Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары


Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
КЕНТАУ ИНСТИТУТЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫРТТАЙ ОҚУ ФАКУЛЬТЕТІ
«БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ САБАҚ ҮЛГЕРМЕУШІ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫ ЖЕКЕЛЕНДІРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., доц.
Қожагелдиева С.
«» 2009 ж.
Хаттама №
«»2009 ж
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы
Дәулетбекова Б.
Орындаған: СПМ-416 тобының
студенті Құдайбергенова З.
050102-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ТҮРКІСТАН 2009 ж.
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ САБАҚ ҮЛГЕРМЕУШІ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫ ЖЕКЕЛЕНДІРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Ж Ұ М Ы С Т Ы Ң Ж О С П А Р Ы
КІРІСПЕ . . . 3
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері . . . 6
1. 2. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың алғы шарттары . . . 24
ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ САБАҚ ҮЛГЕРМЕУШІ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫ ЖЕКЕЛЕНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту барысында кемшіліктерді түзету . . . 35
2. 2. Бастауыш сынып математика сабағында үлгермеушілікті болдырмаудың жолдары . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 52
К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бастауыш сыныпта оқушылар өз өмірін дұрыс ұйымдастырып, оқушылар өзара мұғалімдермен, ата-аналармен шынайы да, сыпайы ізгілікті қарым- қатынас орнатуға, кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
Білім мазмұнына деген жаңаша көзқарас ең алдымен білім, білік дағдыларды меңгерудің негізгі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді.
Қазақстан Республикасының орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алыңған терең білімінің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту.
Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжда қалыптастыруға және оқу қызметін білуге оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге тілдік қарым - қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін - өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез құлқының мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан - жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру - отбасының, бала - бақшасының, орта және жоғары білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл үдерістің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы “Қазақстан - 2030” стратегиясында Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әр бір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау” - деп көрсетілген [1] .
Орта білім беретін мектептердегі негізгі проблемлардың бірі - оқушылардың сабақ үлгермеушілігі болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын жоғары сыныпқа барғанда сабақты нашар оқитыны және жеке пәндерден үлгере алмайтын себебі: бірінішісі - бастауыш сыныптарда оқыту жұмыстарының дер кезінде жүйелі, тиянақты, сапалы өтілмеуінен, екіншісі - мұғалімдердің тәжірибесіздігі мен методиканы жете меңгермейтіні, шеберлігінің жоқтығы, күнделікті өмірдің жаңалықтарынан бейхабарлығы, өз жұмысына немқұрайлы қарайтындығы.
Осындай жағдайлардан барып оқушылар өткен сабақты толық түсіне алмайды. Өйткені сабақ қызықсыз, тартымсыз болғандықтан, бала ынта қойып тыңдамайды. Сондықтан үй жұмысы да орындалмайды. Бала өткен материалға түсінбегендіктен, жаңа сабақты да түсіне алмайды. Себебі бір сабақ екінші сабақпен байланысты. Сабақ үлгермеушілк біртіндеп келіп осындайдан шығады. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану оқытудың көздейтін негізгі мақсаты болып саналады. Осы айтылған мәселелердің маңыздылығы мен практикалық мәні диплом жұмысымның тақырыбын: «Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары» деп таңдауыма себеп болды.
Бастауыш білім беретін мектептердің негізгі міндеттерінің бірі үлгермеушіліктің алдын алу және оны болдырмауға әрекет жасау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш мектеп математика пәнінде оқушылардың үгермеушілігін болдырмау.
Зерттеудің пәні: математика пәні.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдарын қарастыру, алдын алу шараларын ұйымдастырудың жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа үлгермеушілігін анықтау барысында зерттеліп жазылған педагогикалық - психологиялық еңбектерге теориялық тұрғыдан талдау жасау.
- Озат педагогикалық тәжірибелердегі оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау, туралы тәжірибелік еңбектерді зерттеу, салыстыру арқылы тиімділігін анықтау.
- Оқушылардың үлгермеушіліктерін болдырмауды қолданылатын әдіс - тәсілдерді анықтап беру.
Зерттеудің әдістері: оқушылардың іс-әрекетін бақылау дидактикалық, теориялық және оқу әдістемелік құралдарды оқып талдау, талдау-жинақтау әдістері.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері - табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы; дамыта және деңгейлеп оқыту теориясы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Бастауыш білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы бастауыш білім мемлкеттік стандарты; Бастауыш мектеп математика оқулығы, оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет, газет-журнал көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды зерделеу, байқау, анықтау, педагогикалық тәжірибелер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: математика сабақтарында оқушылармен жұмыс жүргізудің негіздерін және мазмұнын түзу; оқытудың тиімді әдістері.
Зерттеудің практикалық маңызы: бастауыш сынып оқушыларын математиканы оқытудың мазмұнын дайындау.
Зерттеу кезеңдері: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан әр тарау екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Оқуда үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту -бүгіңгі күннің басты талабы [2] . Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
“Білім негізі - бастауышта” деп бекер айтпаған. Ол үшін дайындығы мықты тәжірибесі мол бастауыш білім маманы қажет. Мектеп - үздіксіз білім беретін мекеме. Олай болса бар күш-жігерді бастауыш білім беруге салған ләзім.
“Адам-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады” деген Абай атамыздың сөзін ұмытпай әр кез жадымызда сақтағанымыз дұрыс. Бастауышта жақсы білім алған оқушы одан әрі білімді еш бір қиындықсыз меңгере алады. Бастауышта алыңған білім білімдердің негізгісі болып табылады.
Білім алу үдерісінде оқушылар дұрыс еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз айларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, төрт амал көлемінде элементарлық математика бойынша есептер шығаруға баулынады, оларға табиғат жөнінде кей бір түсініктер беріледі.
Білім бері саласында оқыту үдерісінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылымы-практикалық деңгейіне байланысты.
Оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту үдерісінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады.
Сабақтың құрылуына оқушылардың жас ерекшіліктері олардың дербес сабақтарға дайындық дәрежесі шешуші ықпал етеді. Оқушы әліде болса, ұзақ уақыт бойына өзінің назарын де болса, ұзақ уақыт бойына, өзінің назарын іс-әрекеттің белгілі бір түріне шоғырлауды үйренбеген оқытудың алғашқы кездерінде мұғалімге сабақ түрін жиі өзгертіп отыруға тура келеді. Оқушылардың, жасына, оқу шеберлігіне және дағдыларының жинақталуына қарай мұғалімнің басшылығымен істелгін жұмыстар мен сабақтағы оқушылардың дербес істерінің ара-қатынасы да өзгереді. Мұғалімге коллектив ретінде, сыныптың ерекшеліктерімен, оның ұйымшылдығымен санасуға тура келеді.
Мәселен, бастауыш мектепте сабақ өткізуде сан алуан ойын жаттығулары едәуір орын алатындығы мәлім. Бірақ, егер мұғалім ойынды ірктеп алғанда сыныптың ерекшеліктерін ескермес, онда ойын оқушылардың жұмыс қабілетін ширықтырып, қалпына келтірудің орнына оқу тәртібін бұзуға әкеп соғуы мүмкін. Мұның бәрі сабақтардың бір типті бола алмайтындығына көз жеткізеді.
Тәрбие - жалпы халықтық іс. Бұл ұран емес, өмірдің талабы. Мұнсыз жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Жасөспірімді тәрбиелеу проблемасын сөз еткенде, оның маңызды бір аспектісін айтпай кетуге болмайды.
Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе оқушылармен ұйымдастыр, сабаққа қатыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сынып жиналыстарында әсіресе 1-сыныптарда олардың ата-аналардың, мектеп ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге міндетті, оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мұғалім мен оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бұл проблеманы толық шешуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан мұғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа әдістерін қарастырған жөн.
Әдетте орталықтанаған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің, оның әрбір сыныптағы жәрдемішілернің, оқу төрайымының атқарар ісі қыруар.
Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға алғандардың тізімін алып сынып жетекшіге береді. Міне осындай жанды әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларына, ең қажеттілерін қосып іс-шаралар белгілейді.
Оқушылармен әңгімелесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада өткізілгені жөн. Көбінесе сабаққа келмегендер мен үлгермеушілер мәселесі кіші педкеңесте оқушылар кеңесінде қаралып, кеткен кемшіліктерді түзеу жөнінде шұғыл шара қабылдануы керек. Жазғы демалыс алдында, үлгермейтін оқушының ата-анасы шақырылып, үлгермеген пәні бойынша, баласына берілген тапсырмалармен таныстырады. Оқушының оқу үлгерімі мұғалімге де байланысты. Барлық кінәні оқушыға артпай сынып жетекші пән мұғалімімен тығыз байланысып сол баланың ерекше мінез-құлқы жөнінде өзара пікірлесе, тәрбие ісі нәтижелі болмақ. Жасыратыны жоқ, сабақтан қашатын оқушының мұғалімге назарлығы кездеседі. Кейде талап қоюдың жөні осылай деп, орынсыз ойластырылмай қойылатын жазаның оқушылардың нәзік сезіміне кері әсер етеді. Осындай жазғыру шараларының салдарынан өзге де қолайсыз жағдайлар кездеседі. Кейбір жағдайларда семьяда әкесі не шешесі жоқ балалардың тәртіп бұзушылығы ерекше, ерсі қылықтары басымдау. Сол себепті ондай оқушыға мұғалімдер мейлінше қамқорлық жасауы керек. Бүгінгі жасөспірімдер еліктеуге әуес. Олар өздері үшін үлгі боларлық нәрсе іздейді. Кейде жаман әдеттерге тез бой алдырады [3] .
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп алады [4] . Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады:
- Ұжыммен, ортамен қарым-қатынасы оқу тәрбие үдерісіндегі жанұяның
ықпалы.
- Қоғамдық және үй жұмыстарына араласуы.
- Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы.
- Денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар.
- Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы.
- Дара ерекшеліктері.
- Ойлау қабілетінің деңгейі.
- Зейіні мен есте сақтауы. Еркін жігері. Табандылығы. Қызығушылығы.
- Жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері.
Осы мәселелер анықталғаннан кейін баланың жеке пәндер бойынша білім мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі оқулықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып оңайдан қиынға қарай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалық жұмыстар белгіленеді.
Мысалы, Қанат деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жұмыстар жүргізу керек деп ұйғарды. Ата-анасымен тығыз байланыс жасау. Үйдегі күн режимін белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру. Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы әңгімелер, тәрбие сағатын өткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру сабақта жұмыстар жүргізу белсенділігін жетілдіру, оқуға ынталы, алғыр балалардың жолдастық көмегін ұйымдастыру.
Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақты дидактикалық материалдарды техникалық құралдарды мейлінше молынан пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану [5] .
Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл материалдарды мақал-мәтелдер мен жұмбақ жаңылпаштарды жаттауға ұсынып отыру. Барлық жеке жұмыстарда «оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге» принципін басшылыққа алып қайталауға көбірек мән беру. Оқушының еңбектерінің жақсы жақтарын дер кезінде байқап, тиісінше мақтап, өз күшіне сенімін ояту, т. б.
Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша біліміндегі оқулықтар анықталып жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты белгіленеді, олардың нәтижелері жазылып отырады. Үлгерімі төмен оқушыларға өткен материал мен өтілетін материал арасындағы сабақтастықты білдіруге басқа назар аударылды. Жеке жұмыстардың мақсаты ең алдымен баланың білімді саналы меңгеруі, ойлау қабілетін дамыту. Оның алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын дамыту.
Сондықтан тәжірибе көрсеткендей зерттеу жұмыстарын үнемі және ғылыми тұрғыда жүргізіп жеке жұмыстарды отыру қажет. Оқудың белгілі бір кезеңінде үлгерімі төмен болған оқушылардың жоғарыдағыдай жұмыстар барысында едәуі жақсы нәтижеге бастауы осы бағыттың дұрыстығын көрсетеді.
Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы, олардың сабағындағы жұмысымен тығыз байланысты. Мұның табысты болуы сабақтың қалай өткенін мұғалімнің үйге тапсырманы қалай бергеніне байланысты. Сондықтан сабақтың сапасы жоғары болса оқушылардың үй жұмысы соғұрлым табысты болады. Үйге берілген тапсырманы 3 топқа бөлуге болады.
Олар ауызша (оқушының материалын оқып үйрену, өлеңдер, ережелер жаттау), жазбаша (жазбаша жаттығуды, есеп шығаруды, шығарма, т. б. ), оқу-практикалық тапсырмалар (тәжірибелер, бақылаулар т. б) .
Оқушының үй жұмысын ұйымдастырудың маңызды мәселесі оның көлемі т. б. түрлі жастың балалары үйге берліген тапсырманы оындауда түрліше уақыт жіберуі мүмкін сабақты ұйымдастыруда гигиеналық және педагогикалық талаптарды ескерген жөн. Мектеп ережесінде бұл мәселеге байланысты оқушының үй тапсырмасын орындауына мынадай уақыт мөшері анықталған.
Мысалы: 1 сыныпқа-1 сағат, 2 сыныпқа-1, 5, 3-4 сыныпқа-2 сағат.
Барлық тақырыпты мұғалім жоспарлаған тапсырманың, олардың мазмұны мен көлемінің маңызы зор. Бұл жағдайда тапсырма сан алуан болады да, сыныпта оқып, үйренетін оқу материалдарының бір бөлігі болады.
Сөйтіп, теориялық материалдарды оқып үйренуді практикалық тапсырмамен дұрыс ұштастыруға болады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының ойдағыдай орындауы мұғалімнің жұмыс сапасына байланысты да. Сондықтан да әрбір тапсырмаға нұсқау қосарлануы тиіс.
Бұлардың формалары төмендегідей болады:
- Бұрын қолданылған тәсіл мен тапсырма орындауды жәй көрсету.
- Екі-үш мәрте мысалмен тапсырманы көрсетіп жіберу.
- Үйге берілген тапсырманың ең қиын жақтарын сыныпта талдау.
- Жұмысқа жеке тапсырмаларды орындау әдістеріне қойылатын талаптарды
түсіндіру.
Оқушылар жас болған сайын, нұсқау соғұрлым нақты егжей-тегжейлі болу керек. Мысалы: 15 - беттегі ережені жаттау, 16 - беттегі 3-4 жаттығуды орындау. Оқушылар тапсырманы күн сайын орындап отыруға үйрету маңызды. Ол үшін мынадай шаралар жүйесі қажет:
- Оқушыға мұқият нұсқау бері, дер кезінде жұмысқа үйрету.
- Олардың жұмысына бақылау жасаудың нақтылы жүйесін ойластыру.
- Оқушылардың режимдері дәл сақталуына жету.
- Кездескен қиыншылықтарды өздігінен шешуге үйрету.
Кейде тіпті оқу жұмысын мұғалімнің дұрыс ұйымдастыра алмауынан сыныпта бірнеше артта қалатын және үлгермейтін оқушылар болады. Бұл құбылыс сан алуан себептерден туады. Кейде мұғалім оқушының ерекшелігін ескерумен, онымен өзінің жұмысын онша дұрыс құра алмағандықтан да туады. Кейбір оқушылар қандай да бір пәннің қиыншылығын үнемі дұрыс бағалай білмейді. Сондықтанда артта қалады.
Ата-аналар тарапынан олардың оқуына, мінез-құлқына бақылау болмағандықтан оқушылардың үлгермеуі мүмкін. Артта қалу үлгермеу оқушыға қатты әсер етеді. Ол өз күшіне сенуден қалады, оқуды жиі тастап кетеді. Артта қалуды жою құралдарының бірі - қосымша сабақ. Оқушылармен бұл жұмысты бастамас бұрын артта қалудың себебі мен сипатын анықтау керек. Егер оқушы ауырып артта қалса, бірақ жақсы үлгеретін болса, мұғалімнің басшылығымен істелінетін өзіндік жұмыс ұштастырылуы керек. Егер оқушы жалқауланса оны тым қамқорлыққа ала бермей, мұғалімнің жолдастарының ата-аналардың бастауымен оны жұмыс істеуге көндіре керек.
Жеке жұмыс - артта қалу басталысымен мұғалім оқушыға көмек көрсетуі керек. Істелетін жұмыстар ерікті де міндетті сипатта болуы керек. Әсіресе нашар оқушыларға көмек беру үшін жақсы оқушыны тарту керек.
Мұғалімнің басшылығымен қосымша сабақ беруді көп пайдалануға болмайды [6] . Әсіресе, сыныпты түгел қалдыру зиян. Өйткені жұмыс нәтижесі болмайды. Сабақта үлгермеушілікті туғызатын елеулі себептердің бірі - оқу жұмысын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының жоқтығынан болады. Мұғалім міндеті - әрбір оқушыны оқи білуге үйрету.
Білім негізі - бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай. Оқушының бұл сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы - жоғары сыныпқа барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды. Оған бастауыш мұғалімінің жыл сайын төрт жыл оқытып, қолдарынан шығарып жүрген жас түлектерінің білім жүйесі айғақ болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz