Білім беру мәселесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы
  2. Оқушылардың белгілі бір бөлігі оқулықтармен тегін қамтамасыз етілуі.
  3. Елімізде 12 жылдық мектеп бағдарламасы
  4. Қазір зкономиканың өсуі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы

Білім беру жүйесінің алдында тұрған мақсат-міндеттердің осыншалық ауқымдылығына байланысты Елбасы Үкіметке Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын әзірлеу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл таяудағы Үкіметтің отырысында жан-жақты қаралып, "Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы" мақұлданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген басымдықтарға сай Қазақстандық көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру бағытында жетілдіру, жаңарту. Осының барлығы білім берудің сапасын арттыру жолында жасалып жатқан қадамдар. Мен биылғы білім беру саласындағы басты жаңалық осы бағдарлама, дер едім. Енді білім саласындағы жұмыс осы, бағдарлама аясында жүреді.

2004 жылы республикалық бюджет есебінен - 35, жергілікті бюджет есебінен - 39, барлығы 74 мектеп салу жоспарланған еді. Дәл бүгінге дейін 9 мың оқушыға арналған 15 жаңа мектеп оқушыларға есік ашып отыр. Мектептерді ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары да жылдағыдан ерте аяқталды.

Еліміздегі мектептерде жыл сайын 3 миллионнан аса бала білім алып келеді. Биыл да сол деңгейде болады. Ал осы оқу жылында шамамен 227, 9 мың бала тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттайды. Еліміз бойынша жалпы білім беретін мектептер саны - 8260, оның министрлікке қарайтыны - 7925. Бұл мектептердің 3687-і қазақ тілінде сабақ оқытады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары мемлекеттік тілде оқитын қазақ балалары 60 пайыз болса, қазір қазақ мектептеріне баратын ұлтымыздың ұл-қыздары 81 пайызды құрайды.

Жас мұғалімдерді жергілікті бюджет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарында нақты айтылған. Үкіметтің (2002 ж. 11. 01. №41) арнайы қаулысына сәйкес ауыл мұғалімдеріне - 25 пайызы, мамандандырылған мектептердің бейіндік пәндер мұғалімдеріне - 30%, инновациялық мектептердің мұғалімдеріне 10 % үстеме ақы төлеу белгіленді.

Оқушылардың белгілі бір бөлігі оқулықтармен тегін қамтамасыз етіліуі.

Олар: интернаттық ұйымдарда оқитын балалар, жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары. Облыстар және Астана, Алматы қалаларынан алынған мәліметтер бойынша республика бойынша мұндай балалардың контингенті жалпы оқушылар санының 63, 7 пайызын кұрайды. Жалпы білім беретін мектептердің барлық оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында облыстарда кітаптарды сату, баспалардың кітап дүкендерін ашу, жылжымалы сауда нүктелерін ұйымдастыру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.

2004 жылдың 20 тамызына барлық оқулықтардың орташа есеппен алғанда 70-80 пайызы республика мектептеріне жеткізілді. Оқулықтарды баспалардан облыстардағы жалпы білім беретін мектептерге жеткізу жұмыстары күнделікті жүріп жатыр. Кейбір оқулықтар бағасының жоғары екенін жоққа шығара алмаймыз. Болашақта халық қалтасы көтере алатын 1 оқулықпен, өзге де оқу құралдарымен қамту жағы басты назарда тұр. Ал, оқу әдебиетінің құнын оған кеткен полиграфиялық шығынына қарай баспалар анықтап, баға белгілейді.

Нәтижесінде республика мектептеріндегі компьютерлік техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 54 оқушыға 1 компьютерден келді. ЮНЕСКО-ның деректері бойынша бұл ТМД елдері арасындағы жоғары көрсеткіштердің бірі. Ал дамыған елдермен салыстырғанда төмен. Оларда бұл көрсеткіш 1 компьютерге 5 оқушы шамасында. 2005-2007 жылдар аралығында кезең-кезеңімен ескірген 14, 6 мың компьютерлік техника паркін жаңарту және мектептерге жаңадан 18 мыңнан астам компьютер жеткізу міндеті түр. Бұл міндет орындалған жағдайда 2007 жылдың соңында 1 компьютерге 35 оқушыдан келуі тиіс. Қазіргі кезде еліміздегі 3495 мектеп (44, 1 пайыз), оның ішінде ауыл мектептерінің 35, 8 пайызы, яғни 2208-і интернетке қосылған. Барлық мектептердің 65 пайызына телефон орнатылған. Физика, химия, биология пәндері кабинеттеріне қажет жабдықтар алуға 195, 2 миллион теңге жұмсалды.

Елімізде 12 жылдық мектеп бағдарламасы

Елімізде 12 жылдық білім беруге көшу 2008 жылға жоспарланып отыр. 12 жылдық оқытуға көшу проблемаларымен нақты айналысатын республикалық ғылыми-практикалық орталық құрылған. Отанымыздың 52 жалпы білім беретін мектептерінде 12 жылдықтың 1 сыныбына арналған қазақ және орыс тілдеріндегі оқу материалдарын сынақтан өткізу жөніндегі тәжірибенін бірінші жылы аяқталды. Қазіргі кезде аталған жұмысты жалғастыру үшін 2-сыныптың оқу құралдары мен бағдарламасы, әдістемесі дайын.

Алдағы оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге көшу міндеттері аясында шетел тілін бастауыш буыннан бастап оқыту және үш тілде білім беру тәжірибесі сынақтан өткізілмек. Бірінші тәжірибе ағылшын тілін жалпы білім беретін мектептердің 2-сыныбынан бастап оқытуды жүзеге асырады. Үш тілде білім беру әрбір облыста өздері тандаған 1 не 2 мектеп тәжірибе алаңы ретінде белгіленіп, олардағы 7-сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттың бір пәні ағылшын тілінде беріледі. Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы қазақ тілінде, қазақ мектептерінде орыс тілі мен орыс әдебиеті екі дербес пән ретінде бөлініп жүргізіледі. Аталған пәндерден басқа пәндер қалыптағыдай, қазақ мектебінде - қазақ тілінде, орыс мектебінде орыс тілінде оқытылады.

Қазақстан Реcпубликасындағы білім берудің 2010 жылға дейінгі дамуының мемлекеттік жоспарьн іске асырудың іс-шаралары жасалуда.

Мектепке дейін білім беру мен тәрбиеге келетін болсақ еліміздегі бұлдіршіндерің 19-20 пайызы ғана балабақшамен қамтылған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының 30 пайызын мемлекет есебінен балабақшаға тарту, заман талабына сай балабақша үйлерін салу аталмыш бағдарламада жан-жақты айтылған. Мұғалімнің әлеуметтік жағдайын жақсартпай, алаңсыз жұмыс істеуге қол жеткізбей, ең бастысы мәртебесін көтермей, істің ілгері жылжуы әсте мүмкін емес. Бұл туралы арнайы комиссия құрылды. Ол өз жұмысын атқарып жатыр Онын шешімін халыққа жеткізетін боламыз. Ендігі бір үлкен сала кәсіптік бастауыш білім туралы айта кетсем деймін. Шыны керек, бұл саланың қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Тоғызыншы сыныптан кейін оған баратын талапкерлер бар болғаны 10 пайыз ғана Жаңа бағдарламада 2010 жылға дейін бұл көрсеткішті 20 пайызға жеткізу, екі-үш жылда кәсіптік-техникалық мектептердің базасын нығайтуға бюджеттен миллиард теңгеден артық қаржы қарастыру көзделген.

Жоғары оқу орындары туралы айтар болсам, әлемдік тәжірибеге сүйеніп үш сатылы білім беру жүйесін қалытастыруға ден қойып отырмыз. Ол бакалавариат-магистратура-доктарантура. Бакалавариат жүйесіне көшу аяқталды. Нормативтік-құқықтық құжаттар, жаңа бейіндер, оқу стандарттары бағдарламалары дайын. Бұрынғыдай диплом беріп мамансың деу енді болмайды.

Қазір мемлекеттік тіл мәселесі аз айтылып жүрген жоқ. Тіл - қазақ тілінде жазылған сауатты оқулықтар арқылы тамырын бекітеді. Рас, жоғары оқу орындарына қажет мемлекеттік тілдегі оқулықтар дайындау толық шешімін тапқан жоқ Әсіресе техникалық, медициналық мамаңдықтар бойынша оқулықтар жетпей жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары білім беруді әлеуметтік институт ретінде қарастыру
Жолдаудағы білім берудің бейнесі
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесінің кезеңдері
Білім социологиясының ғылыми-теориялық негізі
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін әлеуметтік институт ретінде зерттеу
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар
Қазақстанның білім беру жүйесі
Мұғалімнің құзыреттілігі
Педагогикалық зерттеулердің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz