Тауарды несиеге сатудың есебі, қолма - қол, қолма - қолсыз есеппен сатудың теориялық аспектісі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І бөлім . Тауарды несиеге сатудың есебі, қолма - қол, қолма - қолсыз есеппен сатудың теориялық аспектісі . . . 6
1. 1Тауарларды әзірлеу, тауарлар түрлері, жіктелуі туралы түсінік . . . 6
1. 2 Тауарды несиеге, қолма - қол, қолма - қолсыз есеппен
жүргізу саясаты . . . 11
1. 3 Көтерме саудасындағы және бөлшек сауда кәсіпорындарындағы
тауарлардың операциясының есебі . . . 20
1. 4 Көтерме саудасындағы және бөлшек сауда кәсіпорындарындағы
тауарлардың операциясының есебі . . . 29
ІІ бөлім. ПОСЖБ ЖШС - нің өндірістік материалдар өндірудегі ерекшеліктер . . . 32
2. 1. ПОСЖБ ЖШС - нің қалыптасуы, дамуы және бухгалтерлік
есеп . . . 32
2. 2. ПОСЖБ ЖШС - нің экономикалық жағдайы . . . 35
2. 3. ПОСЖБ ЖШС - нің ақша қаражатының құрамы және
құрылымы . . . 38
2. 4. Синтетикалық және аналитикалық есеп . . . 41
ІІІ бөлім . Тауарды несиеге сатудың есебін және қолма - қол,
қолма - қолсыз есебін жетілдірудегі іс шаралары . . . 46
3. 1. Францияның жалпы экономикалық жағдайы, салық жүйесіне
сипаттама . . . 46
3. 2. ХҚЕС - тың даму тарихы, мақсаты . . . 53
3. 3. «1. С Бухгалтерия 8. 0» қазіргі таңда қолданылуы, дамуы . . . 65
Қорытынды . . . 68
Қосымшалар:
Пайдаланылған әдебиет . . . 71
Кіріспе
Еліміздің өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бері біздің жас мемлекетіміз бен оның Үкіметі талай сыннан өтіп келе жатқандығы белгілі.
Кәсіпорындар бірінен кейін бірі жабылып, халықтың басым көпшілігі жұмыссыз қалды. Ауылдарды ақшасыздық жайлап алды. Халықтың барлығы көшеге шығып, дорба - сөмке арқалап, базар жағалап кетті. Бүкіл елді үмітсіздік кернеді. Қазіргі күні бүкіл әлемді шарын бастаған және ең ауыр сипатқа ие болып отырған соңғы дағдарыстың салмағын алғашқылардың бірі болып сезінген Қазақстан экономикасы болды. Мұның да өзіндік заңдылықтары бар. Егер Бүкіл әлемдік сауда ұйымына қосылып үлгермеді демесеңіз Қазақстан, бұл тұста біртұтас дененің бір мүшесі секілді ортақ экономикалық ағзаға кірігіп үлгерген еді. Әлемнің қаншама елдеріне мұнай, металл, астық және басқа да минералды шикізат көздерін жөнелтіп жатырмыз. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктер әлемдік қаржы институттарынан іркіліссіз несие тарату мүмкіндіктеріне ие болып, ел ішіне шетелдік волюталар тасқындай төгілді.
Осы жағдай әлемдік қаржы дағдарысының алғашқы шегінде Қазақстан жағдайына әсер етті.
Жылдың басында Үкімет пен Ұлттық банктың, қаржы қадағалау агенттігінің бірлескен мәлімдемесінде үстіміздегі жылы ішкі жалпы өнімнің өсу көлемі 5 - 7 % аралығында, ал инфляция деңгейі 10% - ға дейінгі аралықта болатындығы айтылған - ды. Үстіміздегі жылдың 8 айында инфляция деңгейі 7, 5 пайызды құрады, Қазақстан экономикасы әлемдік дағдарыстың алғашқы кезеңіне жеткілікті жағдайда беріктік танытты.
2007 жылдың соңында Қазақстан Үкіметі Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес еліміздің әлеуметтік - экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірінші кезекті міндеттері туралы жоспарды әзірлеп, бекіткен болатын. Бұл жоспар салынып жатқан тұрғын үйлердегі учаскелердің құқығын қорғау және ипотекалық рыногтың әлсіреуіне жол бермеу, орта және шағын кәсіпорындардың жобаларын оларға қолайлы жағдайда қаржыландыру, еліміздің азық - түлік рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджеттік инвестициялық жобаларды жүйелі жүзеге асыру жағдайын сақтап қалу секілді бағыттарды қамтыған болатын. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бюджет арқылы үлкен қаржы бөлінген.
Үкімет еліміздің экономикалық тұрғыдан сапалы дамуын қамтамасыз ету бағытында бір қатар жүйелі қадамдар жасады.
Қазақстан Республикасының дамуын негізге ала отырып, курстық жұмыс жаздым.
Маған берілген тақырып: «Тауарды несиеге сатудың есебі, қолма - қол, қолма - қолсыз есеппен».
Тауарларды сату әр қилы болып келеді. Бұл - көтерім саудамен сату, қолма - қол есеп айырысу, тауарларды несиеге өткізу, ұсақ көтерме сауда, сатып алушыға қызмет көрсету.
Тауарларды несиеге сатуды барлық меншік формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырады (баға бойынша кейін өзгеретін болса да қайта есептелмейді) . Несиеге автокөлік, жиһаз, тоңазытқыш, мұздату камерасы, теледидар және т. б. секілді ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар сатылады.
Несие алынатын тауардың қолма - қол ақшамен төленетін бастапқы жарнасы, сондай-ақ, оны бөліктеп төлеудің мерзімі (несие мерзімі) тауардың құнына қарай анықталады.
Егер несиеге сатылатын тауардың бағасы ең аз шамадағы бір айлық еңбекақының 12 еселік мөлшерінен аспайтын болса, онда сатып алушы бірден осы тауар құнының ең аз дегенде 20%-ін өлшейді және калғанын 6 айдан үш жылға дейін бөліктеп төлейді. Егер тауардың бағасы аталған шектен асатын болса, онда тауарды несиеге алу барысының бастапқысында оның құнының 40%-ін төлейді, ал, қалған бөлігі 5 жылға дейінгі мерзімде төлентін болады.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды несиеге сатудың жаңа ережесіне сәйкес несиелеудің шегі (шекарасы) азаматтардың еңбекақы (табыс) деңгейіне қарай анықталып белгіленетін болады.
Мәселен, алты айға дейінгі мерзімде бөліктеп төленетін тауар сатылатын болса, берілетін несиенің сомасы тауарды сатып алушының екі айлық еңбекақысынан аспауы керек, ал, 24 айға 8 айлық еңбекақыдан, 36 айға - 12 айлық еңбекақыдан, 48 айга 18 айлық еңбекақыдан аспауы тиіс және 60 ай мерзімінде төленіп бітуі тиіс несиенің шекті сомасы сатып алушының 24 айлық еңбекақы деңгейінде белгіленеді.
Тауардың құны несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық қолма-қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша төленуі қажет.
Сатып алушыдан сауда кәсіпорнының пайдасына несие сомасының проценті өндіріліп алынады. Бұл проценттің мөлшерін сауда кәсіпорны банк несиесінің қолданыстағы мөлшерлемесін ескере отырып белгілейді, берілген несие сомасындағы тауардың құнын сатып алушы айына бір мәрте бірдей үлестермен өтейтін болады.
І бөлім. Тауарды несиеге сатудың есебі, қолма - қол, қолма - қолсыз есеппен сатудың теориялық аспектісі.
- Тауарларды әзірлеу, тауарлар түрлері, жіктелуі туралы түсінік
Маркетинг кешені 4 құрылымдық компоненттен тұрады:
- Тауар.
- Баға.
- Тарату әдістері.
- Ынталантыру әдістері.
Тауар түсініктемесінің саны жеткілікті. Тауар дегеніміз - бұл мұңтаждықты немесе талап-тілекті қанағаттандыратын және нарыққа назар аударту, сатып алу, пайдалану немесе тұтыну үшін ұсынылатын нәрсенің бәрі.
Олар объектілер, көрсетілетін қызметтер, орындар, ұйымдар және идеялар болуы мүмкін.
Тауарлық бірлік - шаманың, бағаның, сыртқы пішінінің көрсеткіштерімен және басқа да атрибуттарымен сипатталатын ерекшеленген тұтастың. Мысалы, тіс пастасы - тауар, ал "Проктер энд Гембл" фирмасының "Колгейт" пастасының қыспасы, бағасы 190 теңге - тауарлық бірлік.
Тауарларды ойлап шығарушылар дайындайды және оны әзірлеген уақытта идеяны 3 деңгейде қабылдау қажет:
- Ойдағы тауар, бұл деңгейде мына сұрақтарға жауап беріледі; "Сатып алушы нақты нені сатып алады? Сатып алушы қандай мұңтаждықты қанағаттандырады?"
Өйткені қандай да болмасын тауар - ол белгілі бір проблеманы шешетін орау арқылы көрсетілетін қызмет.
- Нақтылы түрінде орындалған тауар, ол бес негізгі сипатымен: сапасының деңгейімен, ерекшеліктер жинағымен, арнайы әшекейленуімен, маркалық атауымен, ерекше орауымен белгіленеді.
- Нығайтылған тауар - тауарға қолдау ретінде қосымша көрсетілетін қызметтер мен пайдасын беру. Фирма тауарға үнемі қолдау жасап отыратын тиімді жолдарды іздеуі қажет.
Тауарлар әлемі ауқымды және сан алуан, сондықтан онда дұрыс бағыт ұстану үшін оны жіктеуде әртүрлі әрекеттер жасалып жатыр.
Тауарды пайдалаыу дәрежесі немесе материалдық қажеттілігі бойынша жіктеу:
Ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар - көп мәрте пайдаланылатын материалдық бұйымдар (тоңазытқыштар, станоктар, киім) ;
Қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар - пайдаланудың бір немесе бірнеше циклі ішінде толық қолданылатын материалдық бұйымдар (отын, жағар май, сыра, тұз, сабын) ;
Көрсетілетін қызметтер - белгілі бір тарап іс-әрекет, басқасына пайда немесе қанағаттандыру түрінде ұсынатын сату объекті (тұрмыс қажетін өтеу ұйымдары, заң және бугалтерлік кеңсе, банктер) .
Өндірістік тауарлар басқа тауар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруде шаруашылык қызметті және тұтынушыларға қайта сату үшін сатып алынады. Өндіріс тауарларын өндіріске қатысуына, құндылығына байланысты келесі үш топтарға бөлуге болады:
Материалдар мен бөлшектер (тетіктер) өндіріс процесінде толык, пайдаланылады. Оларды екі топқа бөлуге болады: 1) шикізат - ауыл шаруашылығы өнімдерін қамтиды (бидай, жеміс - жидектер, мақта және т. б. ) және 2) жартылай фабрикаттар мен тетіктер бұлар материалдық компоненттер (темір, цемент, сым темір және т. б. ) немесе толықтырушы бұйымдар (дөңгелектер, шағын моторлар және т. б. ) ретінде қолданылады.
Күрделі мүлік - дайын бұйымда жартылай шамада болатын тауарлар. Оны әдетте 2 негізгі топқа бөлуге болады: тұрақты құрылыстар және қосалқы жабдық. Тұрақты құрылыстар - олар үй - жайлар, әкімшілік ғимараттары, компьютерлер мен станоктар, қосалқы жабдыктар - жылжитын, зауыттық жөне кеңселік жабдықтар (қол құралы және т. б. ) .
Қосалқы материалдар мен көрсетілетін қызметтер - дайын бұйымның құрамына кірмейтіндер. Қосалңы жабдық - жұмыс материалдары, техникалық қамтамасыз ету және қайта жөндеуге арналатын материалдар. Көрсетілетін қызметтер - олар іс-әрекет, пайда немесе қанағаттандыру түрінде ұсынатын қызметтер (банктер, техникалық жұмыс станциялары, тұрмыс қажетін өтеу ұйымдары және т. б. ) .
Тауар саясатының маңызды элементтерінің жиынтығы болып онын, таңбасы, орауы, атқарылатын қызметі және тауарлық ассортиментін әзірлеу табылады.
Марка - ол тауардың атауы, белгілі бір қаріппен жазылған рәмізі, суреті немесе олардың қосындысы.
Маркалық атау - ол марканың бір бөлігі, оны айтуға болады және тауардың сапасы жаңсы деген ойды білдіреді, мысалы, "Шевроле", "Пума".
Маркалың белгі - ол өзге тауардан айыру үшін белгіленген сөзбен, суретпен көлемді етіп бейнеленген марканың бөлігі, эмблемасы.
Тауарлық белгі (®, ™) - құқықтық қорғаумен қамтамасыз етілген марка, оның бөлігі.
Авторлық құқық (© ) - әдебиеттік, музыкалық немесе көлемді шығармалардың құрамы мен нысанын басып шығаруға, сатуға және басқадай түрлендіруге өзіндік құқық.
Тауарлық номенклатура - нақтылы сатушы мен сатып алушыларға ұсынылатын тауарлардың және тауарлық бірліктердің ассортименттік топтарының жиынтығы.
Тауарлық ассортимент - өз араларында ңызмет жасауының ұқсастығы бойынша немесе осы бір тұтынушылар тобына сатуына немесе бір диапазон бағалары төңірегіне өте тығыз байланысты тауарлар тобы. Егер фирма өз тауарына маркалық атау беруін шешсе, онда ол келесі шешімдерді қабылдауы тиіс:
А) Марканың иесі жөніндегі шешім:
- тауар ендіруші маркасының атауымен;
- өзінің маркасын иеленуге аламын деген делдалға тауардың берілуімен;
- тауардың бір бөлігі өндірушінің маркасьмен, келесі бір бөлігі делдал маркасының атауымен шығырылса.
Б) Маркалық тауардың сапасы жөніндегі шешім.
Маркалық; тауарды әзірлеген уақытта оның сада деңгейін және басқа да айырықша белгілері қандай болатынын шешіп алу қажет, өйткені олар мақсатты нарықта марканың айқындамасын түрақты ұстануды қамтамасыз етеді. Сапа - ол маркалық тауардың өз қызметін орындауға есептелген қабілеті.
В) Туыстық маркалар жөніндегі шешім.
Маркалық атаулар берілуінің мәселесіне 4 көзқарас айқындалған:
- жеке маркалық атаулар
- барлық тауарларына бір маркалық атау беру
- туыстық, тауарлар үшін ұжымдық маркалық атау беру
- жеке атаулармен үйлестірілген фирманың сауда атауы.
Г) Марканы пайдалану аясын кеңейту жөніндегі шешім. Тауар үлгісін немесе жаңа тауарды нарыққа шығару кезінде жетістіктерге жеткен маркалық тауарларға мүмкіншілік беру.
Д) Көп маркалық көзқарас жөніндегі шешім
Көп маркалық көзқарас - ол сатушының бір тауарлық санатта 2 немесе одан да көп маркаларды пайдалануы.
Маркалы тауар - бұл жоғары сапалы тауар, сол себептен ол маркаланбаған тауармен салыстырғанда 15-20% жоғары бағаланады.
Маркалы тауар бойынша мамандандырылған "Интербранд" консалтинг компаниясы 1996 жылы өз зерттеулерінің нәтижелерін жарыққа шығарды, ол бойынша әлемде ең белгілі, ең әйгілі 10 марка бар екен: Макдональс, Дисней, Кока - Кола, Сони, Джиллет, Мерседес - Бенц, Левис, Микрософт, Мальборо. Тауар маркалары санаткерлік меншіктің объектісі болып табылады және "Тауар маркасы, қызмет көрсету белгілері мен тауардың шығу тегін білдіретін атаулар туралы" Қазаңстан Республикасының заңымен қорғалады.
Тауарлық ассортимент және тауарлық номенклатура
Тауарлық ассортимент - өз араларында қызмет көрсетуінің ққсастығы бойынша немесе белгілі бір тұтынушылар тобына сатуына немесе бір диапазон бағалары төңірегіне өте тығыз байланысты тауарлар тобы.
Тауарлық номенклатура - нақты сатушы мен сатып алушыларға ұсынылатын тауарлар мен тауарлық бірліктердің ассортименттік топтарының жиынтығы.
А) Тауарлың ассортимент шеңберінде қабылданатын шешімдер:
- тауарлық ассортиментті көбейту жөніндегі шешім (төмен, жоғары, екі жақ бағытта) ;
- жаңа бұйымдарды іске қосу арқылы тауарлық ассортиментті толықтыру жөніндегі шешім.
Б) Тауарлық номенклатура жөніндегі шешім:
- тауарлық номенклатураның ауқымдылығы. Ауқымдылығы - фирма шығаратын ассортиментік тауарлар тобының жалпы саны;
- тауарлың номенклатураның толықтырылуы. Толықтырылуы - ол тауарлар мен құрастырушылардың жалпы саны;
- тауарлық номенклатураның тереңдігі. Тереңдігі - ол ассортименттік топтар шеңберінде жекелеген тауарларды ұсыну жолдары;
- тауарлық номенклатураның үйлесуі. Үйлесім - ол түрлі ассортименттік топтардын, түпкі пайдалану деңгейінде тауарлар арасы жақындығының деңгейі.
Сөйтіп, тауар саясаты - кәсіпорынның маркетингтік қызметінің тауарлар ассортименті мен тауарлар номенклатурасы белгілеуді, жаңа тауар шығаруды және бұрынғы тауарды жетілдіруді, орау стратегиясын, тауарға тауар белгісін беруді және қызмет көрсетуді қамтитын сан салалы, аса күрделі қызмет саласы.
- Тауарды несиеге, қолма - қол, қолма - қолсыз есеппен
жүргізу саясаты
Тауарларды несиеге сатуды барлық меншік формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырады (баға бойынша кейін өзгеретін болса да қайта есептелмейді) . Несиеге автокөлік, жиһаз, тоңазытқыш, мұздату камерасы, теледидар және т. б. секілді ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар сатылады.
Несие алынатын тауардың қолма - қол ақшамен төленетін бастапқы жарнасы, сондай-ақ, оны бөліктеп төлеудің мерзімі (несие мерзімі) тауардың құнына қарай анықталады.
Егер несиеге сатылатын тауардың бағасы ең аз шамадағы бір айлық еңбекақының 12 еселік мөлшерінен аспайтын болса, онда сатып алушы бірден осы тауар құнының ең аз дегенде 20%-ін өлшейді және калғанын 6 айдан үш жылға дейін бөліктеп төлейді. Егер тауардың бағасы аталған шектен асатын болса, онда тауарды несиеге алу барысының бастапқысында оның құнының 40%-ін төлейді, ал, қалған бөлігі 5 жылға дейінгі мерзімде төлентін болады.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды несиеге сатудың жаңа ережесіне сәйкес несиелеудің шегі (шекарасы) азаматтардың еңбекақы (табыс) деңгейіне қарай анықталып белгіленетін болады.
Мәселен, алты айға дейінгі мерзімде бөліктеп төленетін тауар сатылатын болса, берілетін несиенің сомасы тауарды сатып алушының екі айлық еңбекақысынан аспауы керек, ал, 24 айға 8 айлық еңбекақыдан, 36 айға - 12 айлық еңбекақыдан, 48 айга 18 айлық еңбекақыдан аспауы тиіс және 60 ай мерзімінде төленіп бітуі тиіс несиенің шекті сомасы сатып алушының 24 айлық еңбекақы деңгейінде белгіленеді.
Тауардың құны несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық қолма-қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша төленуі қажет.
Сатып алушыдан сауда кәсіпорнының пайдасына несие сомасының проценті өндіріліп алынады. Бұл проценттің мөлшерін сауда кәсіпорны банк несиесінің қолданыстағы мөлшерлемесін ескере отырып белгілейді, берілген несие сомасындағы тауардың құнын сатып алушы айына бір мәрте бірдей үлестермен өтейтін болады.
Тұрғын үйге арналмаған жеке тұлғалар саудасының маңызды
көзіне, оны қалыптастыратын әрі ауыстыратын құралға несие
карточкалары жатады.Банк карточкалары үш тараптың қатысуын ұйғарады:
- несие карточкасының эмитент - банкісі;
- несие карточкасының иесі;
- несие карточкасын тауарлар мен қызмет көрсетулердің төлем құралы ретінде қабылдайтын сауда ұйымдары. Клиент несие карточкасын алу үшін банк белгілеген ақшалай қаражат сомасын банкке аударуы қажет. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің ақысын несие карточкасымен клиент шотында қаражат болмаған жағдайда да, яғни, банк несиесінің есебінен төлеуге болады.
Банк өз қызметі үшін әрбір операцияның сомасынан белгілі бір працентті өндіріп алады.,
Төлем карточкасын пайдаланушылар, сонымен бірге, жыл сайын белгілі бір соманы карточкаға қызмет көрсетуі үшін және оны жыл сайын жаңартуға аударып отыруға міндетті.
Тұтыну несиесін тұрақты түрде берудің бұл тәсілі шетелдерде де кеңінен тарап отыр. «ВИЗА», «Америкэн Экспрес «Мастер кард» секілді халықаралық қаржы ассоциациялары осы пластикалық карточканың иелеріне қызметтің кез келген түрін керсетуде.
Бүгінгі таңда көптеген қазақстандық банктер де әр түрлі несие карточкаларын щығара бастады.
Тұтыну несиесіне, сондай-ақ, ломбард та жатады.
Ломбардтар (несиені) халыққа жеке пайдаланылатын және үйде тұтынылатын заттың кепілдігімен береді.
Сауданың мөлшері кепілге салынған заттың түріне, оның нарыктық құнына және ломбард белгілеген кепілдікті қамтамасыз етудің шегіне қарай анықталады.
Бүгінгі танда, әсіресе, жекеше ломбардтар кеңінен тараған. Сол себепті де ломбард несиесінің процеттік мөлшерлемелері жоғары болып келеді. Тіпті банктік проценттің мөлшерлемелерінен асып түсетін кездері де болады. Бұл, сөз жоқ, осы несиенің құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Біртұтас ақша айналымының құрамына қолма-қол акшасыз айналым кіреді. Қолма-қол ақшасыз айналым барлық ақша айналымының үштен екі бөлігін құрайды. Қолма-қол ақшасыз айналым дегеніміз - бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жиынтығы. Қолма-қол акшасыз есеп айырысу дегеніміз - қолма-қол ақшанң қатынасынсыз, тек банкідегі есеп шоттарға жазу арқылы немесс өзара талаптарды есепке алу арқылы есеп айырысуды айтамыз.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырьісудың келесі нысандары бар:
- Төлем-тапсырмалық нысаны.
- Аккредитивтік нысан.
- Чекпен есеп айырысу.
4. Төлем-талап тапсырмалық нысаны.
Төлем-тапсырмалық нысаны
.
Төлем тапсырмасы дегеніміз - төлеушінің өзіне қызмет көрсететін банкіге өз есеп-шотынан тиісті соманы ақша алушының есеп шотына аударуға, беретін бұйрығы. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысу төмендегідей жүргізіледі:
1. Тауар жеткізуші келісімшартқа сәйкес тауарын жөнелткеннен кейін төлеушінің атына фактура-шотын ұсынады:
2 Сатып алушы тауарды алғаннан кейін төлем-тапсырмасының жинақтамасын толтырып, оған фактура-шотын қосып, өзіне қызмет көрсететін банкіге тапсырады;
3. Құжаттарды тиісті тексеруден өткізгеннен соң банк көрсетілген соманы сатып алушының есепшотынан шығарып, тауар жеткізушінің банкісіне аударады. 4. Тауар жеткізушінің банкісі алған ақшаны оның жекс шотына қондырып. акшаның түскенін хабарлайды.
Аккредитивтік нысан. Аккредитивтік нысаңды қолданғанда құжаттардың айналысы төмендегідей жүргізіледі:
- Жасалған шартқа сәйкес тауар өндіруші өндірілген тауарының жөнелтуге дайын екенін сатып алушыға хабарлайды және одан аккредитив ұсынуын талап етеді.
- Сатыл алушы мұндай хабарды алғаннан кейін өзінін банкісіне аккредитивтік өтінішті толтырып жібереді.
3 Тауар алушының банкісі өтініште көрсетілген соманы тауар сатушының банкісіне аударады.
- Тауар сатушынын банкісі алған ақшаны аккредитивтер деген шотқа қалдырып, тауар сатушыға елеулі түрде хабарлайды.
- Тауар сатушы мұндай хабарды алғаннан кейін, тауар алушыга тауарды жеткізеді және оны дәлелдейтін құжаттарды өзінің банкісіне жібереді.
- Тауар сатушының банкісі құжаттарды алғаннан кейін аккредитивтер деген шоттағы ақшаны тауар сатушының жеке шотына аударады және оған ақшаның түскенін хабарлайды.
Чекпен есеп айырысу. Бұл қай жағынан алып карағанда да өте қолайлы нысан. Бұл нысан бойынша есеп айырысу төмендегідей жүргізіледі:
- Сатып алушы алмақшы болған тауарын іріктеп алады да, оның сомасына чек жазып береді.
- Чек ұстаушы сол чекті келесі күні сатып алушының банкісіне төлеуге ұсынады.
... жалғасы3 Сатып алушынын банкісі бұл чектің сомасын тауар сатушының есепшотына аударады немесе қолма-қол түрінде оған ұсынады.
Төлем-талап тапсырмалық нысаны. Бұл нысан бойынша есеп айырысу төмендегідей жүргізіледі:
1. Тауар сатушы тауарды алушыға жеткізеді де, оның жеткізгенін дәлелдейтін кұжаттарды тауар алушысының банкісіне жібереді;
2. Тауар атушының банкісі бұл құжаттарды тауар алушыға төлеуге келісім беру үшін жібереді (акцепт төлеуге келісім беру) .
3. Тауар алушы 3 күн аралығында алған құжаттармен танысып. келісімін беріп, өз банкісіне қайтадан жібереді:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz