Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... 5
1.1 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Delphi программалау тілінде құрылғыларды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2. Delphi программалау тілін оқытудың электрондық құралын жасау және пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.1 Delphi программалау тілінің зертханалық жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.2 Электрондық құралын жасау және пайдалану әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ..64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
Қазіргі уақытта информатиканың дамуы мен ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алатын орны ерекше екендігі белгілі. Бұлар өмірдегі барлық салада өз орнын тауып, қазіргі заманның айнытпас мәдениетіне енді. АКТ өте үлкен жылдамдықпен даму үстінде, яғни көптеген жаңа технологиялар пайда болып, ескілері тез жойылуда, бұл информатика пәніне де айтарлықтай әсер етуде. АКТ-ның үлкен қарқынмен дамуына байланысты программалауға деген қызығушылық та арта түсті. Программалау – тез дамып келе жатқан ғылым мен техника саласы. Программалау тілі дегеніміз – алгоритмдерді және алогритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тіл.
Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүргізіліп келеді. Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу, таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестердің бір бөлігі.
Қазіргі кезде программалау тілдерін оқыту әдістемесіне кеңінен көңіл бөлінеді. Мысалы, А.Скробов VB тілін пайдаланып, бірнеше есептердің бір уақытта орындалуын зерттесе, В.Тихвинский VBA модульдерін өңдеуді кеңінен зерттеп келеді. Ал Г. Магдануров объектілі-бағдарлы программалау тілінің Visual Basic.Net программасында қолданылуын зерттеді. Осы тәрізді зерттеулер біздің елімізде де жаңадан қолданыс табуда. Сол себептен программалау тілін оқып үйрету әдістемесін жетілдіру қажет. Әрине, программалау тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары аз емес. Көптеген зерттеушілер программалау тілін оқытудың әр түрлі әдістемелерін ұсынады. Ашық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына байланысты программалау тілдерін меңгерудің көптеген жолдары бар. Әрбір оқушы өз бетінше де программалау тілін меңгере алады. Бірақ зерттеушілер программалау тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастырған. Сонымен қатар, еліміздің зерттеушілері көбіне программалау тілінің ең оңай тәсілдерін оқыту әдістерін ғана зерттеумен шектеліп келеді. Зерттеу жұмыстары көптеген зерттеушілермен бірге әртүрлі тәсілдерді қамтиды. Олардың барлығы оқушыға тиімді, әрі жоғары білім береді. Осы тәсілдермен программалау тілдерін оқыту оқушыларға программалау тілін меңгеруде маңызы өте зор.
Қазіргі уақытта мектепте программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7.0, Vіsual Basіc, C++, Delphі. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Жалпы білім беретін орта мектепте программалау тілін тереңдетіп оқыту информатиканы оқытудың мақсаттары болып табылмайды. Программалау дегенде қандай да бір программаның жеке жүйесін оқыту емес, жалпы алғанда программалау негіздерін меңгеруде, атап айтқанда, қандай да бір программалау жүйесіндегі негізгі ұстанымдармен танысу. Американдық педагог ғалым Б. Хантер ұсынған анықтама бойынша, программалау біліктілігі – компьютерлік сауаттылықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, компьютерлік сауатты болу үшін оқушылар дайын компьютерлік программалармен жұмыс істеп қана қоймай, әдістемелік құралдарды пайдалана отырып, талапқа сай программаларды да құра білуі керек. Программалау тілдері күнбе – күн дамып отырғандықтан, оларды оқыту әдістемесі де осыған байланысты үздіксіз дамып отырады. Сондықтан, компьютерлік программалармен жұмыс істеп, талапқа сай программаларды құра білу үшін және жалпы программалауға деген қызығушылықты тудыру үшін оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін құрып, оларды дамытып, жетілдіру қажет.
1. Халықова К.З., Тұрғанбаева А.Р., Бостанов Б.Ғ. Программалау тілдерін оқыту. Delphi ортасы: Оқу құралы. – Алматы, 2005. – 217 б.
2. Фаронов В.В. Delphi. Программирование на языке высокого уровня: Учебник для вузов – СПб.: Питер, 2007. – 640 с.:ил.
3. Хомоненко А.Д., Гофман В.Э. Самоучитель Delphi. – 2-е изд., перераб. и доп. – СПб.: БХВ-Петербург, 2008. – 576 с.: ил. + CD-ROM
4. Культин Н.Б. Основы программирования в Delphi 7.– СПб.: БХВ-Петербург, 2003
5. Закалюкин А.Б., Колосов С.В., Навроцкий А.А., Синицын А.К., Шакирин А.И. Программирование в среде DELPHI. Лабораторный практикум для студентов всех специальностей – Мн.: БГУИР, 1998. – 94 с.
6. Электронды оқулықтарды пайдалану. А.Абубаева , Информатика негіздері, №4 - 2006ж.
7. Акчурин Э.А., Стефанова И.А. Программирование в среде Delphi. Методические указания к лабораторным работам – Самара, 2003. – 100 с.
8. Нұрғалиева Г.Қ. Электрондық оқулықтар мұғалім мен студент арасындағы әрекеттестікті гуманизациялау құралы // «Информатика негіздері» республикалық журналы №2, 2002. -2-3 б.
9. Пышкин Е.В. Основные концепции и механизмы обьектно- ориентированного программирования – СПБ.: БХВ – Петербург, 2005, 640 с.
10. Архангельский А.Я. Приемы программирования в Delphi. – Изд. 2-е, М: Вином-Пресс, 2004, - 848 с.
11. Бобровский С.И. Технологий Delphi: Разработка приложений для бизнеса: учеб. курс Питер, 2007. – 719 с.
12. Волков В.Б. Самоучитель Delphi. М.: Питер, 2005.
13. Желонкин А.В. Основы программирования в интегрированной среде Delphi: практикум, М. 2004, 236 с.
14. Сухарев М. Золотая книга Delphi – 2004, 1040с.: ил.+[1] CD-ROM
15. Лапчик М.П. Методика преподавания информатики: Учебное пособие для студентов пед. вузов. М.: Изд. центр «Академия», 2003.
16. Салғараева Г.И. Турбо Паскаль тілінде программалау әдістері: Оқу құралы. – Алматы, 2007.- 256 б.
17. Кеңесбаев С.М., Салғараева Г.И. Программалау тілдері. – Алматы, 2005. – 174 б.
18. Сыдықов Б.Д. Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту. – А., 2002.
19. Дудина И.П. Построение графиков функции в Delphi. Информатика и образование. №6,2003, стр. 27-31.
20. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах.М.: Бином, 1996. – 152 с.
21. Дарахвелидзе П.Г., Марков Е.П. Программирование в Delphi 7. – СПБ.: БХВ-Петербург, 2003.
22. Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, №7,8 – 2006 ж.
23. Шекербекова Ш. Delphi ортасында программалау негіздері. - // Информатика негiздерi. - 2005. - №1. - С. 15-18б.
24. Сатпаева А. Delpһі ортасымен танысу. - // Информатика негіздері. - 2004. - N3. - С. 15-18б.
25. Қабіләшімова Б. Электрондық оқыту - заман талабы. - // География және табиғат. - 2009. - №5 . - С. 27-29 б.
26. Қадырова К. Электрондық оқулықтың көмегі зор. - // Қазақстан мектебi. - 2010. - №2. - С. 13-15 б.
27. Халимова М. Электронды оқулықтың тиімділігі. - // Информатика негіздері. - 2010. - №1. - С. 19-21 б.
28. Исабаева Б.К. Электрондық оқулық - қазіргі заманға сай оқу құралы. - // Хабаршы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ:Филология сер. - 2008. - № 5 . - С. 261-263 б.
29. Абишова Г.Б. Электрондық оқулық жасауға негіздеу. - // Қазақстан орта мектебі=Средняя школа Казахстана. - 2008. - №1. - С. 4-8 б.
30. Бейсенова Г. Электрондық оқулықтардың алатын орны. - // Бастауыш мектеп. - 2006. - №4. - С. 6-8б.
31. Жолдасбеков Ә. Электрондық оқулықты қолдану әдістемесі туралы. - // Бастауыш мектеп. - 2009. - №2. - С. 66-68 б.
32. Хорев П. Технологии обьектно-ориентированного программирования. Изд. «Академия» - 2004г. – 448 с.
33. Майер Б. Обьектно-ориентированное программирование. Концепции разработки. Изд. «Русская редакция» - 2004 г. – 600 с.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

Қорғауға жіберілді
____ ___________ 2010 ж.
кафедра меңгерушісі м.а.,
аға оқытушы
_____________ Г.Б.Илиясова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

050111- Информатика мамандығы бойынша

Орындаған Б.Ж.
Ишангалиева

Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы Н.С. Қатаев

Алматы, 2010 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... 5
1.1 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Delphi программалау тілінде құрылғыларды
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2. Delphi программалау тілін оқытудың электрондық құралын жасау және
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.1 Delphi программалау тілінің зертханалық
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... 35
2.2 Электрондық құралын жасау және пайдалану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... .64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.72

Кіріспе

Қазіргі уақытта информатиканың дамуы мен ақпараттық -
коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алатын орны ерекше екендігі
белгілі. Бұлар өмірдегі барлық салада өз орнын тауып, қазіргі
заманның айнытпас мәдениетіне енді. АКТ өте үлкен жылдамдықпен даму
үстінде, яғни көптеген жаңа технологиялар пайда болып, ескілері тез
жойылуда, бұл информатика пәніне де айтарлықтай әсер етуде. АКТ-ның
үлкен қарқынмен дамуына байланысты программалауға деген қызығушылық та арта
түсті. Программалау – тез дамып келе жатқан ғылым мен техника саласы.
Программалау тілі дегеніміз – алгоритмдерді және алогритмдік тілде құрылған
амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға
арналған жасанды тіл.
Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін
іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүргізіліп келеді. Оқыту
процесі терең, берік және дәл білім алу, таным жолындағы оқушылардың
қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың
мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру
міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестердің бір
бөлігі.
Қазіргі кезде программалау тілдерін оқыту әдістемесіне кеңінен
көңіл бөлінеді. Мысалы, А.Скробов VB тілін пайдаланып, бірнеше
есептердің бір уақытта орындалуын зерттесе, В.Тихвинский VBA
модульдерін өңдеуді кеңінен зерттеп келеді. Ал Г. Магдануров
объектілі-бағдарлы программалау тілінің Visual Basic.Net программасында
қолданылуын зерттеді. Осы тәрізді зерттеулер біздің елімізде де жаңадан
қолданыс табуда. Сол себептен программалау тілін оқып үйрету әдістемесін
жетілдіру қажет. Әрине, программалау тілін оқыту әдістемесі бойынша
зерттеу жұмыстары аз емес. Көптеген зерттеушілер программалау тілін
оқытудың әр түрлі әдістемелерін ұсынады. Ашық білім беру жүйесінің
қарқынды дамуына байланысты программалау тілдерін меңгерудің көптеген
жолдары бар. Әрбір оқушы өз бетінше де программалау тілін меңгере
алады. Бірақ зерттеушілер программалау тілін оқытудың тиімді
жолдарын қарастырған. Сонымен қатар, еліміздің зерттеушілері көбіне
программалау тілінің ең оңай тәсілдерін оқыту әдістерін ғана зерттеумен
шектеліп келеді. Зерттеу жұмыстары көптеген зерттеушілермен бірге әртүрлі
тәсілдерді қамтиды. Олардың барлығы оқушыға тиімді, әрі жоғары
білім береді. Осы тәсілдермен программалау тілдерін оқыту оқушыларға
программалау тілін меңгеруде маңызы өте зор.
Қазіргі уақытта мектепте программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің
шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7.0, Vіsual Basіc, C++, Delphі.
Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Жалпы білім беретін орта
мектепте программалау тілін тереңдетіп оқыту информатиканы оқытудың
мақсаттары болып табылмайды. Программалау дегенде қандай да бір
программаның жеке жүйесін оқыту емес, жалпы алғанда программалау негіздерін
меңгеруде, атап айтқанда, қандай да бір программалау жүйесіндегі негізгі
ұстанымдармен танысу. Американдық педагог ғалым Б. Хантер ұсынған анықтама
бойынша, программалау біліктілігі – компьютерлік сауаттылықтың құрамдас
бөлігі болып табылады. Демек, компьютерлік сауатты болу үшін оқушылар дайын
компьютерлік программалармен жұмыс істеп қана қоймай, әдістемелік
құралдарды пайдалана отырып, талапқа сай программаларды да құра білуі
керек. Программалау тілдері күнбе – күн дамып отырғандықтан, оларды
оқыту әдістемесі де осыған байланысты үздіксіз дамып отырады.
Сондықтан, компьютерлік программалармен жұмыс істеп, талапқа сай
программаларды құра білу үшін және жалпы программалауға деген қызығушылықты
тудыру үшін оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін құрып, оларды дамытып,
жетілдіру қажет.

1. Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі

1.1 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі

Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі –
бағдарланған болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездері обьектілі-бағдарланған
программалау тілдері көп сұранысқа ие болып отыр, себебі бұл тілдер қазіргі
заманғы программалық жабдықтамаларды құрудың перспективалық технологиясы
болып табылады. Обьектілі-бағдарланған программалау тілдері құрылымды
программалаудың жақсы жақтарын жаңа қуатты тұжырымдамалармен біріктіре
отырып, белгілі бір мәселені құрама бөліктерге бөле отырып, солардың
әрқайсысын жеке-жеке өңдеу арқылы программаларды тиімді түрде құруға
мүмкіндік береді.
Құрылымдық программаның дамуына тоқтала кетсек, 1980 жылдың бас кезінде
программалар кодының 90%-ке жуығы негізгі программаға емес, қажеттілігіне
қарай, негізгі программаға жалғанатын процедуралар мен функцияларға
аударылды. Кодтың қайталанып пайдаланылуы- дайын объектілерді жинастыра
отырып, программаның негізгі бөлігін құруға жол ашты. Бұл осындай
объектілерді барынша стандартты етіп құруға әкелді. Бұдан барлық
процедураларды әмбебап және стандартты жасау мүмкін болмағандықтан, оны
түзетілетіндей етіп құру идеясы ұсынылды. Сонымен, процедуралар мен
функцияларды емес, олардың түзету ұстанымын стандарттау мәселесі қойылды.
Мұндай әмбебап түзетілетін процедуралар мәліметтің жаңа типі болып
есептелді және программалық объектілер деп аталды. Осылайша, объектілі
бағдарланған программалау (ОБП) тілдері дүниеге келді. Объектілі
бағдарланған программалаудың негізгі мәні программист құрылатын
программаның тек алгоритмін ғана құрады. Ал, барлық қажетті объектілерді
компоненттер палитрасынан шақырады.
Соңғы кездерде Wіndows ортасында жарыққа шыққан және объектілі-
бағдарланған программалау негізінде құрылған бағдарламалау тілдері
–Mіcrosoft Vіsual Basіc, Borland Delphі, Borland C++ for Wіndows, т.б.
Объектілі бағдарланған программалау (ОБП) жүйелерін оқытуды әдістемелік
тұрғыдан қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады. Оқыту
жүйесіне арналған программалық құралдар ретінде жасалатын оқыту
әдістемелерін даярлау бүгінгі күннің негізгі мәселесі.
Әдістеме ( грек. мethodike – жол) - әдістер жиынтығы, оқыту немесе
ғылымды зерттеу туралы ілімі, педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім
көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін
саласы. Әдіссіз оқыту үрдісінің жүзеге асуы мүмкін емес. Оқыту әдісі –
дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің
мазмұны тәрізді, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен
анықталады. Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің
тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен
оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағды
қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Әдіс (‘metodos’ деген грек сөзінен туады—зерттеу немесе таным жолы),
тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының
міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің
тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы
философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа
жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. Сонымен оқыту әдістері
оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни,
оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал
жасайды. Оқытуда пайдаланған оқытудың негізгі әдісін анықтай отырып, оның
тиімділігін көтеру үшін алуан түрлі тәсілдер пайдаланылады. Оқытудың әдісін
таңдау ең алдымен алдағы білімнің мақсаты мен мазмұнына байланысты.
Оқыту әдістері бірнеше топтарға жіктеледі:
- Сөздік әдістер тобына қарай: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция,
кітаппен жұмыс.
- Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері
жатады.
- Практикалық әдістер тобына зертханалық, практикалық, графикалық
жұмыстар, әр түрлі жаттығулар жатады.
Оқыту әдістерін жіктеудің басқа да тәсілдері бар. И.Я.Ларнердің
дәлелдеуі бойынша мұғалім сабақ үстінде оқушыларға көп түсіндіреді, олардын
жаттығулырды орындауды, көрсетілген іс-әрекет тәсілдерін еске түсіруді
талап етеді, ал жаңа проблеманы шешу процесінде білімді шығармашылықпен
пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Осы ерекшеліктерді ескеріп М.Н.Скаткин мен
И.Я.Ларнер оқытудың мынадай тәсілдерін ұсынады:
1. Түсіндірме-иллюстративті әдіс
2. Репродуктивтік әдіс
3. Проблемалық әдіс
4. Жекеше-іздену (эвристикалық) әдіс
5. Зерттеушілік әдісі
Обьектілі-бағдарланған программалау тілін оқыту барысында келесі
әдістерді қолданған тиімді болып табылады: лекциялар, жобалар әдісі,
түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс, проблемалық әдіс, жекеше-іздену
(эвристикалық) әдісі, зертханалық жұмыс, практикалық жұмыстар.
Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі,
логикалық құрылғысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар
алдында оқушыларға нақты сұрақтардан оның жоспары ұсынылады. Лекция
сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады, әрбір сұрақтан кейін
қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы
уақытқа дейінгі жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге талас
және жалған теориялар жөнінде нанымды түсініктер беріледі. Оқушылар
баяндалған материалдың мазмұнын ,маңызды дәлелдемені, нақты мысалдарды,
ғылыми анықтамаларды, негізгі қорытындыларды жазып алады. Лекция сабақтың
25-30 минут уақытын алады. Қалған уақытта оқушылар тақырыпқа сәйкес
мұғалімнің көмегімен өз бетінше түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды. Соңында
мұғалім сабақты қорытындылайды.
Жобалар әдісі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып,
қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз
бетінше ақпараттарды тауып, оны меңгере алатын түлектерді дайындау
мақсатында оқыту үрдісінде мүмкіндігінше тиімді жаңа әдістерді пайдалану
қажеттілігі туындайды. Сондай әдістердің бірі –жобалар әдісі. Бұл әдіс
оқытушыға әрбір оқушының қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып оқытуға
мүмкіндік береді. Соңғы кездерде бүкіл әлемде кең таралып келеді. Жоба
ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды
немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын,
жұмыс нәтижесі практикалық жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін
жұмыс болуы керек. Жобалар әдісі негізінде: практикалық немесе теориялық
бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге
асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Практикалық нәтиже беретін
іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы
факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау
барысында оқушылар алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа
бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана білу
үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру
ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте - зерттеу, шығармашылық
жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу,
орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған істер тәрізді
болып құрастырыла береді.
Түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс. Бұл әдіс мұғалім мен оқушылардың іс
- әрекетін бейнелейді. Мұғалім оқушыларға негізгі фактілерді дайын күйінде
береді, яғни ауызекі сөздердің (әңгіме, лекция, түсіндіру), баспа сөзінің
(оқулық, қосымша әдебиеттер), көрнекі құралдардың (суреттер,кестелер, кино-
диафильмдер, натуралды обьектілер ), практикалық жұмыстардың (тәжірибе
көрсету, есеп шығару, шығарма жазу, аннотация жазу т.б) көмегімен сабақта
оқушыларға білім беруді іске асырады, ал оқушылар оны қабылдайды. Сабақ
үстінде оқушылар тыңдайды, көреді, оқиды, бақылайды және тапсырмаларды
орындайды. Бұл әдіс оқушыларды жаңа теориялық материалдармен таныстыруда,
олардың компьютермен, программалық құралдармен бастапқы жұмыс істеу
біліктіліктерін қалыптастыруда қолданылады. Мұғалім нақты программалық
құралдың жұмыс істеу принциптерін көрсеткен кезде оқушыларға көрсеткен
жаттығуларын компьютерде орындауды ұсынады. Сонымен қатар, сабақта оқу
кинофильмдерін көрсетіп, оның мазмұнын оқушылармен бірге талқылауына
болады.
Проблемалық әдіс. Сабақта тақырып бойынша мұғалім оқушының алдына
проблемалы сұрақтар қояды және оның шешу жолдарын көрсетеді. Оқушылар
проблеманы шешу үшін әрекет жасайды. Проблемалық әдісте мұғалімнің іс-
әрекеті оқушыларға проблемалық ситуация туғызатын проблемалы сұрақтар қою,
танымдық есептер, тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі.
Жекеше-іздену (эвристикалық) әдісі. Бұл әдіс оқушыларды болжам жасауға,
танымдық есепті шешу үшін бақылау, тәжірибе жасауға, жоспар құруға немесе
алгоритм құруға қызықтыру болып табылады. Бұл әдістің мәні мұғалім
тапсырманы құрады, іздену көздерін жоспарлайды, проблемалық міндетті жеке
проблемаларға бөлшектейді, ал оқушылар бұл кезеңдерді орындайды. Оқушы
материалды мұғаліммен бірігіп талдайды, оның көмегімен жаңа ұғымның мәні
ашылады.
Зертханалық жұмыстар. Барлық оқушылар бір мезгілде өз жұмыс орындарында
мұғалімнің берген тапсырмаларымен, программалық құралдармен жұмыс жасайды.
Мұндай құралдардың дидактикалық қызметі әр түрлі болуы мүмкін: жаңа
материалды игеру (оқыту программалары), не мұғалім түсіндірген жаңа
материалды бекіту (жаттығулар), не алынған білімді түсінуін немесе жүйелеу
дағдысын тексеру (бақылау). Фронтальді зертханалық жұмыста мұғалімнің рөлі
оқушылардың жұмысын бақылау, сонымен қатар оларға жедел көмек көрсету болып
табылады.
Практикалық жұмыстар. Оқушылар мұғаліммен өздік жұмысы үшін жекеше
тапсырмалар алады. Мұндай тапсырмалар оқушының курстың толық тарауын игеру
білімі мен біліктілігін тексеру үшін беріледі. Практикум барысында мұғалім
оқушылардың жетістіктерін бақылайды және оларға керек жағдайда көмек
көрсетеді. Жіберілген қателерге назар аударып, қажет болған жағдайда барлық
оқушыларды жалпы сұрақтарды талқылауға шақырады. Оқытудың практикалық
әдістерін қолдануда практикалық тапсырмалардың бірте-бірте қиындай түсетін
жүйесін жасау қажет. Бұл жүйе оқушылардың іскерлігіне қойылатын талаптардың
бірте-бірте күшейе түсуімен сипатталады.
Объетілі бағдарланған программалауды оқыту программасы оқушылардың
білімдері мен іскерліктерін тереңдету және кеңейту үшін төмендегідей
негізгі бағыттарды көздеп отыр:
• алгоритмдік – оқушылардың алгоритмдік, логикалық және
жүйелік ойлау қабілеттерін дамыту;
• технологиялық - әртүрлі практикалық тапсырмаларды шешу
мақсатында қолданбалы программалармен қамтамасыз ету
жұмыстарына дағдыландыру және іскерлігін қалыптастыру.
Жалпы Информатика пәнінің программалау тілін оқытудың негізгі
мақсаттары мынадай:
білімділік:
• ақпарат теорисының, ақпаратты жүйелер мен
технологиялардың базалық ұғымдарымен, сонымен бірге
ақпаратты өңдеу әдістері мен құралдарымен таныстыру;
• программалау негіздерін үйрету;
• компьютерді қолдана отырып, қолданбалы тапсырмаларды
шешу іскерлігін қалыптастыру;
тәрбиелік:
• оқушылардың алгоритмдік, логикалық және жүйелік ойлау
қабілеттерін дамыту;
• ақпараттық мәдениеттіліктің элементтерін қалыптастыру;
• жеке тұлғаның өнегелілік, адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыур.

Оқыту құралдары
Дұрыс құрылған оқу үрдісінің маңызды компоненттерінің бірі оқыту
құралдары болып табылады.
Оқыту құралдары – бұл білім беру үрдісіне ақпарат көздері мен қызмет
аспаптары ретінде енетін материалды және идеалды обьектілер болып
ұсынылатын мұғалім мен оқушылардың арасындағы қызмет құралдары. Оқытудың
дәстүрлі үрдісінде ондай құралдарға көрнекі құралдар, яғни плакаттар,
сызбалар, макеттер, баспа шығарылымдары (оқулықтар, оқу-әдістемелік
құралдар, анықтамалар, негізгі және қосымша әдебиеттер), оқу ақпараты
жазылған дискеттер, тақтаға жазылған жазбалар, кинофильмдер, видеофильмдер,
дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, яғни компьютер, әр
түрлі аудио және видео құрылғылар, т.б. сонымен қатар, мұғалімнің сөзі
жатады. Қазіргі уақытта оқыту құралдарының қатарына электронды оқулықтар,
Интернет, мультимедиа, педагогикалық-программалық құралдар және т.б.
қосылды.
Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқытқанда оқыту құралдарынан,
ең алдымен, әр оқушыға қажетті программалау ортасымен жабдықталған
компьютер қажет. Өтіліп жатқан тақырыптарға байланысты жазбалар жазылған
плакаттар, макеттер, сызбалар іліп қойған дұрыс және интерактивті тақта
болса, оны пайдаланып, обьектілі бағдарланған программалау тілінде әр түрлі
программалардың шығарылуын, осы тілде жазылған қосымшаларды көрсетіп,
сабақты слайдтар түрінде демонстрациялап, түсіндіруге болады. Сонымен
қатар, оқыту барысында әр түрлі негізгі және қосымша әдебиеттерді,
әдістемелік нұсқауларды, практикумдарды, тақырыпқа байланысты оқытуға
арналған аудио және видеоматериалдарды қолдануға болады. Осы оқыту
құралдары оқушылардың тақырыпқа, программалауға деген қызығушылықтарын
тудырады және сабақты жақсы түсініп, қабылдауларына көмек болады.
Программалау тілдерін оқыту құралдарын қолдануға оқытудың төмендегідей
негізгі бағыттарын атап көрсетуге болады:
1) Оқыту үрдісінде программалау тілдерін оқыту құралдары
мүмкіндіктерін жүзеге асырудың педагогикалық мақсатқа лайықтылығы:
ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен қолданушы арасындағы өзара кері
байланыс; объектілер немесе құбылыстар мен заңдылықтардың моделдері туралы
оқу ақпаратының компьютерлік кескінделуі; есептеу үрдістерінің, ақпаратты
іздеу іс-әрекетінің және ақпараттарды жинау, өңдеу, беру көбейту
операцияларының автоматтандырылуы, сонымен қатар өте үлкен көлемді
ақпараттардың сақталуы, оған кез-келген уақытта ену мүмкіндігінің бар
болуы; оқу тәжірибелерінің нәтижелерін немесе оның бір бөлігін бірнеше рет
қайталау мүмкіндігінің бар болуы; оқу тәжірибелерінің нәтижелерін немесе
оның бір бөлігін бірнеше рет қайталау мүмкіндігімен қатар оларды өңдеу
процестерінің автоматтандырылуы; білім беру нәтижесін бақылау мен оқу іс-
әрекетін басқаруды ұйымдастыруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету
үрдісінің автоматтандырылуы;
2) Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің
ерекшеліктері, оның ішінде математикалық және ақпараттық моделдеу
құралдарын қолданудың педагогикалық тәжірибесі, дербес жағдайда арнайы
пәндерді оқыту үрдісіндегі ақпараттық жүйелер.
3) Білім беруге арналған электронды, мультимедиялы құралдарды жасау мен
қолданудың негізгі ережелері;
4) Пәндерден білім мен біліктіліктерді бақылауға бағытталған
компьютерлік бақылау, тестілеуді қолдану ерекшеліктері.

Delphi программалау тілін оқыту мазмұны
Объектілі бағдарланған программалау тілін оқытудың мақсаттары:
• Программа құру методологиясы;
• Қолданылатын жобалау және программалау технологиясы туралы
көзқарасты қалыптасыру;
• Оқушылардың интеллектуалдық, алгоритмдік, логикалық ойлау дағдыларын
дамыту;
• Обьектілі-бағдарланған программалау мәдениетін қалыптастыру;
• Обьектілі бағдарланған программалау ортасымен практикалық жұмыс
дағдысын қалыптастыру;
• Өз іс-әрекетін жоспарлай білуге, өз жұмысының нәтижесін бағалай
білуге, жіберілген қателерді түзетуге дайын болуға, іс-әрекеттерде
мақсатқа бағыттылық пен табандылықты қалыптастыру.
Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқытудың негізгі міндеттері:
• Обьектілі бағдарланған программалаудың негізгі түсініктерін
қалыптастыру;
• Объектілі бағдарланған программалау тілінің программалау парадигмалары
туралы көзқарасты қалыптастыру;
• Объектілі бағдарланған программалау тілінің программалау ортасының
құралдарын меңгеру;
• Обьектілі бағдарланған ортада қарапайым программалау дағдыларын
меңгерту және объектілі бағдарланған программалау тілінің базалық
программалау тілдерін үйрену;
• Құрылымды және обьектілі-бағдарланған программалау әдістерімен кең
таралған және программалық өнімдерді құрудың тиімді әдістері ретінде
таныстыру;
• Алгоритм мен программаларды құру және жүзеге асырумен байланысты
біліктілікті дамыту;
• Өз іс-әрекеттерін жоспарлай білуге қалыптастыру;
• Өздерінің бағдарламалық қосымшаларын құру және орындау.
Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқу негізінде оқушылар
білуі керек:
• Объектілі бағдарланған программалау тілінде программаларды жобалау
тәсілдері мен әдістерін топтастыра білу;
• Обьектілі бағдарланған программалаудың анықтамалары мен ұстанымдарын;
• Негізгі алгоритмдік құрылымдарды және олардың программада жазылу
ережелерін;
• Объектілі бағдарланған программалау тілінің программалық өнім құру
кезеңдері туралы;
• Обьектілі бағдарланған программалау жүйесінің аспаптық құралдарының
мүмкіндіктерін;
• Объектілі бағдарланған программалау тілінің программалық өнімнің ішкі
құрылымы және ұйымдастырылуы туралы ұғымды қалыптастыра білуі;
• Типтік бағдарламалау жүйесі қызметінің принциптерін;
• Қосымшаларды жазудың негізгі тәсілдерін;
• Обьектілі бағдарланған программалау тіліндегі негізгі әдістер мен
оқиғаларды өңдеу тәсілдерін.
үйренуі керек:
• Объектілі бағдарланған программалау базалық программалау тілдері
ортасының құралдарымен жұмыс істеу біліктіліктерін қалыптастыруға
үйрену;
• Объектілі бағдарланған программалау тілінде қандай да бір есепті
практика жүзінде орындау үшін бағдарламалық қосымшаларды құруды
үйренуі керек;
• Объектілі бағдарланған программалау тілінде бағдарламаны жөндеп және
тестілеуге үйренуі керек;
• Шешіліп жатқан есепке сәйкес интегралданған ортанының айналасын
қажетті күйге келтіру.

Пән тақырыптарының атаулары:
• Обьектілі бағдарланған программалау тіліне кіріспе. Программалаудың
негізгі түсініктері мен ұстанымдары. Delphi 7 программалау ортасы
және оның құрауыштарымен танысу. (1 сағат)
Оқушылар программалау тілдерінің неге арналғанын түсінуі қажет және
олардың басқа программалық құралдардан айырмашылықтарын білуі қажет.
Программалаудың негізгі заңдылықтары мен программалар құруды, сондай-ақ,
программаларды құрудың қажеттілігін түсінуі қажет.
• Визуальды программалау негіздері. Бос форма және оны түрлендіру.
Delphi-ді баптау. Формаға жаңа обьектілерді орналастыру.Форманың
қасиеттерін өзгерту. Оқиғаларға жауап қалыптастыру. (1 сағат)
Оқушылар Delphi программалау ортасында визуальды программалаудың
алғашқы негіздерімен танысып, визуальды программалау жайлы түсініктерін
қалыптастыру қажет.
• Delphi-дің негізгі компоненттері (1 сағат)
Оқущылар Delphi программалау ортасының негізгі компоненттерімен
танысып, олардың әрқайсысы қандай қызмет атқаратынын білуі қажет.
• Object Pascal (Delphi) программалау тілі және оны қолдану. Object
Pascal тіліне кіріспе. Delphi программаларының құрылымы: жоба,
модуль, программа элементтері. Тұрақтылар мен айнымалылар. Мәліметтер
типтері. Құрама және бос операторлар. If шартты операторы. If-Then-
Else құрылымды операторы. Сase таңдау операторы. For, while, repeat
қайталау операторлары. Белгі және көшу операторлары. Break, continue
басқарушы операторлары. (9 сағат)
Бұл кезеңде оқушылар тілдің негізгі анықтамалары мен құрылымдарын
оқиды, сондай-ақ қарапайым есептерді шеше бастайды. Оқушылар стандартты
есептерді шығара білуі қажет және мәліметтер типтерін ажырата алуы керек.
Нәтижесінде біз ақырғы өнімді алуымыз қажет. Сонымен қатар, үйренген
командаларды қолданып, информатикадан немесе басқа пәндерден қарапайым
жобаларды орындауды бастауға болады.
• Бір өлшемді және көп өлшемді массивтерді қолдану арқылы программаны
өңдеу. Процедуралар мен функциялар. Рекурсия. (6 сағат)
Оқушылар тілдің негізгі анықтамаларымен танысады. Олар негізгі
түсініктерге анықтаулар беріп, оларды сипаттай білу қажет. Массивтер мен
ішкі программалар туралы түсініктері қалыптасып, олармен жұмыс істеу
біліктіліктері дамуы қажет.
• Обьектілі бағдарланған программалаудың негізгі түсініктері:
инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм. Класстар және оның
құрауыштары. Модульдер. (1 сағат)
Бұл кезеңде класстар мен обьектілердің негізгі түсініктері беріледі.
Оқушылар обьектілі бағдарланған программалаудың осы негізгі түсініктерімен
танысып, білуі қажет.
• Жолдармен жұмыс. (2 сағат)
Оқушылар жолдар және олармен орындалатын негізгі амалдармен, функциялар
және процедуралармен танысып, оларды әр түрлі есептеулерде қолдана білуі
қажет.
• Файлдар және олармен атқарылатын жұмыс. (2 сағат)
Оқушылар файлдарды басқару ұстанымдарын түсінуі қажет, файлдарды жазу
және өңдей білуі керек. Сонымен қатар, программалау тіліндегі кірістірілген
программалар және процедуралардың көмегімен файлдарды көшіру, орын
алмастыру, өшіру тәрізді негізгі әрекеттер орындалады.
• Delphi программалау тілінің графикалық мүмкіндіктері. (2 сағат)
Оқушыларда пиксель, түс, стиль тәрізді түсініктер қалыптасуы қажет.
Олар графиктерді шығаруға арналған обьектілер мен негізгі графикалық
операторларды білуі қажет және графикалық кескіндерді құруға арналған
әдістерді қолдануды үйренуі керек.
• Delphi программалау тілінің мультимедиалық мүмкіндіктері. (2 сағат)
Бұл кезеңде оқушылар мультимедиалық кескіндерді
құруға арналған обьектілер мен обьектілердің қасиеттерін білуі керек.
Мультимедианы құру үшін обьектілердің қасиеттері мен алгоритмдік
құрылымдарын қолдануды үйренуі керек.
• Жобалар мен қосымшалар құру (7 сағат)
Оқушылар әрбір өтілген тақырыптар бойынша қосымшаларды, жобаларды құру
арқылы алған теориялық білімін практикалық түрде орындай отырып,
біліктілігін, дағдысын қалыптастырып, дамыту қажет. Олар сұхбат
терезелермен, менюмен, таймермен, т.б. жұмыс жасау әдістерін білуі керек.
Бірнеше формалардан, менюден, саймандар панелінен тұратын аяқталған
қосымшаларды құруды үйренуі қажет.
Төмендегі 1-кестеде Delphi программалау тілінен 34 сағатқа арналған
тақырыптық күнтізбелік жоспар берілген.

Кесте 1.

Тақырыптық күнтізбелік жоспар
Теория Оқыту формасы
1. Обьектілі бағдарланған программалау тіліне Лекция
кіріспе. Программалаудың негізгі түсініктері мен
ұстанымдары. Delphi 7 программалау ортасы және оның
құрауыштарымен танысу.
2. Визуальды программалау негіздері. Бос форма және Лекция
оны түрлендіру. Delphi-ді баптау. Формаға жаңа
обьектілерді орналастыру.Форманың қасиеттерін
өзгерту. Оқиғаларға жауап қалыптастыру.
3. Delphi-дің негізгі компоненттері Лекция
4. Object Pascal (Delphi) программалау тілі және оны Семинар
қолдану. Object Pascal тіліне кіріспе. Delphi
программаларының құрылымы: жоба, модуль, программа
элементтері. Тұрақтылар мен айнымалылар.
5. Мәліметтер типтері. Құрама және бос операторлар. Лекция
6. If шартты операторы. Кездейсоқ сандар датчигі Семинар
7. If-Then-Else құрылымды операторы. Иосиф Флавияның Практика
есебі немесе Джозефустың санамағы
8. Сase таңдау операторы. Меню программасы Семинар
9. Қайталану. For операторы Лекция
10. while операторы Практика
11. repeat қайталау операторы. Күрделі қайталау. Практика
12.Белгі және көшу операторлары. Break, continue Семинар
басқарушы операторлары.
13. Жоба: Зердені тексеру ойыны Практика
14. Массивтер. Бір өлшемді ,екі өлшемді және көп Лекция
өлшемді массивтер.
15. Бір өлшемді массивтерді есептеуге арналған Практика
тапсырмалар. Иосиф Флавияның есебі.
16. Массивтерді сұрыптау. Массивтегі элементтерді Практика
іздеу.
17. Екі өлшемді массивтерді есептеуге арналған Практика
тапсырмалар
18. Қосалқы программалар. Процедуралар. Лекция
19. Функциялар. Рекурсия Семинар
20. Жоба: Баше ойыны Практика
21. Обьектілі бағдарланған программалаудың негізгі Лекция
түсініктері: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм.
Класстар және оның құрауыштары. Модульдер.
22. Жолдармен жұмыс: TStrings класы. Жолдарға Лекция
қолданылатын функциялар мен процедуралар. Жолдарды
өңдеу әдістері. Бір және көп жолды редакторлармен
жұмыс.
23.Тізіммен жұмыс: қарапайым және күрделі тізімдер. Семинар
Тізімдердің жалпы қасиеттері мен әдістері
24. Жоба: Сапер ойыны Практика
25. Файлдар: Файлдар туралы жалпы түсінік. Файлдарды Лекция
ашу. Файлдармен жұмыс істеуге арналған процедуралар
мен функциялар.
26. Файлдарды құру және ашу. Файлдар және Семинар
қапшықтармен жұмыс жасауға арналған компоненттер.
27. Баспаға шығару жобасы Практика
28. Delphi программалау тілінің графикалық Лекция
мүмкіндіктері:TCanvas, TFont, TPen, TBrush класстары
және қасиеттері. Мәтінді шығару.
29. Графикалық примитивтерді салу әдістері. Суретті Практика
шығару. Мультипликация.
30. Жоба: Суретті құрастыр ойыны Практика
31. Delphi программалау тілінің мультимедиалық Лекция
мүмкіндіктері: Animate компоненті. MediaPlayer
компоненті.
32. Видеоклиптер мен анимацияларды көру. Дыбысты Практика
шығару.
33. Дыбыссыз кино жобасы Практика
34. Жеке жоба Жылдық қорытынды
жұмыс

Объектілі бағдарланған программалау тілін оқытуда басты назар
оқушылардың теориялық материалдарды жетік меңгеруіне бөлінетіні белгілі.
Сондықтан бұл бөлім бойынша алғашқы сабақта негізгі түсініктерді және
ұғымдарды беруде оларды жаттықтыратын тапсырмалармен бекітіп отырған
қолайлы болады. Оқушылардың белгілі-бір тақырып бойынша оқулық
материалдарды меңгеруіне байланысты келесі кезеңдерде дамыту есептері
беріледі.
Обьектілі-бағдарланған программалау тілін оқытудың теориялық бөлімі
обьектілер мәні, олардың қасиеттері мен әдістері жайлы түсініктерін
қалыптастыруға, әлемге деген ғылыми көзқарастың маңызды бөлігі болып
табылатын алгоритмдік ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытудың
практикалық бөлімі программалау біліктілігін қалыптастыру, кейінгі кәсіптік
қызметтерде оқушылардың әлеуметтенуі үшін ғана емес, сонымен қатар, басқа
оқу пәндерін меңгеру тиімділігін арттыру үшін маңызды болып табылатын
обьектілі-бағдарланған программалау құралдарын пайдалану дағдыларын
меңгеруге бағытталған.
Обьектілі бағдарланған программалаудың негізгі түсініктері мен іргелі
сипаттамалары
Объектілі - бағдарлы программалау тілінде бағдардың жұмысы оқиғалар
тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады.
Олардың визуальды түрлері - Vіsual Basіc тілі QBasіc программалау тілі
негізінде, Delphі тілі объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде
Wіndows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған. Объектілі – бағдарлы
программалау пайда болғанға дейін, процедуралық программалармен жұмыс
атқардық. Бұл программалау тілінің негізі - функциялар мен процедуралар,
яғни әрекет арқылы программа жұмыс жасаса, тұтынушы өзінің алдына қойылған
есепті шешу үшін, қандай функциялар мен әрекеттер керек екенін анықтап,
оларды программаға қоса бастады. Объектілі - бағдарланған программалау
тілінде негізгі бағытталған нүкте процедура, әрекет емес, ол - объект
болды. Обьект – түрлі мәндердің қасиеттері мен әдістерінің жиынтығы.
Қарапайым өмірде біз әртүрлі объектілермен қарым-қатынас жасаймыз (адамдар,
заттармен, техникалық құрылғылармен) т.б. Тұтынушының компьютерлік
программамен жұмыс жасауы - бұл да екі объектінің әрекеті, яғни адам мен
программаның бір - бірімен нақты ақпарат алмасуы.
Обьектілі-бағдарланған программалау ортасындағы программалау екі
үрдістің тығыз әрекеттестігіне негізделген: программаның құруын визуальды
көрсету мен программа кодын жазу. Программа кодын жазу үшін код терезесі,
ал программаны құру үшін обьектілі-бағдарланған программалау ортасының
басқа терезелері қолданылады. Обьектілі-бағдарланған программалау күрделі
программалық қамтамасыз етуді құру технологиясы ретінде анықталады, ол
программаны обьектілер жиынтығы ретінде ұсынуға негізделген, олардың
әрқайсысы анықталған типтің (класстың) экземпляры болып табылады, ал
класстар мұрагерлік қасиетімен иерархия құрады.
Обьектілі-бағдарланған программалаудың негізгі түсініктері обьект,
класс, оқиға, әдіс, қасиет, т.б. Қоршаған ортадағы шынайы обьектілердің
үш негізгі сипаттамалары бар, олар: қасиеттер жиынтығы, қоршаған ортада
немесе обьектінің ішінде осы қасиеттерді өзгертетін әртүрлі әдістер және
оларға әсер ететін оқиғалар. Міне, осындай түрде программалау тілдерінде
обьект ұғымы қалыптасқан, яғни қасиеттер жиынтығы, өңдеу әдістері және
берілген обьект жауап беретін оқиғалар.
Обьектінің қасиеті – ол обьектінің сипаттамасы, оның параметрі. Олар
объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды.
Өңдеу әдісі – обьекті немесе оның қасиетіне жасалатын әрекет.
Оқиға – программаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі
бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі.
Обьектілер бірдей құрылымды болуы мүмкін және бір-бірінен қасиеттерінің
мәндерімен ерекшеленуі мүмкін. Мұндай жағдайларда программада обьектінің
біртұтас құрылымына негізделген жаңа тип құрылады. Ол – класс деп аталады,
яғни класс деп - құрамында өрістер, әдістер және қасиеттері бар ерекше
құрылымды атайды, ал осы класстың құрылымы бар әрбір нақты обьект – класс
үлгісі деп аталады. Delphi-дегі барлық обьектілер үшін базалық класс
TObject болып саналады. Delphi-дегі барлық класстар осы класстың тікелей
немесе жанама мұрагерлері болып табылады.
Обьектілі-бағдарланған программалау үш негізгі тұжырымдамаға
негізделген:
- инкапсуляция;
- мұрагерлік;
- полиморфизм.
Инкапсуляция – берілгендер мен оларды өңдейтін әдістерді класстың
(обьекттің) ішінде біріктіруді береді. Бұл дегеніміз класстың ішінде
өрістердің, қасиеттердің және әдістердің инкапсуляцияланатынын, яғни
бірігіп, класстың ішіне орналасатынын білдіреді.
Мұрагерлік – бұл жаңа класстардың басқа класстардан туындау үрдісі.
Туындаған жаңа класс өзінің ата-анасының барлық өрістерін, қасиеттерін,
әдістерін мұраға алады және жаңартылып, толықтырылуы мүмкін. Кейіннен
мұрагерленген өрістерді, қасиеттерді және әдістерді өзгертілмеген түрде
қолдануға болады. Жай ғана мұрагерленудің ешқандай мәнісі болмайды,
сондықтан жаңа классқа оның ерекшеліктері мен қызметін анықтайтын жаңа
элементтер қосылады. Ұрпақ класста ата-анасының қандай да бір элементтерін
жоюға болмайды, ал жаңа обьектіден келесі обьектіні туындатуға болады,
нәтижесінде обьектілер ағашы (класстар иерархиясы деп те аталады) құрылады.
Полиморфизм – әртүрлі кластарға жататын әдістерге бір атауды қолдану
мүмкіндігі, класстың барлық объектілеріне қолдануға болатын аты бірдей
әрекетті анықтаудың мүмкіндігі, сонымен бірге әр объект осы әрекетті өзінше
орындайды. ОБП - дың осы қасиеті арқылы кластың әр түрлі объектілеріне бір
атаудағы әдісті қолданғанда, дәл аталмыш объектіге сәйкес әдістің
орындалуын қамтиды.
Обьектілі-бағдарлы программалаудың іргелі сипаттамалары:
1. Кез келген зат немесе құбылыс обьект ретінде қарастырылуы мүмкін.
2. Обьект өзінің өрістерінде басқа обьектілерден тәуелсіз жеке ақпаратты
сақтай алады. Өрістер ақпараттарына инкапсуляцияланған (ерекше әдіс)
мүмкіндікті қолдану ұсынылады.
3. Обьектілерде интерфейс бойынша хабарламаларды өңдеудің ашық әдістері
болуы мүмкін. Әдістерді шақыру хабарламаларының өздері басқа
обьектілермен жіберіледі, бірақ обьектілер арасында жүйелі интерфейсті
жүзеге асыру үшін кейбір әдістер жасырылуы мүмкін.
4. Бір обьект басқа обьектіден кейбір әрекеттердің орындалуын талап
ететін, есептеулер обьектілер арасындағы қарым-қатынас жолымен жүзеге
асырылады. Обьектілер хабарламаларды жіберу және алу арқылы қарым-
қатынас жасайды. Хабарламалар – бұл әрекеттерді орындау барысында
қажет болатын, аргументтердің жиынтығымен толықтырылған әрекеттерді
орындауға сұраныс. Хабарламаларды алу обьектісі - өзінің ішкі
әдістерімен хабарламаларды өңдейді.
5. Әрбір обьект, хабарламаларды өңдейтін, өзінің жадысы мен ішкі
әдістерінде өрістер жиынтығының бірдей тізімдері түрінде берілген
класс обьектілерінің жалпы қасиеттерін білдіретін класс өкілі болып
табылады. Сондықтан бір класстың үлгілері болып табылатын обьектілер
бірдей әрекеттерді орындауы мүмкін.
6. Класстар мұрагерлік иерархиясы деп аталатын жалпы түбірі бар біртұтас
ағаш тәрізді құрылыммен ұйымдастырылған. Әдетте иерархия түбірі
жоғарыға бағытталған. Көптік мұрагерленуде бұтақтар мұрагерлену торын
құра отырып өсуі мүмкін. Белгілі бір класстың үлгілерімен байланысты
жады мен мінездеме иерархиялық ағаштан төмен орналасқан кез келген
классқа автоматты түрде қол жетімді болып табылады.
7. Полиморфизмнің арқасында бір обьектіні басқа обьектінің орнына қоюды
орындау барысында, үйлесімді интерфейспен бірдей обьектілер бірдей
хабарламалардың сұратуларын әр түрлі әдістермен орындауы мүмкін.
8. Композиция көптік мұрагерленуге жақсы балама болып табылады және
программаның орындалу барысында агрегат обьектілерінің құрамын
өзгертуге мүмкіндік береді.
9. Обьектілі-бағдарлы программаның құрылымы орындалу барысында өзінің
бастапқы кодының құрылымымен жалпы ұқсастықтары аз болады. Себебі,
бастапқы код компиляция кезеңінде жазылады. Оның коды класстардан
тұрады. Орындалу кезеңінде программа құрылымы қарым-қатынас жасайтын
обьектілер ішінен тез өзгереді. Осы екі құрылым тәуелсіз болады.

Обьектілі-бағдарланған программалаудың ұстанымдары мен программалық
жүйелерді құру кезеңдері
Обьектілі-бағдарланған программалау негізіне келесі ұстанымдар кіреді:
абстракциялану, мүмкіндікті шектеу, модульділік, иерархиялық, типтендіру,
параллелизм, беріктік.
Әр ұстанымның қандай түсінік беретінін қарастырайық:
Абстракциялаау – мәселенің заттық саласында абстракцияны ерекшелеу
үрдісі. Абстракция –обьектіні обьектілердің басқа түрінен ажырататын кейбір
обьектілердің маңызды жиынтығы, осылайша берілген обьектінің кейін
қарастыру және анализ жағынан ерекшеліктерін анықтайды. Қазіргі заманғы
абстракция деңгейі барлық абстракция қасиеттерін бір программалық бірлікке
біріктіруді көздейді.
Мүмкіндікті шектеу – бүтін ретіндегі бар сипаттамаларды қозғамайтын
абстракцияны жүзеге асырудың жеке элементтерін жасыру. Мүмкіндікті
шектеудің қажеттілігі абстракцияны сипаттаудағы екі бөлікті шектеуді
болжайды:
• Интерфейс-абстракцияны жүзеге асырудың қол жетімді элементтерінің
жиынтығы (мінез-құлық пен жағдайдың негізгі сипаттамалары);
• Жүзеге асырылу- абстракцияны жүзеге асырудың қол жетімсіз
элементтерінің жиынтығы (абстракцияны ішкі ұйымдастырылуы және оның
мінез-құлының жүзеге асырылу механизмдері);
Обьектілі-бағдарланған программалаудағы мүмкіндікті шектеу
құрастырушыға мүмкіндік береді:
• Қолданылатын абстракцияның жүзеге асырылу ерекшеліктеріне алаңдамай,
жүйені кезеңмен құрастыруды орындау;
• Дұрыс ұйымдастырылған жүйеде басқа обьектілердің өзгеруін қажет
етпейтін жеке обьектілердің орындалуын жеңіл модификациялау.
Модульділік – жеке бөліктер (модульдер) түрінде орындалатын
программалық жүйені құрастыру ұстанымы. Жүйенің декомпозициясын модульдерге
орындауда модульдер арасындағы сыртқы байланыстар санын қысқарту арқылы
логикалық байланысқан бөліктерін біріктірген дұрыс болады. Бұл ұстаным
модульді программалаудан шыққан.
Иерархия – тізбектелген абстракциялар жүйесі.
Обьектілі-бағдарланған программалауда иерархияның екі түрі қолданылады:
Бүтінбөлік иерархиясы кейбір абстракцияның қарастырылып жатқан
абстракцияның бөліктері ретінде көрсетеді. Иерархияның бұл нұсқасы
жобалаудың әр түрлі кезеңінде жүйені бөлу үрдісінде қолданылады.
Жалпыдербес иерархиясы кейбір абстракцияның басқа абстракцияның
дербес жағдайы болатынын көрсетеді. Күрделі класстар қарапайым класстарға
базасына жаңа сипаттамаларды қосу жолымен құрылатын класстар құрылымын құру
барысында қолданылады.
Типтендіру (типизация) - обьектілер қасиетіне қойылатын және әр түрлі
типті абстракциялардың өзара алмасуын бөгейтін шектеулер. Қатал типизациясы
бар тілдерде әр программалық обьект үшін сәйкес программалық обьектпен
көптеген операцияларды анықтайтын тип жарияланады.
Типизация ұстанымын қолдану мыналарды қамтамасыздандырады:
• Программалық обьектілерде қол жетімсіз операциялармен байланысты
қателерді ерте айқындау;
• Құжаттауды жеңілдету;
• Тиімді кодты генерациялау мүмкіндігі.
Тип программалық обьектімен статикалық және динамикалық түрде байланыса
алады (обьектінің типі тек программаның орындалу барысында анықталады).
Параллелизм – бірнеше абстракцияның бір уақытта екпінді жағдайда
болатын қасиеті, яғни кейбір операцияларды орындау. Кейбір тізбектелген
әрекеттердің бір уақытта орындалуын қажет ететін бірқатар есептер бар.
Ондай есептерге, мысалы, бірнеше үрдістерді автоматты түрде басқаратын
есептер жатады. Нағыз параллелизм ондай типті есептерді әр үрдісті жеке
процессормен орындау мүмкіндігі болғандағы көппроцессорлы жүйелерде жүзеге
асырылғанда жетеді.
Беріктік – берілген программалық обьектіні туғызған үрдістен тәуелсіз
кеңістікте өмір сүру қабілеті бар абстракция қасиеті.
Мыналарды ажыратады:
• Кейбір әрекеттердің аралық нәтижелерін сақтайтын, мысалы,
есептеулерді, уақытша обьектілер;
• Ішкі программаларды шақырудан оны аяқтағанға дейінгі өмір сүру уақыты
саналатын ішкі программалардың ішінде болатын локальді обьектілер;
• Программа жадыға жүктелгенше өмір сүретін ауқымды обьектілер;
• Мәліметтері программаның жұмыс сеанстары арасында файлдардың сыртқы
жадысында сақталатын обьектілер.
Жоғарыда аталған ұстанымдардың барлығы обьектілі-бағдарланған тілдердің
әр түрлі версияларында жүзеге асырылған.
Обьектілі-бағдарланған программалауды қолданып, программалық
жабдықтамаларды құру үрдісі төрт кезеңнен тұрады: талдау (анализ), жобалау,
эволюция, түрлендіру (модификация).
Осы кезеңдерді қарастырайық:
Талдау. Талдаудың мақсаты – есепті барынша толық сипаттау. Бұл кезеңде
есептің заттық саласының талдауы, құрылып жатқан жүйенің обьектілік
декомпозициясы орындалады және обьектінің мінез-құлқысының маңызды
ерекшеліктері анықталады. Талдаудың нәтижесі бойынша негізгі обьектілер мен
қатынастар көрсетілетін программалық өнімнің құрылымды схемасы құрылады,
сондай-ақ абстракцияларды сипаттау орындалады.
Жобалау. Мыналарды ажыратады:
• Шешілетін мәселелер қолданылу шарттарынан (операциялық жүйенің немесе
қолданылып жатқан құрылғының) тәуелсіз болатын логикалық жобалау;
• Көрсетілген факторларды есептеуге тура келетін физикалық жобалау.
Логикалық жобалау класстардың құрылымын құрады: обьектілердің мінез-
құлықтарының аспектілерін жүзеге асыратын құрылған обьектінің күйін
сақтауға арналған өрістер мен әдістердің алгоритмдері анықталады. Мұнда
жоғарыда қарастырылған класстарды құру тәсілдері (мұрагерлену, композиция,
полиморфизм, т.б.) қолданылады. Мұның нәтижесі класстарды сипаттау мен
класстардың өзара қатынасын көрсететін класстардың диаграммасы немесе
иерархиясы болып табылады.
Физикалық жобалау класстардың сипаттамаларын модульге біріктіруді,
олардың қосылуларын (статикалық немесе динамикалық құрастырылым) таңдауды,
құрылғылармен, операциялық жүйелермен немесе басқа программалық
жабдықтамамен (мысалы, мәліметтер базасы, желілік программалар) өзара
қатынасу тәсілдерін анықтауды, параллельді өңдеу жүйелері үшін
жабдықтамаларды синхронизациялауды білдіреді.
Жүйенің эволюциясы. Бұл қадамдық жүзеге асырылу мен класстардың жобаға
қосылу үрдісі. Үрдіс негізгі программаны немесе болашақ программалық
өнімнің жобасын құрудан басталады. Одан кейін болашақ жүйенің жұмыс
істейтін прототипі құрылатын класстар жүзеге асырылады және қосылады. Ол
сынаудан өтіп, бақыланады. Мысалы, ондай прототип ретінде программалық
өнімнің негізгі интерфейсін жүзеге асыруды қосатын жүйе болуы мүмкін.
Нәтижесінде біз талаптарды айқындау үшін тапсырыс берушіге көрсетілетін
жұмыс істейтін өнімнің прототипін аламыз. Содан кейін жүйеге мысалы, кейбір
меню пунктін жүзеге асырумен байланысты класстар тобы қосылады. Алыңған
нұсқа жүйенің барлық мүмкіндіктері жүзеге асырылғанша сынақтан өтіп,
бақыланады. Қадамдық жүзеге асырылуды қолдану тестілеу мен бақылауды
жеңілдетеді.
Модификация (түрлендіру). Бұл жаңа функционалдық мүмкіндіктерді қосу
немесе жүйенің бар қасиеттерін өзгерту үрдісі. Ереже бойынша, өзгертулер
обьектілі-бағдарланған программалауды қолдану кезінде қиындықтарсыз жұмыс
істеуге болатын интерфейске әсер етпей, класстардың жүзеге асырылуын
қозғайды, себебі өзгертулер үрдісі тек локальды облысқа ғана әсер етеді.
Интерфейсті өзгерту – аса күрделі мәселе емес, бірақ оның шешмі
программаның басқа класстарын өзгертуді талап ететін обьектілердің өзара
қатынасу үрдістерін қиыстырудың қажеттілігін алып келеді. Бірақ модульдік
программалаумен салыстырғанда, интерфейстер бөліміндегі параметрлер санын
қысқарту бұл үрдісті жеңілдетеді. Түрлендірудің қарапайымдылығы
программалық жүйені өзгеріп жатқан пайдалану шарттарына жеңіл түрде
икемдетуге мүмкіндік береді, бұл үлкен уақыттық және материалдық
ресурстарға кететін жүйенің өмірлік уақытын ұзартады. Обьектілі-
бағдарланған программалаудың ерекшелігі обьект немесе обьектілер тобы жеке
жасалуы мүмкін, демек, олардың жобалануы әр түрлі кезеңдерде болуы мүмкін.
Мысалы, интерфейсті класстар жүзеге асырылған болса, ал заттық саланың
класстар құрылымы жаңадан айқындалып жатады. Әдетте, жобалау талдау
үрдісінде заттық саланың қандай да бір үзіндісі толық сипатталғанда
басталады.

Обьектілі-бағдарланған программалаудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Обьектілі-бағдарланған программалаудың артықшылықтары
Программалық жабдықтамаларды құрудың әр түрлі әдістемелерінен біз
көптеген мәселелерді шешуге көмектесетінін күтеміз. Бірақ жобалаудың ең
маңызды мәселелерінің бірі – күрделілік болып табылады. Программалық жүйе
үлкен және күрделі болған сайын, оны нақты белгіленген, бірнеше бөліктерге
бөлген маңызды болады. Ондай күрделіліктермен күресу үшін бөлшектерден
абстракциялану қажет. Бұл мағынада класстар ыңғайлы құрал болып табылады.
• Класстар жай құралдарды иеленетін пайдалы компоненттерден құрастыруды
жүргізуге мүмкіндік береді, ал ол жүзеге асырылу бөліктерінен
абстракциялануға мүмкіндік береді.
• Берілгендер мен оларға жасалатын операциялар белгілі бір маңыздылықты
құрайды және олар процедуралық программалау тәрізді бүкіл программа
бойына таралмайды, тек бірге сипатталады. Код пен берілгендердің
шектелуі программалық қамтамасыздандырудың көрнекілігі мен
ыңғайлылығын жоғарылатады.
• Инкапсуляция бірнеше орындаушылардың арасындағы есептерді қиғаштау мен
жеке компоненттердің версияларын жаңартуды жеңілдететін модульділік
қасиетін алып жүруге мүмкіндік береді.
Обьектілі-бағдарланған программалау кеңейтілетін жүйелерді құруға
мүмкіндік береді. Бұл обьектілі-бағдарланған программалаудың негізгі
артықшылықтарының бірі және дәл осы әдіс оны дәстүрлі программалау
әдістерінен ажыратады. Кеңейгіштігі бар жүйені ешқандай өзгеріссіз жаңа
компоненттермен жұмыс істетуге болатынын білдіреді. Компоненттер
программаның орындалу барысында қосылуы мүмкін.
Полиморфизм көбінесе келесі жағдайларда пайдалы болады:
• Әркелкі берілгендер құрылымының өңделуі. Программалар обьектілер түрін
айырмай жұмыс істей алады, бұл кодты елеулі түрде жеңілдетеді. Жаңа
түрлері кез келген уақытта қосылуы мүмкін.
• Орындалу барысында мінез-құлықтың өзгеруі. Орындалу кезеңінде қандай
обьект қолданылып жатқанына байланысты кодты өзгертпей, алгоритмді
жеңіл иемдетуге мүмкіндік беретін бір обьект басқа обьектімен
алмастырылуы мүмкін.
• Мұрагерлермен жұмыстың жүзеге асырылуы. Алгоритмдерді бір немесе одан
да көп обьектілер түрлерімен жұмыс істей алатындай етіп жинақтауға
болады.
• Каркастың (framework) құрылуы. Қосымшадан тәуелсіз заттық саланың
бөліктері әмбебап класстар немесе каркас (framework) түрінде жүзеге
асырылуы мүмкін және кейін нақты қосымшалар үшін өзіндік бөліктердің
қосылуының арқасында кеңейтіледі.
Көбінесе бар компоненттердің жаңа талаптарға жауап бермейтініне
байланысты программалық қамтамасыздандыруды көп рет қолдана алмаймыз.
Обьектілі-бағдарланған программалау компоненттерді көп рет қолданудан көп
пайданы алуға мүмкіндік беретін бар клиенттердің жұмысын бұзбай бұған
жетуге көмектеседі.
• Басқа есептерді құруға берілетін уақыт қысқартылады.
• Жаңа құрылған компоненттерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Бағдарламалау тілдері” пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру
Программалауды оқытудың замануи технологиялары
Программалау тілдерін оқыту әдістемесі
Қасиеттер тізімі
Программалау тілдерінің маңызы
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Мектеп информатика курсын оқыту мазмұны
Программалау тілдері
Оқушылардың MS Access программасының мүмкіндіктерімен танысып, оны компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну
Информация, информатика
Пәндер