр қилы
болатын баламен байланысты.
Әрбір жас кезеңдерінің өзгешелігін ескеру — тәрбие процесін
ұйымдастырудағы қажетті шарт. Алайда ескеру — тәрбие жұмысының мазмұны мен
формаларын белгілі бір жастағы балалардың психикалық дамуының межесіне
бағындыру деген сөз емес. Баланың жеке басының нақ осы кезеңде бастапқы
даму жағдайында тұрған, бірақ болашақ соған тиесілі сапаларын
қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, дамыту перспективаларын ескеру
маңызды. Нақ осы жағдайда жеке адамды жобалау процесі ұйымдастырылады, мұны
құру, әлбетте, жеке адамның адамгершілік сфераларын қалыптастыруға сөзсіз
ықпал жасайтын жеке адамның толып жатқан жеке-дара қажеттерін ескеруді де
талап етеді
Кіндіктерін байқата отырып, іс-әрекеттің оқу мен еңбек, көркем-өнер
мен қоғамдық-ұйымдастыру, спорт және басқа формаларымен міндетті түрде
шұғылдануы керек. Күн режимі, оқу мен оқудан тыс жұмыстарды, еңбекпен,
өнермен, спортпен және қоғам жұмыстарымен айналысуды бөлу — осының бәрі
өзінің ерекше ұйымдастырылуын қалайды.
Қоғамдық пайдалы еңбек жеткіншектік шақтың негізгі психологиялық
қажеттіліктеріне: балалардың қарым-қатынасының әр түрлі формаларын тауып,
істің алуан-алуан өмір ситуацияларында, іс-әрекет формулаларында пайда
болатын міндеттерді ұйымдастыра және құра білуге сәйкес келеді.
Жеткіншектерде қарым-қатынастың, дамыған жүйесін құру олардың бойында басқа
адамдарға, айналасындағыларға саналы қарым-қатынастарды қалыптастырудың
негізгі қызметін атқарады. Қарым-қатынастың дамыған жүйесі жеткіншектердің
саналылығы қалыптасатын ситуация ретінде де көрінеді.
Ересек мектеп шәкірттерінің жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекетінің
ерекше формасы болып табылады. Бұл жұмыс, бір жағынан, зерттеу элементтерін
иеленеді, екіншіден белгілі бір кәсіптік бағдар алады. Бұл шақтың маңызды
психологиялық жаңа құрылымдары — оқушылардың өзінің өмірлік жоспарын құра
білу, оны жүзсге асыратын жолдарды іздестіріп, өзіндік санасын дамытуды
айқындайтын адамгершілік мұраттарды жасау.
Баланың психикасын дамытудағы осы жалпы суреттемеде Д. Б. Элькониннің
жұмысында неғұрлым толық ашылған өзінін заңдылықтары бар. Ол, атап
айтқанда, іс-әрекеттің барлық жетекші типтері екі топқа бөлуге болатынын
көрсетті. Бірінші топқа көбіне балалар адамдар арасындағы қарым-
қатынастардың нормаларын, мотивтерін және міндеттерін игеретін типтер
кіреді. Бұл іс-әрекеттер нақты мазмұны бойынша ажыратылады, бірақ
принципінде балаларды адам іс-әрекетінің жалпы мағынасына дәйекті түрде
тереңдете ендіру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz