А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту және бастауыш мектепте білім беру мен тәрбиелеу жұмыстары жайлы ой-пікірлері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

А.Байтұрсыновтың оқу.ағарту және бастауыш мектепте білім беру мен тәрбиелеу жұмыстары жайлы ой.пікірлері

1.1 Оқу.ағатру жұмыстары жөніндегі патшалық Россиянның саясатына А.Байтұрсыновтың көзқарасы ... ... ... ... ... ... ..11

1.2 А.Байтұрсынов оқу.тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы мектеп ұстаздары және мектеп қажеттері жайлы ... ... ... ... ..33

1.3 Оқу.тәрбие жұмыстарын ана тілінде ұйымдастыру жайлы А.Байтұрсыновтың пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

1. бөлімге қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..79

2 А.Байтұрсыновтың бастауыш мектептің педагогикалық мәселелері жайлы мұралары және олардың қазіргі мектептегі ұласымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82

2.1 А.Байтұрсыновтың бастауыш мектептегі білім мазмұнын анықтауға аналған оқу кітаптары мен оқулықтары ... ... ... ... 82

2.2 А.Байтұрсынов бастауыш мектептегі пәндерді оқыту мәселелері және олардың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... .116

2.бөлімге қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...134

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .137

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ..140
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиеттерін, санасын қалыптастыру мен оның негізін қалау өзінің өскен ортасының, елінің тарихын, сол тарих қойнауындағы әрбір құбылыстың, өзгерістердің қыры мен сырын терең білу міндетін айқындау.
Осы міндеттердің ішінде қазақ бастауыш мектептерінің даму тарихы және ондағы тәрбие мен білім беру тәжірибесіне жүгі-ну –ерекше көкейкесті мәселе. Бұл жерде ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінің тарихи дамуын есепке алу, осы прцестің Қазақстандағы бастауыш мектеп, ондағы тәрбие мен білім берудің ерекшелігі жөнінде болып отыр. Бұл проблеманы арнайы зерттеуге алу себебіміз ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, оқу-ағарту, қазақ бастауыш мектебі, бала тәрбиесіне, білім беру мен оқытудың мазмұнын анықтау және тағы басқа реформалау саясаты кезіндегі даму мен еліміздегі қазіргі жағдайдың арасындағы кейбір үйлесімді сабақтастықтың болуында.
Қазақстанның білім беру жүйесі бүгінде өміршеңдігі мен ба-ғыт-бағдарын мемлекеттің қалыптасу процесі және экономикасының нарықтық қатынастарға көшуін анықтайтын түбегейлі өзгерістерді басынан кешіруде.
Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер реформа жүргізу үшін, оның ішінде мектептегі жалпы білім беру аясында, ұйымдастырушылық және құқықтық негіз құрған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында көрініс тапты. /1/ Жалпы білім беру жүйесіндегі реформаны одан әрі тереңдету заң шығарушылықты жетілдіре түсуді, құқықтық нормалары қоғам дамуының, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жаңа қағидалары және тұжырымдамаларымен сәйкестендіруді талап етеді.
Бұл заңдар тәуелсіз мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізілуін, республиканы әлемдік деңгейге шығару мақсатында халықаралық байланыстардың ұлғайтылуын терең мағынада қарастырады.
Егеменді Республикамыз - талай ғасырларға созылған мәдени бүркемелікті атымен жойып, өзінің ұлттық мәдениетінің нышандарын тәуелсіздік саясатын дәйектілікпен жүзеге асырылуы негізінде, егемендігіне ие, дүние жүзін танымал мемлекет болды.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен педагогикалық көзқарастардың қалыптасу белесінде, әсіресе, әлеуметтік ғылымдардың ауқымдылығы кеңейіп, оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде. Мұның өзі халқымыздың тарихын қайта қарап, оны жаңа көзқарас тұрғысынан талдаудың қажеттілігін дәлелдеп отыр.
Соңғы жылда білім берудің заң шығарушылық және норматив-тік - құқықтық базасында едәуір жаңару болды, "Білім беру туралы" /2/ заң, осының негізінде, "Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұнының тұжырымдамасы" қабылданды. /3;4/
Осыған орай, қазақ халқының рухани қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен тәрбиелейтін ғылыми педагокасының, оның дамуындағы идеяларын жас ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздері мен практикалық жағын жетік меңгерту, жасөспірімдерді ұлт - жан-дылыққа тәрбиелеудің объективті қажеттілік екендігін айтқан орынды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы; Қазақстан, 1998. -95 б. (19 бап; 30 бап.)
2. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы /Егемен Қазақстан. -1999.- 11 маусым. ( 17 бап.)
3. Қазақстан республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. –Алматы: Қазақстан, 1994. -37 б. (3)
4. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұны тұжырымдамасы // Қазақстан Республикасы бас-тауыш білімінің мемлекеттік стандарты. -Алматы , 1998. -245 б. (54-65; 57)
5. Сембаев Ә.І. Қазақ совет мектебінің тарихы. –Алматы: Мектеп, 1967. -394 б. (38-39; 34-35; 95-105; 62; 76-77; 59-62;)
6. Садықов Ә.С. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызыметі. -Алматы: Мектеп, 1960. -165 б.
7. Бержанов К.Б. Русско-казахское содружество в развитии просвещения: историко-педагогическое исследование. -Алма-Ата: Казахстан, 1965. -С. 315.
8. Мусин М.С. Из истории учебно-воспитательной работы Казахской советской школы Казахской АССР (1920-1936 г.г.): Автореф. дис. кан. пед. наук. -Алма-Ата, 1960. -С. 26.
9. Жарықбаев Қ.Б. Развитие педагогической мысли до революционном Казахстане: Автореф. дис. д-ра.пед.наук. -Киев, 1982. –С. 51.
10. Храпченков М.Г. Становление и развитие русско-национальных школ Средней Азии и Казахстана в конце ХІХ начале ХХ в.в: Дис. д-ра.пед.наук. -Алма-Ата, 1988. -330 с.
11. Тәжібаев Т.Т. Развитие просвещения и педагогтческой мысли в Казахстане в ІІ пол. ХІХ в. часть 1. -Алма-Ата: Казгосиздат, 1957. –С. 80.
12. Ильясова И.А. История развития педагогической теорий Казахстана ( 1900-1960 г.г.): дис. д-ра.пед.наук. -Алматы. 1997. –С. 300.
13. Иманбекова Б.И. А.Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін педагогикалық колледждердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары. пед.ғыл.кан. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған дис. –Алматы, 2000. -127 б.
14. Қыдыршаев А. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары. пед.ғыл.кан.ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған дис. –Алматы, 1996. -195 б.
15. Бес арыс. Құрастырушы: Әшімханов Д. /Нұрғалиев Р. Алып бәйтерек./ -Алматы: Жалын, 1995. -543 б. (201-204; 243;)
16. ҚРОММ 44-қор. 1-т. 48280-іс, 5-7-п.п.
17. УәлихановШ. Таңдамалы. -Алматы: Жазушы, 1985. -560 б. (197)
18. Улфәт. 1906, N12, 23-ақпан.
19. Егемен Қазақстан. 1993, 8-қаңтар. (3)
20. Дала уалаятының газеті. Құрастырушы: Суанбердина Ү. -Алматы: Ғалым, 1994. - 814 б. (586; 579-582;)
21. Туркистанские ведомости. 1903, N22.
22. ҚРОММ. 318-қор. 1-т. 18-іс, 33-п.
23. Алтынсарин И. Избранные произведение. -Алма-Ата: Изд-ва. А.Н. Каз.ССР, 1957. –С. 456. (242)
24. Байтұрсынов А."Тіл-жұмсар". Тіл тағылымы. /Құрастырушылар: Әнесов Ғ. Мектепов А. -Алматы: Ана тілі, 1992. -445 б. (335-339)
25. Кеменгерұлы Қ. Езілген ұлттар. -М: КССО халықтарының кіндік баспасы, 1925. -72 б. (20-30)
26. Қойгелдиев М.Қ. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай ұлы. -Алматы, 1997. -53 б. (17)
27. Смағұлов Г. Алғашқы оқулықтар. -Алматы: Мектеп, 1976. -58 б. (7; 29;)
28. ӨРОММ. 47-қор. 1-т. 657-іс, 9-10-п.п.
29. А.Байтұрсынов. Ақ жол. -Алматы: Жалын, 1991. -463 б. (19; 445-459;)
30. Сыздық Р. Ұлттық білім-ғылымның көшбасары.//Қазақстан мектебі. 1998. N6. (55-57 б.б.)
31. Байтұрсынов А. "Казакча алифбеси". -Орынбор, 1914. (-Бишкек: Периодка, 1991. -99 б.) /Құрастырған: Қарбоз Дыйқанов.
32. Архашева М. Дәуірдің жарық жұлдызы. //Қазақстан мұғалімі, 1991. 2 мамыр.
33. Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасының негізін қалаушы. //Бастауыш мектеп, 1997. N4.
34. Байтұрсынов А. Жазу тәртібі. //Айқап. 1912. N4 -84-86 б.б. N5. -104-107 б.б.
35. Байтұрсынов А. Шаһзаман мырзаға. // Айқап. 1912. N9. -212-214 б.б. N10. -229-233 б.б. N11. -251-254 б.б.
36. Байтұрсынов А. Жазу мәселесі. // Қазақ. 1913. N34. 16 октябрь. N35. 21 октябрь.
37. Байтұрсынов А. Қазақша сөз жазушыларға. // Шора. 1913. N4. -110-113 б.б.
38. Сералин М. Отырықшы болған қазақтар туралы. // Айқап. 1913. N20. -415-419 б.б.
39. Байтұрсынов А. "Аңдаспаған мәселе" турасында. // Қазақ. 1914. N48. 31январь.
40. Жанталин Ахмет. Қазақ һәм дума. // Қазақ. 1914. N57. 4апрель.
41. Байтұрсынов А. Оқу жайы. //Қазақ. 1913. N11. 21 апрель.
42. Байтұрсынов А. Земство. //Қазақ. 1913. N25. 8 тамыз.
43. Байтұрсынов А.Орысша оқушылар.//Қазақ. 1913. N26. 15 тамыз.
44. Байтұрсынов А. Оқыту жайынан.// Қазақ. 1913. N29. 7 қазан.
45. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1992. -445 б. (50-89; 141-171; 173-175; 443-445;)
46. Байтұрсынов А. Қазақша оқу жайынан.//Қазақ.1913.N14. 16 мамыр.
47. Байтұрсынов А. Білім жарысы хақында. Ақ жол. - Алматы: Жалын,1991. – 463 б.(258-259;)
48. Байтұрсынов А. Білім жарысы хақында. Ақ жол. - Алматы: Жалын,1991. –463 б.(256-258;)
49. Дулатов М. Қазақ жайы.//Қазақ. 1913. N10. 12 сәуір.
50. Байтұрсынов А. Бастауыш мектеп.// Қазақ,1914. N61. 9 мамыр.
51. Байтұрсынов А. Мектеп керектері. //Қазақ.1914. N62. 17 мамыр.
52. Байтұрсынов А. Қазақ һәм түрлі мәселелер.//Қазақ.1914. N59. 23 сәуір.
53. Байтұрсынов А. Дулатов М. Досмайыл қажыға ашық хат.//Қазақ.1914. N52. 28 ақпан.
54. Байтұрсынов А. Тіл - құрал. (Қазақ тілінің сарафы) 1-ші жылдық. – Орынбор, 1914. - 53 б.
55. Байтұрсынов А. Тіл-құрал.(қазақ тілінің сарафы.) 2-ші жылдық. –Орынбор, 1915. -120 б.
56. Байтұрсынов А. Тіл-құрал.(Сөйлем жүйесі һәм түрлері.) 3-ші тіл танытқыш кітап. Бірінші басылу. –Орынбор, 1923. -68 б.
57. ӨРОММ. 1044-қор. 1-т. 5-іс, 260-п.
58. Очерк.История Казахстана. -Алматы,1990. (292-293 б.б.)
59. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. -Алматы, 1990. - 49 б. (3-7;)
60. Ыбыраймжанов Қ.Т. А.Байтұрсынов білім алудың қажеттігі жайлы. // Үздіксіз педагогикалық білім берудің үрдісі стратегиясы. Абай ат. АлМУ-нің 70-жыл. Арнал. халықаралық ғылыми- практикал.конф. материал. 23-24 сәуір, ІІІ-бөлім. -Алматы, 1998. -303 б. (290-294)
61. Ыбыраймжанов К.Т. Ахмет Байтұрсыновтың оқыту жайындағы пікірлері. // Науч. сбор. Актуальные проблемы подготовки будущих. учителей нач. классов: теория ипрактика. -Алматы,1998. –С. 66 . (60-66)
62. Байтұрсын ұлы Ақмет. Тіл жұмсар. (Сөйлеу, оқу,жазу тілін жұмыс тәжіриебесі арқылы танытатын І-нші кітап). Білім ордасы І-нші басқыш мектепте ұстауға ұйғарған. -Қызылорда: Қазақстан, 1928. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1993. -445 б. (335-339)
63. Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік. -Алматы, 1999. -63 б. (55-56; 53; 27; 28; 39-40; 17; 52; 8; 37;)
64. Сабыров Т.С. Оқыту теориясының негіздері. ( педагогикалық колледждер мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы) -Алматы, 1993. -93 б.
65. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Астана. 1998, -378 б. (248; 230-231;)
66. Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері антологиясы. ІІ-том. /Құрастырушылар: Жарықбаев Қ. Қалтев С./-Алматы: Рауан. 1998. - 415 б. (103; 132-133; 255;)
67. Толстой Л.Н. Полн.сбор.сочин. т-22. –Москва, 1992. –С. 347. (184-185)
68. Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы: Рауан, 1993. -109 б.
69. Рувинский Л.И. Мамандыққа кіріспе. /аударма. Айнабеков Т. -Алматы: Ана тілі, 1991. -165 б. ( 9 )
70. Назарбаев Н.Ә. "Қазақстан 2030" Ел призидентінің Қазақстан халқына жолдауы. /Егемен Қазақстан. 1998. 11қазан.
71. Алтынсариннің педагогикалық мұралары. -Алматы: Рауан, 1991. -196 б.
72. Байтұрсынов А. Әліп-би "Жаңа құрал" 3-ші рет басылым. -Қызылорда, 1928. -116 б.
73. Ахмет Заки Валиди Туган. Воспоминания. Борьба народов Туркиситана и других восточных мусулман-тюрков за националное бытие и сохранение культуры. Кн. 1. -Уфа: Китап, 1994. – С. 410. (121-124)
74. Ахмет Заки Валиди Туган. Материалы к изучению жизни и творчества. Уфа: Китап, 1990. –С. 42. (11-13)
75. ҚРОММ. 44-қор, 1-т., 26017-іс, 19-п.
76. Байтұрсынов А. Баяншы. (Қазақ мұғалімдері үшін) -Қазан, 1920. -15 б.
77. Жұмабаев М. Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1989. -448 б. (314)
78. Байтұрсынов А. Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек? //Қызыл Қазақстан. 1928. N4.
79. Философиялық сөздік. -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. -525 б. (216; 367-368;)
80. Түрікшілер құрылтайы. //Жаңа мектеп. 1926. N7-8. -43-50 б.б. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1996. - 446 б. (411-416)
81. Шонанов Т. А.Байтұрсынов халық ағарту әдебиет саласында. // Жұлдыз, 1992. N2. -123-128б.б.
82. Мектепов А. Әнесов Ғ. Ана тілін түрлеген Ахаң. // Жалын, 1989. N2. -15-19 б.б.
83. Гончаров Н.К. Педагогическая система К.Д.Ушинского. -Москва: Педагогика, 1974. –С. 164. (270)
84. Байтұрсынов А. Школдарда ана тілмен оқу.//Қазақ. 1915. N116. 4сәуір. N117. 8сәуір.
85. Қазақ. Құрастырушылар: Сухамбердина Ү. Дәуітов С. Сахова Қ. -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. -556 б. (376; 131; 265-266; 389;)
86. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. -Алматы: Рауан, 1995. -174 б. (52-53; 63-65;)
87. Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" заң. 1997. 11шілде. (І-тарау. 4 бап.)
88. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. -Алматы, 1961. -327 б. (52-53; 63-65;)
89. Ыбыраймжанов Қ.Т. Ахмет Байтұрсынұлы бастауыш мектеп жайлы. //ғыл. жинақ. Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімін дидактикалық даярлығы. 1 бөлім. -Алматы, 1999. -66 б. (51-54;)
90. Байтұрсынов А. Оқу құралы. (Қазақша алифа) І-ші кітап. -Орынбор: Товарищество "Каримов, Хусаинов и К", 1912. - 40 б.
91. Жұбанова М. Әліппе. -Алматы: Рауан, 1994. -176 б.
92. Желкек. Байтұрсын ұлы Ақымет. Әліп-би. (Жаңа құрал) //Жаңа мектеп. 1926. N7-8. 40-42 б.б.
93. Қыдыршаев А. А.Байтұрсынұлы еңбектеріне үңілсек. //Бастауыш мектеп. 1998. N4. 6 б.
94. Жолдыбаев М. Мектепте оқу тілі. // Жаңа мектеп. 1930. N8. 26-30 б.б.
95. ҚРОММ. 81-қор, 1-т., 117 б., 1485-іс, 6-п.
96. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. -Алматы: Р.Б.К. 1995. -185 б. (84; 131-132; 109;)
97. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары. (І-ІV сыныптар). –Алматы, 1998. -336 б.
98. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. 1998. - 245 б. (67; 57;)
99. ӨРОММ. 1-қор, 31-т., 943-іс, 38-п.
100. Ахмет Байтұрсынов.Шығармалар. -Алматы: Жазушы,1992.-318 б.
101. Жұмабаева Ә.Бастауыш мектептегі кезеңде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі. пед.ғыл.кан.ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. –Алматы, 1999. -136 б.
102. ҚРОММ. 44-қор, 1-т., 26017-іс, 19-п.
103. Бекмұхаметов Е.Б. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. -Алматы: Қазақстан, 1977. -199 б. (35)
104. Бержанов Қ. Мусин С. Педагогика тарихы. -Алматы: Мектеп, 1984. - 255 б.
105. Ыбыраймжанов Қ.Т. Қазақтың төл әліппесі - араб графикасы негізінде. // Қазақстан Реипубликасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған "Руханият мәселелері және діннің қазіргі қоғамдағы орны" атты халықаралық ғылыми-практикалық конфер. еңбек. 2-том. Шымкент, 2001. -455 б. (439-441)
106. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. -Алматы. Санат, 1995. -349 б. (241-242)
107. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І-том. –Алматы, 1959. -337 б. (202)
108. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ІІ-том. –Алматы, 1961. -533 б. (399; 93;)
109. Я.А.Коменский. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. І-том, -Алматы: Оқу-педагогикалық баспа, 1939. -275 б. (201)
110. Байтұрсынов А. Қазақша сөз жазушылар. // Шора. 1913. N4. -110-113 б.
111. Баймұқан Б. //Ұлағат. 1995. N1. -72-73 б.б.
112. Байтұрсынов А. Қай әдіс жақсы? //Жаңа мектеп. 1928. N4. -3-11 б.б.
113. Қазмағамбетова З. А.Байтұрсыновтың әдістемелік ілімдері. //Бастауыш мектеп. 1997. N4. -12 б.
114. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Мектеп, 1998. -239 б. (35-36)
115. Байтұрсын ұлы А. Тіл жұмсар. (І-ші кітап). -Қызылорда: Қазақстан, 1928. -46 б. ( 2-4;)
116. Сералин М. Емле мәселесі. // Айқап. 1914. N4. -54-57 б.б.
117. Айтбай ұлы Ө. Мәңгілік тұғырдағы тұлға. //Қазақстан мектебі. 1998. N6, 52-62 б.б.
118. Камаева С. Әліппенің атасы. //Бастауыш мектеп. 1998. N10-11. -6 б.
119. Байтұрсынов А. Ана тілінің әдісі. // Жаңа мектеп. 1927. N9. -23-31 б.б.
120. Ішкі хабарлар. //Қазақ. 1914. N61. 9 мамыр.
121. Қазақ мектебінің оқу-тәрбие деңгейін көтеру проблемасы.// Республикалық ғылыми-педагог. конфер. жинағы. –Алматы, 1998. -99 б.
122. Байтұрсынов А. Жалпылау (айырыңқы) әдіс. //Жаңа мектеп. 1927. N11-12. 45-49 б.б.
123. Байтұрсынов А. Қазақша жазу тақырыпты жаңа жазу ережелері. //Қазақ тілі. 1923. 22 наурыз. (Е.Омаровпен бірге)
124. Байтұрсынов А. Қазақша жазу туралы жаңа ережелер. //Еңбекші қазақ. 1923. 19 ақпан. (Е. Омаровпен бірге)
125. Байтұрсынов А. Дыбыстарды жіетеу туралы.//Жаңа мектеп. 1928. N5, -65-70 б.б.
126. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. -Алматы: Жазушы, 1985. -560 б. (197)
127. Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынов. //Қазақстан мұғалімі. 1998. 27 мамыр.
128. Мұқан С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. -Алматы: Қазақстан баспасы, 1932. І-том. /Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі./ -99-125 б.б.
129. Әбдіманапов Ө. Қазақ газеті. -Алматы: Қазақстан, 1993. -165 б.
130. Байтұрсынов А. Баулу мектебі. // Жаңа мектеп. 1925. N1. -22-27 б.б.
131. Ыбыраймжанов Қ.Т. А.Байтұрсынов еңбектерінің жаңа білім беру мазмұнындағы алатын орны. // Теория и практика реализации госстандарта при подготовке учительей нач. классов. -Алматы. 2000. –С. 110. (104-108)
132. Құсайынов К. Дәстүр жалғасы. // Қазақстан мектебі. 1998. N6. -53-55 б.б.
133. Құсайынов А. Қазақ мектебі мен оқулығының тарихы. // Қазақстан мектебі. 1999. N9. -38-43 б.б.
134. Бастауыш мектеп. -Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, 1954. -1095 б.
135. Дулатов М. Шығармалар. Өлеңдер, қарасөздер, көсемсөздер. -Алматы: Жазушы, 1991. -183 б.
136. Рустемов С.К. Бүкілресейлік мұсылман съезі. // Қазақ тарихы. 1997. N6. -42 б.
137. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. І-том. Құрастырушылар: Қ .Жарықбаев. С. Қалиев. -Алматы: Рауан, 1994. -319 б.
138. Синица И.Е. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік. -Алматы: Мектеп, 1987. -222 б.
139. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Ана тілі, 1991. -180 б.
140. Стрезикозин В.П. Бастауыш кластарды оқытудың актуальды проблемалары. -Алматы: Мектеп, 1977. - 224 б.
141. Сыдықов Ә. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. -Алматы: Мектеп, 1969. -159 б.
142. Латышина Д.И. История педагогики. -Москва: Форум, 1998. –С. 584.
143. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения (в двух томах) том второй. - Москва: Педагогка, 1974. –С. 438.
144. Ушинский К.Д. Избранные пройзведения. (выпуск 4-й) –Мос-ква-1946-Ленинград: Академии педагогических наук, Р.С.Ф.С.Р. –С. 331. /Под редак. Стуминского В.Я./
145. Баранов С.П. Болотина Л.Р. Воликова Т.В. Сластенин В.А. Педагогика. -Москва: Просвещение. 1981. –С. 361.
146. Ананьев Б.Г. Мектеп балаларының зейіл тәрбиесі. –Алматы, 1950. -53 б. /Орыс тілінде екінші басылуынан қазақ тілінде бірінші басылуы/
147. Бабанский Ю.К. Выбор методов обучения в средной школе. -Москва: Педагогика, 1982. –С. 32.
148. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. -Москва: Просвещение, 1968. –С. 464.
149. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. -Москва: Педагогика, 1980. –С. 344.
150. Шукина Г.И. Роль дейтельности в учебном процессе. -Москва: Просвещение, 1986. – С. 144.
151. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. -Москва: Педагогика, 1986. – С. 239.
152. Дмитрев А.Е. Фатеева Н.И. Львов М.Р. Дидактика. (Учебная пособие). -Москва: Прометой, 1900. –С. 202.
153. Сухомлинский А.Б. Балаға жүрек жылуы. –Алматы, 1976. - 207 б.
154. Джумагулов К. И. Алтынсарин. –Ташкент, 1975. -141 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 128 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ----------------------------------- --------------------3

А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту және бастауыш мектепте білім беру мен тәрбиелеу
жұмыстары жайлы ой-пікірлері

1 Оқу-ағатру жұмыстары жөніндегі патшалық Россиянның саясатына
А.Байтұрсыновтың көзқарасы-------------------------- 11

2 А.Байтұрсынов оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы мектеп
ұстаздары және мектеп қажеттері жайлы------------------33

3 Оқу-тәрбие жұмыстарын ана тілінде ұйымдастыру жайлы
А.Байтұрсыновтың пікірлері-------------------------- --------------
59

1- бөлімге қорытынды-------------------------- ----------------79

2 А.Байтұрсыновтың бастауыш мектептің педагогикалық
мәселелері жайлы мұралары және олардың қазіргі мектептегі ұласымы-----------
----------------------------------- ---------------82

1 А.Байтұрсыновтың бастауыш мектептегі білім мазмұнын анықтауға
аналған оқу кітаптары мен оқулықтары----------------82

2 А.Байтұрсынов бастауыш мектептегі пәндерді оқыту мәселелері және
олардың қазіргі жағдайы-------------------------116

2-бөлімге қорытынды-------------------------- -----------------134

Қорытынды-------------------------- ---------------------------137

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- -140

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың жеке тұлғалық
қасиеттерін, санасын қалыптастыру мен оның негізін қалау өзінің өскен
ортасының, елінің тарихын, сол тарих қойнауындағы әрбір құбылыстың,
өзгерістердің қыры мен сырын терең білу міндетін айқындау.
Осы міндеттердің ішінде қазақ бастауыш мектептерінің даму тарихы және
ондағы тәрбие мен білім беру тәжірибесіне жүгі-ну –ерекше көкейкесті
мәселе. Бұл жерде ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінің тарихи дамуын
есепке алу, осы прцестің Қазақстандағы бастауыш мектеп, ондағы тәрбие мен
білім берудің ерекшелігі жөнінде болып отыр. Бұл проблеманы арнайы
зерттеуге алу себебіміз ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік
өмірінің ең түйінді мәселелеріне, оқу-ағарту, қазақ бастауыш мектебі, бала
тәрбиесіне, білім беру мен оқытудың мазмұнын анықтау және тағы басқа
реформалау саясаты кезіндегі даму мен еліміздегі қазіргі жағдайдың
арасындағы кейбір үйлесімді сабақтастықтың болуында.
Қазақстанның білім беру жүйесі бүгінде өміршеңдігі мен ба-ғыт-бағдарын
мемлекеттің қалыптасу процесі және экономикасының нарықтық қатынастарға
көшуін анықтайтын түбегейлі өзгерістерді басынан кешіруде.
Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер реформа жүргізу үшін, оның ішінде
мектептегі жалпы білім беру аясында, ұйымдастырушылық және құқықтық негіз
құрған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында көрініс тапты. 1
Жалпы білім беру жүйесіндегі реформаны одан әрі тереңдету заң шығарушылықты
жетілдіре түсуді, құқықтық нормалары қоғам дамуының, Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың жаңа қағидалары және
тұжырымдамаларымен сәйкестендіруді талап етеді.
Бұл заңдар тәуелсіз мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы ұлттық-
мәдени ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізілуін, республиканы әлемдік
деңгейге шығару мақсатында халықаралық байланыстардың ұлғайтылуын терең
мағынада қарастырады.
Егеменді Республикамыз - талай ғасырларға созылған мәдени бүркемелікті
атымен жойып, өзінің ұлттық мәдениетінің нышандарын тәуелсіздік саясатын
дәйектілікпен жүзеге асырылуы негізінде, егемендігіне ие, дүние жүзін
танымал мемлекет болды.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен педагогикалық
көзқарастардың қалыптасу белесінде, әсіресе, әлеуметтік ғылымдардың
ауқымдылығы кеңейіп, оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде. Мұның өзі
халқымыздың тарихын қайта қарап, оны жаңа көзқарас тұрғысынан талдаудың
қажеттілігін дәлелдеп отыр.
Соңғы жылда білім берудің заң шығарушылық және норматив-тік - құқықтық
базасында едәуір жаңару болды, "Білім беру туралы" 2 заң, осының
негізінде, "Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім
мазмұнының тұжырымдамасы" қабылданды. 3;4
Осыған орай, қазақ халқының рухани қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек
ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-
ғұрпымен, салт-дәстүрімен тәрбиелейтін ғылыми педагокасының, оның
дамуындағы идеяларын жас ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздері
мен практикалық жағын жетік меңгерту, жасөспірімдерді ұлт - жан-дылыққа
тәрбиелеудің объективті қажеттілік екендігін айтқан орынды.
Қарастырылып отырған ерекше өзекті проблемалар: қазақ бастауыш
мектебінің іргетасын қалау, ондағы оқудың ана тілінде болуы, оқу
бағдармалары, оқу мазмұны, ұстаз және мектеп қажеттері, оқу құралдары және
бастауыш білім берудің тенденциясы.
Біздің тұжырымдауымызда, осы проблемаларды зерттеп танып білу, қазіргі
қазақ бастауыш мектебінде білім мен тәрбие берудің жолдары жөніндегі және
тағы басқа ауқымды мәселелердің шешімін табуда өзіндік үлес қосады деп
санаймыз.
Сондықтан халқымыздың ғасырлар бойы жинақтарын тарихи, мәдени мұрасын
шашау шығармай зерттеп, оның тәлім-тәрбиелік құнды жақтарын тиімді
пайдалануымыз абзал.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық
болмысын, сана-сезімін сақтап қалуда ұлттық интелегенция реакциялық
саясатқа мүмкіндігінше қарсы тұрып, қолдарынан келген істі алға бастыруға
тырысты. Ондағы негізгі ұстанған мақ-сат - қазақ даласында қанатын енді
ғана кеңге жайып келе жат-қан - ұлттық білім беру жүйесі, ана тілінде
оқу-тәрбие барысын ұйымдастырудың мақсат, міндіттерін айқындау бүгінгі
таңда өте маңызды. Ал бұл тұрғыдағы мәселелердің дұрыс тұжырымдалуы, ең
алдымен, қазақ бастауыш мектебінің ірге тасын қалаушы, білімнің ана тілінде
берілуіне үлес қосқан қазақ зиялылары М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамбетов, М.Жолдыбаев, Т.Шонанов және тағы басқа
педагогикалық ой-тұжырымдарын, даму барысын тұтастай қарастыруды, оның
қалыптасуы және даму тарихын терең зерттеуді қажет етеді. Бұл педагогика
тарихына жаңа ой-тұжырымды анықтамаларды қоса түсетін ауқымды педагогикалық
көкейкесті мәселе болып табылады. Қазақстандағы мектеп пен халық ағарту
ісінің тарихына Ә.І.Сембаев,5 Ә.С.Сыдықов,6 Қ.Б.Бержанов,7
С.М.Мусин,8 Қ.Б.Жарықбаев,9 Г.М.Храпченков,10 Т.Т.Тәжібаев,11
А.И.Ильясова 12 тағы басқа аса көрнекті педагог-ғалымдардың баса назар
аударғаны тегін емес.
Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын келетін ғылыми еңбектер А.Ильясова,
А.Қыдыршаев, Б.Иманбекова т.б. мен зерттеулерде Қазақстандағы білім беру
ісінің даму тарихы, оның педагогикалық негіздеріне қатысты құнды
материалдар берілген және біздің зерттеу тақырыбымыздың кейбір мәселелері
қарастырылған.
ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақтың алдыңғы қатарлы ұлттық
интелегенция өкілдерінің озық ойлы педагогикалық идеялары, ұлттық
педагогиканы дамыту төңірегінде келелі мәселелерді талқылау орын алды.
Халықтың білім беру жүйесін қалыптастыру жолындағы іс-әрекеттері мен
бағдарлы білім жүйесі, арнайы бағдарлама, арнайы оқулық, білімді ұстаздар,
ұлт мектептері, ондағы оқыту әдістемелері жөніндегі педагогикалық
көзқарастағы зиялы қауымының өкілдерінің бірі - Ахмет Байтұрсынов.
Жоғарыда аталып өткен авторлардың ғылыми еңбектері мен зерттеулерінде,
мәселен: А.Ильясованың "Проблемы развития педагогической теорий Казахстана
1900-1960 г.г." 12-атты докторлық десертациясында А.Байтұрсыновтың
қоғам қайраткері, ғалым педагог ретінде саралап отырып, ХХ ғасырдың бас
кезіндегі қазақ жеріндегі оқу ағарту жүйесінің жандануына үлкен үлес қосқан
тұлға ретінде танытып, оның педагогикалық ой-тұжырымдары мен ғылыми
еңбектеріне сипаттама, өмірбаяны жөнінде мәлімет берілсе, Б.Иманбекованың
"А.Байтұрсыновтың тәлімді ой-пікірлерін педколледждердің оқу-тәрбие
үрдісіне еңгізудің жолдары" 13-атты кандидаттық десертациясында
А.Байтұрсыновты педагог-ағартушы, тілші, аудармашы ретінде оның
шығармашылық еңбектерін өз деңгейінде айқындап, арнаулы оқу орындарындағы
мұғалім мамандықтарын даярлаудағы ғылыми еңбектерін пайдалануды анықтаса,
ал А.Қыдыршаевтың "А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары" 14-атты
кандидаттық дисертациясында А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдісі жөніндегі
алғаш ғылыми еңбек жазған ғалым-әдіскер ретінде талдайды. Сондай-ақ еңбекте
қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми жағынан зерттеген педагог-ғалым
тұрғысынан да баға беріледі.
Қазақстан педагогика ғылымы тарихы тарихнамасында, қазіргі талапқа сай
негіздегі мәселелердің шешімдері табылмай отырғаны анық. Біз соның ішінде
ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген ғалым-педагог А.Байтұрсыновтың қазақ
бастауыш мектептерінде білім беру жүйесін қалыптастырудағы еңбектерін жан-
жақты зерттемейінше Қазақстанның бастауыш мектепте білім беру тарихын
қалпына келтіру мүмкін емес. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде өмір
сүрген белгілі ағартушы-педагог, халықтың бір туар азаматы А.Байтұрсыновтың
педагогикалық ой-пікірлері, оның ондағы қазақ бастауыш мектебін ашу, қазақ
балаларын ана тілінде оқыту, оларға дүнияуи ғылымдарын үйретуге, төл
оқулықтар жазып, мектеп үшін ұстаз - мұғалімдер даярлауға, оларға
күнделікті ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ, мектеп қажеттері
жайлы еңбектер жүйесін зерттеуге талаптар мен қажеттіліктер өскенімен, бұл
мәселелердің сол уақытта көтеріліп дамуы бүгінге дейін жаңа көзқарас
тұрғысынан зерттелмей келуі және жаңа буын қазақ тіліндегі оқулықтар
даярлау мен бастауыш мектеп оқу-тәрбиесін процесін жаңа талапқа сай құруда
А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларының қажеттілігі аралығында қарама-
қайшылық туындайды.
Мұндай проблеманың түйіндік шешімін табу барысында зерттеу тақырыбын
"А.Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұралары" деп атауға
ұйтқы болды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ бастауыш мектеп жұмыстарын жаңа негізде
құруға байланысты педагогикалық мұраларға тарихи педагогикалық сипаттама
беріп, жаңа буынды оқулықтар даярлау мен бастауыш мектеп оқу-тәрбие
процесін жетілдіруде ғылыми-педагогикалық тұжырымдар жасау.
Зерттеудің объектісі: А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары.
Зерттеудің пәні: А.Байтұрсыновтың бастауыш мектеп оқу-тәрбие процесін
жетілдіру жайлы педагогикалық мұралары.
Зерттеудің міндеттері:
–А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасының қалыптасуына қоғамдық-
тарихи және әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың ықпалы;
–ХХ-ғасырдың бірінші жартысында бастауыш мектеп оқу-тәр-бие процесін
ана тілінде ұйымдастыру, ұстаздың ролі және мектеп қажеттіліктері жайлы;
–Бастауыш мектеп білім мазмұны, оқулықтар даярлау және пәндерді оқыту
әдістемесі;
–Бастауыш мектеп оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру және қазіргі бастауыш
мектеп педагогикалық процестерімен сабақтастығы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, ХХ-ғасырдың бас кезіндегі
Қазақстандағы ұлттық оқу-ағарту жүйесін қалыптастырудағы А.Байтұрсыновтың
бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұраларын жан-жақты талдап өмір
талабына сай саралап, оқу-тәрбие процесіне ендірудің бағыттарын көрсетсек,
онда бастауыш мектеп педагогика теориясы мен практикасын жетілдіруге негіз
болуы мүмкін.
Зерттеудің методологиялық негізі:
Жеке тұлғаның философиялық-педагогикалық теориясы, ғылыми қағидалары,
қоғамдағы құбылыстар мен процестердің дамуы және олардың өзара тығыз
байланысы, ауқымды түрде қарастырады, танымның жалпы әдісі ретінде
диалетика болып табылады. Жеке тұлғаның педагогикалық мұраларын зерттеу
ғылыми-тарихнамалық принципке, құбылыстардың дамуын зерделеуге, жүйелі және
комплексті тұрғыдан келуге, білім беру теориясы мен практикасын бірлігі мен
тұтастығы тұжырымына, білім беру саласындағы әлеуметтік және қоғамдық
саяси процестердің орын алуы мен роліне сүйенеді.
Зерттеудің басты идеясы:
Қазақстандағы бастауыш мектептің іргетасын қалаушы А.Байтұрсыновтың
педагогикалық мұраларының алатын орны, бастауыш білім берудің тарихын
әдіснамалық тұрғыдан жаңаша тарихи-педагогикалық талдау жасалса, онда
қазіргі озық ғылыми-педагогикалық идея, ой-пікір, тәжірибелерді үлестіру
және ілкі бастауы негізінде республика бастауыш білім беру жүйесінде
бүгінгі күн талабына сай ғылыми негізде бейімдеп пайдалануға тиімді болу.
Зерттеудің дерек көздері:
Қазақтың ұлы ойшылдары мен педагогтардың білім, оқу-ағарту мәселелер
жайлы ғылыми еңбектері, бағдарламалары мен оқу жоспарлары, оқулықтар мен
оқу-әдістемелік құралдар, кітапханалар, ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, ҚРҒА-
ның кітапханасы, ҚР Орталық мемелекеттік архиві т.б. сирек кездесетін
қолжазбалар қоры мен архив деректері. Сондай-ақ, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың бас кездерінде "Дала уалаяты", "Қазақ", "Еңбекші қазақ", "Айқап",
"Жаңа мектеп", т.б. араб графикасы негізінде шыққан мерзімді басылымдар
материалдары негізінде және әр түрлі білім салаларына философия, тарих,
әдебиет, педагогика, психология, т.б. байланысты материалдар да кеңінен
пайдаланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
–А.Байтұрсыновтың педагогикалық көэқарасының қалыптасуына ықпал еткен
қоғамдық-тарихи және әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар анықталды;
–А.Байтұрсыновтың қазақ бастауыш мектеп оқу-тәрбие процесесін өз кезінде
жаңа негізде құрудағы педагогикалық мұралары Қазақстанда ғылыми-
педагогикалық ойлардың қалыптасып, сабақтастықпен дамуына игілікті ықпалы
дәлелденді;
–А.Байтұрсыновтың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарына, бастауыш
мектеп жұмысын жаңа жолға салуға байланысты жазылған педагогикалық
шығармалары талданып, ұстаз, мектеп қажеттері мен оқудың ана тілінде
жүргізілуі жайлы педагогикалық идеялары жүйелілікпен сипатталынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:
Дисертациялық зерттеу жұмысымызда келтірілген материалдар, теориялық
қортындылар мен қағидалар А.Байтұрсыновтың қазақ бастауыш мектебінде білім
беру мен оқу-тәрбиені ұйымдастыру жөніндегі ой-пікір, тәжірибелері. Сол
кездегі қазақ педагогикасының ғылыми-педагогикалық көзқарастары:
А.Байтұрсыновтың қазақ бастауыш мектебі жайындағы идеялары оның бүгінгі күн
талабымен байланыстылығы тағы басқа, ғылыми-педагогика мен қазақ бастауыш
мектебінде оқытудың барысын жаңа ғылыми деректермен толықтыра түседі.
Зерттеу жұмысымыздың материалдарын педагогикалық жоғарғы оқу
орындарының бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі бөлімдерінде,
арнаулы оқу орындарында педколледждер педагогика тарих курсын оқу
кезінде, сондай-ақ, бастауыш мектеп мұғалімдер мен студенттер білімін
жетілдіретін салаларда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
-А.Байтұрсыновтың қазақ бастауыш мектебі жайлы педагогикалық
мұраларының қалыптасып дамуының негізгі бағыттарының мазмұны;
–А.Байтұрсыновтың қазақ бастауыш мектептері туралы ғылы-ми-
педагогикалық ой-пікірлерінің бүгінгі өмір талаптарына сай бастауыш мектеп
оқу-тәрбие процесін жетілдірумен сабақтастығы мен үйлесімділігі;
–А.Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық ой-тұжырымындағы ұстазға
қойылатын талаптар, оларды даярлау, оқулықтар және оларды ғылыми-
әдістемелік құралдармен жабдықтау мәселелеріне сипаттама;
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелдігі:
А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерінің талқылау, талдау, қорытындыларының
теориялық және метадологилық тұрғыдан негізделуі, қойылған міндеттерге сай
зерттеу әдістерінің тиімді жүйесінің пайдалануы мен тарихи, әдеби, архив
қоры метериалдары объективті тұрғыда талданылуымен қамтамасыз етілген.
А.Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұраларын оқытуда
қазіргі педагогика тарихына қатысты материалдардың ұлғаюы және әлемдік даму
барысындағы қазақ халқының оқу-ағарту саласындағы өзіндік орнын ашып
көрсету тұрғысынан анықталады.
Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері:
Зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық
әдебиеттерге және мерзімді басылымдарда А.Байтұрсынов жөнінде жарық көрген
материалдарға, ғылыми еңбектерге теориялық тұрғыдан талдау, архив
деректерді іздестіру, оларды тарихи-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау, әр
түрлі ғылыми дерек көздерін салыстыру, архив деректері мен ғалымның
педагогикалық мұраларына ғылыми-теориялық талдау, жинақтау, қорыту, т.б.
Зерттеу жұмысының сынақтан өтуі мен тәжірибеге енгізілуі:
Зерттеу жұмысының нәтижелеріне байланысты тұжырымдар Абай атындағы
Алматы мемелекеттік университетінің бастауыш мектеп педагогикасы
кафедрасының біріккен мәжілісінде талқыланып, мақұлданды. Сондай-ақ,
жұмыстың негізгі теориялық қағидалары, жекелеген тараулары мен
тақырыпшаларының мазмұны бойынша Абай атындағы Алматы мемелекеттік
университетінің оқытушы-профессорлар ұжымы мен аспиранттарының ғылыми
теориялық және оқу-әдістеме конференцияларында, сондай-ақ, халықаралық
ғылыми конференцияларда 1996-2001 ж.ж. сараптан өтті. Зерттеудің негізгі
тұжырымы Абай атындағы АлМУ-нің бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі
бөлімінде "Педагогика тарихы" курсы бойынша оқылған лекциялар мен
жүргізілген семинар, лабароториялық және практикалық сабақтарда
пайдаланылды.
Зерттеу тақырыбымыздың мазмұнын ашуға негізделініп жазылған ғылыми
мақалалар:
1)А.Байтұрсыновтың білім алудың қажеттігі жайлы. Үздіксіз
педагогикалық білім берудің үрдісі мен стратегиясы. Абай ат. АлМУ-дың 70-
жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конф.мат. 23-24сәуір, ІІІ-
бөлім. Алматы, 1998. -290-294 б.б.
2)А.Байтұрсыновтың оқыту жайындағы пікірлері. Актуальные проблемы
подготовки будущих учителей начальных классов: теория и практика.
Науч.сбор. Алматы,1998. –С. -60-66.
3)А.Байтұрсынұлы бастауыш мектеп жайлы. Болашақ бастауыш сыныптар
мұғалімінің дидактикалық даярлығы. Ғыл. жин.1-бөлім. Алматы,1999. -51-54
б.б.
4)А.Байтұрсынов еңбектерінің жаңа білім беру мазмұнындағы алатын орны.
Теория и практика реализация по стандарта при подготовке будущих
учителей нач.классов. Науч. сбор. Алматы,2000. –С. -104-108.
5)А.Байтұрсынұлының ғылыми ой-тұжырымдары - қазақ тілін оқыту
әдістемесі. 10 лет независимнсти Казахстана: итоги и перспективы
развития. Матер.межд.науч.конфер. ІІІ-часть, Универ."Кайнар".Алматы, 22-24
февраля ,2001. –С. -918-921.
6)Қазақтың төл әліппесі - араб графикасы негізінде. "Руханият
мәселелері және діннің қазіргі қоғамдағы орны"-атты халықаралық ғылыми-
практикалық конфер. еңбектері. 2-том, Шымкент, 2001. -439-441 б.б.
Дисертация құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің
көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, міндіттері, метадалогиялық
негіздер, зерттеу әдістері айқындалып, оның ғылыми жаңалығы, теориялық және
практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынған қағидалар тұжырымдалды.
”А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту және бастауыш мектепте білім беру мен
тәрбиелеу жұмыстары жайлы ой-пікірлері” атты бірінші бөлімінде,
А.Байтұрсынов өмір сүрген кездері мен қоғамдағы әлеуметтік-саяси және
тарихи жағдайларға жалпы сипатама беріліп, оның көзқарасы анықталды. ХХ
ғасырдың бас кезінде, қазақ өлкесіндегі мәдени-ағартуда жергілікті қоғамның
іс-әрекеттері талданып, ондағы бастауыш білім беру мәселелері, оларда оқу-
тәр-бие процесін ұйымдастырудағы ұстаз, мектеп қажеттері, оқудың ана
тілінде болуы, оның бүгінгі бастауыш білім беру жүйесі мен сабақтастығы
қарастырылды.
”А.Байтұрсыновтың бастауыш мектептің педагогикалық мәселелері жайлы
мұралары және олардың қазіргі мектептегі ұласымы” атты екінші бөлімде
А.Байтұрсыновтың бастауыш мектептегі білім мазмұнын анықтауға арналған оқу
кітаптары мен оқулықтары, сондай-ақ, бастауыш мектептегі пәндерді оқыту
мәселелері жайлы педагог-ғалымның ғылыми тұжырымдары және олардың қазіргі
қазақ бастауыш мектептерімен ұласымдылық жағдайы қарастырылды.
Диссертацияның қорытынды бөлімінде белгіленген тақырып бойынша
жүргізілген зерттеулер тұжырымдалып, проблеманың ауқымды және жан-жақты
тарихи-педагогикалық зерттелу перспективалары белгіленді.

І-БӨЛІМ. А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту және бастауыш мектеп-те білім
беру мен ұрпақты тәрбиелеу жұмыстары жайлы ой-пікірлері.

1. Оқу-ағарту жұмыстары жөніндегі патшалық Россияның
саясатына А.Байтұрсыновтың көзқарасы.

Қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы аса көрнекті педагог, ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші
тюрколог, дарынды ақын-аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының қоғамдық-
саяси, мәдениет және әдебиет өнеріне белсене қатысқан жазушы, қоғамда
өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп, халық игілігі үшін жан
аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен Ахмет Байтұрсынов, Қазақстандағы
педагогикалық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады.
А.Байтұрсынов қазақ халқының мұң-мұқтажын, талап-тілегін мейілінше
қолдап қуаттады, халық арасында жүргізілуге тиісті ағарту жұмыстарының
түрлерін көрсетті, халық бұқарасының санасын оятуға ұмтылды. Қазақ
даласындағы мектеп құрылысын, берілетін білімнің бағыт-бағдары мен
мазмұнын, қазақтың қол-тума жазуын жасау мен кітап басып шығару жұмысын
ұйымдастыру, мұғалімдер даярлау, ағартушылық жолдағы Қазақстандағы
әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешудің алғашқы қадамдарын жасады.
Темірбек Кожакеев "Ахаң атын әлем білген" атты мақаласында: "1967
жылы Америкадағы Колумбия университетінің професорлары Эдвард Олуорд, Ян
Муррей, Мэтли, Карл Х, Мэнтес өз шәкірттерімен бірлесіп, Нью-Йоркте ағылшын
тілінде "Орталық Азия орыс билеген ғасырда" ("Центральная Азия в век
русского правления") деген кітабын шығарады ... Кітаптың 175 бетінде
Ахаңның саналы, арлы, намысты ортадан шығып, орысша білім алып еліне
қайырымдылық көрсеткен, ізгілік істеген азаматтарының бірі екенін атап
айтқан", - дей келе, оны өткен ғасырдағы үш ағартушы - Шоқан, Абай,
Ыбырайлардың ісін ХХ-ғасыр басында жалғастырушы деп түсіндірген", - дейді
де, келесі бетте Ахаңның суретін беріп, астына "жадидизм лидері Ахмет
Байтұрсынұлы",- деп баяндап өтеді. 15
Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин сияқты даналардың ұлы көш
бастамаларының соңына ілескен А.Байтұрсынов сол кездегі қазақ халқының
өмірі, алдыңғы уақытта жаңаша, ескі үйреншікті қоғамдық тәртіпке үйлесе
алмайтынын ұлы ағартушы-ғалым, көрнекті қоғам қайраткері анық көрген.
Қазақ жерінде ислам дінінің таралуы, қазақ даласында мұсылмандық білім
берудің қалыптасуы мен дамуына ықпал етті. Патша өкіметінің қазақ жерінде
отарлауы алғашқы кезеңде жергілікті халықтың дінге сенулігін оны қалап алу
еріктігі болуын ұстады. Себебі, жергілікті топ өкілдерінің сеніміне ие
болу, отарлау саясатын тереңдету, ол мақсатқа кедергісіз жету пиғылы еді.
Қазақ даласында патша үкіметі медреселер салып, мешіттер ашып, қазақтардың
діни істерін Орынбор муфтилігіне бағындыру, қазақ жерінде ислам дінінің кең
өріс алуына ешбір кедергі жасамай, қолдау көрсетті. Мәселен, мына архив
құжаттарында: "Біздің даладағы үстемдігіміздің бастапқы кезеңіндегі саяси
мүддеміз қырғыздарға (қазақтарға) және бүкіл Орта Азияда олардың дініне қол
сұғылмайтындығы жөнінде сенім қалыптастыруды талап етті. Ол өз жағымызға
хандар мен сұлтандарды және даладағы ықпалды адамдарды тартуға тікелей
байланысты болды. Соған орай үкімет орындары алғашқы исламға төзімділік
танытып ғана қойған жоқ, оған қамқоршылық та көрсет-ті" - деп айтылған.
16
Шоқан Уәлихановтың "Сахарадағы мұсылмандық туралы" еңбегінде
мұсылмандық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңіп бола қойған жоқ ...
Татар молдаларының Орта Азиялық ишандар мен өздерінің жаңа діни ілімін
уағыздаушылардың ықпалымен біздің халық барған сайын мұсылмандық кейіпке
түсіп келедің, -деп жазған еді.17
Патша үкіметінің отарлау саясатын жүзеге асыру шараларында негізгі
басым кедергі ислам діні болды. Дала халқының ислам дініне көзқарасын
сезген патша үкіметінің миссионер ғалымдары "қазақтар мұсылман емес,
шамандар", -деп мұны өз мүдделерін жүзеге асыруда, яғни, қазақтарды
орыстандыру жолындағы мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланып бақты. Осы
негізде көзқарасты ұстаған Ы.Алтынсариннің танысы, әрі миссионер
ғалым Н.И.Ильминский еді.18 Миссионер, шығыстанушы Н.И.Ильминский оқу-
ағарту жүйесін басшылыққа ала отырып, отарлау саясатын жүргізу шарасына
арналған (Программа "Школа для крещенных инородцевы" Н.И.Ильминского 1870-
1871гг.) бағдарламасында: "Өлкедегі бұратана халықтарға білім беру
жүйесінің ұмтылатын ең басты мақсаты - оларды орыстандыру және діні мен
тілі жағынан орыстармен мейлінше мидай араластырып сіңіріп жіберу",-деп өз
мақсатын ашық айтқан. 19
Мәселен, сол уақыттағы "Дала уаляаты" газетінде "Торғай облы-сында
1896 жылдың аяғында Бестөбе болысында сол елдің болысы Измайл Досұғлы бір
школ ашты деп. . . Бақтыгерей мырза жақсы күшін салып, жаһұт етіп жатыр,
сол школды жақсы қылып орнатып, қайсы бір болыс школына биыл жібермекке.
Школ тәуір, бірақ қазірде балалары аз. Сол себепті тарлығы да білінбейді. .
. ",-деп айтылған еді.20
Бұл тұрғыда айтқанда, қазақ балаларына, басқа білімнің барлығынан
тиімділігі, мүмкін болғанша орыстың тілі мен жазуын жетік білдіруі керек
болды. Сондықтан, мектептердің басты мін-деті - қазақ балаларын -
мүмкіндігінше орыс тілі және орысша дұрыс жазуды үйрету болды. Осы бағытта,
тарих, жағрафия, есепке үйрету пәндерінің бәрін оқыту осы жоғарыда айтылған
міндеттерге байланысты болды. Оқылған пәндерді түсініп оқуды, оқығандарын
ауызша айту, ал одан кейін жазба түрінде қағазға түсіру талап етілген.
Оқылған пәндер жөнінде оқушылардың білімдерін көтерумен қатар, олардың
орысшаға жетік болуын және өз сөздері мен түсінгендерін, өз ойларын жетік
жазуына көмектеседі.
Патша үкіметі қазақ балаларының орта білім алуына әдейі бөгет жасады.
Орта мектепке түсушілерден орыс балаларымен бірдей орыс тілін білу талап
етілетін, мұның өзі қазақ халқы балаларының жоғарылау мектепке түсуіне
мүмкіндік қалдырмайтын.
Патша үкіметінің қазақтарды орыстандыру мақсатындағы саясатын жүзеге
асыруда патша әкімшілігінің оның ішінде оқу-ағар-ту саласындағы халық
училищелерінің инспекторлары және облыстық әскери губернаторлары мен
округтың оқу ісін тексерушілері мұсылман мектептерін қатал түрде бақылап,
қадағалап отырды. Ислам дініне қарсы, мұсылмандықты жою үшін ең негізгі
қарулары қазақтар арасында орыс оқуын тарату, орыс-қазақ(орыс-түзем)
мектептерін ашу деп қарады. Ресейдің халық-ағарту министрлігі 1870 жылы
Ресейді мекендеген бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы заң
қабылдады. Осы заң бойынша бұратаналарды орыстандыруды көздеген
миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді, өйткені, отарлық саясаттың
негізгі мақсатының бірі - орыстандыру, шоқындыру болатын, демек бұл
мақсатқа жетудің кілті - мектеп, халық-ағарту ісі екені сөзсіз.
Отаршылдық бағыттағы халық-ағарту ісіне берілген Түркістан генерал-
губернаторы К.П.Фон-Кауфманда кезінде айқындап берген-ді. (Только народное
образования способна завоевать край духовно; ни оружие, ни законадательство
немогут сделать этого, а школа, и только школа может(-деп айтқан. 21
Отаршыл әкімдер (Орыстарды бұратаналар бойларына сіңіріп, жұтып қояды(
және ондай шаруалар өздерінің орыстық бет-бейнесін жоғалтып, қазақтардың
ықпалына түсіп кетеді деп қорықты. Мысалы: Торғай облысының статистика
комитетінің мүшесі В.Катаринский - (Әрине, мұндай жағдайда орыстар
қырғыздарға (қазақтарға-Қ.Ы.) керемет мәдени ықпал етпек түгілі, олар
болашақта өздерінің орыстық қасиетін жоғалтып ала ма деп қауіптенесің - дей
келе, сондықтан, қазақ даласына орыс қоныстанушыларын мүмкіндігінше тұтас
селениелермен орналастырған ыңғайлы, әрі тиімді және олар үшін мектептер
ашып, олар орысша басқарылатын ету керек(-деп отарлық саясаттың орыстандыру
міндеті орындалмай қалады-ау деп мазасызданды.22 Дегенмен, мұндай
тұрғыдағы жорамалдар жүзеге аспауы әбден мүмкін еді. Бұның себебі мен
дәлелдерін Ы.Алтынсарин еңбектерінде "Қазақтар арасында түсінбеушілік пен
күдіктену болмау үшін, әр мұсылмандық оқу орындарға жіберілетін қазақ
оқытушыларының болмауынан",-деп анық айтты.23
1895-1909 жылдарда А.Байтұрсынов Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде
ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық училищелерде сабақ
береді. Бұл жылдардың ішінде А.Байтұрсынов Қостанайдан Омбыға барып, қазақ
халқының тарихын, этнографиясын, фольклорын, тілін зерттеуші
А.Е.Алекторовпен танысады. 24
Омбыға барып, Алекторовпен көрісуі Ақаңның кейінгі күндегі адамшылығы
мен ісіне екі түрлі әсер берген. Біреуі - Алекторовтың қазақ турасындағы
отаршылдық саясатының басын біліп, көздеп жүрген мақсатын сезген болар,
атақты Ильминскийдің жолымен қазақтың көзін ашу үшін осы оқу керек деген
саясатты түтынып жүргендігін сөздерімен білдірген. Алекторовтың ниетімен
жақын келіп танысқан соң, Ахмет қазақ халқының халінің ауырлығын ұғынып, ел
турасындағы түпкірлі ойы сол кезде ояна бастаған.
Алекторовпен танысудың екінші әсері - Ақанның жолы ашылып, пікірі
ашылып, бұрынғы білім-өнер жүзіндегі шала білініп, көмескілеу түсініп
жүрген нәрселерін таза білуіне себеп болған.
Сол уақыттағы оқушыларды орысша оқуға және жазуға үйретудің себебі
,қазақ халқын, тіл ерекшелігін ыңғайланған харіптің жоқтығы.
"Көп-ақ білетін шығар, біздің қазақ халқының өз тіліне шығарған харпі
жоқ болып, араб жұртының харпін ешбір қазақшаға түзетпей сол жұртта қалай
жазылса, сол бойымен алған еді. Және де бұл араб әліпбиінің қазақ сөздерін
жазуға толық емес, көп кемдігі бар һәм қайсы бір харіптері керексіз артық
екені де оқу білетіндерге белгілі. . . Әйтеуір қазақ тіліне анық жететін
қылып әліпбиді түзету керек. Әліпбисіз ешбір халық ғылым, білімді болмайды.
. . "20
Патша өкіметінің өкілдері заман талабына сай мұсылмандық оқудың қайта
құрылу жағын "жәдиттік оқу қозғалысын" күшейіп келе жатқанын аңғармады. Х1Х
ғасырдың соңында Ресей империясының қоластындағы түркі тілдес мұсылман
халықтары арасында мұсылмандық оқудың "жәдиттік" қозғалысы ,мәдени
ағартушылық сипатта өріс алып мұсылман халықтарының саяси сауаты мен дүние
тануына үлкен ықпал етті. Бұл жәдиттік оқумен білім беру қозғалысының көш
басында - Исмаил Бек Гасперинский тұрды.
И.Гасперинскийдің алға қойған мақсаты Ресей мұсылмандар арасындағы ұлт
бостандығына қол жеткізу еді. Осы мақсатты жүзеге асыруда шешуші міндеттері
мыналар болды:
1.Әрбір ұлт өзін сақтау үшін келешек ұрпағын ұлт жандылыққа тәрбиелеу,
ал ол тәрбие мектептен басталу керектігін айтып, мек-теп- медреселері мен
білім беретін оқу орындарын түзету шараларын қолға алды.
2.Білім беретін оқу орындарында, мектепте, медреселерде діни
сабақтармен бірге дүниауи ғылымдары- математика , жағрафия , тарих,
биология сияқты т.б. пәндерді оқыту заман талабына сай екенін үгіттеді.
3. Мектеп, медреселерде оқуды жәдиттік негізде ұйымдастыру үшін,
мұсылмандық оқудағы дәстүрлі арап алфабитін түркі халықтарының
тіліне лайықтап, дыбыстық естілу ерекшеліктеріне сәйкес бір ізге
түсірілген жазу ісін жаңа "усул-жәдитке" көшуді басшылыққа алды.
Мұсылмандық оқу жүйесінде, заман талабына сай, ескі қадыми оқудан жаңа
мұсылманша оқу жәдиттікке көшу еді. Түрік тілдес халықтарының арасында бұл
тұрғыдағы "жәдиттік" оқу жүйесін заман талабына сай қолдану оны жүзеге
асыру кең қолданыстар тапты. Осы негізде, қазақтар арасында "жәдиттік"
оқуды жүзеге асырушысы және оның көш басында - А.Байтұрсынов тұрды. 25
ХХ–ғасырдың басындағы жалпы түркілік азаттық идеясының күш алуына татар
( қырымдық және қазандық) және башқұрт халықтарының зиялылары біраз еңбек
етті. Бұл табиғи құбылыс болатын. Өйткені, орыстық отарлық езгінің, ең
алдымен, басынан өткерген, сондықтан да онымен күрестің бағасын терең
ұғынған және осы жолда біраз тәжірибе жинаған да осы халықтар еді.
И.Гаспиринскийдің "Тәржіман", Фатих Каримовтың "Уақыт" газеттері, татар
зиялылары ұйымдастырған баспаханалар, олар бастап берген жаңа әдістік оқыту
- белгілі дәрежеде жалпы түркілік азаттық идеясының қайта жаңғыруына қызмет
жасады" - деп М.Қойгелдиев өзінің "Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа
Шоқайұлы" атты еңбегінде баға береді. 26
Педагогика саласында ұлт және ұлттық мектеп туралы идея өріс ала
бастады. Әр халықтың өзіндік тәрбие жүйесі болғандықтан К. Д. Ушинский өз
кезінде атап өткен үлгісі қаншама тартымды болғанмен, сол бойынша өмір
сүруге болмайтыны сияқты өзінің педагогикалық жүйесінен де, мейлі ол
қаншалықты сындарлы, жақсы ойластырылған болса да, жақсы тәрбие алуға
болмайды. Бұл жөнінде әрбір халық өзінің күшін сынап көруге тиіс".27
Қазақ зиялылары өздерінің шығармашылық еңбектері арқылы халықты білім
алуға, оқу арқылы сана-сезімін ояту, сондай-ақ, қазақ жеріндегі әлеуметтік-
эконамикалық, қоғамдық-саяси және рухани-діни мәселерді реформалау
қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл күн тәртібіне қойылған мәселені жүзеге
асырудың ең бірінші жолы қазақ халқы арасындағы оқу-ағарту жұмысын өмір
талабына сай құрылуы мен оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру еді.
Ресей патшалығының отарлау саясатындағы ұстаған бағыты, шет аймақтағы
халықтарға, бұратаналарға орыс тілін үйрету, орыс тілінде сауат ашуына
бағдарлама жасалып, жүйелі жүргізіліп отырғандығына қарамастан ХХ ғасырдың
басында қазақ педагогикасы әлемінде де елеулі өзгерістер болды. Көркем
әдебиет пен жалпы мәдениеттің қол жеткен табыстары негізінде мектеп
оқушыларына арналған оқулықтар жасау мәселесі қолға алынып, алдыңғы кезекке
қойылды. Ұлт мектептерінде ана тілін оқытуға байланысты қолтума әліппе,
хрестоматия құралдарын жасауға үлкен мән берілді. Мұғалім, әліппе, төте оқу
төңірегінде, оның мәні не екені жөнінде пікірлер айтылды. Мұның өзі
педагогикалық ой-пікірге қозғау салды. Сөйтіп, қазақ тілінде әліппе жасау
ісі қолға алынып, алғашқы қазақ авторлары шыға бастады. Оларға алғашқы
әліппе-оқулықтарды (жадие) жаңа беру үлгісіне сүйеніп, усул сотие әдісімен
құрастырды.27
Мұсылмандық оқу орындарды дұрыс жолға қоюға, өмір талабына сай құрылуы
жөніндегі талап-тілектерін 1902 жылы Ресей мұсылмандары халық ағарту
министрлігіне ұсыныс жазған еді. Онда:
1. Мұсылмандық мектептерге бақылау жүргізуді, халық арасында сенімінен
айрылған, беделі жоқ, әрі халықтың тұрмыс салтымен жете таныспаған
халық училищелерінің инспекторларына емес, мұсылмандардың өздері
сайлап қойған, құрметті азаматтарға тапсырылғаны жөн. Мұсылмандық
оқу орындардың дұрыс қызмет етуі оның жағдайымен таныс және
жергілікті халықтың сеніміне ие адамдардың басшылық жасауына
байланысты екені ескертілсін.
2. Білікті адамдардан тұратын комиссия құрылып, ол комиссия мектеп-
медреселерге арнап, оқу бағдарламасын әзірлеп, бекітсін.
3. Мектеп, медреселердің бағдарламасына діни пәндерден басқа жалпы
білім беретін-арифметика, жағрафия, тарих секілді пәндер
енгізілсін. Бұл пәндерді оқыту ана тілінде жүрсін.
4. Мұсылмандық оқу орындарды аяқтаушыларға емтихандар белгіленіп,
куәліктер берілетін болсын.
5. Мектеп-медреселердің толық курсын табысты аяқтап шыққандарға
белгілі бір жеңілдіктер жасалсын деген еді.
Дегенмен, бұл ұсыныс жергілікті патша әкімшілігі мен халық ағарту
министрлігі тарапынан қолдау таппады.28
Отарлаушы ел әкімшілігінің өкілдері мұсылмандық оқу орындарының жаңа
оқу әдісіне “жәдиттік” өту себептерінің негі- зі - заман талабынан
туындаған, мұқтаждықтардың әсерінен екенін жете түсінбейді. Сондықтан
патша үкіметі мен оның тыңшылары жәдиттік оқу жүйедегі мектептердің
ашылуын, мұсылман дінін ұстаушы түркі елдердің өкілдерін, әсіресе
татарлардың және Түркиядан жіберілген арнайы білім алған маман - адамдардың
үгіт- насихат жұмыстарынан іздеуге тырысты. Мәселен, Түркістан
аудандық күзет бөлімі жәдиттік мектептердің Түркиямен астыртын орнатқан
байланысы бар деп сезіктеніп, осындай өрнектерді іздестірумен шұғылданған.
Миссионер Остроумов та Түркістан аудандық күзет бөліміне: “Мен өз атымнан
кейбір жәдидтік мектептердің астыртын байланыс орнатуға мүдделі екенін
мәлімдеймін, әрі мұндай байланыс Түркиядағы “Иттихад вә тәррәки” ұйымымен
орнатылуы мүмкін", - деп жазған еді.
Осы патшалық Ресей кезіндегі қалыптасқан көзқарастар ХХ - ға-сырдың бас
кезіндегі, яғни кеңес үкіметі уақытындағы “халық жауы” атты нәубаттың қазақ
зиялыларының басына түскен ауыр хәл оларға “тыңшы”, Шет елдермен
“байланысы бар”, "панисламис”, "пантүркизм”, "ұлтшыл” деген аттардың
тағылуына ұласқаны мәлім.
Төңкеріске дейін Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуына жадидизм
белгілі дәрежеде әсер етті. Жәдидиттер дін мектептерінде кейбір дүниелік
білім пәндерін енгізуді, оқытудың жаңа әдістерін қолдануды талап етті. Ескі
әдісті (кадим) қолданатын діни мектептерден өзгеше типтегі жадид (төте оқу)
мектептерінде ана тілін, география, табиғат тану, орыс тілі, арифметика
және жалпы білім беретін, оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін басқа пәндер де
оқытылды.
Осы негізде қазақтар арасында (жәдиттік( оқуды жүзеге асырушы және оның
көш басында - Ахмет Байтұрсынов тұрды.25
Жәдиттік оқу жүйесінде құрылған жаңа мектептер Ыбырай Алтынсарин
түзген ана тілінде оқытудың дыбыстық әдісін ала тұрса да, Жәдиттер оның
орыс графикасы негізінде жасаған қазақ әліппесін, оның оқулықтарын
қолданудан бас тартты. Жәдид мектептерінің бәрінде араб әліппесі
қолданылды, балалар асты-үстілі әріптермен, бірте-бірте құран оқуға
көшерліктей етіп оқытылды. Дін оқу жеке пән етіп бөлінді.
Қазақ тілінде дыбыс әдісімен оқыту оқушыларға тез арада ана тілінде
оқу жазуды, есеп шығаруды үйренуге мүмкіндік берді. Мұның өзі жәдид
мектебінің ескі кадим мектебінен артықшылықтарының бірі болды.
Жәдид мектептері Қазалы, Түркістан, Перовск (Қызылорда), Верный
(Алматы), Семей, Ақмола, Қарқаралы және басқа қалаларда болды.
1870-1883 жылдарда Қапалда, Верныйда ашылған кадим мектептерінің
бірсыпырасы 1904-1905 жылдарда жәдид мектептері болып қайта құрылды. 1909
жылы Сырдария облысында 39, Семей облысында 18 жәдид мектебі болған. т. б.
Арнайы дәлелденген деректердің болмауынан Қазақстандағы ол кездегі
жадид мектептерінің, олардың оқушыларының саны туралы анық мәліметтер
келтіру мүмкін емес, -деп жазды Ә.Сембаев өзінің зерттеулерінде.5
1905 жылы маусым айының 26-шы жұлдызында Ресей Империялық Министрлер
Кеңесінің төрағасының атына, бір топ қазақ зиялылары мен бірге
А.Байтұрсынов "Кіндік үкіметке" петиция жазды. Онда: бірінші-жер мәселесі.
Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші -
қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшінші -отаршылдардан орыс қалмақ
саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының
қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Сондай-ақ,
мұндағы қойылған талаптардың бір бөлімі, қазақ даласында оқу ағарту ісі
дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат
ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген болатын. Ол күндегі
ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі болғандықтан Ахмет Байтұрсынов
бастаған іске тілектес болып көпшіліктің оянуына себепші болған Ресей
жұртшылығының назарын аударған 1905 жылғы төңкеріс еді. 29
Бұл бастаманың негізгі тамыры 1902 жылдан бастап қазақ балалары үшін
ашылған үш жылдық бастауыш мектептің тілі қазақша болғанымен, қазақша
жазуы, яғни ресми түрде қабылдаған графикасы жоқ болатын, сондықтан әр
мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланған.
Орыс-қазақ мектептерінде сабақ Ы. Алтынсариннен бастап дыбыс әдісімен
оқытылды. Түсіндіре оқыту үшін ана тілінің оқулықтарына өлеңдер, ертегілер,
өнеге әңгімелер, табиғат, тарих, география тақырыбындағы мақалалар
енгізілді. Мектептерде қазақ тілін оқытқанда қолданатын оқу құралдары орыс
графикасы негізінде жасалған қазақ әліппесімен басылды.
Төңкеріске дейін Қазақстанда орыс-қазақ училищелері мектеп оқу
жүйесінде мақызды орын алды. Алайда, жалпы алғанда, бұл училищелердің
жұмысы қанағаттанғысыз болды.
Қанағаттанғысыз болудың негізгі себептерінің бірі - мектеп-терде
тиісті білімі бар мұғалімдер жоқтың қасында еді.
Бастауыш орыс-қазақ мектептерінің жұмысының нашар болуының тағы бір
үлкен себебі - мұғалімдердің, әсіресе, ауыл мектептері мұғалімдерінің
әлеуметтік тұрмыс-жайы өте нашар болды, олар басқа мектеп, яғни таза орыс
тіліндегі мектептердегі мұғалімдерден кем тұрды, сондықтан көп мұғалімдер
амалсыздан басқа жұмыс іздейтін болды. 5
Заман талабына сай жәдидтік оқу орындары мен мектептердің саны уақыт
өткен сайын көбейе түсіп, тек Түркістан өлкесінде 1905 жылға дейін
жәдиттік оқу орындарының саны 35- ке дейін жеткен. Қазақ өлкесіндегі және
басқа шет аймақтардағы, сол уақыттағы көпшілікке танымал медреселер, олар:
Орынбордағы “Мухаммедия”, Уфадағы “Ғалия” , “Хусаиния” , Қазандағы
“Рагулия” медреселері жәдидтік оқу орындарында, мектептерге мамандар
даярлап тәрбилеуде елеулі қызмет атқарды. Ондағы түркі мұсылман
халықтарының балаларымен бірге қазақ балаларының саны да жыл өткен сайын
көбейе түсті. Сондай- ақ, осы медресе мұғалімдері мен шәкірттері қазақ
өлкесінде арнай көшпелі төте оқу мектептерін ашып, қазақ балаларына дүние
тану білімдерін берді. Қазақ даласындағы көшпелі жәдит мектептерінің
ашылуына байланысты орыс- түзем мектептеріндегі қазақ оқушыларының оларға
ауысуы жиілей түсті.
Қазақ жерінде А.Байтұрсынов секілді зиялы қауым өкілдерінің саны жыл
өткен сайын арта түсті, олар халық-ағарту мәселесіне ерекше ден қойды. Олар
үкіметтің халық-ағарту саласы бойынша шығарылған кейбір заңдық ережелердің
мазмұнын жергілікті халықтық мүддесі тұрғысынан қарап, өздерінің ой-
пікірлерін ашық білдіре бастады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910
жылдардан бастап қолға алды. Осымен қоса қазақ графикасын жасауға кірісті.
Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде ұзақ ғасырлық
дәстүрі бар, өзге түрік халықтары да пайдаланып, қолданысқа ие болған,
қазақ жанына жақын араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдеді,
сонымен бірге қазақша дыбыстары жоқ араб таңбаларын алфавиттен шығарып,
арабша таңбасы жоқ қазақ дыбыстарына осы араб таңбасынан таңба қосады,
қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазу үшін "дәйекші" атты
белгі алды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын, өзі "қазақ жазуы" деп, өзгелері
"Байтұрсын жазуы" деп атаған қазақтың ұлттық графикасын жасады.
Сондай-ақ, осы жазуды үйрететін әліппе оқулығын түзді. Жоғарыда
баяндалғандай, оқу-ағарту мұраты - өткен ғасырдың бас кезінен бастап қазақ
қоғамы үшін әлеуметтік мүдделердің ішінде ең бастысы болды, сондықтан оқу-
ағарту саласындағы ой-пікірлерге сол кездегі қазақ зиялылары жаппай мойын
бұрады, әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, "Әліппе"
құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол себептен 1911-1912 жылдардан
бастап бірнеше "Әліп-би" кітапшалары түзіліп, олар Уфа, Орынбор қалаларының
баспаханаларында басылым көрді. Бұлар М.Нұрбаев, М.Малдыбаев, З.Ерғалиев
"Әліп-билері" еді. Бірақ олардың көбі бірер басылымнан артық жарияланбай,
кеңінен қолданыс таба алмады. Солардың қатарында шыққан А.Байтұрсыновтың
әліппесі "Оқу құралы" деген атпен 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта
басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланды. 30
1922 жылдан бастап Ахмет өлеңнен гөрі осы тіл, мектеп жағына көп
назар салды да өлеңді ара-тұра жазды. Солардың ішінде 1914 жылы Орынбор
қаласында шыққан "Казакча алифбеси" кітабы ешқандай өзгеріссіз Бішкектің
"Периодика" баспасынан қайта шықты. 31
А.Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына арналған
алғашқы әліппенің қазақ тілі грамматикасын танытатын оқулықтардың, қазақ
тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да авторы. 32
Халыққа білім беру ісін ұлттық жазудан бастауды мақсат тұтқан
лингвист ғалым 1912 жылдан бастап "жаңа емлені" ұсынады.
Ғалымның 1912 жылы Орынборда басылған "Қазақша әліппе" ("Оқу құралы")
халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралында әрі сауат
ашу, әрі ұлттық (этнопедагогикалық) дүниетанымды іске асыру мақсаттары
көзделеді. 33
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оған қажет графика туралы алғашқы
пікірлерін ол 1912 жылдан бастап "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеттерінің
беттерінде білдіреді. Атап айтқанда, "Айқаптың" 1912 жылғы 4-5 сандарында
"Жазу тәртібі",34 9-11 сандарында "Шаһзаман мырзаға",35-атты мақалалары
жарық көрді. Ал "Қазақ" газеті мен "Шора" журналында 1913 жылы жарияланған
еңбектері. "Жазу мәселесі",36 - "Қазақ" газеті 34-35 саны 1913 жыл.
"Қазақша сөз жазушыларға",37 - "Шора" журналы 1913 жыл. 4 саны.
"Жазу мәселесі"36 атты мақала жариялап, онда қазақ дыбыстарын қазақ
білмейтін араб алфавитінің кейбір таңбаларын қазақ жазуына енгізбеу
керектігін, тұтас сөздің жіңішкелігін, білдіру үшін дәйекті деп алатын
белгі қажеттігін дәлелдейді. Осы кезден бастап қазақ лингвистикасының
терминдері жасалып, қалыптаса бастайды. Бұлайша түзетілген алфавит сауат
ашудың дыбыстық әдісіне сай келетін графика екендігін айтады.
А.Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ
жұртшылығы, әсіресе, мұғалімдер қауымы талассыз қабылдайды, себебі, бұл
қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп жасалған
болатын. А.Байтұрсынов түзеткен жазу 1912 жылдардан бастап іс жүзінде
қолданыла бастады, яғни осы жазумен кітаптар шықты, 1913 жылдан бастап
мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де осы жазу
қолданылды. А.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы 1924 жылы ресми түрде
қабылданды. Бұл-өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен роль
атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба әдебиеттің
дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивтік
құбылыс болды. А.Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін сол кезде өзге түркі
халықтары үлгі тұтып, өз жазуларына өзгерістер енгізді. Ғалым ширек
ғасырдай күш жұмсап, тер төккен бұл еңбегін, яғни "реформаланған қазақ
жазуы қазақ мәдени талаптарын әбден өтей алады" деген көзқарасын латын
алфавитіне көшу жайында әңгіме бастағанда, кейін 1926 жылғы Бакуде болған
Бүкілодақтық І-туркологтар сьезінде барынша дәлелдеп, латынға көшуге қарсы
пікірде болғаны түсінікті.
Сол уақыттағы “Қазақ” газетімен бірге “Айқапта” көтерілген үлкен
мәселелердің бірі, қазақ халқын отырықшылыққа үгіттеу жұмыстары осы аталмыш
басылымдарда жарық көрді. Ұлт зиялылары қазақтың отырықшылыққа көшу
мәселесін қарағанда халықтық қала салу,білім-өнер ошақтарын ашу ісіне
әсерін де назардан тыс қалдырмады. Халықтың оқып, білім алуы үшін
көшпеліліктен гөрі отырықшылық пайдалы деген пікірді Б.Қаратаев, М.Сералин
көтерген мәселелерді жақтаушылар “Айқап” журналы төңірегіне топтасқан еді.
Мәселен, 1913 жылғы “Айқап” журналының 20-шы номерінде М.Сералиннің: “Біз
қазаққа қала сал деп үгіт айтсақ, әлбетте отырықшы халықтың түпкілікті
қонысқа ие болатындығын; кәсіпшіл болмақ, өнерлі болмақ, оқымысты, ғылымды
болмақ отырықшы болғанда ғана табылатындығын шамалап айтқан едік",- деп
жазса,38 “Қазақ” газетінің 1914 жылғы 48-ші номерінде, А.Байтұрсынов “Біз
қазаққа қала болма демейміз. Жақсы жеріңе жиылып қалақол сал, мешітіңді
орнат, мектеп, медресеңді аш, рұқсатсыз неге қала болдың деп ешкім айтпайды
дейміз. 15 десятинамен қала боламын десеңдер, күн көре алмайсыңдар дейміз”,-
деген еді. 39
А.Байтұрсыновтың патша өкіметінің ұстаған отарлау саясатына қарсы
көзқарасын тек бір жақты оқу-ағарту саласында ғана білдірген жоқ, оның
элеуметтік-экономикалық жақтарында жан-жақты ашып тұжырымдап айта білді.
Сондай-ақ,, ол қазақ елін өз жеріне өзі қожа, өз алдына ел болып, мемлекет
болуына, егемендікке ие болуының бастапқы шарттарын түсіндіруге ұмтылды.
А.Байтұрсынов түйіндеп берген ой-пікірлерді Ресей отарындағы
мұсылман халқы, әсіресе қазақ жеріндегі мұсылмандар басшылыққа ала отырып,
мұсылмандар фракциясы атынан өкіметке өз ұсыныс, талап-тілектерін қоя
білді. Мәселен; Мемлекеттік думада ұлт аймақтардың рухани, саяси өсуі үшін
ауадай қажет оқу- ағарту мәселесіне мұсылман фракциясы ерекше көңіл бөлді.
Мұсылман фракциясы қазақ өлкесіндегі шет аймақтардан жіберілген өтініш
хаттарды басшылыққа ала отырып, Парламент мінбесі арқылы оқу-ағарту
саласында мұсылман халықтарына жасалып келе жатқан қысымшылықтарды
әшекерлеп қалуға тырысты.
Сонымен бірге мұсылман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы
М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық негіздері
“Педагогика тарихы ”курсының теориялық әдіснамалық негізі
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының рухани көсемі ретіндегі орны
Тіл танытқыштар
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
Пәндер