Мs word редакторы туралы негізгі мағлұматтар


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
МS WORD редакторы туралы негізгі мағлұматтар
Жалпы мағлұматтар
МS Word - мәтіндік кұжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бiрі.
Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетін толық жасауға дейінгі барлык жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге кажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау
WORD - пен жұмыс істеуді бастау ушін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұскалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнешe тәсілме жүзеге асырылады:
1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау(Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың косымша параметрлерін іске қосуға арналған.
2. Программалардың Місгоsoft тобындағы WORD шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шарт белгісін тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т. б.
Файл Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы; WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау; тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау; редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу; Тікелей Аlt+Ғ4 пернелгрін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрі карай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.
WORD экранымен танысу
WORD редакторының негізгі терезесінің жалпы түрi құжат терезесімен бірге көрсетілген. Терезеде Windows жүйесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар. Солардың ішінен WORD редакторына тән қосымша элементтерді карастырайық. Қалып-күй немесе қалып жолы негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан, оның сол жақ бөлінгінде теріліп жатқан құжат жөнінде информация бейнеленеді теріліп жатқан ағымдағы бет нөмірі; ағымдағы бөлім нөмірі, бұл элемент бөлімдерден тұратын Басты құжат (Главный документ) үшін ғана қажет; 15, 8 см - курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтық; осы беттің жоғарғы шетіне курсорға дейінгі жолдар саны;
Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса іске косылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар:
ЗАПИСАТЬ - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді;
ИСПРАВЛЕНИЯ - түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
ВЫДЕЛЕНИЯ -белгілеулерді кеңейтетін (Расширить выделения) Ғ8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелену мөлшерін Ғ8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т. б. ) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту - Shift +Ғ8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Еsс аркылы орындалады; Сонымен, жоғарыдағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір лернелік командалармен орындалады. Оған косымша, сол режимді қарама-қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген дұрыс. Цифрлык таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді. Бірак бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен :
- абзац алдындағы жаңа жол басын;
- беттің сол жақ және он жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар (поля) аумағын;
-мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;
-көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәтін бекітуге болады.
Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде, олардың тек сол абзацка қатысты екенін естен шығармаған абзал. Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенін сол жақ жақтауы бойында орналасқан. Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар аумағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің мәтіндеріңізде берілетін орын ұлғаяды. Дегенмен, ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форнаттау жұмыстары жылдамырақ орындалады.
Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:
кәдімгі режим батырмасы - бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир -сызықтарымен бейнелеп, символдарды теру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды. Беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп түрады, кұрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны түйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей ауыстыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.
Аспаптар тақтасы командалар мен іс-әрексттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені, қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп түрады.
Mеню жолының төменгі жағында Стандартты және Форматтау әрекеттерін ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналаскан. Бұл екі тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т. б. ) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының атқаратын кызметі жұмыс барысында түсіндіріледі.
Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік кұжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс аумағы (рабочая область) болып саналады.
Word редакторында құжаттарды дайындау және оларды сақтау
Жаңа құжатты даярлау
Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документі) деген бос терезе пайда болады. Қүжаттың бұлай аталу себебІ Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1 -құжатыңыз болып саналады. Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі. т. с. с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді. Жаңа кұжат ашарда Word оны кіру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлергe шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары жәнс т. б. жатады. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мумкін:
-мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері) ;
-кестелер (таблицалар) ;
-төртбұрышты жақтаулар (керегелер) ;
-графикалық бейнелер;
-кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және
т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz