Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі


БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР ӘДІСТЕМЕСІ
5В010200 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Тақырыбы: « БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР ӘДІСТЕМЕСІ »
КЕНТАУ, 2012ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ 4
І тарау. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Сыныптан тыс жұмыстардың психологиялық-педагогикалық мәні 8
1. 2. Бастауыш мектеп оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері 15
ІІ тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1. Бастауыш сыныптарда математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелiк мәнi 25
2. 2. Бастауыш сыныптарда математикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі 38
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
ҚОСЫМША 63
К І Р І С П Е
Зерттеу жұмысының өзектілігі : Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады [1 ] .
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан- жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі -құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет [2 ] .
Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының рухани, интеллектуалды және жан-жақты дамыған, білімпаз, шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетілдіруге ынталы және дағдысы қаланған, кез-келген өмірлік мәселелерді шеше білуге қабілетті тұлға ретінде қалыптасу аса жоғары талапқа қойып отыр. Бұл күрделі тәлім- тәрбиелік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз республикада бір қатар іргелі жұмыстар қарастырылуда. Білім қашанда қорғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғы шарттары болып келеді.
Бастауыш білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімінің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Өз зерттеуімізді әдіснамалық теориялық тұрғыда негіздеуде ғалым педагогтардың тәрбие мен сыныптан тыс білім жөніндегі К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, Н. В. Савин, М. И. Болдыров сынды ғалымдардың еңбектеріне сүйендік.
Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу саласындағы В. А. Кыркалов, П. Э. Шпитальник зерттеулерін пайдаландық [3] .
Солардың ішінде қазіргі жағдайда оқушылардың білімі мен тәрбиесі тиімділігін жетілдірудің маңызды қайнар көзі ретінде, сыныптан тыс жұмыстарының ғылыми негіздерін жасауға бізге Қазақстан ғалымдары Р. Ж. Қоянбаев (Педагогика), Е. О. Омар (Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмысының негізі), С. Нұрмағанбетов (мектептегі сыныптан тыс жұмыстар), С. Ш. Әбенбаев (сынып жетекшісі), З. Абилова (оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру), К. Б. Бозжанова (оқушылармен жүргізілетін және мектептен тыс жұмыстар) сынды зерттеу жұмыстарының көмегі зор болды [ 4] .
Бүгiнгi таңда елiмiздiң әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне енуге бағытталған талпыныстары бiлiм беру мазмұнын жаңарту, оқу үрдiсiн жетiлдiру, әсiресе шәкiрттiң сыныптан тыс жұмысын, дербестiгi мен iзденiмпаздылығын дамытатын оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерi мен түрлерiн iздестiруге аса мән берiп отыр.
Демек, зерттеу мәселесі төңірегінде жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу әдiстемелiк құралдарға жасаған талдау.
Қазiргi кезеңде бұл мәселенiң ана тiлiндегi ғылыми әдебиеттерде жеткiлiксiз қарастырылуы, сыныптан тыс жұмыстардың, сыныптан тыс iс-әрекетiнiң анықтамалық, ғылыми негiздемесiн жасауда, оқу үдерiсiнде бастауыш сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру деңгейi мен қазiргi талаптар жүйесi арасындағы қайшылықтар да кездеседі. Аталған қайшылықтарымен қатар математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың қайсыбір түрі болмасын оқушылардың шығармашыл тұлғасын және пәнге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеудің маңызды факторы болып табылатындықтан, диплом жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі» деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесін теориялық тұрғыдан анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; балаларды қызықты сабақтарға, жұмыстарға тарту; соның арқасында тәртіпті күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қойылған зерттеу мақсатына жету мен тексеру үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:
- Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды өткізу мәселесінің теориялық негіздерін анықтау;
- Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің маңызын айқындау;
- Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің нысаны : Бастауыш сыныпта математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философиялық педагогикалық, психологиялық, және әдістемелік еңбектермен танысу және талдау жасау; бастауыш мектеп бағдарламаларына, математика оқулықтарына, есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісін бақылау, бақылау жұмыстарын жүргізу, тексеру және талдау жасап, қорытындылау; зерттеу мәселесіне сәйкес жүргізілген жеке өз тәжірибесін талдап, одан қорытынды жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық білімді меңгеру сапасын арттыруға, жалпылама оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, математикалық білімді саналы түрде меңгертуге, есептерді шығара білу, өзін-өзі бақылау, бағалау, оқулықпен жұмыс жасай білу және т. б. іскерліктерін қалыптастыруға, сыныптан тыс-танымдық белсенділіктерін арттыруға болады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері: Таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау құндылықтары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасы және оны арттырудағы бақылаудың алатын рөлі мен атқаратын қызметі туралы теориялар. Компьютердің оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктерін анықтайтын ілімдер. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, білімді ақпараттандыру концепциясы, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, 4 бөлім, қорытынды және қосымша, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Сыныптан тыс жұмыстардың психологиялық-педагогикалық мәні
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды- машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке- ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болады. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және сабақтан тыс болып бөлінеді [5 ] .
Сыныптан тыс жұмыс- тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсаты мен өзара байланысты болып келетін жұмыстың дербес түрі. Ол әртүрлі әрекеттер жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс сыныпта алған білімдерін толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілдеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, сонымен қатар оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және де олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығын, мазмұнын түрленлдіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға үлкен мүмкіндіктер ашады. Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігін дамыту, қоғамдық белсенділігін арттыру, еңбекке кәсіби бағдар беруге, ғылым мен техникаға, өнерге, әдебиетке, спортқа ұлттық дәстүрге құштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалывсын, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың барлығын сыныптан тыс білім мен тәрбие беру мекемелерінде ұйымдастырылады. Мұндай мекемелерге: балалар кпубтары мен саябақтары, балалар кітапханалары, балалар театрлары мен балалар стадиондары, спорт, музыка мектептері және мекемелері мектептермен біріге отырып, оқушыларды әржақты жұмысқа тартады.
Сыныптан тыс жұмыстардың қайсыбір түрі болмасын оқушылардың шығармашыл тұлғасын тиімді тәрбиелеудің маңызды факторы болып табылады.
Демек, сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың мектептен алған білім тәрбиесін толықтырады, солармен бірлесе отырып, бір мақсатты жүзеге асырады: оқушылардың дене бітімінің сымбатты болуына, ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына, рухани-әлеуметтік, моральдік тұрғыда дамуына ықпал етеді.
Сыныптан тыс сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қабілетін анықтауға және дамытуға, әр нәрсеге қызығушылығын арттыруға көп нәрсе білу құштарлығын оятуға көмектесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелерде өткізіледі, оқушылардың сабақ үлгерімін қадағалап отырады [6 ] .
Бастауыш сатыда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау; оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту; оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету көзделді. Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәлімдік мәні аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр.
Соңғы кезде нарықтық қатынасқа байланысты мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылуға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектердің сирек жарияланатыны аталған шараларды жүзеге асыруға өз кедергісін тигізіп отырғаны байқалды. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмысын және үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлтаралық қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.
Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. . Білім бастауы - бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Біздің егемен еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамытатын тек қана жастар. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері -баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту болып табылады.
Білім тек сабақта ғана емес сыныптан тыс уақытта да беріледі. Түрлі сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімдерін тереңдетеді. Яғни сыныптан тыс жұмыстар деп-оқу бағдарламасынан тыс әр түрлі тәрбиелік-білімділік мәні бар сабақтан тыс уақытында жүргізілетін жұмыстарды айтады. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты балаларды жан-жақты дамытуға бағытталады және бүкіл тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеті-мектеп оқушыларының қызығуын, бейімділігін, қабілеттілігін жан-жақты дамытып оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру. Егер де сыныптан тыс жұмыс оқу бағдарламасымен дұрыс ұштастырылса, онда ол бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі [ 7] . Сонымен қатар оқушылардың білімдерін тереңдетуге, ой-өрістерін кеңейтуге, олардың ынталы болуына және әр нәрсені біліп алу құмарлық сезімдерін оятуға септігін тигізеді. Біріншіден, сыныптан тыс жұмыс баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі жұмыстардың түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырады, оның азамат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс жұмыс оқушыларды әрекеттің әр түріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егер де балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамассыз ете алады. Бүгін де бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте күрделі мәселеге айналды.
Төртіншіден, сыныптан тыс әр түрлі жұмыстарының формасы тек қана баланың сыныптан тыс дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйренеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруға өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.
Тіпті сыныптан тыс жұмыстың қандай да бір түрі болмасын, танымдық. спорттық, еңбек қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысына үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс жұмыстардың өткізуде уақытқа қатаң шектеу болмайды. алтыншыдан, сыныптан тыс жұмыстың нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі онда тек жалпы жетістікпен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді.
Бастауыш сатыда оқу-тәрбие үдерісі жан-жақты қарастырылып, оқушылар ұйымы арқылы ықпал ету қазіргі кезеңнің өзекті мәселесі болып отыр.
Жеке тұлғаны дамыту мәселелері М. Б. Блонский, Л. С. Выготский, С. А. Рубинштейн, Л. В. Занковтардың еңбектерінің негізгі арқауы болып табылады. Л. В. Занковтың пікірінше, оқушылардың сыныптан тыс уақытындағы оқу әрекетіне белсене араласуына маңыз береді [8 ] .
Ал, П. Болдыровтың пікірінше, оқытудың өмірмен байланысына қажетті талаптар қоя отырып, оқушылардың өздері жинақтаған өмір тәжірибесі, әсерлері, байқаулары болу керек деп қараған. Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушыларды шығармашылық ізденістерге салуға және олардың ішкі сезімдерінің дамуына, білімдерін тереңдетуге ықпалын тигізеді деп санайды.
Ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай, сыныптағы әрбір жұмыс әрқашан да тәрбие жұмысы болып табылады, бірақ тәрбиені тек білім беру арқылы шешу мүмкін емес. Сондықтан тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруда сабақ барысында ғана емес, сыныптан тыс өткізілетін қоғамдық шараларды жиі өткізудің маңызы зор деп санайды [9] .
Сыныптан тыс жұмыстар-оқушылардың адамгаршілік қасиеттерін қалыптастыруда, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуде адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға елжандылық сезімдерін шыңдауға, сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.
Демек, сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып білім, біліктерін қалыптастырады.
Білім-адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы-талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдыра алады.
Ал, білік-бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден тек қана, таңдай білуден ғана емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерді таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді. Озат педагогтар С. Нұрсейітова, А. Жарылқапова сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, сыныптан тыс танымт іс-әрекеттерндің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы балалар тылсым дүниенің әр түрлі сырларын ұғынады деп түсіндіреді [ 10] .
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мынадай сыныптан тыс ерекшеліктері бар:
Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамассыз ету. Бұл баланың одан әрі дамуының негізі болады. Сыныптан тыс оқу үдерісіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөніндегі жағымды көзқарастың қалыптасуына өзінің күш -қайратына сенімділігінің орнауына жағдай туғызады.
Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысы қалыптасады. Егер де балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастармен тіл табысу, олардың пікірінт тыңдау өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамджардың мүддесін ескерту, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
Баланың дүниетанымдық компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық, ерік-жігері қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыстарда бала адамгершілік түұсінік арқылы қоғамдық мораль және мсінез-құлық нормаларын меңгереді.
Баланың таным қызығушылығы дамиды, яғни мұндай міндетте сыныптан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамассыз етеді. Өйткені сыныптан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұендай көзқараста ол оқу үдерісінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту барысында жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тәрбиелік ықпалын үшейтеді. Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.
Сыныптан тыс жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық үдерісінің қызметіне ерекше сипат беретін білімділік, тәрбиелік жәнет дамытушылық. Білімділік мақсаты оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс жұмысында тәрбие және дамытушылық қызметі нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады.
Соған орай сабақтан тыс жұмысының білімділік мақсаты ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігімен дағдысын қалыптаструды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін үйретеді. Сыныптан тыс жұмысының дамытушылық мақсатаының маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психологиялық үдерістерін, оқушылардың жеке дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасының қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды іске асырады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білім, білік шығармашылық әрекетін қызығушылығын арттырады, ой-өрістерін кеңейтеді. Көптеген әрекеттер нәтижесінде оқушылардың адамгершілік, кішіпейілділік, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады. Осындай іс-әрекеттердің жүзеге асырыуы оқушылардың сабақ үлгерімін, дүние танымын арттыруына сыныптан тыс жұмыстың үлкен себебі тиеді.
Сыныптан тыс жұмыстарға тән негізгі ерекшеліктер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz