Кеңестік психологияның дамуы


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Кеңестік психологияның дамуы
- 60-70 жылдардағы психология мен педагогика
- А. С. Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері.
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кеңестік психологияның дамуы
Әрбір халықтың қалыптасуы мен дамуы, оның белгілі бір территорияда орналасуының терең тарихи тамыры бар. Кеңестік жүйе ыдырап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде көші-қон мен қоныстандыру мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мелекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал халықтың көші-қон қозғалысы олардың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болды.
Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеу, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi ұлттық еркiндiктi сақтап қалу үшiн, тамырымызды тереңге жаю үшiн кең байтақ жеріміз бен халқымыздың тұтастығы мен амандығы маңызды. Сондықтан да ХХ ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон, әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде қарастырыла бастады.
Қазақстандағы тарих ғылымының зерттейтін өзекті мәселелердің бірі - кеңес мемлекеті тұсындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуымен қоса жүргізілген көші-қон және халықтарды қоныстандыруға байланысты нақты тарихи үрдістер. Қоғам заңдылықтарының бірлігі бейбіт қатынастарды туғызады. Ал, қоғам өмiрiн жан-жақты дамыту алдыңғы қатарлы жоспарды жүзеге асыру бейбiт және өркениеттi әдiстердi қолданғанда ғана нәтижеге жеткізеді.
Қазақ тарихында Қазақстан территориясындағы патшалық Ресейдiң отаршылдық жүйесі кезеңiндегi қоныстандыру саясатының мәнін жақсы түсіне отырып, ел мүддесіне қарай іс-әрекеттер жасаған Алаш партиясы болды. Ә. Бөкейханов, М. Шоқайұлы және қазақтың ұлттық интеллигенциясының басқа да өкілдері жетекшілік еткен Алаш ұйымы Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуде большевиктерге қарама-қарсы позицияда болып, қазақ қалқының ұлттық тұтастығы мен оның бірлігінің мүддесін қорғап, Алаш көсемдері таптық жіктелу принципін бүкіл саясатының негізіне алған 1917 жылғы қазан революциясының ұрандары мен Совет өкіметінің нақтылы іс-әрекетін қабылдамады. Мұны оның бағдарлама жобасындағы ең негізгі мәселе - жер мәселесінің қозғалуынан көруге болады. Онда: «Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару тоқтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенін әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін жер сыбаға шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тиым салады. Ертіс бойындағы он шақырымдағы (десятиверстная) қазақ сол жерден үлес алсын. “Атты казак бермеймін дер, біз Ертістен кетпейміз, жер алмай қоймаймыз. Жерді жолмен, Законмен аламыз. Қазақ сыбаға жерін алған соң, қалған жер мемлекет қазынасына өтіп, оларды земство билейді”делінген.
Бірақ кеңестiк дәуiрдегi қоныстандырудың жалғастырылуы және көшi-қонның басқа да түрлерінің жоспарлы түрде жүргiзiлуі, ондағы iс-шараларының нәтижесі қазақ ұлтының сана-сезiмi мен әлеуметтiк-психологиялық ерекшелігін қалыптаса бастаған социалистік қоғамдағы ортаға бейiмделуге әкелді. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңінде елдi индустрияландыруды жүзеге асырудың бiрден бiр көзi ретiнде «көсемiмiз В. И. Ленин» тұрғындары сирек орналасқан, жерлерi шүйгiн шығыс аймақтардың мол табиғи байлығын кешендi пайдалану керек деп есептеп, бұл мiндеттiң шешiмiн тұрғындардың көшi-қонымен ғана байланыстырды.
Соғыстың қиын жағдайына қарамастан педагогика ғылымы саласында ғылыми-зерттеу жұмысы бір сәт тоқтаған жоқ. Оқу-тәрбие жұмысының теориялық және әдістемелік мәселелері талданылды, оның ішінде білім берудің мазмұнын жетілдіруге, патриоттық, еңбек және интернационалдық тәрбиеге ерекше мән берілді. Кеңес мектебін одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында педагогика, психология және жекеленген пәндерді оқыту әдістемесі саласында ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық және реттеп отыру үшін 1943 жылдың қазан айында үкіметтің қаулысымен Москвада РСФСР педагогика ғылымдарының акакдемиясы құрылды, Педагогика ғылымдарының академиясы педагогика ғылымының маман қызметкерлерін біріктіреді.
Сонымен, Ұлы Отан соғысы біздің құрылысымыздың мызғымас беріктігімен халықтар достығына сын болуымен қатар, кеңес мектебіне де сын болды. Бұл сыннан мүдірмей өтті. Оған кеңес мектебінен тәрбие алған мыңдаған ұл-қыздарымыздың жанқиярлық өшпес ерлігі дәлел бола алады. Ұлы Отан соғысы аяқталғалы 60 жылдан астам уаұыт өтсе де, біздің қоғамымыз оның сабақтарын толық та, терең түсінуге бет алып келеді. Ұлы Жеңіс халқымыздың тарапында тағылымы мол елеулі оқиғалардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясының және педагогикалық институттардың педагогикалық кафедрасының ғылыми бағыты мектептердің өзекті мәселелерін зерттеуге біріктірілді: орта мектептегі жалпы және политехникалық білім беруді оқытуды ұйымдастыру және әдістері, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми негіздері, балалардың жас және дара ерекшеліктерін ғылыми жаратылыстану және психологиялық тұрғыдан зерттеу. 50-жылдардың аяғында мектептегі білім берудің мазмұнын жетілдірудің жолдарын теориялық және экспериментальдық ізденістер басталды. Осыған байланысты жан-жақты мәселелер зерттелді: білім берудің мазмұнының, ғылымның, техниканың және мәдениеттің деңгейі мен сипатына тәуелділігі, жас өспірімдерді тәрбиелеу мен білім беруге қойылатын жаңа талаптар; оқушылардың оқытудың әртүрлі тәрбие жұмысының бағдарламаларын құрудың қағидалары және т. б.
Педагог-теоретиктер 7-10 жастағы балалардың бастауыш мектепте оқыту үрдісінде жалпы дамуының мәселелері зерттелді.
Профессор Л. В. Занковтың басшылығымен “Оқыту және даму” атты өте күрделі және болашағы зор мәселе бастап зерттеліне бастады, сонымен қатар орыс тілі және арифметиканы оқыту мәселелері, алты жасар балалардың сауат ашу, санау, жазу дағдыларын қалыптастыруда тәжірибе жұмыстары жүргізілді.
Қарастырып отырылған кезеңде педагогика тарихынан зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Оның нәтижесінде педагогикалық институттарға арналған “Педагогика тарихы” (1955) оқу құралы жарық көрді. Сонымен қатар Е. Н. Медынскийдің “Украина мен Белоруссиядағы ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Туысқан мектептері” (1954), Н. А. Константинов және В. Я. Струминскийдің “Ресейдегі бастауыш білім берудің тарихы очерктері” (1949), М. Ф. Шабаеваның “Орыс прогрессивті - демократиялық, педагогикасының қалыптасу тарихынан” (1951), Н. А. Константинов және Е. Н. Медынскийдің “РСФСР кеңес мектебі тарихының очерктері” (1948) және т. б.
Аса көрнекті орыс педагогтары К. Д. Ушинскийдің, Д. Д. Семеновтың, В. Я. Стоюниннің, В. И. Водовозовтың, Н. И. Пироговтың, Л. Н. Толстойдың, П. Ф. Лесгафтының еңбектері кеңестік тарихи-педагогика ғылымын байытты.
Жалпы орта білім берудің мазмұнын және оның теориялық негіздері жетілдірудің мәселелерін шешуде, жалпы, политехникалық және кәсіби білім берудің арақатынасының мәселелерін шешуде “Мектептің өмірімен берік байланысы және СССР-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы заң” (1958) көптеген жаңалықтар енгізді.
Орта мектептің барлық сыныптары үшін жаңа бағдарламалар жасау 50-60 жж. барлық одақтас республикаларда жүргізілген психологиялық-педагогикалы, дидактикалық және жеке әдістемелік зерттеулермен даярланған болатын-ды.
Жаңартылған бағдарламалар эксперимент түрінде байқап көру іске асырылды. Нәтижесінде жаңа оқу жоспары мен бағдарламалардың жобасын теориялық және экспериментальдық жаңарту дайындалды. Әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресстің талаптарына сәйкес жалпы білім беретін мектепте оқытудың мазмұны мен әдістерін одан әрі жетілдірумен байланысты мәселелердің көлемі (жалпы және жеке) анықталды.
Төмендегі мәселелер ең негізгі мәнге ие болып табылады:
- мектепте оқыту үшін міндетті оқу материалын іріктеп алудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау, жалпы дидактикалық сипатта екі мәселені шешумен байланысты: оқу пәндерінің және негізгі меңгеруге тиісті дәйектердің, ұғымдардың, заңдардың, теориялық анық логикалық құрылымын орнату;
- жалпы білім берудің, еңбек және политехникалық оқытудың және оқушыларды кәсіптік даярлаудың арақатынасы мен өзара байланысының ғылыми негізделеген шешімі;
- оқытудың дамытушылық сипатының күшейтілген жолдарын іздестіру және материалдық және формальдық білім берудің бірлігіне жету;
- оқушылардың оқу жұмысы мен еңбегінің тәрбиелік мәнін арттырудың тиімді шарттары мен тәсілдерін анықтау.
Үшжылдық бастауыш оқытуға көшу мәселелері өте күрделі және қарама-қайшылықты болып табылады. Бастауыш мектептің жаңа бағдарламаларға көшуді тиімді ұйымдастыру мәселесінің шешуші мәні болды.
60-70 жылдардағы психология мен педагогика
Халық ағарту органдары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүргізген І-ІІІ сыныптардың жаңа бағдарламаға көшуді талдау бастауыш мектептің курсын оқытудың теориялық деңгейін арттыру тенденциясымен байланысты елеулі қиындықтарды анықтаған болатын-ды. Мұғалімдер бұл бағдарламаларды іске асыруға жеткіліксіз даярланған болды, теориялық материалды ашудың әдістемесін меңгермеді.
Оқушылардың таным қызметінің тиімділігін арттырудың, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жетілдірудің теориялық негіздерінің бірі дамыта оқытудың тұжырымдамасы болып табылады.
Дамыта оқытуға көшу оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қолданудың аясы кеңейе түседі, оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттырады.
60-жылдары дидактикаға психологтар негіздеген білімді кезеңмен қалыптастыру теориясы ерекше ықпал етті (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Д. Б. Эльконин және басқалар) .
60-жылдардың бас кезінен бастап, оқушылардың оқытудағы белсенділігі мен дербестігін дамытуда проблемалық оқытудың ролі туралы мәселе ерекше қызығушылық туғызды. Проблемалық оқыту мәселелері көптеген дидактикалық және психологиялық зерттеулерде (И. Я. Лернер, А. М. Мартюшин, М. И. Махмутов, М. Н. Скаткин және т. б) оқушылардың таным қызметі мен оқыту әдістерінің ішкі мәнін түсінуде жан-жақты қарастырылды.
А. С. Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері.
А. С. Макаренко тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның жан дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін жан-жақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz